Bilimdi el

Bilimdi el республиканская образовательная общественно-политич?

📁 Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?🔹 2024 жылдан бастап Қазақстанда вауч...
15/01/2025

📁 Ваучерлік қаржыландыру: жүйе қалай жұмыс істейді және оның артықшылықтары қандай?

🔹 2024 жылдан бастап Қазақстанда ваучерлік қаржыландыру әдістемесін қолдана отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша пилоттық жоба іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда ваучерлік қаржыландыру Тараз (Жамбыл облысы), Түркістан, Шымкент, Орал және Астана қалаларында жүзеге асуда.

📍 Мектепке дейінгі білім беруді ваучерлік қаржыландыру жобасы белгіленген талаптарға сай болған жағдайда барлық мектепке дейінгі ұйымдарға, оның ішінде жаңадан ашылған ұйымдарға да мемлекеттік тапсырысты орналастыруға мүмкіндік береді.

✔️ Негізгі артықшылықтары: ата-аналарға балабақшаны өз бетінше таңдау мүмкіндігі беріледі, бұл жеке және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар арасында дұрыс бәсекелестікті ынталандырады. Жүйе, ең алдымен, бүкіл қаржыландыру процесінің ашықтығын қамтамасыз етеді, мұнда «ақша ұйымға емес, балаға беріледі».

🏫 Жаңа жүйе балабақшаға кезекке тұру процедурасын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар мұндағы түрлі заңсыз факторларды жояды. Ваучерлік қаржыландыру қағидаттарының бірі — серпінді бәсекелестік құру және тиісінше қызмет көрсету сапасын жақсарту болып табылатынын атап өткен жөн.

📌 2025 жылдан бастап ваучерлік қаржыландыру жүйесі ел аумағында кезең-кезеңімен енгізіле бастайды.

🏫 2025 жылдан бастап 1000 ауыл мектебі «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қосылады✍🏻 Мемлекет басшысының...
15/01/2025

🏫 2025 жылдан бастап 1000 ауыл мектебі «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасына қосылады

✍🏻 Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде ауыл мектептерінің әлеуетін арттыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

📁 Бүгінгі таңда елімізде «Ауыл мектебі – сапа алаңы» республикалық жобасы іске асырылуда, оның ішінде Ақтөбе облысында «Цифрлық технологияларды пайдалана отырып шағын жинақталған ауылдық мектептердің әлеуетін дамыту», Алматы облысында «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша білім беру сапасын арттыру», Маңғыстау облысында «Отпан» тірек мектептерінің желісін дамыту», Ұлытау облысында «Ustaz Ulytau» сияқты өңірлік бастамалар қамтылған.

✔️ Жобаны іске асырудың бірінші кезеңінің нәтижесінде мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңартылды, заманауи пәндік және цифрлық кабинеттермен жабдықталды, сондай-ақ, жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету шешілді. Жобаға қатысушылар цифрлық құзыреттілікті арттыру және кәсіби дамытуға бағытталған арнайы курстардан өтті. Шағын жинақты мектептердің техникалық мүмкіндіктеріне қарай, оқытудың 4 моделі әзірленді.

«2023 жылы жобаға Ақтөбе облысындағы 12 тірек және 134 шағын жинақты мектеп, 11 мыңнан астам білім алушы мен 3,5 мыңға жуық педагог қатысты. Ал, оның алдында Ақмола, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тағы 10 тірек және 30 шағын жинақталған мектептері қосылды. Осы жылдан бастап жобаға 192 тірек және 759 шағын жинақты мектеп қатысады», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім Комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

📌 Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда бүгінде 8 мың мектеп бар, оның 67%-ы ауыл мектептері, 51%-ы шағын жинақты мектептер. Шағын жинақты мектептердің ең көп саны Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына тиесілі.

