KelesInfo.kz

KelesInfo.kz КелесInfo Тәуелсіз ақпараттық сайты!

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БІРҚАТАР ШЕНЕУНІКТІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫОблыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысын...
11/02/2021

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БІРҚАТАР ШЕНЕУНІКТІҢ ЖҰМЫСЫН СЫНҒА АЛДЫ
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында бірқатар шенеунікке сөгіс жаряиланып, тәртіптік шара қолданылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңірлердегі кемшіліктерді атап, бірқатар сын-ескерту айтқан болатын. Айтылған мәселелер аппарат отырысында ортаға салынып, жауапты сала басшылары есеп берді.
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланған Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сатып алудағы жергілікті қамтуды ұлғайту жөніндегі жұмыстар бойынша берілген тапсырма қанағаттанарлықсыз орындалғанын атап өтті. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жергілікті қамту үлесі, яғни облыстың құрылыс алаңдарының отандық тауарлармен қамтылуы 64%-ды құраған. Облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев бақылау, қадағалау жұмыстарының тиісті деңгейде жүргізілмегені үшін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиевке сөгіс жариялады.
Президент аталған жиында жайылым мәселесіне де ерекше тоқталған болатын. Аппарат отырысында ауыл тұрғындарына қолжетімді болуы тиіс жерлердің тапшылығы Түркістан облысында да тіркелгені айтылды. Облыс әкімі пайдаланылмайтын жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары аудан, қала әкімдіктерінде ұзаққа созылып, тиісті деңгейде жүргізілмейтінін айтты. Облыс әкімі облыстық басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне екі апта уақыт берді.
Пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекеттік меншікке қайтарудың қадамдық алгоритмін әзірлеп, ұсынуды тапсырды. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы жерлеріне ғарыштық мониторинг жүйесін негізгі тетік ретінде қарастыру керектігін айтты. Сондай-ақ Өмірзақ Естайұлы бос жатқан жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруды жыл соңына дейін толық орындауды тапсырды.
Жиналыста Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева тұрғындарды жұмыспен қамту бойынша соңғы ақпараттарды ортаға салды. Үкімет отырысында мемлекеттік бағдарламалар арқылы жұмысқа орналасқан кей азаматтардың міндетті зейнетақы жарналары аударылмағаны айтылған болатын. Бұл орайда облыс әкімі басқарма басшысына облыстық кіріс департаментімен бірлесіп, тексеру жүргізуді тапсырды. Тексеру қорытындысы бір апта ішінде дайын болуы тиіс. Олай болмаған жағдайда, жауапты мамандарға тиісті шаралар қолданылатын болады. Аппарат отырысында көрсеткіштері төмен Түркістан мен Кентау қалалық әкімдіктің әлеуметтік бөлім жетекшілеріне тәртіптік шара қарастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРАДЫБиыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр ж...
11/02/2021

