Карадала Тынысы

Карадала Тынысы Ұйғыр аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалы
(1)

Ұйғыр аудандық қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газет. Уйғур наһийәлик җәмийәтлик -сәясий, иҗтимаий-ихтисадий гезит

Танымал WhatsAppмессенджері арқылы алаяқтық схемаларWhatsApp мессенджері – күн сайын миллиондаған адамдар бүкіл әлем бой...
22/12/2023

Танымал WhatsAppмессенджері арқылы алаяқтық схемалар
WhatsApp мессенджері – күн сайын миллиондаған адамдар бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу және бөлісу үшін пайдаланатын ең танымал мессенджер. Бұл мессенджердің халық арасындағы танымалдығы алаяқтардың назарынан тыс қалған жоқ.
Бұл материалда Fingramota.kz-пенбірге азаматтардың аккаунттарын бұзудың және қадағалаудың ең кең таралған тәсілдерін қарастырамыз, сонымен қатар алаяқтардың айла-амалдарынан қорғану үшін практикалық кеңестер береміз.
Әлемдік компаниялардың ІТ-қауіпсіздік қызметі қаншалықты белсенді жұмыс істесе де, алаяқтар әлі де адамдардың WhatsApp-тағы есептік жазбасын бұзудың және оны қадағалап отырудың жолдарын табуда. Мессенджер әзірлеушілері пайдаланушылардың деректерін шифрлау жүйесін жетілдіру бойыншакүнделікті жұмыс істейді, бұл алаяқтардың жұмысын қиындатады, дегенмен хакерлер өздерінің жеке мақсаттарын жүзеге асырудыңтүрлі амалдарын табады.
Телефонда WhatsApp-тағы есептік жазбаны бұзу үшін құрылғыға кіру қажет. Ең қарапайым әдістердің бірі – телефонға шпиондық бағдарлама орнату. Бүгінгі күні оның құрылғыдағы белсенділігін қадағалауға және бақылауға мүмкіндік беретін көптеген осындай қосымшалар бар. Мұндай қосымшалар көптеген елдерде заңсыз деп танылады және бұғатталады. Мысалы, алаяқтар азаматтарды алдаудың фишинг немесе вишинг сияқты танымал әдістерін белсенді түрде қолданады. Қажетті ақпаратты алу үшін алаяқтар пайдаланушыларға қоңырау шалады немесе сілтемелер жіберуі мүмкін.
Бір реттік код арқылы WhatsApр-ты қалай бұзуға болатыны туралы бірнеше сценарийді қарастырайық.
1. WhatsApрмессенджерін бір реттік код арқылы бұзу.Сіздің телефоныңызға алаяқтар WhatsApр-тыавторизациялайтын коды бар SMS жібереді. Әрі қарай мессенджер арқылы таныс адамнан ол өз шотына кірген кезде кездейсоқ енгізген осы кодты қайта жіберуді сұрайтын хабарлама келеді.
Әдетте, бұл жағдайда олар сіздің досыңыздың аккаунты арқылы жазады, ол қазірдің өзінде бұзылған. Бірақ бұл WhatsApp-ты бұзудың жалғыз жолы емес.
2. WhatsApр мессенджері арқылы кездесуге шақыру.WhatsApp арқылы алаяқ сіздің танысыңыздан/досыңыздан кездесуге шақыру жібереді. Әрі қарай, алаяқ кафеге/мейрамханаға тапсырыс беру үшін нөмір иесі көрсетілгенін айтып, бронь кодын жіберуді сұрайды.
Егер сіз осы кодты жіберетін болсаңыз, онда алаяқтар сіздің есептік жазбаңызға автоматты түрде қол жеткізеді.
3. WhatsApрмессенджері арқылы қарызға ақша алу.«Сәлем, қарызға N...сомада ақша бере тұрасың ба. Менің карточкам үйде қалып кетіпті, ақшаны жұбайымның/досымның +7............ нөміріне жібер, кешке қайтарамын».
Соңғы уақытта мұндай хабарлар көпшілік сипатқа ие болып отыр, хакерлер пайдаланушының WhatsApp желісін бұзып, оның атынан достарына, әріптестеріне немесе туыстарына белгілі бір ақша сомасын қарызға сұрап хабарлар таратады. Мұндай қулықты түсінбей, көп адам ақша жібереді, ал барлығы әшкере болған уақытта ештеңе істей алмайды.

Алаяқтықтан қалай қорғануға болады?

