Dana.qaz

Dana.qaz Тарихи, танымдық, тәрбиелік бағыттағы журнал; Қазақша кітаптар; ҰБТ-ға дайындық
(1)

«Махаббаттың бес тілі» алғаш рет 1992 жылы АҚШ-та жарық көрді. Бұл кітап содан бері 38 тілге аударылып, миллиондаған дан...
21/04/2023

«Махаббаттың бес тілі» алғаш рет 1992 жылы АҚШ-та жарық көрді. Бұл кітап содан бері 38 тілге аударылып, миллиондаған данасы сатылды. Автор кітапта берік отбасы мен бала тәрбиесіне қатысты көпшілікті толғандыратын сұрақтарға жауап беріп, күнделікті өмірде кездесетін шынайы мысалдар келтірген. Кітаптың құндылығы мен маңызын мына бір оқырманның пікірі дәлме-дәл сипаттайды: «Менің ойымша, бұл кітапты неке куәлігінің орнына беру қажет. Бұл кітап отбасылық өмірдің құпиясын ашатын кілт іспетті».

Бағасы: 3 600₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

«Ақ боз үй» романы цензураның қылышынан қан тамып тұрған уақытта жазылған 1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылық туралы т...
21/04/2023

«Ақ боз үй» романы цензураның қылышынан қан тамып тұрған уақытта жазылған 1931–1933 жылдардағы алапат ашаршылық туралы туынды. Автор осы аласапыран жайларды ерекше тебіреніспен сипаттап, хикая тілімен жеткізген. Кеңес кезіндегі ашаршылыққа ұшыраған халықтың хал-ахуалы, «асыра сілтеудің» елге әкелген зардабы, ел басқарып отырғандардың жағымсыз қылықтары, пасықтығы мен әділетсіздіктері оқырманды бей-жай қалдырмайды. Аштан бұралып қырылып жатқан бала-шаға, шал-кемпір, жазықсыз қиянат көрген ер азаматтың тартқан жан азабы көз алдыңызға келіп, құйқаңызды шымырлатады.

Бағасы: 3 800₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#Ақбозүй #СмағұлЕлубай #қазақша роман #қазақшакітаптар #кітаптар #кітапдүкеніОрал #мазмұндама #кітапдүкені #кітапсатыпалу #Данаорталығы

Кітаптарға бейне таныстыру ютуб каналымыздан қараңыздар.
20/04/2023

Кітаптарға бейне таныстыру ютуб каналымыздан қараңыздар.

«1984» – әлемнің ең үздік 100 романының бірі. Кітапта шынайы өмір мен алдамшы өмірдің арасында бітпейтін мағынасыз соғыс...
14/04/2023

«1984» – әлемнің ең үздік 100 романының бірі. Кітапта шынайы өмір мен алдамшы өмірдің арасында бітпейтін мағынасыз соғыс суреттеледі. Партия билігі мен тоталитарлық жүйе қара халықты қынадай қырып, ілім мен білімнің тамырына балта шауып, адамзатты өзінің басыбайлы құлына айналдыруды көздейді. Кез келген державаның мақсаты – таққа таласу мүмкіндігі жоғары ақылдылардың санын азайтып, халықты тобырға айналдыру. Мұндай жүйенің құрсауына түскен есі дұрыс адамның өзі сеніміне күмәнмен қарап, уақыт өте келе көп мәңгүрттің қатарын көбейтеді. Өйткені бүтін бір державаны уысында ұстап отырған әйгілі Партия ондай бірді-екілі «ақылдыларды» сабасына түсірудің ерекше жолын ойлап тауып отырады. Бұл кітапты оқығаннан кейін Сіз де өзіңізден «Қазіргі жүйе бізді де алдамай ма? Осы мен қоғамның, жүйенің, саясаттың құрбаны емеспін бе?» деп сұрауыңыз мүмкін.