⚡️ Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс ...
14/01/2025

⚡️ Тегін техникалық және кәсіптік білім берумен қамтамасыз ету: 2025 жылы еліміздің колледждерінде мемлекеттік тапсырыс 153 мың орынға дейін артады

✔️ Оқу-ағарту министрлігі тоғызыншы сынып түлектері үшін сұранысқа ие мамандықтар бойынша тегін білім алуға жағдай жасауда. Биыл сұранысқа ие техникалық және кәсіптік білім беру бойынша тегін оқумен қамтылатын студенттер саны 153 мыңды құрайды, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 10 мың орынға артты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

📁 Мемлекеттік тапсырыстың 70%-ы техникалық мамандықтарға, оның ішінде машина жасау, көлік, энергетика, IT, құрылыс және басқа да салаларға бағытталатын болады.

«Негізгі басымдық – бәсекеге қабілетті мамандар даярлау, білім беру мекемелерін заманауи материалдық-техникалық базамен толық қамтамасыз ету, педагогтердің біліктілігін арттыру. Қазіргі таңда кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін трансформациялау бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде, бұл мемлекеттік тапсырыстың көлемін ұлғайтуды, білім беру бағдарламаларына үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуді, кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізуді қамтиды. Сондай-ақ, кәсіпорындар үшін дуальді оқыту жүйесін дамыту және мамандарды даярлау мақсатында бизнес құрылымдары мен инвесторларды тарту жоспарлануда», – деп атап өтті Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

📌 Қазіргі уақытта колледждерге 518 кәсіпорын шефтік қамқорлық көрсетеді, олардың санын 4 мыңға жеткізу жоспарлануда. Сонымен қатар жұмыс берушілермен бірлесіп, кәсіптік стандарттар мен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және WorldSkills стандарттарының талаптарын ескере отырып, 8 мыңға жуық білім беру бағдарламасы әзірленді. Биыл колледждер мен жұмыс берушілер 2 мыңнан астам білім беру бағдарламасын әзірлейді және өндірістік базада 2 мың педагог тағылымдамадан өтеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін ...
14/01/2025

Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл 1 қыркүйектен бастап елімізде студенттерге арналған стипендия мөлшері өсетінін мәлімдеді.

Фото: http://xn--stockphoto-w2i.com/
Бұдан бөлек 2025 жылы жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің стипендиясы 2 есе, ал магистранттар мен докторанттардікі 1,75 есе өседі.
бакалавриат студенттерінікі 52 372 теңгеге дейін;
педагогика және медицина бағытында білім алушылардікі 84 000 теңгеге дейін;
магистранттардікі 117 098 теңгеге;
докторанттардікі 262 500 теңгеге дейін өседі.
Емтихан сессиясын “өте жақсы” тапсырған жағдайда жоғары стипендия алу мүмкіндігі сақталады.
Интернатурада оқитындар 94 862 теңге, ал резидентурада оқитындар 134 664 теңге көлемінде стипендия алады. Стипендияларға арналған қосымша төлемдер де белгілі бір санаттағы студенттер үшін қарастырылған:
Көру және есту қабілеті бұзылған тұлғаларға:
Бакалавриат – 94 651 теңге,
Магистратура – 204 921 теңге,
Докторантура – 459 375 теңге.
Мүгедектігі бар немесе жарақат, контузия, ауру салдарынан зақым алған тұлғаларға:
Бакалавриат – 78 558 теңге,
Магистратура – 175 647 теңге,
Интернатура – 142 293 теңге.
Ата-анасыз қалған немесе қамқорлыққа алынған балалардың стипендиясы 30% ұлғаяды:
Бакалавриат – 68 083 теңге,
Магистратура – 152 227 теңге,
Интернатура – 123 320 теңге.

Дорогие читатели! Сегодня наша газета открывает новую рубрику для тех, кто не только любит играть сам, но и старается на...
14/01/2025

Дорогие читатели! Сегодня наша газета открывает новую рубрику для тех, кто не только любит играть сам, но и старается научить играть в шахматы своих учеников.

