Factcheck.kz қазақша

Factcheck.kz қазақша Factcheck.kz сайтының қазақ тіліндегі парақшасы. Ақпараттың
(1)

Тіл немесе оны пайдалану құқығы деколонизация процесінің маңызды элементінің бірі. Ресейдің Украинаға басып кіруінің нег...
08/12/2023

Тіл немесе оны пайдалану құқығы деколонизация процесінің маңызды элементінің бірі. Ресейдің Украинаға басып кіруінің негізгі «себебінің» бірі де – тіл мәселесі. Сондай-ақ ресейлік саясаткерлердің Қазақстанды лингво-вассал рөлінде көрсетіп, «русофобия» (латын әліпбиін енгізу, қызмет көрсету саласында қазақ тілін қолдануды талап ететін «тіл сақшылары» немесе т.б.) үшін үнемі сынға алуының себебі де бар.

Қазір Қазақстанның өзінде тіл де қоғамда шиеленіс тудыратын факторлардың бірі. Елімізде оқтын-оқтын тілге қатысты келеңсіздіктер болып, бұл ұлттық-патриоттық бағыттағы саясаткерлер риторикасының ажырамас бөлігіне айналды, қазақ тілінің тұғырын нығайту туралы пікірталастар барған сайын даурығып барады.

Бұл арада негізгі мәселе – Тәуелсіздік алған отыз жылдан бері бірде-бір мемлекеттік менеджер қоғамды, оның ішінде мектеп оқушыларына да, ересектерге де мемлекеттік (қазақ) тілді үйрету деген міндетті жетер жеріне жеткізген жоқ. Бәлкім, бұл мәселені шешу – қазақтың мәртебесін нығайтып, тіл мәселесіндегі шиеленісті азайтар ма еді?

Бұл материалда Factcheck.kz редакциясы Қазақстанның тіл саясатына үңіліп, халықаралық тәжірибені, сарапшылардың пікірін зерттеп, тіл мәселесін шешетін дұрыс жолдарды қарастырады. Күтпеген тұжырымдардың қатарында Қазақстан қате мен халықаралық құқық нормаларын бұзбай, иврит, валлий және малайя тілдерін жаңғыртудың бірегей тәжірибесін зерделеу керек деген түйін бар.

#қазақтілі #деколонизация #тіл #тілмәселесі

22 қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Деп...
06/12/2023

22 қарашада өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Руслан Берденов тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін көтерді. Депутаттың айтуынша, қазіргі таңда тұрғын үй алу мәселесі жылдан жылға қиындап бара жатыр. БҰҰ дерегі бойынша, тұрғын үймен қамтамасыз ету нормалары бір адамға 30 шаршы метр болу керек дейді депутат. Ал Қазақстандағы көрсекіш қалалық тұрғындар үшін 23,4, ауылдықтар үшін 19,8 шаршы метр. Аталған деректерді Factcheck.kz тексеріп көрді.

#жк #квартира #тұрғынүй

2023 жылғы қарашада интернетте Түркия Израильді “Газа секторында геноцид ұйымдастырды” деп айыптап, елдің премьер-минист...
04/12/2023

2023 жылғы қарашада интернетте Түркия Израильді “Газа секторында геноцид ұйымдастырды” деп айыптап, елдің премьер-министріне қарсы Гаага сотына шағым түсіргені туралы ақпарат тарады. “Проверено” мағлұматты тексерді.

#түркия #израиль #секторгаза #негоцид #соғысқажолжоқ

8 қарашада өткен мәжіліс отырысында депутат Наурыз Сайлаубай жол-көлік оқиғасына және себептеріне тоқталып өтті. Оның ай...
01/12/2023

8 қарашада өткен мәжіліс отырысында депутат Наурыз Сайлаубай жол-көлік оқиғасына және себептеріне тоқталып өтті. Оның айтуынша, жол апаты елдегі ең назар аударарлық проблема, соңғы 30 жылда жол апатынан 83 мыңнан астам қазақстандық қаза тапқан. Тіпті соңғы 3 жылда жол-көлік оқиғалары жыл сайын 6 пайызға өсіп отырған. Депутаттың келтірген деректерін Factcheck.kz тексеріп көрді.

