SARYARQA.info

SARYARQA.info Saryarqa.info желілік басылымы және "Saryarqa" қоғамдық-саяси апт
(4)

Мемлекет, қоғам, саясат, экономика, әлеумет, денсаулық, білім беру, ғылым, қала шаруашылығы, т.б.

В области Ұлытау в рамках декады планируется открытие новых объектов бизнеса, вручение квартир очередникам, чествование ...
14/03/2024

В области Ұлытау в рамках декады планируется открытие новых объектов бизнеса, вручение квартир очередникам, чествование меценатов, конкурсы красоты и другие общественно важные мероприятия

Также в рамках декады на уровне области, районов и городов запланирован ряд культурно-познавательных, спортивно-массовых и благотворительных мероприятий.

В области Ұлытау праздник Наурыз будет отмечаться в новом формате. Об этом сообщили на брифинге в региональной службе коммуникаций области.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, Жаңа жыл ол үшін қастерлі мереке емес екенін, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз ...
07/01/2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, Жаңа жыл ол үшін қастерлі мереке емес екенін, өзіміздің төл жаңа жылымыз – Әз Наурыз бар екенін айтты.

Мемлекет басшысының төл жаңа жылымызды бірінші орынға қоюы жақсылықтың белгісі.

Наурыз – жаңару мен жаңғырудың символы екенін атап өткен мемлекет басшысы төл мерекеміздің мазмұнын байытып, оны барынша ерекшелеп, жаңаша атап өтуіміз керек екенін айтты.

14/12/2023

«Тексеру жүргізудің тәртібі мен негіздерін түсіндіру»
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары қызметінің
негізгі бағыттарының бірі «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы
есепке алу туралы» Заңға сәйкес тіркеу сатысында тексерулерді
тағайындаудың негізділігін зерделеу арқылы кәсіпкерлердің құқықтарын
мемлекеттік органдардың олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау
болып табылады.
Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеуші
саясатты енгізу туралы» Заң күшіне енді.
Реформа шеңберінде Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік
кодекске (бұдан әрі – Кәсіпкерлік кодекс) тексерулерді ұйымдастыру және
жүргізу тәртібіне қатысты өзгерістер енгізілді.
Кәсіпкерлік кодекстің өзгерістеріне сәйкес бақылау және қадағалау
субъектілерінің (объектілерінің) қызметін бақылау тексеру, тергеп-тексеру
және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Профилактикалық бақылау мынадай түрлерге бөлінеді:
1) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай
профилактикалық бақылау тәртіп салалық, заңнамада айқындалады.
2) бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы
профилактикалық бақылау тәртіп кәсіпкерлік кодекспен айқындалады,
жартыжылдық тізім негізінде жүргізіледі.
3) бақылау сатып алу-сату (тәртіп салалық заңнамамен айқындалады,
хабарлама сипатында болады).
Тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) тексерулер, берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат
беру талаптарына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жіберілген хабарлама бойынша талаптарға
сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер рұқсат беру құжаттары мен қызметінің
басталғаны туралы хабарламалар берілген жағдайда жүргізіледі.
2) жоспардан тыс тексерулер-адамның өмірі мен денсаулығына,
қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне тікелей
қатердің алдын алу және жою мақсатында нақты бақылау және қадағалау
субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексерулерді тағайындау
үшін негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау және
қадағалау органы тағайындайтын тексеру болып табылады.
Жоспардан тыс тексерулерді тағайындау негіздері Кәсіпкерлік
кодекстің 144-бабы 5-тармағымен қарастырылған.
Бақылау нысандарының бірі болып табылатын тергеп-тексеру
мемлекеттік органдардың Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 4-тармағына
және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына сәйкес жүзеге
2
асырылатын іс-қимыл кешені болып табылады. Тергеп-тексеруді жүргізу
тәртібі салалық заңнамада айқындалады.
Тергеп-тексеруді тағайындауға негіздер Кәсіпкерлік кодекстің 144-4
бабының 3-тармағымен қарастырылған.
Талаптарға сәйкестігін тексеру бекітілген кесте, бұрын берілген
рұқсаттар не келіп түскен хабарламалар, сондай-ақ тексеру басталғанға дейін
кемінде күнтізбелік 30 күн бұрын берілген тексеру жүргізудің басталғаны
туралы хабарлама болған кезде, оның басталу күні көрсетіле отырып
тіркеледі.
Тергеп-тексеру және бақылау мақсатында сатып алу құқықтық
статистика және рнайы есепке алу органдарында тіркелмейді.
Сонымен қатар, тіркеу және есепке алу субъектілері бақылау сатып
алуды, тергеп-тексеруді өткізудің басталғаны және олардың нәтижелері
туралы құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарын шешім
қабылдау қорытындылары бойынша келесі жұмыс күні ішінде «Тексеру
субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі» ақпараттық жүйесі
арқылы хабардар етеді.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар тарапынан негізсіз тексерулер
тағайындау фактілерінің жолын кесу үшін «Qamqor» ақпараттық сервисі мен
мобильді қосымшасы жұмыс істеуді жалғастыруда.
Тіркелген пайдаланушыларға мобильді қосымша арқылы алдағы
тексеру туралы хабарлама жіберіледі.
Тексеру туралы толық ақпаратты Комитеттің www.qamqor.gov.kz
порталы арқылы тиісті өріске тексеру актісінің тіркеу нөмірін толтыру
арқылы алуға болады.
Мемлекеттік органдармен кәсіпкерлерге қатысты заңсыз тексерулер
тағайындалған жағдайда ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика
және арнайы есепке алу жөніндегі Комитеттің Ұлытау облысы бойынша
департаментіне (мекен-жайы: Жезқазған қаласы, Алашахан даңғылы, үй №1,
№220 кабинет) келу арқылы немесе 8 (702)756-33-22 байланыс телефонына
қоңырау шалу арқылы хабарлай аласыздар.
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы
Құқықтық
статистика
есепке
және арнайы
алу
жөніндегі
комитетінің Ұлытау облысы
бойынша департаменті