Здесь мы будем публиковать материалы, которые помогут вам и вашим ученикам лучше узнать и полюбить шахматы и их богатую историю.


Лf5-d5 Кре8-f8 2. Лd5-d8 #


Крd5-c5 Крa5-a6 2.Лh5-h7 Крa6-a5 3.Лh7-a7 # А теперь вопрос: Что делать, если чёрные пойдут в другую сторону? 1…Крa5-a4? Возможно поставить мат?


Лa8-a6 Крg7-g8 2.Крe7-f6 Крg7-h7 3.Лa6-a8 Крh7-h6 4.Лa8-h8 # Попробуйте самостоятельно найти решение, если чёрные сыграют по-другому.
Превю №2. Продолжаем изучать технику матования одинокого короля с помощью ладьи. Сегодня у нас более сложные задания. В задаче №1 необходимо поставить мат в 3 хода. В задаче №4 при лучшей защите со стороны чёрных мат достигается в 4 хода.


Крc5-b6 Крb8-a8 2. Лc1-c8 #
Превю следующее: Проверьте, насколько уверенно вы ставите мат. Первые два задания совсем простые. Белые начинают и ставят мат в два хода.



Задачи предоставлены Казахстанской федерацией шахмат
Отдел ведёт мастер фиде, международный арбитр Сергей Ким

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ғалымы және педагогі, қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы. Он...
14/01/2025

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ұлы ағартушысы, ғалымы және педагогі, қазақ тіл білімі мен әдебиетінің негізін қалаушы. Оның педагогикалық идеялары мен әдіс-тәсілдері қазақ халқының мәдениеті мен білімін көтеруде айрықша маңызды рөл атқарды. Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдері бүгінгі күні де мектептерде қазақ тілін оқытуда кеңінен қолданылады. Оның педагогикалық тұжырымдамалары оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың білімін тереңдету, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Ахмет Байтұрсынұлының басты педагогикалық көзқарасы – халыққа қызмет ету, білім беру мен тәрбиені ұштастыру. Ол білім беру процесінде тілдің негізгі құралы ретінде қолданылуын, қазақ тілінің құрылымын жүйелі әрі нақты түсіндіруді ұсынды. Байтұрсынұлының ойынша, білімді беру үшін оның ғылыми негіздерін ұстану маңызды, яғни әрбір ұғымды жүйелі түрде, түсінікті әрі дәлелді жеткізу қажет. Оқушыларға күрделі ұғымдарды қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіру үшін оның «түсіндіру әдісін» қолданғаны белгілі. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушының деңгейіне қарай материалды жеңіл әрі қызықты түрде жеткізе алады. Сонымен қатар, Байтұрсынұлының әдіс-тәсілдерінде оқушының шығармашылық қабілеттерін дамытуға ерекше мән берілген. Ол оқушылардың ойлау, талдау қабілетін дамытатын тапсырмалар мен сұрақтар ұсыну арқылы олардың білімдерін тереңдетуді мақсат етті. Бұл әдіс оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың оқу процесіне қызығушылығын оятады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту үшін қайталау әдісін де жиі қолданған. Мұндай әдіс арқылы балалар алған білімдерін ұзақ уақытқа дейін есте сақтай алады. Ахмет Байтұрсынұлының көрнекі құралдарды қолдану әдісі де маңызды орын алады. Бұл әдіс оқушылардың түсінігін жеңілдету үшін оқу материалдарын көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Ол оқушының көру, есту, сезіну сияқты қабылдау мүшелерін белсенді пайдалануды ұсынды. Мысалы, оқушыға тілдің құрылымын көрсету үшін түрлі карталар, кестелер мен суреттер қолдану, сондай-ақ әртүрлі ойындар мен тапсырмалар арқылы білім беру арқылы Абуева Айзада Газизовна

А. Байтұрсынұлы атындағы №48 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагогика ғылымдарының магистрі

