QALAM Global Qaz

QALAM Global Qaz История

Айына бір мәрте Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға...
01/07/2024

Айына бір мәрте Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға тырысады.

Осы жолы «Свиф сілкінісі» сөзін алып, талдап көруге тырыстық 😌

Арамызда свифтилер бар ма? 👀

Ал біз өткен заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділер...
01/07/2024

Ал біз өткен заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін үзінділерді ұсынуды жалғастырамыз ✔️

«Екі сиыры бардың айраны бар,
Екі қатыны бардың ойраны бар», деген мақалдың мағынасын дәл осы үзіндіден кейін түсінуге болатын сияқты 😌

Бұдан асқан өмірлі мем көрмейтіндеріңізге кепіл береміз 🙃Сіздер қалай ойлайсыздар?
28/06/2024

Бұдан асқан өмірлі мем көрмейтіндеріңізге кепіл береміз 🙃

Сіздер қалай ойлайсыздар?

Ежелде гректің ең әйгілі қала-мемлекеті Афина орны толмас зардап шекті 😥Дәлірек айтқанда, екі бірдей соққы алды: бірі со...
28/06/2024

Ежелде гректің ең әйгілі қала-мемлекеті Афина орны толмас зардап шекті 😥

Дәлірек айтқанда, екі бірдей соққы алды: бірі соғыс болса, енді бірі оба індеті.

Материктік Грекиядағы екі қарсылас арасындағы қақтығыс, яғни Афина мен Спарта соғысы. Бірақ оба туралы көп жазылмады, айтылмады. Алайда тарихшы Фукидид бізге біраз ақпарат жеткізді. Оның қандай ауру екені туралы дау-дамай екі жарым мың жыл бойы жалғасты және ақыры не болғаны белгісіз.

Обаның шығу тарихы жайлы бүгінгі жазбада баяндаймыз ✔️

Ежелгі ғибадатханалардан көзілдіріктің бейнесін көріп, таңғалмаңыз 👀«Күн белгілері» деп аталатын көзілдірік, яғни түзу с...
27/06/2024

Ежелгі ғибадатханалардан көзілдіріктің бейнесін көріп, таңғалмаңыз 👀

«Күн белгілері» деп аталатын көзілдірік, яғни түзу сызықпен жалғанған екі шеңбер көрсеңіз, негізгі бағыттар бойынша ғибадатханаларда жүру қиынға соқпас.

Ал бұл петроглифтер нені білдіреді? Бұл символизмнің мазмұны туралы түсінік немесе болжамдар бар ма?

Бүгінгі жазбада айтып береміз 🙌🏻

🤺 Әлемге әйгілі семсердің сыры неде?.. Филипп осы шайқаста қаза тапқан салт аттыларды жерлеуге қамқорлық жасауды ұйғарды...
26/06/2024

🤺 Әлемге әйгілі семсердің сыры неде?
.. Филипп осы шайқаста қаза тапқан салт аттыларды жерлеуге қамқорлық жасауды ұйғарды, ол өз сарбаздарының адалдығын және ол үшін өмірлерін қатерге тігуге дайындығын оятуға үміттенді. Осы мақсатта ол мәйіттерді лагерьге жеткізуді бұйырды, олардың қандай сән-салтанатпен жерленгенін бәрі көруі үшін...

Жерлеу рәсімі сарбаздардың бойында шайқас жалынын оятып, жанын аямауға дайын болуға шақыру керек еді. Бірақ, керісінше, олардың жігерін жасытып, кеуделерін қорқыныш пен үмітсіздікке толтырды. Осы уақытқа дейін олар тек найзадан немесе жебеден, ал анда-санда сүңгіден алған жараларды ғана көріп, тек гректермен және иллириялықтармен соғысуға дағдыланған. Енді испан қылыштарынан кесілген мәйіттерді, иықпен бірге бір соққымен кесілген қолдарды, кесілген бастарды, жарылған ішек-қарындарды және тағы басқа қорқынышты және жиіркенішті жәйттерді көрген Филипп сарбаздары қандай адамдармен, қандай қарулармен күресуге тура келетінін көріп, қорқып кетті.

Патшаның өзі де қорқып кетті, өйткені ол, шын мәнінде, ешқашан римдіктермен соғысып көрмеген еді...

Мақаланы толық qalam.global сайтында оқи аласыздар.

Авторы: Николай Поликарпов

Жаза кезінде тірі қалып, өлім құшу үшін жан алғыштарға қайта барған әулие кім деп ойлайсыз? 🤔Иә, ол Рим императоры Диокл...
25/06/2024

Жаза кезінде тірі қалып, өлім құшу үшін жан алғыштарға қайта барған әулие кім деп ойлайсыз? 🤔

Иә, ол Рим императоры Диоклетианның әскерінің сапында болған Әулие Себастьян.

