Aqjaiyqtyn’ bir sa’ti

Aqjaiyqtyn’ bir sa’ti Ақжайық ауданының аумағында түсірілетін суреттер жар?
(1)

Ақжайық ауданының аумағында түсірілетін суреттер, аудан жаңалықтары жарияланады. Сонымен қатар керек деген немесе қызықты дерек-дәйектер, бейнежазбалар ұсынылатын болады.
#Ментүсіргенсурет - осы Хештегпен өздеріңіздің ауданымызға, ауылымызға қатысты немесе қызықты деген сәттерде түсірген суреттеріңізді жолдауға болады, осында жарияланады.
Менің ютуп каналым - https://www.youtube.com/channel/UCSKu7

J46kvuhk-eHkKOF..

- аудандық газет
Инстаграм - https://www.instagram.com/ixcan.nur
Фейсбук - https://www.facebook.com/profile.php?id=100004172947810
Жайық таңы газетінің жеке парақшасы - https://www.facebook.com/zhaiktany

Бокс басталды #ихсан
12/02/2024

Бокс басталды
#ихсан

"Жұт"   #ихсан
25/01/2024

"Жұт"

#ихсан

Фотоархив. 2013 жыл #ихсан
18/01/2024

Фотоархив. 2013 жыл
#ихсан

 #ихсан
18/09/2023

#ихсан

Тамыз айы #ихсан
27/08/2023

Тамыз айы
#ихсан

18/11/2022

Құстар қайтып барады. Қоңыр күзде қоңыр әнге салып ұшып барады. Біз төбемізден құстар көшкенде қол бұлғаймыз. Қимаймыз. Құс-өмірдің еркіндігіне мұңая қызығамыз. Сонда бұл өмірде шарасыз адам ғана ма дейсің. Сұп-сұр тіршілікте сопайып өзіміз қаламыз. Және жалғыздық. Сонда ішіңде бір қуыс пайда болғандай сұмдық құлазисың. Өткен-кеткенді бір ойлап, жып-жылы сәттерді мезет еске түсіріп, біртүрлі сағынасың. Кеудеңді үнемі бір сағыныш кернейді де тұрады. Кімді, нені – өзің түсінбейсің. Бар білетінің – құстар қайтып барады.

("Егемен Қазақстан", "Сары ала күз. Сағыныш. Сарыала қаз")

Далада шабындық қызу жүріп жатыр.  #ихсан
22/06/2022

Далада шабындық қызу жүріп жатыр.

#ихсан

 #ихсан
07/05/2022

#ихсан

Көктем #ақжайықтыңбірсәті  #ихсан
04/05/2022

Көктем

#ақжайықтыңбірсәті #ихсан

Ақжайықтың бір сәті #ихсан  #ақжайықтыңбірсәті
02/05/2022

Ақжайықтың бір сәті

#ихсан #ақжайықтыңбірсәті

16/04/2022
Бірде жасы қырықтан асқан шопыр ағайдың кабинасында келе жаттым. ЗиЛ-130 маркалы көліктің жүрісі баяулап, моторы сыр бер...
25/02/2022

Бірде жасы қырықтан асқан шопыр ағайдың кабинасында келе жаттым. ЗиЛ-130 маркалы көліктің жүрісі баяулап, моторы сыр бергендей болды. Машинасын қаңтарып қойып, мотордың дүрілін тыңдаған шопыр ағай: «Коленвалдың бірінші мойны кеткен екен», деді. «Оны қалай білдіңіз?»

– Қарағым-ау, жасымда жылқы бақтым емес пе?

– Жылқының машина моторына қатысы қанша?

– Қатысы болғанда қандай, аттың дүбірін құлаққа сіңіріп өскен едім. Тас қараңғы түнде үйірдің аяқ дүбірінен айғыры қайда, биесі қанша, құнан-тайы нешеу екенін ажырата алушы едім. Сол құлаққа сіңген дүбірдің арқасында мына мотордың ақауын ажыратып тұрған жоқпын ба?!

("Егемен Қазақстан", №38. "Жылқының дүбірі" атты мақаладан үзінді.)

