Rfc.kz

Rfc.kz ҚР ЭМ ЖЭК жөніндегі ҚЕАО
РФЦ по ВИЭ МЭ РК

🔹Күн саны  ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті. 🔸Цифра дня  Объем электроэнергии вы...
28/03/2024

🔹Күн саны

ЖЭК объектілерінде өндірілген электр энергиясының көлемі 5,92% -ға жетті.

🔸Цифра дня

Объем электроэнергии выработанный ВИЭ достиг 5,92%.

⚜️Күн мен түн теңелетін, тіршілік жаңаратын Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Әз-Наурыз әр шаңыраққа береке, бақыт әкелсін!
21/03/2024

⚜️Күн мен түн теңелетін, тіршілік жаңаратын Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Әз-Наурыз әр шаңыраққа береке, бақыт әкелсін!

🇺🇿 Ташкент қаласында 8-ші Халықаралық конгресс пен «Гидроэнергетика. Орталық Азия және Каспий теңізі» атты көрме өтті.Іс...
20/03/2024

🇺🇿 Ташкент қаласында 8-ші Халықаралық конгресс пен «Гидроэнергетика. Орталық Азия және Каспий теңізі» атты көрме өтті.

Іс-шараға қатысушылар Орталық Азия өңірін тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету стратегиялары мен жоспарларын іске асыруды, Орталық Азия елдерінің энергетика саласын мемлекеттік қолдау мен реттеуді, энергетикалық қауіпсіздікті, ЖЭК дамуын қолдау үшін қаржы институттары, үкіметтер мен жеке компаниялар арасындағы өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін және басқа да мәселелерді талқылады.

🔰 «Энергетика саласын қайта жандандырудың стратегиялық аспектілері: аймақ елдеріндегі энергия тапшылығы жағдайында жаңартылатын энергия көздеріне көзқарастарды трансформациялау» пленарлық отырысы аясында Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева сөз сөйледі. Ол іс-шараға қатысушыларға Қазақстанда ЖЭК секторын дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру тетіктері туралы айтып берді.

Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан, Грузия және Армения өкілдері қатысты.

***
🇺🇿 В г. Ташкент состоялся 8-й Международный конгресс и выставка «Гидроэнергетика. Центральная Азия и Каспий».

Участники мероприятия обсудили реализацию стратегий и планов для обеспечения устойчивого энергоснабжения центральноазиатского региона, государственную поддержку и регулирование сферы энергетики стран Центральной Азии, энергетическую безопасность, возможности для взаимодействия между финансовыми институтами, правительствами и частными компаниями для поддержки развития ВИЭ и другие вопросы.

🔰 В рамках Пленарного заседания «Стратегические аспекты перезагрузки энергетической отрасли: Трансформация подходов к ВИЭ в условиях энергодефицита стран региона» выступила Генеральный директор Расчетно-финансового центра по ВИЭ Гульжан Налибаева. Она рассказала участникам мероприятия о развитии сектора ВИЭ в Казахстане и механизмах реализации государственной политики по поддержке ВИЭ.

В мероприятии приняли участие представители Казахстана, Узбекистана, Таджикистана, Кыргызстана, России, Азербайджана, Грузии и Армении.

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын Бірыңғай сатып алушының ақпан айындағы базалық бағасының нақты мәндері ж...
20/03/2024

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын Бірыңғай сатып алушының ақпан айындағы базалық бағасының нақты мәндері және ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтер орналастырылған.

❗️«КОРЕМ» АҚ тарапқа тауарларды шығару үшін қол қойылған шот-фактураны ұсынғаннан кейін және ақпан айы үшін ЭШФ бергеннен кейін Бірыңғай сатып алушының ақпан айындағы базалық бағасының нақты мәндері және ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтер қайта есептеледі.

🔗Ақпаратпен толығырақ ҚЕАО сайтында https://rfc.kz/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=02 сілтемесі бойынша танысуға болады.

***

📣На сайте Расчетно-финансового центра по ВИЭ размещены предварительные фактические значения базовых цен Единого закупщика электрической энергии и тарифы на поддержку ВИЭ за февраль.

❗️После предоставления АО «КОРЭМ» подписанной накладной на отпуск товаров на сторону и выставления ЭСФ за февраль фактические значения базовых цен Единого закупщика и тарифы на поддержку ВИЭ за февраль месяц будут пересчитаны.

