Jambyl Media

Jambyl Media Желілік басылым
(1)

Тараздағы Биг-бен! Қала күні құтты болсын!  #тараз  #туғанкүн
01/10/2023

Тараздағы Биг-бен!

Қала күні құтты болсын!

#тараз #туғанкүн

06/09/2023

40 МЛРД. ТЕҢГЕ ҚАЙДА КЕТТІ?

🔹Биыл Жамбыл облысында ағын су тапшылығынан шаруалар шығынға ұшырады. 6 ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

🔹Ал аймақтың суармалы жерлерін сумен қамту "ҚазСуШар" мекемесінің мойнындағы міндет. Аталған кәсіпорын 4 жыл бұрын Халықаралық қаржы ұйымының несиесімен екі жобаны жүзеге асыра бастады. Құны 40,0 млрд. теңге. Мақсат - су мен қаптып, суару жүйесін жақсарту. Нәтижесінде 114 мың гектар алқапты сумен қамтуы керек еді. Бірақ қыруар қаржының құрылысы аяқсыз қалды.

❓Енді зардабын шаруалар тартып отыр. Қарызға алыгған қаражат қайда жұмсалды? Оны кім өтейді?

🔹 Ал жамбылдық дихандар шығынын өтеу үшін бюджеттен бөлінген қаржы әр шаруаға әділ түрде жетуі керек. Осы мәселені депутаттық сауалыма арқау етіп, Үкімет басшысының бірінші орынбасарына жолдадым. Біз шаруалар мәселесін дер кезінде шешу керекпіз. Оларға жағдай жасап, су тапшылығын болдырмауға барлық мемлекеттік органдар мүдделі болу керек деп санаймын.

©️Сөз иесі:

#депутаттықсауал

20/08/2023

ЖАМБЫЛДЫҚТАР ЖАППАЙ СҮНДЕТТЕЛІП ЖАТЫР

#жамбыл
#жамбылмедиа

#ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар #ҒалымКӘЛМЕН

17/08/2023

АУЫЛДАҒЫ ШАРУА АФРИКАЛЫҚ ҚҰСТАРДЫ АСЫРАЙДЫ📌

Страуспен суретке түсіп, жұмыртқасын жеу үшін Африкаға қымбат тур сатып алудың қажеті жоқ. Өзіміздің Шу өңіріне шығып кетсеңіз, қарақұрлықтың құстарын кездестіре аласыз. Тіпті, түйеқұстардың етін соғымға сойсаңыз да болады. Осылайша шулық шаруа ауласында экзотикалық құстарды асырап, ерекше бизнес түрін қолға алған. Алайда, жаңа кәсіпті кеңейтуге «жаңа Қазақстан» жол бермей отыр. Оған не себеп?

#жамбыл #жамбылмедиа #ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар

15/08/2023

Зүлфия Сүлейменованың айналасында шу басылмай тұр❗️❗️❗️

Шығынға батып шырылдаған шаруалар министрдің өзін күтіп еді, ол да ескі Қазақстанның үлгісінде Жамбылға орынбасарын жіберіп құтылыпты. Ашуға булыққан ел аймақта төтенше жағдай жариялауды талап етуде. Өйткені үш аудандағы 4 мың гектар пияз бен қант қызылшасы алқабы қурап кетуі мүмкін. Ал Қордай ауданында 6 мың гектар аумақ қаңсып қалған. Сонымен Астанадан келген шенеунік ағайынмен кездесті ме, әлде алдын ала дайындап қойған бірнеше объектінің басынан қайтты ма🤔

#ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар #жаңалықтар #новости #жамбыл #жамбылмедиа

15/08/2023

Жаз шыққалы жамбылдық диқандардың жанары құрғамады. Алқаптары құрғақшылықтан құрып кеткенде қайтсін енді, жыламай?!. Аграрлы аймақ саналатын Жамбыл облысының 6 бірдей ауданы ағын суға мүлде жарымай отыр. Премьер-Министр суды үнемдеңдер дейді. Ал шаруаларда үнемдейтін судың өзі жоқ. Үзілуге шақ қалған үмітті Үкімет жалғай ма? Егіні семген елдің ендігі сенімі ақтала ма?

