«Turkistan» телеарнасы

«Turkistan» телеарнасы Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from «Turkistan» телеарнасы, TV Channel, Türkistan.
(16)

12/04/2024

АССАМБЛЕЯ МҮШЕЛЕРІ 130 ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖӨНЕЛТТІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» акциясы аясында Түркістан облысы ҚХА жанындағы этномәдени бірлестіктер су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына жұмыла көмек көрсетуде.

Облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының тапсырмасымен өңірде гуманитарлық көмекті үйлестіретін штабтар құрылып, жұмыс істеп жатыр.

Бүгін Түркістан халқы атынан 9 ауыр жүк көлігі мен қосымша көліктерге тиелген 200 тоннаға жуық кезекті гуманитарлық көмек керуені жолға шықты. Онымен бірге 50 ерікті жас арнайы автобуспен жіберілді. Олар су тасқыны салдарын жою, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысады.

Осы орайда, бүгін Түркістан облысы ҚХА жанындағы Түркістан облыстық өзбек және түрік этномәдени бірлестіктері бірлесе отырып, 5 жүк көлігіне (фура) тиелген 130 тонна гуманитарлық көмекті Батыс Қазақстан облысына жөнелтті. Бұл орайда, өзбек этномәдени бірлестігі 46 млн теңгеге, ал түрік этномәдени бірлестігі 12 млн 300 мың теңгеге көмек жіберді.

12/04/2024

7️⃣7️⃣жастағы ақсақал аяқ киім тігеді

👞Әбдісадық Әбдіразақовтің қолына былғары мен жіп алғанына жарты ғасырдан асыпты. 77 жастағы ақсақал аяқ киім тігеді.

👟Қазір ол шағын бөлмені өндіріс алаңына айналдырып жіберген. Бұл жерде айына 200-ге жуық аяқ киім жасалады.

👏🏻Өндіріс жұмыстары шағын ғана 3 бөлмелі ғимаратта жүреді. Құрылғылар ескі болса да бабында.

👢Мұндағы мамандар күнделікті 5 аяқ киім тігеді. Өнімге отандық шикізат қолданылады.

✨Бұл істі 6 маман игеріп отыр. Кәсіпкер Әбдісадық Әбдіразақов ерекше жандарды жұмысқа алған.

Олармен ым-ишарамен тілдеседі. Бұл жұмыс процесінде кедергі тудырған емес.

12/04/2024

🌳Мемлекеттік паркке 150 ағаш отырғызылды

👏🏻Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де атсалысты.

🤩Игі істі облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мұрындық болды.

🌳Мемлекеттік мекеменің қызметкерлері 150-ден астам көшетті «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы аумағына отырғызды.

🌱Егілген ағаштар қатарында өрік пен алма жемістері, тұя мен қарағаш бар. Игі іске 50 ден астам адам атсалысты.

✨Сондай-ақ, алдын отырғызылған дарақтар әктеліп, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

12/04/2024

Келесте қиярдан алғашқы өнімді алып жатыр

🌿Келес ауданы, Қошқарата ауыл округі, Бесқұбыр елдімекенінің тұрғыны Мұхамед Қалыбаев 2012 жылдан бері жылыжайда көкөніс егумен айналысады.

🍅Шаруа көбіне қызанақ пен қияр егеді. Бүгінде қожалық иелігінде 66 соттық жылыжай бар.

🌱Ақпан айында мұнда 21 мың қияр көшетін отырғызған. Араға 1 ай салып, қияр алғашқы өнімдерін бере бастады.

🥒Жылыжайда екі күн сайын 3 тоннаға жуық қияр жиналады. Шаруа дайын өнімдерді Алматы, Астана, Шымкент қалаларына жөнелтеді.

💲Қазіргі таңда қиярдың егістік басындағы құны 1 келіге – 500-600 теңгеден бағаланып отыр.

👥Мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Айлықтары 150-160 мың теңгенің арасында.

#Түркістан #Келес

12/04/2024

Қалалық әкімдік жастары өзге саладағы әріптестеріне челлендж жолдады

Түркістан қаласының мемлекеттік қызметшілері кешкі уақытын тазалық акциясына арнады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталған болатын.

Республикалық шараға Түркістан қаласы әкімі аппаратының жас мамандары өз үлесін қосты.

Жұмыс уақыты біткен соң мамандар шаһардың туристік аймағы саналатын мәдени-рухани орталық аумағын қоқыстан тазартуға шықты.

