Жетінші

Жетінші Ақпараттық портал

Қазақстанда жанармай бағасы өседі🔺АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өсед...
03/04/2023

Қазақстанда жанармай бағасы өседі

🔺АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин бағасы литріне 182-187 теңгеден 205 теңгеге дейін өседі (11%).

🔺Дизель отыны 230-260 теңгеден 295 теңгеге дейін көтеріледі (өсім 20%).

«Көрші елдермен салыстырғандағы баға айырмашылығын төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге баруымыз керек», – деп мәлімдеді Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов.

♟️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастадыҚазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойн...
02/04/2023

♟️Бибісара Асаубаева Үндістандағы турнирде көш бастады

Қазақстандық шахматшы бұл жолы үндістандық Хампи Конерумен тең ойнады. Конеру - Азия чемпионы атанған тәжірибелі шахматшы. Тең ойынның арқпсында Бибісара 4,5 ұпай еншілеп, тізімде көш бастады.

Одан кейінгі орында 4 ұпаймен қытайлық Чжу Цзиньэр тұрса, үшінші орынға 3,5 ұпайы бар ресейлік Александра Горячкина жайғасқан.

#7ақпарат #шахмат #бибісараасаубаева

Елена Рыбакина финалда Петра Квитоваға есе жібердіМайамидегі WTA 1000 турнирінде 33 жастағы чехиялық теннисші топ жарды....
02/04/2023

Елена Рыбакина финалда Петра Квитоваға есе жіберді

Майамидегі WTA 1000 турнирінде 33 жастағы чехиялық теннисші топ жарды. Ойын тағдыры екі сетте шешілді. Осылайша 23 жастағы Рыбакинаның жеңісті сериясы үзілді. Бұған дейін ол қатарынан 13 рет жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық теннисші 650 ұпай иеленіп, 660 мың доллар алады.

#7ақпарат #еленарыбакина #майамиоупен

31/03/2023

Ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларға 143 млрд теңге бөлінеді

Былтыр Президент сайлауынан кейін ұлықтау рәсімінде Қ.Тоқаев өзінің ең бірінші жарлығын ауылды дамытуға арнап шығарғаны естеріңізде болар. Осы жолы да Президент ауылға қатысты мәселелерді уақыттың тезіне салып шешу керектігін айтты. Себебі ауыл – қазақтың алтын бесігі. Агроөнәркәсіп – экономиканың негізгі күретамыры.

Былтырдан бері «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 1 мыңнан астам ауылда 3700 нысан жаңғыртылған екен. Дені әлеуметтік, инженерлік инфрақұрылым. Бұл жұмыс болашақта да жалғасады. Биыл тағы 1,5 мыңнан астам жобаға бюджеттен 143 миллиард теңге бөлінбек. Әрі Президент шалғайда қалған шекаралас аудандардың ахуалы мен халықтың әлеуметтік тұрмыс-тірлігін түзету мәселесін де жаңа Парламент пен Үкіметтің арқасына зіл-батпан жүк қылып артты.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #ауылшаруашылығы

31/03/2023

Ермұрат Бапи Парламентте қандай мәселелер көтеретінін айтты

Президенттің жарлығымен Смайылов премьер-министр болып қайта тағайындалды. Ал сайлаудың ресми қорытындысын тоғыз күн күткен топ апта басталысымен жұмыстарына асығыс кірісті. Алдымен Орталық сайлау комиссиясы сайланған жұртқа депутаттық мандаттарын үлестіріп, кеуделеріне төсбелгілерін тақты. Ертеңіне Президент жаңа сессияның жұмысын ашып, құзыреті мен қызметі күшейген Парламенттің алдына жаңа міндеттер жүктеді. Сосын бірлескен отырыс біте сала төменгі палата өкілдері жасырын дауыс беру арқылы өздерінің жаңа төрағасын сайлап алды. Ол орынға экс-спикер Ерлан Қошанов қайта жайғасты.

