Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы

Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы Созақ

Құрметті қариялар!Қадірлі аға буын өкілдері!1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!Халқымызда «Қариясы бар ел –...
01/10/2023

Құрметті қариялар!
Қадірлі аға буын өкілдері!
1 қазан – Халықаралық қарттар күні құтты болсын!
Халқымызда «Қариясы бар ел – қазыналы ел» деген тағылымды сөз бар. Біз әрқашан қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Әркез алдыңғы буын аға-апаларымыздың ел дамуы жолындағы ерен ерлігі мен қажырлы еңбегін үлгі тұтамыз. Өйткені, ғұмыры ғибратқа толы ардақты ардагерлердің жүріп өткен жолы – өнеге мен тағылым мектебі.
Елімізде ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Зейнетақының өсуi, ардагерлерге жасалып жатқан жеңiлдiктер, көпбалалы аналарды марапаттаумен қатар басқа да игі шаралар ардагерлерді қолдау деңгейiнiң жоғары екенiн көрсетедi. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ауданда да атқарылып жатыр. Аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өмірі өнегелі қарияларға көптеген құрмет көрсетіліп келеді.
Бүгінде ауданда 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 193 тыл ардагері және 9 176 зейнет жасындағы қария бар. Олардың әлеуметтік жағдайы, күнделікті тыныс-тіршілігі, тиісті қолдаулар мен жеңілдіктерге ие болуы мемлекет назарында. Ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан зейнет жасындағы ардагерлер қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дамуына зор үлес қосып жүр. Сол себепті Сіздерге үлгі болар өнегелі істеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін.
Сіздерді мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін!

Құрметпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Сексенбайұлы Тұрысбеков

Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болдым. Осыған дейін де бұл ш...
25/09/2023

Құмкент ауылындағы Алтынбеков Әшімхан ағамызбен Баймаханова Қаламқас апамыздың шаңырағында болдым.
Осыған дейін де бұл шаңырақта болып, Раяна мен Дидахметті туылған күндерімен құттықтаған болатынмын. Бүгін міне, кішкентай Нұрғасыр 6 жасқа толып отыр. Нұрғасырды туған күнімен құттықтап, ізгі тілегімді арнадым.

24/09/2023
Бүгін аудан орталығындағы барлық білім беру ұйымдарында болып, жылу маусымына дайындық шараларының барысын назарға алдым...
13/09/2023

Бүгін аудан орталығындағы барлық білім беру ұйымдарында болып, жылу маусымына дайындық шараларының барысын назарға алдым. Білім ошақтарындағы тамақтанатын орын мен асхана жабдықтарын, сұйық және қатты отынмен жанатын жылу қазандықтарының жай-күйін бақыладым. Алмастыруды қажет ететін қазандықтарға қатысты жұмыстар мен қатты отынның жеткізілуін тездету керектігін айтып, бұл жөнінде жауаптыларға тиісті тапсырмалар жүктедім.

«Шолаққорған су» МКК мекемесіне қарасты "Мазут шаруашылығы" отын сақтау қоймасында болдым. Бүгінде онда 2100 тоннаға жуы...
10/09/2023

«Шолаққорған су» МКК мекемесіне қарасты "Мазут шаруашылығы" отын сақтау қоймасында болдым. Бүгінде онда 2100 тоннаға жуық қатты отын жеткізілген. Таукент және Қыземшек кенттерінде орналасқан орталықтандырылған жылу жүйесіне қажетті әкелінген қатты отынның сапасын көріп, жылу маусымына дайындық жұмыстарының барысын пысықтадым. Жауапты мамандарға аталған аймақтарға қажетті отынды тасымалдау жұмыстарын қадағалауды тапсырдым.
Сонымен қатар, Таукент кентіндегі орталықтандырылған жылу қазандығында жүріп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарымен танысып, жөндеуден өткен сұйық отынмен жанатын бу қазандығы және қатты отынмен жанатын төрт жылу қазандықтың жай-күйін бақыладым.
Аралау барысында сала мамандары мен жауапты бөлім, мекеме басшыларына дайындық жұмыстарын уақытылы аяқтап, сапалы атқаруды тапсырдым.

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!Баршаңызды қыркүйек айының екінші жексенбісінде келіп жеткен «Отбасы күні» ...
10/09/2023

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
ҚЫМБАТТЫ ЖЕРЛЕСТЕР!

Баршаңызды қыркүйек айының екінші жексенбісінде келіп жеткен «Отбасы күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы үшін отбасы – қастерлі құндылықтың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып , отбасы ұғымын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып келеді. Солардың бірі республикамызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі. Аталмыш байқау арқылы ауданымыздың талай өнегелі де мерейлі отбасылары марапатталып, мәртебе биігінен көрініп келеді.

