Сарыарқа самалы

Сарыарқа самалы Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газетінің ресми парақшасы
(12)

Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газеті

1929 жылдың 15 ақпанында «Кеңес туының» (қазіргі «Сарыарқа самалы») алғашқы нөмірі жарық көрді. 1930 жылдың 14 ақпанынан бастап басылым атауы «Колхоз» деп өзгертілсе, оның мұрагері «Қызыл ту» газеті 1938 жылғы 14 сәуірден бастап шығарылған.
1958 жылдың 11 наурызында басылымның 5 000-шы мерейтойлық нөмірі жарық көрсе, араға 26 жыл салып, 1984 жылғы 7

наурызда 10 000-шы нөмірі басылды.

Басылым өзінің 50 жылдық мерейтойына орай, 1979 жылы облыс экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды.
1991 жылдың 26 қыркүйегінен бастап «Сарыарқа самалы» деген атпен жарық көруде.
2000 жылы үнпарақ Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды.
2014 жылы Қазақстан Журналистер академиясы тағайындайтын «Алтын Жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығына ие болды.
2013 жылдың мамыр айынан алғашқы және соңғы беттері түрлі-түсті болып басылады.
Басылымның интернет бетінде өз дербес сайты (saryarka-samaly.kz) бар.

Басылымның тұңғыш редакторы – Бейсенбай Кенжебаев. Жаңадан пайда болған ұлттық баспасөздің қалыптасуына Кәрім Әжібеков, Әмірғали Ермағамбетов, Әубәкір Аяпбергенов, Балтабек Асанов, Жұмат Досқараев, Әбілқайыр Баймолдин, ағайынды Сағынбай, Зейін Шашкиндер, Зікірия Абдуллин, Сұлтан Лепесов сияқты жерлес қаламгерлеріміз зор үлесін қосады.
Б.Кенжебаевтан кейін газетке әр жылдары Ғалым Малдыбаев, Хамза Сыздықов, Әзілхан Нұршайықов, Омарғали Құдышев, Сұбыхан Шошанов, Балтабай Сейсенбеков, Әлқожа Мұхамеджанов, Мұхит Омаров, Асыл Әбішев редакторлық етті.
Қазіргі бас редакторы Нұрбол Жайықбаев. Басылым "Ертіс медиа" ЖШС-нің құрамында.

"Біз, 2000 жылдары редакция қызметкерлері қатарына қосылған жастар, Төлеубек Қоңыр ағаның зейнетке шығу мерзіміне сәйкес...
16/01/2024

"Біз, 2000 жылдары редакция қызметкерлері қатарына қосылған жастар, Төлеубек Қоңыр ағаның зейнетке шығу мерзіміне сәйкес келдік. Десе де, оның туған редакциясымен байланысы өмірден өткенінше жалғасты. Ол әрдайым осындағы жас буынды еркелетіп, маңдайынан құшырлана иіскейтін. Мұндай қасиетті кейін біз ешкімнен көрген емеспіз".

«Сарыарқа самалы» газетінің ардагері Төлеубек Қоңырдың туғанына – 85 жыл Төлеубек Қоңыр. Ертістің Павлодар өңірінде осы журналистің есімін білмейтін алдыңғы толқ...

Ertis Promenade сахнасында «HALYQ RADIOSY»-ның  85 жылдығына орай ұйымдастырылған «HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық ф...
26/05/2023

Ertis Promenade сахнасында «HALYQ RADIOSY»-ның 85 жылдығына орай ұйымдастырылған «HALYQ DAUYSY» халықаралық музыкалық фестивалі өз мәресіне жетті. Ертіс жағасындағы музыкалық кешті тамашалауға жиналған қала тұрғындары мен қонақтарының қарасы көп болды.

Кештің шымылдығын музыкалық фестивалдің 4 финалисті ашты. Әрқайсысы байқауда жеңіске жетелеген әндерін орындап, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Жалпы, «HALYQ DAUYSY" байқауында 120-дан астам қатысушы бақ сынаған болатын. Олардың қатарынан 22 қатысушы алғашқы сыннан сүрінбей, финалист атанды.

Қазылар алқасының шешімімен 16 жасқа дейінге қатысушылар арасында озық өнерімен ерекшеленген павлодарлық Медина Күмісбек «HALYQ RADIOSY»  ұсынған арнайы сыйлық пен 500 000 теңгелік сыйақыға ие болды. 16 жастан жоғары үміткерлер арасында жерлесіміз Дания Қабидоллаға дәл осындай жүлде табысталып, сый-сияпат жасалды.

16 жасқа дейінгі үміткерлер қатарында Алматы қаласынан келген Мағжан Өмірбековтің таланты жоғары бағаланып, "HALYQ DAUYSY" аталымына лайық деп таңдалды. Жеңімпазға 1 млн теңге табыс етілді.

16 жастан асқан қатысушылардың арасынан Өскемен қаласының тұрғыны Қарақат Ғабдуллина топ жарды. Ол да 1 млн теңгенің иегері атанды.

Әуезді ән мен биге толы кеште жергілікті өнерпаздармен қатар отандық эстрада өкілдері - Мирас Жүгінісов, Yenlik белгілі әндерін жиналған жұртшылықпен бірге шырқап, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Ал белгілі шоумен Данияр Жұмаділов кеш тізгінін ұстап, кештің көркін қыздырды.

