Syntas.kz

Syntas.kz syntas.kz қазақ тіліндегі ақпараттық сайты - еліміздің жаңалықтар топтамасы және "Аманкелді арайының" мақалалары мен ел жаңалықтарын ұсынады

Бизнесті дамыту ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МОЛ МҮМКІНДІГІ Былтырғы  жылдың қыркүйек айынан бастап облыста кәсіпкерлікті дамыт...
20/03/2024

Бизнесті дамыту

ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАНЫҢ МОЛ МҮМКІНДІГІ

Былтырғы жылдың қыркүйек айынан бастап облыста кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын облыстың оңтүстік өңірлерінің кәсіпкерлері үшін өңірлік қаржыландыру бағдарламасы басталған болатын.

Арқалық қаласының, Амангелді және Жангелдин аудандарының кәсіпкерлері өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және телекоммуникация салаларында бизнесті дамытуға 5 жылға дейінгі мерзімге 150 млн. теңгеге дейін сомада несие ала алады. Кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 7% құрайды, оның ішінде кәсіпкерлер тек ғана 1% өтейді, ал қалғанын мемлекет субсидиялайды. Бағдарлама бойынша «Қазақстан Халық банкі» АҚ және «ЦентрКредит Банкі» АҚ жұмыс істейді.

Осы орайда былтырғы жылы Амангелді ауданында аталмыш бағдарлама бойынша 8 кәсіпкер құжат тапсырған болатын. Осы орайда бағдарлама аясында 295,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба мақұлданып, қаржыланып отыр.

Бағдарламаға қатысқан Қарасу ауылдық округінің Бестарау қыстағында орналасқан «Томинур» және Амангелді ауылдық округіне қарасы Кемер елді мекеніндегі «Хан» шаруа қожалықтары өз жұмыстарын бастап кетті. Аудан әкімі Талғат Карбозов шаруа қожалықтарына барып, осы шаруашылықтарымен танысып, көзімен көріп қайтты. «Томинур» шаруа қожалығы 108 бас асыл тұқымды «Абердин-ангус» қашарларын, «Хан» шаруа қожалығы 108 бас асыл тұқымды «Қазақ ақбасы» қашарларын сатып алған. Сонымен қатар ірі қара малдарды асылдандыру мақсатында 100,0 млн. теңге көлемінде 1 процентпен несие алып отыр.

Кәсіпкерлік қолдауға бағытталған өңірлік бағдарлама бір пайыздық несие алып, ісін бастауына мол мүмкіндік беріп отыр.

Г.Жұмаділда.

ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНЕ СУ ЖАҢА КӨЛІК БЕРІЛДІОсы жылдың 23 ақпаны күні Амангелді аудандық Өрт сөндіру бөлімі мекемесі су ...
27/02/2024

ӨРТ СӨНДІРУ МЕКЕМЕСІНЕ СУ ЖАҢА КӨЛІК БЕРІЛДІ

Осы жылдың 23 ақпаны күні Амангелді аудандық Өрт сөндіру бөлімі мекемесі су жаңа Камаз маркалы Өрт сөндіру техникасымен толықты. Бұл машина заман талабына сай жабдықталған. Судың сыйымдылғы 5 тоннаны құрайды.

- Аудан тарихында алғаш рет осындай керемет су жаңа өрт сөндіру машинасын алып тұрмыз. "Өрт - тілсіз жау" сондықтан бізге осындай заманауи жаңа техника өте қажет болатын. Техника беруге көмек жасаған Қостанай облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ алғыс білдіремін. Айтып келмейтін апаттан әрқашан аман болып, сақтық шараларын орындап жүрейік, - дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Серік ТӨЛЕБАЙ.

17 қаңтар - Амангелді ауданының құрылған күніАРАЙЛЫ - АМАНГЕЛДІМ17 қаңтар -  Амангелді ауданының құрылған күні. Осыған о...
19/01/2024

17 қаңтар - Амангелді ауданының құрылған күні

АРАЙЛЫ - АМАНГЕЛДІМ

17 қаңтар - Амангелді ауданының құрылған күні. Осыған орай аудандық орталық кітапханада, кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Туған жерім - ең ардақты мекенім" атты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға аудан әкімі Талғат Карбозов, мекеме, кәсіпорын басшылары, қоғам белсенділері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Ауданымыздың өсіп-өркендеу жолы туралы аудан әкімі Т.Карбозов, еңбек ардагерлері Т. Құтжанова, А.Төлегенов, аудандық мәслихаттың депутаты Н. Әлмағанбетов сөз сөйледі.

Аудан өнерпаздары жергілікті ақын- композиторлардың әндерін шырқап, мерекенің мазмұнын аша түсті.
Шара барысында аудан әкімі көп бала туып, тәрбиелеп отырған аналарға "Күміс Алқа" төсбелгісін тапсырды.

Кітапхана қызметкерлері аудан тарихы туралы жасалған кітап көрмесіне шолу жасады.

Ардагерлер - алтын қазынаЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ Таяуда аудан әкімі Талғат Карбозов еңбек ардагері  Жеңіс Қоңыровты м...
19/01/2024

Ардагерлер - алтын қазына

ЕҢБЕК АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Таяуда аудан әкімі Талғат Карбозов еңбек ардагері Жеңіс Қоңыровты мерейлі 80 жасқа толуымен құттықтады.

Ж.Коңырұлы 1944 жылы 13 қаңтарда дүниеге келген. 1992 - 1998 жылдар аралығында Алакөл шаруа қожалығы жабылғанға дейін сол ауылда тракторист, есепші, экономист, зоотехник, бөлімше басқарушы болып қызметтер атқарған.

