Нурлан Болатович Коптлеуов

Нурлан Болатович Коптлеуов " " мый орталығы, нейрондық жүйесінің, руханияты!

Ата заңымыз - мемлелекетіміздің негізгі құжаты ретінде, әрдайым тұғыры биік, жұртымызға құқықтық сауаттылық пен қарапайы...
30/08/2024

Ата заңымыз - мемлелекетіміздің негізгі құжаты ретінде, әрдайым тұғыры биік, жұртымызға құқықтық сауаттылық пен қарапайымдылық түсінігін үндеуші, әр бір азаматымыздың бай қуатты болуына жетелеуші жолсерігіміз болсын!

Түркі елдер жасылдарының кездесуі - Түркістанда өтпек!Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Азаматхан Сайлауұлының төр...
22/07/2024

Түркі елдер жасылдарының кездесуі - Түркістанда өтпек!

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Азаматхан Сайлауұлының төрағалығымен бүгінде ел ішінде ғана емес, алыс-жақын шет елдердің жасылдар партияларымен қарым-қатынас һәм тікелей байланыс орнатып, беделі мен мүмкіншілік аясын жарқын түрде кеңейтіп келеді.

Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауда, таза ауа, таза өмір сүру арқылы экологиялық сананы қалыптастырып, адам өмірінің саны емес, сапасына мән беруде жаһанның жанталасып жатқаны жасырын емес. Әлемнің әр түкпірінде ортақ мақсатпен осы бағытқа атсалысып жүрген жасылдар қозғалысы – ең алдымен экологиялық мәселелерге, әлеуметтік әділеттілікке және тұрақтылыққа бағытталған саяси партия. Жаңартылатын энергия көздеріне көшу және парниктік газдар шығарындыларын азайту, биоалуандылықты және экожүйені қорғау, суды сақтау, табиғаттың байлықтарын жауапкершілікпен тұтыну және экологиялық өмір салтын ұстануды насихаттап жүрген жасылдар алғаш рет 1970 жылдары Еуропада пайда болды. Айқын мақсатымен әлемге тез тарап кеткен қозғалыс бүгінгі күні 90-нан астам елде бар. Жасылдар бірқатар елдерде, соның ішінде, Германия, Франция, Австралия және Жаңа Зеландияда сайлау барысында жеңіс тұғырынан көріне білді.

Елдің экологиялық саясатын әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысып, адам өмірі мен денсаулығын басты құндылық санайтын, экологиялық жағдайды қоғамдық бақылауда ұстап келе жатқан «Байтақ» партиясының Қазақстанның барлық аймақтарында өкілдіктері бар.

Былтыр Қазақстанның «Байтақ» жасылдары партиясы Өзбекстанның экологиялық партиясымен Орта Азиядағы ауызсуды тиімді пайдалану бойынша келісімге қол қойған болатын. Келісім барысында су институтын құрған кезде кәсіби мамандармен қамтамасыз ету, Аралдың құрғаған табанын игеру, ортақ су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелерінде ықпалдаса отырып, бірге жұмыс істеу тілге тиек етілді.

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» дейді қазақ. Табиғат-анамен үндестікте өмір сүру, табиғи ресурстардың көзін сақтап, қоршаған айналаны қорғау ғаламшардағы әрбір адамның парызы десек, осы мақсатта бірігіп, күш салудан артық шешім жоқ. Ортақ мақсаттар арқылы ынтымақтастықты арттыруды көздеген Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев 21 шілде күні Қырғызстан мемлекетінің Чолпон-Ата қаласында Еркін Булекбаев төрағалық ететін «Қырғызстанның жасылдар партиясымен» ынтымақтастық келісімшартын жасады. Түрі басқа, тілегі бір қос мемлекеттің партиялары Орталық Азияның бірегей табиғатын бүгінгі балалар, болашақ ұрпақ үшін сақтауды, елдің тұрақты дамуы мен экологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету жолында Ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қоюмен шектелмей, алдағы жоспарлар жөнінде де талқылады. Қырғыздардың ұсынысы бойынша Түрік елдерінің алдағы жасылдар саммиті Түркістанда өткізілмек.

