Petropavl_q. PB

Petropavl_q. PB Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Petropavl_q. PB, Video Creator, Magzhana Zhumabayeva 118, Petropavl.

Петропавл қаласының Полиция басқармасында жаңа жылдық шыршаларды сату бойынша интернет-алаяқтықтың 4 фактісі тіркелген.П...
13/12/2023

Петропавл қаласының Полиция басқармасында жаңа жылдық шыршаларды сату бойынша интернет-алаяқтықтың 4 фактісі тіркелген.

Петропавл қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны интернет-алаяқтардың құрбаны болғаны туралы өтінішпен жүгінді. Қала тұрғынының айтуынша, Instagram әлеуметтік желісіндегі «green.trees.kz» онлайн-дүкенінде ол жасанды шыршаларды сату туралы хабарландыруды тапқан. Жалған сатушыға тауар үшін 54 мың теңге көлемінде толық сома төлеген. Бір аптадан кейін сатып алушы онымен байланыс орнатуға тырысқанымен алаяқтар оны бұғаттап тастаған, жәбірленуші полицияға жүгінді.

Бұл факт ҚР ҚК 190-бабы 4-тармағының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген.

«Instagram» желісіндегі «green.trees.kz», «winter_holidayss» және «green_city_lux» онлайн-дүкендері жалған және жоқ шыршаларды сатуға бағытталған дүкендер болып табылады, сонымен қатар сатып алушылардың назарын төмен бағамен және ақысыз жеткізіліммен тартады.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы азаматтарды тексерілмеген онлайн-дүкендерден тауар сатып алмауға шақырады. Интернет желісінде барынша қырағы болу, алдын ала төлемді және тауардың толық құнын төлемеу керек. Жарнамаларды мұқият тексеріп, дүкендердің түпнұсқалығын тексеру қажет.

‼️ Алаяқтардың құрбаны болмас үшін негізгі ережелерді есте сақтаңыз:

1. ТАУАР ҮШІН АЛДЫН АЛА ТӨЛЕМДІ ЕШҚАШАН АУДАРМАҢЫЗ;
2. БЕРІЛГЕН ТӨЛЕМ ШОТТАРЫН ҚОСА АЛҒАНДА, КҮМӘНДІ СІЛТЕМЕЛЕРГЕ ӨТПЕҢІЗ;
3. ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕР МЕН БАНК КАРТАЛАРЫНЫҢ НӨМІРЛЕРІН ЕНГІЗБЕҢІЗ.

‼️ Өте сақ және мұқият болыңыз!
_______________________________

В полиции города Петропавловска зарегистрировано уже 4 факта интернет-мошенничества по продаже несуществующих новогодних елей.

↘️↘️↘️

Қалалық полицейлер оқу орындарындағы ата-аналар жаиналысына қатысуларын жалғастыруда. «Зорлық зомбылыққа қарсы белсенділ...
08/12/2023

Қалалық полицейлер оқу орындарындағы ата-аналар жаиналысына қатысуларын жалғастыруда.

«Зорлық зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Петропавл қ. Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің ата-аналарымен кездесті.

Аға инспектор полиция капитаны Динара Мұқанова кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ ата-аналарды балалармен әңгімелесуге және демалыс күндерін бақылауға шақырады.

Аға инспектор полиция майоры Әсем Ілиясова қатысқандарға «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы туралы, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңнамада болған өзгерістер туралы ақпарат берді. Полицияның ерікті көмекшілері кездесу қатысушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жадынамаларды таратты, ол жадынамаларда азаматтар заңгерлік және психологиялық көмекке жүгіну қажет болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлері көрсетілген.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Талғат Смағұлов №44 орта мектептегі ата-аналар жиналысында мектеп ортасындағы интернет-алаяқтық, лудомания, буллинг туралы сөз сөйледі. Тіркелген интернет алаяқтықтартуралы ақпараттандырып, ата-аналарды қырағы болуға шақырды. Лекция кезінде учаскелік инспектор кездесу қатысушыларына алаяқтардан қорғанудың негізгі ережелері туралы жадынамаларды таратты. Азаматтардың ақпараттық сауаттылығы – алдын алудың тиімді шарасы!
_____________________________________

Городские полицейские продолжают посещать родительские собрания в учебных заведениях.

