Adet&Areket Podcast

  • Home
  • Adet&Areket Podcast

Adet&Areket Podcast Күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді енгізу әдістері, ?

16 - Өзіңе сұрақ қою және өзіңнен есеп алу әдетіБұл эпизод күнделікті өмірде өзіңе сұрақ қою арқылы есеп алу жолдарын қа...
02/04/2021

16 - Өзіңе сұрақ қою және өзіңнен есеп алу әдеті

Бұл эпизод күнделікті өмірде өзіңе сұрақ қою арқылы есеп алу жолдарын қарастырады, бір жағынан коучтық тәжірибемен, рефлекция пайдасымен танысасыз. Эпизодта айтылған ақпарат:
🔶саморефлексия
🔶 коучингтің мақсаты
🔶 таңда және кешке сұрақ қою әдетін қалыптастыру
🔶 сұрақтардың нұсқалары
🔶 сұрақ қоюдың маңызы және пайдасы

https://www.instagram.com/p/CNJcg5ing24/?utm_source=ig_web_copy_link

15 - Тыңдарманмен эпизод: “Әдеттерді бақылаудың маңызы, трекерлер және қосымшалар“ Бұл эпизодта арнайы қонақ - подкаст т...
14/03/2021

15 - Тыңдарманмен эпизод: “Әдеттерді бақылаудың маңызы, трекерлер және қосымшалар“

Бұл эпизодта арнайы қонақ - подкаст тыңдарманы, Назарбаев университетінің 3-курс студенті Саят Өскенов. Саят Жезқазған қаласының тумасы, КТЛ түлегі, бос уақытында Youtube канал жүргізеді, онда Notion қосымшасын қолдануды үйретеді. Бұл эпизодта біз келесі тақырыптарды қозғадық:
🔶Назарбаев университетіндегі оқу процессі
🔶 Мектеп оқушыларына қажетті әдеттер
🔶 КТЛ-да оқу кезінде жасаған әдеттері
🔶Әдеттерді бақылау, жазып жүру не береді?
🔶 Не үшін NOTION?
🔶Әдеттерді бақылауға арналған мобильді қосымшалар
🔶Streaks, Trello, Habitica, Forest, TimeCap, HabitNow, Universum, DayOne, Squad Easy, Evernote, WayOfLife, GoogleKeeps,
🔶Хронология жүргізу
🔶NOTION қосымшасы арқылы әдеттерді бақылау
🔶Рутина және әдет
🔶”Как я выиграл жизнь” кітабы
🔶Саяттың YouTube каналына сілтеме: https://www.youtube.com/channel/UCNjjwWucSOS3AjmcNqmL1fw
🔶Саяттың Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/sayattello/

https://www.instagram.com/p/CMYr-oGnZ41/?utm_source=ig_web_copy_link

 #14 эпизод қонағы - подкастер & Youtuber, инженер Арман Айтуғанов Arman Aituganov.2 cағатқа жуық түрлі тақырыптарды тал...
04/03/2021

#14 эпизод қонағы - подкастер & Youtuber, инженер Арман Айтуғанов Arman Aituganov.
2 cағатқа жуық түрлі тақырыптарды талқыладық. Жалпы өз басым бірнеше инсайттар алдым, кейбір нәрселерге көзқарасымды өзгерттім деп айта аламын. Кез келген платформалардан тыңдай аласыз.

Бұл эпизодта біз келесі тақырыптарды қозғадық:
🔶Подкастының пайда болуы жайлы
🔶 Университет бітіргеннен кейінгі қиындықтар
🔶 Ақша үнемдеу әдетін қалыптастыруы
🔶Шетелдік магистратураға дайындығы
🔶 Ағылшын тілін дамытуда қолданған әдістері
🔶Кітап оқу әдетінің қалыптасуы, кітапты дұрыс оқу әдістері
🔶Әр түрлі пікірлер мен көзқарасты қарастыру, критикалық ойлаудың маңызы
🔶Жер тегіс пе әлде шар тәрізді ме?
🔶Подкастына қонақтарды таңдау ережесі
🔶Зорлыққа қарсы заң жайлы, жыныстық тәрбиенің маңызы, ер мен әйелдің құқықтары
🔶Дэвид Гребер “The Democracy Project” кітабы, демократия жайлы
🔶Балаға ментор болу жайлы, тәрбиелеудегі принциптері
🔶Виктор Франкл “Человек в поисках смысла” кітабы
🔶Дэвид Синклер “Жизненный план” кітабы
🔶Джордан Питерсон “12 правил жизни” кітабы
🔶30 күндік челлендждары жайлы
🔶Не үшін саяхаттау керек?
🔶Интеллект әлде талғам?
🔶Жалқаулықты қалай жеңуге болады?
🔶TED видео Эмили Эсфахани Смит - https://www.ted.com/talks/emily_esfahani_smith_there_s_more_to_life_than_being_happy/transcript
🔶Арманның Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/arman_aituganov_/
🔶Арманның Youtube парақшасы: https://www.youtube.com/user/aaituganov