Айта кету керек, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы Корея, Жапония мемлекетінің жасылдар партиясымен тұрмыстық қатты қалдықтарды өңдеу, жасыл экономикаға көшу, энергетикалық қауіпсіздік бағытында меморандумға отыруды жоспарлап отыр. Одан бөлек Германия, Ұлыбритания, Щвеция, Данияның жасылдар партиясымен бірлескен жұмыстар атқарылуда. Көршілес Ресейдің жасылдар партиясы да ортақ мақсатта бірігіп іс-шараларды іске асыруға ұсыныс жасап отыр.

Уақыт - ғылым ба қазына ма?Өздеріңізге белгілі еліміз наурыз айынан бастап бір белдеулік уақыт өлшеміне көшкен еді. Қазі...
20/07/2024

Уақыт - ғылым ба қазына ма?

Өздеріңізге белгілі еліміз наурыз айынан бастап бір белдеулік уақыт өлшеміне көшкен еді. Қазіргі таңда қарсылық білдіріп отырған қоғам өкілдері петиция жариялап, қажетті қол жинады. Арнайы жұмыс тобы құрылып, мүдделі тараптар тыңдалды.

Бүгінде осы идеяның төңірегінен шыққан шешімнің жауапкершілігін көтеруге дайынмын деген: Болат Жолтайұлының сүйенері халықаралық ғалымдардың зерттеулері яғни, ғылыми жұмыстары.

Ал петиция авторлары қажетті қол жинауына себеп болуы бұл тақырыптың қоғам арасында өзекті мәселе екенін көрсетті!

Петицияны растап, қол қою - жалпы жұртшылыққа біршама қиындық әкелетінін білеміз, сол себепті “Бір белдеуге” уақытты көшіру маңызды тұрмыстық мәселеге айналды.

AqpenQara- сараптамалық алаңында әуелі қолданбалы хронобиология маманы Б. Нұрқожаевтың ғылыми дәлелін тыңдап, сараптауды жөн санадық. Өздеріңізге белгілі бірер жылға сараптамалық алаңымыздың жұмысы тоқтап, жақында «Baimedia» - медиа холдингінің жобалық бір бағыты ретінде қайта жұмысын жалғастыруда.

Біздерге қолдау білдіріп, төмендегі сілтемемен өтіп, пікірлеріңізді білдіріп, бөлісіп отыруға шақырамыз!

#Уақыт #белдеу #хронобиология #АқпенҚара

Өздеріңізге белгілі елімізде наурыз айынан бастап бір белдеулік уақыт өлшеміне көшкен еді. Қазіргі таңда қарсылық білдіріп отырған қоғам өкілдері петиция жар...

Жексенбідегі Жылойлықтармен жүздесу!Күні кеше Жылой ауданынан партия қолдаушылары келді. Құлсары қаласын су алу кезінде ...
08/07/2024

Жексенбідегі Жылойлықтармен жүздесу!

Күні кеше Жылой ауданынан партия қолдаушылары келді. Құлсары қаласын су алу кезінде белсенді әрекет етіп, тұрғындарға орасан қолдау көрсеткен, президентпен халық арасында телекөпір аясында өңірдің пікірін жеткізген, сол өңірдегі штаб жұмыстарын үйлестірген Дайрабай Елдесбаев ағамызбен кездесу болды.

Жылой ауданында БПҰ-ның жұмысын жетілдіру, аудандық филиалды құрудың Жарғыға сәйкес заңдастыру жолдарын ақылдасып, аудан аумағындағы ТШО-ның тұрғындар алдындағы әлеуметтік һәм экологиялық жауапкершілігіне байланысты сұрақтарды талқыладық.

Құлсарылық тұрғындардың берік қолдауын жеткізіп, қарғын судың салдарынан болған төтенше жағдай кезіндегі «Байтақ» партиясының дер кезінде әрі қомақты қолдауына аудан жұртшылығының алғысын жеткізіп, партия төрағасының атына ризашылықтарын айтты.

Өздеріңізге белгілі қарғын су кезінде партия төрағасының тікелей бақылауымен Құлсары өңіріне үш жүк көлігімен 297 млн теңге көлемінде азық-түлік, киім-кешек, көрпе-төсек және тұрмыстық техникалар жеткізілген болатын.