Республикалық “Білімді Ел-Образованная страна” газетіміздің бүгінгі жаңа саны🗞️Новый номер республиканской газеты “Білім...
14/01/2025

Республикалық “Білімді Ел-Образованная страна” газетіміздің бүгінгі жаңа саны🗞️

Новый номер республиканской газеты “Білімді Ел-Образованная страна” 📌

#білімдіелгазеті #газет

В столичной школе-гимназии №87 состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к началу празднования 180-летнего юбил...
14/01/2025

В столичной школе-гимназии №87 состоялось торжественное мероприятие, приуроченное к началу празднования 180-летнего юбилея великого казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева, сообщается на официальном сайте акимата Астаны.

Творческое событие «Сөзі алтын хәкім Абай» стало началом серии мероприятий, запланированных в рамках юбилея Абая Кунанбаева. Школа-гимназия №87, которая носит имя великого поэта, была открыта в 2019 году, в год празднования его 175-летия. С момента своего открытия в учебном заведении введен предмет «Абайтану», изучающий жизнь и творчество казахского мыслителя. За пять лет работы школа успешно занимается популяризацией наследия Абая.

В ходе мероприятия учащиеся продемонстрировали свои знания о творчестве Абая Кунанбаева, читая наизусть его стихи, слова назидания и отрывки из поэм.

«Миссия нашей школы — воспитание образованной, морально устойчивой и гармонично развитой личности, соответствующей идеалу «полного человека», о котором писал Абай. Сегодняшнее мероприятие дало возможность нашим учащимся продемонстрировать результаты своей усердной работы», — сказала директор школы-гимназии №87 Айгуль Кашаева.

Кроме того, на мероприятии выступила почетный гость — абаевед, поэт и член Союза писателей Казахстана Алмахан Мухаметкаликызы.

Подробнее на сайте bilimdinews.kz📌

Что объединяет шахматы и британское образование? Стремление развивать стратегическое, абстрактное, креативное мышление, ...
14/01/2025

Что объединяет шахматы и британское образование? Стремление развивать стратегическое, абстрактное, креативное мышление, стремление к лидерству. Coventry University Kazakhstan и Казахстанская федерация шахмат подписали меморандум, который обещает вдохнуть новую жизнь в этот интеллектуальный спорт.

В рамках меморандума первый британский университет в Астане станет площадкой для проведения шахматных турниров, открытых для студентов, школьников и профессионалов. Ранее университет и федерация провели конкурс, где лучший участник выиграл полный грант на обучение в Coventry University Kazakhstan. Этот шаг стал важным примером того, как шахматы могут открыть двери к качественному образованию, признанному на международном уровне.

Казахстан – страна, где шахматы давно стали чем-то большим, чем просто доска и фигуры. Мы знаем наших гроссмейстеров, гордимся их победами, а школьники всё чаще выбирают шахматы, следуя примеру наших чемпионов. Поэтому это сотрудничество – ещё один шаг к тому, чтобы сделать шахматы частью повседневной жизни и открыть новые возможности для молодёжи.

Казахстанская федерация шахмат активно работает над развитием шахматного движения в стране, начиная от массовой популяризации игры среди школьников и студентов до подготовки международных чемпионов. Сотрудничество с Coventry University Kazakhstan усиливает эту миссию, создавая новые возможности для молодых талантов и укрепляя позиции Казахстана как одной из ведущих шахматных стран мира.

Подробнее на сайте bilimdinews.kz📌

Караганда. Август 1938 года. IV чемпионат Казахстана. Его результаты были неожиданными! Первое место и звание чемпиона р...
14/01/2025

Караганда. Август 1938 года. IV чемпионат Казахстана. Его результаты были неожиданными! Первое место и звание чемпиона республики завоевал впервые участвовавший в республиканских турнирах ученик 8-го класса Шамшиден Мырзагалиев (г. Уральск). Проиграв в первом туре, он затем одержал восемь побед подряд!

