Жол қиындығын пайдаланып қалғысы келген Шымкент-Ақсукент бағытындағы таксистерге шара қолдану керек.
#Шымкент #сайрам #Ақсукент
Шымкентте кзліктер жүзіп жүр.
#Шымкент #кабиско
Көліктер жүзіп жүр. Жолаушылар барар жеріне жете алмауда. Су басты
#сайрам_ауданы #сайрам #ақсукент
Шымкетте атыс болды
Бүгін түскі уақытта Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің бойында тұратын тұрғындар көшедегі атыстан шошынды. Телеграм каналындағы ІІМ парақшасында тараған ресми ақпаратта былай делінген:
Бүгін сағат 14:40 шамасында #Шымкент қрласы Иляев-Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орналасқан қару-жарақ дүкенінде дабыл түймесі іске қосылды.
Оқиға орнына бірден қауіпсіздік агенттігінің қызметкерлері келді. Күзетшілер мен белгісіз қарулы адам арасында атыс болды.
Күзетшінің бірі жараланды.
Қарулы адамды патрульдік полицейлер мен Тұран АПБ криминалдық полициясының жедел уәкілдері ұстады.
Белгілі болғандай, ер адам, Өзбекстан азаматы, Шымкентте жалдамалы пәтерде тұрады. Одан шолақ мылтық және ұрланған Сайга карабині тәркіленді.
Қазір оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Шымкентте не болып жатыр?
Көшеде қару асынған азамат оқ жудырып жүр.
Куәгерлердің айтуынша оқиға бүгін, 20 ақпан күні (2023 жылы) түскі уақытта, Шымкент қаласы Ғ.Іляев көшесі мен Қ.Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында орын алған.
Әзірге, белгілісі осы мекенжайдағы қару-жарақ дүкеніне кірген белгісіз азамат қарулы шабуыл жасаған.
#Түркістанда не #өртеніп жатыр?
"Бүгін, 16 маусым күні сағат 11:48-де Түркістан қаласындағы «Әзірет-Сұлтан» қорық-музейінің қорғау аймағының сыртындағы екіқабатты «Жеті Таңдыр» дәмханасының 2-қабатында өрт шықты. Өрт басталғаннан кейін алты минуттың ішінде ТЖД-ның алғашқы көмегі келді. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Айта кетейік, дәмхананың «Керуен сарай» ойын-сауық кешеніне еш қатысы жоқ." деп хабарлайды Түркістан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Осыған орай облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандары былай дейді:
Түркістан облысының өрт сөндірушілері «Жеті Тандыр» дәмханасындағы өртті оқшаулады.
2022 жылғы 16 маусымда сағат 11.48-де Түркістан қаласында екі қабатты «Жеті Тандыр» дәмхананың екінші қабатында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша өрт 400 шаршы метрді шарпып, ғимараттың шатырына өткен. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтылануда.
Оқиға орнынжа жедел штаб ұйымдастырылды.
Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігенен шығып кеткен.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өртті сөн