Qyzylorda•Go

Qyzylorda•Go Жизнь города на одной странице �

2023 жылдың 10 желтоқсанында әлемдегі ең маңызды жаһандық міндеттемелердің бірі – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декла...
10/12/2023

2023 жылдың 10 желтоқсанында әлемдегі ең маңызды жаһандық міндеттемелердің бірі – Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Бұл маңызды құжат нәсіліне, терісінің түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе басқа нанымдарына, ұлттық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік, таптық немесе басқа да мәртебесіне қарамастан әрбір адамға тән ажырағысыз құқықтарды жариялады.

Декларация әлемдегі кез келген басқа құжатқа қарағанда жиі аударылады: оның мәтіні 500-ден астам тілде бар.

for human rights

Всем привет! Мы только вернулись с новогодних каникул.Как вы помните, в конце декабря уже прошлого года наша команда орг...
18/01/2023

Всем привет! Мы только вернулись с новогодних каникул.

Как вы помните, в конце декабря уже прошлого года наша команда организовала показ документального кино в рамках проекта Festival Dostary, который был реализован благодаря поддержке Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education.

Хотели бы поделиться с вами обратной связью активной зрительницы наших показов Алия Мусаева. Она подробно описала два дня показов. Листайте карусель.


16/12/2022

"Мы живем с властью, которая стреляла в свой народ - в 86-м, 2011-м, 2022-м. И она готова снова стрелять, при малейшей угрозе себе. Эта правда лежит на всех нас бетонной плитой, не давая дышать полной грудью."
(с) Тамара Еслямова

Орта жастағы 25 жігіт әр сейсенбіде күнделікті тіршіліктен босап, әйел, бала-шағасын үйде қалдырып, бірге рок-әндер айту...
11/12/2022

Орта жастағы 25 жігіт әр сейсенбіде күнделікті тіршіліктен босап, әйел, бала-шағасын үйде қалдырып, бірге рок-әндер айтуға жиналады. Достық, бауырмалдық, музыкаға деген махаббат және өмірдің құндылықтары туралы фильм.

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асырылды.

2020 жылы QaraFest фестивалінде керсетілген⠀Питер мен Мэтью - бүкіл демалыстарын үйде өткізуге мәжбүр болған ағайындылар...
11/12/2022

2020 жылы QaraFest фестивалінде керсетілген

Питер мен Мэтью - бүкіл демалыстарын үйде өткізуге мәжбүр болған ағайындылар. Питер үнемі "Выживший" реалити-шоуын көреді және шоудың көріністерін отбасы мүшелерімен қайта жасайды. Сонымен қатар, Мэтью күнде иттер серуендейтін саябаққа барады, онда жануарлардан қорқуды жеңу үшін серуендейді. Әзілге толы хикая бауырлар арасындагы талас-тартыс пен ойын-күлкі арқылы олардын байланысы қалай нығайып жатқанын көрсетеді.Нәтижесінде кадрларда қалыптасу, отбасы және махаббат туралы әңгіме орын алады.

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асырылды.

Донбасстың қызыл аймағында тұрып, Анна мен оның төрт баласы өмір мен өнерге деген қызығушылықты сақтайды. Аннаның, үлкен...
11/12/2022

Донбасстың қызыл аймағында тұрып, Анна мен оның төрт баласы өмір мен өнерге деген қызығушылықты сақтайды. Аннаның, үлкен қызы Мирослава киновузға түсіп, оператор болуды армандайды.

Режиссер Ирина Цилык, ананың, бауырлардың және апалы-сіңлілердің Мирославаға қолдау көрсетіп, оның қоршаған болмысы туралы фильмін түсіруге көмектеседі. Сол себепті отбасы, соғыс жағдайындағы күнкөрісін шығармашылықпен көрсетеді.

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асырылды.

Сіздерге таныстырғымыз келетін алғашқы фильмнің атауы - "Анамның жоғалуы".⠀Бенедетта Барзини, 1960-жылдардағы топ-модель...
11/12/2022

Сіздерге таныстырғымыз келетін алғашқы фильмнің атауы - "Анамның жоғалуы".

Бенедетта Барзини, 1960-жылдардағы топ-модель, 70-жылдардағы радикалды феминист, фотожарықтар мен камералардың объективтерінен қатты шаршаған. Қазір ол 75 жаста, және оның ойы - ғайып болу.

Бенедеттаның ұлы – бейнелер әлеміне ғашық болған режиссер. Анасының барлық қарсылығына қарамастан ол оның бейнесін түсіріп алғысы келеді. Камера жанында жақын жандардың арасында өте әсерлі жанжал туындайды. Бірақ бұл екі жанға бір-бірін түсіну өте маңызды.