#авария #жолапаты #машина #жол #трасса

Фемидбекпен танысыңыз.Ол - Фемиданың қазақстандық нұсқасы. Оның ойынша, әйел зорлық-зомбылыққа тап болғаны үшін өзі кінә...
18/11/2023

Фемидбекпен танысыңыз.
Ол - Фемиданың қазақстандық нұсқасы. Оның ойынша, әйел зорлық-зомбылыққа тап болғаны үшін өзі кінәлі.

*Фемида - грек мифологиясындағы әділет құдайы

Көптен бері интернетте және медиада “Әлемде алманың сорты көп. Алманың барлық сортының дәмін татып көру үшін, күніне бір...
17/11/2023

Көптен бері интернетте және медиада “Әлемде алманың сорты көп. Алманың барлық сортының дәмін татып көру үшін, күніне бір түрінен 20 жыл бойы жеп көру керек” деген мәлімдеме тарап жүр. Біз деректі тексеріп көрді.
#алма #алматы #апорт

9 қарашада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы “ұрып-соғып өлтірді” деген күдікпен ...
16/11/2023

9 қарашада бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаева жұбайы Салтанат Нүкенованы “ұрып-соғып өлтірді” деген күдікпен ұсталды. Қазір оның үстінен “Адам өлтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалып жатыр. Бұл қайғылы жағдай елде үлкен резонанс тудырды. Қазақстан азаматтары, белсенділер мен құқыққорғаушылар Салтанаттың өліміне соң тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты заңды қатаңдатуды, агрессорларды қатаң жазалауды талап етті. Осы тұста Factcheck.kz Қазақстанда дүрбелең тудырған тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты 10 оқиғаны шолып шықты.

Ақпарат Канаданың жергілікті бастамалар қорының (CFLI) қолдауымен MediaNet Халықаралық журналистика орталығы жүзеге асыратын «Қазақстандағы әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен мүмкіндіктерін кеңейтудің маңыздылығы туралы қазақстандық аудиторияның хабардарлығын арттыру» жобасы аясында дайындалды.

#зорлыққажолжоқ #зорлықзомбылыққажолжоқ #әйелкүші

Қазанның соңғы аптасында қазақстандық интернет кеңістікте “Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде бестікке енді” де...
15/11/2023

Қазанның соңғы аптасында қазақстандық интернет кеңістікте “Қазақстан ажырасу көрсеткіші бойынша әлемде бестікке енді” деген тақырыпта ақпарат желдей есіп жүр. Біз бұған дейін де Марғұлан Сейсембайдың ажырасу туралы айтқан мәлімдемесін тексерген едік. Ал жыл басында “Қазақстан ажырасулар саны бойынша әлемде екінші орында” деген тағы бір ақпаратты Stopfake.kz жоққа шығарды. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz соңғы деректерге үңіле отырып, ақпаратты тексеріп көрді.

#ажырасу #неке #той #қазақстан

Қазақстанға дайындалмай келген кезде😅 #фактчек  #путин  #тоқаев  #ресей  #қазақстан
10/11/2023

Қазақстанға дайындалмай келген кезде😅
#фактчек #путин #тоқаев #ресей #қазақстан

2023 жылы қазанда басталған ХАМАС-Израиль қақтығысынан соң, әлеуметтік желіде әлемге танымал брендтердің Израильге қолда...
09/11/2023

2023 жылы қазанда басталған ХАМАС-Израиль қақтығысынан соң, әлеуметтік желіде әлемге танымал брендтердің Израильге қолдау білдіретіні жайлы ақпарат және оларға бойкот жариялауға үндейтін видеолар тарады. Белсенділер бойкот жариялауға шақырған брендтер тізімінде Coca-cola, Starbucks, Mcdonald’s, Zara және Dior сияқты танымал ірі компаниялар да бар.

Тик-ток және инстаграм желілерінде Палестинаны қолдайтын белсенділер Израильді қолдайтын барлық бренд пен компанияның өнімін сатып алудан бас тартуға шақырды. Олардың сөзінше, осы компания өнімдерін пайдалану арқылы, Израиль әскеріне инвестиция жасайды-мыс.

