Республика бойынша Төлеби ауданы 100 пайыз көгілдір отынмен қамтылды. Бұл қуанышты жаңалыққа Түркістан облысының әкімі куә болып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті
Шардара суы тартылып барады! Өз кезегінде су қоймасындағы су көлемінің деңгейі өлі нүктеге дейін жетуге шақ қалды. Су деңгейінің төмендеуі экологиялық апатқа соқтыруы бек мүмкін. Егер «Шардара» су қоймасы саязданып, шөлейттенуіне қарсы тиісті әрекет етпеген жағдайда төтенше жағдай жарияланып, 32 мың тұрғыны бар Шардара сусыз қалмақ деп дабыл қағады мамандар. Мәселеге алаңдаған зиялы қауым өкілдері апаттың алдын алуды сұрап, Премьер-министрге де хат жолдаған.
2021 жылы Шардара су қоймасы тартылып, салдарынан өңірлерде ауыз су тапшылығы қатты сезілген. Тіпті аптап ыстықта қала тұрғындары бір жұтым су таппай қиналдық дейді. Су деңгейінің қарқынды түсуі жалғаса берсе сапалы су көзінен айырылып, ішек құрылысы, аллергия сынды аурулардың өршіп, бірнеше аудан жарықсыз қалудың алдында тұр.
«Шардара» су қоймасының бүгінгі келбеті көңіл көншітпейтіні айтпаса да белгілі. «Ауруын жасырған өледі» демекші жыл сайын үдеп бара жатқан бұл проблема дер кезінде шешімін таппаса Арал теңізінің күйін кешуі әбден мүмкін…
Ол кезде тек бір өңір емес, респбулика деңгейінде ауқымды мәселеге айнала
Аңшылыққа шығып, жоғалып кеткен Бәйдібек ауданының тұрғыны іздестірілуде.
24 ақпан күні Жүзімдік ауылынан 25 шақырым жердегі Арыстанды өзенінің бойындағы құстарды атуға аңшылыққа шыққан 2 азаматтың 1-еуі бүгінгі күнге дейін табылмай жатыр.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД жедел құтқару жасағының күшімен 11 құтқарушы, 2 жүзу құралы және 1 бірлік техника, ТЖД күштер мен құралдары 40 қызметкер, 3 бірлік техника, Полиция департаментінен 9 қызметкер, жергілікті атқарушы органдардан 10 қызметкер және жергілікті тұрғындар 60 адам жұмылдырылды.
Жоғалған ер адам 24.02 сағат 22-30-да аңшылық кезінде жоғалып кеткен (серігінің айтуы бойынша соңғы рет 24 ақпан күні сағат 22-30-да хабарласып, қамыс алқабында адасып қалғанын хабарлаған).
Ұшқышсыз ұшу аппаратының (дрон) көмегімен 40 км шақырымдай жерге шолу жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, елімізде аңшылыққа шығу 1 наурыздан басталады.
Ақпаратқа қосымша.
Жоғалған азамат Аймаханбетов Нурлан Бауыржанович 04.11.1985 жылы Бәйдібек ауданы Жыланды ауылында дүниеге келген. 01.10.2021 жылы халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен Қара
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Сәкен Қаныбековпен сұхбат
Президент Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады
Мұрат Әйтенов үшінші мегаполистің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын таныстырды:
▪️Өткен жылы қала экономикасына тартылған инвестиция көлемі 13,8 пайызға артып, 549,4 миллиард теңгеге жеткен.
▪️ Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 110 мыңнан асқан. Жалпы өңірлік өнім көлемінің 40,7 пайызы осы саладағы кәсіпкерлерге тиесілі.
▪️ Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қаланың даму перспективасын ескере отырып, жаңа бас жоспар бекітілмек.
▪️ Жыл соңына дейін қала төңірегіндегі аудандардың тұрғындары ауызсумен және электр қуатымен толық қамтамасыз етіледі.
▪️ «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Шымкентте 25 мектеп салу жоспарланған.
❗️Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Әйтеновке әлеуметтік мәселелерді шешу, қала тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру, сондай-ақ Шымкент қаласын одан әрі дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді.
t.me/aqorda_resmi
Зауыт шебері Гүлнәр Ахментаева ауқымды жоба құрылысының басталғанына ризашылығын білдірді
Президент мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты.
Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады.