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖАҢАРАДЫ
Биыл Келес ауданына қарасты Ақтөбе ауылдық округінің 5 елді мекеніндегі электр желілері жаңартылатын болады. Бұл жұмыстарға 70-ке жуық азамат жұмыспен қамтылады. Олардың зейнет жарнасын төлеу мердігер мекемелерге міндеттеліп, әкімдік бақылауында болады.
Түркістан облысы, Келес ауданында былтыр «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 100-ге жуық азамат жұмысқа орналасты. Бағдарлама төрт бағытты қамтиды. Жұмысқа орналасқан азаматтар көбіне құрылыс саласында еңбек етеді. Әлеуметтік-мәдени нысандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инженерлік-көлік инфрақұрылымындағы жөндеу жұмыстарына, ауылдардағы абаттандыруда атсалысады.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» инфрақұрылымдық жобаларын іске асыруда кемінде 90% отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін қолдануды қамтамасыз ету ерекше шарт болып есептеледі. Жұмысшылардың жартысы халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы алынып, басымдық жұмыссыз жүрген жастарға берілген.
Бағдарлама шеңберінде Келес ауданында өткен жылы 3 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. 75 азамат жұмыспен қамтылды. Біртілек ауылдық округіндегі орта мектеп, Ақтөбе ауылдық округінің орталық ауруханасы және Ұшқын ауылдық округіндегі футбол алаңы реконструкциялаудан өтіп, жаңарды. Күрделі жөндеу жұмыстарына жергілікті ауыл тұрғындары тартылып, жұмыспен қамтылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫТұрғын үй және құрылыс материалдар...
09/02/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒАСЫ МЕН ҚҰРЫЛЫС МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ҚЫМБАТТАУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Тұрғын үй және құрылыс материалдарының қымбаттауына жол берілмейді. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 26 қаңтардағы кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» туралы Мемлекет Басшысының тапсырмаларын іске асыру үшін Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен арнайы жиналыс өтті. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар, құрылыс материалдарын өндірушілер, құрылыс компанияларының басшылары бас қосты.
Жиналыста Мейіржан Мырзалиев Түркістан облысында құрылыс қарқынды жүріп жатқанын және құрылыс материалдарына бағаның өсуі, тұрғын үй және әлеуметтік нысандардың соңғы тұтынушыға аса қымбат болуына жол берілмейтінін айтты. Сондықтан да баға тұрақтандырылмақ. Облыс аумағында құрылыс индустриясы бойынша 50-ден аса кәсіпорын жұмыс атқарады. Өткен жылдың қаңтар-ақпан айында облыста 21,2 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 137,9%-ға өскен. Өңдеу өнеркәсібіндегі құрылыс саласының үлесі 8%-дан астамын құрайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Данабек Махатов қазіргі нарықтағы құрылыс материалдарының негізсіз қымбаттауы бойынша құрылыс өнімдерін өндіретін кәсіпорын жетекшілеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мәжіліс барысында, құрылыс материалдарының негізсіз өсу себептері талқыланды. Мәжіліс қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасары М.Мырзалиев Елбасының «Түркістан қаласын көркейту», Мемлекет Басшысының «Тұрғын үй нарығындағы бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу» тапсырмаларын орындау мақсатында жергілікті атқарушы органдарға құрылыс материалдарының бағаларын қадағалауға, жедел жұмыс тобын құруды, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарға мониторинг жұмыстарын 1 апта мерзімде жүргізуді тапсырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 840-ҚА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫҚазақстан Республикасында коронавирус...
09/02/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 840-ҚА ЖУЫҚ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕ САЛДЫРДЫ
Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау 2021 жылдың 1 ақпанында басталды. 1-8 ақпан аралығында Түркістан облысында 840-қа жуық медицина қызметкері Covid-19-ға қарсы екпе салдырды.
Соңғы бір тәулік ішінде Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 7 жағдайы расталды. COVID-19 инфекциясының күнделікті өсу деңгейі 0,16% төңірегінде. Пандемия басталғалы бері өңірде 4176 жағдайы тіркелді. Оның 2682-сі симптомсыз болып, 1 671-і стационарлық ем қабылдады.
Бүгінгі күні КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейде шығарылатын Sputnik V вакцинасының көмегімен жүзеге асырылады.
Коронавирустық вакцинаны екі кезеңмен 21 күн аралығында жасау міндетті. Оған себеп, бірінші доза антиденелердің аз мөлшерін өндіруге байланысты қысқамерзімді қорғаныс әсерін береді. Екінші доза біріншінің әсерін күшейтеді және адам ағзасындағы антиденелердің мөлшері артады.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда вакцинация ерікті түрде салынады. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 77-бабына сәйкес кез келген медициналық процедура, оның ішінде вакцинацияланған адамның саналы келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Елімізде егуден бас тартқаны үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік жоқ.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ БАҚ СЫНАУДАКелес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер ф...
08/02/2021