Ең алдымен сақ болу керек және егер мынадай жағдайларда әңгімелесуді дереу тоқтату қажет:
• психологиялық қысым жасау арқылы асықтырса;
• қорқытса немесе сөзіне сенуді өтінетін болса;
• ақша жіберуді, құпиясөзді, PIN-кодты немесе басқа да жеке деректердіайтуды өтінетін болса;
• сілтемені басуды немесе сілтеме бойынша жаңа функцияларды іске қосуды өтінетін болса;
• сіздің жеке деректеріңізді, мысалы, кредиттік картаның немесе банктік шоттың нөмірін, туған күніңізді, құпиясөздеріңізді беруді өтінетін болса;
• пхабарды әрі қарай жіберуді өтінетін болса;
• WhatsApp желісін пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін төлем жасауды өтінетін болса.
Өзіңіздің WhatsApp аккаунтыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай ұсынымдарды пайдалану қажет:
1. Диалогты аяқтаңыз және хабарларға жауап беруді тоқтатыңыз. Сізбен әңгімелесуші адамның өтінішін орындамаңыз (мысалы, жеке деректеріңізді бермеңіз, өзіңізге таныс емес сілтемелерге кірмеңіз).
2. Онымен әрі қарай әңгімелесуді тоқтату үшін күдікті пайдаланушыны бұғаттап тастаңыз және шағым жіберу арқылы WhatsApp-қа хабарлаңыз.
3. Конфидендиалдылық теңшеулерін реттеңіз және сіздің ақпаратыңызға қол жеткізе алатын пайдаланушылар ауқымын шектеңіз. Өз аккаунтыңызды қорғауды күшейту үшін екі сатылы тексеруді іске қосыңыз.
4. Ешбір жағдайда ешкімге өзіңіздің тіркеу кодыңызды және екі сатылым тексерудің PIN-кодын айтпаңыз.
5. Телефоныңызға ешкім қол жеткізе алмау үшін телефоныңызға дауыстық поштаға арналған қиын құпиясөз орнатыңыз.
6. Өзара байланысты құрылғыларды тұрақты түрде тексеріп отырыңыз. Сіздің WhatsApp аккаунтыңызбен байланысты барлық құрылғыны көру үшін «Теңшеулер»> «Өзара байланысты құрылғылар» дегенге өтіңіз. Өзара байланысты құрылғыны жою үшін «Шығу» дегенді басыңыз.
Телефоныңызға қол жеткізу үшін басқа адамға рұқсат берген уақытта сақ болыңыз. WhatsApp желісіне есептік жазбаның бұзылуы елеулі салдарларға әкелуі мүмкін, сондықтан өзіңіздің қауіпсіздігіңіздің тікелей өзіңізге байланысты екенін естен шығармау керек.

Өзіңізді, дербес деректеріңізді сақтаңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

20/12/2023
Ағымдағы жылда ең көп таралған интернет-алаяқтық түрлеріАлаяқтар заманауи IT-технологиялар мен психологиялық әдістерді қ...
15/12/2023

Ағымдағы жылда ең көп таралған интернет-алаяқтық түрлері
Алаяқтар заманауи IT-технологиялар мен психологиялық әдістерді қолдана отырып, азаматтардыалдаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Fingramota.kz бұл материалда 2023 жылы ең көп таралған алаяқтық схемалары туралы әңгімелейді.
Ақша жіберуді сұрау
Соңғы алты айда елде фишингтік шабуылдар жиілеп кетті. Алаяқтар WhatsApp мессенджерін пайдаланушының шотына зиянды сілтеме арқылы қол жеткізеді және пайдаланушының барлық контактілеріне ақша жіберуді өтініп, мысалы, қаржылық жағдайының қиын екенін сылтауратыпхабарлама жібереді. Алаяқтар қаражатты, әрине, шоттарға аударуды сұрайды. Сондай-ақ, күмәнді сілтемені алаяқтар конкурсқанемесе дауыс беруге қатысу ретінде жасыра алады.
Емтихан тапсырусыз жүргізуші куәлігіне ие болу
Ағымдағы жылы алаяқтар емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алу туралы ұсыныспен әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде хабарландыруларды белсенді түрде орналастыра бастады. Бұл ұсынысқа сенген азаматтар барлық талаптарды бірден орындай бастайды: құжат алу үшін ақшаны және жеке деректерін жіберді.Бірақ ақшаны алғаннан кейін алаяқтар телефондарын өшіреді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі хабарламаларға жауап бермейді. Жүргізуші куәлігін емтихан тапсырғаннан кейін ғана алуға болатындығын әрдайым есте ұстаған жөн.
Қайырымдылықтыжелеу ете отырып жасалатын алаяқтық
Соңғы уақытта қайырымдылық қызметі өте өзекті болды, өйткені атақты адамдар мен блогерлер қайырымдылықпен айналыса бастады. Олар ақша жинау науқандарын ашады, түрлі акцияларға қатысады, қажетті ақшаны жинау үшін тікелей эфирге шығады. Атақты адамдардың бастамалары да алаяқтардыңназарынан тыс қалған жоқ.Олар балалардың интернеттен алынған фотосуреттерін пайдаланады,оларға жалған өмірбаяндар жасайды, қолданыстағы барларымен араласып кетпеу үшін жаңадан қор құрады. Кейбіреулері тіпті салмақты көріну үшін, қорықпастан жұмыс істеп жатқан қорларды көрсетіп қояды. Сондай-ақ, алаяқтар қордан баланың суреті мен тарихын көшіре алады, бірақ астына өз деректемелерін қояды. Егер адамдар алдымен оның тарихыментанысып, тексеріп алған күннің өзінде, оның деректемелерінназардан тыс қалдыруы мүмкін, нәтижесінде ақша алаяқтарға кетеді.