Баршаңызды мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір шаңыраққа шаттық пен бақыт, мықты денсаулық, ырыс-береке, Отбасыларыңызға толағай табыстар тілеймін.

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі М. Тұрысбеков

Осыған дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің басшыларымен бірнеше рет кездесіп, алда атқарар жұмыстар мен халық алдындағы жауапкерші...
08/09/2023

Осыған дейін «Қазфосфат» ЖШС-нің басшыларымен бірнеше рет кездесіп, алда атқарар жұмыстар мен халық алдындағы жауапкершіліктерді бірге талқылаған болатынбыз. Міне, бірлескен жұмыс нәтижесінде Құмкент ауылында аз қамтылған екі отбасыға «Қазфосфат» ЖШС-нің демеушілігімен салынған үй берілді.
Алдағы уақытта да кәсіпорынмен бірлесіп атқарар жоспарлар бар. Үй тапсыру рәсіміне келген «Қазфосфат» ЖШС бас директорының әлеуметтік даму және мемлекеттік органдармен байланыс жөніндегі орынбасары Ерсін Берікұлына арнайы алғыс хат табыстап, алғысымды жеткіздім.
Құмкент ауылынан берілген 5 бөлмелі жаңа баспаналарда су, жылу сынды коммуналдық қызметтері үшін жеке бөлмелер қарастырылып, жылу жүйелері толықтай орнатылған. 30 сотықтан астам жер учаскелері арнайы шарбақпен қоршалған. Ол қосалқы шаруашылықты дамытуға және бау-бақша дақылдарын өсіруге болады.

Құрметті ата-аналар!Қадірлі ұстаздар және оқушылар!Баршаңызды  жаңа оқу жылының басталуы және 1-қыркүйек білім күнімен ш...
01/09/2023

Құрметті ата-аналар!
Қадірлі ұстаздар және оқушылар!

Баршаңызды жаңа оқу жылының басталуы және 1-қыркүйек білім күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Тағы бір жылдың жазғы кезеңі аяқталып, ұлағатты ұстаз бен оқуға құштар шәкірттер бір-бірімен қауышып, жаңа оқу жылына қадам басып отыр. Ал, Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер сыңғырлаған қоңырау үнін тыңдап таңырқауда. Бүгінде әлемдік өркениетке бет алған еліміздің болашағы білім мен тәрбиеге тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы саланың жандануына ерекше көңіл бөліп келеді. Жыл сайын заманауи үлгіде мектеп пен балабақшалар тұрғызылып, оқу-тәрбие мекемелерінің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мұны біздің аудан өмірінен де көруге болады. Бұл бағыт бойынша тиісті жұмыстар жандануда.
Ардақты ұстаздар мен аяулы оқушылар!
Сіздерді «1 қыркүйек – білім күні» мерекесімен құттықтай отырып, қиындығы мол еңбекте тың табыстарға қол жеткізулеріңізге тілектеспін!
Білім күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Абай елді мекенінде болып, онда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алдым. Орталық көшесінде жүріп жатқан асфальт жабынд...
30/08/2023

Абай елді мекенінде болып, онда атқарылып жатқан жұмыстарды назарға алдым. Орталық көшесінде жүріп жатқан асфальт жабындысын төсеу жұмыстарының басында болдым. Жұмыс жүргізіп жатқан мердігер мекеменің өкілдеріне жұмыс сапасына баса мән беру керектігін және жауапты сала мамандарына оташа жөндеуден өтетін көшелерді ауыл тұрғындарымен ақылдасып, бірлесе нақтылау керектігін ескерттім.

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі жерлестер!            Баршаңызды 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституциясы күн...
30/08/2023

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды 30 тамыз –Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстан Республикасының Конституциясы күні —біздің еліміз үшін тарихи мәні зор, маңызды мерекелердің бірі. Осыдан 28 жыл бұрын ең жоғары заңдық күші бар құжат – Ата Заңымыз қабылданып, онда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені – осының айғағы. Осы уақытта әр қазақстандық Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр еліміздің Ата Заңына өзгерістер енгізу жөнінде жалпы-халықтық референдум өтті. Аса маңызды шешімдер қабылданып, 30-дан астам заң баптарына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Әрбір азаматтың өзін құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзіне айналды.

Қадірлі жерлестер!