КЕЛЕСТІК ОҚУШЫЛАР ОБЛЫСТЫҚ ӨНЕР ФЕСТИВАЛІНДЕ БАҚ СЫНАУДА
Келес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара талантты жастардың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. Фестиваль көрерменсіз өтуде. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер рұқсатымен барлық талаптарды қатаң сақталған. Өнер бәйгесінің іріктеу кезеңінде келестік жас дарындар өнерлерін ортаға салды.
Өнерлі өрендерді анықтаған сайыста саз мектебінің «Кәусар бұлақ» тобы халық күйі «Секіртпе» күйін орындап, «Інжу маржан» дуэті «Сарыжайлау» әнін шырқады. Мусин Руслан «Яблочка» әнін аккардеонда шебер орындап шықты. Ал, Балалар саз мектебінің оқушысы Қазыбек Хасанов «Батырлар ұраны» әнін паш етті. Сондай-ақ, «Гүлдер-ай» би тобы «Шашу» биін билеп, «Хор», домбыра, фортепиано, баян, аккардеонда келестік үздік талантты жастар өз өнерлерін көрсетті.
Өнер додасын облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы мен аудан және қалалардағы білім бөлімдері ұйымдастыруда. Мектепішілік өнерпаз жеткіншектердің сайысы облыстың барлық аудан, қалаларында өтіп жатыр. Фестиваль нәтижесі наурыз айында облыс орталығындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өтетін гала-концертте жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ​ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.Бүгін «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестеге сә...
08/02/2021

ТҮРКІСТАН-КЕЛЕС:​ КЕЗЕКТІ ЖЕКЕ​ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ.
Бүгін «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалының бекіткен кестеге сәйкес аудан әкімінің орынбасары А.Жаңбырбаев және аудандық мәслихат хатшысы А.Тотиков аудан тұрғындарына жеке қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген азаматтар негізінен атаулы әлеуметтік көмек, учаскелік жер мәселесімен жүгінді.
Көтерілген мәселелерді тұрғындарға аудан әкімінің орынбасары мен ​ аудандық мәслихат хатшысы егжей-тегжей түсіндіріп, атаулы әлеуметтік көмек мәселесі бойынша заң аясында шешілу жолдарын қарастырып, әлеуметтік мәселе бойынша тиісті мамандардан жауаптары алынып анық-қанығын шешілетін болды. Жер мәселесімен жүгінген азаматшаға ауданның жер бөлімі арқылы мәселе заң аясында шешілетінін түсіндірді.
«Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалы

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІНесие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, ә...
08/02/2021