Алаяқтарға қарсы іс-қимыл бойынша практикалық кеңестер:
1. Әдетте қарапайым болып көрінетін және ең маңызды бірінші қағида – қандай уәде берсе де, жеке деректеріңіз бен ақшаңызды бөгде адамдарға бермеңіз.
2. Алаяқтық туралы жаңалықтар топтамасына салғырт қарамаңыз: неғұрлым көп нәрсе білсеңіз, алаяқтардың қармағына түсу тәуекелісоншалықты төмен болады.
3. Әдетте балаларға дауыс беру, ұтыстар ойнату, викториналар және т.с.с. атын жамылатын күмәнді сілтемелер бойынша өтпеңіз. Ол жерге ешқашан жеке деректеріңізді енгізбеңіз.
4. Өзіңіздің WhatsApp-аккаунтыңызға байланыстырылған құрылғыны тексеруді әдетке айналдырыңыз. Егер таныс емес құрылғыны көрсеңіз оны бірден ажыратыңыз. Бұл үшін мына алгоритмді орындау қажет: WhatsApp-тажоғарғы оң бұрыштағы үш нүктені басыңыз және «Байланыстырылған құрылғыларды» басыңыз. Сізге тиесілі емес байланыстырылған құрылғыны көрісімен «Шығуды» басып, оданшығып кетіңіз.
5. Заңды айналып өтіп, бірдеңе жасап береміз деген уәделерге сенбеңіз. Мысалы, жүргізуші куәлігін мамандандырылған ХҚКО-да ғана және емтихандардан сәтті өткеннен кейін ғана алуға болады. Оларды жеке тұлғалар немесе компаниялар емес, уәкілетті орган ғана береді.
6. Қандай да бір құжатты ресімдеуді шеше отырып, оларды мемлекеттік органдардың ресми аккаунттарынан алу тетігін мұқият зерделеңіз – сол кезде алаяқтар сізді алдай алмайды.
7. Әлеуметтік желілерде баланы емдеуге ақша жинау туралы хабарламаны көрсеңіз, ілеспе құжаттарын мұқият зерделеңіз. Егер нақты қор көрсетілсе, оның сайтына кіріп, бала олардың базасында расымен де бар-жоғын тексеріңіз. Сондай-ақ балалардың суреттерін браузерлер арқылы тексеріңіз, алаяқтар суретті жай ғана ұрлап саулары да ықтимал.
8. Қайырымдылыққа жеке нөмір бойынша ақша аудармауға тырысыңыз – деректемелерін сұрап, оларды тексеріңіз. Балалардың ата-анасы немесе жануарларға арналған панажай иелері ақшаны неғұрлым жылдам жинау үшін расымен өз нөмірлерін қоса берулері ықтимал, алайда мұндай жағдайда ақпаратты мұқият тексеріңіз.

Өзіңізге және ақшаңызға сақ болыңыз, Fingramota.kz-пен бірге жаңа алаяқтық схемалары туралы хабардар болыңыз!

14/12/2023
Маркетплейстердегі алаяқтық: қаскүнемдердің арбауына түсіп қалмаңыз Қазіргі уақытта  маркетплейстерде сауда-саттық жасау...
05/12/2023

Маркетплейстердегі алаяқтық: қаскүнемдердің арбауына түсіп қалмаңыз

Қазіргі уақытта маркетплейстерде сауда-саттық жасау күнделікті іске айналды. Онлайн-шопингтің мұндай түрі ұнатқан затыңызды кез келген уақытта қиналмай сатып алуға мүмкіндік береді. Алайда, бұл жерде де қырағылық аса қажет, себебі алаяқтардың құрығына түсіп қалуыңыз әбден мүмкін.

Маркетплейстердегі алаяқтықтың кең тараған бес тәсілін және олардан қалайша қорғану жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.

Маркетплейс «onlinemarketplace, online e-commercemarketplace» деген ағылшын сөздерінен шыққан және электрондық, виртуалды сауда алаңы деп аударылады. Басқа сөзбен айтқанда, маркетплейс –бұлүшінші адамдардың өнімі немесе көрсететін қызметтері жөнінде ақпарат ұсынатын электрондық коммерция алаңы, электрондық сауда-саттықтың интернет-дүкені.
Тұтастай алғандамаркетплейс өнімдер мен қызметтер ұсыну бойынша оңтайландырылған онлайн-алаңды (интернет-сайтты) білдіреді.

№ 1 схема.Жалған сілтеме бойынша үлкен жеңілдіктер

Мерекелер қарсаңында немесе үлкен жаппай сатылымдар кезінде алаяқтар электрондық пошта арқылы маркетплейстерді пайдаланушыларға бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер жөнінде қызықтыратын ұсыныстар жібереді. Және де бұл хабарламаларда ресми дүкеннің жалған ұқсас-сайтына апаратын сілтеме болады, онда сізге нысанды толтыруды сұрайды, оны толтырған жағдайда алаяқтар сіздің картаңыздағы ақшаны иемденіп кетеді.

