QALAMGER.KZ

QALAMGER.KZ Qalamger.kz әдеби-танымдық порталының парақшасына қош келд?
(5)

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы...
16/10/2023

Ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері Несіпбек Айтұлы қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласы филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы хабарлады.
Несіпбек Айтұлы 1950 жылы Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында туған. Ақын еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастайды. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
2001 жылдан бастап Астана қаласына қоныс аударып, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президент жанындағы Мәдениет орталығында қызмет істеген.
Соңғы қызметі – Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы музей директоры

Qalamger.kz әдеби-танымдық сайтының ұжымы көрнекті қаламгер қазасына қайғыра отырып, отбасына, ту¬ған-туыстарына, оқырмандарына көңіл айтады.

13/08/2023

Атырау облысы әкімдігі
#СұлтанБейбарыс
#БейбарысСұлтан

28/07/2023

Aigerim Tazhi (poetry; Kazakhstan) is the author of two volumes of poetry, БОГ-О-СЛОВ [THEO-LOG-IAN] and Бумажная кожа/Paper-Thin Skin; in 2019 the latter appeared as a bilingual edition from Zephyr Press, supported by an NEA Translation Fellowship. Her poems have been widely published in magazines in Europe, Asia, and the U.S., and have been awarded international literary prizes. She is the author of several projects at the crossroads of poetry and other forms of art.

Her participation was made possible by the Department of State: Bureau of Educational and Cultural Affairs and U.S. Embassy in Kazakhstan / Посольство США в Казахстане. Please join us in welcoming her!

You can see the full list of incoming participants as we announce them at iwp.uiowa.edu/residency/participants.

09/07/2023
Жастардың аяқ алысына келсек, олар ширақ шабыспен өз тұрғыластары арасында иықтасып қатар келе жатқан тегеурінді топ. Әр...
27/06/2023

Жастардың аяқ алысына келсек, олар ширақ шабыспен өз тұрғыластары арасында иықтасып қатар келе жатқан тегеурінді топ. Әрине, әдебиетте ақынның деңгейі биологиялық жаспен өлшенбейді. Оны жас та болса, жарқырап шыққан бірқатар ақындардың қарым-қарқынынан анық аңғаруға болады. Расында, алдыңғы буынды кейде тамсантып, кейде күмәннің бұлтына орап, ойлантып қоятын олардың шығармашылық ізденістері де бөлекше.

Әдеби жыл қорытындысы

Содан бір жолы Болатқа «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған әңгімелерден, өз танымымда,   тақырыбы қызғылықты, қоғам ү...
23/06/2023

Содан бір жолы Болатқа «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған әңгімелерден, өз танымымда, тақырыбы қызғылықты, қоғам үшін өзекті деген бірнеше әңгіме әкеліп бердім. Солардың бірі ол кезде жас, бүгінде белгілі жазушы-драматург Р.Мұқанованың Семей ядролық полигонының қасіретті салдары Ләйлә қыздың тағдыры туралы әңгімесі еді. Сахналық нұсқасында бірталай өзгеріске ұшырап, «Мәңгілік бала-бейне» атауына ие болған шығарма кәсіби мамандардың, көрерменнің де көңілінен шыққан қойылым болды, театр репертуарында ұзақ жүрді. Тағы бір маңызды, орны бөлек спектакль - «Кебенек киген арулар», режиссері Б.Атабаев. Репрессияланған тұлғалар әйелдерінің АЛЖИРдегі азапты тағдыры туралы қазақ сахнасындағы алғашқы қойылым. Бикен, Хабиба апалардан бастап театрдың жасамыс та жас актрисалары түгелдей дерлік қатысқан қойылымға Алжир тақырыбын көп зерттеп, кітап шығарған журналист Армиял Тасымбеков материалдары негіз болды, сахналық нұсқасын көрнекті жазушы-драматург Қалихан Ысқақ жасады. Марқұм Армиялмен «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметтес болған едік. Тарихымызды жаңаша зерделеу басталған сол шақта Еділ қаған - Аттила туралы алғашқы қойылым да Әуезов театрында шықты. Көрнекті орыс жазушысы Е.Замятиннің репрессия жылдары тыйым салынған «Аттила» трагедиясын белгілі режиссер Юрий Коненкин сахналады.

Театрдың қазіргі репертуарынан көпшілік сүйіп көретін спектакльдердің бірі «Империядағы кеш». Бір қызығы - белгілі жазушы-драматург Серік Асылбековтің «Империядағы» туған күн кеші» атты бұл драмасы кезінде республикалық байқаудан өтпей қалыпты. Ғылымнан бизнеске кеткен Айдардың өзінің «Империя» мейрамханасында өткен туған күн кеші арқау болған драмада қоғамдық-әлеуметтік, отбасылық, қызметтестік қарым-қатынастар жүйесі нәзік ашылады.

#ортақ әңгіме

Мүлде икемге келмей бүгілмей қалған саусағымды көріп Берік досым ( авт. Берік Жүсіпов ) ,, Мынаған не болған?,, дейді. М...
21/06/2023

Мүлде икемге келмей бүгілмей қалған саусағымды көріп Берік досым ( авт. Берік Жүсіпов ) ,, Мынаған не болған?,, дейді. Мен ,,Пышақ кесіп кеткен,, деймін. Ол ,, Шіркін-ай, басқа жеріңді де пышақ кесіп кетіп осылай қақиып тұрып қалса ғой,, дейді...

Ғабиден аға университетті бітірген соң туған жеріне барып жастар бригадасын басқарды. Ілкімді, өрелі жастар Ғабиденнің маңайына топтасады. Сондай күндердің бірінде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші xатшысы Дінмұxамед Аxметұлы Қонаевтың Аягөзге жолы түседі. Ғабиденнің жездесі Қамал Қадіржанов Дінмұxамед Аxметұлымен құда боп келеді екен. Осы сапарда от боп жанып тұрған Ғабиден Садықұлы үлкен кісінің көзіне түседі. Сөзге ұста, әрекеті мығым жасты Димекең ұнатып қалады. Қасына шақырып алып бірер ауыз сұқбат та құрады. Қияндағыны қиырдан аңғаратын ел-жұрт ,, Мына Садықтың баласына бақ қонды. Енді көп ұзамай астанаға қызметке кететін болар,, деген сияқты әңгіме гу ете қалады. Ия, xалықтың бұл болжауы шындықтан алыс емес еді. Ғабиден Құлаxметов көп ұзамай Алматы қаласындағы полиграфия комитетінің төрағасы боп бекітілді. Қол астына бақандай тоғыз баспа қарады. Қазақстанның күллі баспа өніміне Ғабиден Садықұлы бақылау жасады. Алматы қалалық комитетінің бюро мүшелігіне қабылданды.

жазба Маралтай Райымбекұлының фейсбук парақшасынан алынды

08/06/2023

Address

Nur-Sultan

Telephone

+77474091542

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when QALAMGER.KZ posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to QALAMGER.KZ:

Videos

Share

«РАХЫМЖАН ОТАРБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ. ӘДЕБИ СЫН» БАЙҚАУЫ

https://qalamger.kz/competition/24


Other Media/News Companies in Nur-Sultan

Show All

You may also like