https://www.instagram.com/p/CL9LXJyH6p_/?utm_source=ig_web_copy_link

13 - Назерке Сұлтанбек: “Шын бақыт - мұсылманның шынайы бейнесіне сай болу “ [2-бөлім]Бұл эпизод қонағы - белгілі спорт ...
19/02/2021

13 - Назерке Сұлтанбек: “Шын бақыт - мұсылманның шынайы бейнесіне сай болу “ [2-бөлім]
Бұл эпизод қонағы - белгілі спорт журналисі және эксперті, блогер, саяхатшы, эко-белсенді Назерке Сұлтанбек. Назерке “Қазақстан Барысы”, Қазақстан Күрес Федерациясы ұйымдарында баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Екінші бөлімде біз келесі тақырыптарды қозғадық:
🔶Қандай мемлекетке бірнеше рет барудан жалықпайды және не себепті
🔶Ұлттық брендтер жайлы көзқарас
🔶Жарнамаға қатысты көзқарасы
🔶”Бір түрлі қыздар” подкасты туралы
🔶1 млн долларым болса, не істейтін едім?
🔶Отбасын құрғаннан кейінгі өзгерістер
🔶Қыздардың бір біріне қолдау көрсетуі жайлы, аруларға арналған түрлі шаралар жайлы
🔶Ұйымдастырған кітап клубы жайында
🔶Өмір жолындағы ерекше сыйлығы жайлы
🔶Эко әдеттер және оны енгізу жолындағы тәжірибесі жайлы
🔶Күнделікті әдеттері жайлы
🔶Таңғы уақыттың берекеті жайлы
🔶Виктор Франкл “Сказать жизни - ДА” кітабы
🔶Ілияс Есенберлин “Көшпенділер” кітабы
🔶Спортшылар жайлы автобиографиялық еңбектер
🔶Назеркенің Instagram парақшасы: https://www.instagram.com/nazerke_sultanbek/
🔶Назеркенің Youtube парақшасы: https://www.youtube.com/channel/UCKeuntxd_I8bXU4yw2V5iUw
🔶Қазақша подкаст: "BIRTÚRLI QYZDAR”: https://castbox.fm/channel/id1991950?country=ca
https://www.instagram.com/p/CLdUy4xHxRC/?utm_source=ig_web_button_share_sheet

12 - Назерке Сұлтанбек: “Жаңа нәрсе үйренуден жалықпау керек “ [1-бөлім]Бұл эпизод қонағы - белгілі спорт журналисі және...
11/02/2021

12 - Назерке Сұлтанбек: “Жаңа нәрсе үйренуден жалықпау керек “ [1-бөлім]

Бұл эпизод қонағы - белгілі спорт журналисі және эксперті, блогер, саяхатшы, эко-белсенді Назерке Сұлтанбек Nazerke Sultanbek. Назерке “Қазақстан Барысы”, Қазақстан Күрес Федерациясы ұйымдарында баспасөз хатшысы қызметін атқарған. Бірінші бөлімде біз келесі тақырыптарды қозғадық:

🔶Еңбек жолының басталуы

🔶Cпорт журналистикасын таңдауы

🔶Оқушылармен менторлық қызметі, мамандық таңдау жайлы

🔶Ата-анасының берген тәрбиесі, насихаты

🔶Спорт журналисі болудың артықшылықтары

🔶Спортшылардың өмірі, еңбек жолы, қиыншылықтары

🔶Ата-анасы жайлы, ұлтжандылық, тілге құрмет

🔶Салт-дәстүрлердің маңызы

🔶Журналистикада үлгі тұтатын тұлға Сейдахмет Бердықұлов жайлы

🔶Кәсіби жолда әсер еткен, үлгі болған жетекшілері жайлы

🔶Бұрынғы және қазіргі спорт журналистикасы

🔶Олимпиада мен шетелдің жанкүйерлердің ерекшелігі

🔶Спорт журналисіне қажетті дағдылар мен қасиеттер

🔶Жаңа нәрселерге ашық болудың маңызы

🔶Жүгіруге келуі, марафондарға қатысуы

🔶Жүгіруден жаяу жүруге ауысуы, жаяу жүрудің пайдасы

🔶Айналысатын спорт түрлері жайлы

🔶Мороккоға сапары және оның ерекшелігі

-----------------------------------------------------------------------------------------------------

Тыңдаңыздар, бөлісіңіздер, баға беріп, пікір қалдырыңыздар!=)

Instagram:

https://www.instagram.com/adetpodcast/ (Taplink арқылы ұнаған платформаны таңдаңыз)

Telegram: https://t.me/adetpodcast

https://www.instagram.com/p/CLJ6VXnn85m/?utm_source=ig_web_copy_link

06/02/2021
04 - Кайдзен философиясының әдет қалыптастырудағы орныБарлығын бірден өзгертуге ұмтылу, үлкен мақсаттар қою көбіне сәтсі...
01/02/2021

04 - Кайдзен философиясының әдет қалыптастырудағы орны

Барлығын бірден өзгертуге ұмтылу, үлкен мақсаттар қою көбіне сәтсіздіктерге алып келеді.

Мақсатқа жетуді қалайша басқаша түрлендіруге болады?

Кайдзен жолын қолданып көрсек ше?

Кайдзен - жапон елінен бастау алатын, үздіксіз даму философиясы. Негізгі мәні - күнделікті кішкене қадамдар жасау арқылы 1 % - ға жақсару. Жаңа әдеттер енгізуде және жаман әдеттерден құтылуда кайдзеннің тиімді екені дәлелденіп келеді. Өзіңді кайдзен арқылы дамытуда тек кішкене өзгерістер енгізу қиындық әкелмейді.

Бұл эпизодта кайдзен жүйесін PDCA моделімен байланыстырып, қалай әдет қалыптастыруда қолдануға болатынын қарастырдық.

Кейбір айтылған ақпарат көздері:

Марғұлан Сейсембай

Қазақша кайдзен

Масааки Имаи

PDCA - Plan, Do, Check, Act

М.О.Л.О.Д.Е.Ц әдісі

www.kaizen.com

Бізді барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыз (9 платформада бармыз)

Тыңдаңыздар, бөлісіңіздер, баға беріп, пікір қалдырыңыздар!=)

03 - P.O.W.E.R пирамидасы - 2-бөлімСәлем, достар! Подкасттың 2-эпизоды 2 бөліктен тұрады, 2 бөлімде P.O.W.E.R пирамидасы...
01/02/2021

03 - P.O.W.E.R пирамидасы - 2-бөлім

Сәлем, достар!

Подкасттың 2-эпизоды 2 бөліктен тұрады, 2 бөлімде P.O.W.E.R пирамидасының қалған 3 әрпін қарастырдық.

P.O.W.E.R пирамидасы - өмір салтын тиімді әдеттермен өзгертуге бағытталған концепция.

Идея авторы - Pete Leibman, "Work stronger"

P - Purpose -

O - Optimism -

W - Way -

E - Environment -

R - Reinforcement -

Подкастта айтылған ақпарат:

Кэрол Дуэк "Гибкое сознание"

Акмарал Мейрман

Yerzhan Torgayev https://t.me/hiremegoogle

Alibek Datbayev -

Бізді барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыз (9 платформада бармыз)

Тыңдаңыздар, бөлісіңіздер, баға беріп, пікір қалдырыңыздар!=)

Instagram:
Youtube: adetareket
Telegram:

02 - P.O.W.E.R пирамидасы - 1-бөлімСәлем, достар! Подкасттың 2-эпизоды 2 бөліктен тұрады, бірінші бөлімде P.O.W.E.R пира...
01/02/2021

02 - P.O.W.E.R пирамидасы - 1-бөлім

Сәлем, достар!