Шара соңында «HALYQ RADIOSY»-ның әнұраны орындалды.

Ел чемпионатының 15-туры аясында жергілікті «Ақсу» азулы «Астананы» қабылдап, 0:1 есебімен есе жіберді. Десе де,«тағы да...
24/05/2023

Ел чемпионатының 15-туры аясында жергілікті «Ақсу» азулы «Астананы» қабылдап, 0:1 есебімен есе жіберді. Десе де,«тағы да жеңілді» деп күйінуге болмас. Жерлестеріміз еурокубоктарда ойқастап жүрген даңқты астаналықтарға лайықты қарсылас атана білді.«Ақсу» үшін тең есептің өзі жеңіске пара-пар еді. Өкінішке қарай, жетпіс минут бойы қорғаныста сауатты ойнаған ақсулықтар Тимур Досмағамбетовтен көз жазып қалды. Осылайша, кездесу тағдырын жалғыз доп шешіп,«Астана» үш ұпай олжалады.Соңғы уақытта жеңілістен көз ашпаған «Ақсудың» бірінші лигаға түсіп қалу қаупі жоқ емес. Жеңіс алда деп сенейік! Кездесуге дейін Mona Songz лақап есімімен танылған әнші Манарбек Жұматай жанкүйерлерге әнмен жігер сыйлағанын атап өткен жөн.
Фото:

Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясын...
22/05/2023

Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына жұмыс сапары барысында Жамбыл ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалармен танысты. 1985 жылы пайдалануға берілгенген нысан тоқырау кезінде он жылдан астам уақыт бос тұрған. 2007 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген соң қайта ашылды. Қазір мұнда вокал, би, театр үйірмелері және ауылдық кітапхана бар.

Биыл Жамбыл ауылдық мәдениет үйінің күрделі жөндеуіне 100 млн 707 мың теңгеден астам қаржы бөлінген. Қазіргі уақытта «Иман» ЖШС мәдениет үйінің терезелерін ауыстыру, ішкі әрлеу және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізуде. 15 мамырда басталған жөндеу жұмыстары 30 тамызда аяқталады деп күтілуде.

Сонымен қатар, Жамбыл орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына 271,9 млн теңге бөлінген. Мердігер ұйым – «ГрандСтройСервис» ЖШС мектептің сыртқы қоршауын, жылыту батареяларын бөлшектеу жұмыстарын қолға алды.

Ал Ямышев ауылдық округінің Қызылқоғам ауылында «Life story Invest» ЖШC ұзындығы 6470 шақырым болатын су құбырын тартуда. Жобаға 337 млн 294 мың теңге бөлінген. Бұл жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аққулы ауданына жұмыс сапарын қорытындылаған облыс әкімі Асайын Байханов мердігерлерге қолға алған жобларын уақытылы аяқтау қажеттігін ескертті.

Бүгін облысымызда шыбын-шіркеймен күрестің кезекті кезеңі басталды. Аққулы ауданынан Ертіс өзенінің арнасына жәндіктерді...
22/05/2023

Бүгін облысымызда шыбын
-шіркеймен күрестің кезекті кезеңі басталды. Аққулы ауданынан Ертіс өзенінің арнасына жәндіктердің дернәсілдерін жоюға арналған биологиялық препараттың бірінші партиясы – 34 000 литр биопрепарат жіберілді. Облыс әкімі Асайын Байханов Аққулы ауданына жұмыс сапары барысында Бесқарағай ауылы тұсында жүргізілген өңдеу жұмыстары барысымен танысты.

Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, қазір шыбын-шіркей дернәсілдерінің даму процесі жүріп жатыр. Өткен жылы олардың саны бір шаршы дециметрге 1100 болса, биыл – 800. Оны одан әрі азайту үшін Ертіс өзеніне биологиялық препарат құйылады.

- Өңдеу жұмыстарын бақылауда ұстау керек. Мердігерлермен келісімшарттың ерекшелігі – өңдеу жұмыстарының тиімділігі ғылыми түрде дәлелденгеннен кейін ғана ақысы төленеді. Шыбын-шіркейдің азайғанын немесе көбейгенін бағалаушы негізгі барометр – тұрғындар, - деді Асайын Байханов. baikhan
zhaiykbayev .a.balgabaev

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады – Бокстан әлем чемпионатының финалд...
14/05/2023

Мемлекет басшысы бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатының жеңімпаздарын құттықтады

– Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын! 
Қазақтың төрт жігіті – әлем чемпионы! – деп жазылған Президенттің Twitter-дегі құттықтауында.

t.me/aqorda_resmi

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырмаберген болатын. Бұл ретте, биыл елімізде хал...
11/05/2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту жөнінде нақты тапсырма
берген болатын. Бұл ретте, биыл елімізде халықтың табысын арттыруды көздеген «Ауыл
аманаты» жобасы жүзеге асырыла бастады. Атауы айтып тұрғандай, ауылды гүлдендіру – ел басқарған азаматтарға аманат. Себебі, ауылдың дамуы – елдің дамуы!