Сүйінші жаңалық:Каспи теңізі 7.4 млрд суға толып, 119см көтерілді;Балқаш көлі 3.3 млрд;Арал теңізінің солтүстік бөлігі 1...
01/07/2024

Сүйінші жаңалық:

Каспи теңізі 7.4 млрд суға толып, 119см көтерілді;

Балқаш көлі 3.3 млрд;

Арал теңізінің солтүстік бөлігі 1.2 млрд;
Биылғы жылдың жарты жылдығында өзен-көл мен теңізімізде су көлемі артуда!

Берекелі болсын деп тілейік!
t.me/baimedia
baimedia.kz

24/06/2024

А. Амиртаев: Арал теңізінің жағдайын жақсарту - «Байтақ» партиясының басты тақырыбы!

Партия тіркеліп ресми жұмыс басталғалы Арал мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Аралдың бүгінгі жағдайына назар аударып, су қорын көбейту мақсатында партия көшбасшысының өзі бастап екі мәрте Өзбекстан мемлекетіне іс-сапар ұйымдастырылып, ғалымдар мен нақты су мамандарын, Арал жанашырларының басын қосу арқылы биоалуандылықты арттыру және құрғаған Арал табанына жан бітірудің жолдары қарастырылды.

Еліміздің су ресурстарын сақтау, тиімді пайдалану және молайтуды қолға алу үшін, көрші мемлекеттердің тәжірибесінде бар арнайы ведомства құру ұсынысы да президентке жеткізіліп, мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқан еді.

Бүгін міне Арал жұртшылығы мен Арал жанашырлары үшін қуанышты, сүйінші хабар:

✅ 2024 жылдың басынан бастап Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келіп түсті. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрді құрайды.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға 997 млн текше метр су келіп түседі, ал ағын секундына 30 текше метрден кем болмайды деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су түседі. Бір жыл бұрын ағын секундына 6 текше метрді құраған.

#Байтақ

Қоқысты өңдеп, зауыт жасап, 1500 жұмыс орнын құрып, 90 млрд қаржы құятын фабрика іске қосылмақ!!!30 жыл бойы жер қойнауы...
20/06/2024

Қоқысты өңдеп, зауыт жасап, 1500 жұмыс орнын құрып, 90 млрд қаржы құятын фабрика іске қосылмақ!!!

30 жыл бойы жер қойнауын қазып, 100млрд қоқысты қалдырған “Ескі жүйенің” қалдығы бар. Ал «Байтақ» жасылдардың қолдауына ие болған “Қайта өңдеу” әдісімен жасайтын бұл зауыт, елімізде теңдесі жоқ кәсіпорын болмақ!

⚡️ Биылғы үкімет отырысында Мемлекет басшысы:

«БЕСІНШІ. Еліміздегі өндірістің дамуына тың серпін беру қажет. Баршаға түсінікті және тиімді индустрия саясатын жүргізу үшін былтыр жеке министрлік құрылды. Содан бері біраз уақыт өтті, енді жұмыстың нәтижесін көрсету керек.

Министрлік саланың даму бағдарын анықтап, инвесторларға жол көрсетуі керек. Озық технологияны қолданатын жаңа өндірістер ашу қажет. Алайда, нақты шаралар мен әдіс-тәсілдер дайын емес.
•••
«Инвесторларға, мысалы, 50 миллион доллардан көп қаржы салуға дайын ірі компанияларға «бір терезе» қағидасымен жан-жақты қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, жобалардың іске асырылуын қадағалайтын тиімді мониторинг жүйесін іске қосу керек.

Инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты кедергілер, әсіресе, аймақтарда жиі болып тұрады. Әкімдер инвестиция тартудың орнына ескі әдетке салып, бюджет қаражатына сеніп отырады. Ал, аймақтарға барып, жұмыс істегісі келетін инвестор көптеген тосқауылға тап болады. Жергілікті билік көп жағдайда ешқандай әрекет жасамайды не болмаса инвесторды әуре-сарсаңға салады. Соның кесірінен кәсіпкер жобасын кейінге шегереді немесе біржола тоқтатуға мәжбүр болады.
•••
Инвесторлар уақытын, қаражатын және жұмысқа деген құлшынысын жоғалтып, ақыры құрылысқа рұқсат беретін құжаттар көп талап етілмейтін елдерге кетіп қалады. Үкімет халықаралық тәжірибені негізге ала отырып, инвесторлар үшін жобалық-сметалық құжаттарды бекіту тәртібін барынша жеңілдету керек.

