Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

  • Home
  • Kazakhstan
  • Karaganda
  • Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының «Қарағанд?

18/11/2022

#сайлау2022

17/11/2022

15/11/2022

Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды.

27/10/2022

🇰🇿🇪🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельді «Ақорда» резиденциясында қарсы алды.

🇰🇿🇪🇺 Касым-Жомарт Токаев в резиденции «Акорда» встретил Президента Европейского Совета Шарля Мишеля.

25/10/2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз –  айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Еліміздің егемендігі баянды болсын! 

23/10/2022

РЕСПУБЛИКА КҮНІ-БОСТАНДЫҚ ҮШІН КҮРЕСКЕН БАБАЛАР АРМАНЫ!

21/10/2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары.

Рабочая поездка Касым-Жомарта Токаева в область Жетысу.

19/10/2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев қаласының саябағында тұрғындармен әңгімелесті.

19/10/2022

19 қазан – Құтқарушылар күні. 1995 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен құрылған арнайы қызмет күні бүгінге дейін халыққа қалтқысыз еңбек етіп келеді.

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

«Мамандыққа адалдық таныту, ерлікке және кез келген сынаққа дайын болу – төтенше жағдай қызметі мамандарына қойылатын басты талап. Халқымыздың игілігі мен табиғатымыздың құндылықтарын түрлі қауіп-қатерден қорғап, бүгінге дейін мыңдаған адамның ғұмырын сақтап қалдыңыздар. Сондықтан ерен еңбектеріңіз ең жоғары бағаға лайық», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі барша құтқарушыларды мерекемен құттықтаймыз!

11/10/2022

⚡️Құрметті Қарағандылықтар және қала қонақтары!
⚡️15-16 қазан аралығында Республика күніне орай, Қарағанды қаласының жаңа атшабарында көкпардан 🐎дәстүрлі «Сарыарқа кубогі» өтеді.
⚡️Көкпар🐎 жігіттердің күш-жігерін, төзімділігін, 💪 батылдығы мен ептілігін, ат үстінде мығым отыруын қалыптастырады.
⚡️Жалпы біздің ұлттық спортымыздың дамитын ортасы өз еліміз, оны дамытатын өз ұлтымыздың ұлтжанды жананшырлары.🤝
⚡️Ұлттық ойындарымызды қолдап тамашалауға келіңіздер!🤝

#Республикакүні 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

27/09/2022

🔶Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жай-күйімен танысып, нысанның дұрыс қорғалуын қатаң бақылауға алуды тапсырды.

🔷Президент ознакомился с состоянием мавзолея Ходжи Ахмета Ясави и поручил обеспечить надлежащий уход за этим архитектурным памятником.

18/09/2022

🇰🇿Біз сенімен біргеміз, ГЕНА!

🥊Алға, GGG!

07/09/2022

Глава МЧС сообщил о локализации природного пожара
в Аулиекольском районе Костанайской области

7 сентября 2022 года в 15.00 часов природный пожар в Аулиекольском районе Костанайской области локализован. Об этом сообщил руководитель оперативного штаба, Министр по чрезвычайным ситуациям Юрий Ильин. Площадь пожара составляет 43 тыс. га. На участках открытого горения нет, производится тушение отдельных околков, организовано окарауливание в районе с. Аманкарагай, Лесное, Озерное, Баганалы.
«Силы и средства в уменьшенном составе остаются на продолжение ликвидации последствий возгорания. Для оказания помощи остается группировка сил и средств Акмолинской области, инженерная техника личного состава РГК Восток, который будут проводить опашку, а также остаются личный состав полка МЧС с командирами до особого распоряжения и подразделения Костанайской области. Остальным подразделениям плодотворно поработать до конца светового дня и отбиваться по местам постоянной дислокации, - заявил Юрий Ильин.
В тушении пожара задействованы силы и средства
МЧС, НГ, Академия МВД г.Костанай, МО, МИО и коммунальные службы области в составе 207 единиц техники в работе на участках, 5 пожарных поезда находятся в работе, привлечено 1 785 человек.
Вертолетной техникой с начала тушения пожара произведен 272 сброса воды.
Всего с начала пожара эвакуаировано 2091 человек (1841 – 3 сентября из с. Аманкарагай, с. Озерное с. Лесное, 250 человек - 5 сентября из с. Баганалы
в с. Казанбасы).
В пунктах временного размещения Аулиекольской средней школе
(16 человек), в Аулиекольской школе-интернат (1 человек), находится 17 человека, из них 7 детей, основная часть эвакуированных вернулись в свои дома, остальные остаются у родственников.
С начала работы оперативного штаба на горячую линию МЧС поступило 37 звонков информационного характера. Три психолога оказывают психологическую помощь в эвакопункте Аулиекольского района. Консультативная помощь 124 чел., групповым форматом работы охвачено 45 детей.
Тушение продолжается.

Оперативный штаб МЧС РК

06/09/2022

Мемлекет басшысы ауыл азаматтарымен кездесіп, олардың арызын тыңдады.

Глава государства побеседовал с жителями сел и выслушал их проблемные вопросы.