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асырылды.

14 – 15 желтоқсан күндері «Qyzylorda Go» редакциясы және «Qara Film Fest» шығармашылық ұжымы бірігіп «Festival Dostary» ...
11/12/2022

14 – 15 желтоқсан күндері «Qyzylorda Go» редакциясы және «Qara Film Fest» шығармашылық ұжымы бірігіп «Festival Dostary» жобасы аясында кино-көрме өткізеді. Бірнеше халықаралық кинофестиваль жеңімпазы атанған шетелдік деректі фильмдер көрермен назарына ұсынылады.

!!! Фильмдер қазақ және орыс тіліндегі субтитрлармен көрсетіледі. Көрсетілім аяқталған соң көрермендермен талқылау өтеді.

Бағдарлама:
14 желтоқсан (сәрсенбі)
- 19:00 – «Анамның жоғалуы» (Италия)
- 20:00 – «Апельсин сияқты, көгілдір жер» (Украина/Литва)
- Талқылау

15 желтоқсан (бейсенбі)
- 19:00 – «Ақымақ болма» (АҚШ)
- 20:00 – «Өзіміздің жігіттер» (Норвегия)
- Талқылау

Мекен-жайы: Qosyl Qyzylorda Jastar Ortalygy, Байсейітова 82

!!! Кіру тегін

Festival Dostary жобасы Goethe-Institut Stabilisation Fund for Culture and Education қолдауымен жүзеге асырылды.

Халықаралық Камиң-аут күні⠀Бастапқыда АҚШ-та ұлттық мереке ретінде пайда болған Камиң-аут күні 1987 жылдың 11 қазанында ...
11/10/2022

Халықаралық Камиң-аут күні

Бастапқыда АҚШ-та ұлттық мереке ретінде пайда болған Камиң-аут күні 1987 жылдың 11 қазанында 500 мыңнан астам демонстранттар Вашингтон көшелерімен өтіп, ЛГБТ адамдарының тең құқықтарын талап еткен кезден тойлана бастады.

Камиң-аут бұл адамның гетеронормативтен ерекшеленетін жыныстық бағдары мен гендерлік сәйкестігін ерікті түрде тану процесі. АҚШ-та осы күнді тойлаудың бастамашылары қоғамды ЛГБТ қауымдастығымен таныстыру мақсатын анықтады.

Қазір бұл күн ашықтықты бейнелейді және оны бүкіл әлемдегі ЛГБТ қауымдастықтары атап өтеді. Камиң-аут күнін мерекелеу адамның туыстары, жақындары мен достары үшін де, өзі үшін де жыныстық бағдарлар мен гендерлік сәйкестіктердің әртүрлілігі, сондай-ақ оларды қабылдау процесі туралы хабардарлықты арттыру арқылы камиң-ауттың ықтимал теріс салдарын азайтуға мүмкіндік береді.

Бейжің декларациясы-әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің жан-жақты саяси бағдарламасы. 1995 жылы Бейжіңдегі әйелдердің ж...
11/10/2022

Бейжің декларациясы-әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтудің жан-жақты саяси бағдарламасы. 1995 жылы Бейжіңдегі әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданды.

2011 жылы 19 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 66/170 қарарын қабылдап, 11 қазанды Халықаралық қыздар күні деп жариялап, олардың құқықтарын мойындады.

Халықаралық қыздар күні қыздардың алдында тұрған мәселелерді шешу қажеттілігіне назар аударуға және қыздардың құқықтарын кеңейтуге және жүзеге асыруға жәрдемдесуге мүмкіндік береді.

Кәмелеттік жасқа толмаған қыздардың қауіпсіздікке, білім алуға және денсаулыққа тек маңызды өсу кезеңінде ғана емес, сонымен бірге олар есейіп, әйелдерге айналған кезде де құқылы. Жасөспірімдік шақтағы тиімді қолдаудың арқасында қыздар ана, жұмысшы, кәсіпкер, тәлімгер, үй шаруашылығының басшысы және саяси көшбасшы ретінде өз әлеуетін іске асырып, әлемде өзгеріс жасай алады. Жасөспірім қыздардың мүмкіндіктерін кеңейтуге инвестиция салу бүгінгі күні олардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және адамзаттың әдемі жартысы климаттың өзгеруін шешуде, саяси қақтығыстарды шешуде, экономикалық өсуді қамтамасыз етуде, аурулардың алдын алуда және тұрақты дамуда тең құқылы серіктес болатын әділетті және өркендеген болашақты уәде етеді.

Кәсіпкер, инноватор және жаһандық қозғалыстардың бастамашылары ретінде қыздар жайлы әлем жасайды.

