arman_pvbaspasy

arman_pvbaspasy Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from arman_pvbaspasy, Publisher, Aksay 1a, 28B, Almaty.

Дорогие друзья, с 18 по 20 августа 2023 года в Международном выставочном центре "ЕХРО" состоится Ярмарка детских товаров...
16/08/2023

Дорогие друзья, с 18 по 20 августа 2023 года в Международном выставочном центре "ЕХРО" состоится Ярмарка детских товаров "KIDS EXPO".
На ярмарке вы сможете приобрести наши учебники, энциклопедии, детские книги! Ждем Вас! #дети #выставкакниг #выставкаастана #арманпв

Қайырлы күн, достар!10 тамыз - Абай күні. Бұл - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы мол мұр...
12/08/2023

Қайырлы күн, достар!
10 тамыз - Абай күні. Бұл - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың өмір жолы мен шығармашылығы мол мұрасы ұлықталатын күн.
Осыған орай, «Arman-PV» баспасынан жарық көрген «Абай» әбеби-танымдық энциклопедиясы Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі төтенше және өкілетті елшісі Мадияр Меңілбековке табысталды. Сонымен қатар, осындай сый Халықаралық мәдени дипломатия институтының төрағасы Мұхаммед Камил Ал-Муайниге де жасалды. Ақынның өлеңдерін ғана емес Ал-Муайни мырза осыдан 125 жыл бұрын жазылған ұлы ойшылдың қара сөздерін де жақсы біледі. Ал, Абайдың тұлғалық қасиеті оған Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» арқылы таныс.
Ал-Муайни мырза аталмыш энциклопедияға қызушылық танытып, араб тіліне аудару туралы ұсыныс білдірді. Осыған орай, жақын арада осы кітапты араб тіліне аударуды жоспарлап отырмыз. Осылайша, Абай мұрасы қазақ халқына ғана емес, жалпы адамзатқа ортақ асыл сөзге айналды.
Айта кетсек, «Абай» әдеби-танымдық энциклопедиясы үш жыл бұрын баспамыздан жарық көрген болатын. Содан бері халықаралық көрмелерде Гран-при иеленіп, 2 жыл қатарынан үздіксіз "Жыл кітабы" атанып келеді. Авторлары – Руда Зайкенова және Қымбат Қараева.
Сәтті күн болсын баршаңызға🙌

7 шілде күні «KITAP FEST ASTANA» кітап фестивалі өтті 💥Бұл — жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды бі...
12/07/2023

7 шілде күні «KITAP FEST ASTANA» кітап фестивалі өтті 💥

Бұл — жыл сайын еліміздегі ірі мегаполисте кітап сүйер қауымды бір мезетте қауыштыратын елорда тұрғындарының өміріндегі айтулы мәдени-бұқаралық шара.

Оның мақсаты — Қазақстанда тұңғыш рет халықаралық кітап фестивальдерінің платформасын құрып, онда мәдени ағартушылық бағытында жұмыс істейтін, зияткерлік әдебиет шығаратын жетекші баспалардың, тәуелсіз кітап дүкендерінің, түрлі қалалық бастамалардың басын қосу.

Біз үшін 50 баспагерлер қатарында үлкен кітап жәрмеңкесінің қатысушысы болу — бірден-бір жетістік 🏆

Ал сіздер осындай фестивальдерді жақсы көресіздер ме? Пікірлерде жазыңыздар 👇🏻

___

7 июля прошел книжный фестиваль «KITAP FEST ASTANA» 💥

Это культурно-массовое событие в жизни жителей столицы, которое ежегодно объединяет книжных любителей крупнейшего мегаполиса страны.

Его целью является создание платформы первого международного книжного фестиваля в Казахстане и собрать на ней не только ведущие издательства интеллектуальной литературы и независимые книжные магазины, но и различные городские инициативы, которые работают в сфере культурного просвещения и производства.

Для нас было большой честью представить свои труды на большой книжной ярмарке наряду с 50 издательствами 🏆

А вы любите подобные фестивали? Пишите в комментариях 👇🏻

#фестиваль #жәрмеңке

Назарларыңызға «Удивительные сказки» және «Увлекательные сказки» атты ертегілер жинақтарын ұсынамыз.Ертегілер жинақтары ...
10/07/2023

Назарларыңызға «Удивительные сказки» және «Увлекательные сказки» атты ертегілер жинақтарын ұсынамыз.

Ертегілер жинақтары бүлдіршіндер үшін отбасылық оқуға және үлкен балалардың өз бетінше оқуына арналған 📖

Жинақ мазмұнына қазақ және әлем әдебиетінің алтын қорына енген ертегілер мен аңыздар кіреді ⚜️

Сондай-ақ, кітап ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне, педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттеріне пайдалы.