Жеңіс ақсақал 2007 жылдан бері еңбек демалысына шығып, бейнетінің зейнетін көріп отыр. Саналы ғұмырында туған жерінің өркендеуіне үлес қосты. Жұмысты ауыр-жеңіл деп таңдамай, туған ауылының өркендеуі үшін еңбек етті. Казргі таңда ауданымыздың ардақты ақсақалдарының бірі.
Аудан әкімі еңбек ардагеріне Құттықтау хат табыстап, иығына шапан жапты.

Жастардың жарқын істеріЖАҢАШЫЛ  ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ  Ауданымызға қарасты  Есір ауылындағы  ауылдық клубтың  меңгерушісі...
19/01/2024

Жастардың жарқын істері

ЖАҢАШЫЛ ЖАСТАР - ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Ауданымызға қарасты Есір ауылындағы ауылдық клубтың меңгерушісі Балтасар Тұрысбекұлы Ізтілеуов жаңашылдықты жақсы көретін жастардың бірі.

Ол ауыл клубында тек мерекелік іс- шаралар өткізіп қана қоймай, жас ұрпаққа ауылдан шыққан талантты азаматтарды да насихаттайды. Өйткені шағын ғана ауылдан көптеген талантты ақын жазушылар, жыраулар мен айтыс ақындары мен небір тұлғалар шыққан.
Олардың көбі казіргі таңда республикамызға танымал екенін көпшілік жақсы біледі.

Балтасар Тұрысбекұлының өзі де сол талантты жастардың бірі. Қара шаңырақ иесі болғандықтан ата-анасын бағып, ауылда жүр. Ауылда текке жүрген жоқ. Ауыл мәдениетін көтеруге өз үлесін қосып жүр. Жас ұрпаққа үлгі-өнеге ретінде клубтың әдістемелік кабинетіне ауыл таланттарының өмірі мен шығармашылығы туралы шағын мұражай, стенд жасап қойған.

Жақында Есір ауылынан шыққан елге танымал айтыс ақындары Мамай Ізтілеуов, Батырлан Сағынтаев, Тоба Өтепбаев, Ернұр Әуезхан, Балтасар Ізтілеуовтің суреттері салынған көрнекі эмблема жасатып, кабинетке іліп қойды.

- Ауылдан шыққан айтыс ақындарының суретінен жасалған эмблемада жүйрік аттың суреті бейнеленген. Бұл Есір ауылы ақындар мен жүйріктердің ауылы деген мағананы білдіреді. Атап айтсақ Хамитов Серікбай, Құлахметов Самат, Есентаев Шөптібай, Сейдахметов Жанахмет, Жұмағалиев Әуезхан сынды ат бапкерлерінің шыққанын айтқымыз келді.

Осы эмблеманы жасап берген аудандық мәдениет үйінің лед экран операторы Төленов Қанат Қыдырәліұлына, оны арнайы орынға орнатуға қол көмек берген мектебіміздің еңбек пәнінің мұғалімі Құлахметов Думан Ерденұлы мен Кенжебаев Еркебұлан Жұмабайұлына және клубтың ер азаматтарына алғыс айтамын, - дейді Балтасар Тұрысбекұлы.

"Жаңа адамды жаңашыл ұстаз тәрбиелейді» деген сөз Балтасар Тұрысбекұлына қаратып айтылған секілді. Жазда клуб ауласында әсем гүлдер мен ағаштар жайқалып өсіп тұрады. Қыста маңайы уақытылы тазаланып, қардан жасалған қыс қалашығы ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлайды. Клуб - ауыл тұрғындарының демалатын жеріне айналған.Түрлі мерекелік кештер мен жиындар өтіп, ауыл халқының бос уақытының тиімді өтуіне ықпал жасап отыр.

Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету – әркімнің міндеті. Туған ауылының патриоты - Балтасар сияқты жастарымыз көп болсын!

Г.ФАЙЗОЛЛА

19/06/2023

АМАНГЕЛДІ АУДАНЫНЫҢ ЖАСТАРЫНА

Ү Н Д Е У

Әрбір адам шыр етіп дүние есігін ашқанда, кішкентай ғана қос жанарымен әуелі анасын, кейін жер-анасын көреді ғой. Сол сәттен бастап-ақ сәби жүрегінде екі махаббат пайда болады. Бірі - анаға деген, ал енді бірі- туған жерге деген махаббат. Осынау қос ұлы құбылысты бірінен өте бірін сүймейтін адамды «адам» деп айтуға аузым бармас еді.

Осындайда «Ауылдан адам көшсе де, адамнан ауыл көшпейді» деген ән сөздері еріксіз ойға оралады. Туған жер туралы толғанып, осы тақырып санамда толықсып тұрған сәтте менің ойыма бірден ауданымыздың бір туар талантты ақыны, қаламы ұшқыр журналист, туған жерге кіндігі байланған Хамитбек Мұсабаев оралады. Туған жерге деген шетсіз, шексіз сүйіспеншілігімен, махаббатымен туған жерге еңбек етіп, туған жерінің әнге бөлеп, жырға қосты. Оның рухты жырлары өте көп. Соның ішінде жобама арқау еткен «Арайлы Амангелді» өлеңі әрбір аудан жастарының гиміне айналды.