#жаңалықтар #новости #жамбылмедиа

15/08/2023

ШУДАҒЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНА АЙНАЛДЫ

#жамбыл #жамбылмедиа #ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар

15/08/2023

Әкімнен таза ауыз су сұрап, жер сұрап, үй сұрап, жәрдемақы сұрап барғанды күнде көреміз. Ал ауа сұрап барғанды көрдіңіз бе🤔

Тараздық тұрғындар жергілікті атқамінерден таза ауа сұрап, әкімдікке басып кірді. Айтуларынша, ел-жұрт далаға шығып, тынығып, тыныстауды ұмытқан.

#жамбыл #жамбылмедиа
#ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар #ҒалымКӘЛМЕН

15/08/2023

ЖАМБЫЛДАҒЫ ЖОЛ ЖЫРЫ📌

Шудан шығып, Меркіге не Мойынқұмға барар болсаңыз, бағытыңызға ертерек қамданғаныңыз жөн! Әйтпесе күткен елдің көңілін күпті қыласыз. Өйткені, Шудың шұрық тесік жолдары жеткізбейді.

#жамбыл #жамбылмедиа
#ЕуразияБіріншіарнасы #Бастыжаңалықтар

24/05/2023

😱Жамбылда ауыл жастары сахнада спортпен шұғылдануға мәжбүр. Меркі ауданы Кеңес ауылының тұрғындары жас буынға жағдай жасалмағанына наразы.

🔥Айтуларынша, спортшылар 10 жылдан бері мектеп пен мәдениет үйінің арасында сабылған. Ал жыл басынан бері мәдениет үйіне көшкендіктен ауылдық амбулатория ұжымымен бір шатырды бөлісіп отыр.

#жаңалықтар #новости

22/05/2023

😱Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жалғыз құдыққа қарап отыр

💦Тіршілік нәрінен тарыққан Әбілхайыр ауылының халқы 30 жылдан бері су сұрап келеді

🦖Айтуларынша, өркениет нышаны жоқтығынан көп тұрғын көрші ауылдарға көшіп кеткен

#жаңалықтар
#новости

22/05/2023

Тараздағы «Білім инновация» қыздар лицейінің жатақханасында кене қаптады

Қансорғышты оқушылардың өзі анықтап, әлеуметтік желіге жариялапты. Тек бұл деректі мекеме басшылығы жоққа шығарғысы келгенімен, онда дезинфекция жүріп жатыр.

©️ktk.kz

22/05/2023

⛔️Қонаев ауылында мектеп директорынан бастап, мұғалімдерге дейін оқушыларға орындарын босатып беруде. Бұл тура мағынасында солай.

🚷Себебі шәкірттерге оқитын сыныптар жетіспейді. Өйткені №5 білім ұясы бір жыл ішінде екі рет қабырғасы қирап, бастауыш сынып блогы апатты жағдайда жабылған.

#жаңалықтар #новости #жамбылмедиа

17/05/2023

😱Жамбылда: 800 млн теңге субсидияны қалтаға басқан

💸Екпеген егістік үшін ақша алып келген. Жамбыл облысында 800 млн теңге субсидияны қолды қылғандардың әрекеті әшкере болды.

💰Олар шаруаларға таңқурай көшетінің сапалы тұқымын жеткізіп береміз деп уәде еткен.

👨🏿‍💻Сөйтіп қожалық иелерінің реквизиті мен құжатын пайдаланып шот-фактуралар жасайды. Артынша «тапсырыс берушілерге тауар жеткізілді» деген жалған құжатты салалық басқармаға тапсырады.

#жамбылмедиа
#жаңалықтар #новости

🇰🇿Ертең Парламент Мәжілісінің депутаты Guldara  Nurumova Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келедіТұрар Рысқұлов ауданында ...
05/05/2023

🇰🇿Ертең Парламент Мәжілісінің депутаты Guldara Nurumova Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келеді

Тұрар Рысқұлов ауданында қоғамдық қабылдау өткізеді

Қордаланған проблема - қозғалатын тақырып. Толғандырған мәселеңіз болса айтыңыз

📍Өтетін орны: Тұрар Рысқұлов аудандық Amanat партиясының филиалы

🕚Уақыты: 11:00


#ҚоғамдықҚабылдау

Биыл елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді.Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. В...
24/04/2023

Биыл елімізде Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейді.

Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады. Ведомство шеру бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында және басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбай отырғанын атап өтті.

#жаңалықтар

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы...
24/04/2023

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Кәрім Мәсімовке (ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы), А.Садықұловқа, Д.Ерғожинге, М.Осиповқа (ҚР ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары) қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.

Сот шешіміне сәйкес Кәрім Мәсімов ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

#жаңалықтар

2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады.Ақпаратқа сүйенсек, 1 шілдеден бастап ...
24/04/2023

2023 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанда төрт күндік жұмыс аптасы пайда болады.

Ақпаратқа сүйенсек, 1 шілдеден бастап мұндай өзгерістер Еңбек кодексіне қабылданған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңында енгізілген.

#жаңалықтар

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасының қымбаттайтынын айтты.Министрдің айтуынша, Қазақстан...
22/04/2023

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газ бағасының қымбаттайтынын айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстан сұйылтылған газды қымбаттатуға мәжбүр және алдағы үш ай ішінде газдың литрі 5-10 теңгеге шарықтамақ.

"Қазір газдың бағасы әр аймақта әртүрлі. Бастапқыда аса қатты қымбаттамайды деп ойлаймын – 5-10 теңге, одан артық емес. Бірақ кейін өзіндік құнын ақтайтындай бағаға шығамыз, – деді Сәтқалиев.

#жаңалықтар

БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы өз тегін алғаны туралы ақпарат тарады.Shishki...
22/04/2023

БАҚ беттерінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы Сара Алпысқызы өз тегін алғаны туралы ақпарат тарады.

Shishkin_like Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес Сара Алпысқызының атына "Назарбаева Сара Алпысқызы" жеке кәсіпкерлігі тіркелген. Алайда оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы көрсетіліпті. Нұрсұлтан Назарбаевпен 1962 жылы отау құрғанға дейін оның тегі "Қонақай" болған екен.

#жаңалықтар

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәсіпкерлер төлейтін әлеуметтік аударымдардың схемасы өзгереді. Еңбек және ...
22/04/2023

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда кәсіпкерлер төлейтін әлеуметтік аударымдардың схемасы өзгереді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл мәселе бойынша Әлеуметтік кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізбекші. Қазір талқыланып жатқан заң жобасы мақұлданса, жеке кәсіп ашқан әйелдер декреттік төлем алу үшін өз табысынан зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды бірдей мөлшерде төлеуге міндеттеледі.

#жаңалықтар

Мемлекет басшысы әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүріп аралауы қажет екенін айтты. "Біз қала тұр...
22/04/2023

Мемлекет басшысы әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүріп аралауы қажет екенін айтты.

"Біз қала тұрғындарының өз көшелеріне, үйлеріне және тағы басқаға немқұрайлы қарайтынына тап болдық. Бұл еліміздің беделін түсіруге жұмыс істейді. Мұндай мәселе елордада да бар. Елорданың жоғары мәртебесі тек қала орталығына ғана емес, шет аймақтарға да сай болуы керек. Қалалардың жағдайы көңіл көншітпейді. Мұнда барлық деңгейдегі әкімдер, мәслихат өкілдері отыр, осыған назар аударыңыздар. Мысалы, Семейдегі балалар алаңында ойнау қауіпті. Әкімдер жаяу жүріп, өз қалаларын аралауы керек", – деді Президент.

#жаңалықтар

Сенаттағы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметкер көз жұмғанын х...
22/04/2023

Сенаттағы Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев 2020 жылдан бастап 270 әскери қызметкер көз жұмғанын хабарлады. 2020 жылы 78, 2021 жылы 96 адам, 2022 жылы 85 адам және 2023 жылдың басынан бастап 11 әскери қызметкер опат болды.

Олардың 36%-ы аурудан, 24%-ы апат салдарынан және 20%-ы суицид кесірінен көз жұмады.

#жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі некеге тұру мен ажырасу бойынша соңғы деректі ұсынды.Ведомство мәліметінше, 2022 жы...
22/04/2023

Ұлттық статистика бюросы еліміздегі некеге тұру мен ажырасу бойынша соңғы деректі ұсынды.