Мұрат Әйтенов бүлдіршіннің тұсауын кесті
Шымкент әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы қадамын енді ғана тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті. Аталмыш шара қонақ үйлердің бірінде өткен жиналыста болған
@murat__aitenov
@akimat_shymkent
@dulatabish
Полицейлер видеоның 13 қарашада түсірілгенін анықтады.
Белгілі болғандай, Түркістан облысының тұрғыны өзімен танысқан қызды ұрлап кеткен. Шымкенттегі колледждердің бірінде оқиды.
Қыз бен оның ата-анасы «жеке өміріне араласпауды» сұрап, арыз жазудан бас тартты.
Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова жеті жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында босатылды.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ
«Ордабасы» тарихында тұңғыш рет футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды
Шымкенттің «Ордабасы» футбол клубы Еуропаның Еуропа лигасында ойнау құқығын беретін ел кубогының иегері атанды.
ТӨЛЕБИДЕ ТӨЛЕ БИ БАБАНЫҢ ЕСКЕРТКІШІ БОЙ КӨТЕРДІ
⚜️Халқымыздың тарихында аты қалған тұлғалардың бірі - Төле бидің ескерткіші орнатылды. Мүсіннің биіктігі 15 метр, Еліміздегі ең үлкен ескерткіштің постаментімен есептегенде жалпы биіктігі 23 метрді құрайды. Бұл ең жоғарғы нүкте болғандықтан, алыстан менмұндалап тұр. 25 тонна тартатын мыстан жасалған Төле бидің ескерткіші еліміздегі ең биік мүсіннің бірі болмақ. Оң қолын көтеріп еліне «Сәлемін» жолдап тұрған еңселі ескерткішті бірнеше мүсіншіден құралған топ жасады.
⚜️Алдағы уақытта Төле би ауданының ақсақалдарының ақылдасуымен, Бабаның айтқан сөздері, мүсіннің тасына қашалып жазылмақ. Суретші Сұлтан Ілияев пен қырғыз скульпторы Мирлан Османалиевтің қолынан шыққан алып ескерткіщ, меценат, «Сити-Строй» Корпорациясының директоры Әсет Қайыпбековтің бастамасымен жасалынды.
Еңселі ескерткіш тұғырына қойылғанымен, саябақ аумағындағы толыққанды жұмыстар алдағы уақытта аяқталатын болады.
@turkistan_oblysy
@darkhan_satybaldy_official
@tolebi.audany.akimdigi
@tolegen_telgarayev
@dulatabish
WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 KO) қарсыласы ұлыбританиялық Дензел Бентлиді (17-1-1, 14 KO) жеңіп, әлем чемпионы титулын қорғап қалды.
Орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сарапқа салған Әлімханұлы мен Бентли Лас-Вегаста жұдырықтасты. Жекпе-жек 12 раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер шешімі бойынша, жеңіс Әлімханұлына берілді.
Дереккөз: tengrinews.kz
Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов - “Саяхат сұхбатта”.
Бұхарбай Рысқұлұлы ауданның өзекті мәселесін бүкпесіз баяндап, қала халқына өтініш айтты. Бағдарламаның толық нұсқасын аптаның дүйсенбісінде сағат 17:11-де, сейсенбі 11:05-те “Айғақ” телернасынан көріңіздер!
@akimat_shymkent
@murat__aitenov
@shymkent_abay
@buharbai_parmanov
#Repost @kazembassy_minsk
Минск, 2022 жылғы 3 қараша – Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігіне келген қазақстандық оқушылар Отан туралы өлең оқып, қазақ халқының биін орындады
Шымкент қаласының қоғамдық көліктерінде жол-көлік оқиғалары көбейіп барады.
Бұл бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль басқармасы қандай шара көруде?
Бекітілген уақытқа үлгеруіміз керек деген жүргізушілер жылдамдықты асырып, жүйткейді. Салдарынан, қаншама адамның тағдырына қауіп төніп, кейде өмірімен де қош айтысып жатады.
Әлде жауапты басқарма қала азаматтарының қоғамдық көліктегі қауіпсіздігіне бей-жай қарайды ма?
@akimat_shymkent
@murat__aitenov
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешов іс-сапармен Шымкент қаласына келіп, үшінші мегополис жұртшылығымен кездесті. Министр қоршаған ортаның сапасын жақсарту мәселелерін қозғап, атмосфералық ауа мен су ресурстарының ластануы жайлы баяндама оқыды. Тұрғындардың бірі А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақты мемлекеттің ерекше қорғалатын аймағына кіргізу қажет екенін айтып, дабыл қақты.