Сенбілік барысында бұл бастаманың тазару мен жаңару маусымы саналатын көктем мезгілінде бастау алуының маңызы зор екендігі айтылды. Сонымен бірге қатысушылар халық әндерін шырқап, сергіту сәтін өткізді.

12/04/2024

🤩Қазақстанда тұңғыш рет сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтуде

🥋Бүгін Түркістан қаласы Олимпик центр спорт кешенінде сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр.

✅Әлем біріншілігі Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдолимпиада комитетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

👏🏻Дүниежүзілік дода да 25 елден 200 спортшы бақ сынайды. Кіл мықтының ішінен бір мықтыны анықтау оңайға түсер ме екен? Қай елдің спортшылары оза түспек?

📺Turkistan телеарнасының кешкі жаңалықтарын жіберіп алмаңыздар!

12/04/2024

🤩Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

🥊🌳Бокстан әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында көшет егіп, халықты тазалыққа баса мән беруге шақырды.

🧹Сайрам ауданы, Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылының орталық көшесінің бойы мен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің бойында тазалық жұмыстары жүргізілді.

👏🏻Аталған іс-шараға елді мекен тұрғындары, спортшылар, қоғам белсенділері мекеме, кәсіпорын қызметкерлері және жастар қатысты.

♻️Жалпы саны 8 техника мен 500-ге жуық адамның қатысуымен өткен тазалық акциясында 2500 түп ағаш көшеттері отырғызылып, 120 тонна ретсіз тасталған күл-қоқыстан тазартылды.

12/04/2024

🤔Бақыт деген не өзі?

🤩«Жаңа толқын» бағдарламасына «Еңбек ардагерлер хоры» ақ жаулықты әжелеріміз қонаққа келді. Олар өз өнерін ортаға салып, қазақтың дәстүрлі әндерін шырқады.

🎶Хор мүшесі Гүлбижан Исатаева біздің әлеуметтік желідегі оқырмандарымыз үшін ақиық ақын Мұқағали Мақтаевтың «Бақыт» жайлы өленің оқыды.

😍«Еңбек ардагерлер хорының» ұжымы көптеген көрерменнін ықыласына бөленіп жүр. Тіпті, тікелей эфир барысында Ақтөбе, Алматы сынды қалалардан көрермендеріміз тікелей байланысқа шықты.

12/04/2024

Пиязды көшет ретінде егіп, өнім алмақ

Келес ауданы, Қошқарата ауыл округі, Жаңа қоныс ауылындағы "Жаңа қоныс" ЖШС-і 4 гектар жерге жететін пияз көшеттерін үйіргелік жерде дайындап жатыр. Қазіргі таңда 10 соттық жерге шамамен 800 мың түп пияз көшеті өсіріліп жатыр. Алдағы 10 күнде пияз көшеттері дайын болып, 4 гектар егістік жерге отырғызыла бастайды. Ол егістік аумақ толығымен жаңбырлатып суару арқылы суарылады. Шаруа бұл қондырғыны 5 жыл мерзімге 13 млн теңгеге лизингке алған. Қаржының тең жартысын үкімет субсидия ретінде төлеп берген.

#Түркістан #Келес #Пияз

"Қаратау" қорығына тазалық жұмыстары жүргізілді“Таза Қазақстан” республикалық-экологиялық акциясы аясында Кентау қаласын...
12/04/2024

"Қаратау" қорығына тазалық жұмыстары жүргізілді

“Таза Қазақстан” республикалық-экологиялық акциясы аясында Кентау қаласына қарасты “Қаратау” қорығында тазалық жұмыстары өтті. Игі бастамаға облысымыздың жастары, белсенділері мен ауыл тұрғындары қатысты.
Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, “Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу. Қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық тазалықты сақтауға атсалысу туған жерге деген сүйіспеншіліктерін ояту. Сондай-ақ аудан, қала көшелеріндегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне қоғам назарын аудартуға бағытталған.

#Түркістан #Кентау #ҚаратауҚорығы

Түркістан облысындағы 75 шипажайдың 60-ы Сарыағаш ауданда. Алайда, оның үшеуі статистика органдарына тіркелмеген. Өңірін...
12/04/2024

Түркістан облысындағы 75 шипажайдың 60-ы Сарыағаш ауданда. Алайда, оның үшеуі статистика органдарына тіркелмеген.

Өңіріндегі емдік-сауықтыру туризмі дамып келеді. Бұл тұрғыда Сарыағаш ауданының үлесі зор.

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен аппарат мәжілісі өтіп, жиында Сарыағаш шипажайлары мен ондағы өзекті мәселелер қаралды.