Ведомство мәліметінше, 2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке қиылған, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 8,5%-ға аз.

Сонымен қатар былтыр елімізде 44,5 мың ажырасу дерегі тіркелген.

"2022 жылы ажырасулардың ең көп үлесі некеде 1-4 жыл тұрғандар арасында болған, ажырасулардың жалпы санының 34,6%, 5-9 жыл некеде тұрғандардың ажырасу үлесі – 30%", - делінген хабарламада.

#жаңалықтар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі.Құранда Қадір т...
17/04/2023

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Қадір түнін сәуірдің 17-нен 18-не қараған түніне белгіледі.

Құранда Қадір түнінің нақты уақыты айтылмайды, әл-Бұхари хадисінде Рамазан айының соңғы 10 күніндегі тақ түндердің бірі екені айтылған. Көпшілігі мұны Оразаның 27-ші түні деп санайды.

16 сәуір күні сағат 3:55-те Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатыр...
16/04/2023

16 сәуір күні сағат 3:55-те Тараз қаласындағы Төле би көшесі, 4 мекенжайында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты. Жалын 800 шаршы метрді, яғни ғимарат шатырының жалпы аумағын шарпыды.

Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің күшімен тұрғын үйден 100 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 60-ы – бала. Өртті сөндіруге 13 техника мен 54 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Қала әкімі Бақытжан Орынбековтің тапсырмасымен өрттен зардап шеккен тұрғындарды №10 мектепке уақытша орналастыру жөнінде шешім қабылданды. Өрттің шығу себебі мен шығынын арнайы құрылған комиссия есептейді.

#жаңалықтар

Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында былтыр 4208 пәтерлі 68 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алын...
15/04/2023

Кезекте тұрғандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында былтыр 4208 пәтерлі 68 көпқабатты үйдің құрылысы қолға алынып, оның 2260 пәтерлі 34 үйі пайдалануға берілді.

«Биыл «Қуатты аймақтар – ел дамуының драйвері» жобасы аясында облыста жалпы сомасы 11,6 миллиард теңгеге 3689 пәтерлік 70 көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Жыл соңына дейін 2564 пәтерлік 45 үйді пайдалануға беру жоспарда бар. Бұдан бөлек, жеке инвестиция есебінен 435 пәтерлік 10 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы да басталды.

Осы орайда, аз қамтылған отбасыларды тұрғын үймен қамтып қана қоймай, олардың тұрақты табысының бар болуына да баса назар аударуымыз керек, – деді тұрғын үй құрылысына қатысты мәселелер қаралған кеңесте Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов.

#жаңалықтар

Жамбыл облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 80 жасөспірім үйінен және уақытша болу орындарынан қашып кеткен.Қа...
15/04/2023

Жамбыл облысында жыл басынан бері кәмелетке толмаған 80 жасөспірім үйінен және уақытша болу орындарынан қашып кеткен.

Қашқан балалардың ішіндегі бесеуі әлеуметтік мекемедегі жасөспірім. Қалған 75-і өкінішке қарай, өз үйлерінен кетіп қалған. Мұның ішінде алтауының психикалық ауытқулары болған.

#жаңалықтар

“ҚазжолҒЗИ” АҚ мамандары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы автомобиль көпірлері мен жол өтпелерін егжей-тегж...
15/04/2023

“ҚазжолҒЗИ” АҚ мамандары Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы автомобиль көпірлері мен жол өтпелерін егжей-тегжейлі тексеруге кірісті. Жобаны институттың автожолдар мен көпір құрылыстарын диагностикалау бөлімі жүргізеді.

#жаңалықтар

Табысты болғыңыз келсе,  ұсынған 7 кітаптың бірін оқудан бастаңыз. Бәлкім, біз ұсынған кітап сіздің өміріңізді өзгертіп,...
15/04/2023

Табысты болғыңыз келсе, ұсынған 7 кітаптың бірін оқудан бастаңыз. Бәлкім, біз ұсынған кітап сіздің өміріңізді өзгертіп, табысқа бастайтын жолдың бағдарын нұсқар.

Жақыныңмен бөліс…

Address

Taraz
080014-080016

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Jambyl Media posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Jambyl Media:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Taraz

Show All