МИНИСТР БАЯНДАМАСЫНАН :
Жалпы, экологиялық жүйені жақсарту үшін жүйелі шаралар ретінде былтырғы жылы жаңа Экологиялық кодекс қабылданды, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы бекітілді. Сондай-ақ, 2020 жылы өңірлер бөлінісінде Экологиялық жүйені жақсарту жөніндегі жол карталары бекітіліп, іске асырылуда. Қаланың ірі ластаушыларының бірі «ПетроҚазақстанОйл Продактс» ЖШС мұнай өңдеу зауыты болып табылады. Өздеріңіз білетіндей, зауыт толық жаңғыртудан өтті және бірқатар ірі табиғатты қорғау іс-шараларын жүзеге асырды, мысалы тазарту құрылғыларын жаңғырту, күкірт өндіретін қондырғы іске қосылды.
ШЫМКЕНТТЕ “ЭТНО ШЫМКЕНТ” ФЕСТИВАЛІ ӨТУДЕ
Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру үшін Туризм және сыртқы байланыстар басқармасы, «Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Shym Qala» этно ауылында «Этно Шымкент» фестивалі өтуде.
Іс шараның мақсаты - қала тұрғындары мен қонақтарына тарихи деректерге сүйене отырып, «Жібек жолы» бойындағы көне Шымкент қаласының атмосферасын, тұрмыс-салтын көрсету.
Қызылорда облысында жүргізуші “Аркан” құрылғысына 35 мәрте түскен, – деп хабарлайды Polisia.kz 9 қарашада Қызылорда облысы ПД ӘПБ қызметкерлерімен қызмет атқару барысында Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған ВАЗ-2115 автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында 44 жастағы жүргізушінің көлік құралына тиесілі құжаттары толық емес күйде басқарғаны анықталды. Аталған құқық бұзушылық бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 230-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама рәсімделіп, автокөлік айып алаңына қойылды.
Сонымен қатар бұл автокөлікке “Аркан” стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғысына жылдамдық режимін 35 мәрте бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабының 1,2-бөліктері бойынша 680 мың теңге сомасында айыппұл салынған.
Мемлекет басшысы Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал егу шарасына қатысты
Президент Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы елдердің басшыларымен бірге Самарқанд қаласындағы «Регистан» алаңында тал екті.
Түркі дүниесінің бірлігі бекем болсын деген тілекпен Өзбекстанның 14 өңірінде, еліміздің Түркістан қаласында және Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Мажарстан мемлекеттерінің астаналарында көшеттер бір мезетте отырғызылды.
Алматыда «барахолка» базары өртке оранды
Видео: ALMATY_KRIS_P
ШЫМКЕНТТЕ ЮНУС ЭМРЕГЕ ЕСКЕРТКІШ ҚОЙЫЛДЫ
Бүгін Шымкентте Қ.А.Яссауи ілімін жалғастырушы, түрік жұртына танымал ақын-жазушы Юнус Эмренің ескерткіші қойылды.
Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов, Түркия Республикасының сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу, Түркия Республикасының Шымкент қаласындағы Құрметті Консулдығының құрметті Консулы Асанов Латипша Қаймаханұлы, БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
Жиында сөз алған шаһар басшысы жазушы Юнус Эмренің шығармашылары мен өмір жолына тоқталды. “Ю.Эмре бізге Қожа Ахмет Яссауидың сопылық ілімін жалғастырушы ретінде белгілі автор. Оның шығармалары сүйіспеншілік пен мейірімділікке негізделген. Түркі жұртына танымал “Көк түрік ” деп рух берген Мағжан Жұмабаевтың шығармалары да Юнус Эмре есімімен тығыз байланысты”,-деді М.Әйтенов.