Factcheck.kz деректерді тексеріп, брендтер расымен Израильге (әсіресе израильдік әскерге) қолдау көрсетіп жатыр ма деген сұраққа жауап іздеді.

#израиль #ХАМАС #рек #Палестина #соғысқажолжоқ

31 қазанда желіде Йеменнің Израильге соғыс жариялағаны туралы жаңалық тарап кетті. Ақпарат баспасөз құралдарында да (Тen...
08/11/2023

31 қазанда желіде Йеменнің Израильге соғыс жариялағаны туралы жаңалық тарап кетті. Ақпарат баспасөз құралдарында да (Тengrinews, Царьград, Правда.ру, Новые известия), Instagram (novosti.karaganda, kazpress.kz) пабликтерінде де, Telegram-арналар мен Х әлеуметтік желісінде де тарады. Дереккөздерде «Йемен билігі», «ресми мәлімдеме», «Йемен қарулы күштері» секілді тіркестер қолданылған. Бригада генералы Яхья Саридің пікірі де берілген.

Factcheck.kz редакциясы «Таяу Шығыс елі расымен Израильге соғыс жариялады ма?» деген сұрақты зерттеп көрді.

#йемен #израиль #соғысқажолжоқ

Қазанның соңғы аптасында әлеуметтік желілерде және бірнеше сайтта “Газада қаза тапқан балалардың саны дүние жүзінде өлті...
03/11/2023

Қазанның соңғы аптасында әлеуметтік желілерде және бірнеше сайтта “Газада қаза тапқан балалардың саны дүние жүзінде өлтірілген балалар санынан асып түседі” деген жантүршігерлік ақпарат тарап жүр. Ақпарат таратушы медианың көбі ресейлік РИА Новостиге сілтеген. Олардың жазуынша, 2019 жылдан бергі дүниежүзіндегі қарулы қақтығыстар барысында қаза тапқан бала саны Газадағы деректен аз. Аталған ақпаратты Factcheck.kz тексеріп көрді.

#секторгаза #бала #балалар #палестина #израиль

WhatsApp мессенжері мен әлеуметтік желілерде аты аталмаған журналист пен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының иесі Лак...
02/11/2023

WhatsApp мессенжері мен әлеуметтік желілерде аты аталмаған журналист пен «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының иесі Лакшми Миттал арасында болған сұхбаттың үзіндісі тарап жатыр. Онда Миттал шахтада болған оқиғаның (қай шахта екені де нақтыланбайды, болжам бойынша Костенко атындағы шахта) жауапкершілігін өзінен ысырып, ары таза екенін айтады және бәріне «модернизацияға бөлген» қаржыны «өз қалтасына салып алған» жемқор шенеуніктердің ашкөздігі кінәлі деп мәлімдейді.

Журналистің «мұндай психологияның себебі неде» деген сұрағына Миттал «сопылық ортада өмір сүретін адамдарды бір сәтте байып кету туралы ой азғырса, есінен адасып кете жаздайды» деп айтыпты-мыс. Содан кейін сот алдында жауап беруге дайын екенін, бірақ «оған шенеуніктер жол бермейтінін», себебі «жағымсыз фактілер ашылуы мүмкін» екенін мәлім етеді.

Оқырмандардың өтінішімен Factcheck.kz редакциясы хабарламаның рас әлде өтірік екенін тексерді.

#шахта #ақпарат #уатсап #ватсап #миттал

19 қазанда өткен сенат отырысында депутат Нұрлан Бекенов Қазақстанда отырғызылатын ағаштар туралы айтып, бірнеше дерек к...
01/11/2023

19 қазанда өткен сенат отырысында депутат Нұрлан Бекенов Қазақстанда отырғызылатын ағаштар туралы айтып, бірнеше дерек келтірді. Оның айтуынша, отырғызылған көшеттердің 70%-і ғана өсіп жетіледі.
Factcheck.kz депутат сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

#ағаш #тоғай #сенатдепутаты #фактчек #экология #ауа

Қазақстанда 29 қазан Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жалпыұлттық аза тұту күні де...
29/10/2023

Қазақстанда 29 қазан Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілерді жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың отбасымен, туыстарымен кездесіп, көңіл айтты.