Кеңес: күмәнді, тым жоғары жеңілдіктерге сенбеңіз және ашатын сайттарды әрқашан тексеріңіз, деректеріңізді көрсетуге асықпаңыз. Электрондық поштаңызға келіп түскен барлық ақпаратты маркетплейстің ресми қосымшасында тексеріңіз.

№ 2 схема. Жалған техникалық қолдау

Алаяқтар әлеуметтік желілер дамыған заманда көңілі толмаған сатып алушылардың дәл сол жерде жағымсыз пікір жазатынын пайдаланып қалады. Мынадай жағдайды елестетіңіз: техникалық ақауларға байланысты маркетплейс тауар үшін сіздің шотыңыздан артық ақшаны есептен шығарады делік. Сіз маркетплейстің әлеуметтік желілердегі парақшасын тауып алып, пікіріңізді қалдырасыз. Сізге техникалық қолдау бөлімінің қызметкерімін деп таныстырған адам хабарласып, жағдайды жылдам реттеуге ұсыныс жасайды. Бірақ ол үшін сіз арнайы сілтемеге өтіп, картаңыздың деректерін енгізуіңіз қажет. Бұл орайда олар ақшаңызды өтемақысымен қайтаруға уәде етеді. Егер сіз келіссеңіз, ақшаңыздан ғана емес, шотыңызда қалған қаражатыңыздан да айырыласыз.

Кеңес: жағымсыз пікіріңізді ресми қосымшадағы арнайы нысан бойынша ғана қалдырыңыз не тікелей колл-орталыққа хабарласыңыз. Әлеуметтік желілерге сенбеңіз – алаяқтардың арбауына түсу қаупі тым жоғары.

№ 3 схема. Аккаунтты ұрлау

Алаяқтардың байланыстырылған карта арқылы зат сатып алу үшін маркетплейс пайдаланушыларының есептік жазбаларын ұрлауы жиі кездеседі. Сонымен қатар, сатып алу, әдетте, қосымша растауды қажет етпейтін белгілі бір сомадан аспайды.
Кеңес: маркетплейстеқұпиясөзді үнемі өзгертіп отырыңыз, ең дұрысы – онлайн сатып алуға азғантай лимит белгілеп қойыңыз және тек сатып алу кезінде ғана кіріңіз. Интернет-сатып алуға арналған шамалы ғана сомасы бар жеке карта ашып қойсаңыз тіптен жақсы. Егер алаяқтар сіздің аккаунтыңызды бұзған болса, техникалық қолдауға жүгініңіз және тапсырыстың күшін жойып, тауардан бас тартқаныңыз үшін ақы төлеуге мәжбүр болмас үшін жағдайды түсіндіріп айтыңыз. Егер Сіздің өтінішіңіз аяқсыз қалса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

4-схема. Қосымша табыс

Маркетплейстердің танымалдылығын ескере отырып, адамдар онда жұмыс істеуден күдіктенбейді. Алайда, егер ұсыныс сізге ресми веб-сайттан немесе жұмыс іздеу бағдарламасынан емес, мессенджердегі хабарлама арқылы келсе, сақ болу керек. Әсіресе, егер бос жұмыс орны бойынша біліктілік талаптары көрсетілмесе және жұмыс туралы нақты ақпарат берілмесе, мұқият болыңыз. Әдетте, алаяқтар жақсы ақша төлеуге уәде берген жұмысты ұсынғаннан кейін «депозит» салуды және жалған веб-сайтқа кіруді сұрайды. Алаяқтар ақшаны салғаннан кейін сіз салынған ақшадан 30-дан 70%-ға дейін кіріс аласыз – сома неғұрлым көп болса, пайыз да соғұрлым көп болады деп сендіреді. Алаяқтарға сеніп, деректеріңізді берген жағдайда, оларға сол деректерді енгізу арқылы ақшаңызды алуға жол ашылады.
Кеңес: Жұмыс тәжірибеңіз болмаса да жалақысы көп жұмысқа орналастырам деген уәделерге сенбеңіздер және жұмыс берушіге әлеуметтік желілер және мессенджерлер арқылы байланысқа шықпаңыз. Сізге ұсынып отырған бос жұмыс орнының толық сипаттамасын талап етіңіз, дұрысы бос жұмыс орны жарияланған ресми қосымшалар мен жұмыс іздеуге арналған сайттардың сілтемесін сұратыңыз. Ең бастысы тіркелу немесе сақтандыру қызметі үшін төлем жібермеңіз, жұмыс істеп тұрған, бұрыннан белгілі жұмыс берушілер мұндай әрекетке бармайды.

