Хикмет Студиясы

Хикмет Студиясы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Хикмет Студиясы, Media/News Company, Nur-Sultan.
(22)

22/10/2022

3 ОҚЫРМАНҒА КІТАП СЫЙЛАП, 5-30% АРАЛЫҒЫНДА ЖЕҢІЛДІК ЖАСАЙМЫЗ!

Құрметті оқырман!

Ертең 23 қазан күні, сағат 12:00-14:00 аралығында Астана қаласы, Ахмет Байтұрсынұлы, 47 үй мекен-жайындағы дүкенімізде балалар ақыны, жазушы-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, “Серпер” жастар сыйлығының лауреаты, “Алтын сақа” баспасының бас редакторы Саят Қамшыгермен кездесу өтеді.

Кездесу барысында “Ұлы дала батырлары” кітабының тұсаукесері өтіп, интерактивті ойындар ұйымдастыралады.

Ойынға қатысып, сұрақтарға дұрыс жауап берген 3 оқырманға автор өз кітабын сыйға тартады. Сонымен қатар барлық кітаптарға 5-30% аралығында жеңілдік болады.

Келіңіздер, көріңіздер! Ғибратқа толы кездесуге қатысып, сый-сияпат пен жеңілдікке ие болыңыздар!

Мекен-жайымыз:
Астана қаласы,
Ахмет Байтұрсынұлы, 47 үй,
KITAP AL дүкені.

Өтетін уақыты:
23 қазан, 12:00-14:00 аралығы.

16/10/2022
Адам өмірінде үлгі тұтарлық жан іздейді. Тіпті қарапайым жүріс-тұрысында біреуге еліктегенді жөн санайды. Еліктеуге ең л...
11/05/2022

Адам өмірінде үлгі тұтарлық жан іздейді. Тіпті қарапайым жүріс-тұрысында біреуге еліктегенді жөн санайды. Еліктеуге ең лайықты жан – Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын). Пайғамбарымызды – әдептіліктің нағыз үлгісі десек, артық болмас. Себебі Алла Тағала Құран Кәрімде мүмин-мұсылмандарға Пайғамбарымыздан үлгі-өнеге алуға бұйырып:
«Шүбәсіз, Алла елшісінде сендер үшін әрі Аллаға және ақырет күніне бар үмітін артқан һәм Алланы көп еске алып, Оған көп құлшылық ететіндер үшін қай жағынан алсақ та, теңдессіз үлгі-өнеге бар», – дейді («Ахзаб» сүресі, 21-аят).
Кітап авторы Думан Сайфулла ұстазымыз тоқсаннан аса іргелі еңбектерден әдептіліктің үлгілерін жинақтап қалың оқырманға ұсынып отыр. Аталмыш кітапта энциклопедиялық тәртіппен өміріміздегі іс-әрекеттер екі дүние тәжі болған Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгісімен өрнектелген. Әр тақырыпқа діни мәтіндерден дәлелдер келтіріліп, ғұламалардың сөздері, халқымыздың салт-дәстүрі арқылы айшықталған.

📄Бет саны: 480 б.
🛄Салмағы: 1050 гр.
📓Мұқабасы: Қатты
🗂️ISBN: 978-601-80400-3-0
✅Шығарылған жылы: 2022 жыл
₸ Бағасы: 4500 тг

Address

Nur-Sultan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Хикмет Студиясы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Хикмет Студиясы:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Nur-Sultan

Show All