Таяуда ауданымызда әр саланың жастарымен кездесу өтті. Сол кездесу барысында халық батыры Аманкелді Иманов атамыздың 150 жылдығы және ауданымыздың құрылғанына – 95 жыл толу мерейтойы қарсаңына жастардың атынан ерекше тарту болсын деп жаңа жоба ұсындым. Ол жоба ауданымыздың кіре берісіне бас қақпа (АРКА) орнату болатын. Өздеріңіз білесіздер жыл сайын ауданымыз өсіп, өркендеп, аудан келбеті жаңаша сипат алып келеді. Сондықтан ауданымыздың кіре берісіне заманауи үлгіде бас қақпа салынатын кез келді деп жастар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылған болатын. Бұл ұсынысты Астана, Алматы, Қостанайда тұратын жастар мен бірге аудан жастары Олжас Мейрамғалиұлы, Біржан Мешелов, Бекболат Мұқанов, Ғибрат Әбдірзақ сынды әр жылғы туған түлектер атынан қолдады. Сол себепті Қостанай қаласында «Қостанай жоба құрлыс» ЖШС нан жобаның эскизін және 3 D форматта үлгісін жасадық. Жоба Халықаралық автожол салу барысын ескере отырып, арнайы құрылыс нормаларына сай жасалынды. Биіктігі 6 метр. Ұзындығы 12 метр. Оң жақ бетіне арнайы автотұрақ, демалыс орны жабдықталып, орындық, жарық шамдар қойылып, ұлттық нақышта безендірлетін болады. Қосымша аудан әкімдігі тарапынан бейне бақылау жүйесі орнатылып, ағаш көшеттер отырғызылмақ!

Ауданда жастармен кездесу іс шарасында осы аталмыш жобаның таныстырылымы көрсетілді. Кездесуге қатысқан 200 -дей жас бұл жобаны қолдап отыр.
Құрметті жерлестер! Аудан жастары!
Биыл батыр атындағы ауданға жергілікті, облыстық, республкалық бюджет есебінен 3 миллиардқа жуық қаражат бөлініп, ауданымыздың инфрақұрылымы, әлеуметтік, спорттық нысандар құрылысы басталып кетті. Көшелер абатандырылып, асфальт, жарық шамдар орнатылуда.
Жерлесіміз Қазақстанға еңбегі сіңген құрлысшы Сапар Ысқақов ағамыздың салып жатқан туристік кешен құрылысының біршамасы аяқталуға жақын. Бұл ауданымыздың дамуына, жастардың жұмыспен қамтылуына үлкен септігі тигелі отыр. Сырттан туристік нысандарды көру үшін көптеген қонақтар келеді. Қос мерейтойымызды да тойлағалы отырмыз. Сырттан келген қонақтар ауданымыздың кіре берісінен бастап ауданымыздың жақсы келбеті көрініс тапса, жерлестеріміздің алдында мерейіміздің үстем болатыны белгілі. Сондықтан ауданымыздың бас қақпасын жасауға әрі мерейтойларға тарту ретінде жобаны бірге іске асыруға сыртта жүрген, елде жүрген, ауданның әр жылдарда бітірген түлектер мен ел азамат жастарды біркісідей ат салысуға шақырамын.

Көршілес Жангелді жастары ауданының 90 жылдық мерейтойында кіре берістеріне керемет тамаша Арка салып бергені естеріңізде болар. Арқалық қаласында да жастардың қолдауымен осындай қақпа орнатылып сән беруде.
Сондықтан біздің ауданымыздың бас қақпасын өз қаражатымыздан, ерекше етіп салып, туған жерге тару жасасақ артық болмас еді. Жастармен қоса қалталы орта буын азаматтарымыз да осы іске ат салысады деп ойлаймын. Өйткені туған жерді түлету - әр перзенттің азаматтық борышы деп білемін.
Туған жер- туған анам-ай,
Алладан соңғы панам-ай!!
Құт қонып, қыдыр дарыған –
Қасиетті Батпаққарам-ай!!!...
- деп Хамитбек Мұсабаевтың өлеңімен аяқтағым келеді.

Сондықтан жерлестер бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауданымыздың бас қақпасын салуға бір кісідей жұмылайық! Көп түкірсе көл деген, көлдей көңілдерің, Торғайдың даласындай пейілдерің болсын!
Қаражат жинауға арнайы есеп шотқа. Осы жылдың 5 маусымынан 5 шілдеге дейін бір ай мерзімде діттеген қаражатты жинауымыз керек. Қаржаттың тиімді пайдалану үшін арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына әр салда жұмыс жасап жүрген беделді жастар енгізіліп отыр. Жиналған қаражат жұмсалу есебі туралы әлеуметтік желі және аудандық "Аманкелді арайы" арқылы есеп берліп отырады.

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІБүгін ауданымыздағы Тәуелсіздік саябағында  4 маусым – Қазақстан Республикасының Ме...
04/06/2023

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін ауданымыздағы Тәуелсіздік саябағында 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздер күніне орай іс-шара өтті.
Патриоттық іс-шараға аудан әкімі Талғат Карбозов аудан ардагерлері, мәслихат депуттары, зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастар және мекеме басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Мемлекеттік Гимнді орындаумен басталған іс-шарада аудан басшысы сөз алып, елдігіміздің белгісі саналған рәміздерді құрметтеу туралы сөз қозғап, көпшілікті мерейлі мерекемен құттықтады.

– Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азаматтың борышы. Тәуелсіздіктің тұмары Рәміздер күні құтты болсын! Көк байрағымыз еркіндікте желбіресін! Мерекеде сіздердің отбасыларыңыздың амандығын тілеймін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын, – деді аудан әкімі.