Стать в шестнадцать лет чемпионом республики, опередив опытных соперников, да ещё с первого раза?! Даже сейчас, в эпоху тотального омоложения шахмат, в подобное верится с трудом. Шамшиден однако не просто завоевал звание, но и повторил это достижение ещё дважды подряд!!

Чемпион родился недалеко от поселка Урда в 1922 году. В 1934 году окончил начальную школу и поступил в интернат Казахской средней школы №4 города Уральска. Шамшиден познакомился с шахматами, когда ему было 13 лет. Обладал феноменальной памятью, наизусть знал многие партии А.Андерсена, В.Стейница, М.Чигорина, неплохо разбирался в дебютах, любил играть вслепую, неустанно искал себе достойных соперников.

В V чемпионате (Чимкент, 1939 год, июль) победу разделили два шахматиста: Ш.Мурзагалиев (Уральск) и К.Коханов (Чимкент). В конце октября в зале заседаний уральского облисполкома они встретились между собой в матче из 10 партий. После первой половины лидировал более опытный Константин Коханов, но на финише Шамшиден вырвал победу – 5,5:4,5 – и вторая золотая медаль кряду!

Подробнее на сайте bilimdinews.kz📌

🧑🏻‍💻 Қазақстанда математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады📚 13-17 қаңта...
13/01/2025

🧑🏻‍💻 Қазақстанда математика, физика және информатика бойынша XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады

📚 13-17 қаңтар аралығында Астанада алғаш рет IZhO – 2025 математика, физика және информатика пәндерінен Республикалық физика-математика мектебі мен ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» РҒПО ұйымдастыруымен XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтеді.

📍 Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Армения, Әзірбайжан, Түркия, Грузия, Болгария, Румыния, Сербия және Моңғолия секілді әлемнің 15 елінен 700-ге жуық оқушы мен 150 жетекші қатысады. Командалардың құрамы ұлттық пәндік олимпиадалардың қорытындысы бойынша анықталады.

🔖 Олимпиада бес күнге созылады және екі кезеңнен тұрады. Тапсырмалар күрделілігі бойынша мамандандырылған сыныптар бағдарламасына сәйкес келеді және оларды халықаралық қазылар алқасы құрастырды. Қазылар алқасының төрағасы белгілі қазақстандық ғалым-математик, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі Асқар Жұмаділдаев.

«Математика, физика және информатика пәндерінен оқушыларға арналған Халықаралық Жәутіков олимпиадасы елімізде 21-ші рет өткізілуде. Биыл ол алғаш рет Астанада өтеді. Қатысушылар техникалық жарақтандырылуы осы олимпиаданы өткізу шарттарына толық сәйкес келетін Республикалық физика-математика мектебі мен Astana IT университетінің аудиторияларында теориялық және практикалық кезеңдерде өз білімдерін сынайды», - деп атап өтті «Дарын» РҒПО директоры Ғажембек Тұрсынов.

🏆 Жәутіков олимпиадасының қорытындысы бойынша қатысушылар қатысу сертификаттары мен естелік сыйлықтар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлер – түрлі дәрежелі дипломдар, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталады.

🔹 Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы 2005 жылдан бері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен өткізіліп келеді. Мақсаты - оқушылар арасында физика-математика ғылымдарын насихаттау, халықаралық ынтымақтастықты дамыту, түрлі елдердің мамандандырылған мектептері арасында достық қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу, сондай-ақ Қазақстанның білімі мен мәдениетін паш ету.

Четырёхлетний ребёнок упал с высоты пяти метров в игровом центе в ПавлодареРебёнок упал с верхнего уровня лабиринта в од...
13/01/2025

Четырёхлетний ребёнок упал с высоты пяти метров в игровом центе в Павлодаре

Ребёнок упал с верхнего уровня лабиринта в одном из игровых центров в Павлодаре. Мальчика госпитализировали в больницу с сотрясением мозга.