Іле Мәжіліс депутаттары ант берді. Осылайша қызметтеріне қызу кіріскен депутаттар жазға дейін демдерін алмай, біраз шаруаны дөңгелетіп тастайтынын көрсеткендей болды. Ол қандай шаруа екенін су жаңа депутат, оның үстіне бір мандаттық округтен сайланған белгілі қоғам қайраткері Ермұрат Бапиден сұрайық.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #ермұратбапи

31/03/2023

Тоқаев Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

Мәжіліс сайлауында жеңіске жеткен партияларға Парламент партасынан мынадай орынтақтар бұйырды. «Amanat-қа» 40 мандат, «Ауылға» 8 орын, «Respublica» мен «Ақжолға» 6 орыннан, «Қазақстан халық партиясына» 5 және ЖСДП-ға 4 мандат бұйырды.

Қалай десек те қазақ елінің ең жоғары заң шығарушы органы тәуелсіздік тарихында алғаш рет 6 партия өкілдерінен жасақталып отырғаны ақиқат. Ендеше сегізінші шақырылымның алғашқы сессиясын ашқан Президент Парламенттің жаңа құрамына қандай міндеттер жүктеді?

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #аманат

Бір ғасыр өмір сүрген Олимпиада чемпиондарыМамандар Олимпиада чемпиондарының орташа жасы 67 жас екенін айтады. Шын мәнін...
31/03/2023

Бір ғасыр өмір сүрген Олимпиада чемпиондары

Мамандар Олимпиада чемпиондарының орташа жасы 67 жас екенін айтады. Шын мәнінде, бұл белестен асып кеткендер көп. Біз бүгін бір ғасырдан астам өмір сүрген саңлақтар туралы сөз қозғамақпыз.

#жетіншіақпарат #олимпиадачемпиондары

31/03/2023

Енді қазақстандықтардың төлқұжатында саусақ ізі болады

ІІМ Қазақстан азаматының паспортын, жеке куәлігін және басқа да құжаттарын

ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы жаңа қағидаларын әзірледі

Жоба 13 сәуірге дейін Ашық НПА веб-сайтында орналастырылған

Хабарланғандай, енді құжатта тегі, аты-жөні, ұлты, жынысы секілді негізі деректерден бөлек

16 жасқа толған және одан асқан, сондай-ақ «Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы» ҚР заңымен белгіленген жағдайларда

12 жастан бастап 16 жасқа дейінгі құжат иесінің қол саусақтарының іздері болады.

#жетіншіақпарат #төлқұжат #саусақіздері

🚄LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды.Бұл туралы Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген...
30/03/2023

🚄LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды.

Бұл туралы Жеңіс Қасымбек кәсіпкерлермен кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында айтты. Журналистер әкімнен LRT құрылысын қандай мердігер жалғастыратынын сұрады.

«Бас мердігер – Қытай компаниясы. Сол компания аталған нысан құрылысын әрі қарай сала береді. Сонымен қатар нысанның жылжымалы құрамына да солар тапсырыс береді. Бас мердігер белгілі болғандықтан, нысанды өзі аяғына дейін жеткізеді», – деді Астана әкімі.

#7ақпарат #жетіншіақпарат #ЛРТ #ЖеңісҚасымбек

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындал...
30/03/2023

Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалды.

97 депутаттың 82-сі Әлихан Смайыловтың кандидатурасын қолдаса, 7-еуі қарсы болып, 8-і қалыс қалды.

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #ПремьерМинистр #Смайылов

AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.Президент Қасым-Жома...
30/03/2023

AMANAT партиясының атынан жаңа Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасы ұсынылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың басқа фракцияларымен жуық арада талқылайды.