«Ауыл аманаты» жобасының
негізгі мақсаты — ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін жан-жақты
қолдау, ауыл тұрғындарын агро-
бизнеске барынша тарту, азық-түлік қауіпсіздігі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға байланысты мәселелерді шешу. Жобаны іске асыруда бірінші кезекте жеке қосалқы шаруашылықтарды
кооперативтер негізінде дамытуға
басымдық беріліп отыр. Несиелендіру 6 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Олар: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы, балық шаруашылығы, ауыл шаруашылығы кооперативтерді жабдықтау және тұрғындардың өз кәсібін ашу. Жоба аясында шаруалар өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы несие рәсімдейді; лизингке ауыл шаруашылығы техникасын
ала алады, ал техника құнының
50%-ын мемлекет субсидиялайды;
сервистік-өткізу кооперативтерін
құра алады және тағы басқа
жеңілдіктер қарастырылған.

Бағдарламаға сәйкес, алдағы
жеті жылда ауыл тұрғындарының
табысын арттыру үшін 1 трлн
теңге бөлу көзделген. Бұл қаражат
ауыл шаруашылығы саласында
350 мыңнан астам сапалы жұмыс
орнын ашуға мүмкіндік береді.
Парламенттің VIII шақырылымдағы алғашқы сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы ауыл тұрғындарына 5-7 жылға жылдық
өсімі 2,5 пайыз болатын шағын
несие берілетінін мәлімдеген
болатын. Бастысы – қаражаттың
мақсатты игерілуі.

📍Жалғасы ⬇️

Облыс әкімі Асайын Байханов Ұлы Жеңіс күнімен  соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, облыс тұрғындарын құттықтады.   ...
09/05/2023

Облыс әкімі Асайын Байханов Ұлы Жеңіс күнімен соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін, облыс тұрғындарын құттықтады.

- Сіздерді Ұлы Жеңістің 78 жылдығымен құттықтаймын! Әрқайсымыз үшін бұл - қаһармандықтың, мызғымас рух пен әскери даңқты дәріптейтін ерекше мерекелердің бірі.

Павлодарлықтар Ұлы Отан соғысының барлық ірі шайқастарына қатысты. Олардың 10 мыңнан астамы жауынгерлік наградалармен марапатталды. Облысымыздың 23 тұрғыны Кеңес Одағының Батыры атағын алса, 8 адам Даңқ орденінің толық кавалері атанды.

Қанша жыл өтсе де, біз жеңіс үшін күресіп, жеңіс жолында еңбек еткен даңқты ардагерлеріміздің есімін ұмытпаймыз. Бүгінде біз әкелеріміз бен аталарымызды ұлықтап, көзі тірі ардақты ардагерлерімізге қамқор болудамыз, - деді аймақ басшысы.

Қазіргі таңда Павлодар облысында тек 12 майдангер қалды.

Бейбіт өмір сыйлап, ерен ерліктері мен қайтпас қайсарлықтары үшін ардақты ардагерлерімізге шексіз алғыс айтамыз!

Ерлікке – тағзым!Бүгін Жеңіс күні мерекесіне орай облыс орталығындағы Даңқ монументінің жанына мыңдаған жерлесіміз жинал...
09/05/2023

Ерлікке – тағзым!
Бүгін Жеңіс күні мерекесіне орай облыс орталығындағы Даңқ монументінің жанына мыңдаған жерлесіміз жиналып, дүниені дүр сілкіндірген сұрапыл соғыста ерлікпен қаза тапқан ержүрек жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
«Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс» деген атаумен ұйымдастырылған осынау ізгі шараға облыс әкімі Асайын Байханов, басқарма басшылары, зиялы қауым, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, әскери қызметшілер мен құқық қорғау саласының қызметкерлері қатысып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.
Тарихта ізі, жүректе сызы қалған қан майданда Отан үшін отқа түскен ержүрек жауынгерлердің ерлігін ұрпақтары ешқашан ұмытпайтынын айтады. Солардың бірі, қала тұрғыны Төлеген Сейітханов:
- Әкем – Ұлы Отан соғысының қатысушысы. Ол соғыс жылдарында Сталинградтан Берлинге дейін барып, елін-жерін жаудан азат ету үшін үлкен ерлік жасаған адам. Жастайынан жетім қалып, балалар үйінде өседі. Кейін майдан даласында Жеңіс үшін жан аямай соғысады. Оның бұл жанкешті ерлігін біз ешқашан ұмытпаймыз. Жыл сайын мереке қарсаңында әкемнің және майдандас достарының рухына тағзым етіп, Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қоямыз. Олар ешқашан ұмытылмауы тиіс, - дейді. Ал Сапар Шабамбаев есімді ақсақал майдан даласынан оралмаған ағасын еске алып келген айтады.
- Ағам Қабылды Шаймардан соғысқа аттанып, кейін елге оралмады. Ол кезде мен кішкентай бала едім. Майданнан қара қағаз келгені еміс-еміс есімде. Отан үшін жанын қиған ерлердің ерлігіне тағзым етемін. Ендігі бар тілегім – соғыс болмасын, ұрпағымыз бейбіт өмір сүрсін! Еліміз аман, іргеміз берік болсын!, - дейді ол.