Бұдан соң, іс-шара аясында патриоттық әндер шырқалып, көрермен қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мемлекеттік Ту көтерген автошеру де мерекенің ерекше сәнін келтірді.

4 маусым -  Мемлекеттік рәміздер күніРӘМІЗДЕР -  ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХЫН АСҚАҚТАТАТЫН ҚҰНДЫ БЕЛГІ Қарасу ауылдық округінің спо...
04/06/2023

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

РӘМІЗДЕР - ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХЫН АСҚАҚТАТАТЫН ҚҰНДЫ БЕЛГІ

Қарасу ауылдық округінің спортшылары ауданымызда өтіп жатқан "Жалын-2023" спартакиада шеруіне ерекше дайындықпен келді. Еліміздің көк туын желбіретіп, еліміздің елтаңбасы белгілеген спорттық киіммен ауыл әкімі Ғасырсейт Қоржынбаев өзі бастап жүрді.

"Қостанай қаласына іс- сапармен барғанымда дүкен сөресінен осы еліміздің елтаңбасы бейнеленген футболка көзіме бірден түсті. Еліміздің рәміздері біздің басты құндылығымыз. Спартакиадаға қатысатын спортшыларымыз осыны киуі керек деп шешім қабылдадым. Ауылдың 1979 жылғы туған азаматтар демеушілік жасап, спартакиадаға үлгіртіп алып берді.

Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Әнұран Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігінің белгісі. Баршаңызды мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтай отырып, әрдайым ел іші мерекелі де берекелі, елтаңбамыз – еңселі, туымыз – тұғырлы, әнұранымыз – айбынды болсын деймін. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, рәміздеріміздің мәртебесі биік болсын!" дейді Қарасу ауылдық округінің әкімі Ғасырсейт Қоржынбаев.

Ия, қашанда тас-түйін боп, ауданымызда өтетін іс- шараларға үлкен жауапкершілікпен қарайтын Ғасырсейт Темірханұлы әріптестеріне үнемі үлгі болуда.

Облыс басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ өңтүстік өңірлерге іс-сапармен келді «АУЫЛДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН СОҢ, АУЫЛҒА КӨМЕГІҢ ТИСІН»Қоста...
02/06/2023

Облыс басшысы Құмар АҚСАҚАЛОВ өңтүстік өңірлерге іс-сапармен келді

«АУЫЛДА ЖҰМЫС ІСТЕГЕН СОҢ, АУЫЛҒА КӨМЕГІҢ ТИСІН»

Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов облыстың өңтүстік өңірлерге сапары барысында Амангелді ауданында болды. Алдымен Тасты ауылдық округінде, бұдан соң Амангелді ауданынында болып, жеке шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесті.

Кездеу барысында Тасты ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы С.Ержанова ауылдың даму көрсеткіштері жайлы хабарлама жасады. Бұдан соң, аудан әкімі Талғат Карбозов аудан бойынша атқарылған, алда атқарылатын бірқатар жұмыстарға тоқталды.

«Табыс» жеке шаруашылық серіктестігі басшысы Бірнар Саматов, «Амандос» жеке шараушылық серіктестігі басшысы Еркебұлан Көшекбаев сөз сөйлеп, шаруашылықтарында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтты.

«Табыс» ЖШС басшысы Бірнар Саматов озық технологиялар мен тыңайтқыштарды пайдалана отырып, әр гектардан 20 центнер өнім алуды жоспарлауда. Сонымен қатар ауылға ағаш егіп, көгалдандыру жұмысын қолға алмақ.
Шаруа қожалықтарының басшылары
Е.Саматов, Е.Көшекбаев ауыл халқын жұмыспен қамти отырып, кәсіптерін одан әрі дамытып, халықтың әл- ауқаттын арттыруға уәде беріп отыр.

"Елдің болашақ қожайыны болу іскер азматтардың міндеті.Мал шаруашылығымен айналысам деген адамдарға біз арнайы бағдарламаны бекітуге дайынбыз. Арқалық қаласының маңайындағы ауылдарға, Амангелді, Жангелді аудандарында кәсіппен айналысып жүрген азаматтарға көмек болсын деп төлем мөлшері 1% несие беруге дайынбыз. Бұл 7 жылға арналған бағдарлама. Несие алғандарға шаруашылығы дамығанша екі жыл уақыт беріледі. Үшінші жылдан бастап 1% несиесін жаба бастайды. Бұл қаражатты дұрыс пайдаланса , аяққа тұрып кетуге үлкен мүмкіндік бар. Сондықтан ауылда жері бар азаматтар ауылшаруашылығымен айналысуы керек.Торғай өңірі мал өсіруге қолайлы жер екені белгілі. Мал басын көбейтіп, малды бордақылайтын ортақ алаңы болуы керек. Жерімізді дұрыс пайдаланып, мал өсірсек, елімізді етпен маймен толық қамтамасыз ететін мүмкіндік бар. Әрі ауыл азаматтарына жұмыс орны ашылады. Табыстарыңыз артып қана қоймай, халыққа пайдаларың тиеді.

Тағыда қайталап айтамын биыл облыс әкімдігі мен «Даму» Қоры бірлескен жоба арқылы ауыл шаруашылығы үшін жылдық 1% -пен 100 млн. теңгеге дейін кредиттер беріледі.Көп жағдайда кепіл қою мәселесі туындап жатады. Бұл туралы айтсақ кепілдігі жетпегендер үшін 85 %-ке дейін мемлекет өзі жауып тұруға көмектеседі. Шаруа қожалықтары несиені биылдан бастап ала беруіне болады.

