Halyq Uni ақпараттық порталы

Halyq Uni ақпараттық порталы HalyqUni порталының ресми парақшасы.
Халық үнін бірге жеткізейк! "ХАЛЫҚ ҮНІ". Әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени тақырыптарда ақпарат ұсынады.

11/06/2024

Нұрлан имам жастарды Арман Дәулетияровтың кітабын оқып шығуға шақырды

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер, психология ғылымдарының кандидаты – Арман Дәулетияровтың «Айман ана», «Қалам ұшындағы ой», «Мәскеулік “Шыңғысханның” хикаясы» кітаптары алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді.

«Айман ана» кітабында автор анасы Айманның өмір жолын терең құрметпен әңгімелейді. Бұл кітап тек өмір жолы туралы әңгіме емес, өз тамырына, мәдениетіне, ана тіліне және халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы ода.

11/06/2024

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, медиаменеджер, психология ғылымдарының кандидаты – Арман Дәулетияровтың «Айман ана», «Қалам ұшындағы ой», «Мәскеулік “Шыңғысханның” хикаясы» кітаптары алғаш рет қазақ тілінде жарық көрді.

«Айман ана» кітабында автор анасы Айманның өмір жолын терең құрметпен әңгімелейді. Бұл кітап тек өмір жолы туралы әңгіме емес, өз тамырына, мәдениетіне, ана тіліне және халқына деген сүйіспеншілік пен адалдық туралы ода.

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы ...
11/06/2024

Азаматтық некедегі әйелін өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың апелляциялық шағымы соттың қарауына берілді. Бұл туралы Сот кабинетіндегі ақпаратта көрсетілген.

Бірінші инстанциядағы сот үкіміне сотталушы Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов түсірген апелляциялық шағымының соттың қарауына 2024 жылдың 11 маусымында берілгені ғана белгілі.

Бұл қылмыстық істің материалдары көпшілікке жарияланбай отыр. Тек шешім қабылданған күнді ғана көруге болады.

Алайда қылмыстық іс қаралған Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы құжаттарда істің «облыстық сотқа берілгені» көрсетілген.

10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделді
11/06/2024

10 маусымдағы жағдай бойынша оның 45,3 мың гектары өңделді

11/06/2024

Үкімет Қазақстанның таза ауыз сумен қашан 100% қамтамасыз етілетінін айтты

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін өзгерту қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етіп жатқ...
11/06/2024

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова уақыт белдеуін өзгерту қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етіп жатқанын айтты.

Биыл наурыздан бастап Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі (UTC+5) енгізілді

Екі өңірде су астында қалған әлі 2 мыңнан аса үй бар
11/06/2024

Екі өңірде су астында қалған әлі 2 мыңнан аса үй бар

⚡️Көңіл көтеру орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін Президент әкімшілігі есірткі қылмысымен күреске арналған жиында ...
11/06/2024

⚡️Көңіл көтеру орындарының жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін

Президент әкімшілігі есірткі қылмысымен күреске арналған жиында ойын-сауық орындарының уақытын шектеуді ұсынды. Олардың айтуынша, түнгі клубтарда адамдар ішімдік ішіп, есірткі тұтынады, салдарынан қылмыс жасайды.

Үкімет кофеханалар, барлар мен түнгі клубтардың жұмысын түнгі сағат 2-ге дейін қысқартатын құжат әзірлеп жатыр. Бұл қылмыспен күресу үшін жасалып отыр.

🗣Қазақстандықтар су тасқыны кезінде көмекке қанша қаржы аударды?media редакциясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге ж...
10/06/2024

🗣Қазақстандықтар су тасқыны кезінде көмекке қанша қаржы аударды?
media редакциясы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге жиналған қаржылай көмектің сомасын білу үшін Қаржы министрлігіне ресми сауал жолдады.

Өңірлік қорларға 8 508,0 млн теңге түсті, оның 1 970,8 млн теңгесі бөлінді.

«Қазақстан халқына» қоры 6, 487 млрд теңге жиналған. Осы қаржыға қор өз қаржысынан 10 млрд теңге қосып, еліміздің 6 өңірінде 649 тұрғын үй салуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, тағы бір мемлекеттік қор «Демеу Қазақстан» корпоративтік қоры да жылу жинаумен айналысып жатыр.

▫️Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында аталған қордың шотын жариялап, қазақстандықтарды ақшаны тек сенімді әрі тексерілген ұйымдарға аударуға шақырған еді. Әзірге аталған қорға қанша қаражат жиналғаны және қайда жұмсалғаны жайлы ресми ақпарат жоқ.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқа...
10/06/2024

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Ал компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев Мемлекет басшысының кеңесшісі болды.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпке...
10/06/2024

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева бірқатар кәсіпкердің үстінен шағым түсірді. Алайда сот кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.