Сонымен қатар ол үкіметке “АрселорМиттал Теміртау” компаниясымен инвестициялық серіктестікті тоқтатуды тапсырған.

Еске салайық, 28 қазанда Астана уақытымен сағат 02.33-те Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада өрт болды. Апат кезінде шахтада 252 адам болған. 206 қызметкер өз бетінше көтерілген. 33 кенші қаза тапты, тағы 13 қызметкер іздестіріліп жатыр.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына әлеуметтік көмек берілетінін айтты.

Қыркүйектің аяғында интернеттің орыс тіліндегі сегментіндегі біршама БАҚ-та, соның ішінде қазақстандық баспасөз құралдар...
27/10/2023

Қыркүйектің аяғында интернеттің орыс тіліндегі сегментіндегі біршама БАҚ-та, соның ішінде қазақстандық баспасөз құралдарында сутегі тотығы рак тудыруы мүмкін деген жаңалық жарияланды. Жазба материалдарында Annals of Emergency Medicine ғылыми журналында жарияланған зерттеуге сілтеме жасаған материалда көп мөлшерде сутегі тотығын тұтыну рак клеткаларының артуына алып келетіні айтылған.

Factcheck.kz редакциясы хабарламаның рас-өтірігін тексеріп көрді.

#перекисьводорода #рак #обыр

Депутат Дәулет Тұрлыханов 11 қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында вейп тұтыну мәселесін көтеріп, бірнеше мәлімдеме ...
26/10/2023

Депутат Дәулет Тұрлыханов 11 қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында вейп тұтыну мәселесін көтеріп, бірнеше мәлімдеме келтірді. Оның айтуынша, елімізде вейп сатылымы кейінгі 6 айда 372%-ке өсіпті.

#дәулеттұрлыханов #депутат #вейб #денсаулық

11 қазанда қазақстандық және өзбекстандық медиада “Экономикалық өсу қарқыны бойынша Өзбекстан Қазақстанды, Қырғызстанды ...
19/10/2023

11 қазанда қазақстандық және өзбекстандық медиада “Экономикалық өсу қарқыны бойынша Өзбекстан Қазақстанды, Қырғызстанды және Түркіменстанды басып озды” деген ақпарат тарады. Медиа-ресурстардың мәтініне сенсек, Халықаралық валюта қоры 2023 жылға арналған болжамды жақсартып, Өзбекстанның экономикалық дамуын бағалауға түзетулер енгізген.
Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

#қазақстан #өзбекстан #экономика

Атом электр станциясын салуды респонденттердің 46,6%-і қолдаса, 37,7%-і қарсы.2023 жылдың 22 қыркүйегі мен 4 қазаны арал...
12/10/2023

Атом электр станциясын салуды респонденттердің 46,6%-і қолдаса, 37,7%-і қарсы.

2023 жылдың 22 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел мониториң жасау бюросы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен, PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп азаматтар арасында «Қазақстандықтардың атом электр станциясы (АЭС) құрылысына көзқарасы» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Толығырақ жазбаның суреттерінен көре аласыздар.

#сауалнама #демос #демоскоуп

Кейінгі аптада әлеуметтік желілер мен сайттарда “Оксфорд университеті қазақ тілін үйретпек” деген тақырыпта ақпарат тара...
11/10/2023

Кейінгі аптада әлеуметтік желілер мен сайттарда “Оксфорд университеті қазақ тілін үйретпек” деген тақырыпта ақпарат тарап жүр. Көптеген парақшалар бұл ақпаратты жарыса жазуда. Алғашқы дереккөз ретінде Хабар 24 арнасының сюжеті көрсетілген. Оқырманның сұрауы бойынша Factcheck.kz ақпаратты тексеріп көрді.

#оксфорд #қазақтілі #оқу #сабақ #дәріс

Мемлекеттік сатып алу порталында Алматы әкімдігінің қала маршруттары үшін автобус сатып алуға арналған бірнеше хабарланд...
10/10/2023

Мемлекеттік сатып алу порталында Алматы әкімдігінің қала маршруттары үшін автобус сатып алуға арналған бірнеше хабарландыруы бар. Бір жыл ішінде 600 көлік сатып алу жоспарланған.