Ынтымағы жарасқан еліміздің бағын асырып, мерейін тасытатын үлкен істе баршаларыңызға сәттілік серік болсын! Әрқайсыларыңыздың отбасыларыңызға ынтымақ пен ырыс, құт-береке тілеймін! Әрдайым аспанымыз ашық, келешегіміз кемел, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым ...
29/08/2023

Бүгін аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата заңым – айбыным!» атты мерекелік шара өтті. Жиында аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтадым.
Өз саласында үздік нәтижелерге қол жеткізген бірқатар мекеме қызметкерлерін арнайы алғыс хаттармен марапаттадым.

Қаратау ауылындағы Панфилов атындағы жалпы орта мектебін аралап, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен таныстым. Оқушыла...
29/08/2023

Қаратау ауылындағы Панфилов атындағы жалпы орта мектебін аралап, жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарымен таныстым. Оқушыларға арналған кітапхана, спорт және оқу залы, асхана мен басқа да пән кабинеттерін толықтай қарап шықтым. Тамақтанын орын мен асхана жабдықтарын көрдім. Онда биыл 175 оқушы ыстық тамақпен қамтылады.

Есептік кестеге сай Созақ, Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Халық алдында есеп беріп, округтерде атқары...
29/08/2023

Есептік кестеге сай Созақ, Сызған ауылдық округінің тұрғындарымен кездестім. Халық алдында есеп беріп, округтерде атқарылатын жұмыстарды баяндадым. Сондай-ақ тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылар міндеттерді айқындадым. Бірқатар тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдап, тиісті бөлім басшыларына міндеттер жүктедім.

Қаратау, Қарақұр ауылдық округтерінде болдым. Онда тұрғындармен кездесіп, ел алдында есеп бердім. Аудан көлемінде қолға ...
29/08/2023

Қаратау, Қарақұр ауылдық округтерінде болдым. Онда тұрғындармен кездесіп, ел алдында есеп бердім. Аудан көлемінде қолға алынған ауқымды жобаларды баяндадым. Тұрғындардың сауалдарына жауап бердім. Жиын соңында ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша да қабылдадым.

Таукент кентіне барып,  «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөн...
29/08/2023

Таукент кентіне барып, «Шолаққорған-су» КММ мекемесіне қарасты орталықтандырылған жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарымен таныстым.
Онда жылу жүйесіне жүргізілген техникалық тексеру жұмыстары кезінде анықталған осал тұстарын қалпына келтіру шаралары атқарылуда. Бүгінде сұйық отынмен жанатын жылу қазандығының жұмысы толық аяқталып, қатты отынмен жанатын қазандықтардың жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын күндері сығымдау жұмыстарын да бастауды тапсырдым.

Ыбырай елді мекеніндегі 200 орындық Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс сапасымен таныстым. Онда мердігер ...
29/08/2023

Ыбырай елді мекеніндегі 200 орындық Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің құрылыс сапасымен таныстым. Онда мердігер мекеменің басшысы және жауапты сала мамандары болды.
Жұмыс барысында бірқатар кемшіліктер анықталды. Мердігер мекеме басшысына атқарылып жатқан жұмыстар баяу екендігін айттым. Жауапты сала мамандарына жұмысты барынша ширатып, сапасын бақылауда ұстау үшін нақты тапсырмалар жүктедім.

Құрметті спорт саласының қызметкерлері мен спортшылар!Сіздерді «Спорт күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Халқым...
20/08/2023

Құрметті спорт саласының қызметкерлері мен спортшылар!

Сіздерді «Спорт күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Осы қағиданы берік ұстанған мемлекетіміз ел халқының ойы сергек, дені сау болуы үшін қолда бар мүмкіндіктің бәрін жасауда.
Дені сау ұлт – бәсекеге қабілетті болады. Сондықтан спорттың бұқаралық сипатын дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Тәуелсіздік жылдары еліміздің спортшылары халықаралық ірі жарыстарда топ жарып, көк байрағымыз асқақтай түсуде. Қазіргі таңда аудан спортшыларының да шеберлігі мен кәсіби деңгейі артып келеді. Республикалық, облыстық сайыстарға тұрақты қатысып, жеңіс тұғырынан көрінуде. Халықаралық додалардан да топ жарып жүрген спортшыларымыз бар. Әрине жастарымыз спортты жанына серік етіп, ауданымыз бен облысымыздың атын шығарса, біз оған қуанамыз.
Осы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін! Спорт саласындағы жетістіктер мен табыстарыңыз арта берсін!

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!Сіздерді тамыз айының екінші жексенбісінде келіп жеткен кәсіби мерекелеріңіз – ...
13/08/2023

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері!