Кейінгі кездері жас ақын-жазушылар арасында алғаш жарық көрген кітабының тұсаукесерін өткізу «салтқа» айналды. Әрине, бі...
25/02/2022

Кейінгі кездері жас ақын-жазушылар арасында алғаш жарық көрген кітабының тұсаукесерін өткізу «салтқа» айналды. Әрине, біз оны қызғанып отырған жоқпыз. Бәрі дұрыс. Қазір жарнама мен насихаттың заманы. Алайда осындай кештерде де жасы үлкен ағалардың жас қаламгер туралы айтқан мақтау сөздің неше түрін естисіз. Оны тыңдап отырып, өзіңізде «сары майдай» еріп кеткеніңізді білмей қаласыз. Сондайда белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы бір сұхбатында: «Жарнаманы онша ұната бермеймін. Отызға жуық кітап жазсам да біреуінің тұсаукесерін өткізбеппін. Бірде-бір рет мерейтойымды дүркіретіп тойламаппын. Биылғы сексен жасымды да кішігірім қылып ғана тойладым. Егер құдай ғұмыр беріп тоқсанға келсем де селкілдеп сахна төрінде отырмаймын» деп айтқан екен. Бұл да ой түйер өнеге...

("Егемен Қазақстан", №38. "Бос мақтанға құмарлық" атты мақаладан үзінді)

Бір күні сол сібенің сексеннен асқан қарты поштаға барып, сібе тілінде шығатын жалғыз газетке жазылыпты. Пошта қызметкер...
10/02/2022

Бір күні сол сібенің сексеннен асқан қарты поштаға барып, сібе тілінде шығатын жалғыз газетке жазылыпты. Пошта қызметкерлері таңырқап: «Үлкен кісі, сіздің көзіңіз көрмейді екен, газетке жазылып не істейсіз?», деп сұраса керек, сонда әлгі қарт: «Иә, көзім көрмейді, өзім газет оқи алмаймын, бірақ мен ана тілімде шығатын жалғыз газеттің тоқтап қалмауы үшін жыл сайын жазыламын, менің арманым да, мақсатым да – осы», деп жауап беріпті.

Қазір көптеген адам «Газетті кім оқиды?», «Газет кім үшін керек?», деп ерсі сөйлеп, есе жөнелгенді жақсы көреді. Ондай адамдарға берер жауабымыздың сан түрлі нұсқасы бар, соның бірі, жоғарыдағы зағип қарттың сөзі болмақ. Ендеше газет кім үшін керек? Әрине, мен сізден «өзіміз үшін» деген саналы жауап күтемін.

("Егемен Қазақстан", №28. "Газет кім үшін керек?")

Жаңа 2022 жыл #ихсан
12/01/2022

Жаңа 2022 жыл
#ихсан

Ертеде іргесі түйіскен екі көрші болыпты. Бірі – дәулетті, екіншісі – ыңыршағы шыққан жарлы. Бір күні байдың жалғыз ұлы ...
22/10/2021

Ертеде іргесі түйіскен екі көрші болыпты. Бірі – дәулетті, екіншісі – ыңыршағы шыққан жарлы. Бір күні байдың жалғыз ұлы кедейдің үйіне барса, олар жыпырлаған бала-шағасына ет қуырып беріп жатыр екен. Бірақ байдың баласына дәм татырмайды. Ренжіген ерке ұл әкесіне жылап келеді. «Көршілер өздері қуырдақ жеп, маған ауыз тигізбеді» деп. Бұл расында ыңғайсыз оқиға еді. Ренжіп бай келеді. «Бұның қалай көрші?» дейді түнеріп. Маңдайы тершіген жарлы бейбақ: «Байеке, айып етпеңіз, бірнеше күннен бері балаларым аш. Бүгін таң қараңғысында тұрып, ауыл шетінде өліп жатқан есектің сан етін кесіп әкеліп, оны ыстық суға бірқанша қайнатып арам қаны тазарған соң балаларыма қуырдақ жасап бердім. Бұл біз сияқты кедейге адал есептеледі, ал сіздің балаңыз үшін арам. Сол себепті ұлыңызға дәм татырмадым» дейді. Бұл сөзді естіген байекең сол жерде теңселіп кеткен екен. Дереу үйіне барып, қажылық парызын атқару үшін жинап жүрген қаражатын бұзбай-сызбай жарлы көршісінің қолына ұстатады. «Менің қажылығым осы болсын». Байдың бұл әрекеті тәңір алдында қабыл болыпты. Сол жылы қажылыққа барған таныстары «Байеке, сіз қажылықтан қашан келдіңіз, біз сіздің құбыланың қақпасына сүйеніп тұрған сұлбаңызды бірнеше дүркін көрдік» депті.