5-схема. Жақсы жазылған пікірлердің көмегімен жасалатын алаяқтық

Тауарды сатып алу алдында маркетплейс пайдаланушылары сатып алынатын тауар бойынша пікірлерді оқи отырып та алаяқтардың құрбаны болуы мүмкін. Мысалы, тауарға теріс бағалау бергеннен кейін аферистер «дәл осындай тауарды арзан бағамен таптым, сапасы өте жоғары» деп жазып, астына сілтеме қалдыруы мүмкін. Егер сіз осыған сеніп, бағасы төмен, сапасы жоғары тауар алам деп тапсырыс берсеңіз, тауарды да ала алмай, ақшаңыздан да айырылып қалуыңыз мүмкін.
Кеңес: маркетплейстер күдікті пайдаланушылардың пікірлерін алып тастауға үлгермей жатады, сондықтан тауарды арзан бағамен алу туралы пікір қалдырған авторларға сенбеңіздер. Тауарды әрқашан да тексерілген сайттардан алуға тырысыңыздар, болмаса алаяқтақтардың құрбаны боласыздар.

Алаяқтардың арбауына түспеңіздер! Жақындарыңызға осындай алаяқтық әдістері туралы айтыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!

ТОЛҒАНАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫАрменияның астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында...
04/12/2023

ТОЛҒАНАЙ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ

Арменияның астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қасымхан Толғанай әлем чемпионы атанды! Толғанай ақтық сында ресейлік Кира Леонованы 3-2 есебімен жеңді! З раунда нокдаунға жіберіп еліміздің туын желбіретті.
Естеріңізде болса жақында ғана Астана қаласында өткен Азия біріншілігінде алтыннан алқа таққан болатын! Боксшы қыз Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылында, Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепте 11 сыныпта оқиды!!!
Қасымхан Толғанай Болатқызы 16 шілде 2007 жылы Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында Ақыновтар отбасында дүниеге келген. 1 қыркүйек 2018 жылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектепке 1 сыныпқа қабалданды. 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпта оқиды. Мектепте өте жақсы оқиды, қоғамдық шаралар мен спорт үйірмесіне (бокс,жүгіру,жеңіл атлетика) белсене араласады. «Алтын» белгіге үміткер.
Толғанай Райымбек ауданының 4 дүркін жеңімпазы. Алматы облысы 5 дүркін жеңімпазы. Е.Ибраимовтың құрметіне арналған Халықаралық турнир 3 орын. Дәукен Смағұловты жүлдесіне арналған Республикалық турнир 1 орын және жылдың ең үздік боксшысы кубогін жеңіп алды. Жалаңтөс Баһадүрді еске алуға арналған Республикалық турнир 2 орын. Қостанай қаласының ашық чемпионаты -1 орын. Д. Смағұловтың жүлдесі Азия чемпионатына Іріктеу 1 орын. Өзбекстан, Республикалық турнирі-3 орын. Кубок Шардара Халықаралық турнир 1 орын. 2007-2008 ж.т жасөспірім қыздар арасында Азия чемпионатының жеңімпазы. Мағжан Иембергенді еске алуға арналған Республикалық турнирдің 2 дүркін жеңімпазы. Жасөмпірімдер арасында әлем чемпионы.

Арменияның астанасы Ереван қаласында бокстан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қасымхан Толғанай әлем чемпионы атанды! Толғанай ақтық сын...

Өнердің алтын ұясына - 50 жыл!Бүгін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының мерейлі мерейтойын атап өттік. Шар...
04/12/2023

Өнердің алтын ұясына - 50 жыл!

Бүгін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының мерейлі мерейтойын атап өттік.
Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құттықтауын жеткізу үшін Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы арнайы келді.

Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садыханұлы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы филармония әртістерін өңір басшысының атынан құттықтады.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Санжар бей ұжым өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп, ұлттық өнерімізбен сусындап қайтты.

Шара барысында ұжымның бірқатар азаматтарына медаль табысталып, бірқатары алғыс хатпен марапатталды.

Әйгілі ақын, айтыс өнері майталманының есімін арқалап жүрген ұжымды 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқының төл мәдениетін, ел аумағы мен қоса өзге мемлекеттерде де насихаттап жүрген филармония абыройы асқақтай берсін!

