![Кеше Өзбекстаннан келген, маусым айында қандас мәртебесін алған Мәдиев Джарилкасим Артыкович жолықты. Батыс Қазақстан о...](https://img5.medioq.com/898/162/964868078981624.jpg)
11/07/2024
Кеше Өзбекстаннан келген, маусым айында қандас мәртебесін алған Мәдиев Джарилкасим Артыкович жолықты. Батыс Қазақстан облысында тұрақтап қалуға ниетті. Мемлекет тарапынан қандай қолдаулар барын, қалай алуға болатынын, үй кезегіне қалай тұратынын сұрады. Әйелі мен баласы әзірге Өзбекстанда. Өзінің құжаттары реттелсе отбасын көшіріп әкелгісі келеді. Қолайлы жағдай болса ауылға барып тұруға да пейілді.
Батыс Қазақстан облысы 2011 жылдан қандастарымызға мемлекеттен қарастырылған қолдау қаражаттарды мүлдем бөлмеген. Квотаға тапсырыс беріп қаражат бөлу қажеттігін айтқанымызда алдымен келгісі келетін қандасты табу керек дейтін. Міне, өз қалауымен отанына көшуге ниетті қандасымыз келді. Енді әрекет керек.
Кездесуге БҚО Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жауапты маманы қатысты. Мемлекеттен қарастырылатын қаражаттарды бөлдіруге жауапты мекемелерге ұсыныс бердік.
ХҚКО маманы үй кезегіне kezekte.kz сайты арқылы тіркелетінін айтты. Қандас мәртебесі бар кезде 400 АЕК көлемінде грант алуға құқылы екендігін айтып, алу тәртібін түсіндірдік.