«Arna-b» баспасы

«Arna-b» баспасы «Arna-b» Баспасы.
Издательство «Arna-b».

Сіз авторсыз? Жазып жүрген шығармаларыңыз бар. Мүмкін сіз журналист шығарсыз, осы уақыт бойы жиналған мақалаларыңыз бар,...
20/04/2020

Сіз авторсыз? Жазып жүрген шығармаларыңыз бар. Мүмкін сіз журналист шығарсыз, осы уақыт бойы жиналған мақалаларыңыз бар, болмаса сіз балаларға арналған кітап жазатын жас автор шығарсыз. Сіздің арманыңыз кітап шығару. Сіз ол үшін не істемедіңіз? Талай баспаларды араладыңыз, кітапты шығару үшін сапалы мамандарды іздеңіз. Сапалы әрі тиімді бағаға шығарғыңыз келді. Бірақ қайда бармасаңыз да, өз талғамдарыңызға лайық баспа таба алмадыңыз. Бір жерде сапасы төмен болса, басқа жерде бағасы тиімсіз. Тиімсіз бағаға, болмаса сапасыз жерде басатын болдым деп қолыңызды түсіруге дейін жеттіңіз ба? Үміт үзбеніс!!! Ол үшін не істеу керек?! Дұрыс! Бізге келіңіздер, «Arna-b» баспасында сапалы мамандар да бар, бағасы да тиімді. Біз сіздің талғамдарыңызға лайық қызмет көрсетуге дайынбыз!

ISBN КАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?Басылымдарды тіркеуге қажетті құжаттар:1. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры атын...
10/03/2020

ISBN КАЛАЙ АЛУҒА БОЛАДЫ?

Басылымдарды тіркеуге қажетті құжаттар:
1. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры атына өтініш
2. Шығатын басылымның титулды және сыртқы беті нұсқасы – 2 дана
3. Аннотация (мәтін 500 баспа белгісіне дейін)
4. Осы саладағы мамандардан (ішкі және сыртқы) қолы қойылып, мөрі басылған екі рецензия (көшірме)
5. Ғылыми кеңестегі хаттаманың көшірмесі (көшірме)

Жеке тұлғалар үшін ISBN нөмірін алу тәртібі:
1. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры атына өтініш
2. Жеке куәлік (көшірме)
3. Шығатын басылымның титулы және сыртқы беті – 2 дана
4. Аннотация (мәтін 500 баспа белгісіне дейін)
5. Осы саладағы мамандардан (ішкі және сыртқы) қолы қойылып, мөрі басылған екі рецензия (көшірме)
6. Ғылыми кеңестегі хаттаманың көшірмесі (көшірме)

ISBN нөмірін алушы заңды тұлғалар үшін тіркеуге қажетті құжаттар:
1. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры атына өтініш
2. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (көшірме)
3. Жарғы (көшірме)
4. Барлық құжаттар нотариалды расталған болуы тиіс және келесі мекен-жай бойынша жіберілу керек: 050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 2
5. Онлайн тапсырыс арқылы жіберуге де болады.

ISBN ДЕГЕН НЕ?Кітаптың алғашқы бетін ашқан кезде ISBN деп қасында бірнеше санды байқаған шығарсыз. Ол жәй ғана сандар жи...
02/03/2020

ISBN ДЕГЕН НЕ?
Кітаптың алғашқы бетін ашқан кезде ISBN деп қасында бірнеше санды байқаған шығарсыз. Ол жәй ғана сандар жиынтығына ұқсағанымен, ол кітаптың маңызды бөлігі, ондағы тұрған әр санның өз мақсаты бар. Ол нөмірсіз кітап шықпайды десе болады.
ISBN дегеніміз ол кітаптың халықаралық стандартты нөмірі. Сауда саттық желісінде және кітапқа қатысты жұмыстарды автоматтандыруға қажетті кітап басылымның ерекше нөмірі. ББК, УДК және авторлық белгімен қатар ISBN баспа анықтамасына жатады.
Басылымдардың идинтификаторларын кітапты халықаралық стандарт бойынша нөмірлеу саласындағы ұлттық агенттіктер береді. Қазақстанда бұл қызметті Қазақстан кітап палатасы атқарады.

«АRNА-B» ШЫҒАРҒАН КІТАПТАР ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНУДЕ«АRNА-B» баспасы – елімізге  таныла бастаған әдеби-өндірістік ұжым. Ел...
07/02/2020

«АRNА-B» ШЫҒАРҒАН КІТАПТАР ЕЛДІҢ АЛҒЫСЫНА БӨЛЕНУДЕ

«АRNА-B» баспасы – елімізге таныла бастаған әдеби-өндірістік ұжым. Елбасынан бастап жүздеген кітапты дүниеге әкелді. Баспа өнімдері әсем безендірілуімен, көрнекілігімен көзге жылы ұшырап, көңіліңді қуантады. Оның үстіне қабылданған тапсырыстар дер кезінде автордың қолына тиеді.
Баспаның жұмысын жетік білетінім, «Мизамшуақ» деген таңдамалым (көлемі 22 баспа табақ) осы «АRNА-B» баспасынан жарық көрді. Оқырманмен кездесуде оларды ең бірінші кітап мұқабасының ішкі мазмұнына орай безендірілуі, әр бөлімнің айшықталып берілуі қызықтырды әрі тәнті етті.
«АRNА-B» баспасы өз өнімдерін әсем безендіріп қана қоймайды, шығарманың мазмұнына, бүгінгі қоғам мен дамушы еліміздің талабына сәйкестігіне үлкен мән береді.
Авторларға айтарым, сапалы әрі әсем безендірілген кітап шығарғыңыз келсе, «АRNА-B» баспасын таңдаңыз, өкінбейсіз!

Сәрсенбек БЕКМҰРАТҰЛЫ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі. Баспаның тұрақты авторы.

#арнабаспасы

Address

Almaty

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77078091825

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when «Arna-b» баспасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to «Arna-b» баспасы:

Share

Category


Other Publishers in Almaty

Show All

You may also like