Бағасы: 4 200₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#1984 #ДжорджОруэлл #аударма #қашақтіліндероман #тоталитарлықжүйе #қазақшакітаптар #кітапдүкені #кітапдүкеніОрал #мазмұндама #Данаорталығы

Дж.С. Клейсонның бұл кітабы қаржы әлемінің талай тарланын таңғалдырған бестселлер. Әрбір адам өзінің қаржылай ахуалын жа...
13/04/2023

Дж.С. Клейсонның бұл кітабы қаржы әлемінің талай тарланын таңғалдырған бестселлер. Әрбір адам өзінің қаржылай ахуалын жақсарту үшін қаржылық сауатты меңгере білуі керек. Ол үшін ең әуелі осы еңбектегі жеке қаржы принциптерін қолдана отырып, ақшалай табысты болуға болады. Қолыңыздағы кітапты адамзаттың алты мыңжылдық тәжірибесі жинақтай жазылған қаржы әліппесі деуге әбден болады. Сол себепті де бұл еңбек бүгінде барынша өзекті де маңызды тақырыпты қозғайды. Кітап қаржы әлемін бағындыруға ұмтылған көпшілікке арналған.

Бағасы: 3000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

«Заһир» – ғұмырнамалық сипаттағы роман. Шығармада Пауло Коэльо өмірге деген өз толғамын, ішкі жан дүние иірімдерін сыр е...
13/04/2023

«Заһир» – ғұмырнамалық сипаттағы роман. Шығармада Пауло Коэльо өмірге деген өз толғамын, ішкі жан дүние иірімдерін сыр етіп шертеді. Адамзатты игілікті іске бастайтын рух бостандығын асқақтата жырлайды. Шығарманың негізгі кейіпкерлерінің бірі – қазақ топырағының перзенті. Автор осы кейіпкері арқылы ұлы даланың сан қатпарлы терең философиясын, оның кеңпейіл халқының жақсылыққа жетелейтін жан байлығын тілге тиек етеді.

Бағасы: 3 900₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#Заһир #ПаулоКоэльо #қазақшакітаптар #роман #аударма #мазмұндама #кітапдүкені #Данаорталығы #кітапдүкеніорал

Жұбан Молдағалиев әдебиетімізде өз жанын да, өлең жанын да, өнер жанын да жарқыратқан, Үркердей Асыл ағалар тобынан еді....
13/04/2023

Жұбан Молдағалиев әдебиетімізде өз жанын да, өлең жанын да, өнер жанын да жарқыратқан, Үркердей Асыл ағалар тобынан еді. "Мен қазақпын, мың өліп мың тірілген" деп атойлаған Алып ақын бір жол өлеңіне бір халықтың тарихын сыйдырып жүре берген.
Ар-ұятын дарға аспай Асқақ ғұмыр кешкен Жұбан ағамдай Азаматтар қазақ ортасында қалмады-ау!.. деп ой толғаған.

Бағасы: 4 000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 7-708-434-24-63

#ЖұбанМолдағалиев #Кісенашқан #РолланСейсенбаев #ХалықаралықАбайклубы #поэмалар #МенҚазақпын #Нұрлыжол #Жыртуралыжыр #қазақшакітаптар #кітапдүкені #кітапдүкеніорал #Данаорталығы

Бұл қазақта өзін емес, елі мен жерінің тағдырын ойлаған бір адам болса, ол - Махамбет ақын. Отанын шексіз сүйген бір ада...
13/04/2023

Бұл қазақта өзін емес, елі мен жерінің тағдырын ойлаған бір адам болса, ол - Махамбет ақын.
Отанын шексіз сүйген бір адам болса, ол да-Махамбет батыр.
Қазақ поэзиясының шырқау шыңдарының бірі де Махамбет жырлары. Талмайтын арғымақ жыр.
Ақын ұрыс даласында түледі, ұрыс даласында жан тапсырды.
Қайран қазақтың үнсіз даласы!..
Қайран қазақтың ерен ерлері!..