Жинақтар біздің дүкендерімізде және Kaspi.kz дүкенінде бір айдан кейін сатылымға шығады.

_____

Представляем к вашему вниманию сборник сказок «Удивительные сказки» и «Увлекательные сказки».

Сборник сказок предназначен для семейного чтения малышам и для самостоятельного чтения детьми постарше 📖

В сборник вошли сказки и легенды из золотого фонда казахской и мировой литературы ⚜️

Также книга может пригодиться родителям, воспитателям детских садов, учителям начальных классов, преподавателям и студентам педагогических вузов.

Сборники будут представлены в нашем магазине и магазине на Kaspi.kz через месяц.

#анонс #кітап #ертегі

«Әмбебап көмекші» оқу материалын жеңіл меңгеруде, үй тапсырмасын, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауда, ҰБТ-ға дайындалу...
26/06/2023

«Әмбебап көмекші» оқу материалын жеңіл меңгеруде, үй тапсырмасын, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауда, ҰБТ-ға дайындалуда көмектесетін әмбебап анықтамалық болып табылады 📖

Ол мектеп оқушыларына, студенттерге және физика мұғалімдеріне жаңартылған мазмұндағы мектеп курсын қайталауға арналған 👩🏻‍🏫

Тапсырмалардың күрделілік деңгейі мектеп курсына сәйкес келеді, ал есептеулер әр тарауда берілген теориялық материалды толық қайталауға негізделеді 📝

Сіздер Kaspi дүкені арқылы «Әмбебап көмекшіге» тапсырыс бере аласыздар немесе біздің дүкендерден сатып алу мүмкіндігі бар:

📍 Астана қ-сы, Қабанбай батыр, 6/6, кеңсе 1

📍 Алматы қ-сы, 8 шағын ауданы, 87 үй

_____

«Универсальный помощник» представляет собой универсальный справочник по решению задач. Сборник можно использовать как универсальный помощник при подготовке учащихся к промежуточному тестированию ЕНТ, выполнении заданий СОР и СОЧ, дистанционном обучении, изучении программного материала и выполнении домашнего задания 📖

Данное пособие предназначено для школьников, студентов и учителей физики для повторения школьного курса с обновленным содержанием 👩🏻‍🏫

Уровень сложности заданий соответствует школьному курсу, а задачи каждого уровня предполагают повторение всей изученной темы 📝

Вы можете заказать «Универсальный помощник» в Kaspi магазине или приобрести в наших магазинах:

📍г. Астана, Кабанбай батыра, 6/6, офис 1

📍г. Алматы, мкр. 8, дом 87

#ұбт #ент #дайындық #подготовка

«Әмбебап көмекші» оқу материалын жеңіл меңгеруде, үй тапсырмасын, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауда, ҰБТ-ға дайындалу...
26/06/2023

«Әмбебап көмекші» оқу материалын жеңіл меңгеруде, үй тапсырмасын, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын орындауда, ҰБТ-ға дайындалуда көмектесетін әмбебап анықтамалық болып табылады 📖

Ол мектеп оқушыларына, студенттерге және физика мұғалімдеріне жаңартылған мазмұндағы мектеп курсын қайталауға арналған 👩🏻‍🏫

Тапсырмалардың күрделілік деңгейі мектеп курсына сәйкес келеді, ал есептеулер әр тарауда берілген теориялық материалды толық қайталауға негізделеді 📝

Сіздер Kaspi дүкені арқылы «Әмбебап көмекшіге» тапсырыс бере аласыздар немесе біздің дүкендерден сатып алу мүмкіндігі бар:

📍 Астана қ-сы, Қабанбай батыр, 6/6, кеңсе 1

📍 Алматы қ-сы, 8 шағын ауданы, 87 үй

_____

«Универсальный помощник» представляет собой универсальный справочник по решению задач. Сборник можно использовать как универсальный помощник при подготовке учащихся к промежуточному тестированию ЕНТ, выполнении заданий СОР и СОЧ, дистанционном обучении, изучении программного материала и выполнении домашнего задания 📖

Данное пособие предназначено для школьников, студентов и учителей физики для повторения школьного курса с обновленным содержанием 👩🏻‍🏫

Уровень сложности заданий соответствует школьному курсу, а задачи каждого уровня предполагают повторение всей изученной темы 📝

Вы можете заказать «Универсальный помощник» в Kaspi магазине или приобрести в наших магазинах:

📍г. Астана, Кабанбай батыра, 6/6, офис 1

📍г. Алматы, мкр. 8, дом 87

#ұбт #ент #әмбебапкөмекші #дайындық

«Арман-ПВ» енді Kaspi дүкенінде!Сіздер кітаптардың барлық ассортиментін ағымдағы бағамен көре аласыздар. Енді сіздер үйд...
15/06/2023

«Арман-ПВ» енді Kaspi дүкенінде!