Жебеден азап тартқан бұл жас жігіттің ғаламат бейнесі қалайша секс-символға айналды және оның обаға қандай қатысы бар?

Бүгінгі жазбамызда айтып береміз👆🏻

Алла Ильчун – 20 ғасырдың 40-60 жылдары Париждегі алғашқы «Шығыс жұлдызы». Сырмақтың ғаламат өрнегі секілді өрілген осы ...
24/06/2024

Алла Ильчун – 20 ғасырдың 40-60 жылдары Париждегі алғашқы «Шығыс жұлдызы». Сырмақтың ғаламат өрнегі секілді өрілген осы бір оқиғада Алматы мен Харбин, ақ эмиграция тағдыры мен new look дәуірінің сәні, гламур мен «Қарсылық» қозғалысы көрініс тапты.

Диордың музасы 1989 жылы қайтыс болып, Париждегі Cimetière Parisien d’Ivry деп аталатын мазарда жерленді. Ал осы бір таңғажайып қазақ қыздың оқиғасын бірнеше жыл өткен соң, жұртшылыққа Александр Васильев және Франциядағы қазақтардың ассоциациясының президенті Берлин Иришев баян етті.

Шығыс сұлуының өмірі жайлы толығырақ Qalam.global сайтында Николай Усковтың мақаласынан оқи аласыздар.

Жазғы демалысын дәл осылай «қызық» өткізіп жатқандар бар ма? 😂
22/06/2024

Жазғы демалысын дәл осылай «қызық» өткізіп жатқандар бар ма? 😂

Айнаның басқа әлемдермен байланыстыра алатын қасиетке ие екеніне сенесіз бе? "Жылап тұрып айнаға қарама", "Айнаның бетін...
20/06/2024

Айнаның басқа әлемдермен байланыстыра алатын қасиетке ие екеніне сенесіз бе?

"Жылап тұрып айнаға қарама", "Айнаның бетін түнде ашық қалдырма", "Айнаға көп қарама, сұлулығыңды ұрлайды", тағы осы сынды ырым-тыйымдарды көбіміз бала кезден үлкендердің айтуынан естіп өстік.

Бұрыннан айнаға сиқырлы зат ретінде қарағанын көне петроглифтерден де көруге болады. бүгін "Тастағы айна" петроглифі туралы баяндайды.

Ал Сіз айнаға қатысты тағы басқа қандай ырым-тыйымдарды білесіз?

📖 Әуесқой археолог Ольга Гумированың Қазақстанның ең қызықты петроглифтері туралы басқа да жазбаларын qalam.global сайтынан оқи аласыздар.

#АптаПетроглифі #Айна #ҚазақЫрымдары #Тарих #Петроглифтер

Неге Литва, Белорусь, Украина ғалымдары өздерін Ұлы Литов Княздігінің мұрагеріміз деп санайды. Ал Ресей империясында сла...
19/06/2024

Неге Литва, Белорусь, Украина ғалымдары өздерін Ұлы Литов Княздігінің мұрагеріміз деп санайды. Ал Ресей империясында славян бауырларына "жанашырлық" таныту үрдісі қалай қалыптасқан?

А.С.Пушкин «Оларға екі ел 1569 жылы толыққанды біріккеннен кейін Литва мен Польшаның католик пандары күн көрсетпепті-мыс. Нәтижесінде орыс патшасы «діні бір бауырларына көмекке келіп», «күпірлердің» қолынан тікелей мағынасында жұлып әкеткен, ал Польшаның бөлінуі секілді ұсақ-түйек нәрселер — «бұл славяндардың өз дауы, үй ішіндегі ескі дау» деп жазған.

Бүгінгі мақалада сіздерді Ұлы Литов Княздігінің тарихына бойлауға шақырамыз. Мақаланы толық сілтеме арқылы оқи аласыздар:
https://qalam.global/kk/articles/uly-litov-kniazdiginin-tarixy-kz-1

Өлгеннің артынан өлмек жоқ…Иә, адам баласы ойламауға да, сөз етпеуге де тырысатын тақырыптардың бірі — өлім. Бұл әлемде ...
18/06/2024

Өлгеннің артынан өлмек жоқ…

Иә, адам баласы ойламауға да, сөз етпеуге де тырысатын тақырыптардың бірі — өлім.

Бұл әлемде өліммен кездеспейтін тіршілік иесі жоқ, десе де өлімді өнермен ұштастырып, қайғыны өнер туындысына айналдыра алатын таңғаларлық қасиет адамда ғана бар шығар…

«Өлім биі» аталып кеткен ортағасырлық аллегориялық сюжет жайлы бүгінгі жазбамызда баяндаймыз.

