mmnews_kz

mmnews_kz Ақпараттық агенттік (Сапалы ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ақпарат)

Бюро национальной статистики опубликовало статистику за первый месяц этого года. Согласно этой статистике, за январь «пе...
12/03/2021

Бюро национальной статистики опубликовало статистику за первый месяц этого года. Согласно этой статистике, за январь «первичка» подорожала на три процента, «вторичка» - на пять. Как заработать в период такого ожиотажа и когда цены снизится? Расскажем все.

16/12/2020

Қазақстан тәуелсіздік күні мерекесіне орай Біріккен Араб Әмірлігі биіктігі 828 метрлік, 163 этаждан тұратын әлемдегі ең биік Бурдж-Халифа ғимаратында еліміз туының проекциясын көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, Дубай қаласында орналасқан бұл ғимарат байрағымыздың түсіне осымен екінші рет боялып отыр.

Республикалық маңызы бар жолдардағы жылдамдықты сағатына 120 шақырымға дейін азайту жөнінде ұсыныс берілді. Бұл жайында ...
14/12/2020

Республикалық маңызы бар жолдардағы жылдамдықты сағатына 120 шақырымға дейін азайту жөнінде ұсыныс берілді.

Бұл жайында "Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы" ШЖК РМК директоры Замир Сағынов “Atameken business” арнасындағы "Басты тақырып" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

Басшының айтуынша, бұған автобандарда жол-көлік апатының азаймаюы себеп. Мәселен, биылғы жылдың 9 айында "Астана-Щучинск" жолында белгіленген 140 шақырым/сағат жылдамдықты асырған 8280 көлік тіркеліпті.

13/12/2020

Желіде Каспий теңізіне қыстауға ұшып келген құстарды атып жатқандардың видеосы жарияланды.

Экология Министрлігінің баспасөз хатшысы Самал министлік өкілдерінің видеоны Ішкі істер департаментіне құстарды атқандарды анықтау мақсатында жібергенін айтты.

Аталған іске қатысы барлар анықталған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

"Қазақстан территориясы - Ресейдің үлкен сыйлығы,"-деп телебағдарламада пікір білдірген РФ Мемлекеттік Думасының депутат...
12/12/2020

"Қазақстан территориясы - Ресейдің үлкен сыйлығы,"-деп телебағдарламада пікір білдірген РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Никонов СССР сыртқы істер министрі Вячеслав Молотовтың немересі болып шықты.

Молотов миллиондаған адамның өмірін қиған "Риббентроп-Молотов келісіміне" қол қойған адам. Ол келісімге 1939 жылғы тамыз айының 23-нен 24-не қараған түнінде, Кремлде қол қойылған болатын.

Бұл келісімде Германия мен Кеңес Үкіметі Орталық Еуропада ықпал ету аймағын өзара бөлісу туралы құпия хаттама болған.

Осы келісімнің нәтижесінде:

- 17 қыркүйекте Қызыл әскер Польшаның шығыс бөлігіне басып кірді.

- Сталин қараша айында Финляндияға соғыс ашты. Себебі аталған келісім бойынша Финляндия Совет одағы ықпалына қарауы тиіс болатын.

- 1940 жылдың маусымында Балтық бойындағы 3 елде, Совет үкіметінің көмегімен, кремлшіл үкімет билікке келген еді.
Олар дереу КССРО құрамына қосылуды талап етісті.

- Совет армиясы румыниялық Бессарабия мен Солтүстік Буковинаны жаулап алды.

- Германия Польша елін өз қалауынша бөлу мүмкіндігіне ие болды.

Қажет болған жағдайда Польшаның одақтастарымен яғни Британия және Франциямен соғысу құқы туды.

Естеріңізге сала кетейік, осы келісімге қол қойылғаннан кейін 2 жылдан соң Екінші дүниежүзілік соғыс басталды.

12/12/2020

РФ Мемлекеттік Думасының депутаты Вячаслав Никоновтың телебағдарламада айтқан пікіріне қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі арнайы нота жолдады. Онда ресейлік кейбір саясаткерлердің осы тектес пікірлері екі ел арасындағы қарым-қатынасқа кері әсерін тигізеді делінген. Және болашақта ресейлік мемлекеттік қайраткерлері тарапынан осыған ұқсас пікірлердің айтылмауына қатысты шара қолданатынына сенім білдіретіндігі айтылған.

Елімізде 10 жыл сақталған эмбрионнан сәби дүниеге келдіБұл жайлы Денсаулық сақтау Министрлігінің ана мен бала денсаулығы...
12/12/2020

Елімізде 10 жыл сақталған эмбрионнан сәби дүниеге келді

Бұл жайлы Денсаулық сақтау Министрлігінің ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.

Бұл еліміздегі ең ұзақ сақталған эмбрион. Ұрықты сақтаудың бұл әдісін жасы келген әйелдер пайдаланады.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қолдан ұрықтандыру және ұрықты қатырып, болашаққа сақтап қою міндетті медициналық сақтандыру қызметтерінің ішіне кіреді. Яғни, бұл әдісті тегін тұтынуға болады.

Ақтөбе облысында Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл жайлы  хабарлады. Жоба табыст...
11/12/2020

Ақтөбе облысында Шығыс Өріктау кен орнында екі ұңғыма тәжірибелік пайдалануға берілді. Бұл жайлы хабарлады.