Біз үнемі айтып жүрміз «Ауылда жұмыс істеген соң, ауылға көмегің тисін» дейміз. Әлеуметтік саладағы объектілерге көмек қажет емес, оған қаралатын мемлекеттің өз қаражаты бар. Ал, ауылшаруашылығының дамытып отырған серіктестік басшылары жаңа жұмыс орнын ашып, ауылдың дамуына және халқына көмек көрсетулері керек. Осы уақытқа дейін кәсіппен айналысып жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан көмек болды. Мемлекет жұмыс орнын ашпайды. Бірақ істеймін деген азматтарға көмектеседі. Сондықтан кәсіппен айналысқан әрбір азамат ауылын дамытуға үлес қосуы керек. Үш жылдың ішінде жолды да саламыз, ауылды да жарықтандырамыз.

Тасты ауылына келесі жылдан бастап су тарту құбыры тартылады. Құрылыс жұмыстарын биыл бастап қолға алынады» деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов кездесу барысында.

Облыс басшысының айтуынша оңтүстік өңірлерді дамытуда бағдарламалар бойынша көптеген жобалар іске асырылмақ. Амангелді ауданына ауыз суға 715,1 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп. Жолдарға 745,9 млн теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,4%-ға артық, ал жарықтандыруға-20,7 млн теңге. Бұл бұрынғы жылдармен салыстырғанда қомақты қаражат екені белгілі.

Облыс әкімі кездесу барысында аудан, ауыл тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өңірді дамытуға бағытталған жұмыстарды атап көрсетті.

Г.СМАЙЛОВА.

Суреттерді түсірген Б. Көркембаев

17/05/2023
Жақсылық Ғайсаұлы - 80 жастаХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕНАталарымыздың "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын " деген сөзд...
17/05/2023

Жақсылық Ғайсаұлы - 80 жаста

ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰРМЕТІНЕ БӨЛЕНГЕН

Аталарымыздың "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын " деген сөзді , елінің гүлденіп , өсіп -өркендеп дамуына, бүкіл саналы өмірін бағыштаған Жақсылық Ғайсаұлына арналғандай!

Жаратылысынан бауырмал, кісілігінен кішілігі басым, қарапайым, мейірімді, ибалы, әділетті ту етіп, жұрттың арасында зор құрметке бөленген Жақсылық ағамызды бүгінгі 80 жас мерей тойымен шын жүректен құттықтап, деніне саулық, отбасына амандық, абыройлы ұзақ ғұмыр кешуді тілеймін!

"Ауыр жол атанды сынайды, ауыр іс адамды сынайды " дегендей, ағамыздың өмір жолы оңай бола қойған жоқ. 1943 жылы 18 маусым айында, халықтың басына күн туған алапат соғыс кезінде Жангелдин ауданы Аралбай ауылында дүниеге келді. Әкесі Ғайса соғыста қаза болып, анасы Қадиша айдалып кетіп жетімдік көріп , өмір ауыртпалығы оны ерте есейтті.
1974 жылы Семей зоотехникалық малдәрігерлік институтын, 1994 жылы Алматы саясаттану және басқару академиясын бітірді.

Ол, 1968 жылы Рудный қаласында Бүкілодақтық екпінді құрылыста комсорог болып қызмет етіп жүріп, комсомол ұйымдарының ішінде 1 орынға ие болып, Комсомолдың 50 жылдығында Мәскеу қаласына делегат болып барды.

1969 жылы Арқалық ауданының Комсомол ұйымының 2-1 хатшылығына , 1973 жылы Қима ауданының ауылшаруашылық кәсіподақ ұйымының төрағалығына сайланды. 1978 жылы Торғай облысының 1 хатшысы Еркін Нұржанұлы Әуелбеков Қима ауданының "Алғабас" мал бордақылау кеңшарының директоры етіп тағайындады. Шаруашылықта істеген кездерінде уақытпен санаспай , дамылсыз еңбек етіп, халықтың жағдайына баса назар аударатын, төзімді , ақылды, парасатты , болашағынан зор үміт күттірер, іскер маман екендігін көрсетті. Ауылды абаттандырып, өндіріс өрге басып, құрлыс, тұрмыс, халықтың қажетін өтеу нысандарын дамытты.

Үш жыл ішінде Бүкілодақтық жарыста жеңімпаз деп танылып, сол кездегі Компартия Орталық Комитетінің, СССР Жоғары Кеңестің, Кәсіподақ ұйымының, Бүкілодақтық Комсомол Орталық комитетінің Ауыспалы Қызыл туын жеңіп алып зор абыройға кенелді.
1983 жылы Еркін Нұржанұлы Ж.Ғайсиннің атқарған істеріне риза болып, кеңесте: "Мен бұл жігіттің өмір жолымен таныстым, болашағы зор екеніне көзім жетіп көңілім толды" деген баға беріп, Амангелді ауданының агроөнеркәсіп бірлестігінің төрағасы қызметіне тағайындады. 1986 жылы Жангелдин ауданының әкімі, 2000 жылы Қостанай облыстық ауылшаруашылық инспекциясында ұйымдастыру бөлігінің бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
Жақсылық Гайсаұлы үкіметтің ұсынған жұмыстарынан бас тартпай білекті сыбанып ерік-жігерімен кірісіп, халқына қалтқысыз қызмет жасап, абыройға кенеліп әндерін нақышына келтіре әуелете орындап ортаның көңілін көтеріп жіберді.Сонымен қатар сөз өнерін де жетік меңгерген, жүйрік шешендігімен көрерменді бауырына тартып алатын тамаша қасиеті бар.