Верныйдың (Алматы) алғашқы кинотеатрында қандай кинолар көрсетілген? 🤔Электро-театр (бұрындары солай аталған) қазіргі Пу...
17/06/2024

Верныйдың (Алматы) алғашқы кинотеатрында қандай кинолар көрсетілген? 🤔

Электро-театр (бұрындары солай аталған) қазіргі Пушкин мен Гоголь көшелерінің қиылысында орналасқан. Алайда ғұмыры қысқа болып, 1918 жылы өртеніп кеткен.

Бүгін сіздерді Верный тұрғындары қала тарихындағы ең алғашқы кинотеатрда не көргенімен таныстырамыз ✔️

La bella Principessa 6 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұсынылды 🔥Сөз етіп отырған сурет —...
14/06/2024

La bella Principessa 6 маусымда Астанадағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде ұсынылды 🔥

Сөз етіп отырған сурет — «Қырынан қараған әйел кескіні» және «Жас қалыңдықтың портреті» деген атпен танымал.

Бұл картинаның айналасындағы дау-дамай мен құпия жайлы бүгінгі жазбада баяндаймыз 👉🏻

Ежелгі Қазақстанда арыстандар мекендеді ме? 🤔Ендеше Қазақстаннан табылған петроглифтердің арасында арыстанның суреттері ...
13/06/2024

Ежелгі Қазақстанда арыстандар мекендеді ме? 🤔

Ендеше Қазақстаннан табылған петроглифтердің арасында арыстанның суреттері қайдан жүр?

Арыстандарға ұқсайтын жыртқыштар бейнеленген петроглифтердің сыры неде?

Бүгінгі жазбада баяндаймыз ✔️

Дәл осы күні 100 жыл бұрын 1924 жылғы 12 маусымда КСРО Коммунистік партиясының басшылығы Орталық Азияда ұлттық-мемлекетт...
12/06/2024

Дәл осы күні 100 жыл бұрын 1924 жылғы 12 маусымда КСРО Коммунистік партиясының басшылығы Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу туралы шешім қабылдады 📃

Ал 24 қазанда кеңестік квазипарламент бұл шешімді заң жүзінде бекітті📌

Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан дүние жүзінің саяси картасында одақтас республика және автономия мәртебесінде пайда болды, міне, сол кезде бұған дейін құрылған Қазақ Кеңестік Республикасы өз шегарасын едәуір кеңейтті.

Бүгін бұл жүзжылдық нені білдіреді?

Мақаладан біле аласыз ✔️

Популяциялық генетика мен тарихи зерттеулер қазақ шежіресінің шындыққа сәйкесетінін растайды 👏🏻Бұл туралы қазақстандық т...
11/06/2024

Популяциялық генетика мен тарихи зерттеулер қазақ шежіресінің шындыққа сәйкесетінін растайды 👏🏻

Бұл туралы қазақстандық тарихшы және жазушы Радик Темірғалиев Qalam Global көптұғырлы ғылыми-білім жобасы аясында өткен «Қазақ руларының тарихы» дәрісінде мәлімдеді.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда аға...
10/06/2024

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған.

Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін, тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.

Янычарлармен таныстығымызды одан әрі жалғастырамыз ☺️Осман әскерінің элиталық бөлімшелері махаббат, отбасына келгенде қа...
06/06/2024

Янычарлармен таныстығымызды одан әрі жалғастырамыз ☺️

Осман әскерінің элиталық бөлімшелері махаббат, отбасына келгенде қалай өмір сүрді? Неліктен олардың төсектегі өмірі өсек-аяңның өзегіне айналды?

Бұл жайлы бүгінгі жазбада баяндаймыз 👉🏻

Владимир Набоков 1963 жылы берген сұхбатында кітап жазғанда әлдебір заңдылық сақтап, бөлім-бөлімді бір ретпен емес, фраг...
05/06/2024

Владимир Набоков 1963 жылы берген сұхбатында кітап жазғанда әлдебір заңдылық сақтап, бөлім-бөлімді бір ретпен емес, фрагменттермен таңдап жазу тәсілін пайдаланып, бос қалған кеңістікті толтырып жазатынын мойындаған 🙌🏻

Qalam оның бұл әдісін қайталауға тырысып, жүйелі сөзбен баяндаудың орнына әр жердей бір түртіп, таңдап жазуды ұйғарып отыр. Біз Набоков ғаламының әліппесін жасап, оның қандай болатынын болжап көрдік.

PS. Біз шахмат, көбелек, нимфеткалар сияқты осыған дейін айтылған тақырыптарды тағы бір мәрте қайталамай, Владимир Набоковтың шығармашылығында сирек айтылатын деректерге мән беруге тырыстық 😉

Янычар деген кімдер? 🤔Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті хрис...
04/06/2024

Янычар деген кімдер? 🤔

Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті христиан құлдарын іріктеп алатын.