14/12/2023

Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында
прокуратураға жүгіну тәртібін түсіндіру
Жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын жан-жақты, сапалы қарау,
азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру прокурорлар жұмысының
басым бағыттарының бірі болып табылады.
«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық
заңының қабылдануына байланысты прокурорлардың жолданымдарды қарау
негіздерінің нақты тізбесі айқындалды.
Прокурордың дауға араласуын болдырмайтын, нақты уәкілетті
органдардың жолданымдарды қарау қажеттілігі, қадағалауды жүзеге асыру кезінде
прокуратура органдарының өзге де мемлекеттік органдардың функцияларын
алмастырмауын «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық
заңының 5-бабы 4-тармағының талаптарымен көзделген.
Аталған заңға сәйкес прокуратура органдары келесі жолданымдарды
қарайды:
 өзін қорғай алмайтын адамдардың (физиологиялық ерекшеліктеріне,
психикалық ауытқуларына және басқа жағдайларға байланысты өз
құқықтарын қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтын), шектеусіз адамдар
мен кәмелетке толмағандардың мүддесі үшін;
 Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен ұлттық
қауіпсіздігіне төнетін қатерді болғызбау мақсатында;
 заңдылықты бұзу фактілері бойынша оларды жоймау адамның өмірі мен
денсаулығына зиян келтіруге әкеп соғатын;
 Қазақстан Республикасы Президентінің және Бас Прокурордың
тапсырмалары бойынша.
Жоғарыда көрсетілген санаттардан басқа, егер адамның және азаматтың,
қоғамның немесе мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау құзыретіне кіретін,
уәкілетті орган тиісті түрде қамтамасыз етпесе не уәкілетті орган болмаған кезде
прокуратура органдарымен жолданымдар қаралады.
Сондай-ақ, Азаматтық процессуалдық кодекске сәйкес прокурорлар
мемлекет пен қоғамның, өз құқықтарын өз бетінше қорғауға қабілетсіз адамдардың
мүдделері қозғалған жағдайларда, сондай-ақ заңда белгіленген немесе
прокурордың қатысу қажеттілігін сот мойындаған жағдайларда ғана сот
шешімдеріне шағымдарды қарауға өкілетті.
Өз кезегінде, жеке-құқықтық даулар бойынша дауласушы тараптар сот
актілеріне сотқа дербес шағымдануға тиіс.
Сондықтан, егер жолданымдар көрсетілген талаптарға сәйкес келмесе, онда
азаматтар мен заңды тұлғалар өз құқықтарын қорғау үшін тікелей уәкілетті
органдарға немесе сотқа жүгінуі керек.
Бұл талаптар қарау тәртібі қылмыстық-процессуалдық, азаматтық-
процессуалдық кодекспен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамамен,
сондай-ақ жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметі саласында белгіленген
жолданымдарға қолданылмайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптарды білу жолданым берушілерге қажетті
адресатқа дереу жүгінуге мүмкіндік береді, яғни мәселелерін шешуді жеделдетеді.
Қазақстан Республикасы Бас
прокуратурасы
Құқықтық
статистика
есепке
және арнайы
алу
жөніндегі
комитетінің Ұлытау облысы
бойынша департаменті