Бүгін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиын...
05/05/2023

Бүгін Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында облыс әкімі Асайын Байханов сөз алып, барша ер азаматтарды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, азат елдің айбыны - Қорғаныс күштерінің маңыздылығын атап өтті.

- Отан қорғау – перзенттік парыз, мәртебелі міндет. Елімізде Отан қорғаушылар мерекесі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында атап өтілетіні бекер емес. Себебі, бұл күн – ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісі болған, отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлер алдында тағзым ететін күн. Еліміздің тыныштығы мен жеріміздің тұтастығын сақтау жолында қалтқысыз қызмет етіп жүрген ержүрек жауынгерлеріміздің еңбегі ерен. Халқымыз қашан да антына адал, сертіне берік перзенттерін қадір тұтады, үлгі етеді, - деді аймақ басшысы.

Мерекенің мәні айрықша айшықталған салтанатты жиында облыс әкімі құқық қорғау саласында еңбек етіп, патриоттық тәрбие ісіне белсене атсалысқан және облыстың дамуына өз үлесін қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады. Тәуелсіздігіміз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетіп, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны артып, азат елдің көгінде қырандай қалықтаған Отан қорғаушылардың еңсесін биіктетер салтанатты жиын әдемі концерттік бағдарламаға ұласты.

Тағылымды кеште жастарды отансүйгіштікке, ерлікке баулитын патриоттық сарындағы әндер шырқалып, тамылжыған күйлер орындалды. Иса Байзақов атындағы облыстық филармония әртістері, Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының актерлері және Оқушылар сарайының «Тұмар» вокалдық ансамблінің шығармашылық ұжымы қала қонақтары мен тұрғындарын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады. Сондай-ақ, сахна төрінде елімізге танымал эстрада әншісі Қуандық Рахым ән салып, тың туындыларын көпшілікке паш етті. Көрермен әскери-патриоттық әндерді, соғыс жылдарындағы әуендерді, театр және би қойылымдарын жылы қабылдады.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.
Суреттерді түсірген – Есенжол Исабек.

«Баянтау» спорт сарайында қазақ күресінен «Павлодар барысы» турнирі өтті. Финалда баянауылдық Мұхтар Дәлелханұлы мен ақс...
01/05/2023

«Баянтау» спорт сарайында қазақ күресінен «Павлодар барысы» турнирі өтті. Финалда баянауылдық Мұхтар Дәлелханұлы мен ақсулық Бағұстар Әміре белдесті. Тартысты өткен белдесуде Мұхтар жеңіске жетіп,«Павлодар барысы» атанды. Енді қос мықты республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде облыс намысын қорғайды.

Ал үшінші орын үшін болған белдесуде Павлодар қаласының намысын қорғаған Еркебұлан Егінбай екібастұздық Наиль Сайботаловты жеңді.

Жалпы, турнирге қала-аудандардан 24 балуан қатысты. Бірінші орын иегеріне 500 мың теңге және алтын белдік табысталды. Екінші орынға 300 мың теңге, үшінші орынға 200 мың теңге берілді.

Оралхан Қожанов
Фото: Есенжол Исабек

Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайының алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай думанды мереке өтті. Б...
01/05/2023

Бүгін Естай атындағы мәдениет сарайының алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай думанды мереке өтті. Бұл күні облыс бойынша 320-ға жуық шара ұйымдастырылды.

Облыс орталығында өткен салтанатты шараға аймақ басшысы Асайын Байханов қатысып, жұртшылықты аталмыш мерекемен құттықтады.
- Баршаңызды Бірлік күнімен құттықтаймын. Бірлік бар жерде береке де, дәулет те, ынтымақ та болады. Сондықтан бірлігіміз әрқашан бекем болсын! – деді облыс әкімі.

Мерекелік шаралар «Бірлік» гүл панносы, балалар алаңы, битбоксы бар жастар алаңы, мобилография және домбырада ойнау бойынша шеберлік сыныптары, мемлекеттік тілді насихаттау алаңы, көрме және спорт аймақтарына бөлінді. Сонымен қатар, мерекеде қала тұрғындарына керамика бойынша шеберлік сағаттары ұсынылып, монеталар соғылды. Ал суретшілер экспресс портреттер салды.

Отандық эстрада әншісі Алина Герц және жергілікті өнерпаздар жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Сондай-ақ, облыстың барлық қала, аудан, ауылдарында мереке жоғары деңгейде өткізіліп, түрлі спорт сайыстары, флешмоб ұйымдастырылды.

Айдана БОРАНБАЕВА.
Фото: Есенжол Исабек.

«Ақсу» ел кубогындағы жорығын аяқтады. 1/8 финалдың қарымта кездесуінде «Тобылды» 2-1 есебімен жеңгенімен, қос кездесуді...
30/04/2023

«Ақсу» ел кубогындағы жорығын аяқтады. 1/8 финалдың қарымта кездесуінде «Тобылды» 2-1 есебімен жеңгенімен, қос кездесудің нәтижесінде қостанайлықтар жеңімпаз атанды. Естеріңізге салсақ, алғашқы кездесуде «Тобыл» 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Павлодардағы кездесуге «Тобыл» көбіне екінші құрамның ойыншыларын шығарды. Содан болар, ақсулықтар бір төбе жоғары тұрғандай көрінді. Жиі шабуылдады. Таблодағы есеп те соның айғағы. Кездесуде Мирас Тұрлыбек дубльдің авторы атанды. Ал қонақтар сапынан Жасұлан Жұмашев мергендігімен танылды.