Жиын барысында «Сарыағаш» Емдеу оңалту кешені» ЖШС басшысы Төлеген Байсейітов шипажайдың қазіргі жағдайы туралы баяндап, 2024-2028 жылға дейінгі дамыту жобасын таныстырды.

Бұдан бөлек облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев баяндама жасап, облыстағы жалпы туризм саласының дамуына тоқталды.

Айта кетейік, 2023 жылы шипажайда демалушылар саны 15 416 адамды құраған.

#Түркістан #Сарыағаш

12/04/2024

🍓Келес ауданы, Бірлесу ауылдық округі Қазақстан ауылындағы "Бекзат" шаруа қожалығы төрт жылдан бері құлпынай егумен айналысады. Биыл қожалық құлпынай көлемін 5 гектарға жеткізген. Мұнда Клери және Джоли сұрпы егілген. Құлпынай өткен жылдың тамыз айында көшет ретінде отырғызылған. Алдағы 10 күнде алғашқы өнімдерін бере бастайды дейді шаруа.

🔄Негізі өнім Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда қалаларына жөнелтіледі. Шаруа гектарынан орта есеппен 20 тоннадан аса өнім алуға ниеттеніп отыр. Биыл болжам бойынша құлпынай бағасы бастапқы кезеңде 1700-1800 теңге көлемінде бағаланбақ.

#Келес #Құлпынай

12/04/2024

Ардагерлер тазалыққа шақырды

Төлебиде зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер «Таза өлке» акциясына үн қосты.

Оларға өңірдің еріктілері мен жастары, мекеме қызметкерлері жәрдемдесті.

Жалпы, көше бойын тазалау, көшет отырғызу жұмыстарына 100-ден астам адам жұмылды.

Сондай-ақ, олар қураған ағаштарды кесіп, 1500-ге жуық талдың түбін әктеді. Апталық аясында 15 тонна күл-қоқыс шығарылды.

12/04/2024

Түркістанда "Алтын қазына" көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша шығармашылық байқауы басталды. Бұл балалар арасында өтетін республикалық көрме байқауының облыстық кезеңі.

Көрме-байқаудың негізгі мақсаты жастардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру, рухани адамгершілік сынды мәдени құндылықтарды сіңіру.

Шараға Түркістан облысының 17 аудан-қаласынан 119 оқушы қатысып жатыр. Көрме-байқауға әртүрлі жанрдағы 119 шығармашылық жұмыстар қойылған. Балалар дайындаған қолөнер бұйымдары 7 түрлі номинация бойынша бағаланады.

#Түркістан #Көрме

12/04/2024

Сайрам ауданы "Қайнарбұлақ" ауылдық округіне қарайтын жеті бірдей ауыл ішімдіктен бас тартқан.

Ішімдіктен бас тартқан бір ауылды естіп жатамыз. Бірақ, бір округтің ауылын ішімдіктен тазарту өңірде алғаш рет болып отыр.

Ауылдардағы 30 дүкеннің бірде-бірінен алкогольді ішімдік таппайсыз.

Бұл ұйғарымға келу ең дұрыс шешім болды, дейді ақсақалдар.

12/04/2024

Аударыспақ деген қандай ойын?

«Turkistan» телеарнасының «Көптің пікірі» айдары осы сұраққа қала тұрғындарынан жауап алып қайтты. Елдің пікірін бірге тыңдап көрелік.

Ал сіз тағы қандай ұлттық ойындарды білесіз?🤔

👇👇👇Пікіріңізді төменге жаза кетіңіз.

📺Толығырақ бейнематериалда.

#КөптіңПікірі

12/04/2024

🐑Қазығұрт ауданындағы «Тұрапбай» өндірістік кооперативі асыл тұқымды қой шаруашылығын дамытуда. Қазіргі таңда қожалық иелігінде 1 мың бас қазақтың қылшық жүнді құйрықты қойы өсірілуде. Оның 700-і аналық қой. Олар жылына 500 төлге дейін төлдейді.

💹Аналық бас толық сақталып, аталықтары сатылымға шығарылады. Осында өндірілетін қой етінің басым көпшілігі шетелге экспортталса, қалған бөлігі еліміздің өзге облыстарына жөнелтіледі.

#Қазығұрт

12/04/2024

🚜Су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған Атырау облысына Түркістаннан техникалық көмек жіберіліп жатыр. Тұрғындар мен түрлі мекеме қызметкерлері 100-ден аса техниканы түні бойы темір жол платформасына тиеді. Облыс бойынша су тасқынына қарсы бөгет салуға қолданылатын техника Дарбаза, Түркістан, Манкент және Арыс станцияларында вагондарға тиелді. Ол «ҚТЖ» ұлттық компаниясы белгілеген кестеге сәйкес Атырау станциясына жеткізіледі.