14/12/2023

Прокуратура органдарында жеке қабылдау тәртібін түсіндіру

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ҚР Бас
прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті
Ұлытау облысы департаментінің (бұдан әрі – департамент) бастығы, бастығының
орынбасары және бөлімдерінің бастықтары жүзеге асырады.
Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен қабылдау күн сайын, алдын ала
жазылусыз, департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00
ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.
Жеке қабылдау туралы өтініште мәселенің мәні баяндалмаса, оны берген адамға
қараусыз қайтарылады.
Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау
аудармашының қатысуымен жүргізіледі.
Сонымен қатар, департамент басшылығы қала сыртындағы келушілерді
қолданыстағы кестеге қарамастан өтініш берген күні қабылдайды.
Қабылдау өтініштің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына
қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер, "Алтын Қыран"
ордендерімен марапатталған, "Халық қаһарманы", "Қазақстанның Еңбек ер" атақтары
бар адамдар кезектен тыс қабылданады.
Қабылдау кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі өзінің жеке басын
куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың
мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады.
Өтініш берушілердің келісімімен қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы
жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке қабылдау ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы
есепке алу жөніндегі комитеті департаментінің бастығы бекіткен Ұлытау облысы
бойынша келесі кестеге сәйкес жүзеге асырылады:
Лауазымды тұлғалардың
ТАӘ
Қабылдау
күндері
Қабылдау
сағаты
Қабылдау орны

Сәкен Олжабайұлы Ыдырыс
Департамент бастығы


дүйсенбі-жұма

09:00-18:30

Жезқазған қ.,
Алашахана
даңғылы 1,
2 қабат

Ерлан Муратханович
Таймурзинов
Департамент бастығының
орынбасары

дүйсенбі-жұма


09:00-18:30

Жезқазған қ.,
Алашахана
даңғылы 1,
2 қабат

Қанат Қисапұлы Қисап
Департаменттің қылмыстық
саладағы құқықтық ақпаратты
қалыптастыру бөлімінің бастығы


дүйсенбі-жұма


09:00-18:30

Жезқазған қ.,
Алашахана
даңғылы 1,
2 қабат
Оразхан Бауыржанович
Ускембаев
Департаменттің азаматтық және
әкімшілік салалардағы құқықтық
ақпаратты қалыптасатыру
бөлімінің бастығы
дүйсенбі-жұма
09:00-18:30
Қазақстан
Жезқазған қ.,
Алашахана
даңғылы 1,
2 қабат
Республикасы
прокуратурасы
Бас
Құқықтық
статистика және арнайы есепке алу
жөніндегі комитетінің Ұлытау
облысы бойынша департаменті