Информацию о случившимся мать пострадавшего малыша распространила в социальных сетях. Сейчас мальчик находится в больнице.

«Наши дети, в том числе и младший ребёнок с бабушкой и дедушкой в свои выходные отправились в Viking land в Батырмоле и там мой малыш упал с высоты более пяти метров. Когда его вытащили оттуда, у него шла кровь из носа и рта и был сильный испуг. Средний сын тоже чуть не упал вслед за ним, но у него зацепилась нога», – рассказала женщина.

Павлодарка требует наказать виновных. Там где дети должны соблюдать правила безопасности в первую очередь, заявила она.

Ситуацию взяла на контроль уполномоченный по правам ребёнка в регионе Сауле Шакенева.

«Мама пострадавшего ребёнка обратилась ко мне через WhatsApp. Сейчас ребёнок вместе с мамой находится в областной детской больнице, заявление в полицию подали. Я на связи с мамой и буду сопровождать процесс до конца, – написала Шакенева на своей странице в Instagram.

Вместе с тем в полиции сообщили, что процессуальное решение по инциденту примут после результатов судебно-медицинской экспертизы.

Россия постепенно откажется от ЕГЭ, этот процесс уже начался. Об этом заявил в разговоре с NEWS.ru глава комитета Госдум...
13/01/2025

Россия постепенно откажется от ЕГЭ, этот процесс уже начался. Об этом заявил в разговоре с NEWS.ru глава комитета Госдумы по труду, социальной политике и делам ветеранов Ярослав Нилов.

По словам парламентария, в стране появится иной формат оценки знаний выпускников школ, он будет основан на преимуществах единого государственного экзамена, а также советской и российской систем образования.
О начале перехода от ЕГЭ к новому формату говорит пересмотр некоторых правил его сдачи и старт дискуссии об интегральной системе оценки знаний учеников. «Именно за это мы критикуем ЕГЭ, он убил интегральность, комплексный подход, возможность многогранной оценки знаний, глубины знаний, возможности мыслить. Даже если человек неправильно озвучит факты, но мыслит правильно, это несравнимо с тем, что он случайно угадал, выбрав из предложенных вариантов», — объяснил депутат.
Нилов добавил, что новая система оценивания позволит продолжать получать образование тем людям, которые «тянутся к знанием», а не просто угадывают ответ из предложенных вариантов.
Ранее Минпросвещения установило минимальные баллы ЕГЭ на 2025 год. По русскому языку и обществознанию необходимо набрать 42 балла, по математике, физике, биологии и химии — 39.

Cемилетняя девочка из России оформила кредиты на родителей по указанию мошенниковИнцидент случился в Томске, аферисты об...
13/01/2025

Cемилетняя девочка из России оформила кредиты на родителей по указанию мошенников

Инцидент случился в Томске, аферисты обманули первоклассницу благодаря популярной онлайн-игре. Девочка думала, что она пытается заработать игровую валюту и по указке мошенников оформила на родителей несколько кредитов почти на 500 тысяч рублей – около 2,5 млн тенге.

Злоумышленники убедили ребенка в том, что для получения внутриигровой валюты ей нужно сфотографировать телефоны родителей. Действуя по инструкции, девочка оформила онлайн-кредиты и перевела мошенникам деньги.

✉️ Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдад...
11/01/2025

✉️ Президент белгілі ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

▪️Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, І дәрежелі «Барыс» орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