Енді «Ақсу» бар күшін чемпионаттағы ойындарға жұмсайды. Айтпақшы, бұған дейін бапкерлік құрам өз еркімен орындарын босатып, әзірге Ойрат Сәдуов бас бапкердің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Оралхан Қожанов
Фото: Есенжол Исабек

Павлодар облысында ауқымды сенбілік өттіЖалпы облыстық көктемгі сенбілік таңертеңнен басталды. Тазалық марафонына көпқаб...
29/04/2023

Павлодар облысында ауқымды сенбілік өтті

Жалпы облыстық көктемгі сенбілік таңертеңнен басталды. Тазалық марафонына көпқабатты және жеке үйлердің мыңдаған тұрғындары, ПИК және бизнес өкілдері қосылды. Оған жастармен, еріктілермен, депутаттармен және мемлекеттік мекемелердің ұжымдарымен бірге облыс әкімі Асайын Байханов қатысты.

Өңір басшысы Металлургтер саябағына ағаш отырғызуға қатысты, мұнда қала билігі облыс орталығын көгалдандыру жоспарын таныстырды. Қала әкімі болған кезінде Асайын Байханов көгалдандыру тәсілін айтарлықтай өзгерткен еді. Егер бұрын Павлодарда жылына 1000-ға дейін ағаш отырғызылса, 2021 жылы бұл көрсеткіш 20 000 түп ағашты құрады. Биыл облыс орталығында отырғызылатын жаңа көшеттердің саны 27 мыңға дейін жеткізіледі. Жасыл белдеу әуежайды, Павлодар ауылын, ПМХЗ аумағын қамтиды және Жастар шағын ауданына дейін созылады, бұл ретте оның едәуір бөлігін жапырақты ағаштар құрайды.

Өңір басшысы жаңа көшеттерді отырғызып қана қоймай, олардың өмір сүру деңгейі мен суару сапасын мұқият қадағалап, қала саябақтарында автоматты суаруды енгізуді жалғастыруды тапсырды. Бүгінгі таңда мұндай жүйе 4 саябақта бар, жақын арада тағы екі автоматты суару жүйесі іске қосылады.

Сенбіліктер көпқабатты тұрғын үйлердің көптеген аулаларында өтті. Ломов көшесі, 181/1 үйінің тұрғындары да үндеуге қолдау білдірді, оларға көмек ретінде спорт қауымдастығы да қосылды. Тазалық марафонына қатысу нағыз аула мерекесіне айналды, онда тұрғындар дастархан жайып, палау дайындады.

Облыстық сенбілікке облыстың барлық қалалары мен аудандарының тұрғындары қатысып, ешкім шетте қалмады. Бірлескен күш-жігердің арқасында мыңдаған ағаштар мен бұталар отырғызылды, үй ішіндегі аумақтар тазартылды, сондай-ақ, саябақтарды ретке келтіре отырып, ескерткіш орындарына назар аударылды.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

АЙТПАСА, СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІБіз Жеңіс күнін қарсы аламыз!Орыс ұлтының өкілі ретінде айтарым, біздің елімізге қарата тілің...
27/04/2023

АЙТПАСА, СӨЗДІҢ АТАСЫ ӨЛЕДІ

Біз Жеңіс күнін қарсы аламыз!

Орыс ұлтының өкілі ретінде айтарым, біздің елімізге қарата тіліңізді беземеңіз. Сізді Қазақстанда біреу ренжітті ме? Білмеймін, менің отбасым Қазақстанда 100 жылдан астам уақыт бойы тұрады. Біз қазақтармен біте қайнасып кеткенбіз. Қазақ - дос, өзімнің тәжірибемнен айтайын, ол - мәңгілік және айнымас дос! Нағыз дос! Біз барлық мерекені бірге тойлаймыз және оған рахаттанамыз!
Қазақтар қалай соғысты? Компьютерді ашып қараңыз, қаншама Кеңес одағының батыры шыққан? Басқа да жауынгерлік жоғары атақ-даңқ алғандар қаншама? Сіз олардың барлығын қазақтар ұмытты дейсіз бе?
Жоқ, ешқашан бұлай болмайды! Қазақтар - өткенін ұмытпайтын, керісінше, ерлікті ұлықтайтын халық!
Сіздің сараңдыққа салынып, Жеңіс шеруінен ақша үнемдеді деген пікіріңіз – өз арыңыздың алдында есеп беретін айыптау сөздер. Біздегі бірлік аспанына сіз қызғанып қарай беріңіз.
Ал Жеңіс күнін біз қарсы аламыз! Әдемі, лайықты, Қазақ-станда қалыптасқан мәртебемен! Сіз болмайсыз, бірақ!

Владимир ГЕГЕР,
журналист,
Павлодар қаласының
тұрғыны.

Гидравликалық сынақтар басталады Өңір басшысы Асайын Байханов биыл облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстардың негіз...
22/04/2023

Гидравликалық сынақтар басталады

Өңір басшысы Асайын Байханов биыл облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары бойынша жиналыс өткізді.