Сіздерді тамыз айының екінші жексенбісінде келіп жеткен кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әр мамандықтың қоғамда алатын өзіндік орны, мәртебесі бар. Сондай мәртебелі мамандықтардың бірі құрылысшы мамандығы.
Бұл мереке мыңдаған сәулетші, қала құрылысшы мен жобалаушыларды, инженерлерді және Қазақстанның құрылыс кешенінің барлық қызметкерлерін біріктіреді.
Құрылысшылар еңбегі – бұл халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және елдің тұрақты дамуына бағытталған тынымсыз еңбек.
Бүгінде Сіздер ел экономикасының өсуі мен өңірдің құрылыс саласын одан әрі жаңғырту, инфрақұрылымдық жобаларды жасау, тұрғын үй , әлеуметтік нысандардың құрылысының көлемін ұлғайту жөніндегі жаңа ауқымды міндеттерін іске асырып келесіздер.
Осы мереке күні Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, еңбекте жаңа жетістіктер тілеймін!

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік саласының қызметкерлері! Сіздерді бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен ...
13/07/2023

Құрметті Ұлттық қауіпсіздік саласының қызметкерлері!

Сіздерді бүгінгі келіп жеткен кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
1992 жылдан бері атап өтіліп келе жатқан мерекенің тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы зор.
Тәуелсіз мемлекетіміз бен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, елдің қорғаныс әлеуетін арттыруда Сіздердің атқарып отырған еңбектеріңіз орасан.
Мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен ел тыныштығын қамтамасыз ету жолында талмай еңбек етіп, барлық бастамаларыңыз оңынан болуына тілектеспін.
Алдағы күндеріміз жақсылыққа толып, еліміз бейбіт, тыныштығымыз мәңгілік болсын.

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті аудан тұрғындары! Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!  Биыл елордамыз - Астана қаласын...
06/07/2023

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 6 шілде – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл елордамыз - Астана қаласының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде жас қаламыз бірлік пен берекенің символына айналып, сан-түрлі арман қиялдарды жүзеге асырып,сан-қилы тағдырларды тоғыстырып жатқан керемет те көркем қалаға айналды. Астана Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Бүгінгі өмірдің талабына үндесе көтерілген ғимараттар көрген жанды баурап алады, көңілімізді шарықтатады.
Қадірлі жерлестер!
Жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан елордамыз өсе берсін! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Алдағы күндеріміздің бәрі жарық, жақсылық болғай!
Ізгі ниетпен,
Созақ ауданы әкімі М. Тұрысбеков

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі жерлестер!Сіздерді ұлттың ұлы мұрасы атанған “Ұлттық домбыра күні” мерекесімен құттықт...
02/07/2023

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!

Сіздерді ұлттың ұлы мұрасы атанған “Ұлттық домбыра күні” мерекесімен құттықтаймын!
"Нағыз қазақ - қазақ емес, нағыз қазақ - домбыра" демекші, ежелгі заманнан бері домбыра мен қазақ егіз ұғымға айналды.
Шын мәнінде, домбыра - бұл ұлтымыздың үні, халқымыздың киелі құндылығы. Домбыра дегенде күмбірлеген күй мен күйші көз алдымызға елестейді. Сан ғасырдың сырын, тарихын, бабалар ұлағатын, мәдениетін осы қасиетті қара домбыра күмбірімен жеткізген.
Қадірменді жерлестер!
Төл аспабымыз ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұлтымыздың ұлы мұрасының абыройы арта берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Құрметті журналистер қауымы!Қадірлі сала ардагерлері!       Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерле...
28/06/2023

Құрметті журналистер қауымы!
Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі қоғамда ақпарат ағымы медиа кеңістікте ғана емес, өркениет көшіне бет алған даму тіршілігімізде де айрықша орын алатыны сөзсіз. Қашан да қызығы мен шыжығы мол бұл қызметте қоғамның өткір де өзекті сауалдарын саралап, ұлттық идеологияның дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қазіргі таңда ақпараттық технология дамып, газет, телеарна, радиодан бөлек интернет сайттар мен порталдардың жұмысы артып, ақпаратты жедел таратудың жолдары көбейді.

Қадірменді БАҚ өкілдері!
Ақпарат ғасырында асықтарыңыз алшысынан түсіп, қазақ журналистикасының мәртебесін көтеріп, мемлекетімізді дамытуға үлес қоса берулеріңізге тілектеспін!
Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, шығармашылық шабыт тілеймін!

Ізгі ниетпен,
Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі жерлестер!Сіздерді бүгінгі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!Құрбан айт...
28/06/2023

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!

Сіздерді бүгінгі Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрбан айт – мұсылмандар арасындағы бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырып, қонақжай болуға насихаттайтын асыл мереке.
Бұл күні қылған ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болып, шаңырақтарыңыз құт-берекеге, төрлеріңіз ырыс-ынтымаққа толсын! Баршаңызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шуақты күндер нәсіп етсін!