Сол себепті Мемлекет басшысының тапсырмасы орындалып, халықтың һәм еліміздің әл-ауқаты жақсаруы тиіс!

Бұл сұраққа «Баймедиа» журналистері Кентаудағы «ҚазОйлЭнерджи» ЖШС кәсіпорнында болды. Қысқаша тарихы:«ҚазОйлЭнерджи» ЖШС «Кентау байыту фабрикасын қайта жаң...

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл бо...
16/06/2024

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Баршаңызды ұлық мейрам – Құрбан айттың келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Айт қабыл болсын! Сіздерге амандық пен саулық, бірлік мен береке тілейміз.

Ұлық мейрамда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, көңілі жабырқаған жанға қуаныш сыйлау, мұқтаж адамға құрбандық етін таратып, сауап алу сынды ізгі амалдар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Айттан айтқа аман-есен жете берейік. Әмин!

16/06/2024

Медицина қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймыз

Жер бетіндегі ең ізгілікті болған екі мамандықтың бірі - медицина қызметкерлерінің мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Антына берік, еліне адал дәрігерлеріміз әрдайым құрмет төрінде. Сіздерге мың алғысымызды айтамыз!

Әкелер күнімен барша Әкелерді құттықтаймын!Әке үшін ең маңыздысы - ұрпағының арлы, білімді, саналы болуында! Ұрпақтарыңы...
16/06/2024

Әкелер күнімен барша Әкелерді құттықтаймын!

Әке үшін ең маңыздысы - ұрпағының арлы, білімді, саналы болуында!
Ұрпақтарыңызбен мың жасаңыздар!

«Байтақ» жасылдар партиясының құрылу тарихы мен жолы, алдағы жоспары жайлы еркін форматтағы Партия төрағасы Азаматхан Са...
24/05/2024

«Байтақ» жасылдар партиясының құрылу тарихы мен жолы, алдағы жоспары жайлы еркін форматтағы Партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлының сұқбаты!

BAIMEDIA медиа холдингінің YouTube арнасында - AQ pen QARA жобасы. Эфирде қоғамдағы өткір мәселелерді көтереді. Келген қонақтар, ел экономикасы, саясаты, эко...

12/05/2024

Елімізде алғаш аталып отырған «Аналар күні» құтты болсын! Қазақтың ана қадірін жеткізер бір сөзі бар: Анасы бар адамдар, ешқашан қартаймайды!
Аналарымыз бай-қуатты болсын!

Қандастардың оралуы - Ұлы көшке теңеле ме?Елдің ішінде баршаға аян урбанизациялық процестен бірнеше ауыл жоғалып, Ауылды...
05/05/2024

Қандастардың оралуы - Ұлы көшке теңеле ме?

Елдің ішінде баршаға аян урбанизациялық процестен бірнеше ауыл жоғалып, Ауылды қорғаймыз деп, атауын жамылған саяси ұйымдар сол ауыл үшін тыңғылықты іс жасамай жеке бастың мүддесі үшін агрокредитті ұрандатып жүр.

Ал қандастарды ұрандатқан саяси ұйымдар ше?
Олардың ішінде нақты азаматтарды ел біледі, қаншалықты жанашыр екенін…
Қош, бұлардың барлығы Мәжілісте отыр. Онда көші-қонымыз неге ойға қонымсыз?

Біз білетін тағы бір көш бар, ол Burahan Daqanov айтып жүрген теріскейге көш!!!
Алайда, негізгі көш ол қандастар көші! Бұл істе түрлі пікір бар. Барлығында бір саясат…
Әрине, ел ішінде түрлі ой болатыны анық, алайда мемлекеттік мүдде нақты болуы шарт.