#қарағанды #қостанай

📆 06.09.2022 жылы сағат 15:00-де🚩Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі📌 Спикер: Қожахметова Лә...
06/09/2022

📆 06.09.2022 жылы сағат 15:00-де
🚩Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
📌 Спикер: Қожахметова Ләззат-«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының директоры

Марат Түсіпов-"Ана-Мама" қоғамдық қорының өкілі.

📍 Тақырыбы: “Облыстағы қайырымдылық шаралары”
📞 Жедел желі: 41-11-30
🚩 Мекенжайы: “Saryarqa” телеарнасы Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14

📆 06.09.2022 года в 15:00
🚩 Организатор: Региональная служба коммуникаций Карагандинской области
📌 Спикер: Ляззат Кожахметова -директор Центра поддержки “Шанырак” многодетных семей

Марат Канатович Тусупов-представитель общественного фонда "Ана-Мама"

📍 Тема: “Благотворительные акции в области”
📞 Горячая линия: 41-11-30
🚩 Адрес: Телеканал “Saryarqa” ул. Воинов-интернационалистов, 14

Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткіздіМемлекет басшысы Т...
05/09/2022

Президент Қостанай облысында болған өртті сөндіру жөніндегі шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің өртті ауыздықтау, елді мекендердегі азаматтарды эвакуациялау және зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету жөнінде қабылданған шаралар туралы баяндамаларын тыңдады.

Президент өңірдегі ахуалдың бақылауда екенін айтты. Табиғи апатты жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданған.

Қасым-Жомарт Тоқаев болған жағдайдан тиісті сабақ алу қажет екенін атап өтіп, өртті толық әрі жылдам ауыздықтау үшін шұғыл әрекет ету штабына барлық ведомствоның үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Президент үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға толыққанды қолдау көрсетудің маңызды екенін атап өтті. Үкімет пен Қостанай облысының әкімдігіне зардап шеккен тұрғындарға шұғыл түрде өтемақы төлеу мәселесін қамтамасыз ету тапсырылды.

– Зардап шеккен азаматтардың бәріне қажетті көмек беріледі. Олар қауіпсіз жерге көшірілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет тиісті мәселелерді шешу жұмыстарымен айналысып жатыр. Көмек көрсетілетіне ешқандай күмән болмауға тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өрттің шығу себебін анықтау қажет екеніне назар аударды. Оның айтуынша, орман алқабын қайта қалпына келтіру үшін кешенді шаралар әзірлеп, алдағы уақытта осындай апатты жағдайларды болдырмау жөніндегі алдын алу жұмыстарын жүргізу керек.

Президент Төтенше жағдайлар министрлігін ведомство қызметкерлерінің әлеуметтік, соның ішінде тұрғын үйге және жатақханаға қатысты мәселелерін шешуге және қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрлардың дайындық деңгейін арттыруға қабілетті институт ретінде айтарлықтай күшейту қажет екенін айтты.

Мемлекет басшысы Төтенше жағдайлар, Ішкі істер және Қорғаныс министрліктерінің өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамымен, сондай-ақ өртті ауыздықтауға тартылған еріктілермен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайды жоюға атсалысқан барлық азаматтың жасаған ерлігі үшін алғыс білдіріп, олар наградалар мен сыйлықтарға ұсынылатынын айтты.

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫБалқашта жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслих...
05/09/2022

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Балқашта жаңа әкім таныстырылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша бұл қызметке Қайрат Амангелдіұлы Қамзин тағайындалды. Бұған дейін ол Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Бұрынғы қала әкімі Ораз Тәуірбеков жаңа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды. Жеңіс Қасымбек оған атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа салада табыс тіледі.
– Осыдан үш жыл бұрын Балқаш қаласының әкімі лауазымына тағайындау кезінде осы мінберде тұрып, өзіме жүктелген міндеттерді орындауға және қаланы дамытуға бар күш-жігерімді жұмсауға уәде бердім. Осы кезеңде бірлескен жұмыстың арқасында көп жұмыс атқарылды және орын алған проблемаларды шешу жалғастырылатын болады, – деп атап өтті Ораз Тәуірбеков.

ТЕМІРТАУ МҰРАЖАЙЫНДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТУДЕТеміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында "Объективте – отбасы" фо...
05/09/2022

ТЕМІРТАУ МҰРАЖАЙЫНДА ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КӨРМЕ ӨТУДЕ

Теміртаудағы тарихи-өлкетану мұражайында "Объективте – отбасы" фотокөрмесі ашылды. Экспозиция Қазақстанда қыркүйектің әр екінші жексенбісінде атап өтілетін Отбасы күніне орайластырылған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме XXI ғасырдағы заманауи қазақстандықтардың берік және үлгілі отбасыларын көрсетуге арналған.
Экспозиция қалалық мәдениет және демалыс саябағымен бірлесіп дайындалды. Көрменің ашылуынан бір ай бұрын мұражай мен саябақтың әлеуметтік желілерінде отбасылық фотосуреттерді жинау акциясы басталды. Фотосуреттердің атауларын қатысушылардың өздері ұсынды. Нәтижесінде 33 сурет таңдалды. Онлайн-дауыс беру өткізілгеннен кейін Теміртау тұрғындарының таңдаған үздік фотосуреті көрменің ашылуы кезінде саябақтан сыйлық алды.