🔗Более подробно с информацией можно ознакомиться на сайте РФЦ по ссылке: https://rfc.kz/ru/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=02

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қаңтар айындағы базалық бағасының нақты мәндері ...
14/03/2024

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қаңтар айындағы базалық бағасының нақты мәндері және ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтер орналастырылған.

🔗Ақпаратпен толығырақ ҚЕАО сайтында https://rfc.kz/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=01 сілтемесі бойынша танысуға болады.

***
📣На сайте Расчетно-финансового центра по ВИЭ размещены фактические значения базовых цен Единого закупщика электрической энергии и тарифы на поддержку ВИЭ за январь.

🔗Более подробно с информацией можно ознакомиться на сайте РФЦ по ссылке: https://rfc.kz/ru/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=01

📣 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі бекітілді.🔗Кесте ЖЭК...
11/03/2024

📣 ҚР Энергетика министрінің бұйрығымен 2024 жылға арналған аукциондық сауда-саттықты өткізу кестесі бекітілді.
🔗Кесте ЖЭКҚ жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының сайтында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://rfc.kz/res-sector/auctions/schedule/

***
📣Приказом Министра энергетики РК утвержден график проведения аукционных торгов на 2024 год.
🔗Более подробно с графиком можно ознакомиться на сайте ТОО «Расчетно-финансовый центр по ВИЭ» по следующей ссылке: https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/schedule/

🌷 Құрметті арулар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!Әйел-ана – ...
08/03/2024

🌷 Құрметті арулар, сіздерді көктемнің шуақты мерекесі –Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Әйел-ана – тіршіліктің тұтқасы, отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің бағбаны, береке-бірліктің бастауы.

Сіздерді ЖЭКҚ жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығы атынан құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық пен бақ-береке,  қызметтеріңізге табыс тілейміз!

🤝Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парви...
06/03/2024

🤝Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбіде өзінің әріптесі-Әзірбайжанның Энергетика министрі Парвиз Шахбазовпен кездесу өткізді.

▪️Кездесу Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысының қорытындысы бойынша өтті.

▪️Кездесу барысында тараптар елдердің энергетика, қазақстандық мұнай транзиті, жаңартылатын энергия көздерінің ауқымды жобаларын іске асыру саласындағы ынтымақтастығына қатысты бірқатар мәселелерді талқылады.

▪️Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың қараша айында “ҚазМұнайГаз” (ҚМГ) және SOCAR компаниялары арасында Ақтау-Баку-Тбилиси-Джейхан бағыты бойынша мұнай транзиті туралы келісімге қол қойылды.

✔️2023 жылдың қорытындысы бойынша Ақтау портынан мұнай жөнелту Баку-Тбилиси-Джейхан бағытында 1 057 мың тоннаны құрады. 2024 жылға қазақстандық мұнайды БТД арқылы жылына 1,5 млн. тонна көлемінде жеткізу жоспарланған.

“Біздің Ұлттық компанияларымыздың алдына Қазақстанда өндірістің өсуін ескере отырып, мұнай жеткізу көлемін ұлғайту міндеті қойылды. Осыған байланысты, біз қазақстандық мұнайды жеткізу көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз”, - деп атап өтті кездесу барысында А.Сәтқалиев.

▪️Энергетика министрлігінің басшылары Каспий теңізінің түбіне терең су кабелін төсеу арқылы Кавказ өңірі мен Орталық Азияның энергия жүйелерін қосуға бағытталған жобаны іске асыру бойынша алдағы жұмыстарды талқылады.

🔹Электр энергетикасы: министр елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарларын айтты✔️Сейсенбіде Қаз...
05/03/2024

🔹Электр энергетикасы: министр елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жоспарларын айтты

✔️Сейсенбіде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев алқа отырысы барысында ведомствоның 2023 жылғы жұмысының қорытындылары туралы есеп беріп, ағымдағы жылға арналған жоспарларын айтты.

✔️Министрдің айтуынша, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетті арттыру мақсатында Министрлік Электр энергетикасы саласын дамытудың 2035 жылға дейінгі іс-шаралар жоспарын қабылдады, оған сәйкес қолданыстағы жобаларды жаңғыртудың бірқатар жобаларын іске асыру, сондай-ақ шамамен 26 ГВт жиынтық қуатқа жаңа қуаттарды енгізу көзделген.