Сіздер кітаптардың барлық ассортиментін ағымдағы бағамен көре аласыздар. Енді сіздер үйден шықпай-ақ біздің кітаптарымызға тапсырыс бере аласыздар.

Жаңа мүмкіндікті пайдаланып көру үшін Kaspi қосымшасына өтіңіздер 📲

____

«Арман-ПВ» теперь в Kaspi Магазине!

В нем предоставлен весь ассортимент книг по актуальным ценам. Теперь у вас есть возможность заказать наши книги не выходя из дома.

Скорее переходите в приложение, чтобы опробовать новую функцию 📲

#кітап #тапсырысберу #товарынакаспи

Назарларыңызға «Arman-PV baspasy» баспасының 2023 жылғы жаңа оқулықтарының бірі: 9-сыныпқа арналған «Зайырлылық және дін...
13/06/2023

Назарларыңызға «Arman-PV baspasy» баспасының 2023 жылғы жаңа оқулықтарының бірі: 9-сыныпқа арналған «Зайырлылық және дінтану негіздері» оқулығын ұсынамыз.

📝 Оқулыққа оқушылардың әртүрлі діни дәстүрлер мен мәдениеттерге деген құрметін дамытуға, сондай-ақ дін мен имандылыққа қатысты ақпаратты талдау және бағалау қабілетін дамытуға бағытталған практикалық тапсырмалар мен жаттығулар енген.

📖 Ең бастысы жалған діни ұйымдардың құрығына қалай түсіп қалмау керектігі туралы пайдалы кеңестер мен Блум таксономиясы негізінде құрастырылған түрлі тапсырмалар ұсынылған.

🖥️ Сондай-ақ оқушылардың ақпараттық коммуникациалық технологияларымен қолдану дағдысын дамыту үшін сілтемелер, QR кодтар арқылы қосымша материалдар берілген.

Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен ұсынған.

Представляем вашему вниманию, один из новых учебников издательства «Arman-PV baspasy» 2023 года: «Светскость и основы религиоведения» для 9 класса.

📝 Важным элементом учебника являются практические задания и упражнения, направленные на формирование у учащихся уважительного отношения к различным религиозным традициям и культурам, а также на развитие умения анализировать и оценивать информацию, связанную с религией и моралью.

📖 Для того, чтобы предостеречь учеников от влияния псевдорелигиозных организаций, в учебнике предложены полезные советы и различные задания, основанные на таксономии Блума.

🖥️ Для развития познавательных способностей учащихся в области информационно-коммуникационных технологии, в учебнике предоставлены ссылки и QR-коды на дополнительные материалы.

Учебник рекомендован Министерством просвещения Республики Казахстан.

Есте қалатын кітап мұқабаны дайындау — өнердің бір түрі. Бұл кітап үшін оның мазмұны сияқты маңызды.Суретшілер мұқаба ар...
09/06/2023

Есте қалатын кітап мұқабаны дайындау — өнердің бір түрі. Бұл кітап үшін оның мазмұны сияқты маңызды.

Суретшілер мұқаба арқылы оқиғаның мәнін түсіндіріп, оқырмандарды қызықтыруы және бірегей көрнекіліктермен таң қалдыруы керек.

Олардың ең танымалдары қандай?👉🏻

Сіздерге қай кітап мұқабасы ұнады? Пікірлерде жазыңыздар👇🏻

____

Запоминающийся дизайн книжной обложки — больше, чем просто искусство. Сегодня она настолько же значима для книги, насколько и ее содержание.

Художники должны уловить суть истории, заинтриговать потенциальных читателей и удивить уникальным визуальным оформлением.

Какие же они, лучшие обложки мира?👉🏻

А какая обложка понравилась вам больше всего? Пишите в комментариях 👇🏻

Сіздерді баспа тарихымен таныстыруды жалғастырамыз 👇🏻«Ресми-іскери қазақ тілі» — ресми қарым-қатынас тілін үйрету бағыты...
07/06/2023

Сіздерді баспа тарихымен таныстыруды жалғастырамыз 👇🏻

«Ресми-іскери қазақ тілі» — ресми қарым-қатынас тілін үйрету бағытындағы алғашқы әрі бірегейлі оқулық.

📖 Ол ҚР Президентінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген шараларды жүзеге асыру мақсатында жасалған.

👩🏻‍💼 Оқулық авторларының бірі — Элеонора Дюсеновна Сүлейменова — жалпы тіл білімі, әлеуметтік лингвистика, салыстырмалы тіл білімінің теориялық және қолданбалы лексикографиясының маманы.

