Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Атырауда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр
Жаңа жыл қарсаңында қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен облыстағы шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлерді қолдау, халыққа азық-түлікті нарықтағы бағадан арзан ұсыну мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жәрмеңкеге 5 ауданнан ( Индер, Махамбет, Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой) және қаладан 45-ке жуық кәсіпкер қатысып, ет, балық, сүт өнімдері, көкөніс пен қолөнер бұйымдарын сатып жатыр.
Аталған жәрмеңке ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін тұтынушыларға тікелей делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде тауар бағасы нарықтан 10-20 пайызға төмен .
- Тұрғындарға жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау мақсатында бүгін Мұнайшы стадионының алдында және Сарайшық базарында жәрмеңке өтіп жатыр. Басты мақсатымыз - тұрғындарға қолжетімді бағада өнімдерді ұсыну. 45- ке жуық шаруа қожалықтың 21-і ауданнан келсе, қалған 24-і қаланың кәсіпкерлері. Келер жылда да осындай жәрмеңкелер жалғасын табатын болады, - деді Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы
Спортшылар мен туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталды
Спортшылар мен туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ азамат марапатталды
Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов өңірде спорт пен туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматты марапаттады. Олардың арасында кәсіби спортшылар мен туризм саласында қызмет ететін мамандар бар, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Нақтырақ айтқанда, «Мүгедектер спорт клубының» параүстел теннисі бойынша жаттықтырушысы Гүлнар Иманалиева ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды. 12 параспортшыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтың Алғыс хаты табысталды. Сонымен қатар туризм мен салауатты өмір салтын насихаттап, салалардың дамуына үлес қосып жүрген азаматтар және бір топ спортшы Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтің Алғыс хатына ие болды.
- Жыл қорытындысы аясында жеткен жетістігімізді елеп, құрмет білдіріп жатқаны үшін өз алғысымды білдіремін. Биыл біздің команда Париж паралимпидасына қатысып, үздік бестік қорытындылады. Келер жылы да үлкен жетістіктерге жетіп, өңір намысын республикалық, хал
Өңірдегі ҮЕҰ өкілдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің алғыс хатымен марапатталды
Облыс әкімінің орынбасары Дарын Шамұратовтың төрағалығымен үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес отырысы өтті,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Д.Шамұратов және облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс -қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес мүшелері қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2024 жылы үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы конкурсында атыраулық 7 ұйым жеңімпаз атанып, Атырау облысы жалпы нәтижеде республика бойынша ІІ орынға ие болды. Атыраудағы қоғам белсенділері
«Мәдениет пен өнерді дамыту», «Жетім балаларға, толық емес және көпбалалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету», «Волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау», «Отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу» номинациясы бойынша үздік деп танылды. Сондай - ақ белсенді күміс волонтер Армангүл Асқароваға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Алғ
Атырау облыстық балалар ауруханасының ашылғанына - 50 жыл
Атырау облыстық балалар ауруханасының ашылғанына - 50 жыл
Балалар ауруханасының 50 жылдық мерейтойына орай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшылығы, аурухана ұжымы мен сала ардагерлері қатысқан салтанатты іс-шара өтті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Балалар ауруханасының бірқатар қызметкерінің өңіріне “Ерен еңбегі үшін”, “ ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі”, “ҚР денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төсбелгісі тағылды. Одан бөлек, сала мамандарына “Құрмет грамотасы” және облыстық мәслихат төрағасының, денсаулық сақтау басқармасы басшысының Алғыс хаты табыс етілді.
- Алғашында 1967 жылы 15 жасқа дейінгі балаларға мамандандырылған стационарлық медициналық көмек көрсету мақсатында аурухана базасында 40 орындық екі балалар бөлімшесі жұмыс істеді. 1974 жылы желтоқсан айында 120 төсек-орны бар алғашқы типтік облыстық балалар ауруханасы болып ашылды. Қазіргі таңда аурухана 220 орындық көпбейінді медициналық көмек көрсететін ұйымға айналған. Біздің дәрігерлеріміз күн сайын 500-ге жуық азаматқа консультациялық кеңес береді . Аурухананың матери
Жылыой аудандық ауруханасында кардиоорталық және травматология бөлімшесі ашылды
Атырау қаласынан басқа стенттеу, коронография сияқты кардиология саласындағы күрделі операциялар мен диагностика Құлсарыда да қолжетімді болады, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл бөлімшелер медициналық көмек көрсету мерзімін айтарлықтай қысқартады, жүрек-қан тамырлары ауруларына диагностика жасап, ем-домның сапалы әрі уақытылы көрсетілуін қамтамасыз етеді.
Ашылу салтанатына Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысты.
Кардиоорталық 18 желтоқсанда жұмысын бастады. Күні бүгінге дейін 34 ота жасалды, оның ішінде 15 науқасқа стенд (стентеу) орнатылды, 19 азамат коронография жасалды. Орталықта бір профессор, бір интервенциялық кардиолог, кардиологиялық реаниматолог және төрт орта буын қызметкері жұмыс істейді. Жаңа орталық заманауи құрылғылармен жабдықталған, оның ішінде SIEMENS құрылғысы, дефибриллятор, кардиологиялық монитор және жасанды тыныс алу аппараты бар.