В рамках республиканской акции «16 дней активизма против насилия», сотрудники отдела местной полицейской службы управления полиции города Петропавловска встретились с родителями IT-школы-лицея имени М. Жумабаева.
↘️↘️↘️

Қалалық полицейлер оқу орындарындағы ата-аналар жаиналысына қатысуларын жалғастыруда. «Зорлық зомбылыққа қарсы белсенділ...
08/12/2023

Қалалық полицейлер оқу орындарындағы ата-аналар жаиналысына қатысуларын жалғастыруда.

«Зорлық зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Петропавл қ. Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері М.Жұмабаев атындағы IT-мектеп-лицейінің ата-аналарымен кездесті.

Аға инспектор полиция капитаны Динара Мұқанова кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында сөз сөйледі. Сондай-ақ ата-аналарды балалармен әңгімелесуге және демалыс күндерін бақылауға шақырады.

Аға инспектор полиция майоры Әсем Ілиясова қатысқандарға «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы туралы, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласындағы заңнамада болған өзгерістер туралы ақпарат берді. Полицияның ерікті көмекшілері кездесу қатысушыларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы жадынамаларды таратты, ол жадынамаларда азаматтар заңгерлік және психологиялық көмекке жүгіну қажет болған жағдайда хабарласатын телефон нөмірлері көрсетілген.

Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің бастығы полиция майоры Талғат Смағұлов №44 орта мектептегі ата-аналар жиналысында мектеп ортасындағы интернет-алаяқтық, лудомания, буллинг туралы сөз сөйледі. Тіркелген интернет алаяқтықтартуралы ақпараттандырып, ата-аналарды қырағы болуға шақырды. Лекция кезінде учаскелік инспектор кездесу қатысушыларына алаяқтардан қорғанудың негізгі ережелері туралы жадынамаларды таратты. Азаматтардың ақпараттық сауаттылығы – алдын алудың тиімді шарасы!
_____________________________________

Городские полицейские продолжают посещать родительские собрания в учебных заведениях.

В рамках республиканской акции «16 дней активизма против насилия», сотрудники отдела местной полицейской службы управления полиции города Петропавловска встретились с родителями IT-школы-лицея имени М. Жумабаева.

↘️↘️↘️

Қалалық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінде тақырыптық сабақ өткізді. Шекарашылар алдында Петроп...
07/12/2023

Қалалық полиция қызметкерлері ҚР ҰҚК Шекара қызметі департаментінде тақырыптық сабақ өткізді.

Шекарашылар алдында Петропавл қаласы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Әсем Ілиясова «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында сөз сөйледі.

Әсем Ілиясова өз сөзінде тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері туралы, аталған құқық бұзушылықтар үшін заңнамадағы жаңа өзгерістер туралы және полиция қызметкерлерінің отандық дебоширлер мен агрессорларға қатысты қабылдаған шаралары туралы хабардар етті.

1 шілдеден бастап отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік күшейтілгенін атап өтті. Сондай-ақ, полиция өтініш беруден тұрмыстық құқық бұзушылықтарды тіркеудің анықтау сипатына көшті. Жаңа түзетулер жәбірленушілердің өтінішінсіз әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауға мүмкіндік береді.
________________________________

Городские полицейские провели тематическое занятие в Департаменте пограничной службы КНБ РК.

Перед пограничниками выступила старший инспектор группы по защите женщин от насилия управления полиции города Петропавловска майор полиции Асем Ильясова, с темой «Профилактика бытового насилия».

В своей речи Асем Ильясова информировала о видах бытового насилия, о новых изменениях в законодательстве за указанные правонарушения и о принимаемых мерах сотрудниками полиции в отношении домашних дебоширов и агрессоров.

Отметила, что с 1 июля усилена административная и уголовная ответственность за совершение противоправных действий в сфере семейно-бытовых отношений. Также полиция перешла от заявительного к выявительному характеру регистрации бытовых правонарушений. Новые поправки позволяют возбуждать дела об административных правонарушениях без заявления потерпевших.

t.me/petropavl_polisiasy

Петропавлда әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жедел жағдайды сауықтыруға бағытталған профилактикалық і...
07/12/2023

Петропавлда әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға, сондай-ақ жедел жағдайды сауықтыруға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

6 желтоқсан күні №7 УПП әкімшілік учаскесінде полиция қызметкерлері 124 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтап, есепке алынған 116 тұлғаны тексерді.