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #ПремьерМинистр #Смайылов

Күннің ең анық фотосуреті пайда болдыОның авторлары – астрофотографтар Эндрю МакКарти мен Джейсон Гензель. Мұндай бұрын-...
29/03/2023

Күннің ең анық фотосуреті пайда болды

Оның авторлары – астрофотографтар Эндрю МакКарти мен Джейсон Гензель. Мұндай бұрын-соңды болмаған жоғары сападағы фотоны жасау үшін америкалық ғалымдар телескоппен түсірілген 90 мың фотосуретті біріктірген.

Сіз неге ұқсаттыңыз?

#7ақпарат #жетіншіақпарат #күн #астрофотограф

4 пайыздық автонесие қашан қайтадан қосылатыны белгісіз. Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды наурызда қосып үлге...
29/03/2023

4 пайыздық автонесие қашан қайтадан қосылатыны белгісіз. Жеңілдетілген автонесиеге өтінім қабылдауды наурызда қосып үлгермеген. Бұл туралы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» хабарлады.

«Наурызда болмайды. Өтінімдерді қайта қабылдау туралы алдын ала хабарлаймыз», – деді қордың баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 6 ақпанда автонесиеге онлайн 761 өтініш қабылданып, 18 секундта лимит таусылған болатын.

#7ақпарат #жетіншіақпарат #автонесие

Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтқан сөздерінен үзінді⤴️ #7ақпарат    #сайл...
29/03/2023

Қасым-Жомарт Тоқаевтың VIII сайланған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында айтқан сөздерінен үзінді⤴️

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023 #ҚасымЖомартТоқаев #Парламент #сессия

28/03/2023

Меккеге бара жатқан автобус апатынан 20 адам көз жұмды

Оқиға Сауд Арабиясының оңтүстік-батысындағы Асир провинциясына қарасты Акабат Шаар аумағында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, автобустың тежегіші істен шығып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан автобус бағанаға соғылып аударылған. 20 адам көз жұмып, тағы 29-ы жарақат алды.

ҚР СІМ өкілдері зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.

#жетіншіақпарат #мекке #жолапаты

Әлемдегі үздік қаржы орталықтарыНью-Йорк әлемнің үздік қаржы орталықтарының арасында көш бастап тұр. Global Financial Ce...
28/03/2023

Әлемдегі үздік қаржы орталықтары

Нью-Йорк әлемнің үздік қаржы орталықтарының арасында көш бастап тұр. Global Financial Centres Index жасаған рейтингтің екінші сатысында Лондон тұрса, алғашқы үштікті Сингапур түйіндеді.

1. Нью-Йорк
2. Лондон
3. Сингапур
4. Гонконг
5. Сан-Франциско
6. Лос-Анджелес
7. Шанхай
8. Чикаго
9. Бостон
10. Сеул
Дереккөз: Global Financial Centres Index

#жетіншіақпарат #қаржыорталығы

Қай партия қанша мандатқа ие болды?⤴️ #7ақпарат    #сайлау2023  #мәжіліссайлауы2023
27/03/2023

Қай партия қанша мандатқа ие болды?⤴️

#7ақпарат #сайлау2023 #мәжіліссайлауы2023

Қазақстан футболдан Данияны 3:2 есебімен жеңді!Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз а...
27/03/2023

Қазақстан футболдан Данияны 3:2 есебімен жеңді!

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Дания құрамасын 3:2 есебімен жеңіп, сенсация жасады.

#қазақстандания #7ақпарат

26/03/2023

Сайлау талаптарға сай өтті: Халықаралық байқаушылар не дейді?