✔️Қойылған жоспарларға сәйкес оңтүстік өңірлерде белгіленген қуаттылығы шамамен 2,3 ГВт газ генерациялау жобалары іске асырылуда, 2025 – 2026 жылдары аяқталады (Түркістан, Қызылорда облыстарында қуаттылығы 926,5 МВт және 240 МВт, сондай-ақ Алматы қ. ЖЭО-3 және ЖЭО-2 алаңдарында қуаттылығы 544 МВт және 557 МВт).

✔️Жалпы қуаты 6,7 ГВт газ және көмір генерациясының қосымша жобалары, оның ішінде шамамен 2,4 ГВт маневрлік генерацияны іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттық шеңберінде іске асырылатын болады.

✔️Мемлекет басшысының Катарға сапары аясында Қызылорда облысында қуаты шамамен 1,1 ГВт бу-газ қондырғысын салу жобасын іске асыру жөніндегі қағидаттар туралы келісімге (Heads of Agreement) қол қойылды.

📌Көкшетау (Э/м – 240 МВт, т/м – 520 Гкал/сағ), Семей (э/м – 360 МВт, т/м – 1200 Гкал/сағ) және Өскемен (э/м-360 МВт, т / м-1002 Гкал / сағ) қалаларында көмір ЖЭО салу жобалары бойынша Ресеймен ЖПҚ жасасу жоспарлануда.

🔋ЖЭК-тің 15% үлесіне қол жеткізу мақсатында 2030 жылға қарай жиынтық қуаттылығы 6 ГВт – тан жоғары (2024 ж. - 1270 МВт) жыл сайынғы аукциондық сауда-саттықты өткізу, сондай-ақ стратегиялық инвесторлармен ауқымды жобаларды іске асыру қамтамасыз етілетін болады.

✔️Осылайша, Total Energies (Франция), Acwa Power (Сауд Арабиясы) және Masdar (БАӘ) компанияларымен бірлесіп жалпы қуаты 3 ГВт ЖЭК жобаларын іске асыру басталды (әрқайсысы 1 ГВт-тан, жобалардың орналасқан жері 1 кВт/сағ бағасын ескере отырып анықталады, ЖПҚ ратификациялау бойынша жұмыс жүргізілуде).

📌2024 жылға арналған жоспарлар:

- Батыс Қазақстанның электр желілерін БЭЖ-ге қосу жобасы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады (жоба елдің энергия қауіпсіздігін арттыруға және елдің энергия теңгеріміне батыс облыстарының газ қуаттарын тартуға мүмкіндік береді);
-Екібастұз ГРЭС-1 (500 МВт)бірінші энергия блогын қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаны аяқтау;
- Топар ГРЭС (130 МВт) және Атырау ЖЭО (65 МВт)қосымша қуаттарды іске қосу;
- жалпы қуаты 259 МВт ЖЭК 11 объектісін енгізу;
- энергия объектілері мен электр беру желілерінде күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілетін болады.

📌2024 жылға 10 энергоблокты, 55 энергетикалық қазандықты және 45 турбинаны күрделі және кеңейтілген ағымдағы жөндеу, сондай-ақ жалпы ұзындығы 20,9 мың км электр беру желілерінде жөндеу жұмыстары және 423 қосалқы станцияда жөндеу жоспарланған.

QR Energetıka mınıstrlіgі, Министерство энергетики РК

▫️1 наурызда Баку қаласында Оңтүстік газ дәлізі бойынша консультативтік кеңес шеңберінде 10-шы министрлік отырысы және ж...
04/03/2024

▫️1 наурызда Баку қаласында Оңтүстік газ дәлізі бойынша консультативтік кеңес шеңберінде 10-шы министрлік отырысы және жасыл энергия жөніндегі Консультативтік кеңес шеңберінде 2-ші министрлік отырысы ашылды.

🇰🇿ЖЭК бойынша Есеп айырысу-қаржы орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаева Қазақстан Республикасы атынан баяндама жасады. Ол іс-шараға қатысушыларға елдің электр энергетикасы саласын дамыту және ЖЭК секторында мемлекеттік саясатты іске асыру механизмдерін ұсынды.

«Қазақстандағы жаңартылатын энергетика секторының дамуы елдің тұрақты дамуға, инвестиция тартуға және Орталық Азия елдерінің энергетикалық секторында экологиялық тұрақтылықты ілгерілетуге стратегиялық бағдарын көрсететінін атап өткім келеді», - деп атап өтті Гүлжан Нәлібаева.