Биылғы жылы облыс орталығында 9 магистральдық көше мен 55 жеке сектордағы топырақ жамылғысы бар көшелерді жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2023-2024 жылдарға арналған Лермонтов, Кривенко, Қайырбаев, Торайғыров көшелерін жөндеу жобалары әзірленуде. Бұдан бөлек, 2024 жылы КазПравда- Ағайынды Дүйсембиновтер көшелерінен Жібек жолы көшесіне дейін (3,8 км) және Ломов көшесінен Казправда-Жібек жолы (1,9 км) көшелеріндегі автожолға дейінгі учаскелерде жаңа автомобиль жолын салу жоспарлануда.

27-сәуірден бастап қалада ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 жылу желілерінде кезең-кезеңімен сынақ жұмыстарын жүргізу басталады, содан кейін ақаулар анықталған жерлерде желілерді жөндеу жүргізіледі. Коммуналдық қызмет кәсіпорындарына ыстық суды сөндіру мерзімін 15-маусымға дейін қысқарту міндеті қойылды.

Жалғасы - комментарийде
⏬️⏬️⏬️

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі
Суреттерді түсірген Әлібек Жиенәлинов.

Бүгін ардагер ұстаз, «Ел анасы» атағының иегері Бақытжамал Максилова 75 жасқа толып отыр. Осыған орай Достық үйінде мере...
14/04/2023

Бүгін ардагер ұстаз, «Ел анасы» атағының иегері Бақытжамал Максилова 75 жасқа толып отыр. Осыған орай Достық үйінде мерекелік шара өтті. Кешке қатысқан туыстары, әріптестері және аймақтың зиялы қауым өкілдері мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Айзада Құрманова Бақытжамал Шаханқызының өңіріміздің білім саласына елеулі үлес қосқанын атап өтті.

- Бақытжамал Шаханқызы 40 жылдан аса білім беру саласында табанды еңбек етті. Ол әр тәрбиеленушісіне жақын болып, дұрыс бағыт-бағдар көрсете білді. Педагогикалық және басқарушылық ұзақ жылғы қызметінде өзін мақсат қоя білетін, заманауи ойлау қабілеті бар жетекші ретінде көрсете білді. Ұрпақ тәрбиесіне де көп көңіл бөлетін ардагер ұстаз жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетіп, түрлі шаралар өткізді, - дейді ол.

Салтанатты шара жергілікті өнерпаздардың қатысуымен өткен концертке ұласты.

Айдана Боранбаева.
Фото: Есенжол Исабек

t.me/saryarqa_samaly

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баянда...
04/04/2023

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.

Соңғы 5 жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды - 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін), - деп хабарлады Болат Ақшолақов.

Сурет: inbusiness.kz

«Ертіс Медиа» ЖШС ұжымы басшысының кезекті кездесуінде жемқорлықтың әртүрлі көріністерімен күресудің негізгі бағыттары т...
29/03/2023

«Ертіс Медиа» ЖШС ұжымы басшысының кезекті кездесуінде жемқорлықтың әртүрлі көріністерімен күресудің негізгі бағыттары талқыланды.
Сондай-ақ аталмыш індеттің алдын алу жолдары туралы айтылды. Кездесуді үйлестірген - шығармашылық бөлімінің меңгерушісі Ризабек Исабеков қызметте заң сақтаудың жолдары мен «Integrity check» тексеруі жүйесінің тетіктері туралы әңгімеледі. Сондай-ақ ол «Ertis – adaldyq alany» жобалық кеңсесінің жетекшісі және облыс әкімінің жемқорлықпен күрес жөніндегі кеңесшісі болып қызмет еткен уақыттағы тиімді тәжірибесі туралы айтып берді. Облыс әкімдігі іске асырып жатқан жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша мәдениеттілікті қалыптастыру туралы да жеке айтылды.

22/03/2023

Мемлекет басшысына Тазы күшігін ит ұстаушы Анна Захарова сыйға тартты

«AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандатты округтер бойынша 22 кандидат депутат болып сайл...
22/03/2023

«AMANAT» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына бірмандатты округтер бойынша 22 кандидат депутат болып сайланды.

Астана қаласы
🔹Дәулет Тұрлыханов, 71 698 дауыс

Шымкент қаласы
🔹Данабек Исабеков, 21 098 дауыс
🔹Болатбек Нажмединұлы, 19 851 дауыс

Абай облысы
🔹Нұртай Сабильянов, 131 872 дауыс

Ақмола облысы
🔹Айна Мысырәлімова, 154 587 дауыс

Ақтөбе облысы
🔹Қазыбек Әлішев, 238 195 дауыс

Атырау облысы
🔹Әділ Жұбанов, 107 973 дауыс

Жамбыл облысы
🔹Мұқаш Искандиров, 99 021 дауыс
🔹Гүлдана Нұрымова, 190 078 дауыс

Жетісу облысы
🔹Руслан Қожасбаев, 132 678 дауыс

Қарағанды облысы
🔹Құдайберген Бексұлтанов, 132 471 дауыс
🔹Арман Қалықов, 145 228 дауыс

