ҚАЛА ӘКІМІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ШЫРШАҒА 800 БАЛА ҚАТЫСТЫ
Атырауда дәстүрлі қала әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жыл қарсаңындағы биылғы шараға таңдаулы 800 бала қатысты.
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: МӘДЕНИЕТ,СПОРТ САЛАСЫНДА СЕРПІН БАР
Тірліктің тынысы тоқсан тарау, сексен сала десек, соның бәрі де ел үшін маңызды. Сондықтан, жыл аяғында әр сала өкілдері атқарған жұмысты қорытындылап, оң және теріс тұсын таразылап жатыр. Бүгін біз қоғамның рухани кемелдене түсуіне тікелей сеп болатын сала – мәдениет жайында баяндаймыз. Өтіп бара жатқан жылдағы ең ірі оқиғалардың ізін тілшіміз шолып өтті.
АТЫРАУСКАЯ ОБЛАСТНАЯ ДЕТСКАЯ БОЛЬНИЦА ОТМЕТИЛА 50-ЛЕТНИЙ ЮБИЛЕЙ
Атырауская областная детская больница отпраздновала свой 50-летний юбилей. В рамках торжественного мероприятия были отмечены лучшие специалисты медицинского учреждения. В этот день прозвучало много тёплых слов в адрес ветеранов и действующих сотрудников больницы.
2024 ЖЫЛ НЕСІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?
2024 жыл Атыраулықтар үшін елеулі оқиғаларға толы болды. Әлеумет пен мәдениет, спорттағы жетістіктер, түрлі табиғи апаттар, экономика,денсаулық, отандық БАҚ арасындағы айтулы оқиғалар. Жіпке тізсе көп. Солардың бір парасына Нұргүл Сағындық шолу жасап көрді.
ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ АЯСЫНДА 2025 ЖЫЛЫ ДЕКЛАРАЦИЯНЫ КІМДЕР ТАПСЫРУЫ КЕРЕК
Табысын жасырғандар айыппұл төлейді. 2025 жылы декларацияның төртінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде шетелде мүлкі бар ҚР азаматтары, ҚР резиденттері және жеке практикамен айналысатын тұлғалар, декларацияны өз еркімен ұсынғысы келетіндер, сайланбалы, мемлекеттік лауазымға орналасуға және оларға теңестірілген кандитаттар және банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары болғысы келетін жеке тұлғалар 250.00 нысан бойынша, ал мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары, банктердің, бағалы қағаздар нарығының, сақтандыру ұйымдарының ірі қатысушылары және олардың жұбайлары, коммерциялық ұйымдардың басшылары мен құрылтайшылары, шетелде мүлкі бар және дербес салық салынатын табыс алған, шетелдік банктерде 1000 АЕК астам ақшасы бар тұлғалар 270.00 нысан бойынша декларация тапсыру ұсынылған. Декларация тапсыру қыркүйекке дейін жалғасады. Ал уақытында тапсырмағандар айыппұл төлейді.
ҚҰТҚАРУШЫЛАРДЫҢ ЕҢБЕГІ ЕРЕН
Биыл ерлік көрсетіп ел аузына ілінген қаһармандар аз болмады. Әсіресе төтеншеліктердің қызметі әсте оңай емес. Мереке қарсаңында жауапкершілік екі есе артады. Өйткені, апат айтып келмейді. Сондықтан, олар жанкешті жандар. От пен судың бел ортасында жүретін мамандар қауіптің ортасында жүреді. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін мамандық иелерінің бір күнімен Лаура Қисметова танысып келді.
«АУҒАННЫҢ ОТТЫ ЖАЛЫНЫ»
Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 35 жыл. Осыған орай Махамбет ауданында «Ауғанның отты жалыны» атты ардагерлермен кездесу кеші өтті.
“Таңдау” жобасында таңдалған таңдаулылар✅
«Теңізшевройл» ЖШС қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры жүзеге асырып жатқан «Таңдау» жобасына
бір жылдық қорытынды жасалды.
Бұл жоба Жылыой ауданының тұрғындары үшін өз кәсібін бастауға және дамытуға арналған жобаға 693 адам қатысып, жобаға қатысуға 269 адам өтінім білдірді және 105 адам оқытулардан өтті. Соның ішінде 44 қатысушы кәсіпкерлікке қаржылық қолдау алды.
“ БастUP” бағдарламасының Жыл қорытындысы 26 желтоқсан сағат 21:40-та өткізіп алмаңыз.🥰
«КІНДІК ҚАНЫМ ТАМҒАН ЖЕР, ТУҒАН ӨЛКЕМ САРАЙШЫҚ»
«Сарайшық» сапар орталығында қоғам қайраткері, зерттеуші, әнші Қуанғали Қаштеұлы Жұмалиевтің рухына арналған көрме өткізілді. «Кіндік қаным тамған жер, туған өлкем Сарайшық» атауымен бұқараға таныстырылған көрмеге зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, студенттер қатысты.
ОБЛЫС ӘКІМІ АТЫРАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Еркінқала мәдениет үйінде Атырау қаласының тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірін тыңдады. Серік Шәпкенов қалада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Атырау қаласының біраз бөлігі кәріз жүйесі жүйесіне қосылмаған. Бүгінде қуаты 31 мың текше метр тәулік кәріздік-тазарту имараты салынып жатыр. Ол елді мекендерді қаланың оң жағалауына қосуға мүмкіндік береді. Ал «Квадрат» сарқынды сулардың буландырғыш тоғанын тазарту бойынша жобаға түзету енгізілуде, құжаттары дайын болған соң жұмыстар қайта жалғасады. Облыс әкімі жиында қала тұрғындарын толғандырған мәселелерді тыңдады. Азаматтар кәріз желісін жүргізу, әлеуметтік нысандар салу, жол белгілерін қою сынды өзге де мәселелерді көтерді. Тұрғындар көтерген сауалдар өзектілігіне қарай Заң аясында кезең-кезеңімен шешілетін болады. Кейін аймақ басшысы сала мамандарымен бірге азаматтарды қабылдап, жеке мәселелері бойынша сауалдарға жауап берді. Бұдан бөлек, Атырау қаласында тас жол салу мәселесі өзекті екені айтылды.
В АТЫРАУ ОБСУДИЛИ ЗНАЧЕНИЕ РАЗВИТИЯ КАЗАХСКОЙ ВИКИПЕДИИ
В Атырауском университете имени Халела Досмухамедова обсудили важность развития казахской Википедии. В мероприятии приняли участие представители Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, а также Международного общества «Қазақ тілі» и профессорско-преподавательский состав университета.
ҚАЗАҚ УИКИПЕДИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақ Уикипедиясын дамытудың маңыздылығы талқыланды. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрілігі және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының өкілдері, профессор-оқытушылар қатысты.