#Сүйінбай #филармониясына #50 #жыл




01/12/2023

Роль МСБ в экономическом развитии
​Малые и средние предприятия играют одну из ключевых ролей в экономическом развитии. Аким Алматинской области Марат Султангазиев в ходе брифинга СЦК сообщил, что по итогам 1 полугодия субъектами малого и среднего бизнеса произведено продукции на 1,5 трлн тенге. По его словам, в текущем году уровень налоговой базы МСЮ составил 219,4 млрд.тенге, что на 15% выше показателей аналогичного периода 2022 года.
В ходе выступления Марат Султангаиев отметил, что в настоящее время, в сегменте малого и среднего бизнеса трудоустроены порядка 240 тысяч жителей области, при этом общее число предприятий превышает 136 тысяч. Глава региона отметил, что только в текущем году свыше 26 тысяч граждан решили открыть собственное дело. Аким области рассказал о мерах государственной поддержки оказываемой субъектам МСБ.
«Инициативы жителей в развитии малого и среднего бизнеса активно поддерживаются государством. В рамках Национального проекта по развитию предпринимательства в текущем году выделено 28,9 миллиарда тенге. На данный момент 371 субъект МСБ получил льготные процентные ставки, 235 получили частичное гарантирование, выдано 272 микрокредита и предоставлены 360 грантов для начала собственного дела, в том числе для молодых предпринимателей. Этот сектор экономики стал основой для области, охватывая почти все сферы экономической активности», - поделился он.
Промышленность является двигателем экономического развития.
​Треть валового регионального продукта Алматинской области формируется промышленным сектором. Об этом сообщил аким Алматинской области, Марат Султангазиев, в ходе брифинга СЦК. По словам главы региона, по итогам 10 месяцев текущего года ВРП достиг отметки порядка 1,2 трлн тенге.
​В своем выступлении глава региона подчеркнул важность обрабатывающего сектора, который составляет 90,6% от общего объема промышленности.
​«Этот показатель является одним из самых высоких во всей республике. Здесь 18 ключевых брендовых предприятий вносят значительный вклад, производя более половины промышленной продукции региона. Наша задача заключается в дальнейшем разнообразии этих предприятий, включая автоматизацию процессов на существующих производствах», - поделился Марат Султангазиев.
​В ходе брифинга аким области рассказал о предпринимаемых мерах по обеспечению успешного развития отрасли. По его словам, для достижения поставленных целей был сформирован портфель инвестиционных проектов до 2030 года, включающий 209 инициатив на общую сумму более 3 трлн тенге, что позволит создать около 25 тысяч новых рабочих мест в Алматинской области

ИНВЕСТИЦИЯНегізгі капиталға инвестициялардың жоспарланған көлемі 850,4 млрд. теңгені, НКИ - 107,3% -ды құрайды.Ағымдағы ...
01/12/2023

ИНВЕСТИЦИЯ
Негізгі капиталға инвестициялардың жоспарланған көлемі 850,4 млрд. теңгені, НКИ - 107,3% -ды құрайды.
Ағымдағы жылдың 10 айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 519,2 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111% -ға өсті Көрсеткіштің орындалуына қол жеткізілді:
- ғимараттар мен құрылыстарды салу және күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарға жұмсалатын шығындар 400,7 млрд. теңге
- машиналарды, жабдықтар мен көлік құралдарын сатып алуға және оларды күрделі жөндеуге жұмсалатын шығындар 107,6 млрд. теңге, өзге де шығындар 10,8 млрд. теңге
Қаржыландыру көздері бойынша негізгі капиталға инвестициялар құрылымында меншікті қаражат 409,8 млрд. теңгені, бюджеттік қаражат 109,4 млрд. теңгені (РБ-37,9 млрд теңге, МБ- 71,5 млрд. теңге) құрайды.
2023 жылғы 2-тоқсанның қорытындысы бойынша өңірге тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 484,2 млн. долларды құрады АҚШ долларын құрайды. (2023 жылға арналған жоспар - 478 млн. АҚШ даллары). 2022 жылы 698,0 млн. доллар түсті АҚШ долларын құрады.
Алматы облысының инвестициялық жобаларының жалпы ұлттық пулы 16 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 1 124,1 млрд теңгені құрайтын 50 инвестицилық жобадан тұрады.