14/12/2023

Дархан ЖАЗЫҚБАЙ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы маңызды қадам – мемлекеттік аппараттың жұмысын оңтайлы әрі тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бұл бағытта бірқатар кешенді жұмыстар атқарылуда.
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту жаңа кезеңдегі басым бағыт ретінде белгіленген. Мұны іске асыру халыққа әділ, адал, ашық қызмет көрсететін, адамға бағдарланған сервистік сипаттағы мемлекеттік аппарат қалыптастыруды көздейді.
Осыған орай, әлемдік тәжірибедегі жетістіктер мен мемлекеттік қызметтің мансаптық және позициялық модельдерінің ұтымды элементтері ескеріліп, елімізде мемлекеттік аппараттың жұмысын тиімді ұйымдастыру жаңаша сипатта өріс алуда. Нақтырақ айтсақ, мансаптық модельге сәйкес, іріктеудің ашық жүйесін қамтамасыз ете отырып, жас мемлекеттік қызметшіге төменгі лауазымдардан бастау арқылы меритократия қағидаты бойынша өсу мүмкіндігі, ал позициялық модельге сай жеке сектордан кәсіби мамандарды тарту тетіктері енгізіліп отыр.
Кадрларды іріктеудің ашық, әділ жүйесін қалыптастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудағы басты қадам. Осы орайда агенттікпен мемлекеттік қызметтің барынша ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Е-қызмет» жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Мемлекеттік қызметке жаңа іріктеу алгоритмі әзірленіп, конкурстық рәсімді өткізу форматы қайта қаралды. Конкурстың жетілдірілген тәртібі үміткерлерге алдын ала белгіленген уақытта өтетін әңгімелесуден басқа барлық кезеңдерде әлемнің кез келген нүктесінен және кез келген уақытта конкурсқа қатысуға мүмкіндік береді. «Адами фактордың» ықпалын және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін іріктеу кезеңдерінен өту кезінде үміткерлер туралы ақпарат толығымен жасырылып, оларға ID-нөмір беру көзделген. Бұған қоса прокторинг жүйесі үміткерлердің тестілеу кезіндегі жасаған іс-әрекеттерін қадағалайды. Конкурс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған үміткер жеңімпаз ретінде жүйемен анықталады. Мұның мемлекеттік қызметке тамыр-таныс арқылы орналасу туралы стереотипке тосқауыл қояры анық.
Әлемдік тәжірибеде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тосқауыл ретінде ротациялау институты кеңінен қолданылады. Қызметшілерді ротациялау олардың кәсіби әлеуеті мен басқару тәжірибесін тиімді пайдалануды жүзеге асырып, сыбайлас жемқорлықтың орын алу тәуекелдерін азайтады.
Бұған дейін тиісті қызметтік баспаналармен қамтамасыз етуге мүмкіндіктің шектеулігі ротациялауды тежейтін өзекті мәселелердің бірі болған еді. Агенттік бастамасымен заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді басқа елді мекенге ротацияланған қызметшілерге тұрғын үйді жалдау үшін ротациялық төлемдер төленеді. Бұл шара мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды кедергісіз жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал бір орнында ұзақ отыру факторын болдырмау сыбайлас жемқорлықтың орын алу тәуекелін азайтады.
Мемлекеттік қызмет жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты құралы ретінде мемлекеттік қызметшілер үшін этикалық стандарттарды белгілейтін Әдеп кодексі қолданылады.
2022 жылы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі жаңа редакцияда қабылданды. Онда ашықтық, әділдік, адалдық, сыпайылық, адал ниеттілік, және адамға бағдарлану – мемлекеттік қызметтің негізгі әдептік қағидаттары ретінде белгіленді. Осылайша, қызметшілер жұртшылықпен жұмыс істеуге дайын екенін көрсетіп, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуі, халықтың сұранысына сай қызмет көрсетуі және азаматтардың өтініштерін қарау кезінде әуре-сарсаңға жол бермеуі тиіс.
Еліміздің барлық өңірлерінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар әзірлеуді көздейтін Әдеп кеңестері жұмыс атқарады. Олардың басты міндеттерінің қатарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын бұзу профилактикасы бойынша жұмыс қорытындыларын қарау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу нысандары мен әдістерін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар әзірлеу арқылы сыбайлас жемқорлықты ескерту мен оның алдын алу кіреді. Бұл бағытта, Әдеп жөніндегі уәкілдер тарапынан жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жыл басынан 17 мыңнан астам азамат пен қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшыларына қоластындағы қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін жауаптылық қарастырылған.
Ағымдағы жылы осы мәселені күшейту мақсатында заңнамаға толықтырулар енгізілді. Енді қоластындағы қызметшісі бірнеше рет немесе ірі және аса ірі мөлшерде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаса, саяси мемлекеттік қызметшінің тәртіптік жауапкершілігі міндетті түрде қаралатын болады.
Сонымен қатар, саяси мемлекеттік қызметші бұрынғы жұмыс орны бойынша қызметі кезеңінде өзіне тікелей бағынысты қызметшінің сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін отставкаға кету жауапкершілігінен босатылмайды.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың тиімді тетіктерінің бірі. БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамытудың жаһандық рейтингінде Қазақстан