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КӘСІПКЕРЛЕРГЕ КЕПІЛДІКСІЗ НЕСИЕ АЛУДЫҢ ЖОЛЫН КӨРСЕТТІ
Несие алуда кепілдіктің болмауы көп кәсіпкерлерге, әсіресе шағын бизнес иелеріне қолбайлау болуда. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің шағын бизнес иелері мен жас кәсіпкерлермен танысып, көкейінде жүрген мәселелерді бірлесе талқылады. Ортаға салынған мәселелердің басым бөлігі қолжетімді несиелерді алу аясында болды. Қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «шағын және орта бизнеске қолдау көрсету ең басты назарда болуға тиіс» екендігін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы шағын несиелердің көлемін ұлғайтып, халыққа берілетін шағын несиелердің мөлшерін 6 пайыздан асырмауды тапсырды.
Шағын бизнесті қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасына жаңа инструмент іске қосылып, тығырықтан шығар жол табылды. 5 млн.теңгеге дейін екі жылға кепілдіксіз несиеге ие болу үшін небәрі жарты сағат уақыт кетеді. Ол үшін жеке куәлік пен кәсіпкерлік құжаттың болуы жеткілікті.
«Бүгінгі кездесуіміздің басты себебі, осы жағымды жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп, жүзеге асырылу тетігін нақты іс жүзінде көрсету болып отыр. Шағын оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері айналым қаражатын толықтыру үшін 5 млн. теңгеге дейін 6 пайыздық несиені ешқандай кепілдіксіз алуға мүмкіндігі бар. Бұл қаржы инструменті аз уақыт ішінде бизнес үшін пәрменді қолдауға айналды. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, кәсіпкерлерге құлаққағыс жасағым келеді. Құрметті кәсіпкерлер, бизнес үшін жасалынып жатқан қолдаулардың ауқымы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың кәсіпкерлерді қолдау саясатының айқын дәлелі. Мемлекеттік қолдау шараларын барша түркістандықтарға жеткізіп, әрбір кәсіпкерді қолдаулардан тыс қалдырмау – басты міндет. Сондықтан да, барлық кәсіпкерлерді осы іс-шараларға етене атсалысып, белсенді қатысуға шақырамын»,- деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.
Түркістан облысы бойынша несиелер Халық Банкі, Банк ЦентрКредит, Сбербанк арқылы ұсынылуда, небәрі соңғы бір айдың ішінде 200 ден астам несие мақұлданып, 62 кәсіпкер қаржыландырылды. Айта кету керек, мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкерлер үшін қолжетімділігін арттыру, өңірдегі бизнес ахуалды жақсарту әкімдік жұмысының басты бағытының бірі болып табылады. Есепті жылда «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары арқылы кәсіпкерлер 50,7 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-дық несиемен қамтамасыз етілді. Өткен жылы өршіген эпидемиялық ахуалға қарамастан Түркістан кәсіпкерлері белсенділік танытып, несиелердің көлемі 1,3 есе артты.
Облыс аумағында 140 605 шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Бұл еліміздегі ең үлкен көрсеткіштердің бірі. Соңғы 2,5 жылда саны олардың саны 14 мыңға өскен. Бұл салада 200 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Пандемияға қарамастан шағын және орта кәсіпкерліктің өнім көлемі 16%-ға артып (өсім бойынша Республикада 2 орын), 554,4 млрд. теңгеге (9 ай) жетті. 2021 жылда 1 трлн. теңгеге жеткізу жоспарлануда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ «БЕЙРЕСМИ ЖОЛДЫ» ЖОЮ КЕРЕКЕл аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, ...
08/02/2021

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ: ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСТЕ «БЕЙРЕСМИ ЖОЛДЫ» ЖОЮ КЕРЕК
Ел аумағында жүргізілген сауалнаманың нәтижесіне сәйкес, мемлекеттік органдарға жүгінген азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа тап болғандарының үлесі 11,3%-ды құраған. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 2,1% төмендеген. Мәселені «бейресми жолмен» шешуде қызығушылық білдіргендер - 43,9%, делдалдарға жүгіну - 24,4%-ды құраған. Мұны Transparency Kazakhstan қоғамдық қоры жүргізген сауалдаманың нәтижесі анықтап берді. Бұл зерттеу жұмысы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған.
Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдары мен облыстық басқармалардың басшылары және бейнеконференция арқылы өңірге қарасты қала, аудандардың әкімдері қатысты. Комиссия отырысында «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижелері жарияланып, «Ашық диалог» порталына келіп түскен шағымдар бойынша жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша ұсынымдар ортаға салынды.
Алқалы жиында өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев Мемлекет басшысы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңына бекітілген өзгерістердің маңыздылығын алға тартып, мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мекемелерге барынша халыққа қолайлы әрі сапалы қызмет көрсетуге басымдық беру қажеттігін жеткізді.
«Жобалық кеңсе жұмыс істеп жатыр, «Ашық әкімдік» бар, мұның бәрі превенция, яғни, алдын алу жағынан өте дұрыс бастамалар. Сондықтан барлық аудандарда ашық әкімшілік ашуымыз керек. Арада жүрген делдардар бар, осы секілді жолдан тайдыратын «көмекшілермен» күресу қажет. Жемқорлықпен күресте осы «бейресми жолды» жою керек», - деді облыс әкімі.
Жиында сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бірінші орынбасары Мирас Қарғабай БҰҰ - ң Даму бағдарламасының қолдауымен іске асырылған зерттеу қорытындыларын жеткізді. Бұл ретте, бір жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықта делдалдардың үлесі 6% - ға өскенін және бұл карантин уақытында түсіндіру жұмыстарының ақсағанымен байланысты екендігін, сондай-ақ жергілікті тұрғындары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесуге дайын емес өңірлердің бар екенін атап өтті.
Мәлімдеуінше, Түркістан облысында жемқорлыққа тап болғандардың үлесі жалпықазақстандық деңгейден төмен, яғни – 7,5% құрап отыр. Азаматтар тарапынан мәселені бейресми жолмен шешуге келісім беру 5% - ға азайған.
Делдал ретінде көбінесе таныстар (42,0%) және «көмекшілер» (21,5%) келеді екен.
Бұдан бөлек, «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен 2020 жылы атқарылған жұмыстар баяндалып, өңір тұрғындарының мемлекеттік қызметтерді сапалы, жедел және кедергісіз алуын қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күні облысқа қарасты барлық қала, аудандардағы әкімдіктер толықтай «Сервистік әкімдік» үлгісіне көшкендігі мәлімделді.
Комиссия отырысында Келес, Сарыағаш, Жетісай аудандарының әкімдері мен қоғамдық денсаулық, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, ауыл шаруашылығы басқармаларының басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде атқарған жұмыстары бойынша есеп беріп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оны болдырмау бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің облыстық Департаментімен бірлесе нақты шаралар жүзеге асырылып жатқандығын жеткізді.
Жиын соңында өңірде жемқорлық деңгейін төмендету бойынша бірқатар ұсыныстар тыңдалып, қоғам індетімен күрес шаралары барлық мемлекеттік орган басшысының қызметінде басым бағыттардың бірі болуы қажет екендігі ескертілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы азаматтарды қабылдауды қайта бастайды. Карантиндік шараларға бай...
27/01/2021