Оның қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 160-тан астам ғылыми жұмыстары, 14 оқулығы мен оқу-әдістемелік құралдары бар.

📊 Осы оқулық 3 деңгейден тұрады: тақырыптардың ақпараттық көлемі қарапайымнан күрделіге қарай сатылап бөлінеді.

Ал сіздер бұл оқулық туралы білдіңіздер ме? Пікірлерде жазыңыздар!
___

Продолжаем вас знакомить с историей издательства 👇🏻

Ресми-іскери қазақ тілі» является первым и уникальным учебным пособием по обучению языку официального общения.

📖 Он построен на основе «Программы казахского языка для официально-делового общения», утвержденной Министерством образования, культуры и здравоохранения РК.

👩🏻‍💼 Один из авторов учебника — Элеонора Дюсеновна Сулейменова — специалист в области общего языкознания, социолингвистики, теоретической и прикладной лексикографии сопоставительного языкознания.

Она имеет свыше 160 научных работ, 14 учебников и учебных пособий на казахском, русском и английском языках.

📊 Данный учебник состоит из 3-х уровней: информационный объем тем разделен от простого к сложному.

А вы знали об этом учебнике? Пишите в комментариях!

#оқулық #оқуқұралы #қазақтілі

Оқулықтар – білім берудің маңызды құралы.  Олар белгілі бір пәнді оқытуға қажетті мәліметтер мен тапсырмаларды қамтитын ...
05/06/2023

Оқулықтар – білім берудің маңызды құралы. Олар белгілі бір пәнді оқытуға қажетті мәліметтер мен тапсырмаларды қамтитын оқу материалдары ретінде әзірленеді.

Бірақ біздің оқулықтарымыздың айырмашылығы неде?

👩🏻‍💼 Кәсібилік. Оқулықтарымызды тәжірибелі ұстаздар, ғылым докторлары, зерттеушілер және арнайы мамандар оқу бағдарламасына сәйкес дайындайды.

🖥️ Ыңғайлылық. Біздің оқулықтар қағаз және электронды нұсқада ұсынылады.

📝 Бағдар беру. Біздің оқулықтарда тек мәтін ғана емес, сонымен қатар, оқушылардың оқу материалын жақсы түсінуіне және меңгеруіне көмектесетін иллюстрациялар, графиктер, диаграммалар, есептер мен жаттығулар бар.

🔍 Қол жетімділік. Біздің оқулықтар сабақты оқыту үшін де, өз бетімен жұмыс істеу үшін де пайдалануға болатын біртұтас және сенімді ақпарат көзі болып табылады.

🤝🏻 Тәжірибе. Баспа нарығындағы 20 жылдан астам тәжірибе – сіздің сеніміңіз бен біздің білім беруге қосқан үлесіміздің көрсеткіші.

Ал сіздер оқулықтарымыз туралы не ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізбен бөлісіңіздер!
___

Учебники являются важным инструментом образования. Они представляют собой специально разработанные учебные материалы, содержащие информацию и задания, необходимые для обучения определенному предмету или дисциплине.

Но что в чем отличие наших учебников от других?

👩🏻‍💼 Профессионализм. Наши учебники разрабатываются опытными педагогами, докторами науки, исследователями и специалистами в соответствии с учебной программой.

🖥️ Удобство. Наши учебники представлены сразу в двух форматах: бумажный и электронный варианты.

📝 Ориентированность. Наши учебники не только содержат текст, но и иллюстрации, графики, диаграммы, задачи и упражнения, которые помогают ученикам лучше понять и усвоить учебный материал.

🔍 Доступность. Наши учебники — это единый и надежный источник информации, который может использоваться как основа для проведения уроков, так и для самостоятельного изучения.

🤝🏻 Опытность. Более 20 лет опыта на рынке издания является показателем вашего доверия и нашего вклада в образование.

Что вы думаете по поводу наших книг? Делитесь мнением в комментариях!

Балалар – қоғам болашағы.  Әрбір бүлдіршін бақытты әрі қауіпсіз балалық шаққа лайық.  Бұл күн олар үшін жақсы дүние жаса...
01/06/2023

Балалар – қоғам болашағы. Әрбір бүлдіршін бақытты әрі қауіпсіз балалық шаққа лайық. Бұл күн олар үшін жақсы дүние жасау біздің мүддемізге сай келетінін еске салады 🌤️

Осындай айтулы күнде біз барша мектеп оқушыларын оқу жылының аяқталуымен құттықтаймыз!

Кейбіреулер үшін үш айдан кейін мектеп есігін қайта ашады, ал біреулер үшін өмірдің тағы бір маңызды кезеңі аяқталды 👨🏻‍🎓

Бірақ ең бастысы – жарқын болашақ пен қауіпсіз қоғамға деген ортақ тілегіміз.