▫️Іс-шараға Әзірбайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев, Еуропалық энергетика жөніндегі комиссары Кадри Симсон, Түркия, БАӘ, Италия, АҚШ, Грузия, Румыния, Венгрия және басқа елдердің энергетика саласындағы уәкілетті органдарының және энергетикалық компаниялардың өкілдері қатысты.

***
▫️1 марта в г. Баку состоялось открытие 10-го министерского заседания в рамках Консультативного совета по Южному газовому коридору и 2-го министерского заседания в рамках Консультативного совета по зеленой энергии.

🇰🇿С докладом от Республики Казахстан выступила Генеральный директор Расчетно-финансового центра по ВИЭ Гульжан Налибаева. Она представила участникам мероприятия развитие электроэнергетической отрасли страны и механизмы реализации государственной политики в секторе ВИЭ.

«Хочу подчеркнуть, что развитие сектора ВИЭ в Казахстане отражает стратегическую ориентацию страны на устойчивое развитие, привлечение инвестиций и содействие экологической устойчивости в сфере энергетики стран Центральной Азии», - отметила Гульжан Налибаева.

▫️В мероприятии приняли участие Президент Азербайджанской Республики Ильхам Алиев, Еврокомиссар по вопросам энергетики Кадри Симсон, представители уполномоченных органов в сфере энергетики и энергетических компаний Турции, ОАЭ, Италии, США, Грузии, Румынии, Венгрии и других стран.

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәндері және қаңтар айын...
29/02/2024

📣ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО сайтында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының базалық бағасының нақты мәндері және қаңтар айындағы ЖЭК-ті қолдауға арналған тарифтер орналастырылған.

❗️«КОРЕМ» АҚ тарапқа тауарларды шығару үшін қол қойылған шот-фактураны ұсынғаннан кейін және қаңтар айы үшін ЭШФ бергеннен кейін Бірыңғай сатып алушының қаңтар айындағы базалық бағаларының нақты мәндері қайта есептеледі.

🔗Ақпаратпен толығырақ ҚЕАО сайтында https://rfc.kz/ru/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=01 сілтемесі бойынша танысуға болады.

***

📣На сайте Расчетно-финансового центра по ВИЭ размещены фактические значения базовых цен Единого закупщика электрической энергии и тарифы на поддержку ВИЭ за январь.

❗️После предоставления АО «КОРЭМ» подписанной накладной на отпуск товаров на сторону и выставления ЭСФ за январь месяц фактические значения базовых цен за январь Единого закупщика будут пересчитаны.

🔗Более подробно с информацией можно ознакомиться на сайте РФЦ по ссылке: https://rfc.kz/ru/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=01

⚡️2024 жылғы 27 ақпанда белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.Сауда...
28/02/2024

⚡️2024 жылғы 27 ақпанда белгіленген жиынтық қуаты 10 МВт БиоЭС құрылысына ЖЭК бойынша аукциондық сауда саттық өтті.

Сауда сессиясының нәтижелері бойынша аукциондық сауда-саттыққа қатысуға 3 компания жіберілді, сауда сессиясын өткізу барысында қатысушылар 4 баға ұсынысын берді. Аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан қуаттың мәлімделген жиынтық көлемі 13 МВт құрады.

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 55-тармағының 1) тармақшасына сәйкес белгіленген қуатты іріктеу көлемі 10-нан 10.6 МВт-қа дейін ұлғайтылды.

БиоЭС жобаларын іріктеу бойынша аукциондық сауда-саттықты өткізу кезіндегі бастапқы шекті аукциондық баға 32.23 тг/кВтсағ құрады (ҚҚС-сыз).

Сауда сессиясын өткізу барысында аукциондық сауда-саттыққа қатысушылардан алынған өтінімдердің баға диапазоны 32.23-тен 32.03 тг/кВтсағ-қа дейін (ҚҚС-сыз) құрады.

Аукциондық сауда-саттық қорытындысы бойынша жеңімпаздар болып келесі компаниялар анықталды:

✔️«ZOR-Biogas» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 2.4 МВт, аукциондық бағасы 32.03 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
✔️«Apfel Alatau» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 3.4 МВт, аукциондық бағасы 32.08 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз);
✔️«Zor Fish» ЖШС жобаның белгіленген қуаты 4.8 МВт, аукциондық бағасы 32.13 тг/кВт*сағ (ҚҚС-сыз).

Аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының талаптарын сақтау мақсатында бақылаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «KAZENERGY» ЗТБ, «Қазақстандық электр энергетикасы қауымдастығы» ЗТБ және USAID өкілдері қатысты.