«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы азаматтарды қабылдауды қайта бастайды. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады.

Атап айтқанда, 3 ақпанда - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпанда – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 19 ақпанда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпанда – Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, 25 ақпанда – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.

Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:
1. Call-орталық: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. Whatsapp: 8700 800 4441;
3. [email protected]

Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауына бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.

Түркістан қаласында несиеге берілетін үйлер жайлы "Тұрғын үй сату бойынша қызмет" ақпараттық орталығының ашылғанына 10 к...
27/01/2021

Түркістан қаласында несиеге берілетін үйлер жайлы "Тұрғын үй сату бойынша қызмет" ақпараттық орталығының ашылғанына 10 күнге жуықтады.

Осынша уақыт ішінде 300-ге жуық, яғни 280 азамат орталыққа келіп, ақпарат алды. Оның ішінде "7-20-25", 5-10-20 (Шаңырақ), 2-10-20 (Бақытт отбасы) және 5-20-19 (Нұрлы жер) бағдарламалары бойынша "Отбасы банкі", "Сбер банк", "Қазақстан халық банкі" бойынша алу жолдары түсіндірілуде.

Одан өзге, 72025turkistan.kz сайты мен "Amazing Turkistan” қосымшасындағы "7-20-25" бөлімі арқылы бүкіл несиеге берілетін үйлер жайлы ақпарат алуға болады.

Айта кетейік, орталық таңғы 9:00-ден кешкі 19:00-ге дейін (түскі үзіліс 13:00-15:00 аралығы) жұмыс жасайды. Орталыққа келерде қала тұрғындарынан арақашықтық сақтау мен бетперде тағу талап етіледі.

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫТүркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өз жұмысын таныстыру мақсатында «Ашы...
27/01/2021

ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР САРАЙЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
Түркістан қаласындағы Оқушылар сарайында өз жұмысын таныстыру мақсатында «Ашық есік» күнін өткізді. Білім ордасының тәжірибелі ұстаздары әртүрлі бағыттағы студиялар мен үйірмелердің жұмысымен таныстырды. Оқушылар сарайында жас жеткіншектеріміздің шығармашылық қабілетін дамытып, бос уақытын тиімді ұйымдастыруына барлық мүмкіндік жасалған. Мұнда 60-қа жуық үйірме жұмыс істейді.
Атап айтсақ, Технопарк, «Sana» IT орталығы, Өнер орталығы (кескіндеме, қолөнер, зергерлік өнер, мүсін және керамика, былғары жұмыстары, суретші), Тіл үйрету орталығы (5 шет тілі), Ғылым орталығы (Республикалық физика-математика мектебіне, Білім инновация лицейіне, Назарбаев зияткерлік мектебіне, Дарын мектептеріне түсу үшін оқушыларды дайындайды), Шығармашылық орталығы (вокал, актерлік өнер, сатира өнері, би, дәстүрлі ән, аспаптарда орындау), шахмат, балалар тележурналистикасы, анимация, фото-бейне түсірілімдерді монтаждау.
Сондай-ақ, 1000-нан аса оқушының қосымша білім алуына мүмкіндік бар. Тұл және жартылай жетім оқушыларға тегін. Көпбалалы отбасынан шыққан оқушыларға жеңілдік қарастырылған. Айта кетейік, жаңадан бой көтерген Оқушылар сарайының құрылысын «Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры» жүргізді. Оқушылар сарайының аумағы 12 мың шаршы метр. Ғимарат заман талабына сай жабдықталған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫТүркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – май...
27/01/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҮЗДІК ПОЛИЦЕЙЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал – майоры Қайрат Дәлбеков үздік полиция қызметкерлерін марапаттады. Жыл қорытындысы бойынша өңірдің өркендеуі мен дамуы үшін аянбай еңбек, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге құрмет көрсетті.

«Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», - деді полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Жарлығымен пандемиямен күрес кезіндегі жемісті еңбектері үшін «Халық алғысы» медалімен Медицина бөлімінің басшысы Мәлік Иватұлы, ЖПҚ басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Тұмабаев, патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Жақсылықов марапатталды.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасына «Үздік тергеуші» полиция майоры Бекзат Матенов, «Үздік криминалист» полиция майоры Фархат Баятаров, «Үздік жедел уәкіл» Ермек Шәкім, «Үздік анықтаушы» Әлімжан Тасбауов, «Үздік патрульдік полиция қызмет инспекторы» полиция аға лейтенанты Ерназар Сүйіндік ие болды. Кәсіби шеберлігі мен қырағылығын көрсеткен тәртіп сақшылары еңбектерінің ескерілгеніне риясыз алғыстарын жеткізіп, Қазақстан Республикасы үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
_

ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДА ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ПОЙЫЗ ЖҮРЕДІҮкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Ма...
27/01/2021

ТҮРКІСТАН-ТАШКЕНТ БАҒЫТЫНДА ЖОҒАРЫ ЖЫЛДАМДЫҚТЫ ПОЙЫЗ ЖҮРЕДІ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан қаласында туризмді дамыту мақсатында екіжақты теміржол қатынасы дамитынын айтты.

Бұл бастама 22 мың жұмыс орнын құрып, ішкі туристер легін 4,5 млн-ға арттыруға мүмкіндік береді. Темір жол магистралінің ұзындығы 260 шақырымды құрап, 250 км/сағат жылдамдықпен жүреді деп күтілуде. Теміржол құрылысы 2021-2024 жылдар аралығында салынады деп жоспарлануда.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЕКПЕСІН ӘУЕЛІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАЙДЫ Түркістан облысында коронавирусқа қарсы ...
26/01/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЕКПЕСІН ӘУЕЛІ МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары кезең-кезеңімен жүретін болады. Әуелі медицина қызметкерлеріне, кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция мамандарына егілсе, ал жеке азаматтарға тек қалауы бойынша екпе жасалатын болады. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 327-жағдай анықталған. Бұл - 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 16,2 құрайды. Оның ішінде: симптомдармен-59 жағдай, симптомдарсыз-268 жағдай тіркелген.
«Төсек-орын қоры Облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі–24,4% (149 адам), карантиндік төсек-орынның жүктемесі 10,0% (34 адам). Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», - деді Марат Орынбасарұлы.
Сондай-ақ брифингке қатысқан Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов карантин талаптарын бақылайтын мобильді топтардың жұмысын баяндады.
«Мобильді топтармен жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша 5024 нысан араланды. Полиция бөлімінен келіп түскен баянат негізінде жалпы 581 хаттамалар толтырылып, 32 087 000теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Оның ішінде жеке 565 жеке тұлға, 13 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға, 2 лауазымды тұлға карантин талаптарын бұзған», - деді Нұрбек Садықбекұлы.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ  ҚҰТҚАРЫЛҒАН   Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нә...
26/01/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРЛЫ БОРАННАН 400-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ҚҰТҚАРЫЛҒАН