Жоба табысты жүзеге асырылған жағдайда жоспарлы өндіріс көлемі жылына 1,5 млрд текше метр газ бен 500 мың тонна мұнайды құрауы мүмкін. Кен орнындағы алынатын қордың көлемі шамамен 12 млн тонна мұнай және 40 млрд-тан астам текше метр газды құрайды.

Егер жобаның екінші кезеңі іске асса, онда Өріктау кен орнында 58 ұңғыма пайдаланылуы мүмкін.

Көлік салығына салынатын салық мерзімі биылғы жылдың 31-ші желтоқсанынан келесі жылдың 1-ші сәуіріне ауыстырылды.Заңға е...
11/12/2020

Көлік салығына салынатын салық мерзімі биылғы жылдың 31-ші желтоқсанынан келесі жылдың 1-ші сәуіріне ауыстырылды.

Заңға енгізілген өзгертулерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Көлік салығын төлеп үлгірмеген азаматтар үшін 2021 жылдың 1-ші сәуіріне дейін уақыт берілді.

Жеке тұлғаларға салынатын мүлік және жер салығы біріктірілді. Бұдан былай аталған екі салықты бөлек төлеу қажеттілігі б...
11/12/2020

Жеке тұлғаларға салынатын мүлік және жер салығы біріктірілді. Бұдан былай аталған екі салықты бөлек төлеу қажеттілігі болмайды.

Оған қоса, көппәтерлі тұрғын үй иелеріне салынып келген жер салығы бұдан былай салынбайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, мәселен, биылғы жылғы мүлік және көлік салығын төлеу мерзімі келесі жылдың 1-ші қазанына дейін белгелінген.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталатын жеке табыс салығын кейінге шегеру жөніндегі за...
11/12/2020

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев біржолғы зейнетақы төлемдерінен ұсталатын жеке табыс салығын кейінге шегеру жөніндегі заңға енгізілген түзетулерге қол қойды.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне қол жеткізген тұлғалардың барлық сомасы «Отбасы» банкіне аударылатын болады. Бұл сомадан салық ұсталмайды.

Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің коронавирус екпесінен бас тартты. Оған негізгі себеп препар...
10/12/2020

Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Ресейдің коронавирус екпесінен бас тартты. Оған негізгі себеп препарат зертхананалық тексерулерден және қажетті сынамалардан толық толық өтпеген.

Бүгінде Түркия Қытайдың CORONOVAS аталатын екпесін алуды қарастырып жатыр. Министрдің айтуынша, Түркия бұл препатты көп көлемде өндіруі мүмкін.

Ал, Қазақстан ресейлік екпе сатып алуды жоспарлап отыр. Ресейлік екпені жаппай салу 2021 жылдың қаңтар айынан басталуы мүмкін. Тіпті, ресейдік екпені өндіретін зауыт салу туралы да жоспарлар қарастырылған.

Банктер 9 айда 600 миллиард теңге табыс тапты!Бұл жайлы депудат Айқын Қоңыров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл банктердің Қ...
09/12/2020

Банктер 9 айда 600 миллиард теңге табыс тапты!

Бұл жайлы депудат Айқын Қоңыров мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл банктердің Қазақстан нарығынан тапқан таза табысы. "Халықтың басым бөлігі несие қарыздарын төлей алмай отырғанын ескерсек, бұл қаржыдан банктер мемлекетке бөліп беруі тиіс,"-деді ол. Депудаттың ойынша, мемлекет банк ісіне барынша көбірек араласуы тиіс.

Зейнетақы жарнасын алу үшін не істеу қажет?1. "Отбасы" банкіне (қазіргі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) онлайн өтінім бер...
09/12/2020

Зейнетақы жарнасын алу үшін не істеу қажет?
1. "Отбасы" банкіне (қазіргі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі) онлайн өтінім бересіз.
2. Банк өзі сіздің Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорында қанша көлемде қаржыңыз жатқаны жөгінде ақпарат алады.(сіздің қатысуынсыз)
3. "Отбасы" банкі Сіздің атыңызға есеп шот ашады. (сіздің қатысуынсыз)
4. Зейнетақы қорындағы қаржы сол есеп шотқа түседі. (Сіздің қолыңызға берілмейді)
5. Сол ақшаға "Отбасы" банкі арқылы үй ала аласыз.

Зейнетақы жарнасын алу үшін өтініш 5 қаңтардан бастап қабылданады.

2021 жылдың 5-ші қаңтарынан бастап зейнетақы жарнасын мына мақсаттарға алуға болады:1. Пәтер сатып алу үшін (баспанасы ж...
09/12/2020

2021 жылдың 5-ші қаңтарынан бастап зейнетақы жарнасын мына мақсаттарға алуға болады:
1. Пәтер сатып алу үшін (баспанасы жоқ азаматтар үшін);
2. Бұрыннан бар ипотекаңызды толық жабу үшін;
3. Егер пәтеріңіз не ипотекаңызды өзіңіз қиналмай өтеп жатсаңыз, екінші пәтер алу үшін;
4. Емделу үшін;
5. Инвестициялық қорға аудару үшін

Зейнетақы жарнасынан салықтық немесе алимент сынды басқа қарыз ұсталмайды.

Address

Конаева 4
Tselinograd
000001

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when mmnews_kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

Share


Other Digital creator in Tselinograd

Show All

You may also like