Хименко көшесінде орналасқан қалалық базарлардың бірінде 26 жастағы қала тұрғыны петардаларды тиісті рұқсатсыз сатты. Осы факті бойынша учаскелік инспектор ҚР ӘҚБтК-нің «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» 196-бабы бойынша әкімшілік материал жиналып, өнім тәркіленді.

«Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде тәртіп сақшылары азаматтармен әкімшілік айыппұлдар және оларды уақтылы төлеудің маңыздылығы бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Тексеру барысында 1 миллион 805 мың 735 теңге сомасына 53 түбіртек өндірілді, 302 адамға айыппұлды төлеу керектігі туралы хабарланды.
________________________________

В Петропавловске продолжают проводиться профилактические мероприятия, направленные на выявление административных правонарушений, а также оздоровление оперативной обстановки.

6 декабря на административном участке УПП№7 сотрудниками полиции выявлено 124 административных правонарушения, проверено 116 подучетных лиц.

В одном из городских рынков по улице Хименко, 26- летний горожанин продавал петарды без соответствующего разрешения. По данному факту участковый инспектор собрал административный материал по статье 196 КРКоАП «Незаконная торговля товарами или иными предметами», продукция изъята.

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Борышкер», стражи порядка проводят информационно-разъяснительную работу с гражданами по административным штрафам и важности их своевременной оплаты. В ходе отработки взыскано 53 квитанции на сумму 1 миллион 805 тысяч 735 тенге, уведомлено об оплате штрафа 302 человека.

t.me/petropavl_polisiasy

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!          #П...
07/12/2023

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!

‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!


#Полиция
#ДПСКО

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында дәстүр бойынша ірі сауда орталықтарының бірінде «Ақ лен...
06/12/2023

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында дәстүр бойынша ірі сауда орталықтарының бірінде «Ақ лента» акциясы ұйымдастырылды. Оған мүдделі ұйымдар, дағдарыс орталығының өкілдері, сондай-ақ «АMANAT» партиясының өкілдері мен полиция қызметкерлері қатысты.

«Ақ лента» - зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қарсы тұрудың белгісі.

«Dostyq Mall» сауда орталығында белсенділер келушілерге сенім телефондары мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және оның құрбандарына назар аудару жолдары туралы толық ақпарат көрсетілген буклеттер таратты. Акцияны қолдаған адамдарға ақ ленталар тағылды және балаларға шарлар таратылды.
______________________________

В рамках проводимой акции «16 дней активизма против насилия», по традиции, организована акция «Белая лента» в одном из крупных торговых центров. В ней приняли участие заинтересованные организации, представители Кризисного центра, общественность, а также представители партии “АMANAT” и сотрудники полиции.

«Белая лента» - это символ несогласия с насилием в любой форме.

В торговом центре «Dostyq Mall» активисты раздали посетителям буклеты, где были указаны телефоны доверия и подробная информация о способах пресечения бытового насилия и привлечения внимания к его жертвам. Людям, поддержавшим акцию, прикрепляли белые ленты, а детям вручали воздушные шары.

t.me/petropavl_polisiasy

5 желтоқсан күні №3 УПП әкімшілік учаскесінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пи...
06/12/2023

5 желтоқсан күні №3 УПП әкімшілік учаскесінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шара өткізіліп, есепте тұрған тұлғалар тексерілді.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин кешенді іс-шараның барысын бақылап отырды.

Учаскелік инспекторлар Островский көшесіндегі үйлердің бірінде құрамында алкоголь бар сұйықтықтың заңсыз сатылғанын анықтады. 61 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» 463-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды және 12,5 литр спирт алынды.

Сондай-ақ, Кошуков көшесіндегі қоғамдық тамақтану орындарының бірінде полиция қызметкерлері шетелдіктің тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу фактісін анықтады. Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Іс-шараның екінші күні 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 99 есепке алынған тұлға тексерілді. «Қорғау» АПК жүйесінің көмегімен берешегі бар шетелдік көлік құралдарының 12 жүргізушісі анықталды. 26 адам саусақ ізімен тексеріліп, фото-бейне есепке қойылды, 11 тұлға тұрақты мекенжайы, құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдау-тарату орнына жеткізілді. 1 миллион 954 мың 215 теңге сомасына 58 түбіртек өндірілді.

