International scientific journal AQYL

International scientific journal AQYL AQYL халықаралық ғылыми журналы (International scientific journal AQYL “ISJA”) авторлық құқық бұзылмаған, ғылыми зерттеуі ескірмеген жұмыстарды қабылдайды.

Басты миссия – адами капиталды қалыптастыру барысындағы тың ойлар мен озық шешімдердің платформасының негізі болу.
Біздің мақсатымыз – Қазақстандық кадрлар мен шет елдік мамандар арасында тәжірибе алмасу, ғылыми ортақ база қалыптастыру.
Біздің міндеттеріміз:
• Материалдардың ғылыми жаңалығы мен зерттеу жұмыстарын, мәні мен мазмұнын, әдістемесін саралай келе «Авторлар рейтингін» жасау.
• Әлемдік жә

не қазақстандық білім мен ғылым саласында болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістерді, тың идеялармен хабардар ету.

Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. 2021 жылдан бастап әрбір университет студенттің б...
15/02/2021

Биылдан бастап ЖОО түлектеріне мемлекеттік үлгідегі диплом берілмейді. 2021 жылдан бастап әрбір университет студенттің білім алғанын растайтын құжатты өз қалауы бойынша жасайды.

Басты мақсат - білім ордалары арасында қызу бәсекелестіктің көрігін қыздыру. Десе де сарапшылар білім ордалары ашық бәсекеге дайын емес дейді, деп хабарлайды.

Көзге үйреншікті көк немесе озат оқушыға берілетін қызыл дипломдар енді болмайды. Түлектің жоғары білімді екенін растайтын құжаттың мазмұны, түсі мен көлемін университет басшылығы өзі таңдайды және жасайды. Бұл жоғары оқу орындарының арасындағы бәсекелестікті күшейту үшін жасалған.

Ал министрлік өкілдерінің айтуынша, жалған диплом жасау мүмкін емес. Біріншіден, әр университет құжаттың бланкасын қорғаныш белгілерімен жасайды. Екіншіден, әрбір құжат министрліктің бірыңғай реестіріне тіркеледі.

Айта кету керек, өзіндік үлгідегі диплом жасау ішкі істер, қорғаныс және медицина университеттеріне қатысты емес.

Address

Казахстан
Kyzylorda
120014

Telephone

+77085243997

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when International scientific journal AQYL posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to International scientific journal AQYL:

Share

Category

ӨМІРБАЯН

Мен Алмуссаева Динара Мұратбекқызы - кәсіби сәнгер, кәсіпкермін, іскер әйелдер қауымдастығының мүшесімін! 1989 жылдың 25 шілдесінде Қызылорда қаласында өмірге келдім. Мектеп табалдырығын қала орталығындағы 140-шы орта мектепте аттап, оны 2007 жылы тәмамдадым. Сол жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің “Жергілікті Мемлекеттік басқару” факультетіне оқуға қабылданып, оны 2011 жылы тәмамдадым.

17 жасымнан бастап сән индустриясына деген қызығушылығым артып, түрлі деңгейдегі мастер-класстар мен курстарға қатыстым. Қызығушылығым бекер болмапты, салондар жүйесіне жұмысқа қабылдана отырып, өзімнің мүмкіндіктерім мен іскерлігімді дәлелдедім. Республикалық, Халықаралық конкурстарға қатысып, еліміздің жүлде қорына жеңісті орындар сыйладым. Атап айтсақ, 2015 жылы Республикалық визажисттер конкурсында 5-орын, 2016 жылы Ресейде өткен Халықаралық конкурста 3-орын, 2017 жылы Түркияда өткен Халықаралық конкурста алтын медальді иелендім. Осы жетістіктерім арқау болып, визаж өнері бойынша Халықаралық деңгейдегі мастер-тренер атандым!

25 жасымды Жоғары білімім мен кәсіби мүмкіндігімнің арқасында Қызылорда оьлысында Сән академиясын құрып, салондар жүйесін аштым. Кәсібім берекелі болып, қазір 20-дан аса қызметкерді тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырмын.

Осы кәсібім арқылы көптеген шараларға және қайырымдылық істерге демеушілік жасадым. Сән академиямды тәмамдаған 15-ке жуық шәкіртім жеке кәсіпкер атанып, жалпы айтқанда 100-ге жуық облыс тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтып отыр.


Other Kyzylorda media companies

Show All