Жыл басынан бері аурухананың травматология бөлімшесіне 434 науқас қабылданып, оның 284-іне от
АТЫРАУ - 2024: СУ ЖӘНЕ КӘРІЗ ЖЕЛІЛЕРІН ЖАҢҒЫРТУ
#жылқорытындысы2024 #итогигода2024
Сарыөзек каналындағы шабақ құтқару жұмысына 50 адам мен 12 техника жұмылдырылды
Сарыөзек каналындағы шабақ құтқару жұмысына 50 адам мен 12 техника жұмылдырылды
25-желтоқсан күні Сарыөзек каналының Алмалы ауылының тұсында 9 мың данаға жуық балық шабағы құтқарылды. Ал бүгін таңертеңнен түске дейін құтқарылған шабақ саны 850 мыңға жетті. Бұл туралы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Артур Сәдібекұлы айтты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазіргі уақытта өзек аумағында еріктілер, «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, "Қазсушар" мекемесінің мамандары мен әскерилер шабақтарды құтқарумен айналысуда. Құтқарылған тұқы тұқымдас балықтардың шабақтары Жайық өзеніне жіберілуде. Мамандардың айтуынша, бұл балық қорының көбеюіне әсер етеді.
- Тасқыннан кейін Соколок, Сарыөзек каналдары суға толғаны белгілі. Судың деңгейі түскен кезде кішігірім көлшіктерде, арналарда балық шабақтары қалып қойды. Арнайы инспекцияның, «Қазсушар» мекемесінің мамандары, еріктілер мен жергілікті атқарушы орган өкілдері шабақ құтқару жұмысының басы қасында жүр. Бұл жұмыс алд
Мақат вокзалынының перроны күрделі жөндеуден өтті
Мақат кентіндегі вокзалдың перроның күрделі жөндеу жұмысы аяқталып, пайдалануға берілді,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жалпы жөндеу жұмысы 2022 жылдың күзінде қолға алынған еді. Кейін жобаға түзетулер енгізіліп, құрылыс жұмысы өткен жылдың қарашасында басталды. 1-2 перрон қайта жасақталып, жалпы аумағы 6000 шаршы метр болатын төсемтас төселді. 1-перронға 200 метр шатыр орнатылып, кәсіпкерлерге арналған 30 дүңгіршек қойылды. 40 жарық бағанасы орнатылып, жолаушылар мен теміржол қызметкерлері үшін барлық жағдай жасалған.
Айта кетейік, перрон аумағында салынған әкімшілік ғимаратта желілік полиция бөлімі, әжетхана, қойма мен шағын асхана бар.
«Робот сот орындаушысының жұмысы туралы»
Баспасөз брифингі
Уақыты: 26.12.2024 - 10.00 с.
Тақырыбы: «Робот сот орындаушысының жұмысы туралы»
Спикер: Қыстаубаева Гүланда Орынбасарқызы - Атырау облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары
“Атырау облысы Су Арнасы” мекемесі жылды қорытындылады
Іс-шарада 2024 жылы атқарылған жұмыс пен жоспар айтылып, коммуналдық мекеменің жұмысына елеулі үлес қосқан бір топ қызметкер марапатталды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жиын барысында мекеме қызметкерлеріне аймақ басшысы Серік Шәпкеновтың, Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкинның Алғыс хаты табысталды. Оған қоса, бірқатар маман облыстық мәслихаттың, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының және мекеме жетекшісінің Алғыс хатына ие болды.
Кәсіпорын басшысы су ресурстарын тиімді басқару, инфрақұрылымды жаңарту және халыққа сапалы қызмет көрсету бағытында атқарған ауқымды жұмыстарға ерекше тоқталды. Биыл мекемеге қарасты су тазарту станциясында ауыз суды залалсыздандыруға арналған электролиздік қондырғы іске қосылды. Нәтижесінде станцияда суды тазарту үшін хлордың орнына гипохлорит қосындысы пайдаланылады. Қаладағы тозығы жеткен кәріз сорғы станцияларын жаңғырту жұмысы басталып, су және кәріз құбырларын ауыстыру жұмысы жүріп жатыр. Сондай-ақ осы жылы коммуналдық кәсіп
«"Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы туралы»
Баспасөз брифингі
Уақыты: 25.12.2024 - 12.00 с.
Тақырыбы: «"Учаске" жедел профилактикалық іс-шарасының қорытындысы туралы»
Спикер: Мырзағалиев Сағытжан Рахымжанұлы - Атырау облысы ПД ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы жұмысын ұйымдастыру тобының ерекше тапсырмалары жөніндегі аға инспекторы полиция майоры
«Таза Қазақстан»: Атырауда «Экология – табиғат жүрегі» атты дөңгелек үстел өтті
«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен іс-шарада өңірдің экологиялық жағдайы талқыланып, қоғамның экологиялық мәдениетін көтеруге қатысты түрлі ұсыныс айтылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Дөңгелек үстелге Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің экология кафедрасының меңгерушісі, профессор Мансия Есенаманова, облыстық полиция департаментінің қызметерлері, еріктілер мен студенттер қатысты.
- Әр адам табиғатқа өзінің экологиялық ізін қалдырады. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келтірмей, тұтынған заттарымызды қоқысты қайта өңдейтін мекемелерге тапсырып, айналамызға да пайдалы өмір сүруіміз керек. Біздің унисерситетіміз осы тақырыпқа сәйкес, қолданбалы экология, экоаналитика, қалдықтарды басқару бағытында білім береді. Студенттер түрлі ғылыми жобалармен айналысады. Атап айтсақ, күкірттен бетон жасау, темекі қалдығынан тас төстеніш және биопластиктен биотері жасау сынды жобалар бар. Мұның бәрі өз нәтижесін беруде, - деді М.Есенаманова.
Жиынға қатысқан