2015 жылы әлем көшбасшылары күн тәртібінде 2030 жылға дейін қабылдаған Тұрақты дамудың және оның 17 Тұрақты даму мақсаты (ТДМ) ешкімді де артта қалдырмайтын орнықты әлем құрудың жол картасы болып табылады. Гендерлік теңдікке қол жеткізу және әйелдердің мүмкіндігін кеңейту 17 мақсаттың әрқайсысының ажырамас бөлігі болып табылады. Әйелдер мен қыздардың құқықығын қамтамасыз ету арқылы ғана біз тұрақты болашақты құра аламыз.

Дереккөз: un.org

Оппозиция белсендісі, 3-топ мүгедектігі бар Мұратбай Баймағамбетовты Қызылордада Қаңтар кезінде тәртіпсіздіктер ұйымдаст...
11/10/2022

Оппозиция белсендісі, 3-топ мүгедектігі бар Мұратбай Баймағамбетовты Қызылордада Қаңтар кезінде тәртіпсіздіктер ұйымдастырды деп тергеу айыптап отыр.

Қанды Қаңтарға дейін Мұратбай Баймағамбетов басқа да жүздеген саяси оппозиционерлер тәрізді өз көзқарасын ашық айтып, мемлекеттен әлеуметтік кепілдік талап етіп, шағын бейбіт шерулерге қатысқаны үшін қуғынға ұшырған. Авторитарлық мемлекет Баймағамбетовтің елордалық тергеу изоляторында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділді еске алуға барғанын өзіне қосымша қауіп деп санап, әуелі әкімшілік қамау, кейін Қылмыстық кодекстің белгілі 405-бабы бойынша іс қозғады. Төрт айлық тергеу әрекетсіздігі кезінде Баймағамбетов тергеу изоляторына қамалды. Оны қазақстандық құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныды. Кейін тағы үш ай саяси негізделген сот процесі өтіп, нәтижесінде судья Еспенбетова Мұратбайды елде тыйым салынған (Еуропалық парламент бейбіт оппозициялық ұйым ретінде таныған) «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысының мүшесі деп танып, екі жыл бас бостандығын шектеу қойды.

➡️ Жалғасы суреттерде.

Дереккөз: .kz
Фото: Мұратбай Баймағамбетовтың фейсбук парақшасынан

Feminita ұйымының негізін қалаушы әрі белсендісі, феминист және құқық қорғаушы Гүлзада Сержаннан адам құқығын қорғайтын ...
30/08/2022

Feminita ұйымының негізін қалаушы әрі белсендісі, феминист және құқық қорғаушы Гүлзада Сержаннан адам құқығын қорғайтын топ-5 ұйымды ұсынамыз.

Оқыңыз, жетіліңіз, біліңіз!
for human rights

Құқыққорғаушы және Soros – Kazakhstan Қорының «Адам құқығы» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаевадан адам құқығы...
15/08/2022

Құқыққорғаушы және Soros – Kazakhstan Қорының «Адам құқығы» бағдарламасының үйлестірушісі Айжан Ошақбаевадан адам құқығы туралы топ-5 кітап ұсынамыз.

Оқыңыз, жетіліңіз, біліңіз!

for human rights

Бәріңе сәлем!Қаңтар оқиғасынан кейін біраз уақыт ешнәрсе жарияламаған болатынбыз. Оның да өз себебі бар, ол жайлы кейін ...
11/08/2022

Бәріңе сәлем!

Қаңтар оқиғасынан кейін біраз уақыт ешнәрсе жарияламаған болатынбыз. Оның да өз себебі бар, ол жайлы кейін айтып береміз.

Бүгін сіздерге азаматтық белсенді Тұрсын Жолдыбайдан адам құқығы туралы ТОП-7 фильм ұсынамыз. Ол «Фильмді көріп отырып бейнебір қазіргі Қазақстан суреттелген деп ойлайсыз!», - дейді.

Қаңтардан бергі оқиғаларға бір үңіліп қарасақ – адам құқығы жайлы түсінік әлі де әлсіз тәрізді. Сондықтан сіз де бізбен бірге құқық түсінігіне шолу жасаңыз.

Бұл фильм топтамасын бұрын-соңды көрген болсаңыз, жалпы осы тақырыпта тағы қандай фильм ұсынар едіңіз?

for human rights

Аманжол Шыңғысханға бостандық!⠀Қызылорда, 5 қаңтар.Қызылордалық 24 жасар Болатұлы Шыңғысхан 5 қаңтар күні жұмысынан қайт...
09/02/2022

Аманжол Шыңғысханға бостандық!