Түркістан облысында авариялық құтқару жұмыстарының нәтижесінде көлігімен жолда қалып қойған (17 ауыр жүк көлігі, 90 жеңіл автокөлік) 377 адам құтқарылды. Оның ішінде 75-і балалар. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Талғат Досалиев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Табиғи құбылысқа байланысты Департаментте шұғыл штаб құрылған. Өңірде республикалық маңыздағы автомобиль жолдарының 2 учаскесі және облыстық маңыздағы автомобиль жолдарының 7 учаскесінде көліктердің жүруіне шектеу қойылған.
«Өткен аптаның соңғы күндері Түркістан облысы аумағының кей жерлерінде жел мен жауған қар салдарынан Түркістан, Кентау қалалары мен Төлеби, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Созақ, Түлкібас, Сайрам аудандарында 34 773 абонент электр жарығынсыз қалды. Қалпына келтіру жұмыстарына жалпы 20 бригада, 65 жеке құрам, 18 бірлік техника жұмылдырылған. Дегенмен, қарлы боран салдарынан зардап шеккендер жоқ. Облыс тұрғындары егер ауа райы қолайсыз болған жағдайда жолға шықпағаны абзал», - Т. Досалиев.
Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында сөз алған «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС-ң бас директорының орынбасары Ерлан Мелдебековтың айтуынша, Түркістан қаласын жарықпен қайта қамту үшін 65 маман күні-түні жұмыс істеген. Бүгінгі таңда шаһарда 100% жарық бар. Негізінен, Түркістан қаласында 900-ден астам трансформатор болса, оның 165-і ғана аталған мекеме қарамағында. Қалған трансформаторлар қалалық инфрақұрылым бөлімі мен жеке азаматтарға тиесілі.

Түркістан Өңірлік Коммуникация Қызметі

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА  200-ДЕН АСТАМ СПОРТ НЫСАНЫ БАРБұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс ә...
26/01/2021

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА 200-ДЕН АСТАМ СПОРТ НЫСАНЫ БАР
Бұқаралық спорт пен жоғары жетістіктер спортын дамыту жолында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тікелей басшылығымен көптеген жұмыстар жасалуда. Мемлекеттік маңызы бар басым бағытты күшейту үшін спорттық инфрақұрылымның саны артты. Атап айтсақ, Түркістан қаласында бірқатар спорттық нысандар салынып, қолданысқа берілуде. Жалпы қалада 204 спорт нысаны бар. Оның ішінде 1 спорт сарайы, 42 спорт залы, 5 жүзу бассейні, 4 спорт кешені, 4 стадион, 10 теннис корты, 139 спорт ойын алаңы (22 футбол манежі).
2018-2020 жылдары Түркістан қаласында заманауи үлгідегі жасанды төсенішімен 40 ашық спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Олар: 26 кіші футбол алаңы, 6 теннис корты, 5 стрит воркаут алаңы, 3 стритбол. Сонымен қатар, 7000 орындық «Turkistan-Arena» стадионы мен жабық бассейні бар спорт сарайы іске қосылған болатын.
Дүниежүзі бойынша кең тараған спорт түрі-футболды дамыту мақсатында УЕФА-ның халықаралық талаптарына сай 7000 адамға лайықталған алып стадионда оқу-жаттығу жиындары және облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өтеді. «Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионда жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан, акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары талаптарға сай толық жасақталған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ - «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»Түркістан облысындағы медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарыме...
26/01/2021