28-орынға көтерілді. Бүгінде мемлекеттік қызметтердің 93%-ы электронды түрде көрсетілуде. Бұл адам факторының орын алмауына үлкен септігін тигізуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылауды жетілдіру аясында проактивті мониторинг жасау арқылы құқық бұзушылық орын алған жағдайда заңдылықты орнату тәжірибесі басталды. Жүргізілген мониторинг өңірлерде алты жүзге тарта негізсіз бас тарту және толық жауап жолдамау фактілерін анықтап, қызмет алушылардың құқығы қорғалды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласын одан әрі жетілдіру аясында Агенттікпен «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңға енгізілетін түзетулер әзірленуде. Соған сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бас тартусыз рәсімдерге» көшу, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын дереу қалпына келтіру жүйесін қалыптастыру қарастырылуда.
Сондай-ақ мерзімдерді есептеу, халықаралық-құқықтық қатынастар институттарын енгізу, клиентке бағдарлану, проактивтік, композиттік, эксаумақтық, көрсетілетін қызметті берушіге сенім және оның дербес жауапкершілігі қағидаттарын енгізу жөнінде ұсыныстар әзірленді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуді реттеп отырған нормативті құқықтық базаларды талдау нәтижесі бойынша Агенттікпен тиісті мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жоюға қатысты 470 ұсыныс енгізілді.
Агенттік мемлекеттік қызмет көрсетуде ешқандай құпия болмауы тиіс және ол толықтай ашық болуы керек деген айқын ұстанымда.
Мемлекеттік аппарат қызметінде бюрократияның орын алуы оның тиімділігін төмендетіп, сыбайлас жемқорлық тәуекелін тудыруы мүмкін екендігін ешкім жоққа шығармайды.
Президенттің мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы Жарлығына сәйкес Агенттікпен жүргізілген мониторинг және талдау нәтижелері бойынша бюрократиялық кедергілерді жоюға қатысты 373 ұсыныс әзірленді.
Бұл ұсыныстар сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға және артық бюрократиялық кедергілерді жоюға қатысты болып отыр. Мұның барлығы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің жұртшылық үшін ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз етіп, заңға қайшы түрлі әрекеттердің орын алмауына септігін тигізеді деп күтілуде.
Жемқорлыққа жаппай төзімсіздікті қалыптастыру және оның қоғамдағы әділдік принциптеріне қайшы әрекет екендігін әр адамның саналы түрде сезінуі, түсінуі маңызды.
Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда «Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана-сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой-беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс. «Адал азамат» дегеніміз – осы» деп атап өтті.
Жеке бастың қамынан көрі елдік мүддені биік қою адамды абырой биігіне көтерері анық. Қоғамдық санада адамшылық қасиеттер мен ар-ұждан жоғарғы идеалдарға айналғанда ғана әр адам өз басының пайдасын емес, елдің қамын ойлайтын азаматтық сана деңгейіне көтеріледі. Ол үшін рухани-адамшылық құндылықтарды адамның бойына сіңіру мен тұрақтандыруды ерте жастан бастау қажет. Мұны тәрбие, білім беру үрдісімен бірге жүргізу керек. Адалдықты адамшылықтың өлшемі ретінде бойына сіңірген адамдардың мемлекет пен қоғамға тигізер пайдасы қашанда зор. «Адал азамат» болу әр адамның өзі өмір сүріп отырған мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезінуінен басталады.
Бүгінде Агенттік алдында мемлекеттік қызметшілердің «Адал азамат» идеалдарына сай келетін кәсіби және тұлғалық қасиеттерін үнемі ілгерілету міндеті тұр. Бұл нені білдіреді? Әрбір мемлекеттік қызметші сыбайлас жемқорлық көріністеріне, мемлекеттік қызметке кір келтіретін бюрократияға, көзбояушылық формализмге, жұмыстың имитациялық сипатына және қызметтің жасанды декларативті элементтеріне жол бермей, жұмыс тәсілін өзгертіп, жаңаша серпінге қадам жасауы керек. Ең бастысы қоғам мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя алатын тұлғалық қасиетке ие болуы тиіс. Осы талаптарды енгізу тетіктерін қалыптастыру Агенттік жұмысының басым бағыттарының бірі.
Жемқорлық деңгейі төмен елдердің тәжірибесі бұл дерттің алдын алудағы ең басты және стратегиялық тұрғыда ең пәрменді шара – қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру екенін көрсетіп отыр. Жемқорлық – бұл тұтас қоғам болып күресетін дерт. Бұл жалпы азаматтарымыздың, әсіресе мемлекеттік қызметшілердің саналы өзгеруі бағытында жүргізілетін кешенді идеологиялық жұмысты қамтиды.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларына қатысты бүгінде Агенттікпен жасалып жатқан жұмыстар сыбайлас жемқорлықтың орын алуына мүмкіндік тудыратын түрлі кедергілерді жоюмен, оның себептерінің алдын алумен байланысты болып отыр. Жемқорлыққа жол бермеу басты назарда. Бұл жұмыс тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