2012 жылдан бастап Қостанай облыстық мешіт жанындағы "Зекет " қоғамдық Қорының ұйымдастырушысы қызметін атқарып , Қажылыққа барып өмірін Алланың ақ жолына бағыштады.
Ағамыздың ұзақ жыл халқына жасаған еңбегі: "Ерен еңбегі үшін ", "Тың және тыңайтқан жерлерді игергені үшін", "Ел Тәуелсіздігіне -10 жыл" , "Астанаға -10 жыл", "Қостанай облысына - 80 жыл", "Ел Тәуелсіздігіне -25 жыл" медальдары мен "Құрметті қажы", "Амангелді ауданының құрметті азаматы " төс белгілерімен марапатталды.

Жақсылық Гайсаұлымен қызметтес те болдым.Ол жұмыс істеген ұжымдарында қарамағындағы қызыметкерлерден, алдымен тәртіп пен тазалықты, әділдік пен жауапкершілікті талап етіп отыратын.Халқының талап тілектеріне мұқият қарап, сенімен ақтауды үнемі назарында ұстайтын.

Жеңгеміз Жаңылдық әрқашан жаюлы ақ дастарханымен отбасының берекесін келтіріп қонақжайлылығымен отағасының абыройын асырып отырады. Үнемі халқымен жұбы жазылмай бірге келе жатқан Жақсылық Ғайсаұлы ағамызға, артыңыздан еріп келе жатқан ұрпағыңызға мол тәжірибеңізбен бөлісіп, мәртебеңіз өсіп абыройыңыз арта берсін!

Альберт МУРСАЛИМОВ,
ұлттық спорт ардагері.
Астана қаласы.

ТОРҒАЙ ТАСЫП ЖАТЫРБүгін Торғай өзенінде судың биіктігі  3,08-ге  жетті. Су көлемі әлі де артып келеді.  Сондықтанда ауда...
18/03/2023

ТОРҒАЙ ТАСЫП ЖАТЫР

Бүгін Торғай өзенінде судың биіктігі 3,08-ге жетті. Су көлемі әлі де артып келеді. Сондықтанда аудандық төтенше жағдай қызыметкерлері судың келуін жіті қадағалап, халықты сақтық шараларын күшейтуге шақыруда. Олардың хабарлауынша биыл су жақсы тасуда. "Сулы жер, нулы жер" деген шабындыққа су мол жайылып, халықтың ырыздық несібесі мол болғай!!

ГАЗЕТ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ  ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫҚашанда газет оқырмандардан келген хаттар газетіміз үшін маңызды. Олар мақал...
04/01/2023

ГАЗЕТ РЕДАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қашанда газет оқырмандардан келген хаттар газетіміз үшін маңызды. Олар мақала жариялау арқылы атқарып жатқан жұмыстарын көрсете отырып, жаңалықтарымен бөлісті. Білім ошақтары жастарды, кішкентай бүлдіршіндерді өнерге, білімге баулуда өткізген іс шаралар арқылы оқушылардың жетстіктерін насихаттаса, мекеме, кәсіпорын ұжымның мамандары пайдалы кеңестерімен бөлісті. Осындай жарияланымдарды саралай отырып, биылғы жылы сапалы, қызықты мақалалар жарияланымының үздіктері анықталды.

1.Қарасу ауылдың округінің ұжымы ауылдағы маңызды жаңалықтарының жарияланымы үшін «Ең үздік іскер ауыл» атағына;

2.«Жұпар» балабақшасы ұжымы балалар арасында өткізген қызықты іс -шараларды насихаттағаны үшін «Ең үздік балабақша» атағына;

3. «Рухани жаңғыру» аясында көптеген іс- шаралар өткізіп, оны редакциямызға үзбей жариялағаны үшін аудандық орталықтандырылған кітапхана ұжымы «Ең үздік рухани орталық» атағына;

4.Балаларды шығармашылыққа баулудағы жетістіктерін газет бетінен көрсеткені үшін
«Шұғыла» жастар мен жасөспірімдер орталығының ұжымы «Ең үздік өнер ұжымы» атағына;

5.Өрт сөндіру мекемесі газет арқылы халықты төтенше жағдайлардан сақтандыру мақсатындағы мақалалары үшін « Ең үздік насихатшы» атағына;

6. Аудандық эпидемиологиялық бақылау басқармасының ұжымы халықты жұқпалы аурудан газет арқылы сақтандырғаны үшін «Ең үздік мамандар» атағына;

7. Балаларды шығармашылыққа баулудағы үйірмелердің жұмыстарын газет арқылы үзбей жариялап тұрғаны үшін Жалдама жалпы білім беретін мектебінің ұжымы «Ең үздік білім ордасы» атағына ие болды.

АУДАНЫМЫЗДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ОН ТӨРТ ОҢТАЙЛЫ ІС 2022 жылы ауданымызда атқарылған ауқымды істер аз емес. Қай сала болмасын ...
04/01/2023

АУДАНЫМЫЗДА ІСКЕ АСЫРЫЛҒАН ОН ТӨРТ ОҢТАЙЛЫ ІС

2022 жылы ауданымызда атқарылған ауқымды істер аз емес. Қай сала болмасын алға басып, экономикамыз алға өрледі. Солардың ішінде он төрт оңтайлы істер шешімін тауып, пайдалануға берілді.