Бір қызығы, билік өкілдері миллиардтаған ақшаны жаңа авто сатып алу үшін жұмсап жатқан кезде, қала маңында жақында ғана жергілікті тұрғындарды тасымалдап жүрген жүздеген автобус тұрған автотұрақ пайда болды. Бірақ қазір олар жұмыс істемейді.

Factcheck.kz редакциясы әкімдік жаңа қала көлігіне қанша қаржы жұмсағанын және қалаға жақын маңда «автобустар зираты» қалай пайда болғанын айтып береді.

#автобус #алматы #алматыавтобус #оңай #онай

Мемлекеттік сатып алу порталын қарап отырып Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығының Polisia.kz ...
09/10/2023

Мемлекеттік сатып алу порталын қарап отырып Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының медиа орталығының Polisia.kz журналын басып шығару туралы лотына көзіміз түсті. Тендерді зерттеп шыққан соң, басылым мақсаты ішкі істер органдарының қоғам алдындағы имиджін арттыру екені белгілі болды, алайда, оны негізінен полицейлердің өздері ғана оқитын сияқты. Factcheck.kz редакциясы мемлекеттік бюджеттен бұл журналды шығаруға қанша ақша бөлінгенін және бұл жерде қандай гәп бар екенін зерттеп көрді.

#полиция #журнал #ішкіістеминистрлігі

14 қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында сенат депутаты Сұлтан Дүйсенбинов еліміздегі туризмге қатысты депутаттық с...
05/10/2023

14 қыркүйекте өткен сенаттың жалпы отырысында сенат депутаты Сұлтан Дүйсенбинов еліміздегі туризмге қатысты депутаттық сауал жолдады. Депутат шетелден келген әр екі турист бір жұмыс орнының ашылуына септігін тигізетін айтып, туризм саласындағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Factcheck.kz депутат мәлімдемесі қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

#туризм #бизнес #турист #қазақстан #аэропорт #ұшақ #жұмыс

20 қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Нұртаза қоқысты қайта өңдеу мәселесін көтеріп, бірнеше дер...
04/10/2023

20 қыркүйекте өткен мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Нұртаза қоқысты қайта өңдеу мәселесін көтеріп, бірнеше дерек келтірді.

Factcheck.kz редакциясы ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

#қоқыс #мусор #өңдеу #қоқысөңдеу

Жақында ZTB инстаграм парақшасында және басқа да медиаларда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің жалақысы айына шамамен ...
03/10/2023

Жақында ZTB инстаграм парақшасында және басқа да медиаларда АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остиннің жалақысы айына шамамен 500 теңге болғаны туралы ақпарат тарады. Желіде тараған ақпаратқа сай, Пентагон басшысының жалақысы 220 мың доллардан 1 долларға төмендеген. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

#ақш #ақшәскері #пентагон #ақша #әскер

Астанада 12 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының брифиңінде елдегі бірнеше салалы мәселелер көтерілді. Оның ішінде өмір сүр...
02/10/2023

Астанада 12 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының брифиңінде елдегі бірнеше салалы мәселелер көтерілді. Оның ішінде өмір сүру жасының ұзақтығы, урбанизация және ана өлімінің деңгейіне қатысты бірнеше дерек келтірілді. Атап айтар болсақ Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзақ өмір сүреді, ал ана өлімінің деңгейі 30 жылда 73%-ке төмендеген. Factcheck.kz аталған деректерді тексеріп көрді.

#анаменбала #ана #бала #өлім #қазақстан #нәресте

Құрметті әріптестер!Сіздерді MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Factcheck.kz Астанадағы АҚШ Елшілігімен Alumni ...
28/09/2023

Құрметті әріптестер!

Сіздерді MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Factcheck.kz Астанадағы АҚШ Елшілігімен Alumni Engagement Innovation Fund (AEIF) аясында серіктестікте AlumniFactLab трениңіне шақырамыз.

Трениң өтетін күндер:
13-14 қараша Астанада (солтүстік және шығыс өңірлер үшін)
28-29 қараша Алматыда (оңтүстік және батыс өңірлер үшін)

Трениң тілдері: қазақ, орыс.