Соңғы қоңырауларыңыз қалай өтті? Пікірлерде жазыңыздар👇🏻
___

Дети — это будущее общества. Каждый ребенок заслуживает счастливого и безопасного детства. Этот день, как напоминание о том, что в наших же интересах создавать для них лучший мир 🌤️

В такой особенный день также поздравляем всех школьников с окончанием учебного года!

Для кого-то через три месяца школа снова распахнет двери, а для кого-то завершился еще один важный этап жизни 👨🏻‍🎓

Но главное — это наше общее стремление к светлому будущему и безопасному обществу.

А как прошел ваш последний звонок? Пишите в комментариях 👇🏻

#соңғықоңырау #мектеп #оқушылар

Құрметті оқырмандар!Бүгін   жаңа айдарымызды «ABAI» әдеби-танымдық энциклопедиясынан бастаймыз. 🏆 Бұл кітап Астана қалас...
15/05/2023

Құрметті оқырмандар!

Бүгін жаңа айдарымызды «ABAI» әдеби-танымдық энциклопедиясынан бастаймыз.

🏆 Бұл кітап Астана қаласында 2023 жылы 19-23 сәуір аралығында өткен VI Еуразиялық халықаралық көрме-жәрмеңкесінде үздік кітаптар байқауында Гран При иегері атанды.

📖 Бастапқыда кітап қазақ тілінде шыққан болатын. Кейін сұранысқа ие болып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде шығарылды.

📇 Шығу тарихына келетін болсақ, Арман-ПВ бас директоры Дидара Сұлтанмахмұтқызының талабымен филология ғылымдарының докторы, профессор, абайтанушы Руда Зайкенқызы Зайкенова және көп жылдан бері баспада Абайтану оқулықтарының редакторы болып жүрген, қазір директор орынбасары қызметін атқаратын Қымбат Амантұрлықызы Қараева бірігіп, осындай әдеби энциклопедияны құрастырды.

✨ Бұл энциклопедияның негізгі ерекшелігі – кішігірім мәтін арқылы терең мазмұнды беру. Ал кез келген құрылғыда қол жетімді QR-код арқылы мазмұндағы суреттер видео арқылы бейнеленеді.

💙 Абайдың тек шығармашылығы ғана емес, өмірінде болған оқиғалары, тұрмыс-тіршілігі және алған тәрбиесі бізді көп нәрсеге үйретеді. Сондықтан бұл кітапты балалардың Абай философиясына жасайтын алғашқы қадамын қызықты әрі түсінікті етеді деген үмітпен шығардық.

Ал сіздер бұл кітап туралы не ойлайсыздар? Пікірлеріңізді жазыңыздар 👇🏻

#білім #Абай #әдебиет #оқулықтар

Сіздер армандайтын кітаптар ✨20 жылдан астам уақыт бойы баспамыз мұғалімдер үшін көмекші, оқушылар үшін қызықты және ата...
12/05/2023

Сіздер армандайтын кітаптар ✨

20 жылдан астам уақыт бойы баспамыз мұғалімдер үшін көмекші, оқушылар үшін қызықты және ата-аналар үшін түсінікті оқу-әдістемелік кешендерін шығарады. Міне біз туралы негізгі ақпарат 👇🏻

1. «Арман-ПВ» баспасы 2002 жылы құрылған.
2. Барлық баспа оқулықтары Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі тарапынан бекітіледі.
3. Баспа,негізінен, оқулықтар шығарумен айналысады. Сонымен қатар, оқушының жеке дамуы үшін қосымша оқу әдебиеттерін де шығарады. Олардың қатарында «Талапкер», «Оқушы кітапханасы», «Библиотека школьника», «Әмбебап көмекші», «Универсальный помощник», «Ғаламтану» топтамалары.
4. Баспа 2002 жылы Павлодар қаласында қаланған, бас кеңсе Астана қаласында, ал редакторлық және дизайн бөлімі Алматы қаласында орналасқан.
5. 1-11 сынып оқушыларына арналған электрондық оқулықтарды баспаның ekitap.kz электронды платформасында қолжетімді.

Қай факт сіздер үшін жаңа болды? Пікірлерде жазыңыздар👇🏻

Құрметті көрермендер! Көрме әлі жалғасуда…Бүгін Elorda media group, qalamger.kz порталдарының жетекшісі, тележурналист  ...
20/04/2023

Құрметті көрермендер! Көрме әлі жалғасуда…

Бүгін Elorda media group, qalamger.kz порталдарының жетекшісі, тележурналист Ерболған Ажар Қанатбекқызына сұхбат бердік.