Бағасы: 4 000₸

Мекенжайымыз: Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#МахамбетӨтемісұлы #АйналайынАқЖайық #РолланСейсенбаев #Ақжайықкітапханасы #қазақшакітаптар #кітапдүкені #жырлар #жорықжырлары #ойтолғам #арнау #күйлер #естеліктер #тарихидеректер #Махамбеттіңхаты #түсініктер #найзаұстағанжорықжырлары
#Данаорталығы

Қайрат Жұмағалиев " КИЕ"Қайрат Жұмағалиевтің әсем, келісті, кейде ұшқыр, кейде ойшыл назға толы поэзиясы оның инабатты, ...
12/04/2023

Қайрат Жұмағалиев " КИЕ"

Қайрат Жұмағалиевтің әсем, келісті, кейде ұшқыр, кейде ойшыл назға толы поэзиясы оның инабатты, сабырлы, сыршыл адамдық келбетінен еш айнымайды. Қайрат өлеңдері тереңге ұмтылады, теңдікке бой сұнады, шындық іздеп шарқ ұрады. Қазақ даласын ғана емес, бүкіл қара жерді құшағына басуға талпынып бағады. Бұл бағасыз ұмтылыс. Адамзат баласының бақытын жырлауға жан салған асқақ ұмтылыс.

Бағасы: 4000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел./ватсап: 8-708-434-24-63

#ҚайратЖұмағалиев, #Кие #поэзия #таңдамалыөлеңдер #қазақшакітаптар #РолланСейсенбаев #ХалықаралықАбайклубы #Данаорталығы #кітапдүкені

"ҒҰМАР ҚАРАШ" үш томдық жинақ.Көрнекті ақын, ағартушы, философ, қазақ баспасөзін қалыптастырушы тұлға, дін қайраткері Ғұ...
12/04/2023

"ҒҰМАР ҚАРАШ" үш томдық жинақ.
Көрнекті ақын, ағартушы, философ, қазақ баспасөзін қалыптастырушы тұлға, дін қайраткері Ғұмар Қараштың (1875-1921) шығармалар жинағының І томына ақынның көзі тірісінде шыққан "Қарлығаш", "Аға тұлпар", "Тұрымтай" жинақтарына шыққан өлеңдері, жарияланбаған "Қырғи" жинағындағы өлеңдер, ақынның "Қазақстан", "Айқап", "Қазақ", "Ұран", "Дұрыстық жолы", "Мұғалім", "Шора" т.б мерзімді басылымдарда жарық көрген шығармалары топтастырылды. Сондай-ақ Ғ. Қараштың жинақтауымен басылған "Шайыр яки қазақ ақындарының басты жырлары" (Орынбор) және "Көксілдер яки бұрынғы мырза ұлы hәмноғайлы батырлары уа гейри (және әр түрлі) мағыналы жырлар" (Орынбор) атты жинақтар да осы жерде толық түрінде берілді. Бұған қоса Ғұмар Қараштың ел аузынан жиналған, шәкірті Ахмади Есқалиев, зерттеушілер Мұстафа Ысмағұлов пен Гүлжау Сұлтанғалиева, немересі Надежда Қарашева жинақтаған бірқатар шығармасы да осы жинаққа топтастырылды.   ІІ томына "Томан байдың баласы Әділ мырза, я болмаса Байғазы байдың қызы ару Шандоз" әңгімесі, көзі тірісінде кітап болып шыққан "Ойға келген пікірлерім", "Өрнек", "Бәдел қажы" еңбектері, ақынның "Қазақстан", "Айқап", "Қазақ", "Ұран", "Хабар -Известия", "Дұрыстық жолы", "Мұғалім", "Шора" т.б. мерзімді басылымдарда жарық көрген мақалалары топтастырылды. Жинаққа 1994 жылы "Ғылым" баспасынан жарық көрген "Замана " кітабында жарияланған ғалым Қ. Сыдиықовтың кіріспе мақаласы және М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты дайындаған "Қазақ әдебиетінің тарихы" онтомдық жинағының, 6-томындағы Ғұмар Қараш туралы сараптама мақаласы да енгізілді.  Үшінші томына ақынның талайлы тағдырын тұңғыш рет жүйелі зерттеуші Мұстафа Ысмағұловтың еңбегін, ақынның немересі, Мәскеу қаласында тұрған Надежда Карашеваның Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы туралы орыс тілінде жазылған шолу мақаласын, Ғұмарды көрген - білген адамдардың естеліктерін және Ғұмар Қарашқа арналған жыр-жоқтаударды беріп отырмыз. Бұған қоса, ақынның өмір жолы шығармашылығына қатысты тың дерек береді деген кейбір еңбектер де топтастырылды.