Қостанай облысы
🔹Еркін Әбіл, 192 175 дауыс

Қызылорда облысы
🔹Мархабат Жайымбетов, 148 646 дауыс

Маңғыстау облысы
🔹Еділ Жанбыршин, 117 880 дауыс

Павлодар облысы
🔹Жарқынбек Амантай, 168 625 дауыс

Солтүстік Қазақстан облысы
🔹Еркебұлан Мәмбетов, 153 736 дауыс

Түркістан облысы
🔹Қайрат Балабиев, 142 595 дауыс
🔹Ұласбек Сәдібеков, 92 445 дауыс
🔹Темір Қырықбаев, 117 584 дауыс

Ұлытау облысы
🔹Ерболат Сатыбалдин, 44 406 дауыс

Шығыс Қазақстан облысы
🔹Лұқбек Тұмашинов, 165 596 дауыс

#сайлау2023

Президент Наурыз мейрамымен құттықтадыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысы...
21/03/2023

Президент Наурыз мейрамымен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамына арналған іс-шараларға қатысып, барша қазақстандықты Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады.

– Еліміз Әз-Наурызды әрдайым ырысты ынтымақтың бастауына балаған. Алыстаған ағайын Ұлыс күні татуласып, қайта қауышқан. Жұрт бір-біріне ақжарма тілектерін айтқан. Көпшілік ортақ дастарханнан дәм татып, қариялар жастарға батасын берген. Бабаларымыз Наурыз тойын жасампаз еңбектің мейрамы санаған. Бұлақтың көзін ашып, ағаш отырғызған. Елге пайдасы тиетін игі істер атқарған. Бір сөзбен айтсақ, Ұлыстың ұлы күні – жаңа өмірдің жаршысы, – деді Президент.

- Кеше ғана өткен Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы – бүкіл реформаларымызды алға бастайтын өте маңызды қадам. Бұл сайлау – ауқымды өзгерістердің лайықты жалғасы. Осылайша, мемлекетіміз жаңа саяси дәуірге қадам басты. Жалпы, еліміздің жаңа саяси келбеті қалыптасты. Тарихи сәт Ұлыстың ұлы күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Мұның зор символдық мәні бар. Жаңа Қазақстанның бүгінгі бейнесі Әз-Наурызбен толық үндеседі, яғни Ұлыстың ұлы күнінде қасиетті Отанымыз мүлде жаңа сипатқа ие болды. Мұны дүние жүзінің көптеген елдері мойындап отыр. Енді саяси жүйесі толық жаңғырған еліміз тың қарқынмен дамиды. Бұл реформалар экономиканың өсуіне, халық табысының артуына жол ашады. Реформаларымыз міндетті түрде жалғасын табады. Біз жан-жақты дамыған қуатты мемлекет боламыз. Бұл – негізгі мақсатымыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде ұйымдастырылған «Жеті Қазына» мәдени-спорт іс шарасына қатысты.

Алдымен Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады.
Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты.

– Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбет иттерді халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуға тиіс. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық қажет. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған отандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалады.

Akorda.kz

“Жеті қазына” жинаған қала әкімінің орынбасары«JETI QAZYNA» монеталарына қызығушылық танытушылардың қатарында Павлодар қ...
21/03/2023

“Жеті қазына” жинаған қала әкімінің орынбасары

«JETI QAZYNA» монеталарына қызығушылық танытушылардың қатарында Павлодар қаласы әкімінің орын-
басары Светлана Гладышева да (суретте) бар.
- Өткен жылдың мамыр айында дүкенде сауда жасау барысында қолыма қызықты монета түсті. Зер салып қарасам, оның алдыңғы жағында мылтық бейнеленген. Монета жаңа, жылтыр және өте әдемі болды. Мен ойланып, тарихына үңілдім. Барлық 7 монетаның суреттерін тез тауып, бұл әр қазақтың қолында болуы тиіс «JETI QAZYNA» екенін түсіндім. Әсіресе «QUMAI TAZY» және «AQYL BILIM» монеталарын тапқым келді. Бірақ тек «BEREN MYLTYQ» монетасын ғана кезіктірдім. Содан кейін Facebook әлеуметтік желісіне «BEREN MYLTYQ»-ты осы сериядағы басқаларға айырбастауға дайын екенімді жаздым. Менің жазбамнан кейін көптеген жанның қазақы құндылық бейнеленген монеталарды жинауға деген қызығушылығын байқадым. Бір күні «JEBE» қоғамдық бірлестігінің мүшелері жетпейтін монеталарды алып келді. Қолымда қайталанған «JETI QAZYNA» түрлерін Санкт-Петербургтегі құрбымның жұбайына монеталар топтамасына қосуға сыйға тарттым, - дейді Светлана Гладышева. Оның айтуынша, биыл «Қар барысы» монеталар топтамасы шығады. Бұл серияны да жинауға ниетті. Қолма-қол ақшаны сирек қолданғанымен, номиналы 100 теңгелік монеталардан тосын сый күтетінін жеткізді.
gladysheva_pvl

Төменгі палатаға жолдама алды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бірмандаттық сайлау округі бойынша өт...
21/03/2023

Төменгі палатаға жолдама алды

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров бірмандаттық сайлау округі бойынша өткен дауыс беру қорытындысына да тоқталды.