Астана қаласында Eurasian  Book Fair 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде.  «Арман-ПВ»  баспасы д...
19/04/2023

Астана қаласында Eurasian Book Fair 2023 VI Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде. «Арман-ПВ» баспасы да осы көрмеге белсене қатысып, жаңа өнімдерін оқырмандарға ұсынуда.
Құрметті оқырмандар, көрмеге асығыңыздар!

🌷🌷🌷
20/03/2023

🌷🌷🌷

Бүгін 14 наурыз – Амал мерекесі — Көрісу күні. Бүгін – өкпе-ренішті ұмытып, өміріміздің жаңа парағын ашып, Тәңірден жаңа...
14/03/2023

Бүгін 14 наурыз – Амал мерекесі — Көрісу күні.
Бүгін – өкпе-ренішті ұмытып, өміріміздің жаңа парағын ашып, Тәңірден жаңа тілек тілеп, ақ дастарханымызды жайып, болашағымыздан зор үміт күтетін күн.
Мереке құтты болсын, ағайын!
Елімізде жақсылық, бейбітшілік, молшылық көп болсын!

🤝🤝🤝

«Алғыс айту күніне» отбасыңызға, туысыңызға, досыңызға сыйлығыңыз дайын ба? Біздің баспаның өнімдерін Каспи.кз арқылы та...
27/02/2023

«Алғыс айту күніне» отбасыңызға, туысыңызға, досыңызға сыйлығыңыз дайын ба? Біздің баспаның өнімдерін Каспи.кз арқылы тапсырып беріп тез арада сатып алу мүмкіндігің бар.

-pv #деньблагодарения #подарок #1марта #1наурыз #алғысайтукүні #алғысайту #сыйлық

📚Кітап – білім көзі ғана емес, бүкіл әлем үшін ақпарат көзі. Бүгінгі пост осы тақырыпқа арналады! 🖇Кітап баланың ойлау қ...
14/03/2022

📚Кітап – білім көзі ғана емес, бүкіл әлем үшін ақпарат көзі. Бүгінгі пост осы тақырыпқа арналады!

🖇Кітап баланың ойлау қабілетін ғана емес, сауаттылығын да дамытады. Бұл мәселеде сізге Арман-ПВ баспасы көмекке келеді. Біздің баспа оқу орталықтары мен мектептер үшін оқу-әдістемелік және дамытушы әдебиетті жарыққа шығарады.

🤍Біздің ерекшелігіміз – иллюстрациялардың кең таңдауы, жоғары сапалы басылым, сонымен қатар бірегей дизайн!

19-20.01.2022 ж. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ  мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістеме...
24/01/2022

19-20.01.2022 ж. «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы» ММ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру әдістемелік кабинетінің білім беру мазмұнын әдістемелік сүйемелдеу бөлімі, Нұр-Сұлтан қаласының Білім беруді жаңғырту орталығы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығының және «Арман-ПВ» баспасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің мұғалімдерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуде Бекмаганбетова Гайнеш Кошековна, Әзімбай Нуржамал Кайбердиновна, Желпакова Айгуль Халелевна сөз бастады. «Арман-ПВ» баспасының бас редакторы Бекболатова А.Н. «Арманыңыздағы кітаптар» тақырыбында баяндама жасап, слайд-шоу көрсетті. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы Көпеева Г.А. оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнымен таныстырып, оны оқыту үдерісінде қолдану үшін тиімді жақтарын көрсетті. Оқу бағдарламасын, QR-кодты қалай пайдалану керек екенін айтты. «Арман-ПВ» баспасының жетекші редакторы Бақтығалиева А.У. Ekitap.kz білім беру платформасына қалай тіркелу керек екендігін түсіндірді.
Семинарлар жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер ұйымдастырушыларға, «Арман-ПВ» баспасына өздерінің алғыстарын білдірді. «Осындай семинарлар көп ұйымдастырылса екен» деген ұсыныстарын айтты. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға «Арман-ПВ» баспасының атынан алғысымызды білдіреміз.
Осындай семинарларымыз Қазақстан Республикасының басқа да облыстарында жалғасын табуда.

18.01.2022 ж. Батыс Қазақстан облысы  «Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы» және «Арман-ПВ» баспасының ұйымдас...
18/01/2022