Трениңдерде қатысушылар фактчекиңнің негізгі дағдыларын үйренеді: ақпаратты тексеру және іздеу: фактілер, фотосуреттер мен бейнелер және т. б. Сонымен қатар, трениңдер аясында көпшілік алдында сөйлеу сессиялары, ТоТ (тренерлерге арналған трениң) және т. б. жоспарланған.

Жобаға АҚШ мемлекеттік департаменті алмасу бағдарламаларының түлектеріне арналған. Қатысушылар байқау негізінде іріктеледі.

Қатысу үшін мына сілтемедегі сауалнаманы толтырыңыз: https://forms.gle/kKxgy3b6P1uYWoYB9

Сауалнаманы толтыру дедлайны: 09.10.2023.

Қосымша ақпарат алу үшін:
Мөлдір Утегенова, [email protected], +77088271271 (тек WhatsApp/Signal)

#фактчек

13 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев балаларға қарсы жасалатын қылмыс жайында сөз қозғады. Де...
27/09/2023

13 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев балаларға қарсы жасалатын қылмыс жайында сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, елімізде жыл сайын балаларға қарсы 2 мыңға жуық қылмыс жасалады, яғни күн сайын кемі 6 қылмыс тіркеледі. Сондай-ақ жыл сайын 150-ге жуық сәби қараусыз қалғандықтан терезеден құлап кететінін де атап өтті. Factcheck.kz депутаттың мәлімдемелерін тексеріп көрді.

#балалар #бала #депутат #қылмыс

13 қыркүйекте әлемдік медиада Мексиканың конгресс тыңдалымында шамамен мың жастағы екі бөгде ғаламшарлықтың мумияға айна...
26/09/2023

13 қыркүйекте әлемдік медиада Мексиканың конгресс тыңдалымында шамамен мың жастағы екі бөгде ғаламшарлықтың мумияға айналған денесі көрсетілгені туралы ақпарат тарады. Осы презентацияны жүргізген журналист-уфолог Хайме Мауссанның айтуынша, жат планеталықтар 2017 жылы Пальпа және Наска деп аталатын Перуан қалаларының арасындағы диатомит шахтасынан (бір жасушалы балдырлардың тасқа айналған қаңқа қалдықтарынан құралған шөгінді тау жынысы) табылған. Мумиялар расында жерден тыс өркениет өкілдері екенін дәлелдеу үшін конгрессте дененің рентген суреті көрсетілген: олардың біреуінен әлдебір жұмыртқа анықталған, екіншісінен кадмий мен осмийге ұқсас сирек металдан жасалған имплант табылды, олардың ДНҚ-ның үштен бір бөлігі бізге белгісіз заттан құралған.

Factcheck.kz редакциясы Мауссанның «мумиялар – жерден тыс әлем өкілдері» деген мәлімдемесін тексеріп көрді.

#фактчек #мумия #мексика #бөгдеғаламшарлық #инопланитянин

Желіде бірнеше жылдан бері жапондар 700 жылдан бері ағашты кеспей-ақ сүрек (ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі) дайынд...
25/09/2023

Желіде бірнеше жылдан бері жапондар 700 жылдан бері ағашты кеспей-ақ сүрек (ағаштың қабық астындағы қатты бөлігі) дайындайтыны туралы ақпарат тарап жүр. Олар «жаңа балқарағай ескісінде өсіріліп, ерекше тәсілмен ескінің бұтақтарын кесетін» дайсуги тәсілі қолданылатынын айтқан. Дереккөздің айтуынша, ағаш өсірудің ерекше техникасы XIV ғасырда пайда болған. Хабарлама қызық «фактілерге» арналған парақшалардың арқасында әлеуметтік желі мен мессенджерлерде, басқа көптеген ресурстарда, БАҚ пен форумдарда кең тарап кетті. Сондай-ақ бұл тәсіл туралы көптеген уеб-блогта айтылған. Олардың көбі дайсуги туралы егжей-тегжейлі ақпарат берген Wrath of Gnon есімді пайдаланушының танымал туитіне сілтеме жасаған.