Өткен жексенбі күнгі сайлаудан хабар тарату үшін біздің елге шетелден 230-дан астам журналист келіпті. Олардың арасында әлемнің белді ақпарат агенттіктері де бар. БАҚ өкілдері кәрі құрлықтан, сары құрлықтан тіпті Африка тәрізді қара құрлықтан да келген. Журналистер дауыс берудің әділ, ашық өтіп жатқанына куә болғанын айтады. Олардың пікірінше, Қазақстандағы сайлау процесі өзге елдер үшін өнеге болуға лайық екен. Жалпы елдегі сайлау науқанының ұйымдастырылуына шетелдік байқаушылар да баға берді. Әрі өз елімізде де жергілікті байқаушылар өздеріне жүктелген міндеттерін аса ыждағаттылықпен орындады.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

«Жер сағаты» акциясы: әлем бойынша бір сағатқа электр қуаты өшіріледіБүгін 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20...
25/03/2023

«Жер сағаты» акциясы: әлем бойынша бір сағатқа электр қуаты өшіріледі

Бүгін 25 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін ел бойынша «Жер сағаты» дүниежүзілік акциясы өтеді.

Жыл сайын бұл акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан үшін «Жер сағаты» биыл 14-ші рет өткізіліп отыр.

Берілген бір сағат – әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адам жарық пен электр құрылғыларын өшіретін уақыт, оған қоса мыңдаған сәулет ескерткіштері жарықты сөндіреді.

«Барлығыңызды акцияға бірге қатысуға шақырамыз!», – деп жазды Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

#7ақпарат #жерсағаты

25/03/2023

Қазақстан халқының саяси мәдениеті нығайып келеді – саясаттанушы Дәурен Базаров

Сайлау өтті дегенің сайран басталды дегенді білдірмейді. Керісінше, саяси текетірестің басталғанын көрсетсе керек. Алдағы күндері партиялар өзінің саяси кеңесі мен бюросын өткізіп, партиялық тізіммен кімдердің Парламент партасына жайғасатынын жария етеді. Әрі биыл араға 19 жыл салып, қайтадан аралас жүйемен өткен сайлау еліміздің барлық өңірінде тартысты өтті. Оған дәлел ретінде бір орынға 40 шақты кандидаттың таласқанын айтсақ та жеткілікті. Ал осы сайлаудан билік пен бұқара қандай сабақ алды, нендей дүниелерді қайта саралау керек деген заңды сұрақ туады. Мұны біз «Жаңа кезеңнің» жаңа қонағы, саясаттанушы Дәурен Базаровпен талқылаймыз.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

24/03/2023

Мәжіліс сайлауы өтті. Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

Жылдың ең басты саяси додасы мәреге жеткелі де бес тәулік өтті. Былтыр референдум болып, Ата заңға енгізілген тың өзгерістерден кейін елде «Сайлау туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдар да заманның талабына сай жетілдірілген. Іле жеңілдетілген талаптарға сай жаңадан екі партия тіркеліп, олардың екеуі де өткен сайлауда бақ сынады. Айта кетейік, елімізде дауыс беру құқығына ие 12 млн-нан астам азамат бар. Өткен сайлауда олардың 54%-і өз таңдауын жасады. Солардың 3,9%-і бюллетеньдегі «бәріне қарсымын» бағанын белгілепті.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды – Энергетика министрлігі23 наурызда сағат 7:50-де Риддер ЖЭО №6 қазанды...
24/03/2023

Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болды – Энергетика министрлігі

23 наурызда сағат 7:50-де Риддер ЖЭО №6 қазандық аймағындағы жанармай беру галереясында көмір шаңы жарылды. Жарылыс толқыны шамамен 80 шаршы метр қоршау құрылымдарын қиратқан. Қазандықтарға көмір беру сағат 13:00-де қалпына келтірілді.

Қазіргі уақытта ЖЭО-дағы алты қазандықтың екеуі жұмыс істейді. Жылу желісінің температурасы 70/46 градус графикте 45/35 градус.

Қазір арнайы комиссия құрылып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесі он жұмыс күні ішінде дайын болады.

#7ақпарат #Риддер #ТЭЦ #ЖЭО

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!  Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз! Жа...
23/03/2023

Қасиетті Рамазан айы мүбәрәк болсын!

Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз! Жасаған амалыңыз, ұстаған оразаңыз, оқыған дұғаларыңыз қабыл болсын!