18.01.2022 ж. Батыс Қазақстан облысы «Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығы» және «Арман-ПВ» баспасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің мұғалімдерімен Zoom платформасында онлайн-семинар өтті. Семинарда «БҚО Білім басқармасы Білім беруді дамыту орталығының» директоры Кубашева Гульмира Камаловна және орталық әдіскері Берниязова Айнагул Кайрмухановна сөз бастады. Г.К.Кубашева осы онлайн-семинардың ұйымдастырылуына мүмкіндік берген «Арман-ПВ» баспасының бас директоры Д.С.Алинаға алғысын білдірді. «Арман-ПВ» баспасының бас редакторы Бекболатова А.Н. «Арманыңыздағы кітаптар» тақырыбында баяндама жасап, слайд-шоу көрсетті. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы Көпеева Г.А. оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнымен таныстырып, оны оқыту үдерісінде қолдану үшін тиімді жақтарын көрсетті. «Арман-ПВ» баспасының жетекші редакторы Бақтығалиева А.У. Ekitap.kz білім беру платформасына қалай тіркелу керек екендігін түсіндірді.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер ұйымдастырушыларға, «Арман-ПВ» баспасына өздерінің алғыстарын білдірді. Осы аптадан бастап, 1-сынып оқушылары оқулықты қызығушылықпен оқып, белсенділік танытып жатырғанын айта кетті. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға «Арман-ПВ» баспасының атынан алғысымызды білдіреміз.

5.01.2022 ж.  Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейінде «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойы...
17/01/2022

5.01.2022 ж. Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы ІТ лицейінде «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі» ММ ұйымдастыруымен «Цифрлық сауаттылық» ОӘК авторы Көпеева Гүлдана Амангелдіқызы және «Арман-ПВ» баспасының өкілдерінің қатысуымен «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша қалалық семинар-практикум өтті. Семинардың мақсаты:
• қала мұғалімдеріне 1-сыныптарда «Цифрлық сауаттылық» пәнін өткізу бойынша әдістемелік көмек көрсету;
• Lego WEDO 2.0 жинағымен танысу, роботтарды бағдарламалау;
• Lego MINDSTORMS EV3 жинағымен танысу, роботтарды бағдарламалау.
Семинар барысында «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынща білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің электрондық оқыту бойынша әдіскері Нуралин Н.М., Информатика пәні бойынша облыстық білім басқармасының әдіскері Омарова А.Б. сөз бастап, әл-Фараби атындағы ІТ лицейінің директоры Кошанова А.Б. мектепте ақпараттық сауаттылықты енгізу жолын баяндап берді. «Арман-ПВ» баспасының бас редакторы Бекболатова А.Н. «Арманыңыздағы кітаптар» тақырыбындағы слайд-шоуды көрсетіп, баяндама жасады. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы Көпеева Г.А. оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнымен таныстырып, оны оқыту үдерісінде қолдану үшін тиімді жақтарын көрсетті. «Арман-ПВ» баспасының жетекші редакторы Бақтығалиева А.У. Ekitap.kz білім беру платформасына қалай тіркелу керек екендігін түсіндірді.
Семинардың практикалық бөлімінде лицейдің мұғалімдері аудиторияларда Lego WEDO 2.0, Lego MINDSTORMS EV3 роботтарын қалай қолдану керектігі туралы шеберлік сыныптарын өткізді.

14.01.2022 ж. Атырау облысы білім басқармасының және «Арман-ПВ» баспасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің мұғалімде...
17/01/2022

14.01.2022 ж. Атырау облысы білім басқармасының және «Арман-ПВ» баспасының ұйымдастыруымен облыс мектептерінің мұғалімдерімен Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуде «Ақпараттық технологиялар және аналитика» бөлімінің басшысы Губайдуллина Г.Г. сөз бастады. «Арман-ПВ» баспасының бас редакторы Бекболатова А.Н. «Арманыңыздағы кітаптар» тақырыбында баяндама жасап, слайд-шоу көрсетті. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының авторы Көпеева Г.А. оқу-әдістемелік кешеннің мазмұнымен таныстырып, оны оқыту үдерісінде қолдану үшін тиімді жақтарын көрсетті. «Арман-ПВ» баспасының жетекші редакторы Бақтығалиева А.У. Ekitap.kz білім беру платформасына қалай тіркелу керек екендігін түсіндірді.
Семинар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар мен ұйымдастырушыларға «Арман-ПВ» баспасының атынан алғысымызды білдіреміз.

Қымбатты достар! Сіздерді Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын! 2022 жыл жақсылығымен, толағай табысымен келсін. Жаңа жоспар...
01/01/2022

Қымбатты достар!
Сіздерді Жаңа жыл мейрамымен құттықтаймын!
2022 жыл жақсылығымен, толағай табысымен келсін. Жаңа жоспарлар мен шығармашылық идеялар жүзеге асып, жақсы жаңалықтармен қуантсын. Мықты денсаулық, табандылық пен сәттілік серік болып, алға қойған мақсаттарыңызға жетіңіздер!
***
Дорогие друзья!
Примите мои искренние поздравления с Новым 2022 годом! Пусть этот год будет насыщен новыми планами, творческими идеями, хорошими новостями.
Желаю Вам неиссякаемой энергии, крепкого здоровья, удачи и достижения всех поставленных целей! Будьте счастливы! С Новым годом!
Ізгі ниетпен, «Арман-ПВ» баспасының директоры Дидара Султановна

Құрметті Гүлдана Амангелдіқызы! Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа,...
20/10/2021

Құрметті Гүлдана Амангелдіқызы!
Сізді бүгінгі туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Айналаңыз қуаныш пен шаттыққа, шат күлкі мен махаббатқа, мейірім мен қамқорлыққа толсын! Әр сәт сізге тек бақыт пен қуаныш сыйласын! Жұмысыңызға шығармашылық табыс тілейміз!