Сондай-ақ, БиоЭС түрі бойынша жиынтық белгіленген қуаты 10 МВт аукцион бұрын өткізілген (2023 жылғы 30 қараша) аукцион өткізілмеді деп танылғанына байланысты қайта өткізілді.

Ақпарат көзі:

🔻В соответствии с информацией по производству электрической энергии объектами ВИЭ по итогам 2023 года, увеличение вырабо...
31/01/2024

🔻В соответствии с информацией по производству электрической энергии объектами ВИЭ по итогам 2023 года, увеличение выработки электрической энергии объектами ВИЭ за 2023 год по сравнению с 2022 годом составляет – 30 %.

Информация доступна на сайте Министерства энергетики по следующей ссылке: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/588510?directionId=4910&lang=ru

🔻2023 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі бойынша ақпаратқа сәйкес 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың і...
31/01/2024

🔻2023 жылы ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі бойынша ақпаратқа сәйкес 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың ішінде ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндіруі 30%-ға ұлғайды.

Ақпарат ҚР Энергетика министрлігінің сайтында келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/documents/details/588510?directionId=4910&lang=kk

💡24.01.2024 ж. № ПР-10 хаттамасына сәйкес Бірыңғай сатып алушының және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс...
29/01/2024

💡24.01.2024 ж. № ПР-10 хаттамасына сәйкес Бірыңғай сатып алушының және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмысын реттейтін мәселелер жөніндегі кеңестің электр энергиясын сатып алуға жылдық болжамды бағасы 15,96 теңге/кВтсағ мөлшерінде келісілді.

Хаттамамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://rfc.kz/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/

***

💡В соответствии с Протоколом № ПР-10 от 24.01.2024 г. совещания по вопросам, регламентирующим работу Единого закупщика и балансирующего рынка электрической энергии согласована прогнозная годовая цена на покупку электрической энергии в размере 15,96 тенге/кВтч.

С Протоколом можно ознакомиться по следующей ссылке: https://rfc.kz/ru/single-purchaser-of-electricity/prices-and-rates/?year=2024&month=01

▪️ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева электр энергетика инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық...
29/01/2024

▪️ЖЭКҚ жөніндегі ҚЕАО бас директоры Гүлжан Нәлібаева электр энергетика инвестициялық ахуалды жақсарту және инвестициялық жобаларды іске асыруға кедергі келтіретін тосқауылдарды анықтау бойынша акселерацияға қатысты.

Кездесу «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында өтті. Іс-шараны ашу барысында Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов сөз сөйледі.

Іс-шара пленарлық отырыс және топтық жұмыс түрінде өтті, кездесуге қатысушылар инвестициялық жобаларды іске асыруға және электр энергетикасы саласына инвестициялар тартуға кедергі келтіретін факторларды жою бойынша ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ практикалық кейстерді талдады.

***

▪️Генеральный директор РФЦ по ВИЭ Гульжан Налибаева приняла участие во встрече по обсуждению и выявлению системных проблем и барьеров, препятствующих реализации инвестиционных проектов и привлечению дополнительных инвестиций в электроэнергетическую отрасль.

Встреча состоялась на площадке Международного финансового центра «Астана». С приветственным словом выступил вице-министр энергетики Республики Казахстан Сунгат Есимханов.

Мероприятие состоялось в форме пленарного заседания и работы в группах, участниками встречи обсуждены рекомендации по устранению барьеров, препятствующих реализации инвестиционных проектов и привлечению инвестиций в сферу электроэнергетики, а также разобраны практические кейсы.

📌Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылғы 27 ақпанда сағат 14:00-де жоспарланған қайталама аукциондық...
24/01/2024

📌Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі 2024 жылғы 27 ақпанда сағат 14:00-де жоспарланған қайталама аукциондық сауда-саттықтар өткізілетінін жариялады және мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады. Биоэнергетика (БиоЭС) жобаларын іріктеу бойынша қайта аукционға қойылған жалпы белгіленген қуат 10 МВт құрайды.

Ережеге сәйкес, қатысушылар аукционға қатысуға өтінімді қаржылық қамтамасыз ету арқылы өздерінің құқықтық және төлем қабілеттілігін растауы керек. Қаржылық қамтамасыз ету банктік кепілдік немесе резервтік аккредитив түрінде ұсынылуы мүмкін және ЖЭК жөніндегі ҚЕАО атына жазылады.