Соған сәйкес, Павлодар облысындағы №23 сайлау округі бойынша ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып Жарқынбек Амантай сайланды. Біздің облыстан бюллетень алған 300 мың 366 адамның ішіндегі 168 625 сайлаушы оның кандидатурасын қолдады.

Жалпы, бірмандаттық сайлау округі бойынша аймағымыздан 11 үміткер додаға түскен еді.

t.me/saryarqa_samaly

Мәжіліске алты партия өтті Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын с...
21/03/2023

Мәжіліске алты партия өтті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысын жариялады. Комиссияның мәліметінше, сайлауда 6 366 441 адам өз таңдауын жасады. Бюллетеньдерде партиялық тізіммен қатар «Бәріне қарсы» жолағы болды.

Сонымен, саяси додаға қатысқа жеті партия сайлаушылардың дауысын былай бөлісті.
1. «AMANAT» партиясы – 53,9 % немесе 3 431 510 адам дауыс берді;
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық партиясы – 10,9% немесе 693 938 адамның қолдауын алды;
3. Respublica партиясы – 8,59% немесе 547 154 адамның таңдауына түсті,
4. Қазақстан халық партиясы – 6,8% немесе 432 920 адам дауыс берді;
5. «Байтақ» жасылдар партиясы – 2,3 % немесе 146 431 адам қолдауын білдірді;
6. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы – 8,41% немесе 535 139 адам таңдады;
7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,2 % немесе 331 058 адам дауыс берді.
Сонымен қатар, сайлаушылардың 3,9%-ы, яғни 248 291 адам «Бәріне қарсымын» бағанын белгіледі.

Жалпы, Мәжілістегі мандатқа ие болу үшін партиялар сайлаушылардың кемінде 5% дауысын иеленуі тиіс. Осылайша, «AMANAT», «Ауыл», Respublica, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» және Жалпыұлттық социал-демократиялық партиялары Төменгі палатадан мандатты иеленетін болды. Тек «Байтақ» жасылдар партиясы межеге жете алмады.

t.me/saryarqa_samaly

Address

Pavlodar
140000ПАВЛОДАРҚ.,АСТАНАКӨШ.,143,3ҚАБАТ

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77182661530

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Сарыарқа самалы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Сарыарқа самалы:

Share

Our Story

Павлодар облыстық "Сарыарқа самалы" газеті 1929 жылдың 15 ақпанында «Кеңес туының» (қазіргі «Сарыарқа самалы») алғашқы нөмірі жарық көрді. 1930 жылдың 14 ақпанынан бастап басылым атауы «Колхоз» деп өзгертілсе, оның мұрагері «Қызыл ту» газеті 1938 жылғы 14 сәуірден бастап шығарылған. 1958 жылдың 11 наурызында басылымның 5 000-шы мерейтойлық нөмірі жарық көрсе, араға 26 жыл салып, 1984 жылғы 7 наурызда 10 000-шы нөмірі басылды. Басылым өзінің 50 жылдық мерейтойына орай, 1979 жылы облыс экономикасы мен мәдениетін дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1991 жылдың 26 қыркүйегінен бастап «Сарыарқа самалы» деген атпен жарық көруде. 2000 жылы үнпарақ Мемлекет басшысының Алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан Журналистер академиясы тағайындайтын «Алтын Жұлдыз» жалпыұлттық сыйлығына ие болды. 2013 жылдың мамыр айынан алғашқы және соңғы беттері түрлі-түсті болып басылады. Басылымның интернет бетінде өз дербес сайты (saryarka-samaly.kz) бар. Сайт 2012 жылы еліміздегі қазақ тілді сайттардың үздік алтылығына еніп, Қазнет пайдаланушылары оның жұмысын жоғары бағалады. Газеттің «Айналайын» (90-шы жылдардың ортасынан шығады) және «Жас times» (2008 жылдан) қосымшалары оқырмандар арасында танымалдыққа ие. Сондай-ақ газетте бүгінде 20-дан астам арнайы беттер мен жобалар жарық көруде. Басылымның тұңғыш редакторы – Бейсенбай Кенжебаев. Жаңадан пайда болған ұлттық баспасөздің қалыптасуына Кәрім Әжібеков, Әмірғали Ермағамбетов, Әубәкір Аяпбергенов, Балтабек Асанов, Жұмат Досқараев, Әбілқайыр Баймолдин, ағайынды Сағынбай, Зейін Шашкиндер, Зікірия Абдуллин, Сұлтан Лепесов сияқты жерлес қаламгерлеріміз зор үлесін қосады. Б.Кенжебаевтан кейін газетке әр жылдары Ғалым Малдыбаев, Хамза Сыздықов, Әзілхан Нұршайықов, Омарғали Құдышев, Сұбыхан Шошанов, Балтабай Сейсенбеков, Әлқожа Мұхамеджанов, Мұхит Омаров, Асыл Әбішев редакторлық етті. Қазіргі бас редакторы Нұрбол Жайықбаев. Басылым "Ертіс медиа" ЖШС-нің құрамында.


Other Media/News Companies in Pavlodar

Show All

You may also like