Қызылорда, 5 қаңтар.
Қызылордалық 24 жасар Болатұлы Шыңғысхан 5 қаңтар күні жұмысынан қайтып келе жатып ГОВД ғимаратының маңына жиналған адамдарды көру үшін жақындайды, сол сәтте оның аяғына оқ тиеді. Жаралы Шыңғысхан ауруханаға барып, жарақатын таңып, үйіне қайтады.

12 қаңтар күні құқық қорғау органының қызметкерлері үйінен алып кеткен. Содан бері оны 272 бап 2 бөліммен күдікті ретінде екі ай сотқа дейінгі тергеуге қамаққа алды.

Қызылордалықтар, тағы бір жас еңбекқор ер азаматымыздың өміріне қиянат жасалып жатыр! Ойлаңызшы, 13 жасынан бастап ауа-райына қарамастан көлік жуып, жалғыз басты анасымен үш қарындасына қамқор болып келе жатқан Шыңғысхан бүгінде қамауда. Егер ол бостандыққа шықпаса - отбасының жағдайы қалай болмақ?

Кызылорда, 5 января.
24-летний Аманжол Шынгысхан 5 января, возвращаясь с работы, подошел к зданию ГОВД, чтобы увидеть собравшихся людей, и в этот момент он получает пулю в ногу. Раненый Шынгысхан перевязал рану в больнице и вернулся домой.

12 января сотрудники правоохранительных органов забрали его из дома. С тех пор он арестован на два месяца досудебного расследования по статье 272 части 2.

Еще один молодой трудолюбивый парень лишается будущего! Подумайте, Шынгысхан, который с 13 лет несмотря на непогоду работал на автомойках и ухаживал за тремя младшими сестрами и матерью-одиночкой - сегодня находится под стражей, если он не выйдет на свободу - что же будет с его семьей?

Төлегенов Айдосқа бостандық!⠀Қызылорда, 5 қаңтар.Бұл күні Айдосқа ауруханада ота жасалды. МПС ғимаратының қасында оған о...
03/02/2022

Төлегенов Айдосқа бостандық!

Қызылорда, 5 қаңтар.
Бұл күні Айдосқа ауруханада ота жасалды. МПС ғимаратының қасында оған оқ тиген еді. Ал 7-ші қаңтарда шамамен сағат 16-да полиция оны ауруханадан тікелей ГОВД-ға алып кетеді. Отадан кейінгі тігістер ерте алынғандықтан, аяғы нашар жазылып жатыр.
Айдос көп балалы әке. Әйелімен бірге ол 4 баланы тәрбиелеп отыр. Қазір ол 272-бап 2-тармақ бойынша күдікке ілініп және екі ай сотқа дейінгі тергеу бойынша қамаққа алынды. Ең өкініштісі, бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандықтан айыру қарастырылған. Бұл қауіп Айдосқа да төніп тұр. Келіншегінің айтуынша, күйеуіне қатты қысым көрсетіліп барып, жауап алынған.
Балаларды әкесіз қалдырмаңдар! Күн сайын Кемал, Сезім, Дидар, Аңсар әкесін күтеді, ал әйелі өзіне орын таба алмай жүр. Отбасына қайта қосылуға көмек көрсету керек.

Кызылорда, 5-е января.
В этот день Айдоса госпитализировали и провели операцию. Он получил пулю в ногу у здания МПС. Примерно в 16 часов 7-го числа его забрала полиция прямо из больницы в ГОВД. Послеоперационные швы ему сняли слишком рано, поэтому нога плохо заживает.
Айдос многодетный отец. Вместе с женой он воспитывает 4-х детей и сейчас ему вменяют ст.272 ч.2 и два месяца ареста досудебного расследования. Самое печальное, что статья предусматривает лишение свободы от 3-х до 8-и лет. По словам жены, на Айдоса оказано сильное давление и его заставили подписать всё.
Не оставляйте детей без отца! Каждый день Кемал, Сезім, Дидар, Аңсар ждут папу, а жена места себе не находит. Помогите семье воссоединиться.

Абилтаев Ернарға бостандық!Қызылорда, 5 қаңтар.МПС ғимаратының жанында атыс болып жатты. Біз сияқты Ернар да қалада не б...
02/02/2022

Абилтаев Ернарға бостандық!

Қызылорда, 5 қаңтар.

МПС ғимаратының жанында атыс болып жатты. Біз сияқты Ернар да қалада не болып жатқанын түсінбеді. Өйткені, көптеген адамдар бұндай жағдайды алғаш рет көрді. Ғимаратқа жақындамай Ернар "Сарқырама" каналы бойындағы көпшіліктің әрекетіне қарап тұрды. Ол оқ атпады, тас лақтырмады, басқа да заңсыз әрекеттерді жасамады, бар болғаны көптеген қызылордалықтар тәрізді қарап тұрды. Арна бойында оған оқ тиіп, тез үйге қайтып кетті.