❗️Белгіленген ережелерге сәйкес қатысушылар аукциондық сауда-саттық басталғанға дейін 2 жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық қамтамасыз етуді ұсынуы керек.

Мүдделі тараптар Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) және «ЭҚРҚО» АҚ (https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/) ресми сайттарынан түсініктеме сұрата алады.

***

📌Министерство энергетики Республики Казахстан объявило о проведении повторных аукционных торгов, запланированных на 27 февраля 2024 года в 14:00, и приглашает заинтересованных лиц принять участие. Общая установленная мощность на повторном аукционе для отбора проектов в области биоэнергетики (БиоЭС) составляет 10 МВт.

Согласно правилам, участники должны подтвердить свою правоспособность и платежеспособность, предоставив финансовое обеспечение заявки на участие в аукционе. Финансовое обеспечение может быть представлено в виде банковской гарантии или резервного аккредитива и выписывается в пользу РФЦ по ВИЭ.

❗️В соответствии с установленными правилами, участники должны предоставить финансовое обеспечение не позднее чем за 2 рабочих дня до начала аукционных торгов.

Заинтересованные стороны могут запросить разъяснения на официальных сайтах Министерства энергетики Республики Казахстан, ТОО «Расчетно-финансового центра по поддержке возобновляемых источников энергии» (https://rfc.kz/ru/res-sector/auctions/selection-of-res/) и АО «КОРЭМ» (https://vie.korem.kz/rus/uchastie_v_torgah/uchastie_vie/).

🔹 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН БОЛЖАМДЫ ТАРИФТЕРҚазақстан Республикасы Энергетика...
22/01/2024

🔹 2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІН ҚОЛДАУҒА АРНАЛҒАН БОЛЖАМДЫ ТАРИФТЕР

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 118 бұйрығымен бекітілген Жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларының 2-тарауының 6-тармағына сәйкес Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының енгізілуінің бірінші жылына Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатуға жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды тарифті айқындау жүргізілмейді.

***

🔹 ПРОГНОЗНЫЕ ТАРИФЫ НА ПОДДЕРЖКУ ВОЗОБНОВЛЯЕМЫХ ИСТОЧНИКОВ ЭНЕРГИИ НА 2024 ГОД

Согласно пункту 6 главы 2 Правил определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии, утвержденным приказом Министра энергетики Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года №118, на первый год введения Единого закупщика электрической энергии определение прогнозного тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии Единого закупщика электрической энергии на продажу электрической энергии на предстоящий календарный год не производится.

📣Құрметті достар, ЖЭК жөніндегі ҚЕАО жаңа сайтының https://rfc.kz/ іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз!  Мұнда Сіз Э...
22/01/2024

📣Құрметті достар, ЖЭК жөніндегі ҚЕАО жаңа сайтының https://rfc.kz/ іске қосылғаны туралы қуана хабарлаймыз! Мұнда Сіз Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметімен, ЖЭК секторы және қуат нарығы туралы пайдалы материалдармен таныса аласыз.

***

📣Дорогие друзья, рады сообщить о запуске нового сайта РФЦ по ВИЭ – https://rfc.kz/ru/! Здесь вы сможете ознакомиться с деятельностью Единого закупщика электроэнергии, а также полезными материалами о секторе ВИЭ и рынке мощности.

🇰🇿🇺🇿Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруымен 15-16 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын...
18/01/2024

🇰🇿🇺🇿Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің шақыруымен 15-16 қаңтарда ҚР Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының бас директоры Гүлжан Нәлібаеваның Өзбекстан Республикасы Энергетика министрлігінің өкілдерімен кездесуі өтті. Тараптар екі елдің энергетика саласындағы ынтымақтастығы мен даму перспективаларын, Орталық Азияның Біріккен Энергетикалық жүйелеріне электр энергиясын жеткізу мен транзитті талқылады.

Сапар аясында Нәлібаева Гүлжан ҚР-ның Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Атамқұлов Бейбітпен энергетика саласындағы екі елдің өзара қарым-қатынасының өзекті мәселелері бойынша кездесті.