Бағасы: 15 000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел:8-708-434-24-63

#ҒұмарҚараш #Данаорталығы #кітапдүкеніорал #қазақшакітаптар

Америка әдебиетіндегі Сэлинджер шығармашылығы – тұманды жарып шыққан күндей құбылыс. Ол сирек жазды, бірақ талғаммен жаз...
10/04/2023

Америка әдебиетіндегі Сэлинджер шығармашылығы – тұманды жарып шыққан күндей құбылыс. Ол сирек жазды, бірақ талғаммен жазды. Ағылшын тілінде жазылған ХХ ғасырдың ең үздік 100 романы тізіміне енген «Жар жағалаған жалғыз» романы қазіргі заманның классикасына айналып, әлем тілдеріне жарыса аударылып, 65 миллионнан астам данасы сатылған. Енді, міне жазушы-аудармашы Алдан Смайылдың қалам қуаты арқасында қазақ оқырманына жол тартып барады. Шығарманы оқып отырып 16 жасар Холденнің сезімтал көзімен қазіргі қоғамның шындығын көресіз.

Бағсы: 2 900₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#Жаржағалағанжалғыз #ДжДСэлинджер #романқазақтілінде #аударма #100бестселлер #мазмұндама #қазақтіліндекітаптар #кітапдүкеніорал #кітапдүкені #қазақшакітаптар #Данаорталығы #Данакітапдүкені #қазақшакітаптарорал

Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның шытырман оқиғалы повесінде қасқыр мен иттің бөлтірігі – Ақ Азудың басынан өт...
10/04/2023

Америка әдебиетінің классигі Джек Лондонның шытырман оқиғалы повесінде қасқыр мен иттің бөлтірігі – Ақ Азудың басынан өткен оқиғалары суреттеледі. Көзін ашып, қатыгез ортаға тап болған ол бірнеше мәрте өлім аузынан аман қалып, тіршілік заңымен етене танысып, адамдардан пана табады. Автор әлемге Ақ Азудың көзімен қарайды, Ақ Азу болып сезінеді, Ақ Азу болып өшігіп, Ақ Азу болып жақсы көреді. Кітап адам мен түз тағысы арасындағы жүрек тебіренткен махаббат пен адал достықтың құдіреті туралы.

Бағасы: 4 500₸
Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел./ватсап: 8-708-434-24-63

#Ақазу #ДжекЛондон #балаларжәнежасөспірімдеркітапханасы #қазақшакітаптар #аударма #балаларәдебиеті #жасөспірімдергеарналғанкітап #мазмұндама #кітапдүкені #кітаптар #қазақтіліндекітаптар #Данаорталығы

"Тектік сарын" - оқырманын баурап алар қызықты, футуристік шығарма. Онда адам мен ит арасындағы тылсым байланыс, иттің и...
10/04/2023

"Тектік сарын" - оқырманын баурап алар қызықты, футуристік шығарма. Онда адам мен ит арасындағы тылсым байланыс, иттің иесіне деген көзсіз махаббаты әдемі айшықталған. Сонымен қатар Бэктің адам мен өркениеттен жырақтағы мұзды өлкеге үнемі шақырып тұратын қуатты тағылық инстинкті шебер суреттелген.
Иттің атынан жазылған бұл повесть - Джек Лондонның әйгілі шығармасы. Кітапқа арқау болған ит тағдыры оқырманның әрбір жаңа буынына ерекше әсер етіп, көңіл пернесін дәл басады. Өйткені автор иттің жан тебіренісін сипаттай отырып, оқырманның да жан дүниесін алай-дүлей күйге түсіреді.