30/11/2023

САЛҒЫРТТЫҚ ТАНЫТПАЙЫҚ
Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарынан республика деңгейінде қызылша ауруының асқынып кеткені туралы естіп, көріп жүрміз. Қызылша жұқпасының адам ағзасына келтіретін зардабы орасан. Ол – тез жұғатын ауру. Қызуы көтеріліп, қызылшаға тән теріде бөртпелер пайда болып, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымданған кезде бірден дәрігерге көріну керек. Ауру тек науқас адамнан жұғады. Аурудың жасырын кезеңінің 2-ші күнінен денедегі бөртпелер 4 күн аралығында қатынаста болған адамдарға тыныс алу арқылы ауадан жұғады. Адам өмірінде қызылшамен ауырмаған болса, не егілмеген жағдайда, өзіне жұқтырады.
Жасырын кезеңі 9-11 күн, егер иммуноглобулин алған болса, жасырын кезеңі 15-21 күнге созылуы мүмкін.
Алғашқы белгілері: қызуы көтеріліп, әлсізденіп, тамаққа тәбеті нашарлап, мұрнынан су ағып, ащы жөтел пайда болып, көзі қызарып қабынады. Одан жұмсақ және қатқыл таңдайда теңбіл (пятнистая) бөртпелер пайда болады. Екі ұрттың үстінде қызылшаға тән майда ақшыл бөртпелер кілегей қабығының үстінде ерекшеленіп тұрады, мұндай белгіні Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері дейді. Сыртқы түріне қарағанда бұл бөртпелер «манна» түйіршігіне ұқсайды. Теріде қызылшаның бөртпелері пайда болғанда Бельский-Филатов-Коплик бөртпелері кетіп қалады. Қызылша бөртпелерінің ерекшелігі: бірінші күні бөртпе бетте, мойында, екінші күні денеде, қол, сан терілерінде, үшінші күні балтыр, аяқтарда шығады, ол күні беттегі бөртпелер бозарады. Бөртпелер көлемі 2мм болып, кейде бірнешеуі бірігеді, дегенмен әрбір бөртпелер арасында таза тері көрініп тұрады. 3-4 күннен кейін бөртпелер бозарып, орны қоңырланып, жұқа қабыршықтар қалады. Қызылшаға көздің қызарып, қабынуы, ірің шығып, таңертең кірпіктерін ашудың қиындығы, мойын артында, қолтық бездерінің үлкеюі, ұстағанда ауырсынуы тән. Кейде өкпеде сырыл естілуі, кейбір науқастың іші ауырып, аздап өтуі мүмкін. Қызылшаның асқынғанында ағзаның орталық жүйке жүйесінің жұмысы зақымдалып, жүйкенің қабынуынан өзгерістер көп болады. Жұқпаның жеңіл түрінде, үй жағдайы қанағаттанарлық болғанда, яғни кішкентай нәресте, балалар болмағанда науқастар үйде емделеді.
Ауданда қызылшаның эпидемиологиялық жағдайы күрделеніп, алғашқы «қызылша» диагнозымен медициналық көмекке жүгінген науқастар саны 74 жағдайға жетті. Елді мекендер бойынша айтар болсақ Кіші Ақсу ауылында – 10, Шырын ауылында – 2, Аватта – 2, Шонжыда – 46, Бахарда – 5, Шошанайда – 2, Үлкен Диханда – 1, Үлкен Ақсуда –3, Актамда –1, Кетпенде – 1, Сүмбеде – 1.
Жас мөлшері де әрқилы 1 жасқа дейінгі балалар арасында 11 жағдай тіркелсе, 1-4 жас аралығында – 20, 5-9 жастағылар – 14, 10-14 жастағылар – 4, 15-19 жастағылар – 7, 20-29 жастағылар – 2 және 30 жастан асқан ересектер арасында аурудың 16 жағдайы тіркеліп отыр. Балабақша бүлдіршіндері, мектеп оқушылары, студенттер, тіпті медицина қызметкерлері, мұғалім, жұмыссыздар сырқатты жұқтырғандар болып отыр. Сондықтан аса сақтық танытып, ауруды жұқтырмаудың жолын қарастырыңыздар. Оның ең тиімді жолы – егу. Науқастар ішінде қызылшаға қарсы егулері жоқ балалар саны 39 болып отыр. Олардың ішінде қызылшаға қарсы егу алуға жасы жеткен, бірақ медициналық шектеу және егуден бас тартқан себебінен егу алмағандардың саны – 30, 1 жасқа толмай егу алмаған бала саны – 9. Қызылшаға қарсы вакцинация (1 жас) жоспары – 890, оның 796-сы егілген. Ревакцинация жоспары (6 жас) – 1001, оның ішінде 997 бала егілді. Ауруды асқындырып алмай дер кезінде дәрігерге көрініп, егу алсаңыздар жұқпадан аман боласыздар.
Исламжан АБДУВАЛИЕВ,
аудандық аурухананың эпидемиолог дәрігері

UKIMET, [21 ноя. 2023 в 08:02]Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей ...
21/11/2023

UKIMET, [21 ноя. 2023 в 08:02]
Еліміздің түрлі бағыттардағы табыстарға жету мүмкіндігі адами капиталдың сапасына тікелей байланысты, сондықтан Қазақстанда білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға айырықша көңіл бөлініп келеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламасында аталған салаларды нығайтуға бағытталған биік мақсаттарды айқындап берді.

📌 Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын іске асыру аясында ҚР Үкіметінің білім және денсаулық сақтау салаларын дамыту бойынша бір жыл ішінде атқарған жұмысы туралы Primeminister.kz топтамасынан оқыңыз.

👨‍🎓 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда ай сайынғы мемлекеттік шәкіртақы көлемі: бакалавриат студенттеріне – 20%-ға, магистратура мен докторантурада оқитындарға – 15%-ға, ТжКБ студенттеріне – 50%-ға артты.

✅Жалпы, 2025 жылға қарай студенттер шәкіртақысының мөлшері 2020 жылғы деңгейден кезең-кезеңмен 2 есеге өседі.

🛏️ЖОО-лар мен колледждердің жатақханаларында орын тапшылығы бір жыл ішінде 3 есеге жуық, 2022 жылғы 62,8 мың төсек-орыннан биылғы қазан айында 23,9 мыңға дейін қысқарды.

✅2023 жылы 10,9 мың орындық 44 жатақхананы іске қосу жоспарланған, оның ішінде 25 жатақхана пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін тағы 19 жатақхананы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

🍽️ 1 қыркүйектен бастап республикадағы барлық 1-4 сынып оқушылары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды. 1,4 млн бала қамтылды. Жергілікті бюджеттен 25 млрд теңге бөлінді.