11/12/2023

Сауатты реформа – саяси жаңғырудың кепілі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформалары арқылы қоғамда қордаланған мәселелерді жүйелі түрде шешіп келе жатқанын елімізде іске асқан жобалардан көре аламыз. Халқымыздың өмірін жақсартуға бағытталған 2025 жылға дейін ауыз сумен қамту мәселесі біздің облысымыз, әсіресе Жезқазған қаласының тұрғындары үшін аса маңызды. Су сапасы жақсарса, адамның денсаулығы жақсаратыны бәріне мәлім. Өндірісті өңірлердің экологиялық хал-ахуалына назар аударылатыны көңіл қуантады.
Әсіресе, тарихи-мәдени мұраны қорғау және зерттеу, туризм обьектілеріне орасан зор көңіл бөлу сынды тапсырмалары ел мәдениетіне жасалған қамқорлық деп білемін. Қ.К.Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің туристік әлеуетін пайдалану қажет, ол үшін туризм серпінді жобалар қатарында болуы керек деп айрықша тоқталды. Отандық туризмді дамытуға басымдық берілді. Өзіміздің киелі Ұлытау облысының туризмін дамыту музейлер, қорық-музейлер, турфирмалар және жергілікті әкімшіліктің ынтымақтастықта жұмыс жасауы арқылы жүзеге асырылады. Атадан мирас болып қалған асыл мұраларымыз, тарихи ескерткіштерімізді көздің қарашығындай сақтап, мәдениетімізді әлемнің өзге халықтарына паш ету арқылы біз өзіміздің ұлттық құндылықтарымыз бен рухани қазынамызды болашақ ұрпаққа сол қалпында жеткізе аламыз.
Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалуын, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын қамтамасыз етеді. Өнердің, музейтанудың, және мәдениеттанудың барлық салаларында ғылымды дамыту жеке назар аударуды талап етеді.
Балалар – біздің болашағымыз, осы ретте «Ұлттық қор балаларға» жобасы аясында келешек ұрпақтың болашағына инвестиция салу қолға алынды. Саналы, білімді, тәрбиелі ұрпақ өсіру үшін бар жағдай жасалған. Ұстаздықтың жолын таңдаған әр адамның бойында білімді жетілдіру, іздену, тынымсыз еңбек ету мақсаты тұру керек. Әр адам елім үшін, жерім үшін деп адал қызмет етуді алға қойса, мемлекетіміз дамиды.
Негізгі бағдарламалық құжатта Президентіміз еліміздің өзекті мәселелері мен олардың шешу жолдары туралы айтты. Әр қазақстандық өз мойнына жүктелген міндеттерді дұрыс, адал орындауы арқылы қоғамның дамуына өзіндік үлесін қосады.
Еліміздің гүлденіп, мемлекетіміздің қуаты артып, халқымыздың денсаулығы мықты болып, бақытты өмір сүргенін көргіміз келеді. Бұл бүкіл қазақ елінің арманы емес пе? Президент реформалары дамудың айқын бағыттары, сондықтан отандастарымыз осы реформалардың жүзеге асуы үшін жұмыстар атқарып, елмен бірге өркендесе деймін.

Республика күні ұлттық мереке Республика күні – Ұлттық мереке.1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі туралы д...
25/10/2023

Республика күні ұлттық мереке

Республика күні – Ұлттық мереке.
1990 жылдың 25 қазанында Қазақ КСР-нің егемендігі туралы декларация қабылданды.
Декларация еліміздің тәуелсіздігінің негізін қалады.
Декларацияда Қазақстанның шынайы егемендігінің барлық атрибуттары бекітілді (өз аумағы мен азаматтығы; мемлекеттік биліктің тәуелсіздігі мен толықтығы; мемлекеттік бюджет; халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік, мемлекет егемендігінің классикалық рәміздері – Елтаңба, Ту, Әнұран, өзінің ұлттық валютасы).
Сондықтан бұл күн мемлекеттік мереке болып бекітілді.
Алайда 2009 жылы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.
2022 жылғы 29 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес аталған Заңға өзгерістер енгізіліп, Республика күні қайта жаңғыртылып, оған Ұлттық мереке мәртебесі берілді.
Қазір түтіні түзу ұшқан елдердің көбі заман талабына сай жаңа технологиялық дамудың жалына жармасқан.
Демек, өзіндік саяси бағыт-бағдары, үдемелі үдерісі бар Қазақстанға да бұл жол жат емес.
Бүгінде еліміз индустриалды-инновциялық дамудың дербес даңғылын таңдап, жеделдетілген бағытын қолға алған.
Яғни, экономиканың қуатын күшейтіп, тамырын тереңдету үшін заманауи талапқа сай өнімді күштердің жаңа құрылымын жасап жатыр.
Өйткені экономикалық мүддеге сүйенген елдің келешегі кемел. Ол, әрине, әлемдік экономикадағы еншімізді еселеп, даму бағытын ширату.
Отандық тауарды өткізу аясында жыл сайын кеңіп келді. Осының бәрі елдігіміздің арқасы. Мемлекет болып қалыптасуымыздың жемісі.
Бабаларымыз бағзы заманнан армандаған осы күнге оңай жеттік пе?
Тар жол, тайғақ кешуге тап болса да, теңдіктің туын көкке көтерген қазақ, сан ғасырлар бойы азаттықты аңсап өтті.
Ереуіл атқа ер салып, елім деп өткен есіл ерлердің ерлік жолдары бүгінде тарихтың қалың беттерінде хаттаулы.
Олардың соқтықпалы соқпақтарда сынбаған сағы, езілмеген еңсесі өскелең ұрпаққа өлмес өнеге. Сол өнеге бүгінгі жастарға қуат беруі керек. Ал олар қуатты болу үшін ұлттық тәрбие басты назарда болса игі.
Біздің басты мақсатымыз - халқымыздың басты құндылықтары болып саналатын бірлікті, тәуелсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында заңдылықты сақтау.