Бір ақ қарапайым сұрақ: бізге өз қандастарымыз қажет па?
Мемлекеттік тұрғыда қажет! Онда не үшін нкқты қолға алып, мемлекеттік саясатты анықтаушы болып табылатын президент тапсырмасы орындалмауда?

•••

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы төрағасының тікелей бақылауымен бұл үлкен сұраққа жауап іздей бастадық. Партия есебінде біздер енді елімізге оралуға ниетті барша қандастарды нақты қолдауға бар күшімізді саламыз.
Біз, қаны мен отаны бір - Қазақпыз!!!
Көші-қон саясатын - Ұлы Көшке айналдырамыз!

BAIMEDIA медиа холдингінің YouTube арнасында жаңа бағдарлама - AQ pen QARA жобасы. Эфирде қоғамдағы өткір мәселелерді көтереді. Келген қонақтар, ел экономика...

Арал - әлемдік масштабтағы адам қолымен жасалған күрделі, экологиялық апат!
02/04/2024

Арал - әлемдік масштабтағы адам қолымен жасалған күрделі, экологиялық апат!

Соңғы 50 жылдан бері адамның жыртқыштығымен аңқасы кепкен Арал теңізінің қазіргі жайы кісі аярлықтай. Ең үлкен трагедия – Арал теңізінің екі жағынан белдікше қаус....

AQ pen Qara - ның кезекті шығарылымын көрдіңіз бе?Мемлекет пен президентке саботаж жасағысы келіп, халықты әуреге салған...
01/04/2024

AQ pen Qara - ның кезекті шығарылымын көрдіңіз бе?
Мемлекет пен президентке саботаж жасағысы келіп, халықты әуреге салған лауазым иелері - нақты жауапкершіліктеріне құқықтық баға берілуі тиіс пе?
•••

Қазіргі таңда су басқан өңірлер - тек қардың суы деп ойлайсыз ба?
Ресейдің өңірлерін су басып жатыр, Орынбор соның ең қиын жағдайда қалған өңір. Енді бұл жағдай Батыс Қазақстан өңіріне қандай қауіп әкелуі мүмкін?

BAIMEDIA медиа холдингінің YouTube арнасында жаңа бағдарлама - AQ pen QARA жобасы. Эфирде қоғамдағы өткір мәселелерді көтереді. Келген қонақтар, ел экономика...

Құрметті достар! Менің электронды поштама ұқсас поштадан хабарлама таратылып жатқан сияқты көрінеді. Бұл - жалған аккаун...
31/03/2024

Құрметті достар!

Менің электронды поштама ұқсас поштадан хабарлама таратылып жатқан сияқты көрінеді. Бұл - жалған аккаунт, спам хабарлама. Алаяқтар менің логиніме ұқсас жалған пошта тіркеп, вирус таратып жатыр. Сақ болыңыздар. Күмәнді хабарлама мен файлдарды ашпаңыздар.
•••
Уважаемые друзья!

Хочу предупредить всех, что сейчас идет спам-рассылка схоже моего почтового ящика. Это фейковый аккаунт!
Мошенники рассылают вирусы (трояны).
Просьба быть осторожнее, не открывать подозрительные сообщения и файлы.

Қазіргі жағдайдың нақты картасы!(На русском⏬️)2024 ЖЫЛҒЫ 30 НАУРЫЗ БЕН 5 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ АПТАЛЫҚ ГИДРОЛОГИЯЛЫ...
30/03/2024

Қазіргі жағдайдың нақты картасы!
(На русском⏬️)

2024 ЖЫЛҒЫ 30 НАУРЫЗ БЕН 5 СӘУІР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ КЕЗЕҢГЕ АПТАЛЫҚ ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ БОЛЖАМ

🌧️ Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 36 %-ды құрайды.

🌧️ Синоптикалық болжамға сәйкес, 30 наурыз - 5 сәуір аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Жауын-шашын басым жаңбыр түрінде күтіледі, тек аптаның басында республиканың басым бөлігінде түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ауысады. Қатты жауын-шашын 30 наурызда ҚР-ның оңтүстігінде (Түркістан облысы), 30-31 наурызда оңтүстік-шығысында (Алматы, Жетісу облыстары), 03 сәуірде шығысында (Абай, Шығыс Қазақстан облыстары) күтіледі. Аптаның ортасында республиканың батысында, аптаның соңында республиканың солтүстік жартысында және Абай облысында жауын-шашынның тоқтауы күтіледі.