Облыс орталығының аумағында Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиевтің нұсқауы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кең ауқымды профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде.
__

5 желтоқсан күні №3 УПП әкімшілік учаскесінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пи...
06/12/2023

5 желтоқсан күні №3 УПП әкімшілік учаскесінің аумағында әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шара өткізіліп, есепте тұрған тұлғалар тексерілді.

Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин кешенді іс-шараның барысын бақылап отырды.

Учаскелік инспекторлар Островский көшесіндегі үйлердің бірінде құрамында алкоголь бар сұйықтықтың заңсыз сатылғанын анықтады. 61 жастағы қала тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» 463-бабы бойынша әкімшілік материал жиналды және 12,5 литр спирт алынды.

Сондай-ақ, Кошуков көшесіндегі қоғамдық тамақтану орындарының бірінде полиция қызметкерлері шетелдіктің тиісті рұқсатсыз жұмыс істеу фактісін анықтады. Құқық бұзушы әкімшілік жазаға тартылған Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты.

Іс-шараның екінші күні 128 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 99 есепке алынған тұлға тексерілді. «Қорғау» АПК жүйесінің көмегімен берешегі бар шетелдік көлік құралдарының 12 жүргізушісі анықталды. 26 адам саусақ ізімен тексеріліп, фото-бейне есепке қойылды, 11 тұлға тұрақты мекенжайы, құжаттары жоқ тұлғаларды қабылдау-тарату орнына жеткізілді. 1 миллион 954 мың 215 теңге сомасына 58 түбіртек өндірілді.

Облыс орталығының аумағында Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиевтің нұсқауы бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кең ауқымды профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде.


#Полиция
#ДПСКО

05/12/2023
4 желтоқсан күні  Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиевтің бастамасымен әкімш...
05/12/2023

4 желтоқсан күні Петропавл қаласы Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Марат Жұмалиевтің бастамасымен әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, алкоголь өнімдері мен пиротехникалық бұйымдарды заңсыз өткізудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді. Қалалық полиция басқармасында профилактикалық есепте тұрған тұрғылықты жері бойынша тұлғаларды тексеру, сондай-ақ №1 УПП әкімшілік учаскесінің аумағында салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілді.

Жеке құрам алдында Петропавл қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Әлібек Ғабдуллин сөз сөйлеп, жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі міндеттерін атап өтті.

Рейд кезінде учаскелік полиция инспекторлары Бөкетов көшесіндегі дәмханалардың бірінде алкоголь өнімдерін заңсыз сақтауды анықтады. Осы факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы бойынша «Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жіберусіз іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру» бойынша әкімшілік материал жиналып, 53 литр алкоголь тәркіленді.

Жеке кәсіпкерге қатысты абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ескерту жасалды. Дүкеннің артында қоқыс жәшіктерінің жанында жинақталған қоқыс бар екендігі анықталды, онда дүкен иесі тауарды алушы ретінде тізімделген өнімнің құжаттары табылды.

Учаскелік бөлімшелер Украин көшесіндегі және қаланың орталық базарындағы дүкендердің бірінде пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сатудың 2 фактісін тоқтатты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 196-бабы бойынша «Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау» бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды. Өнімдер тәркіленді.

Тексерудің бірінші күні 126 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, 85 есепке алынушы тұлға тексерілді. «Қорғау» АПК жүйесінің көмегімен берешегі бар шетелдік көлік құралдарының 18 жүргізушісі анықталды. Учаскелік полиция пункттеріне жеткізілген 23 тұлға фото-бейне есепке қойылды және саусақ көшірмелері жасалды.


#Полиция
#ДПСКО

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясын өткізу барысында Петропавл қ. Полиция басқармасы...
04/12/2023

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясын өткізу барысында Петропавл қ. Полиция басқармасының«102» жедел арнасына 38 жастағы қала тұрғынының өз әпкесіне дене жарақаттарын жасағаны туралы хабарлама келіп түсті.

Аталған факті қалалық басқарманың ақпараттарды тіркеу кітабында тіркелген. Туыстар арасында туындаған жанжалдың соңы дене жарақаттарын жасаумен аяқталғаны анықталды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама белгіленді. 36 жастағы жәбірленуші Дағдарыс орталығына орналастырылды.