t.me/aqorda_resmi

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Аяулым Әміренова Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу салтан...
11/01/2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Аяулым Әміренова Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу салтанатында Мемлекеттік туды алып шығады. Ол 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында өтетін спорттық бәсекеде спорттың фристайл түрінен ел намысын қорғайды.
Аяулым Әміренова – медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1-курс докторанты, фристайл бойынша ұлттық құраманың үздік спортшыларының бірі. Жас спортшының қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ Қазақстан атынан 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі олимпиада ойындарына қатысқан.
Қазақстан құрамасы 10 жарыс түрі бойынша медаль үшін күресетін 103 спортшыдан тұрады: биатлон, шаңғы жарысы, қысқы спорттық бағдарлау, фристайл, мәнерлеп сырғанау, хоккей (ерлер мен әйелдер), парашаңғы жарысы, тау шаңғы спорты және шорт-трек.
2025 жылғы ###II қысқы универсиада әлемдегі ең ауқымды студенттік спорттық ареналардың бірі болмақ. Әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысады деп күтілуде, олар 11 спорт түрінен 96 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Елордада 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды қала экономи...
10/01/2025

Елордада 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды қала экономикасының нақты секторына тартуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев мәлімдеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Басты оқиғалардың бірі «WorldSkills», «JasSkills» және «DeafSkills» форматтарындағы қалалық кәсіби шеберлік чемпионаты болмақ. Елорданың колледждері мен жоғары оқу орындарында орналасқан 15 алаңда 49 құзырет бойынша 500-ден астам адам қатысады деп күтілуде. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді, әсіресе мектеп оқушылары мен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында байқалады. Чемпионат жеңімпаздары осы жылдың күзінде өтетін ұлттық чемпионатқа қатысуға мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, 2025 жылы колледждер базасында 10-11 сынып оқушыларын оқыту жобасын кеңейту жалғасады. Орта мектеп оқушылары тігінші, наубайшы, аспаз, шаштараз, флорист, жиһаз өндірісінің маманы және электр газды дәнекерлеуші сияқты кәсіптің біреуін таңдап, практикалық дағдылар мен жұмыс біліктілігін ала алады. Курстар аяқталғаннан кейін оқушылар аттестат пен біліктілік туралы куәлік алады.
Кәсіптік бағдар беру жұмысы шеңберінде қаланың 100 мектебінде экономиканың түрлі салаларына бағдарланған бейіндік сыныптар ашылатын болады. 40 педагогикалық, 10 медициналық, 10 тігін, 10 сервис және 10 дизайн бойынша сынып құру жоспарлануда. Бұл сыныптар университеттермен және колледждермен бірлесіп, тұрақты кәсіптік бағдар беру іс-шараларын жүргізеді.

Правительство приняло постановление от 30 декабря 2024 года “О некоторых вопросах Национальной академии наук Республики ...
10/01/2025

Правительство приняло постановление от 30 декабря 2024 года “О некоторых вопросах Национальной академии наук Республики Казахстан при президенте Республики Казахстан”, сообщает пресс-служба НАН РК при президенте РК.

Фото: Zakon.kz
“Реорганизовать некоммерческое акционерное общество “Национальная академия наук Республики Казахстан при президенте РК” путем преобразования в высшую научную организацию “Национальная академия наук Республики Казахстан при президенте РК”, – говорится в документе.

Основными видами деятельности Национальной академии наук РК при президенте РК являются:

выработка рекомендаций по определению приоритетных направлений научной или научно-технической деятельности в соответствии с приоритетами социально-экономического развития, а также приоритетных направлений стратегических, фундаментальных и прикладных научных исследований в РК;
проведение анализа стратегических приоритетных направлений развития науки и технологий, представленных уполномоченным органом в Национальный совет по науке и технологиям при президенте РК;
проведение экспертизы научно-технических заданий, представленных на рассмотрение Высшей научно-технической комиссии для программно-целевого финансирования;
осуществление подготовки и проведение форсайтных (прогнозных) исследований по развитию науки;
проведение конкурсов на соискание именных премий и стипендий в области науки;
проведение научных исследований в различных областях науки и техники;
издание научных журналов;
участие в развитии международного научного и научно-технического сотрудничества;
участие в популяризации науки.
Постановление введено в действие с 30 декабря 2024 года.

Address

Кабанбай батыра, 58 А НП 18
Nur-Sultan
010000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77051094306

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Bilimdi el posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Bilimdi el:

Share