17-18 қаңтарда Ташкент қаласында қазақстандық делегация Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы электр энергиясының өңірлік нарығындағы байланыстар мен сауданы дамыту жөніндегі «Нарықтың негізгі тұжырымдамалары және жергілікті контекст» семинарына қатысты. Семинар пилоттық сауда платформасын әзірлеу және өңірлік және ұлттық инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландыру арқылы Орталық Азияның энергетикалық нарығындағы байланыстар мен сауданы дамыту жөніндегі Дүниежүзілік Банктің жобасын дайындау шеңберінде өтеді.
Қазақстандық делегация құрамында ҚР Энергетика және Ұлттық экономика министрліктерінің, «ЖЭК бойынша ҚЕАО» ЖШС, «KEGOC» АҚ және «КОРЭМ» АҚ өкілдері қатысады.

***

🇰🇿🇺🇿По приглашению Министерства энергетики Республики Узбекистан 15-16 января состоялась встреча Генерального директора Расчетно-финансового центра по поддержке возобновляемых источников энергии Министерства энергетики РК Гульжан Налибаевой с представителями Министерства энергетики Республики Узбекистан. Стороны обсудили сотрудничество и перспективы развития сферы энергетики двух стран, поставку и транзит электроэнергии в объединенные энергетические системы Центральной Азии.

В рамках визита Гульжан Налибаева встретилась с Чрезвычайным и полномочным послом РК в Республике Узбекистан Бейбутом Атамкуловым по актуальным вопросам взаимоотношений двух стран в энергетической отрасли.

17-18 января в г. Ташкент казахстанская делегация приняла участие в семинаре Всемирного банка по развитию связей и торговли на региональном рынке электроэнергии в Центральной Азии «Основные концепции рынка и местный контекст». Семинар состоялся в рамках подготовки Проекта Всемирного банка по развитию пилотного краткосрочного регионального рынка электроэнергии в Центральной Азии посредством разработки пилотной торговой платформы и финансирования региональных и национальных инфраструктурных инвестиций.
В составе казахстанской делегации в мероприятии приняли участие представители Министерств энергетики и национальной экономики РК, ТОО «РФЦ по ВИЭ», АО «KEGOC» и АО «КОРЭМ».

QR Energetıka mınıstrlіgі, Министерство энергетики РК
KEGOC
Korem Jsc

🔹Тозығы жеткен станциялар мен электр қуатының тапшылығы: Энергетика министрлігі мәселені қалай шешеді  ҚР Энергетика мин...
17/01/2024

🔹Тозығы жеткен станциялар мен электр қуатының тапшылығы: Энергетика министрлігі мәселені қалай шешеді

ҚР Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сейсенбі күні Үкімет отырысында елдің энергетикалық кешеніне қатысты жағдай туралы баяндады.

✔Еліміздегі тапшылықты жабу және экспорттық әлеуетті арттыру үшін Энергетика министрлігі 35 ГВт-қа дейінгі қосымша жаңа генерациялау қуаттарын енгізуді көздейтін электр энергетикасын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі.

⚙Осылайша, қолданыстағы электр станцияларын қайта құру және кеңейту есебінен қосымша 5,6 ГВт қамтамасыз етіледі.

▪Мұндай жобалардың қатарында қуаттылығы 325 МВт Ақсу ГРЭС №7 блогының құрылысы (2027 ж.), Қарағанды ЖЭО-3 турбинасын ауыстыру және қазандық қондырғысының құрылысы (2026 ж. 120 МВт) және «Karabatan Utility Solution» ЖШС бу-газды қондырғыны 310 МВт-тан 620 МВт-қа дейін кеңейту (2027 ж.).

▪Жоспарда қуаттылығы 6,7 ГВт болатын жаңа генерацияның құрылысы да қарастырылған.

▪Икемді генерацияны таңдау бойынша аукцион аясында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Шымкент қалаларында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын жанар-жағармай құю станцияларын салу жоспарлануда.

▪Жезқазған қаласында 2029 жылдың соңына дейін қуаттылығы 500 МВт болатын жаңа ЖЭО салу жоспарлануда.

▪Қуаттылығы 5 ГВт болатын ауқымды жобалар да стратегиялық инвесторлармен әртүрлі кезеңдер бойынша әзірленуде.

♻ЖЭК жобаларын іріктеу бойынша аукциондар шеңберінде Министрлік 5 жылдық кезеңге арналған аукциондар кестесін әзірледі және бекітті. Аукционға шығарылған жалпы қуаттылық 6,7 ГВт құрады, ал аукцион қорытындысы бойынша 2027 жылдың соңына дейін 592 МВт пайдалануға беру жоспарлануда.