Жігіт үйлену тойына дайындалып жүрген, сондықтан иығындағы оқты тез арада жеке клиникада шығаруға тура келді. 9-шы қаңтарда төтенше жағдай режиміне байланысты үлкен тойдың орнына шағын беташар өтті. Ертеңіне ол келіншегі Аружанның жасауымен келген жатын бөлме жиһазын жинап жүрген кезде сағат 17:30-да жас жұбайлардың бақытты шағын полицияның келуі бұзады. Олар Ернарды алып кетті. Үйлену тойынан кейін бір тәулік те өткен жоқ…

Қазір оны 272-бабтың 2 тармағымен және екі ай сотқа дейінгі тергеуге қамаққа алды. Шамасы, жігіт жағдайдың куәгері болған, бірақ ауыр баппен 3 жылдан 8 жылға дейін түрмеге отырып кету қауіпі бар. Оның әйелі Аружан жүктіліктің 10-шы аптасында және осы жағдайға байланысты қатты зардап шегіп жүр.

Құқықтықтық көмек қажет. Жас отаудың қайта қауышуына көмектесейік.

"Азаттық радиосы" Қазақстандағы қаңтар айындағы қайғылы оқиға барысында қаза тапқан 118 адамның есімін ашық дереккөздер ...
28/01/2022

"Азаттық радиосы" Қазақстандағы қаңтар айындағы қайғылы оқиға барысында қаза тапқан 118 адамның есімін ашық дереккөздер мен редакцияның жеке деректері негізінде атады. Егер тізімде дәлсіздіктер болса немесе сізде қайтыс болғандар туралы ақпарат болса (туған және қайтыс болған күні және басқа да ақпаратты білсеңіз), біз сізді редакциямен байланысқа шығуды өтінеміз.

Ресми мәліметтер бойынша, қаңтардағы қайғылы оқиға салдарынан 227 адам қайтыс болды, олардың 19-ы қауіпсіздік күштер. Қазақстан билігі әлі күнге дейін барлық қаза тапқандардың аттарын атаған жоқ.

Біз өз кезегімізде Қызылорда облысы бойынша қаза тапқандардың есімін жариялаймыз.

Сондай-ақ, сіз бізге де қаңтардағы оқиғаларға қатысты кез-келген ақпаратты жібере аласыз. Құпиялылыққа кепілдік беріледі.

Егер сіз қиын өмірлік жағдайға, зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, бірақ қорқатын болсаңыз немесе жүгінетін ешкіміңіз болма...
21/01/2022

Егер сіз қиын өмірлік жағдайға, зорлық-зомбылыққа тап болсаңыз, бірақ қорқатын болсаңыз немесе жүгінетін ешкіміңіз болмаса, 150 сенім желісінің психолог-кеңесшілері көмекке келеді.⁣

Сізге тәуліктің кез келген уақытында тегін сенім телефонына қоңырау шалу немесе WhatsApp нөмірге жазу жеткілікті:

- 150

- 8 708 10 608 10 (WA)

- телефон 150.kz

- [email protected]

Көмек қолын қабылдаудан қорықпаңыз!

"Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро" қоғамдық бірлестігі (АҚЖКБ) 2022 жылғы қ...
21/01/2022

"Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро" қоғамдық бірлестігі (АҚЖКБ) 2022 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында болған қайғылы оқиғалардан зардап шеккендерге, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, көңіл айтады.

Жақын адамдарыңыздың жоғалуына, заңсыз ұстау фактілеріне, азаптауларға және қатыгездікке тап болған жағдайда осы оқиғаларға байланысты сіз алғашқы шұғыл құқықтық көмек алу үшін "Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро" қызметкерлеріне келесі байланыс телефоны бойынша хабарласа аласыз:

Қызылорда облысы/ Қызылорда қаласы +7 705 954 69 99

Бұл ақпарат сізге пайдалы болады деп үміттенеміз.

Бас прокуратура құқық қорғау органдары тарапынан құқық бұзу мәселелері бойынша телефон нөмірлері жариялады.⠀Бас прокурат...
21/01/2022

Бас прокуратура құқық қорғау органдары тарапынан құқық бұзу мәселелері бойынша телефон нөмірлері жариялады.

Бас прокуратура қылмыстық істерді жеткізу, ұстау немесе тергеу кезінде құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзу мәселелері бойынша жүгінуге болатын өңірлердің кезекші прокурорларының тізімін жариялады.