Бағасы: 3 700₸
Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#Тектіксарын #ДжекЛондон #балаларжәнежасөспірімдеркітапханасы #қазақшакітаптар #аударма #мазмұндама #кітапдүкені #қазақтіліндекітаптар #балаларәдебиеті #Данаорталығы

"Ханзада мен қайыршы" - Марк Твеннің Конетикуттегі үйінде отырып жазған алғашқы әрі әйгілі тарихи романы. Оқиға ХVІ ғасы...
10/04/2023

"Ханзада мен қайыршы" - Марк Твеннің Конетикуттегі үйінде отырып жазған алғашқы әрі әйгілі тарихи романы. Оқиға ХVІ ғасырда Лондонда өтеді. VІІІ Генри патшаның көптен күткен мұрагері Эдуард дүниеге келеді. Дәл сол күні Лондонның кедей ауданында тұратын бір ұрының отбасында Том дүниеге келеді. Бір ғажабы, екі бала бір-біріне қатты ұқсайды. Бір күні екеуі ойламаған жерден кездесіп, орындары ауысып кетеді. Шытырман оқиға осы жерден басталады...

Бағасы: 4 500₸
Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел./ватсап: 8-708-434-24-63

#Қазақтіліндекітаптар, #аударма, #тарихироман, #МаркТвен #ХанзадаменҚайыршы #кітапдүкені #кітапдүкеніОрал #Данаорталығы #балаларәдебиеті #мазмұндама #жасөспірімдеркітапханасы #қазақшакітаптар

«Ағайынды Гриммдер ертегілер жинағы» – неміс қаламгерлері Якоб пен Вильгельм Гриммдердің әдеби өңделген еңбегі. Бұл жина...
08/04/2023

«Ағайынды Гриммдер ертегілер жинағы» – неміс қаламгерлері Якоб пен Вильгельм Гриммдердің әдеби өңделген еңбегі. Бұл жинақ алғаш рет 1812 жылы «Балалар мен жанұялық ертегілер» деген атпен жарық көрген. Содан бері бұл туынды әлемдік деңгейде кең таралған және көптеген елдің тіліне аударылған болатын. Аталған жинақтың белгілі бір бөлігін қазақ тіліне аударып, оқырманға ұсынып отырмыз. Ертегілердің тілі барынша қарапайым, мазмұны мағыналы. Оқуға ыңғайлы, қабылдауға жеңіл және мейлінше тағылымды.

Бағасы: 2 800₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#ертегілер #қазақтілінде аудармаертегілер #АғайындыГриммдер #ертегілержинағы #Данаорталығы #кітапдүкені #балаларғаарналғанкітаптар #мазмұндама #Ақжылан #алтынқыз #Бұрқасынханым #Бременкөшемузыканттары #бірқазанботқа #қасқырменжетілақ #құсиекпатша #жандысу #онекібауыр #Ұршықөрмекжәнеине #ақшақарменжетігном #алтыаққу #тозғанкебістер

«Том Сойердің бастан кешкендері» – Марк Твеннің 1876 жылы шыққан романы. Шығармада Азамат соғысына дейін Американың оңтү...
08/04/2023

«Том Сойердің бастан кешкендері» – Марк Твеннің 1876 жылы шыққан романы. Шығармада Азамат соғысына дейін Американың оңтүстігіндегі шағын қалада өмір сүрген балалардың басынан өткен қызықты оқиғасы баяндалады. Он екі жасар Том Сойер өжет, тапқыр, достыққа адал бала. Том Сойер қала тәртібімен өмір сүргісі келмейді. Еркін өмірді аңсап, үйден қашып, үңгірде тұрады. Ерлік істегісі келеді. Сол жолда кісі өліміне куә болып, қылмыскерді әшкерелейді.