1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен 89,1 млн теңгеге ауданымызда Байтұрсынов, Сатыбалды ишан көшелері орташа жөнделді. Амангелді ауылындағы Байтұрсынов көшесінен көпсалалы туристік кешен аралығындағы жол 43,6 млн теңгеге, Степняк ауылының кіре берісіндегі су өткел құбыры 38,0 млн теңгеге орташа жөндеу көрді.

2. Ауыл – ел бесігі». Үрпек ауылдық округінде Ұлттық қор және облыстық бюджет қаражаты есебінен ауылдың бірден бес көшесіне 107 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

3. Ауданымыздағы «Демалыс» саябағында шағын футбол алаңы пайдалануға берілді. Бұл футбол алаңы жас кәсіпкер, Астана қаласы «Промдорстрой-2003» директоры Жасұлан Елубайұлы Айтмағанбеттің демеушілігімен ашылды

4. Құмкешу ауылдық округінде ауылдағы шаруа қожалық өкілдерінің демеушілігімен саябақ ашылды. Жоба құны 6 млн теңгені құраса, алаңның сыйымдылығы 2100 шаршы метрге тең.

5. Үрпек ауылдық округінде жанашыр азаматтардың демеушілігімен ауылдың кіреберісіне «Арка» салынды. Ауыл азаматтарының береке-бірлігінің арқасында жүзеге асқан жобаның құны 8 млн теңге.

6. Қарасу ауылдық округінің кіреберісіне кәсіпкерлердің демеушілігімен «Арка» жасалып, Социалистік Еңбек Ері Досан Есполов атындағы көшеге ескерткіш тақта орнатылды.

7.Ауданымызда салынып жатқан туристік кешеннің жанынан Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 150 жыл толуына орай Торғай өңірінен шыққан 12 белгілі тұлғалардың есімі жазылған ескерткіш мемориал ашылды.
Рәсімде меценат, құрылысшы, жиһангез, Амангелді ауданының құрметті азаматы Сапар Ысқақов ескерткіш тақта орнатылған белгілі тұлғаларға тоқталып өтті. Оның ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновта бар. Олардың топырағы арнайы есімдері жазылған тақтаға қойылды.

8. Байғабыл ауылдық округінде А.Нұрманов атындағы орта мектебінде Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі Қаражан Нұрғалиұлы Бекбауылов атындағы лингафонды қазақ әдебиеті кабинеті ашылды

9. Торғай-Қостанай өңіріне белгілі марқұм журналист, қоғам қайраткері, облыстық «Торғай таңы» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, кейін Торғай облыстық телерадио комитетінің төрағасы болған Ділдабек Қорғанбековке Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйі қабырғасына ескерткіш-тақта қойылды.

10. Ауданымыздағы «Демалыс» саябағында Есенгелді Еренғайыпұлы атындағы волейбол алаңы мен шағын футбол алаңы пайлалануға берілді. Бұл волейбол алаңы «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Аманкелді қажы Еренғайыпұлы Әбдіхалықовтің демеушілігімен ашылды.

101. Қабырға ауылында саябақ ашылды. Ауыл тұрғындары мен сыртта жүрген жерлестер 10 млн. қаржылай көмек көрсетті. Құрылыс жұмысын ауыл азаматтары бір кісідей жұмыла кірісіп, атқарып шықты.

12. Халыққа ет өнімдерін ұсыну мақсатында «Қуатбек» жеке шаруа қожалығының басшысы Еламан Жұмағазыұлы Аюпов жаңа сауда үйін ашты. Құрылысты салуға 15 млн. теңге жұмсалған.

13. Ауданымызда 1-8 жас аралығындағы балаларға арналған «KAUSAR» ойын-сауық орталығы ашылды. Жеке кәсіпкер Гүлім Мырзағалиқызы мемлекеттік бағдарламаға қатысып, 1 млн. 200 мың теңге қайтарымсыз грант иеленді. Осыған өз қаражатын қосып, бүлдіршіндерге арналған заманауи ойын түрлеріне арналған құралдар сатып алды.

14. Бірмағанбет Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде ерекше білімді қажет ететін балаларды арнайы психологиялық-педогогикалық инклюзивті қолдау кабинеті ашылды.

Бәрекелді!!СУҒА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫБиылғы жылдың 21-23 желтоқсан күндері Қостанай қаласында  2008-2010 жылы туған ...
04/01/2023

Бәрекелді!!
СУҒА ЖҮЗУДЕН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛДЫ
Биылғы жылдың 21-23 желтоқсан күндері Қостанай қаласында 2008-2010 жылы туған жасөспірім ер балалар мен қыздар арасында өтіп жатқан Қостанай облыстық чемпионатында суға жүзуден эстафеталық Кролл түрінен біздің ауданымыздың спортшылары жүлделі 3 орын алды.Бапкері - Қадыр Ерханов.
Жеңімпаз спортшыларымыз биылғы жылы белгілі жиһанкез, меценат Сапар Ысқақовтың демеушілігімен ашылған Т. Омаров атындағы жабық бассейін кешенінде өткен аудандық суда жүзу жарысынан жүлделі орын алып, облысқа жолдама алған болатын.
Бұл аудан тарихындағы суда жүзуден алған алғашқы үлкен жетістік.
Алдағы уақыттарда бұдан да үлкен жеңістердің болатынына сенім мол!
ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНАН КӨРІНДІ
29 желтоқсан күні Қостанай қаласында жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Тобыл-Торғай таланттары» іс шрасы өтті.Іс шараны облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор оралығы ұйымдатырды. Шара барысында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілген байқауларға белсене қатысып, үйымшылдық көреткен үздік мәдениет және өнер қызметкерлерін, шығармашылық ұжым жетекшілері марапатталды.Біздің ауданнан ішкі саясат, мәдениет, тілдерді оқыту және спорт бөлімінің басшысы Сағынғали Сейдин үздіктер қатарынан көрініп, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған төс белгісімен марапатталды.
Ауданымыз жыл сайын көркемөнерпаздардың халық шығармашылық фестивалінде жүлделі орындар иеленуде. Биыл Қ.Әбенов атындағы мәдениет үйінің өнерпаздары А.Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай «Дала Fest Qostanai» шығармашылық марафонына қатысып, жоғары деңгейде концерт ұйымдастырған болатын. Жыл қортындысында аудан мәдениеті жоғары бағаланып, үлкен жетісікпен жаңа жылды қарсы алып отыр.