Қазір офлайн-дауыс беру жүріп жатыр. Мұражайға барған кезде сізге ұнайтын фотосурет үшін дауыс беруге болады. Ол үшін жүрек түріндегі "ұнайды" белгілері беріледі. Суреттері ең көп дауыс жинаған отбасыларға сыйлық беріледі.

02/09/2022

⚡️Президент Балалар туралы:

Балалар жылының аясында «Ұлттық қор – балаларға» атты мүлде жаңа бағдарламаны жүзеге асады. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады. Қаржы әр бала 18 жасқа толғанға дейін аударылып тұрады, оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды. Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалатын болады. Жоба 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады.

#қарағанды #көпбалалыана

Білім күні құтты болсын!📚💐 #рсккараганда  #рск  #өңірліккоммуникацияларқызметі  #білімкүні  #деньзнаний
01/09/2022

Білім күні құтты болсын!📚💐

#рсккараганда #рск #өңірліккоммуникацияларқызметі #білімкүні #деньзнаний

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдап жатыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық а...
01/09/2022

Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жолдап жатыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ.

#рск #рсккараганда #караганда #өңірліккоммуникацияларқызметі

31/08/2022

🔺Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 1 қыркүйекте сағат 11:00-де республикалық телеарналардан, ақпарат агенттіктерінің сайттарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сонымен қатар ҚР Президенті Баспасөз қызметінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан жедел ақпарат таратылады.

🔺Прямая трансляция Послания Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана начнется  1 сентября в  11:00 на республиканских телеканалах и на сайтах информационных агентств.

Кроме того, оперативная информация будет размещаться на официальных страницах Пресс-службы Президента Республики Казахстан в социальных сетях.

17/08/2022

А вы знаете акима области?

#аким

11/08/2022

Той-қазақтың қазынасы. Алайда, өршіп тұрған індет жақын туыс, дос-жаран, құрбы-құрдасқа қарамайды. «Сақтансаң-сақтаймын» деген. Көпшілік орынға баруды азайтып, өзіңіздің және жақындарыңыздың амандығын- бірінші орынға қойған абзал!

#қарағанды #крг #қарағандыжаңалықтары

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮЗЕТУ КАБИНЕТТЕРІ МЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫБалалар жылында ...
29/07/2022

ҚАЗАҚСТАНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТҮЗЕТУ КАБИНЕТТЕРІ МЕН ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АРНАЙЫ ҚҰРАЛДАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛАДЫ

Балалар жылында психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар (ПМПК) және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ психикалық ауытқулары бар, есту, көру және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған оңалту орталықтары мен арнайы мектеп-интернаттардың материалдық-техникалық базасы жаңартылады.

«Қазіргі ПМПК, түзету кабинеттері мен арнайы білім беру ұйымдарының жабдықтары ұзақ уақыт бойы жаңартылмаған және ескірген. Олардың кейбіреулерінде балаларға қажетті түзету және дамыту ортасын құруға арналған арнайы құрал-жабдықтар жоқ. Сондықтан министрлік қолданыстағы түзету кабинеттері мен орталықтарын жаңғырту туралы бастаманы қолға алды. Өңірлерде ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін жаңа арнайы заманауи жабдықтар мен қажетті техникалық құралдар сатып алынады. Бұл көрсетілетін психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде балалардың дамуындағы бұзушылықтар аурудың ерте сатысында анықталып, оларға уақытылы психологиялық-медициналық және педагогикалық көмек көрсетіледі», - деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры Әйгерім Күдеринова.

📆 29.07.2022 жылы сағат 11:05-те🚩Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі📌 Спикер: Байгутанова Гү...
28/07/2022

📆 29.07.2022 жылы сағат 11:05-те
🚩Ұйымдастырушы: Қарағанды облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
📌 Спикер: Байгутанова Гүлжан Жактаевна, Қарағанды облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің орынбасары
📍 Тақырыбы: Қарағанды облысындағы COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ревакцинацияның маңызы
📞 Жедел желі: 41-11-30
🚩 Мекенжайы: “Saryarqa” телеарнасы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14

📆 29.07.2022 года в 11:05
🚩 Организатор: Региональная служба коммуникаций Карагандинской области
📌 Спикер: Байгутанова Гульжан Жактаевна, заместитель Главного государственного санитарного врача Карагандинской области
📍 Тема: Эпидемиологическая ситуация по COVID-19 в Карагандинской области. О важности ревакцинации
📞 Горячая линия: 41-11-30
🚩 Адрес: Телеканал “Saryarqa” ул. Воинов-интернационалистов, 14

#рсккараганда #рск #өкқ #эпидемиология

Address

Воинов-интернацианалистов 14
Karaganda
100000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:30

Telephone

+77212507800

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Қарағанды облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі:

Videos

Share