Жапондар шынында дайсуги техникасының арқасында 700 жылдан бері ағаш кеспей келе ме деген сұраққа Factcheck.kz редакциясы жауап іздеді.

#ағаш #орман #жапония

6 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Руслан Берденов Қазақстан темір жолы және оған бағынышты мекемелердегі жем...
22/09/2023

6 қыркүйекте өткен мәжіліс отырысында депутат Руслан Берденов Қазақстан темір жолы және оған бағынышты мекемелердегі жемқорлық жайында сөз қозғады. Депутаттың айтуынша, кейінгі 5 жылда 136 қылмыстық іс тіркеліп, 52 адам сотталған, соның ішінде пара алу фактісі көп. Factcheck.kz аталған деректі тексеріп көрді.

#ктж #жемқорлық #депутат #теміржол #мәжілісдепутаты

2023 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен жалпы ...
21/09/2023

2023 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен жалпы дебатқа қатысып, әлемдегі жағдайға байланысты бірнеше дерек келтірді. Бұған дейін Factcheck.kz Тоқаевтың 2021 жылы Біріккен ұлттар ұйымына барғандағы сөзін тексерген. Командамыз бұл жолы да дәстүрге сай президент мәлімдемелері қаншалықты шындыққа жанасатынын 2023 жылы 20 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясы аясында өткен жалпы дебатқа қатысып, әлемдегі жағдайға байланысты бірнеше дерек келтірді. Бұған дейін Factcheck.kz Тоқаевтың 2021 жылы Біріккен ұлттар ұйымына барғандағы сөзін тексерген. Командамыз бұл жолы да дәстүрге сай президент мәлімдемелері қаншалықты шындыққа жанасатынын зерделеп көрді.


#тоқаев #қазақстанпрезиденті #оон #бұұ # #

19-қыркүйекте “БӘСЕ” инстаграм парақшасында “Ресей Қазақстанмен шекара аймақтарда қақтығыс туғызбақшы. Қостанай тұрғынын...
20/09/2023

19-қыркүйекте “БӘСЕ” инстаграм парақшасында “Ресей Қазақстанмен шекара аймақтарда қақтығыс туғызбақшы. Қостанай тұрғынының айтуынша, жанжалды Ресей шекарашылары бастаған.” деген мәтінмен жазба жарияланды. Жазбада оқиғаның “Қостанай облысында болғаны” айтылған. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

#ресей #қазақстан #әскер #қақтығыс #әскеритехника #россия

2023 жылы тамызда желіде “Вагнер” әскери компаниясының негізін қалаған Евгений Пригожин бейнеленген діни икона пайда бол...
19/09/2023

2023 жылы тамызда желіде “Вагнер” әскери компаниясының негізін қалаған Евгений Пригожин бейнеленген діни икона пайда болды. Бұл туралы туралы бірқатар Telegram арнасы мен медиа жазды. Оны Avito сайты сатып жатыр деседі. Сипаттамасында “Азапталушы әулие Пригожин” деп жазылған. “Проверено” фактчекерлері ақпаратты тексеріп көрді.

Басылымның хабарлауынша, ресми шіркеулер әулие деп танымаған адамдардың бейнесімен икона жасау — қалыпты нәрсе. Мысалы, Сталиннің суреті бейнеленген көптеген икона болған. Тіпті, оның бірі Санкт-Петербургтің шетінде орналасқан шіркеуде бірнеше күн ілініп тұрған. Кейін оның ілінгеніне қатысты жанжал шығып, түбінде сурет алынып тасталды. Ал оны ілуге рұқсат берген шіркеу қызметкері қызметінен кетті.

Оған қоса 1991 жылы қайтыс болған әнші Игорь Талковтың иконалары да православ монархистері арасында танымал. Оның бейнесін діни тақтайшаға көбіне ІІ Николайдыкімен бірге салып жатады.

Көпшілік арасында тараған Avito сайты скриншот қиылғандықтан, ондағы иконаның жариялаған күні де, бағасы да белгісіз. Фактчекерлер Avito сайтынан иконаны өз бетімен іздеп көрді, дегенмен оны таппады. Тек майлы бояумен салынған Пригожиннің портреті 57 000 рубльге сатылып тұрғанын байқады.