БЕЛСЕНДІ ҚЫЗЫМЕТІ ҮШІН МАРАПАТТАЛДЫ

"AMANAT" партиясы Қостанай облыстық филиалының кезектен тыс ###III конференциясы өтті. Іс-шарада облыстық филиалдың биылғы жылы атқарған жұмысы қорытындыланды. Конференцияға партия хатшысы Ринат Кертаев келіп қатысты,
Іс-шара барысында облыстық филиалдың төрағалығына Бибігүл Аққожинаның кандидатурасы ұсынылып, дауыс беруі нәтижесі бойыншаБ.Аққожина "AMANAT" партиясы облыстық филиалының жаңа төрайымы болып тағайындалды.

Конференцияның соңында партия бастамаларын жүзеге асыруға белсене ат салысқан азаматтар марапатталды. Аманкелді аудандық "AMANAT" партиясы филиалының атқарушы хатшысы Марал Досымовта « Белсенді қызыметі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
- Мен үшін ерекше күн болды. Олай дейтінім 7 жылдан бері «AMANAT» партиясының мүшесімін. Екі жылдан астам уақыт аудандық филиалдың атқарушы хатшысы лауазымын атқарып келемін. Осы аз уақыт ішінде аз ғана жұмысым бағаланып, партия хатшысы Ринат Кертаев тың қолынан марапат алдым. Партиямыздың орталық аппарат және облстық филиалдағы әріптестеріме алғыс білдіремін - деп Марал Досымов жүрек жарды қуанышын жеткізді.

БилікОБЛЫС ӘКІМІ  АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫОблыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласы мен  Жангелді, Амангелді аудандарында іс с...
04/01/2023

Билік
ОБЛЫС ӘКІМІ АУДАНЫМЫЗДА БОЛДЫ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Арқалық қаласы мен Жангелді, Амангелді аудандарында іс сапармен келді. Аймақ басшысы ең әуелі Арқалық қаласында болып, Жангелді ауданына барды. Бұдан соң, іс-сапар Амангелді ауданында жалғасты. Ең әуелі өңір басшысы ауданымызда салынып жатқан көп салалы туристік кешеннің жұмыс барысымен танысты. Бұл кешеннің құрлысымен «Тілеп» қайырымдылық қорының басшысы, меценат, Амангелді ауданнынң құрметті азаматы, жоба демеушісі Сапар Ысқақов таныстырды.
Бұдан соң, ауданық А.Иманов атындағы мемориалдық музейде болып аудан тарихын паш ететін құнды жәдігерлермен танысты. «Шұғыла» жасөспірімдер шығармашылық орталығында болып, балалардың жасаған бұйымдарын көріп, шығармашылық ұжым қызметкерлерімен танысты. Ауданның бірқатар нысандарын аралап, ауқымды істермен танысқан өңір басшысы Амангелді батырдың және Кейкі Көкембайұлының зираттарына мінәжат етті.
Облыс әкімі өңірлерді аралау барысында : «Торғай өңіріне баса назар аударып отырмыз. Бәрі де қаражатқа келіп тіреледі. Облыс орталығында жобаланған біраз қымбат жобаларды қысқарттық. Осы қаржы облыстың оңтүстік өңірлеріне бағытталатын болады. Алдағы жылы 11 млрд-тан асатын қаражат Арқалық қаласы мен Амангелді, Жангелдин аудандарына қарастырылды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 47%-ке көп. Арқалықтың бюджеті 6,4 млрд теңге болып бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,3 есеге артық", – деді облыс әкімі.
Жұмыс сапары барысында қоғам белсенділерімен де кездесуге уақыт тауып, өңіріді өркендетуге қатысты көптеген мәселелерді тыңдады. Алдағы жылы Торғай өңірін өркендетуге арналған көптеген күрделі мәселелердің шешімі табыбылып, өңірдің дамуын бағытталған жобаларға іске асатын болады.
Құмар Ақсақоловтың өзі айтқандай «Бір істің шешімі болмаса ашғын айтып, халықты алдамай халықтан қашпай, мәселе туындаса, ол қаражат болмағандықтан немесе, дұрыс шешім қабылданбағандықтан ба сол нақтылану керек. Әр уақытта барын «бар», жоғын «жоқ» деп шындықты айту принциппен жұмыс істейміз. Жастар мен зиялы қауым арасында кең көлемде кездескенде бәріміз ақылдасып, бірге жұмыс істейтін болайық» деген сөздері халқтың билікке деген сенімін нығайтып, Торғай өңірін көтеруге бағыттаған жоспарларды іске асыруда тың серпіліс береді деген ой түйдік.

Address

Б. МАЙЛИНА 14
Kostanay

Telephone

+77024347258

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Syntas.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Syntas.kz:

Videos

Share


Other Media/News Companies in Kostanay

Show All

You may also like