Ұлттық электр станцияларының жаңа архитектурасы Каспий, Арал, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның энергия балансына жаңартылатын әлеуетті қосуды қамтамасыз етеді. Экспорттық және транзиттік әлеуетті айтарлықтай арттырады.

♻️Құрметті достар! Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы...
15/01/2024

♻️Құрметті достар! Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығының ресми парақшасына қош келдіңіз!
Осы парақшада жаңартылатын энергия көздері секторында және Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы секторының қуат нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушының қызметі туралы жаңалықтармен бөлісетін боламыз.

***

♻️Дорогие друзья, мы рады приветствовать Вас на официальной странице «Расчетно-финансового центра по поддержке возобновляемых источников энергии» Министерства энергетики Республики Казахстан!
Здесь мы будем делиться новостями о деятельности единого закупщика электроэнергии в секторе возобновляемых источников энергии и на рынке мощности электроэнергетического сектора Республики Казахстан.

21/04/2023
Премьер-Министр РК Алихан Смаилов представил нового министра энергетики Алмасадама Саткалиева коллективу ведомства и обо...
06/04/2023

Премьер-Министр РК Алихан Смаилов представил нового министра энергетики Алмасадама Саткалиева коллективу ведомства и обозначил приоритетные задачи в энергетической сфере на предстоящий период.

Глава Правительства подчеркнул, что Минэнерго необходимо:

✅активизировать работу по развитию крупных нефтегазовых проектов и экспортных транспортных коридоров;
✅принять меры по увеличению переработки газа;
✅укрепить сектор производства тепло- и электроэнергии;
✅продолжить развитие возобновляемых источников.

«В последнее время обострились некоторые проблемы, которые накапливались долгие годы. Нехватка дизельного топлива, перебои с электро- и газоснабжением, аварии на объектах теплоснабжения – все это свидетельствует о наличии серьезных проблем в энергетической сфере. Все они должны быть оперативно решены», — сказал Алихан Смаилов.

🔴При этом он указал, что одной из главных задач министерства является наполнение внутреннего рынка нефтепродуктами, в связи с чем необходимо обеспечить строгий контроль за их производством и оборотом.

«Перед министерством стоит много сложных вопросов, от эффективного решения которых напрямую зависит будущее не только топливно-энергетической отрасли, но и всей нашей экономики. Уверен, что Алмасадам Майданович направит свои знания и опыт на успешное развитие энергетики. В целом мы все должны слаженно и качественно исполнять соответствующие поручения Главы государства. Желаю новому министру и всему коллективу плодотворной работы», — сказал Премьер-Министр.

📱 https://t.me/KZgovernment

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жаңадан тағайындалған энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті ведомство ұжымына таныстырып, алдағы кезеңге арналған энергетика саласындағы басым міндеттерді белгіледі.

Үкімет басшысы Энергетика министрлігінің

✅ірі мұнай-газ жобалары мен экспорттық көлік дәліздерін дамыту жұмыстарын күшейту;
✅газды қайта өңдеуді ұлғайту жөнінде шаралар қабылдау;
✅жылу және электр энергиясын өндіру секторын нығайту;
✅сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жалғастыруы қажеттігін атап өтті.

«Соңғы кезде көп жылдар бойы қордаланып келген кейбір мәселелердің беті ашылуда. Дизель отынының жетіспеушілігі, электрмен және газбен жабдықтаудағы ақаулар, жылумен жабдықтау объектілеріндегі апаттар – осының бәрі энергетика саласында елеулі проблемалардың бар екенін көрсетіп отыр. Олардың барлығы жедел түрде шешілуі керек», — деді Әлихан Смайылов.

🔴Осы орайда Үкімет басшысы министрліктің басты міндеттерінің бірі ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толықтыру екенін, осыған байланысты олардың өндірісі мен айналымын қатаң бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

«Министрліктің алдында көптеген күрделі мәселе тұр, олардың тиімді шешілуі отын-энергетика саласына ғана емес, бүкіл экономикамыздың болашағына тікелей әсер етеді. Алмасадам Майданұлы өзінің білімі мен тәжірибесін энергетика саласын дамытуға жұмсайтынына сенімдімін. Жалпы бәріміз Мемлекет басшысының тиісті тапсырмаларын бірлесіп және сапалы орындауымыз керек. Жаңа министрге және бүкіл ұжымға табысты жұмыс тілеймін», — деді Премьер-Министр.

Address

Тәуелсіздік 59
Tselinograd
010010

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Rfc.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Nearby media companies


Other Digital creator in Tselinograd

Show All