Подкасттың 2-эпизоды 2 бөліктен тұрады, бірінші бөлімде P.O.W.E.R пирамидасының бастапқы 2 әрпін қарастырдық.

P.O.W.E.R пирамидасы - өмір салтын тиімді әдеттермен өзгертуге бағытталған концепция.

Идея авторы - Pete Leibman, "Work stronger"

P - Purpose - ниет

O - Optimism - оптимизм

W - Way - жол

E - Environment - қоршаған орта

R - Reinforcement - бекіту

Подкастта айтылған ақпарат:

Кэрол Дуэк "Гибкое сознание"
Чарльз Дахиг "Сила привычки"

Акмарал Мейрман

Yerzhan Torgayev https://t.me/hiremegoogle

Alibek Datbayev

Бізді барлық подкаст платформаларынан тыңдай аласыз (9 платформада бармыз)

Тыңдаңыздар, бөлісіңіздер, баға беріп, пікір қалдырыңыздар!=)

Youtube: adetareket
Telegram:

Сәлем, достар! Алғашқы эпизодта жаңа әдеттерді енгізуде болуы мүмкін 5 қателікті және оны болдырмау жолдарын қарастырдық...
01/02/2021

Сәлем, достар! Алғашқы эпизодта жаңа әдеттерді енгізуде болуы мүмкін 5 қателікті және оны болдырмау жолдарын қарастырдық. Олардың қатарында:

1) Бірден бәрін өзгертуге тырысу

2) Бірден үлкен, күрделі әдеттен бастау

3) Процесттен рахаттанбай, нәтижеге ұмтылу

4) Қоршаған ортаны өзгертпеу

5) Кішкене бөлшектерге мән бермеу

Егер подкаст пайдалы болса, комментарийде пікір қалдырып, қосымшаларда бағасын берсеңіздер=)

Профильдегі Taplink арқылы өтіп, қалаған платформада тыңдасаңыз болады.

Сәлем Әлем! 20.09.20 күні Adet&Areket подкасты жарияланды. Adet&Areket - жаңа, пайдалы әдеттерді жүйелі түрде, тиімді жо...
29/01/2021

Сәлем Әлем! 20.09.20 күні Adet&Areket подкасты жарияланды. Adet&Areket - жаңа, пайдалы әдеттерді жүйелі түрде, тиімді жолмен өмірімізге енгізу жолдарын, әдістерін қарастырады, сапалы әрі мәнді өмір сүру мақсатын көздейді. Бұл мен үшін жаңа тәжірибе және көптен бері ойластырып жүрген жоба болатын. Негізінен, қолайлы жағдайдан шығып, жаңа/әдеттен тыс нәрселерді жасап көруді қолдаймын=) Подкасттың болашағы зор, ұзақ мерзімді, бастысы қызықты әрі пайдалы болуы үшін еңбектенемін деген ойдамын. Бір жағынан өзім де осы подкаст арқылы 1%-ке болсын жақсаруды мақсат тұтамын.

Бастапқы уақытта подкастта кемшіліктер/жетіспейтін нәрселер болуы мүмкін, сондықтан пікір/кеңестер қалдырсаңыздар жақсы болар еді=)

Подкаст аптасына бір рет жұма күні шығып тұрады. Қазіргі уақытта 10 эпизод тыңдауға қолжетімді. Подкастты келесі платформалардан тыңдауға болады:

Iphone - https://podcasts.apple.com/kz/podcast/adet-areket/id1532632562

Yandex Music - https://music.yandex.ru/album/12205831

Castbox - https://castbox.fm/channel/Adet%26Areket-id3345843?country=ru

Website - https://anchor.fm/zhanar-zh

Youtube - https://www.youtube.com/channel/UC4gLsnh2bm8Nto9bHkNHg0w

Google Podcast https://podcasts.google.com/feed/aHR0cHM6Ly9hbmNob3IuZm0vcy8zNTQ3MzgzYy9wb2RjYXN0L3Jzcw==

Telegram - https://t.me/adetpodcast

Address


Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Adet&Areket Podcast posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

  • Address
  • Alerts
  • Claim ownership or report listing
  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share