Петропавл қаласының Полиция басқармасы үйдегі зорлық-зомбылық туралы «102» жедел арнаға хабарлауыңызды сұрайды. Отбасыдағы зорлық-зомбылық жай ғана отбасылық жанжал емес, ол құқық бұзушылық! Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты кез келген сұрақтармен «150», «111» республикалық желіге; 8(715-2)49-31-58 телефоны арқылы Петропавл қ. ПБ ЖПҚБ әйелдерді қорғау бөлімшесіне не болмаса 102-ге хабарласу қажет.
________________________________

Во время проводимой республиканской акции «16 дней активизма против насилия» на оперативный канал «102» управления полиции города Петропавловска поступило сообщение о том, что 38-летний горожанин нанес телесные повреждения своей сестре.

Данный факт зарегистрирован в книге учета информации городского управления. Установлено, что в ходе семейной ссоры между родственниками произошел конфликт, который позже перешел в побои. По делу назначена судебно-медицинская экспертиза. 36-летнюю потерпевшую поместили в Кризисный центр.

Управление полиции города Петропавловска призывает горожан не молчать о насилии в семье, а сообщать на оперативный канал «102». Помните, что насилие в семье - это не просто семейный конфликт, это правонарушение! По всем вопросам, связанным с бытовым насилием, необходимо обратиться на республиканскую линию «150», «111»; в подразделение по защите женщин ОМПС УП г. Петропавловска 8(715-2)49-31-58, либо на 102.

t.me/petropavl_polisiasy

❗️Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған немесе құқық бұзушылықтарға куә болған азаматтарды келесі нөмірлерге...
04/12/2023

❗️Полицейлер тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған немесе құқық бұзушылықтарға куә болған азаматтарды келесі нөмірлерге жүгінуге шақырады: 102, 111 немесе 150.
Сенім телефондары республика бойынша тәулік бойы жұмыс істейді!

👮🏻🙎🏻‍♀️ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ!

________________________________

❗️Полицейские призывают граждан, столкнувшихся с бытовым насилием и буллингом, или ставших свидетелями подобных правонарушений, обращаться по следующим номерам: 102, 111 или 150.

*Номера «горячих линий» работают круглосуточно по всей республике.

👮🏻🙎🏻‍♀️ВМЕСТЕ ПРОТИВ НАСИЛИЯ!

t.me/petropavl_polisiasy

Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында учаскелі...
04/12/2023

Облыс аумағында өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында учаскелік полиция инспекторлары Петропавл қ. ПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобымен бірлесе отырып, қалалық полицияда профилактикалық есепте тұратын тұлғаларды тексеру бойынша рейдтік шаралар жүргізілді.

Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтарға жол берген тұлғалармен жеке-профилактикалық жұмыстарды жүргізу мақсатында полиция қызметкерлері оларды тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Мұндай азаматтарға қатысты сот тарапынан қорғау ұйғарымы шығарылды және құқық бұзушылардың тәртібіне ерекше талаптар белгіленді.

Акцияның басынан полицияда профилактикалық есепте тұрған 200-ден аса тұлға тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерілді. Құқық бұзушыларға қатысты 36 қорғау ұйғарымы шығарылды. Акция барысында жедел желінің телефонына 6 қоңырау келіп түсті, үш әйелге заңгерлік көмек көрсетілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бір құрбаны Дағдарыс орталығына орналастырылды.
________________________________

В рамках проводимой на территории областного центра республиканской акции «16 дней активизма против насилия» участковыми инспекторами полиции, совместно с группой по защите женщин от насилия управления полиции города Петропавловска, провели рейдовое мероприятие по проверке граждан, состоящих на профилактическом учете в городской полиции.

В целях индивидуально-профилактической работы с лицами, допустившими правонарушения в сфере семейно-бытовых отношений, сотрудники полиции проверили их по месту жительства. В отношении таких граждан вынесено защитное предписание и установлены судом особые требования к поведению правонарушителей.

С начала акции по месту жительства проверено свыше 200 лиц, состоящих на профилактическом учете в полиции. В отношении правонарушителей вынесено 36 защитных предписаний. Во время акции на телефон горячей линии поступило 6 звонков, трем женщинам оказана юридическая помощь. Одна жертва бытового насилия размещена в Кризисный центр.

t.me/petropavl_polisiasy

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!          #П...
04/12/2023

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ЕСКЕРТЕДІ!

‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА ПРЕДУПРЕЖДАЕТ!


#Полиция
#ДПСКО

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ХАБАРЛАЙДЫ!‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА СООБЩАЕТ!          #Полиц...
02/12/2023

‼️ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ ХАБАРЛАЙДЫ!

‼️УПРАВЛЕНИЕ ПОЛИЦИИ ГОРОДА ПЕТРОПАВЛОВСКА СООБЩАЕТ!


#Полиция
#ДПСКО

📍 Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке конкурстық негізде жылдам қимылдайт...
01/12/2023

📍 Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті ішкі істер органдарына қызметке конкурстық негізде жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың бос орындарына қабылдауды жүзеге асырады.

Ішкі істер органында қызмет өткерудің артықшылығы:

- жұмыс берушінің есебінен алғашқы оқу мен біліктілікті арттыру;

- қызмет өтілі мен арнаулы атаққа байланысты лауазымдық жалақы мөлшерінде қосылатын тұрақты және уақтылы еңбекақы;

- сауықтыруға жеңілдік және қызмет бабында өсу;

- ведомстволық емдеу мекемелерінде тегін медициналық қызмет көрсетіледі;

- арнаулы атаққа байланысты 48 жаста зейнетке шығуға болады (ішкі істер органдарында үздіксіз қызмет етіп, 12 жыл 6 айдан кем емес еңбек өтілі болған жағдайда).

Қойылатын талаптар: 35 жастан аспауы, бойы 175 см төмен болмауы, жоғары білімді (құқықтану, заң, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе арнайы орта білімі бар (заңтану, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт), арнайы орта білім үшін Қарулы Күштер қатарында әскери борышын өтеген, спорттағы атақ пен разрядтардың, жекпе-жек түрлері бойынша біліктілік немесе куәліктің болуы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің уәкілетті органынан тестілеуден өткендігі туралы сертификаттың болуы, денсаулық жағдайы жарамды (әскери-дәрігерлік комиссиямен анықталады) болуы қажет.

Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарын аяқтағандар немесе бұрын келісімшарт бойынша әскери қызмет атқарғандар конкурстық іріктеуден тыс құқық қорғау қызметіне жұмысқа орналасуға құқықы бар.
↘️↘️↘️

30 қараша күні Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабы...
01/12/2023

30 қараша күні Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдағышынан Петропавл қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен 10 тәулікке қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылған 27 жастағы қала тұрғыны босатылды.
 
Оған қатысты учаскелік полиция инспекторы ҚР ӘҚБтК-нің «Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер» 73-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамасын жасады. Әйел өзінің бірге тұратын адамына қарсы дөрекі сөз сөйлегені анықталды. Белгілі болғандай, 2023 жылдың қазан айында сот облыс орталығының 27 жастағы тұрғынына қатысты 2015 жылы туған және 2017 жылы туған екі кәмелетке толмаған балаға ата-ана құқығынан айыру туралы шешім шығарған және 15 қарашада заңды күшіне енген.
Әкімшілік сот қылмыскердің мінез-құлқына алты айға арнайы талап - алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салды.
 
Мұндай әйелдер қалалық полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының ерекше бақылауында, олармен осындай фактілерге жол бермеу бойынша профилактикалық әңгімелер өткізіледі.
 
Петропавл қаласының аумағында «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы жалғасуда. Жыл басынан бері әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдағышына 287 отбасылық дебошир орналастырылды.
 _________________________________

30 ноября освобождена из специального приемника для административно-арестованных лиц управления полиции города Петропавловска 27-летняя горожанка, которую Специализированный суд по административным правонарушениям города Петропавловска подвергнул административному взысканию в виде ареста на 10 суток.
↘️↘️↘️

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қы...
29/11/2023

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері ерікті полиция көмекшілерінің және еріктілердің қатысуымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараға қатысушылардың алдында Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Әсем Ілиясова сөз сөйлеп, өткізіліп жатқан акцияның негізгі міндеттерін атап өтті.

Әсем Ілиясова барлық қатысушыларға әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы тұрудың символы болып табылатын сыртқы киімдеріне ақ лента жапсырды.