#7ақпарат #рамазанайы🌙 #ораза2023

22/03/2023

Жанқош Тұраров IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды

Бірінші орта салмақта чемпиондық атаққа қол жеткізу үшін жерлесіміз мексикалық Алехандро Менесесті жеңді.

Алматыда өткен кездесу 12 раундқа есептелген болатын, алайда 10-раундта мексикалықтың қабағы жарылып, оның командасы айқасты тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осылайша Тұраров 27-айқасын техникалық нокаутпен жеңді.

Наурыз мерекесі қай кезден бастап тойланады?⤴️
22/03/2023

Наурыз мерекесі қай кезден бастап тойланады?⤴️

Құрметті қазақстандықтар, көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі - әз-Наурыз құтты болсын!Хал...
22/03/2023

Құрметті қазақстандықтар, көктемгі жаңарудың, махаббаттың, ақ пейіл мен татулықтың мерекесі - әз-Наурыз құтты болсын!

Халқымыз үшін Наурыз мейрамы – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мереке.

Отанымызға – береке, халқымызға – игілік, мемлекетімізге – молшылық, ал әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілейміз.

🇰🇿Қазақстан әлемдегі ең бақытты 50 елдің қатарына кірдіБиыл жарияланған World Happiness Report есебінде Финляндия «Әлемд...
21/03/2023

🇰🇿Қазақстан әлемдегі ең бақытты 50 елдің қатарына кірді

Биыл жарияланған World Happiness Report есебінде Финляндия «Әлемдегі ең бақытты ел» рейтингінде алтыншы рет көш бастады.
Бұл туралы Халықаралық бақыт күнінде Нью-Йоркте таныстырылған жыл сайынғы «Жаһандық бақыт» туралы баяндаманың қорытындысында айтылған.

Үздік бестікте Дания, Исландия, Израиль және Нидерланды, одан кейін Швеция, Норвегия, Швейцария, Люксембург және Жаңа Зеландия бар. Германия бір жыл ішінде рейтингте екі саты төмендеп, 16-орынға жайғасқан. Баяндамада көрсетілген 137 елдің ішінде Сьерра-Леоне, Ливан және Ауғанстан ең бақытсыз елдер болып саналады.

Бұл ретте Қазақстан 44-орында, көршілеріміз Өзбекстан 54-орында, Қырғызстан 62-орында, Ресей 70-орында тұр.

#жетіншіақпарат #7ақпарат #наурыз

Мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша алты партия парламентке өтті.Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегінше, Мә...
20/03/2023

Мәжіліс сайлауының қорытындысы бойынша алты партия парламентке өтті.

Орталық сайлау комиссиясының алдын ала дерегінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан партиялар сайлаушылар даусын былай бөліскен:
✅ AMANAT партиясы – 53,90%
✅ «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,90%
✅ Respublica партиясы – 8,59%
✅ «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41%
✅ Қазақстан халық партиясы – 6,80%
✅ Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,20%
✅ «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,30%

«Бәріне қарсымын» тармағына 3,90% немесе 248 291 адам дауыс берді. Айта кетсек, Парламент мәжілісіне өту үшін 5% шекті бағындыруы керек.

#7ақпарат #сайлау2023

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:Amanat – 53,46%,«Ауыл» халықтық-демократиялық...
19/03/2023

«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:

Amanat – 53,46%,
«Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,52%,
Respublica партиясы – 8,9%,
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 7, 87%,
Қазақстан халық партиясы – 6,25%,
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,31%
«Байтақ» жасылдар партиясы – 3,22%,
Барлығына қарсымын - 4,47%

Сауалнама 200 сайлау учаскесін қамтып, 230 мың сайлаушы қатысқан.