Ізгі ниетпен,
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!Сіздерді «23 маусым-мемлекеттік қызметші күні» мерекесімен жүректен құттықтаймын!      ...
23/06/2023

Құрметті мемлекеттік қызметшілер!

Сіздерді «23 маусым-мемлекеттік қызметші күні» мерекесімен жүректен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға жетелейтін мемлекеттік қызметкер екені белгілі. Сондықтан да ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақтататын мемлекеттік қызметкер болу – мәртебелі міндет. Еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан алға басуы да көп жағдайда өздеріңіздің жанкешті қызметтеріңіздің жемісіне байланысты. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында ғана еліміз табысы мол, гүлденген мемлекетке айнала алады. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңіз бен құттықтай отырып, Жаңа Қазақстанды дамыту жолында аянбай еңбек етулеріңізге тілектеспін. Аудан эканомикасының өсіп-өркендеуі жолындағы қызметтеріңіз жемісті болсын. Алдағы күндеріміздің бәрі жарық, жақсылық болғай!

Ізгі тілекпен,
М. Тұрысбеков

Қадірлі медицина саласының қызметкерлері!Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісінде келіп жеткен медицина қызметкерлері...
18/06/2023

Қадірлі медицина саласының қызметкерлері!
Сіздерді маусым айының үшінші жексенбісінде келіп жеткен медицина қызметкерлерінің төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
​Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, халық денсаулығының түзеуші дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Бүгінгі таңда халқымыздың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының басым бағыттарының бірі. ​
Сіздердің ерен еңбектеріңіз бен мейірімді жүректеріңізге алғысым шексіз. Әрқашанда еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, барлық бастамаларыңыз оңынан болсын. Алдағы уақытта да аудан халқының амандығы мен халық денсаулығын жақсарту бағытында жемісті еңбек етіп, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік белестерден көріне беріңіздер.

Ізгі тілекпен,
Аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков

Құрметті аудан тұрғындары!Қадірлі көпшілік!Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен ...
04/06/2023

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі көпшілік!
Баршаңызды 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын!
Тәуелсіздігіміздің тұмарына айналған рәміздеріміз біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі. Халқымыздың мұқалмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман тілегін жеткізетін құнды белгілер.
Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздіріміздің мәртебесі асқақтай берсін!

Ізгі тілекпен,
Созақ ауданы әкімі Мұхит Тұрысбеков

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүгін республикалық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралы...
31/05/2023

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Бүгін республикалық «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының бастамасымен игі шара өтті. 18 ғасырдағы жоңғар шапқыншылығында елді, жерді жаудан қорғау жолында шейіт болған бабаларымыздың рухын ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған «Елім-ай» дастанына 300 жыл толуына орай, Қаратаудың етегіне тұғыртас орнатылды. Бұл игі бастаманы «Жеті жарғы және Қожаберген жырау» халықаралық қайырымдылық қорының төрағасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Бекет Тұрғараев қолға алды. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, ақын Иранғайып Оразбаев, «Ардагерлер ұйымы» Республикалық қоғамдық бірлестігі орталығы төрағасының орынбасары, академик Өмірзақ Озғанбаев, журналист Жарасбай Сүлейменов, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев және ел ағалары қатысты.

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.
31/05/2023

Бүгін саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

Қарақұр ауыл округінде өткен жолғы кездесуде барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар ...
25/05/2023

Қарақұр ауыл округінде өткен жолғы кездесуде барысында тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер жөнінде тиісті жұмыстар атқарылды. Б.Батырбекова көшесіне көше жарықтандыруы жүргізіліп, іске қосылды. Наурыз және Құрманғазы көшелеріне көше жарықтандыруын жүргізу үшін жобалық сметасы әзірленді. Раң елді мекенінің атауы жоқ №1 көшесіне, Шаға елді мекенінің Шаға көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен тиісті қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары өтуде. Мұнан бөлек Қарақұр ауылдық округі әкімі аппаратының жаңа ғимаратын салу үшін жер телімі анықталып, сұраныстарыңызға орай жобалаушы мекеме тарапынан жобалық сметалық құжаттамаларына түзетулер енгізілуде.
Халыққа қажетті жол құрылысы, ауыз су мәселелері көтерілді. Біздің мақсат шалғайдағы халықтың талап, тілектеріне назар аударып, мәселелерді шешу.

Address

Yerlanrai@mail. Ru
Türkistan

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Созақ ауданы әкімінің қоғамдық қабылдауы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share



You may also like