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ - «ЖАСЫЛ АЙМАҚТА»
Түркістан облысындағы медициналық ұйымдар дәрілік заттар мен жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілген. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1,4 млрд. теңге, облыстық бюджеттен 0,8 млрд. теңге қаражат бөлінген болатын. Аталған қаржыға дәрілік заттар, медициналық бұйымдар мен дезинфекциялық ерітінділер сатып алынды. Олардың 70%-ын медициналық мекемелерде, қалған 30%-ын облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының қоймасында қор ретінде сақталу тұр.
Өңірде өкпені жасанды желдету аппараттары мен қосымша 4 оттегі станциялары артты. Бұдан бөлек, оттегі концентраторларының саны 1 мыңға жетіп, оттегі нүктелерінің саны 3 мыңға көбейді. Сонымен қатар, 12 бірлік жылжымалы медициналық кешен жиынтығы сатып алынып, аудандарды қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ды құрады. Жедел-жәрдем қызметі 122 жаңа автокөлікпен толықты. Бұл автокөліктер жедел-жәрдем қызметі паркін 96%-ға жаңартуға мүмкіндік берді.
Түркістан облысында соңғы бір тәулік ішінде коронавирус инфекциясына шалдыққан 16 адам тіркелді. Пандемия басталғалы бері 4 002 жағдай тіркеліп, 3 735 адам жазылып шыққан. Облыс эпидемиологиялық ахуалды бағалау көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта» тұр. Бүгінгі таңда аймақта 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын дайын. Коронавирустық инфекция өршіген жағдайда инфекциялық төсек-орындар санын 6 мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар.

БИЫЛ КЕЛЕС АУДАНЫНДА 70 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІКелес ауданының ағымдағы жылғы жоспарында аудан тұрғындарының сапалы өмір с...
26/01/2021

БИЫЛ КЕЛЕС АУДАНЫНДА 70 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Келес ауданының ағымдағы жылғы жоспарында аудан тұрғындарының сапалы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым, сонымен қатар, аудан аумағындағы жолдарды жаңарту басты назарға алынған. Аудан аумағында жалпыға ортақ пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы мың шақырымнан асады. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 260 шақырым.
Биыл жолдардың жақсы және қанағанаттарлық жағдайдағы үлесін 90%-ға жеткізу көзделген. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 123 шақырымға жуық. 100 шақырымдай жол орта және ағымдағы жөндеуден өткен.

Бүгінде екі шақырымға жуық «KXSG-33 Бiрлiк – Косоткел» автомобиль жолы жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдың үлесі 80%-ды құрап отыр. Бұл көрсеткіш биыл едәуір артпақ. Елдімекендердегі ішкі көшелердің ұзындығы 700 шақырымнан асады. Оның 240 шақырымы орта жөндеуден өткен. Яғни, ішкі көшелердің 40% қанағаттанарлық жағдайда.

2020 жылы «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында Абай ауылы және Ақтөбе ауылдық округіндегі ұзындығы 23 шақырымды құрайтын 16 ішкі көшелердің орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық бюджет есебінен ұзындығы 16 шақырым 16 көшеге және бір аудандық маңызы бар автомобиль жолы жөнделді. Сонымен қатар, 23 шақырымға жуық алты ішкі көшеге шағал-тас төселген.

Биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен ұзындығы 30 шақырымға жуық Ошақты және Біртілек ауылдық округіндегі 15 ішкі көшелерді орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, биыл аудан бюджет есебінен ұзындығы 20 шақырымды құрайтын 14 ішкі көшелерге және бір аудандық маңызы бар автожолына орта жол жөндеуден өтеді. Және ұзындығы 22 шақырым болатын 9 көшеге шағал-тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Kelesinfo. Kz

Address

Келес

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when KelesInfo.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

  • Address
  • Alerts
  • Claim ownership or report listing
  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share