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды
19/03/2023

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау аяқталды

Сайлауға ұлттық реңк сыйлаған қазақстандықтар
19/03/2023

Сайлауға ұлттық реңк сыйлаған қазақстандықтар

Мәжіліс сайлауының 10 ерекшелігі #мәжіліссайлауы2023  #сайлау2023  #7ақпарат
19/03/2023

Мәжіліс сайлауының 10 ерекшелігі

#мәжіліссайлауы2023 #сайлау2023 #7ақпарат

Сайлауға қатысып жатқан алты партия төрағасы дауыс беріп үлгерді.Олар:📌Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов;📌«Ауыл»...
19/03/2023

Сайлауға қатысып жатқан алты партия төрағасы дауыс беріп үлгерді.

Олар:
📌Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов;
📌«Ауыл» партиясының төрағасы Әли Бектаев;
📌Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының төрағасы Асхат Рахымжанов;
📌«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев;
📌«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев;
📌Respublica партиясының төрағасы Айдарбек Қожаназаров.

Жалпы Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жеті партия қатысып жатыр. Әзірге Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сайлау учаскесінде көрінбеді.

#сайлау2023 #7ақпарат

Сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдер қандай болады?Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларын...
19/03/2023

Сайлауда дауыс беруге арналған бюллетеньдер қандай болады?

Республикалық маңызы бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларында дауыс беру төрт бюллетень бойынша саналады. Оның екеуі Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау және екеуі мәслихаттар бойынша.

Ал 17 облыста дауыс беру бес сайлау бюллетені бойынша өтпек. Оның екеуі Мәжіліс бойынша, екеуі облыстық мәслихаттар бойынша және біреуі – аудандық немесе қалалық бюллетеньдер.

#сайлау2023 #7ақпарат

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды   #сайлау2023  #7ақпарат
19/03/2023

Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлау басталды

#сайлау2023 #7ақпарат

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салынадыҚобда ауданы Қобда ауылында баспанасын су басқан тұр...
18/03/2023

Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салынады

Қобда ауданы Қобда ауылында баспанасын су басқан тұрғындар үшін 24 үй салынады.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданына сапары барысында тиісті тапсырма берді.

Жалпы, 13 наурыздан бастап Қобда ауылында 79 үй, 22 аула аумағы еріген қар суының астында қалды. Алдын ала мәліметтер бойынша, 3 үй қалыпқа келтіруге жарамсыз, 4 үйдің қабырғалары құлап, апатты деп танылды, 17 үй суда тұр.

#7ақпарат #сутасқыны

17/03/2023

Саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасы: бір жылда не өзгерді?

Осыдан тур бір жыл бұрын ҚР Президенті елді саяси жаңғыртудың ауқымды бағдарламасын ұсынды. Бір жылға жетпейтін уақытта Қазақстанда бұрын-соңды болмаған кең көлемді өзгеріс жасалды. Бұл туралы кеше мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин де әлеуметтік желідегі өз парақшасында жария етті.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

17/03/2023

Заң мен тәртіп – ортақ қағида

Мемлекет басшысы қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне сақ болып, ыждағаттылық танытуды тапсырды. Бұл ретте заң мен тәртіп баршаға ортақ қағида болуы шарт. Ұлттық идеология мәселесіне де салғырт қарамауды қадап айтты.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

17/03/2023

Сайлау-2023: алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді

Алдағы сайлауды бақылауға алғаш рет ұлттық байқаушылар аккредиттелді. Оған қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдар, саяси партиялар мен ұлттық байқаушыларды аккредиттеу институты кіреді. Бұл – бұрын-соңды болмаған, жалпы сайлау науқанына алғаш рет енгізіліп отырған жаңалық. Осы жолғы аккредиттеу белгілі бір сайлауда ғана қолданылмайды – бір жылға жарамды. Алдағы сайлауға қатысты өзге де жаңалықтарды Қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма төрағасы Нұрбек Матжанимен талқылайтын боламыз.

#жаңакезең #жанакезен #сайлау #мәжіліссайлауы2023 #мәслихатсайлауы2023

Address

Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жетінші posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Жетінші:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Tselinograd

Show All