Шаһар басшысы Қазақстан Республикасы мен Туркия Республикасы Президенттерінің жыл сайынғы кездесулері достық пен мемлекет аралық қатынастардың беріктігін де тілге тиек етті. Сонымен қатар ол түбі бір түркі жұртының тарихы мен мәдениетінің және рухани байланыстарына негізделг
ТӨЛЕ БИ БАБАНЫҢ ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШІ ТӨЛЕБИДІҢ ТӨРІНЕ ЖЕТКІЗІЛДІ
Бүгін қазақтың төбе биі Төле бидің ескерткіші Төлеби ауданына жеткізілді. Бүтін билікке қол жеткізген тарихи тұлғаның тастұғыры меценат, “Сити-Строй” Корпорациясының директоры Әсет Қайыпбековтің бастамасымен жасалынып, Ленгір қаласындағы жаңа саябаққа қойылды. Салмағы 25 тонналық алып мүсін ауданның көркі мен тарихын айшықтауға тағы бір үлес қоспақ.
Еңселі ескерткіш белгілі суретші Сұлтан Іляев пен қырғыз скульпторының қолынан шыққан туынды.
Төлеби төрінен орнатылып жатқан тастұғыр ауданның 90 жылдық мерейтойы қарсаңындағы үлкен сый болды.
@tolebi.audany.akimdigi
@turkistan_oblysy
@darkhan_satybaldy_official
@dulatabish
Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Интернеттің сапасы туралы айтты
Ақпарат көзі: Yyedilov телеграм арнасы
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың Мемлекет басшысына жасаған баяндамасынан:
▪️Отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі кешенді шаралар әзірленіп жатыр.
▪️Биылғы 10 айда кісі өлтіру, зорлық-зомбылық, тонау, ұрлық, мал ұрлығы, сондай-ақ бұрын сотталғандар тарапынан, мас күйінде және отбасылық-тұрмыстық салада жасалған қылмыстар азайған.
▪️Бопсалаумен, адам саудасымен, қару-жарақты, есірткіні заңсыз сатумен және басқа да қылмыстармен айналысқан 33 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді.
▪️Заңсыз айналымдағы 12 тоннаға жуық есірткіні, соның ішінде оның 212 кг синтетикалық түрлерін тәркіледі.
▪️36 есірткі зертханасы мен 43 есірткі каналы жойылды, есірткілерді жарнамалайтын 1900 сайт бұғатталды.
▪️Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы үш жылға арналған Кешенді жоспар әзірленіп жатыр.
▪️«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» жеке заң әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
❗️ Кездесу соңында Мемлекет басшысы елімізде азаматтардың қауіпсіздігін және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған бі
Түркияның сыртқы істер министрі Шымкентке ресми сапармен келді. Үшінші маңызды қаладан жыл бұрын ашылған Түркияның құрметті консулдығының салтанатты лентасын қиды. Министр сапары аясында қала әкімінің қатысуымен шаһардың бизнес өкілдерімен кездесіп, ресми ашылған “Юнус Эмре” ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды. Одан кейін қонақ үйде конференция өтті.
Жиынның қандай тақырыпта болғаны, маңызды не айтылғаны БАҚ өкілдеріне белгісіз күйде қалды. Себебі, әкімдік қызметкерлері журналистерді ішке кіргізбей, күзетшілерге “сыртқа шығаруын” талап етті.
Баспасөз арқылы бұқараны маңызды ақпаратпен құлағдар ететін билік өкілдерінің бұл ісін қалай түсінуге болады?
@murat__aitenov
@akimat_shymkent
Жұмыс тоқтап тұр. Несиемізді қалай төлейміз?
Арғынбеков көшесінің бойынан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары қараша халыққа зардабын тигізуде. Ашынған тұрғындар арнамызға арызданды. Айтуларынша, 5-қарашадан бері шағын кәсіптері тоқтап тұр. Оған себеп, нысанның алдындағы құрылыс барысы.
“Ай сайынғы кредитіміз бар, төлемесек үстемесі тағы бар. Ал, мұнда кәсіп жүргізуімізге кедергі болуда”,-дейді оқырман. Бұл мәселеге жауаптылар не дейді?
@akimat_shymkent
@murat__aitenov
Домбыра үйірмесіне қатысушы балалар Құрманғазының «Балбырауын» күйін орындады.
Мемлекет басшысы:
«Біз елдің амандығы мен жердің тұтастығы үшін бәрімен тіл табысуға ұмтылуымыз керек. Ұлы Абай айтқандай, «ақырын жүріп, анық басып», салиқалы саясат жүргізу біздің мемлекеттік мүддемізге сай келеді.
Шын мәнінде, Отанымыз – бір, халқымыз да – бір.
Бұл – ең басты қағидат»