Бағасы: 3600₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-64

#балаларәдебиеті #жасөспірімдеркітапханасы #аудармакітаптар #ТомСойер #МаркТвен #ТомСойерқазақтілінде # балаларғаарналғанкітаптар #кітапдүкені #мазмұндама #Данаорталығы #қазақшакітаптар

"Геккльберри Финнің басынан кешкендері" романында автор көңілді, батыл балақай Гек Финнің басынан кешкендерін өзіне тән ...
08/04/2023

"Геккльберри Финнің басынан кешкендері" романында автор көңілді, батыл балақай Гек Финнің басынан кешкендерін өзіне тән жеңіл әзілмен суреттейді. Ол Джиммен бірге Миссисипиді бойлап саяхатқа шығады. Бас кейіпкердің прототипі жазушының балалық шақтағы досы. Марк Твеннің айтуынша, «ол қаладағы жалғыз тәуелсіз, азат рухты адам болған, сондықтан алаңсыз, әрі бақытты өмір кешкен».

Бағасы: 4 100₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#жасөспірімдеркітапханасы #шытырманоқиға #аудармалар #МаркТвен #ГекельберриФин #балаларәдебиеті #қазақшакітаптар #кітардүкені #балаларғаарналған #мазмұндама #Данаорталығы

«Шерлок Холмстың басынан кешкендері» атты әңгімелер жинағының авторы – атақты ағылшын жазушысы, публицист әрі журналист ...
08/04/2023

«Шерлок Холмстың басынан кешкендері» атты әңгімелер жинағының авторы – атақты ағылшын жазушысы, публицист әрі журналист Артур Конан Дойл. Оның әйгілі ізкесуші Шерлок Холмс туралы хикаялары әлем әдебиетінің жауһарына айналған туынды. Кітап алғаш рет 1892 жылы басылып шыққан. Жауыздықпен күресетін ержүрек, ақылды әрі аңғарымпаз ізкесуші ерекше әдіс-тәсілдерді пайдаланып, күрделі де шытырман қылмыс түйінін шешіп қана қоймай, адам өміріне төнген қауіптің де алдын алады. Шығарманың тілі қарапайым, оқиғалары қысқа әрі қызықты. Оқырманды аңғарымпаз болуға, шексіз қиялдауға жетелейді, әділдіктің қай кезде де жеңіп шығатынына иландырады. Ұсынылып отырған кітап балаларға да, ересектерге де қызықты.

Бағасы: 4 000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#ШерлокХолмстыңбасынан кешкендері #АртурКонанДойл #кітапшытырманоқиға #балаларәдебиеті #қазақшакітартар #жасөспірімдеркітапханасы #мазмұндама #кітапдүкені #балаларғаарналғанкітаптар #аударма

«Теміржол бойындағы балалар» романы – балалар жазушысы Эдит Несбиттің 1905 жылы The London Magazine журналында алғаш рет...
07/04/2023

«Теміржол бойындағы балалар» романы – балалар жазушысы Эдит Несбиттің 1905 жылы The London Magazine журналында алғаш рет ағылшын тілінде жарық көрген шығармасы. Бұл еңбек 1906 жылы жеке кітап болып басылып шықты. Кітапта Роберта, Питер және Филлистің әкелері тыңшылық жасады деген жалған айыппен түрмеге қамалған соң, олардың Лондондағы сән-салтанаты келіскен үйлерінен шағын елді мекендегі үйге көшіп баруға мәжбүр болғаны, онда бастан өткізген қызықты оқиғалары баяндалады. Шығарма кез келген жағдайда үміт үзбей, әрқашан жақсылық жасап, адамдарға көмектесу қажеттігіне үндейді. Кітаптың мазмұны жас оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, адамгершілік қасиеттерге баулиды. Балалар әдебиетінің інжу-маржаны саналатын «Теміржол бойындағы балалар» романының желісі негізінде бірнеше фильм түсірілген. Туынды қазақ оқырмандарына тұңғыш рет ұсынылып отыр.