Ізгі тілекпен: Арман-ПВ баспасы

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып,  жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта ба...
01/10/2021

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойларына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Білім көшін бастап келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет үнемі арта бермек!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Шығармашылық ізденістеріңіз, ғылыми жаңалықтарыңыз толстамасын.

© «Арман-ПВ» баспасының ұжымы

*****

Поздравляем наших любимых учителей, которые посвятили своей работе всю свою жизнь, подарили нам не только знания, но и свою любовь. Спасибо вам за ваше душевное тепло, за мудрость, за честность и огромное терпение. Желаем вам счастья и здоровья, творческого вдохновения и неиссякаемой энергии, которые помогут вам воспитать еще не одно достойное, умное и образованное поколение.
С Днем учителя!

© Коллектив Издательства «Арман-ПВ»

07/09/2021

Как заказать книгу⁉️

Уважаемые учителя! Дорогие ученики, родители и все казахстанцы! Поздравляем вас с этим светлым, радостным и знаменательн...
01/09/2021

Уважаемые учителя! Дорогие ученики, родители и все казахстанцы! Поздравляем вас с этим светлым, радостным и знаменательным праздником – Днем знаний!
Этот день – общая радость для всех: первоклассников, спешащих переступить порог школы, вчерашних выпускников, решивших освоить профессию своей мечты, сегодняшних студентов, а также родителей, переживающих это состояние год за годом.
Именно в этот день со звуком первого звонка начинается этап становления каждого человека как личности и гражданина.
От всей души поздравляем всех с сегодняшним Днем знаний и началом нового учебного года. Желаем вам новых достижений и постоянного поиска, творчества, крепкого здоровья и успехов в ваших начинаниях! Пусть сегодняшний день станет для вас днем больших надежд!
С уважением, коллектив Издательства «Арман-ПВ»

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы ...
01/09/2021

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата-аналар және барша қазақстандықтар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн – еліміздің барлық тұрғындарына: мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары мен өзі армандаған мамандықты меңгеруге бет алған кешегі түлек, бүгінгі студенттер, осы күйді екінші рет бастан кешіп отырған ата-аналарға ортақ қуаныш.
Дәл осы күннен бастап, алғашқы қоңырау үнімен бірге әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады.
Баршаңызды бүгінгі Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және бастамаларыңызға тек қана сәттілік тілейміз! Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Құрметпен, «Арман-ПВ» баспасының ұжымы

10 тамыз – Абай күні!Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі.Бұл күн – біртұтас қазақ баласын бірлік...
10/08/2021

10 тамыз – Абай күні!

Абай тағылымына тағзым ету – Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі.
Бұл күн – біртұтас қазақ баласын бірлікке шақыратын, адамгершілікке үндейтін, «біріңді қазақ бірің дос» тұтатын қастерлі күн.
Абай күні – қазақтың ізгілік пен өркениет өріне басқан тағы да бір қайырлы қадамы!
Абай Құнанбайұлы – ғұлама ғалым, ойшыл ақын, ағартушы ұстаз ретінде ұлтымыздың тұғыры биік мақтанышы.
Абай шығармашылығы – әлемдік туындылар қатарында орын алған халқымыздың баға жетпес мұрасы мен рухани азығы.
Жас толқын үшін Абай сөзі мен өсиетін, даралығы мен даналығын насихаттау мақсатында «Арман-ПВ» баспасы «Абайтану» оқу-әдістемелік кешендері мен «Абай» әдеби-танымдық энциклопедиясын ұсынады.
Абайдай біртуар тұлғаның қалай өмір сүргені, білім алғаны, өзін-өзі дамытқаны, шығармашылығы – өзінше бір әлем. Абайдың бүгінгі ұрпақтарын осы әлемге саяхат жасауға шақырамыз.
«Абайды оқы, ерінбе!», «Абайды оқы, таңырқа!». Өйткені «Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы».

Address

Aksay 1a, 28B
Almaty
010000

Telephone

+77072037778

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when arman_pvbaspasy posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to arman_pvbaspasy:

Videos

Share

Category


Other Publishers in Almaty

Show All