Кемел Тоқаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуші Бақтығали Айжігітов журналист Думан Мұхаммедкәрімге қолдау білдіріп, сотына келді. Оның айтуынша, Думан Мұхаммедкәріммен бірге 2019 жылы жазушы, детектив жанрының белгілі өкілі, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаев туралы деректі фильм жасаған.
Қонаев қаласында өтіп жатқан журналист Думан Мұхаммедкәрімнің сотына "Гілі-Гілі" образымен танылған актер Ерболат Оспанқұлов келіп, журналиске қолдау білдіретінін мәлім етті
Қонаев қаласында журналист Думан Мұхаммедкәрімнің соты жалғасты. Жабық жағдайдағы процестен шыққан Думанның әкесі әрі қоғамдық қорғаушысы Алмас Тілеповтың айтуынша, прокурорлар ұсынған куәлердің ешбірі журналисті айыптауға негіз етіп алынып отырған сұхбатты көрмеген, әрі сот жабық өтсін деп өтініш білдірмеген. Думан Мұхаммедкәрім "тыйым салынған ұйым ісіне араласу" және "экстремизмді қаржыландыру" баптары бойынша айыпталып отыр. Бұл айыптар оған қуғындағы банкир, Қазақстанда экстремистік деп танылған ҚДТ қозғалысының басшысы Мұхтар Әблязовпен жасалған сұхбатнан кейін тағылған. Журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісовтың сөзінше, "экстремизмді қаржыландыру" деген айып сұхбатта "ҚДТ ұйымына қатысты есепшотты көрсетіп қойғаны үшін" тағылған.
Еліміздің солтүстік өңірін қазақтандыру мақсатында “Тәуекел” көші-қон ұйымын құрған Бурахан Дақановтың үйі өртеніп кеткен. Белсенді әлеуметтік желіде видео жариялап, отбасымен далада қалғанын мәлімдеді. Көп түкірсе көл болар. Елім деген азаматқа қолдан келгенше көмек көрсетейік. Карта нөмірі: 87713417397 (Шынар).
Ресей мемлекеттік думасының вице-спикері Петр Толстой Қазақстанды тәуелсіздік туралы түрлі аңыз ойлап тауып, тарихты қайта жазғысы келеді деп айыптады
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Орындаушы: Ұшқын Жамалбек Сөзін жазған: Біләл Қуаныш
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Орындаушы: Ұшқын Жамалбек
Сөзін жазған: Біләл Қуаныш
Саяси репрессия: Сталин бұйрығымен атылған 95 адамның сүйегі табылды.
ХХ ғасырдың 30-жылдарында ату жазасына кесілген қуғын-сүргін құрбандары Алматы маңындағы Жаңалық ауылына жаппай жерленген. Жерленді деген аты болмаса, атылғандарды топ-тобымен үйе берген. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде ауыл маңындағы 2 шұңқырдан 95 адамның сүйегі табылды. Табылған сүйектердің ДНҚ-сы да алынған. Енді бәрінің құраны оқылып, ата жолымен қайта жерленетін болады.
Ресей басқыншылығын дәріптеуге қарсы шыққан Алматы тұрғынына әкімшілік іс қозғалды.
Қазақстан әскерінің айбыны қандай? Кімнің алдында, ал кімдердің артында келеміз? Ел мен жерді қорғайтұғын неміз бар? Үңіліп көрейік.
Кеше елімізде Қазақстан халқының бірлігі күні атап өтілді
Әлдекімдер Қазақстанның ірі мұнай кен орындарындағы батыстық компаниялардың үлесін Ресейге бере салу туралы бастаманы қызу көтеріп жатыр
Депутат Ринат Заитов мәжілістің жалпы отырысында су тасқынына байланысты үш мәселе көтерді
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев су тасқыны кезінде жұмысына салғырт қараған мемлекеттік қызметкерлердің ешқайсысының лауазымына, тегіне қарамастан жазаға тарту керек деген мәселе көтерді.
Қазақстан су тасқынында жалғыз қалды ма?!
15 сәуір Ғашықтар күніне орай қазақ кинематографиясының классик туындысы «Қыз Жібек» араға жарты ғасыр салып үлкен экранға жол тартты.
15 сәуір Ғашықтар күніне орай қазақ кинематографиясының классик туындысы «Қыз Жібек» араға жарты ғасыр салып үлкен экранға жол тартты.
Желіде су астында қалған Құлсары қаласының тұрғындары - қол ұстасқан ерлі-зайыптылардың видеосы тарап жатыр. Тізеден келетін суды кеше “аққудан неміз кем” деп әзілдей әңгіме айтқан жұп көптің күңіренген көңілін көтеріп, кеудеге жақсы күндерге деген сенім сезімін ұялатты. Бірін-бірі демеп, қол ұстасқан ер мен әйелді жұртшылықтың дені қиын жағдайда да қуана білген, ертеңгі күннен үміт үзбеген жандар ретінде сипаттап жатыр. “Ниеті асыл, пейілі кең азамат екен”, “әлі-ақ осының бәрі жаңа үйлеріңізге кіргенде көрген түстей болады” деп жатқандар, “күйіктің де күлкісі бар деген осы” деп пікір қалдырғандар да бар.
Жас әрі болашағы зор шенеуніктері рейтингі 2013
2013 жылы Қазақстанның жас әрі болашағы зор шенеуніктері рейтінгинде көш бастап тұрған 6 адамның 5-еуі бүгінде істі болған. Рейтингтің ұшар басында Қуандық Бишімбаев тұр.
"Астана", "Елімай" клубтары мемлекет есебінен легионерлерді байытып отыр
“Бишімбаевтың соты неге созылып кетті”
Аутизм деген не, оның белгілері қандай
Бүгін дүниежүзілік аутизм проблемасы жайлы ақпарат тарату күні. Осыған орай аутизм деген не, оның белгілері қандай, ерекше балаларды қоғамға қалай бейімдеуге болады деген сияқты сұрақтарға жауап береміз.