🌧️ Аптаның басында ҚР басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуі болжанады: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында түнде 2-10 градус аязға дейін, күндіз 2 градус аяз – 5 градус жылыға дейін, содан кейін түнде 0-5 жылыға дейін, күндіз 12-20 градус жылыға дейін жоғарылайды, елдің оңтүстік және оңтүстік-шығысында түнде 5 градус аяз – 3 градус жылыға дейін, күндіз 5-15 градус жылыға дейін төмендейді, содан кейін түнде 0-8 градус жылыға дейін, күндіз 13-23 градус жылыға дейін жоғарылауы болжанады (3 қосымша).

🌧️ Гидрологиялық және метеорологиялық жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала хабардар ететін болады.
https://kazhydromet.kz/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz

🌨️🌨️🌨️

ЕЖЕНЕДЕЛЬНЫЙ ГИДРОЛОГИЧЕСКИЙ ПРОГНОЗ
НА ПЕРИОД С 30 МАРТА ПО 5 АПРЕЛЯ 2024 ГОДА

🌧️ Площадь территории Казахстана, покрытая снегом составляет 36%.

🌧️ Согласно синоптическому прогнозу 30 марта - 5 апреля 2024 года на большей части территории Казахстана сохраняется неустойчивый характер погоды. Осадки прогнозируются преимущественно в виде дождя, лишь в начале периода на большей части Казахстана в ночные часы дождь будет переходить в снег. Сильные осадки ожидаются 30 марта на юге страны (Туркестанская область), 30-31 марта на юго-востоке (Алматинская область и область Жетісу), 03 апреля на востоке страны (область Абай и Восточно-Казахстанская область). Прекращение осадков ожидается в первых числах апреля на западе страны, ближе к концу недели в северной половине республики и в области Абай.

🌧️ В начале недели на большей части Казахстана ожидается понижение температуры воздуха: на северо-западе, севере, востоке и в центре страны ночью до 2-10 мороза, днем до 2 мороза - 5 тепла, затем постепенное повышение ночью до 0-5 тепла, днем до 12-20 тепла, на юге и юго-востоке страны температура воздуха понизится ночью до 5 мороза - 3 тепла, днем до 5-15 тепла, затем прогнозируется повышение ночью до 0-8 тепла, днем до 13-23 тепла.

🌨️ В случае резких изменений гидрологических и метеорологических условий «Казгидромет» будет уведомлять штормовыми предупреждениями о рисках возникновения паводковых угроз заблаговременно.
https://kazhydromet.kz/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz

30/03/2024

✅«Байтақ» жасылдар партиясы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек беру мақсатында, Республикалық штаб жұмысын бастады.

🆘Екі үш күн бойы елді-мекендерді су алғаны туралы жайсыз хабарға елең еткен. «Байтақ» жасылдар партиясы су тасқындарынан зардап шеккен тұрғындармен кездесуді бастады.

Партия төрағасы Азаматхан Сайлауұлының тапсырмасымен Қостанай өңіріндегі жағдаймен танысып қайттым.
Қазіргі таңда Қостанай қаласы бойынша су алу қаупімен 110 шағым түскен. Оның 88 шағымы қазір судан тазартылды. Барлығы 111 техника жұмылдырылған. Тағы бір айта кететіні Қызылорда облыстық Қызылорда Облысы Тжд арнайы жасақ құрамын жіберген. Толығырақ видеода.

✅ «Байтақ» жасылдар партиясында құрылған штабты аппарат басшысы Бекберген Керей басқарады. «Байтақ» жасылдар партиясында шұғыл көмек көрсету мақсатында және тұрақты түрде байланыста болу үшін +7 747 649 1288 call centre арқылы штабы басшысына хабарласуға болады.

#БАЙТАҚ

Address

Tselinograd

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Нурлан Болатович Коптлеуов posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Нурлан Болатович Коптлеуов:

Videos

Share


Other Digital creator in Tselinograd

Show All