09/01/2023
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы —31 градусқа дейін төмендейді
Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Соған байланысты 10-12 қаңтар аралығында еліміздің көп бөлігінде қатты аяз болады. Мұны «Қазгидромет» хабарлады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады деп күтіліп отыр. Ауа температурасы оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендеуі күтіледі.
Батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз, республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз,
солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін,
орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін,
шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін төмендеуі мүмкін.