Өңірлер тізімінен Қызылорда облысы бойынша кезекші прокурор мен Бас әскери прокуратура (әскери қызметшілердің іс-әрекетіне байланысты) нөмірін жариялаймыз.
Кезекші прокурор:
Абдуманов Азат Бауржанович
+7 747 577 99 00
+7 7242 27 77 47

Бас әскери прокуратура (әскери қызметшілердің іс-әрекетіне байланысты):
Сериков Дулат Мирболатович
+7 776 193 90 22
+7 7172 71 28 46

«Бүгінгі таңда аймақта ахуал тұрақталды. Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр.⠀Кешеден бастап Қызылорда қаласын...
20/01/2022

«Бүгінгі таңда аймақта ахуал тұрақталды. Тұрмыс-тіршілігіміз қайта қалпына келіп жатыр.

Кешеден бастап Қызылорда қаласында зардап шеккен 9 ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Ағымдағы жөндеу жасалатындарды жақын уақытта, ал, күрделі жөндеуді қажет ететін ғимараттарды ақпан айының 20-сына дейін бітіруге тапсырма бердім. Ең жұмысы күрделі облыстық сот ғимаратын жөндеуге 80 жұмысшы тартылды. Әрі қарай да жұмысшылар саны арта береді.

Коммуналдық қызметтер үздіксіз, тоқтатпай жұмыс істеуін бақылап отырмын.

Сыр елін ауызбіршілікпен бірге өркендете берейік!», - деп 5 күн бұрын ғана облыс әкімі өзінің фейзбук парақшасына бөлісті.

Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі бұл жазбаға қарсылық білдіріп, дүние-мүлікті ойлағанша Қаңтар қасіретінде қаза тапқандардың тізімін жазып, көңіл айту орынды болады деді.

«Бүлінген дүние орнына келер, елдің сенімін орнатуға не жұмыс жасалып жатыр? Марқұм болғандар тізімі жасақталып жатыр ма? Сосын ең бірінші арандатушылық болған тұрған халыққа жас шығарғыш және дыбыс гранаталарын атып шабуыл жасауға кім команда берді деген мәселе тексеріліп жатыр ма? Оны анықтауға көп уақыт кетпейтін шығар? Бәрі содан басталды, арты адам шығынымен аяқталды. Өз басыма ол әрекет неге жасалғаны мүлдем түсініксіз, ақылға сыймайтын әрекет болды.. Орал қаласында мысалға, шерулеткен халыққа полиция жол ашып сопровождение жасап жүрген, нәтижесінде ештеңе бүлінген де жоқ, адам да аман. Осындай мәселелер ашық айтылса ғана халықта сенім болады», - дейді өз жауабында азаматтық белсенді Болат Нұрхожаев.

Ал біз өз тарапымыздан алдағы уақытта қаза тапқан адамдар туралы толықтырылған ақпарат жариялай бастаймыз.

🔆

Қызылордадағы қаңтар қасіреті бір күнде біткен жоқ. 5-ші қаңтар күні халық Aray City Mall сауда орталығының алдына тағы ...
19/01/2022

Қызылордадағы қаңтар қасіреті бір күнде біткен жоқ. 5-ші қаңтар күні халық Aray City Mall сауда орталығының алдына тағы жиналды... Бұл күні оқ атылды, қан көп төгілді, біраз машина өртеніп, ғимараттар жанды.

Бүлік кезінде қатысушылар жүк көлігін ұрлап, жүріп тұрған көлікті тәртіп сақшыларына жіберген. 5547 әскери бөлімінің жауынгері Мадияр Қайсаров әріптестерінің өмірн сақтау мақсатында итеріп жібергенімен, өзі көліктің астында қалып, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Бейбіт тұрғындар арасынан да қаза болғандар бар. Жергілікті полиция қызметі маңындағы атыс кезінде бейбіт тұрғын Ержан есімді ер адамға оқ тиіп, сол жерде қаза болды. Ал ҚІІБ маңында Бек есімді қала тұрғыны інісін ауруханаға апармақшы болатын. Сол сәтте оған да оқ тиіп, 5-ші қаңтар күні мерт болды.

*Сол күндері зардап шеккен адамдармен және қаза тапқан адамдардың жақындарымен сұхбаттар алдағы уақытта жарияланады.