("Егемен Қазақстан" газеті. №199, "Қазақтың қайырымдылығы")

www.egemen.kz

Алтын күз. #ақжайықауданы  #жайықтаңы  #ихсан  #ақжайықтыңбірсәті
01/10/2021

Алтын күз.

#ақжайықауданы #жайықтаңы #ихсан #ақжайықтыңбірсәті

«Өкіл әкені» (Крёстный отец) түсіру барысында, кейін жарыққа шыққаннан кейін де адамдардың қоймай талқылаған тақырыбы жа...
02/09/2021

«Өкіл әкені» (Крёстный отец) түсіру барысында, кейін жарыққа шыққаннан кейін де адамдардың қоймай талқылаған тақырыбы жан-жануарларды қорғау тұрғысында өрбіпті. Оған себеп, кинодағы режиссерді қорқытқан Карлеоненің жендеттері эпизод арасында жылқының кесілген басын қанын сорғалатып режиссердің төсегіне кесіп тастап кетеді. Сол кадрдағы жылқының басы кейін әжептәуір дауға айналады. Анығында ол реквизит-бас иттерді тамақтандыратын қасапханадан әкелінген екен.

Осы туралы «Өкіл әкенің» режиссері Фрэнсис Форд Коппола былай дейді: «Жалпы, фильм барысында өлгені бір ғана жылқы, ал кісі қолынан қырылған адамдардың санында есеп жоқ. Қызығы, қоғамды қырылып жатқан адамдар емес, жануардың жағдайы көбірек алаңдатқан. Жылқының сол басын қанын сорғалатып алып келгенде бәрінің төбе шаштары тік тұрды. Әсіресе, жан-жануарларды қорғаушылардың дауыстары қаттырақ естілді. Мен соларға мынаны айтқым келеді, жан-жануардың құқығын қорғаушылардың көбі қаңғыбас иттер мен мысықтарды қорғайтын болуларыңыз керек, ал мен сіздерге айтайын, сол мәпелеп отырған иттеріңіз бен мысықтарыңыз үшін мен алып келгендей бастың күніне 200-і кесіледі. Мен сол тек ит пен мысық үшін сойылатын 200 жылқының біреуінің ғана басын әкелдім, әрі оны ақшаға сатып алдым. Міне, сіздерге әділет керек болса, сол кішкентай кандендердің қарнын тойдыру үшін 200-дей жылқы күніге сойылады. Ал сіздер бір ғана басты айтасыздар!».

Еріксіз басыңды шайқайсың... Шынымен де режиссер Копполла қоғамның өтірік өксіген жалған келбетінің бетіндегі бес батпан бетпердені сыпайылап тұрып осылай сыпырғанына риза боласың.

(«Егемен Қазақстан», №161. Объектив сыртындағы «Өкіл әке» мақаласынан үзінді)

#ақжайықтыңбірсәті #ихсан

Жайық өзені жағасын нығайту жұмысы #ақжайықтыңбірсәті  #ихсан  #жайық
17/08/2021

Жайық өзені жағасын нығайту жұмысы

#ақжайықтыңбірсәті #ихсан #жайық

Алмалы ауылдық округіне қарасты "Жігер" шаруа қожалығына іссапардан бір сәт #ихсан  #ақжайықтыңбірсәті
10/08/2021

Алмалы ауылдық округіне қарасты "Жігер" шаруа қожалығына іссапардан бір сәт

#ихсан #ақжайықтыңбірсәті

Дала сәні - 2 #ихсан  #ақжайықтықбірсәті
05/08/2021

Дала сәні - 2

#ихсан #ақжайықтықбірсәті

Дала сәні. #ихсан  #ақжайықтыңбірсәті
03/08/2021

Дала сәні.

#ихсан #ақжайықтыңбірсәті

Кешкі ауыл көрінісі. #ақжайықтыңбірсәті  #ихсан
02/08/2021

Кешкі ауыл көрінісі.

#ақжайықтыңбірсәті #ихсан

Address

казахстан
Chapaev

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Aqjaiyqtyn’ bir sa’ti posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Aqjaiyqtyn’ bir sa’ti:

Videos

Share

Category