#Түркістан #Атырау #СуТасқыны

12/04/2024

💐Тұрбат ауыл округіндегі "Пасека-бал" шаруа қожалығы 3 жылдан бері гүл өсірумен айналысып келеді. Қазір мұндағы 80 соттық жылыжайда "Черная магия", 55 соттықта "Мисс Бавлис" гүлі өсіп тұр.

🇺🇿Бұл көшеттер голландтық, бірақ, Өзбекстаннан әкелінген.

🌹Бір түбі шамамен 30 гүл береді.

💹Мұнда өсірілген гүлдің бір данасы 300 теңге шамасында саудаланады. Ол жыл он екі ай өнім береді.

🔄Негізгі тапсырыс берушілер Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Алматы, Астана қаларынан екен. Шаруашылық жылыжайында жылына жобамен 700-800 мың дана гүл өсіріледі.

#Түркістан #Тұрбат

12/04/2024

🍄Көктем жаршысы – қозықұйрық

🍄Негізінен таулы аймақтарда шығатын бұл өсімдік дәрумендер мен минералды заттарға өте бай.

🍄Сондықтан халық күн күркіреп, жаңбыр жауса, қозықұйрық теруге асығады.

🍄Қозықұйрықты жергілікті тұрғындардың бірі түрлі ас дайындауға тұтынып, қысқа азық ретінде маринадтаса, бірі базарға өткізіп, табыс табады.

🍄Саңырауқұлақтан уланып, ауруханадан бір-ақ шықпас үшін мамандар тек белгіленген орындардан тексерілген өнімді ғана тұтынуға кеңес береді.

11/04/2024

🤔Кесене қызғалдаққа ұқсай ма?

😳Қожа-Ахмет Ясауи кесенесінің біз білмейтін тағы бір құпиясы бар болып шықты.

☝🏻Мен-мұндалап тұрған бұл сырды сіз бен біз күніге көріп жүрміз. Тек мән бермегенбіз.

🕌Сіз Түркістандағы кесенелерді көргенде пішінін неге ұқсатасыз?

1️⃣4️⃣ ғасырда Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі қызғалдаққа ұқсатып салынған екен. Қызғалдақ Алланың ерекше мән берген жаратылысы.

🌷Түркі ислам әдебиетінде әсіресе сопылық поэзияда, пайғамбарымызды «гүлмен» ал, Алланы «қызғалдақпен» бейнелеу кеңінен орын алған.

11/04/2024

Жылына 150 тонна бал өндіреді

🐝Қазығұрт ауданы, Тұрбат ауылының тұрғыны Әзізбек Қасымов 2005 жылдан бері бал арасын өсірумен айналысады.

📈2021 жылы шаруашылық еліміз бойынша бал өнімін экспорттаудан алдыңғы төрттікке еніпті.

🍯Яғни сол жылы омарташы көрші Өзбекстан еліне 83 тонна бал экспорттаған.

⚱️2005 жылы 5 ұя омартасымен іс бастаған шаруашылықта бүгінгі таңда 5 мың ара ұясы бар. Жылына 150 тонна бал өнімін өндіреді. Дайын өнімдерге сұраныс көп дейді ол.

#Түркістан #Қазығұрт #Тұрбат

11/04/2024

1️⃣5️⃣ тонна көмек жіберілді

🌊Тасқын судан зардап шеккен өңірлерге көмек беру әлі де жалғасып жатыр.

✅Бүгін Түркістаннан батысқа тағы да гуманитарлық көмек жіберіледі.

👏🏻Оған қарапайым жұртшылық пен халық қалаулылары мұрындық болған.

♻️«Сауран» секторының тұрғындары 15 тоннадан аса керек-жарақты небары 2 күнде жинаған. Енді жылу тиелген жүк көлігі Құлсары қаласына жол тартады.

📺Толығырақ 17:30-де Turkistan aqparat көріңіздер!

11/04/2024

Түркістан қаласындағы «Бекзат» шағынауданында «Белсенді ұзақ өмір» орталығы ашылды.

Облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтік орталыққа арнайы барып, ел ақсақалдарымен, ардақты аналарымен кездесті.

«Белсенді ұзақ өмір» секторының №1 филиалында зейнеткерлер үшін өте қолайлы жағдайлар жасалған.

Денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлмесі бар.

Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі.

Жан мен тәнді емдеп, ардагерлердің бос уақытын тиімді өткізуге толық мүмкіндік қарастырылған. Бір айда 150 адамды қабылдауға қауқарлы.

Айта кетейік, «Бекзат» шағынауданында 8 мың зейнеткер бар. Енді олар осы орталықтың қызметін үздіксіз пайдалана алады.

11/04/2024

Арыстық еріктілер алғысқа бөленді

🧹Арыс жастары жең түріп, білек сыбанып, «Таза өлке» акциясына кірісті. Бұл жолғы екі қолға бір күрек ұстағандардың дені – еріктілер. Сондай-ақ, бұл құрамда қалалық «Жастар ресурстық орталығы» мен №17 колледж студенттері де бар.

Еріктілер тобы бұл жолы белгілі ақын Сабырхан Әлібекұлының үйіне барды. Ақын үйінің ауласын реттеп, қалың өскен шөптен тазартып, топырағын қопсытып қайтты. Бос қайтқан жоқ, еріктілер Сабырхан Әлібекұлының батасын алды.

#Түркістан #Арыс

11/04/2024

👏🏻Жастар акцияға үлес қосты

🌳Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары жүргізілді.

🤩Оған 200-ден астам студент пен ерікті жас қатысып, бірнеше саябаққа күтім жасады.

🗑️Жастар алдағы уақытта өңірдегі нысандардан бөлек, шалғай аймақтардағы тарихи маңызы бар жерлерді қоқыстан тазартуды жоспарлап отыр.

♻️Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асып жатыр.

📺Толығырақ 17:30-де Turkistan aqparat көріңіздер!

11/04/2024

✔️Мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

☝🏻Түркістан облысы мәслихатының тоғызыншы сессиясында 18 мәселе қаралды. Жиынға облыс әкімі Дархан Амангелдіұлы да қатысты. Сессияда депутаттар Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мен дін істері басқармасы басшыларының, облыстық мәслихат төрағасы мен тұрақты комиссия төрағаларының есептерін тыңдады. Өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, сала жетекшілерінен ресми жауап алды.

📌Одан бөлек, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізді.

✅Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары ортақ шешімдер қабылдады.

📺Толығырақ 19:00-де Turkistan 24 көріңіздер!

11/04/2024

7 млн тг несие алып, үйінен ферма ашқан

Қазығұрт ауданы, Шарбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Азамат Қайратұлы «Ауыл аманаты» жобасы аясында 7 млн теңге жеңілдетілген несие алған. Бұл қаражатқа көлік мініп немесе той жасаған жоқ, үйіргелік жерден сүт фермасын ашқан. Бүгінде оның қорасында 14 бас сауын сиыр бар. Шаруа тәулігіне 40 литр сүт өндіреді.

Азамат Қайратұлы сүтті бағыттағы сиырларды Жамбыл облысынан сатып әкелген. Дайын өнімдерін жергілікті сауда орындарына өткізеді. Шаруа сүт өнімдеріне деген сұраныстың көптігін айтады. Ол алдағы уақытта ниесиеден толық құтылып, мал басын көбейтпек ниетте.

#Қазығұрт #Шарбұлақ

11/04/2024

🌐Қазіргі уақытта облыс аумағындағы радиокөпір технологиясы арқылы және төмен жылдамдықты интернет желісімен қамтылған 330 мектепті «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ы арқылы SpaceX компаниясының Starlink спутниктік интернет желісімен қамту жұмыстары жүргізілуде.

🛜Бүгін Қазығұрт ауданына қарасты Еңбек елді мекеніндегі «Еңбек» жалпы орта білім беру және Төлеби ауданына қарасты «Жыланбұзған» жалпы орта білім беру мектептерінде Starlink спутниктік интернеті орнатылып, жылдамдығы 200 мбит/с жоғары интернетпен қамтылды.

#Түркістан #Қазығұрт #Төлеби #Интернет

11/04/2024

Қызыл кітапқа енген «Гүл патшасы»

😱Қызғалдаққа залал келтірсеңіз 11млн айыппұл төлейсіз!

😍Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген қызғалдақтар гүлдеді. Ол – Грейг қызғалдағы. Оны
"гүл патшасы" деп те атайды.

🌹Бір қызғалдақты жұлу оның бір емес, 70-80 жылдық ғұмырын үзеді.

ℹ️Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.

Address

Türkistan

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when «Turkistan» телеарнасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to «Turkistan» телеарнасы:

Videos

Share

Category