Қаза болған адамдардың жақындарына QyzylordaGo редакциясы атынан көңіл айтамыз

Өкінішке орай... Қайғылы қаңтар қасіреті Қызылорда қаласында да болды. Өртенген ғимараттар мен көліктер, адам шығыны, қа...
18/01/2022

Өкінішке орай... Қайғылы қаңтар қасіреті Қызылорда қаласында да болды. Өртенген ғимараттар мен көліктер, адам шығыны, қамалған белсенділер. Бірақ, бұл туралы ешқандай Республикалық арналар ашып айтып, көрсететін түрі жоқ. Олай болса, Қызылордадағы Қаңтар трагедиясын басынан бастап баяндайтын фоторепортажымызды ұсынамыз.

🔆

Қызылорда облысының әкімдігінде қаңтар айындағы орын алған оқиғалар барысында мемлекеттік меншік объектілеріне келтірілг...
18/01/2022

Қызылорда облысының әкімдігінде қаңтар айындағы орын алған оқиғалар барысында мемлекеттік меншік объектілеріне келтірілген алдын ала бағаланған залал туралы айтылды.

"Бүгінде облыстағы мемлекеттік маңызы бар нысандарға келтірілген шығын 5,8 млрд теңгені құрады. Кәсіпкерлерге келтірілген шығын 395 млн теңгені құрады", - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында.

🔆

Правительство создало комиссию на фоне протестов в Мангистауской области, начато расследование против автозаправочных ст...
03/01/2022

Правительство создало комиссию на фоне протестов в Мангистауской области, начато расследование против автозаправочных станций, сообщает пресс-служба премьер-министра.

"Распоряжением премьер-министра РК Аскара Мамина создана правительственная комиссия для рассмотрения социально-экономической ситуации в Мангистауской области. В целях исполнения поручения главы государства правительством будет реализован пакет мер по урегулированию цены на сжиженный нефтяной газ. Агентством по защите и развитию конкуренции в отношении собственников АЗС начато расследование на предмет ценового сговора", - говорится в сообщении кабмина.

Как утверждают власти страны, "на данный момент собственниками АЗС Мангистауской области в рамках социальной ответственности бизнеса в инициативном порядке принято решение о снижении стоимости газа с Т120 до Т85-90 за литр".

"Будут реализованы системные меры по обеспечению долгосрочной ценовой стабильности и недопущению спекулятивных скачков цен на газ путем установления ценовых коридоров. Правительство, акимат Мангистауской области совместно с органами прокуратуры примут меры по правовой оценке произошедших событий, связанных с нарушением общественного порядка", - предупредили также в кабмине.

🔆

Число протестующих в Мангистауской области растет, замечен полицейский автозак, кроме того, в крупных населенных пунктах...
03/01/2022

Число протестующих в Мангистауской области растет, замечен полицейский автозак, кроме того, в крупных населенных пунктах наблюдаются проблемы с доступом в интернет. Местные жители и трудовые коллективы продолжают выражать несогласие с ростом цен.

"Мы выдвигаем свои требования, связанные с ростом цен – нужно снизить цены на газ, на еду", - сказал местный житель от лица присутствующих на одном из собраний.

На одном из видео замечен полицейский автозак в сопровождении нескольких легковых полицейских авто. В крупных городах Мангистауской области наблюдаются проблемы с выходом в интернет.

Напомним, 2 января жители Жанаозена массово вышли на улицы и потребовали снижения цен на разжиженный газ. В ответ на возмущения местные власти заявили, что для роста цен есть ряд "веских причин", ссылаясь на "рыночные условия", однако данное объяснение не устроило местных жителей. В свою очередь, акимат Мангистауской области заявил о проведении "разъяснительных работ" с недовольными автовладельцами. Позже возмущенные ценами на газ автовладельцы потребовали приезда в Мангистау ответственных из Астаны. На фоне возникшей напряженности в министерстве энергетики заявили о сбалансированности ценообразования на газ. Несмотря на требования властей, недовольные ростом цен на голубое топливо остались на улицах и после наступления темноты, перекрыв улицы. Как считают граждане, рост цен спровоцирует и подорожание других товаров, в первую очередь – продуктов питания.

В ночь на 3 января на ситуацию отреагировал в Twitter президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев, заверив, что дал поручения правительству.

3 января часть рабочих в регионе пригрозила забастовкой из-за ситуации с ценами на газ.

KazTag • 🔆

В Кызылорде пресечена деятельность незаконного казино сообщает polisia.kz⠀"30 декабря в результате специальных оперативн...
01/01/2022

В Кызылорде пресечена деятельность незаконного казино сообщает polisia.kz

"30 декабря в результате специальных оперативных мероприятий, проведенных сотрудниками департамента полиции (ДП) Кызылординской области совместно с сотрудниками областной прокуратуры, в центре Кызылорды выявлена незаконная деятельность подпольного казино", - говорится в сообщении от 31-го декабря.