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары қаланың сауда үйлерінде, базарлар аумағында және басқа да қоғамдық орындарда жүргізілді. Полиция қызметкерлері еріктілермен бірлесіп қала тұрғындарына заң көмегін көрсетіп, ақпараттық жадынамалар мен брошюралар табыс етті.
________________________________

В рамках республиканской акции «16 дней активизма против насилия», сотрудниками управления полиции города Петропавловска, с участием добровольных помощников полиции и волонтеров, проведена информационно-разъяснительная работа по профилактике бытового насилия.

Перед участниками мероприятия выступила старший инспектор группы по защите женщин от насилия отдела местной полицейской службы городского управления майор полиции Асем Ильясова, которая озвучила основные задачи проводимой акции.

Асем Ильясова прикрепила всем участникам на верхнюю одежду белую ленту, которая является символом противодействия всех форм насилия над женщинами.

Информационно-разъяснительная работа проводилась в торговых домах города, на территории рынков и прочих общественных местах. Сотрудники полиции, совместно с волонтерами оказывали горожанам юридическую помощь и вручали информационные памятки и брошюры.

t.me/petropavl_polisiasy

28 қараша күні Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген о...
29/11/2023

28 қараша күні Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға облыстық, аудандық Аналар кеңесінің мүшелері мен Петропавл қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қатысты.

Қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Әсем Ілиясова тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы сөз сөйледі.

Өз сөзінде полиция майоры қатысушыларды облыс орталығының аумағында өткізіліп жатқан «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы туралы хабардар етті.

«Жалпы, Петропавл аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың төмендеуі байқалады, бірақ тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайы шиеленісті болып қала береді. Ең алдымен, отбасылық дәстүрлерді сақтау, бір-біріне құрметпен қарау және мінез-құлық мәдениеті насихатталатын отбасындағы тәрбиеге көп көңіл бөлу керек деп санаймын», - дейді Әсем Ілиясова.
__________________________________
28 ноября в Петропавловске состоялось расширенное заседание Совета матерей Ассамблеи народа Казахстана Северо-Казахстанской области. В мероприятии приняли участие члены областных, районных Советов матерей и сотрудники управления полиции города Петропавловска.

Старший инспектор группы по защите женщин от насилия отдела местной полицейской службы городского управления полиции Асем Ильясова выступила с речью о профилактике бытового насилия.

В своем выступлении майор полиции информировала присутствующих о проводимой на территории областного центра республиканской акции «16 дней активизма против насилия».

«В целом на территории Петропавловска наблюдается снижение уголовных и административных правонарушений в сфере семейно-бытовых отношений, но ситуация с бытовым насилием продолжает оставаться напряженной. Считаю, что большое внимание, прежде всего, должно уделяться воспитанию в семье, где должно пропагандироваться сохранение семейных традиций и уважительное отношение друг к другу», - говорит Асем Ильясова.

t.me/petropavl_polisiasy

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан ха...
29/11/2023

«Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» республикалық акциясы аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында дөңгелек үстел өтті, оған «ДЕМЕУ» балалық шақ мәселелері жөніндегі үйлестіру орталығының директоры Жұлдыз Саттарова, клиникалық психолог Резеда Баймұхаметова, Петропавл қаласы Полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Әсем Ілиясова және полиция департаментінің психологтары қатысты.

Дөңгелек үстелде кездесуге қатысушыларға облыс тұрғындары арасында буллинг пен кибербуллингтің алдын алу бойынша ағымдағы жылы облыс аумағында өткізілген іс-шаралардың нәтижелері, сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу туралы ақпарат жеткізілді.
___________________________________

В рамках республиканской акции «16 дней активизма против насилия», в Северо-Казахстанской областной ассамблеи народа Казахстана проведен круглый стол, в котором приняли участие директор координационного центра по проблемам детства «ДЕМЕУ» Жулдыз Саттарова, клинический психолог Резеда Баймухаметова, старший инспектор группы по защите женщин от насилия отдела местной полицейской службы управления полиции города Петропавловска майор полиции Асем Ильясова и психологи департамента полиции.

За круглым столом участникам встречи доведена информация о результатах проводимых мероприятий на территории области за текущий год по профилактике буллинга и кибербуллинга среди населения области, а также по профилактике правонарушений и преступлений в семейно-бытовой сфере.

t.me/petropavl_polisiasy

Address

Magzhana Zhumabayeva 118
Petropavl

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Petropavl_q. PB posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Petropavl_q. PB:

Videos

Share

Category


Other Petropavl media companies

Show All