Жоғарғы Соттың ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті, – деді Нұрлан Баймурзин

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті мемлекеттік қорлар мен өңірлік қорлар жинап жатыр.
10/06/2024

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге қайырымдылық көмекті мемлекеттік қорлар мен өңірлік қорлар жинап жатыр.

Бірнеше облыста қаржы өңірлік қорларға жиналған

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда қазақстандық әйелдің жоғалғанын, экс-судьяны полиция ...
10/06/2024

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Германияда қазақстандық әйелдің жоғалғанын, экс-судьяны полиция іздеп жатқанын айтты

Жоғалған әйелдің туыстарына тиісті көмек көрсетіледі

🗣Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған?▪️Қаңтар оқиғасына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бол...
10/06/2024

🗣Кәрім Мәсімов рақымшылық сұрады: заңда не жазылған?

▪️Қаңтар оқиғасына дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болған Кәрім Мәсімов президенттен басына сауға сұрап отыр. Ол мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығына айырылған еді.

ҰҚК Informburo.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында Кәрім Мәсімовтің кешірім сұрап өтінішхат жолдағанын айтқан. Сондай-ақ қазір Мәсімовтің ҰҚК тергеу изоляторында отырғаны айтылған.

Осы мекемеден 2024 жылдың наурызында Мәсімов Қазақстан Республикасы президенті атына рақымшылық жасау туралы өтінішхат жолдады, - делінген ақпаратта.

Halyq Uni елімізде қандай қылмыстық істер бойынша рақымшылық берілетінін білді.

⚡️Алматы облысында өтіп жатқан Азия чемпионаты қарсаңында Теңге ілуден халықаралық федерациясы құрылды. Федерацияның нег...
10/06/2024

⚡️Алматы облысында өтіп жатқан Азия чемпионаты қарсаңында Теңге ілуден халықаралық федерациясы құрылды. Федерацияның негізін қалаған мемлекеттер: Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Венгрия елдерінің ұлттық федерациялары.

Халықаралық федерацияның басшысы болып қазақстандық кәсіпкер, Теңге ілу республикалық федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров сайланды. Атқарушы директор болып Айбек Түркебай бекітілді. Жаңадан құрылған федерацияның вице-президенті болып Қытай өкілі Жи Жияуинь тағайындалды. Негізін қалағандардың қатарына Венгрия этноспорт федерациясының президенті Aттила Хоттак, Монғолия Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Ром Ауесхан кірді. Арнайы ұйымдастырылған конференцияда теңге ілу спортының ортақ ережесі қабылданып, болашақ жоспары талқыланды.

Жиын барысында Теңге ілу республикалық федерациясының президенті Амангелді Әбдіқадыров атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Айта кетейік, бүгін Алматы облысында тұңғыш рет теңге ілуден ересектер арасында Азия чемпионаты басталды. Екі күнге жалғасатын чемпионатқа 10 елдің спортшылары қатысып жатыр. Сары құрлық сайысында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Венгрия, Тәжікстан, Түркіменстан, Моңғолия, Қытай, Ауғанстан, Ресей спортшылары бақ сынайды.

▫️Еске сала кетсек, Республикалық теңге ілу федерациясы Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының құрамына кіреді. Қауымдастық құрамында бұдан өзге, бәйге, көкпар, аударыспақ, садақ ату, жамбы ату, құсбегілік, асық ату, «JORYQ» ат спорты және т.б. федерациялар бар. ҚР Ұлттық спорт қауымдастығын белгілі кәсіпкер, меценат, «Altyn Qyran Foundation» Қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Исламбек Салжанов басқарады.

Халықаралық федерация Азия чемпионаты қарсаңында құрылып отыр
10/06/2024

Халықаралық федерация Азия чемпионаты қарсаңында құрылып отыр

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
10/06/2024

«Қазгидромет» РМК синоптиктері ертең, 10 маусымда еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Алматыда күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін egov.kz порталы 2024 жылғы Қазақстандағы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесін жария...
10/06/2024

Еске сала кетейік, бұған дейін egov.kz порталы 2024 жылғы Қазақстандағы мереке және демалыс күндерінің күнтізбесін жариялағанда, 17 маусым Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні екенін және дүйсенбі күні демалыс болатынын хабарлаған еді.