Пригожин қайтыс болғаннан кейін екі күн өткен соң, яғни 25 тамызда бір икона пайда болды. Бірақ ол фоторедактор арқылы өңделген болып шықты.

Пригожин бейнеленген тағы бір икона “Ең нашар суретшілер қауымдастығы” деген сатира жаңалықтар тарататын парақшаға жарияланды. Олар адамдар шатасып қалмас үшін Пригожиннің кейпі бар иконаның сипаттамасына: “Ең нашар коллаж” деп те жазған.

Осылайша, фактчекерлер “желіде тараған Пригожиннің бейнесі бар иконалар — фейк” деген қорытындыға келді.

#пригожин #ресейе #соғысқажолжоқ

2023 жылғы қыркүйектің басында интернетте Ресейдің қорғаныс министрі қол қойған жаңа мобилизация толқыны туралы құжат ке...
15/09/2023

2023 жылғы қыркүйектің басында интернетте Ресейдің қорғаныс министрі қол қойған жаңа мобилизация толқыны туралы құжат кеңінен тарады. Құжатта Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың 2023 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей 200 мың ресейлік азаматты жұмылдыру керек екені туралы бұйрығы көрсетілген. “Проверено” басылымы бұл бұйрықты шынайы деп санауға негіз бар-жоғын тексерді.

#ресей #путин #шайгу #соғысқажолжоқ #мобилизация #украина

Жақында қазақстандық медиада Қазақстан тұрғындары азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы ақпарат тарады. Уеб-сайттард...
14/09/2023

Жақында қазақстандық медиада Қазақстан тұрғындары азық-түлікке қанша ақша жұмсайтыны туралы ақпарат тарады. Уеб-сайттардың Picodi.com ресурсына сілтеп жазуынша, қазақстандықтар жалақысының 49%-не азық сатып алады. Ақпарат қаншалықты рас екенін тексердік.

#азықтүлік #тамақ #қант #ет #сүт #фактчек

📣Достар, бізде қуанышты жаңалық!MediaNet халықаралық журналистика орталығы ONLINE Factcheck Academy курсында тегін оқуға...
12/09/2023

📣Достар, бізде қуанышты жаңалық!

MediaNet халықаралық журналистика орталығы ONLINE Factcheck Academy курсында тегін оқуға шақырады.

Курсқа қатысушылар байқау негізінде іріктеледі.

Вебинарды журналист-фактчекерлер және Factcheck.kz командасы өткізеді.

📩Тіркелу сілтемесі: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSejDwm9TmXy81ffWqnMt7zqb-lEuSniKw0SIRy0xNRK4Z5ylA/viewform?usp=sf_link

🔥Өтінім жіберу дедлайны: 25.09.2023

Курс қазақ және орыс тілдерінде онлайн жүргізіледі.

Жобаны қолдаған: Конрад Аденауэр қоры

Сұрағыңыз болса, бізге хабарласыңыз:
Қазақ тілінде - Абзал Бектұрған, .jpeg+77472728474, [email protected]
Орыс тілінде - Мөлдір Утегенова, +77088271271, [email protected]

kz


#фактчек #оқу #оқулық #зерттеу #ашықдеректер #шындық #жалған #фейк

Жақында “РИА Новости” сайтында Грекиядағы “Олимпиакос” стадионында “Зеленский — диктатор”, “Украинадағы нацизмға жол жоқ...
11/09/2023

Жақында “РИА Новости” сайтында Грекиядағы “Олимпиакос” стадионында “Зеленский — диктатор”, “Украинадағы нацизмға жол жоқ” деген мәтін пайда болды деген ақпарат тарады. Кейін ресейлік басқа да медиалар осы ақпаратты бөліскен. Мысалы кейбір медиа, оның ішінде RG.ru және Gazeta.ru сайтында видео “Грекиядағы “Олимпиакос” футбол клубының стадионында түсірілген” деп жазылған. Factcheck.kz ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

#зеленский #ураина #ресей #футбол #диктатор #риановсти

Address

Казыбек би, 117
Almaty
050040

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Factcheck.kz қазақша posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Factcheck.kz қазақша:

Videos

Share

Nearby media companies