Бағасы: 3 000₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

«Анна Каренина» әлемдегі ең танымал және кеңінен таралған махаббат туралы роман. Ғасырдан астам уақыт оқырман қолынан тү...
07/04/2023

«Анна Каренина» әлемдегі ең танымал және кеңінен таралған махаббат туралы роман. Ғасырдан астам уақыт оқырман қолынан түспеуі оның адам жанын терең зерттегенінде болса керек. Бұл кітап махаббат туралы роман ғана емес, отбасы, қоғам және өмір туралы ғылым. Кітап Ғали Ормановтың аудармасы бойынша басылды және өзіндік стильдік ерекшелігі қаз-қалпында сақталды. Көпшілік оқырманға арналады.

Бағасы: 5 400₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#қазақшакітаптар, #АннаКаренинақазақтілінде, #АннаКаренина, #ЛевТолстой, #л.Толтой, #мазмұндама, #романқазақтілінде, ,

«Сүлікқара» – тағдырлы ағылшын жазушысы Анна Сьюэллдің жалғыз кітабы, қаламгер осы еңбегі арқылы әлемге танылды. Басты к...
07/04/2023

«Сүлікқара» – тағдырлы ағылшын жазушысы Анна Сьюэллдің жалғыз кітабы, қаламгер осы еңбегі арқылы әлемге танылды. Басты кейіпкер – асылтұқымды ағылшын атының қилы хикаясы оқырманды ХІХ ғасырдың ортасына жетелейді. Оқиға желісі өте тартымды, қысқа әңгіме негізінде жазушы ағылшын жылқысының тағдырын шебер суреттейді. Автор жылқы жануарын жақсы көру арқылы әлемге қайырым шапағатын, мейірім шуағын төккісі келеді, адамзатты соған үндейді. Кітап өте әсерлі жазылған, суреткердің шеберлігі оқырманды тәнті етеді.

Бағасы: 3 200₸

Мекенжайымыз: Орал қ., Жеңіс шағын ауданы, 33/1

Тел/ватсап: 8-708-434-24-63

#қазақшакітаптар, #балаларғаарналғанкітаптар, #жасөспірімдеркітапханасы, , , #мазмұндама

«Құпия бақ» - ағылшын жазушысы Френсис Елиза Бөрнттің ең әйгілі шығармаларының бірі. Кітап болып алғаш рет 1911 жылы бас...
07/04/2023

«Құпия бақ» - ағылшын жазушысы Френсис Елиза Бөрнттің ең әйгілі шығармаларының бірі. Кітап болып алғаш рет 1911 жылы басылып шықты. «Құпия бақ» кітабы Америкаға ғана танымал емес: әлдеқашан әлем классикасына айналған. Шығарма ата-анасының мейіріміне, сүйіспеншілігіне бөлене алмаған кішкентай Мәри есімді қыздың өміріндегі керемет өзгерістер жайында баяндайды. Қазақ тіліне алғаш аударылып отырған толық нұсқаның тілі жеңіл, оқиғасы қызықты һәм мағыналы. Мектеп жасындағы балаларға арналған.

Бағасы: 3 900₸
Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1.

Тел./ватсап: 8-708-434-24-63

"Ғалым нені байқайды?"Ол кім? Бұл не? Ғалымдар көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Бұл сұрақтар өзге де сұраққа жол ашады...
07/04/2023

"Ғалым нені байқайды?"
Ол кім? Бұл не? Ғалымдар көптеген сұрақтарға жауап іздейді. Бұл сұрақтар өзге де сұраққа жол ашады. Айналаңа мұқият қарап, ғалым сияқты ойлан! - деп шағын эгциклопедия авторлары балаларды қызықтырып, сараптамалық ойлау қабілетін қалыптастыруға көмектеседі.

