«Астана — еліміздің жүрегі, Отанымыздың тірегі»
Астана күні ел тарихындағы Ұлы жеңістің бірі.
Осындай айтулы күндегі мерекелік шара Алакөл ауданында «Астана» саябағында «Астана — еліміздің жүрегі, Отанымыздың тірегі» тақырыбында аталып өтті. Ең алдымен келген қонақтар Астана туралы баяндалған «Ұлтымыздың бақ ордасы — Астана» тақырыбындағы кітап көрмесіне шолу жасады.
Алаңға аудандағы өнер иелерінің «Астана» тақырыбында салынған сурет көрмесі орналастырылып, «Баба жолы» шеберханасының ұлттық бұйымдары халық назарына ұсынылды.
Сондай-ақ, шарада аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен
оқушылар арасында «Еңселі Елорда балалар көзімен» тақырыбында сурет байқауы өткізілді.
Сурет салу байқауының үздігі атанған жеңімпаздарға Алғыс хаттар табыс етілді.
Мерекелік іс-шарада патриоттық әндер айтылды. З.Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйі мен Үшарал балалар шығармашылық орталығының өнерпаздары орталық алаңды әсем әнге бөлеп, аудан тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Аудан әкімі А.Абдиновтың Сапақ ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі
Аудан әкімі А.Абдиновтың Жанама ауылдық округінің тұрғындарымен кездесуі
Алакөл ауданы әкімінің орынбасары М.Төлеужанов бұқаралық ақпарат құралдары күніне орай ауданның БАҚ өкілдерін салтантты қабылдады.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары ауданның ақпараттық саясатына және әлеуметтік-экономикасының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар БАҚ өкілдерін аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттармен марапаттады.
№ 11 КҚ дауылды ескерту 2022 жылғы 07 маусымнан 2022 ж. 08 маусымнан 09 сағ. 08 маусымның 21 сағ. аралығы 08 маусымда күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Онтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі.
Жаздық балалар сауықтыру лагерлеріндегі өрт қауіпсіздігі
Балалардың сауықтыру лагерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету өте маңызды орын алады, өйткені өрт материалдық шығын келтірумен қатар, балалардың өміріне едәуір қауіп төндіруі мүмкін екендігі бәрімізге мәлім. Сондықтан балалар демалатын лагерлерде жұмыс істейтін әрбір қызметкер өрт қауіпсіздігінің белгіленген ережелерін біліп, оны қатаң сақтауға тиісті. Өрттер туындаған мезетте ол ең алдымен балаларды құтқаруға байланысты барлық шараларды қабылдап, содан кейін өртті сөндіру жөнінде шаралар қабылдаған жөн.
Қолданыстағы өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес мыналарға жол берілмейді:
1) ғимараттарды жанғыш материалдармен, оның ішінде сабанмен, жаңқамен, қамыспен, жоңқамен жабуға;
2) балалар бар ағаш ғимараттарда асүйлер, кір жуатын орындар орнатуға;
3) отқа төзімділігі IV және V дәрежелі ғимараттар мен құрылыстарда 50-ден астам баланы орналастыруға;
4) жазғы кезеңде балалар жұмыс істейтін үй-жайларда пеш жағуға, керосинді және электрмен жылыту аспаптарын қолдануға;
5) легерь аумағында зақ
ҚР Мемлекеттік Рәміздері күніне орай автошеру өткізілді
Аудан әкімі А.Абдинов «Facebook» әлеуметтік желісін қолданушы Айдын Егеубаевтың Алакөл ауданына қатысты көтерген өзекті мәселелері бойынша Үшарал қаласының тұрғыны Қанат Байболатов пен Беделхан Жанпейсовті қабылдап, Заңға сәйкес тиісті жауаптары берілді.
Ақындар жырлаған Ақтүбек ауылы!
Ынталы ауылдық округінің әкімі Р.Мамырбековтың жарияланған ақпаратқа сәйкес жауабы.
Бүгінгі күні ауданымызда алаяқтықтың алдын–алу мақсатында бірқатар іс–шаралар ұйымдастырылып, қолға алынуда. Десе де, азаматтар ұялы телефон арқылы ақша жымқыратындарға алдану үстінде. Осыған орай, аудан тұрғындарына аудандық прокуратура және полиция қызметкерлері ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы аудан әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.