Начато досудебное расследование по части 2 статьи 307 (организация незаконного игорного бизнеса) УК РК.

"По подозрению в совершении данного преступления задержаны двое жителей Кызылорды, устанавливаются их сообщники", - сказал начальник ДП Кызылординской области Бекторе Султан.

🔆

Әділет министрлігі бірнеше жолға ақылы режим енгізілгені туралы құжатты тіркеп, жариялады. ИИДМ жоспары бойынша 1 қараша...
17/11/2021

Әділет министрлігі бірнеше жолға ақылы режим енгізілгені туралы құжатты тіркеп, жариялады. ИИДМ жоспары бойынша 1 қарашадан бастап жеті жаңа жол бөлігі ақылы болуы керек еді. Алайда мерзім 15 қарашаға шегерілді. Енді құжаттың жарияланғаны және бір аптадан соң күшіне енетіні белгілі болды.

23 қараша күні мына жолдар ақылы режимге көшеді:

1. Тараз — Қайнар
2. Қапшағай — Талдықорған
3. Шымкент — Қызылорда
4. Шымкент — Тараз
5. Астана — Павлодар
6. Шымкент — Өзбекстан шекарасы (Ташкентке қарай)
7. Щучинск — Көкшетау

Қызылордалықтарға қажет болуына ықтималдығы бар бағыттарда жолдардың ақысын атап өтуді жөн көрдік.

🔺446.5 шақырымдық Шымкент — Қызылорда тас жолы

Бір бағытта қозғалу үшін:

-жеңіл көліктер — 440 теңге;
-орын саны 16-дан аспайтын автобус және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 2190 теңге;
-орын саны 32-ден аспайтын автобус және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 4430 теңге;
-орын саны 32-ден көп автобус пен 10 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 6630 теңге;
-10-нан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 8860 теңге;
-тіркемесі бар техникаларды қоса алғанда, 15 тоннадан артық жүк көтеретін жүк көліктері, ершікті тартқыштар 11 050 теңге төлейді.

🔺89.3 км-ге созылған Шымкент — Тараз жол бөлігі

Бір бағытта қозғалу үшін:

-жеңіл көліктер — 90 теңге;
-орын саны 16-дан аспайтын автобус және 2.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 430 теңге;
-орын саны 32-ден аспайтын автобус және 5.5 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 880 теңге;
-орын саны 32-ден көп автобус пен 10 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 1310 теңге;
-10-нан 15 тоннаға дейін жүк көтеретін жүк көліктері — 1760 теңге;
-тіркемесі бар техникаларды қоса алғанда, 15 тоннадан артық жүк көтеретін жүк көліктері, ершікті тартқыштар 2190 теңге төлейді.

Бұйрықта жоғарыда аталған жол бөліктері 20 жыл ақылы болатыны жазылған.

Еске салайық, жаңа жолдарда шлагбаум болмайды. Жол ақысы контактісіз әдіспен төленеді.

• Kolesa.kz

Ночью 17 ноября в Кызылординской области выпал снег. А с утра кызылординцы столкнулись с рядом проблем: в квартирах нет ...
17/11/2021

Ночью 17 ноября в Кызылординской области выпал снег. А с утра кызылординцы столкнулись с рядом проблем: в квартирах нет света, на дорогах - автобусов.

🔺Энергетики о проблеме отключения света знают и пытаются решить ее.

"Ночью шел снег с дождем, поэтому в ряде районов произошел сбой с электричеством. Это поселки Гагарин, Титов, микрорайон Саулет и другие. В устранении последствий снегопада задействовано 18 бригад. Надеемся, что до обеда свет в квартирах будет", - сказал председатель правления АО "Кызылординская распределительная электросетевая компания" Мухиджан Каримбаев.

🔺Неприятным сюрпризом для горожан стал также гололед и дефицит автобусов на дорогах.

"Автобусов нет, такси за тысячу не дозовешься. На дорогах гололед, сколько аварий уже произошло. Люди падают. Что делают коммунальные службы?" - пишут в группе "Кызылорда" возмущенные кызылординцы.

🔺Коммунальщики уверяют, что работа по очистке дорог от снега ведется.

"Ведутся работы по посыпке улиц песком и солью. Более 100 сотрудников ТОО «Кызылорда тазалығы» и спецтехника задействованы в уборке снега на улицах города с 01:00. Сейчас соответствующее учреждение работает в усиленном режиме. По всем вопросам обращаться на линию 109, 8 702 887 1111 WA", - написано в пресс-релизе коммунальной службы.

• Tengrinews.kz

Address

Kyzylorda

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qyzylorda•Go posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Qyzylorda•Go:

Videos

Share