01/02/2024
АСП(АЕК) - бұл аз қамтылған және айлық табысы күнкөріс денгейінің шегінен төмен отбасылар үшін ақшалай көмек.
📍Кімнің алуға құқығы бар?
АСП - жан басына шаққандағы орташа табыс кедейлік шегінен аспайтын келесі санаттағы тұлғаларға тағайындалады (бала санына қарамайды):
✅ ҚР азаматтары
✅ Қандастар
✅ Босқындар
✅ ҚР аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар
Жан басына шаққандағы табыс өңірлік күнкөріс деңгейінің (әр өңірде әртүрлі) 70%-нан төмен болу керек.
📍Қайда жүгінеді?
1. Egov.kz порталы
2. Жұмыспен қамту орталықтары
3. Ауылдық акимат
📍АСП алу үшін:
✅ Соңғы 3 ай бойынша зейнетақы аударымдары жүргізілген
✅ Жұмыссыз болса, жұмыссыз ретінде тіркелген болу керек.
☝🏻Бірақ, бұл жағдайда жұмыспен қамту орталығы жұмыс ұсынады, бас тартса АСП тағайындалмайды.
✅ Қызмет көрсету мерзімі 15 күн, ауылдық жерлерде 18-30 күнге созылады.
Тақырып бойынша сұрақтарыңыз болса, 📲 Direct-те күтемін👌🏻
Сізге АСП алу қажет пе?