Ұлытау облысының
прокуроры​​​​​​​​ Ж. Еламанов

Адал еңбектері әділ бағаланды Республика күні мерекесіне орай Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде Ұлытау облысының мәд...
25/10/2023

Адал еңбектері әділ бағаланды


Республика күні мерекесіне орай Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен және «Облыстық мәдени-сауық және шығармашылық ғылыми-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік шараның басты мақсаты – ұлттық мереке мәртебесін қайтару, халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайту, сондай-ақ, тұтас ұлтымыздың дербес дамуына ұмтылысын дамыту.
Аталмыш іс-шара 4 бағытта жасалған «Қыран елім – Қазақстан!» атты көрмесімен безендірілді (І стенд – Ұлытау облысының құрылу тарихы; ІІ стенд – Ұлытау облысында өткен айтулы оқиғалар; ІІІ стенд – спорт және т.б. сала жеңімпаздарының фотогалереясы; IV стенд – әр сала бойынша бейбіт күннің батырлары).
Достық үйінің фойесінде «Қарақат» мектеп студиясының домбырашылар ансамблі ұлттық әуендермен келуші қонақтарды қарсы алды.
Республика күні – ұлттық мейрам. «Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек. Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн мемлекеттік мереке болып қала береді. Бірақ, тәуелсіздік алуға зор үлес қосқан ұлттық батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуі керек»,– деген болатын президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытауда өткен Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысында.
Іс-шара жүру тәртібіне сәйкес алғашқы салтанатты бөлімде марапаттау рәсімі өтіп, Ұлытау облысының құрылуына өлшеусіз үлес қосқан азаматтар түрлі марапаттарға ие болды.
Ең алдымен сөз алған облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы: – Мемлекет басшысы Ұлытау өңірінің дамуына ерекше назар аударып, зор көңіл бөліп отыр. Мұның да өзіндік себебі бар. Қазақ хандарының атасы Жошы хан мәңгілік пана тапқан, қазақтың соңғы ханы Кенесарыны ақ киізге көтеріп, таққа отырғызған Ұлытау – қазақ мемлекеттігінің негізгі символы, ұлт тарихының ажырамас бөлігі саналатын айтулы оқиғалардың куәсі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады». Елдің егемендігін нығайтып, экономикалық әлеуетін арттыруда өз ісіне адал, кәсіби білікті азаматтардың орны ерекше. Әрбір еңбек адамы Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосуда. Ол азаматтар Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Мемлекет басшылығы тарапынан әділ бағасын алып, биік марапаттарға ие болуда. Бұл да – Әділдік қағидаттарының күнделікті өмірімізге берік орнығып жатқанының айғағы. Бүгін осы залда бірқатар жерлестерімізге мемлекеттік наградаларды, «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын табыстайтын боламыз,– деп жүрек жарды лебізін білдіріп, марапаттау рәсімін жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қазандағы 2023 жылғы №377 Жарлығымен Ұлытау облысы бойынша «Құрмет» орденімен «Талап» қоғамдық қайырымдылық қорының төрағасы Рахым Арыстанбаев, жеке кәсіпкер Алаш Тұрлыбек, Еңбек ардагері, ұлағатты ұстаз Нүрия Жұмажанова, «Аружан» шаруа қожалығының басшысы Сәкен Оспанов, Ұлытау облыстық мәслихатының төрағасы Бауыржан Шыңғысов, Сәтбаев қаласының №1 орталық ауруханасының директоры Жомарт Аханов және «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарсақбай металлургия зауытының директоры Мұрат Мәткенов, Жезқазған қазақ музыкалық-драма театрының әртісі Дүйсенбек Кенжеев марапатталды.
«Парасат» орденімен «Бірлестік» шаруа қожалығының мүшесі Азамат Ахметов, ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инженері Сайлаубек Бәрікенов, Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорынының слесарі Нұрланбек Қалмұрзаев және «Жәйрем кен-байыту комбинаты» Акционерлік қоғамының Жөндеу-механикалық базасының токарі Шахислам Мұсаев марапатталса, ал, «Ерен еңбегі үшін» медалі «Ремстрой» жауапкерлігі шектеулі серіктестігінің директоры, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаты Николай Распоповқа, «Қазақмыс» корпорациясы» филиалының Шығыс Жезқазған кенішінің жарушысы Бақыт Садырбековке, Өмірхан Байқоңыров атындағы Жезқазған университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Кенжебай Ахметовке, Ұлытау ауданының №11 жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Шайзат Тілеуоваға, Тренер Владимир Коникке, Еңбек ардагері Шолпан Хамзеге, «Ұлытау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тасболат Шайхинге, Ұлытау облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясының төрағасы Зина Ақылбековаға, Тренер-оқытушы Егор Борисовке, «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің редакторы Ғазиз Ештанаевқа, Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі Тілектес Досаевқа, «Қаратал» өндірістік кооперативінің бас дәрігері Жұмакүл Қалмағамбетоваға және жеке кәсіпкер Серік Салиховқа бұйырды.