Биыл қазақстандықтар Құрбан айт мейрамына орай бір күн демалмайтын болды

Фестивальде қазақстандық палуан Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақ бойынша өнер көрсетті
07/06/2024

Фестивальде қазақстандық палуан Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақ бойынша өнер көрсетті

Фестивальде қазақстандық палуан Біржан Қосалиев пен Сырым Ізбасаров аударыспақ бойынша өнер көрсетті

📆Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болдыҚазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Құрбан айттың алғашқы күні 16...
07/06/2024

📆Қазақстандықтар Құрбан айтта демалмайтын болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Құрбан айттың алғашқы күні 16 маусымға сәйкес келетінін хабарлады. Демек қазақстандықтар үшін 17 маусым жұмыс күні болып қала береді.

Құрбан айт 16 маусымда – жексенбіде басталатын болғандықтан, дүйсенбі әдеттегідей жұмыс күні болып есептеледі.

▪️Жалпы, бұған дейін қазақстандықтар 2024 жылдың маусым айында 11 күн демалатыны хабарланған. Яғни, биыл Құрбан айттың алғашқы күні 17 маусымда болатындықтан, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн – 15, 16 және 17 маусымда демалатыны айтылды.

07/06/2024

Елімізде кәсіпкерлер 56%-бен несие алып жүр

Бұл туралы банктік емес ұйымдарды реттеу департаментінің директоры Нұржан Бидайбек айтты.

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануд...
07/06/2024

Сенаттың жалпы отырысында депутаттар «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын мақұлдады.

Энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласында мемлекеттік реттеу қағидаты заң жүзінде белгіленеді.

🇰🇿🇰🇷 Корея президенті Қазақстанға келедіБиыл 11-13 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Рес...
07/06/2024

🇰🇿🇰🇷 Корея президенті Қазақстанға келеді

Биыл 11-13 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр.

Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов 5 жылға шартты түрд...
07/06/2024

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықов 5 жылға шартты түрде сотталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

«Алматы қаласы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағаға салынған «Түркістан қаласы» Бутафор бекінісін заңсыз іске асыру жолымен мемлекетке залал келтіріп, жымқырғаны үшін сотталды», – делінген ақпаратта.

Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды.

07/06/2024

Қазақстан мектептерінде артық пән көп, оқушыларға шамадан тыс көп оқу міндеттелген. Бұл туралы сенатор Алтынбек Нухұлы айтты.

Депутаттық сауал премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолданды.

"Білім сапасы мықты елдер саналатын Жапония, Оңтүстік Корея, Финляндия және Канада сынды елдерде 7-8 сыныпта оқушылар нақты ғылымға қатысты 4-6 пән оқиды, ал Қазақстанда 15 пән. 9-сыныпта тіпті 16 пән оқытылады. Елімізде міндетті оқу пәндерінің саны 2,5 есе көп", - деді Алтынбек Нухұлы.

Қазақстандағы бизнестің қазақ тілін дамытуын қоғамның өзі реттеуі керек. Еліміздің ірі компанияларында болған қазақ тілі...
06/06/2024

Қазақстандағы бизнестің қазақ тілін дамытуын қоғамның өзі реттеуі керек. Еліміздің ірі компанияларында болған қазақ тіліне қатысты дауға қатысты сарапшы осындай пікір айтты.

Саяси коммуникациялар сарапшысы Қазақстанда репутация институттары жақсы дамымағанын айтады

Шетелдік телеарналардың ретрансляциясы азаяды
06/06/2024

Шетелдік телеарналардың ретрансляциясы азаяды

«Сұрауы бар» алаңында театр және кино актері, жазушы, драматург  Нартай Сауданбекұлы. Ол тағы бір кесек туындыны үлкен э...
06/06/2024

«Сұрауы бар» алаңында театр және кино актері, жазушы, драматург Нартай Сауданбекұлы. Ол тағы бір кесек туындыны үлкен экранға шығарды.

Кино неге «Қара жәшік» деп аталды? Қос қыздың өлімінің артында кім тұр? «Қара жәшіктен» бөлек Нартай Сауданбекұлына өнер, кино мен театр, руханиятқа қатысты сұрау салдық.

# қара жәшік #премьера #6 маусым #нартайсауданбекұлы Әр адамның ішінде ашылмаған қара жәшік бар. «Көк кит» өлім ойыны. Біз ақшаға құнығып, баламен сөй...

Үкімет құрамы 🇰🇿
06/06/2024

Үкімет құрамы 🇰🇿

05/06/2024

🗣Салықты ешкім төлегенді ұнатпайды, бірақ оны төлеу керек – Роман Скляр утильалым туралы

Бұл салық болмаса, экологияны жақсартуға бюджет қаржысы жұмсалуы мүмкін Қазақстанда утильалым салық саналады. Сондықтан оны төлеу керек.

💬Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр айтты.

Address

Улица Сыганак, 43
Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Halyq Uni ақпараттық порталы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Halyq Uni ақпараттық порталы:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Tselinograd

Show All