✅Сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының 5-11 сыныптарда оқитын 200 мыңнан астам оқушысы тамақтанады. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында аталған санаттағы 97 мыңнан астам бала тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

🔆Азаматтардың жоғары білімге қол жеткізуін қамтамасыз етудің қосымша тетігі болатын «Келешек» ерікті жинақтау жүйесін әзірлеу басталды.

🟢Биыл аз қамтылған отбасылар мектеп киімдері мен кеңсе тауарларын өз бетінше сатып алу үшін әр балаға кемінде 40 мың теңге алды. Барлығы 463 мың бала қамтылып, 19 млрд теңге бюджет қаражаты жұмсалды.

🏫«Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру басталды. 2026 жылға дейін 740 мың орындық 369 жаңа форматтағы мектеп салынады.

💰Жалпы, ғылымның 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есеге өсіп, 643 млрд теңгені құрады.

🏥Ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру мақсатында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жобасы бекітілді.

🏗️Бүгінгі таңда жоба шеңберінде 13 алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің құрылысы аяқталды. Тағы 86 объектінің құрылысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарында 4 көпсалалы орталық аудандық ауруханаларда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

📱 https://t.me/KZgovernment
https://t.me/KZgovernment/8591

QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтадыАлматы қаласы    ...
17/11/2023

QazaqGaz Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады

Алматы қаласы 16.11.2023
Алматы энергокешенін газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңін аяқтады.
Бірінші кезеңге екі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы және «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді. Сонымен бірге, Батыс жылу кешені Автоматтандырылған газ тарату станциясына жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Автоматтандырылған газ тарату станциясын және жалғастырғыш құбырды (ТІР-04) іске қосуға арналған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.
«Алматы ЖЭО үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл Мемлекет басшысының Алматы Жылу электр орталығын газға көшіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы алғашқы қадам. 2030 жылға дейін қаланың өнеркәсіптік және жеке секторлардағы нысандары газдандырылады. Тиісті жобалар қаланы дамыту бағдарламасында және Алматының жаңартылған Бас жоспарында қамтылған», - деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.
Автоматтандырылған газ тарату станциясы 2-ші Жылу электр орталығын табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған. Олардың өнімділігі 250 және 150 мың м3/сағ құрайды.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самұрық-Қазына қоры, QazaqGaz ұлттық компанияcы мен Алматы қаласының әкімдігіне аталған жобаны жеделдетуді тапсырған болатын. Жалпы, еліміздің энергетика саласы, Алматы қаласының экологиясы, орта және шағын бизнесі үшін өте маңызды жоба деп айтсам қателеспеймін. Алматы қаласының индустриалдық аймағында орналасқан бизнес субъектілеріне үлкен көмек болады»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы Елжас Отыншиев.
Сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры мен «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры арасындағы TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры Алматы Жылу электр орталығын ғана емес, сонымен бірге Алматы және Алматы облысының тұрғындарын да тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 9,6 км, өнімділігі-1000 мың м3/сағ.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша QazaqGaz мерзімінен бұрын Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады. Бұдан бөлек, Жылу электр орталығын газға көшіру жұмыстарының келесі кезеңіне өту үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының екінші желісін салуға кірісіп жатырмыз», – деді QazaqGaz басшысы.
Бұдан бөлек, «Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған газ тарату станциясы «Алматы» индустриялық аймағында ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес-жобаларды іске асыру үшін газ жеткізуге мүмкіндік берді.
«Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысын 2016 жылы жеке мердігерлік ұйым жүргізген, бірақ сол күйі пайдалануға берілмеген. 2023 жылы «QazaqGaz «ҰК» АҚ аталған олқылықты жойып, аталған станцияны өз қаражаты есебінен жаңғыртты. АГТС-тың өнімділігі 140 000 м3/сағ құрайды, оның ішінде станцияның екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 000 м3 және индустриялық аймаққа сағатына 50 000 м3 газ таратады.
«Бүгінгі күн Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары үшін маңызды күн! Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасының аясында Алматы қаласының екінші жылу электр орталығына арналған автоматты газ тарату станциясы (АГРС «ТЭЦ-2») құрылысының аяқталуы барлығымызға ортақ сәтті қадам деп санаймын. Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру, облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып, бірқатарын газбен қамтыйтын болады. Аталған жоба сонымен қатар «G4 City» жобасы аясында салынатын қаланы газбен қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
Атап өтерлігі, Алматы ЖЭО жаңғырту жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асыруда. QazaqGaz компаниясы газ инфрақұрылымын салумен айналысады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.

Address

Шонжы ауылы Ж. Құдайбергенов көшесі 61 үй
Chundzha
041800

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:30
Tuesday 09:00 - 18:30
Wednesday 09:00 - 18:30
Thursday 09:00 - 18:30
Friday 09:00 - 18:30

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Карадала Тынысы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Category