Бағасы: 1 500₸

Тел. 8-708-434-24-63

07/04/2023
"Жануарлардың сезімі" Көру, ұстау, дыбыстау, иіс пен дәс сезу біз сезімдер деп атаймыз. Сезімдер бізге әлемді жақсырақ т...
27/03/2023

"Жануарлардың сезімі"
Көру, ұстау, дыбыстау, иіс пен дәс сезу біз сезімдер деп атаймыз. Сезімдер бізге әлемді жақсырақ түсінуге көмектеседі. Ал жануарлардың сезімі жайлы не білесің? Балық судың астындағы дыбыстарды ести ме? Осы және басқа сұрақтардың жауабын бірге үйренейік! - деп артқы мұқаба бетінде балаларға арналған шағын энциклопедия кітапшасы, баланы бірден-ақ білім әлеміне саяхатқа алып кетеді.
Соңғы жағында қызықты тапсырмаларымен баланы айналаны зерттеудің алғашқы қадамдарына үйретеді.

Бағасы: 1 500₸

Мекенжайымыз: Орал қаласы, Жеңіс шағын ауданы, 33/1.
Тел./ватсап: 8-708-434-24-63

Ахмет Байтұрсынов атындағы N10 мектептің 4-сынып оқушыларымен үлкен таныстырылым алдындағы шағын кездесу
11/02/2023

Ахмет Байтұрсынов атындағы N10 мектептің 4-сынып оқушыларымен үлкен таныстырылым алдындағы шағын кездесу

01/02/2023
01/02/2023
"Жетпіс палуан" комиксінің тұсаукесері басталғалы жатыр.Қош келіңіздер!
01/02/2023

"Жетпіс палуан" комиксінің тұсаукесері басталғалы жатыр.
Қош келіңіздер!

Абай Құнанбайұлының сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік туралы ұлағатты қара сөздерінің бұл басылымы көркем безендіріл...
27/01/2023

Абай Құнанбайұлының сыншылдық, ойшылдық және адамгершілік туралы ұлағатты қара сөздерінің бұл басылымы көркем безендіріліп, екі тілде шығарылған.

Бағасы: 2 200₸

📱8-708-434-24-63

Өтірік адамды ұятқа қалдырады. Өтірік айта берген адамның айналасына сүйкімі болмайтыны рас. Кітаптағы бас кейіпкер Баты...
25/01/2023

Өтірік адамды ұятқа қалдырады. Өтірік айта берген адамның айналасына сүйкімі болмайтыны рас. Кітаптағы бас кейіпкер Батыржанның көп өтірік айтып, соның кесірінен өтірік әлеміне тап болады. Шын әлемге қалай шығады? Өтірік әлемінде оны не күтіп тұр?

Әр кішкентай оқырманымыз өтірік өрге бастырмайтынын, бас кейіпкердің басынан өткізген шытырман оқиғасынаның желісімен жеңіл тілмен өзі-ақ түсініп алады.

Бағасы: 1 200₸

8-708-434-24-63

Бұл кітапша Адинаның өнер жолындағы бәйгеден алған өмірлік сабағынан сыр шертеді. Еңбек пен талаптың адам өміріндегі рөл...
24/01/2023

Бұл кітапша Адинаның өнер жолындағы бәйгеден алған өмірлік сабағынан сыр шертеді. Еңбек пен талаптың адам өміріндегі рөлі мен әділеттің маңызын айқындайды.

Бағасы: 1500₸

Тел. 8-708-434-24-63

Бұл хикая мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық сезімдерін қалай көрсету керектігін баяндайды. Нәтижесінде, балалар ө...
23/01/2023

Бұл хикая мейірімділік, сүйіспеншілік, бауырмалдық сезімдерін қалай көрсету керектігін баяндайды. Нәтижесінде, балалар өз сезімдерін түсініп, оны басқалармен бөлісуді үйренеді.
Кітаптың тілі жеңіл, жаттап алуға болатын шағын өлеңдермен араласа жазылған. Әңгіменің желісі баланың өзінің ішкі дүниесіне үңіліп, ой түйіп, сезімдерін тануға әсер етеді.

Бағасы: 1500₸

Тел. 8-708-434-24-63

Address

Жеңіс шағын ауданы, 33/1
Ural'sk
090014

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 09:00 - 16:00

Telephone

+77084342463

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Dana.qaz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Dana.qaz:

Videos

Share