«Шапағат» медалін Жәйрем кенті ауруханасының хирург дәрігері Серік Баедилов, Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша әлеуметтік қызметкері Света Баймағанбетова, С.Сейфуллин атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Амангелді Бұқар, Ұлт құндылығын ұлықтауға арналған әр түрлі байқаулардың жеңімпазы Максим Ентальцев, Облыстық көпбейінді аурухананың урология бөлімінің меңгерушісі Боранбай Әбенов және «Ұлытау мейірім» қоғамдық бірлестігі қамқоршылық кеңесінің төрағасы Бауыржан Мұқашев иеленді.
Және бірқатар Ұлытау өңірінің дамуына ерекше үлестерін аянбай қосып жүрген жерлестер Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасына, Ұлытау облысының Құрмет грамотасына және Қазақстан Халқы Ассамблеясының Алғыс хатына ие болды.
Сонымен қатар, ІІ дәрежелі «Айбын» ордені Ұлытау облысының полиция департаменті бастығы Қайыркен Әлиевтің, Қазақстан Халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС N° 1,2,3 Жезқазған байыту фабрикаларының директоры Мұрат Бөрібаевтың еншісіне бұйырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 16 қыркүйектегі 2023 жылғы №356 Жарлығымен көп балалы ана Гүлбақыт Дәуітбаева мен Сандуғаш Досанова «Алтын алқа» алқасымен, ал, Ләйлә Қожабаева мен Нұрсәуле Толқынбекова «Күміс алқа» алқасымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Сәтбаев қаласы емханасының функционалды диагностика дәрігері Светлана Ниязбек, Жезқазған қаласының облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігер-терапевті Алтыншаш Ысқақ және Ұлытау ауданы ауруханасының жалпы тәжірибелі дәрігері Ұлмекен Қожас марапатталса, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі Жезқазған қаласының облыстық жоғары медициналық колледжінің бас бухгалтері Махаббат Сыздыққа бұйырды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін Жаңаарқа ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары Фаризат Зарубаева пен Қаражал қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Нұргүл Абдрахманова иеленді.
Салтанатты кеште облыстық мәслихаттың төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтау сөз сөйлеп, «Ұлытау облысының құрметті азаматы» атағын тапсырды.
«Ұлытау облысының Құрметті азаматы» атағы Қазақстан Жазушылар одағы Ұлытау облысы филиалының директоры, «Ұлытау және Ұлт» журналының директоры Батырбек Мырзабековке, Еңбек ардагері, театр өнерінің тарланы Досжан Жанботаевқа, Еңбек ардагері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры әрі «Халық әндері» кафедрасының меңгерушісі, дәстүрлі әндердің дүлдүлі Қайрат Байбосыновқа, Еңбек ардагері, өндіріс саласының майталманы, профессор Қайсар Телешевке және ғалым, бірнеше ғылыми еңбектердің авторы Күнсұлу Закарьяға берілді.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Үздік өлкетанушы» төсбелгісінің Кенжал Балкенов, «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісінің және «Педагогикалық жетістіктері үшін» Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгісінің иегері Кенжегүл Құдайбергенова және Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері Бекболат Шаймағанбетов «Жезқазған қаласының Құрметті азаматы» атағын иеленді.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тапты. Сахна төрінде қазақ эстрадасының жұлдыздары Жанболат пен Жазира, Еламан Маженов,Жезқазғанның тумасы, Айман Мұсаходжаеваның шәкірті, «Шабыт» халықаралық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы және Президент Кубогының иегері, скрипкашы Жібек Мусургалиева, Аружан Жакупбекова, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, І, ІІ, ІІІ бүкілодақтық халық шығармашылығы байқауларының лауреаты Серік Оспанов, Австрия мемлекетінде өткен «Зальцбург - стар» халықаралық конкурсының лауреаты, Тайжан Қалмағамбетов атындағы филармония әншісі Эльмира Дәулетова, Корея мемлекеті, Сеул қаласында өткен халықаралық жарыстың чемпиондары, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері, спорттық би және чир-спорт бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасының мүшелері, спорттық би бойынша «Спорт шеберінің кандидаттары» атағының иегерлері «AisDance» би мектебі және халықаралық, республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпаздары «Дамира» би ансамблі өнер көрсетті.
Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам. Сондықтан осы мерейлі күн - азаматтарымыздың өзара түсіністігін, тұтас ұлтымыздың еркін өмірге және дербес дамуға ұмтылысын паш ететін мереке!
Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн!

Еркебұлан Егінбайұлы

Address

Бейбітшілік даңғылы, 13
Zhezkazgan
100600

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77102201988

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when SARYARQA.info posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to SARYARQA.info:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Zhezkazgan

Show All

You may also like