Сұлтандарға бұл ерекше әрі қорқынышты жауынгерлер не үшін қажет болды? Янычар болу үшін қандай жолдан өтетін, олар қалай өмір сүрді, жаттықты? Ақыр соңында оларды неге таратып жіберді?

Осы және басқа да сұрақтарға бүгінгі мақаламызда жауап беруге тырыстық ✔️

Янычарлар деген кімдер? 🤔Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті х...
04/06/2024

Янычарлар деген кімдер? 🤔

Янычарлар немесе «жаңа әскер» — осман әскерінің элиталық бөлімшелері, оған тартымды әрі күшті христиан құлдарын іріктеп алатын.

Сұлтандарға бұл ерекше әрі қорқынышты жауынгерлер не үшін қажет болды? Янычар болу үшін қандай жолдан өтетін, олар қалай өмір сүрді, жаттықты? Ақыр соңында оларды неге таратып жіберді?

Осы және басқа да сұрақтарға бүгінгі мақаламызда жауап беруге тырыстық. Сілтеме БИО-да көрсетілген ✔️

Жаңа ай — жаңа сөз 😌Айына бір рет Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сыр...
03/06/2024

Жаңа ай — жаңа сөз 😌

Айына бір рет Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға тырысады.

Карусельді жылжытып, маусым айының сөзімен таныс 👉🏻

Зұлмат жылдары қазақ жерінде миллиондаған адамның өмірін қиылды. «Бірлік туы» газеті 1918 жылға дейін ашаршылық туралы о...
31/05/2024

Зұлмат жылдары қазақ жерінде миллиондаған адамның өмірін қиылды.

«Бірлік туы» газеті 1918 жылға дейін ашаршылық туралы оқырмандардың жан түршігерлік хаттарын жариялап отырған.

Газеттің 1918 жылы №28 санында жарияланған Сапарбеков мырзаның хатын ұсынамыз 👉🏻

“Зена — жауынгерлер патшайымы” сериалының жанкүйерлері, жастарыңыз қаншаға келді? 😁Батыр амазонкалар жөніндегі аңыздар қ...
29/05/2024

“Зена — жауынгерлер патшайымы” сериалының жанкүйерлері, жастарыңыз қаншаға келді? 😁

Батыр амазонкалар жөніндегі аңыздар қай заманда болмасын жұртқа ұнап келген.

Қазіргі уақытта оқ өтпейтін төс тартқыш киген жауынгер қыздар мифологиялық баяндардан компьютерлік ойындар мен киноматографияға көшіп отыр. Алайда әлі күнге дейін тарихшылардың басым бөлігінің тұжырымы бойынша, амазонкалар айдаһар мен грифондар секілді қиялдан туған кейіпкерлер ретінде саналып келеді.

Десе де соңғы табылған археологиялық зерттеулер көнеден жеткен мифке жаңаша қарау қажет екенін көрсетіп отыр. Толығырақ БИО-дағы сілтеме арқылы оқи аласыздар ✔️

Ал бізде жаңа тест 😌 Ұлы Жібек жолы — көпестер мен қарақшылар, жаулаушылар мен монахтар, авантюристер мен зерттеушілерді...
27/05/2024

Ал бізде жаңа тест 😌

Ұлы Жібек жолы — көпестер мен қарақшылар, жаулаушылар мен монахтар, авантюристер мен зерттеушілерді түйістірген, ақша, сенім, білім мен обаны таратқан тарихы сан ғасырлық Шығыстың көне жолы...
Ал сіз Ұлы Жібек жолы жөнінде не білесіз?

БИО-дағы сілтеме арқылы өтіп, тестті өтіп көріңіз ✔️

Астраханды түркілер Қажы-Тархан деп атайды 🙌🏻Бір уақытта бұл қала Астрахан хандығының астанасы болған (Жошы ұлысы немесе...
26/05/2024

Астраханды түркілер Қажы-Тархан деп атайды 🙌🏻

Бір уақытта бұл қала Астрахан хандығының астанасы болған (Жошы ұлысы немесе Алтын Орда ыдыраған соң 15 ғасырда пайда болған мемлекеттің бірі).

Саудагерлер мен қажылыққа аттанған жолаушылар үшін маңызды жолдардың торабында орналасқан, ұмыт болған мемлекет жөнінде атақты шығыстанушы Илья Зайцев сөз етеді.

Дәстүрді бұзбай,  #мемліжұма ұсынамыз ✨Өскенде Дуровтай болғысы келетіндер бар ма?
24/05/2024

Дәстүрді бұзбай, #мемліжұма ұсынамыз ✨

Өскенде Дуровтай болғысы келетіндер бар ма?

Көк бөрі культі Қазақстан жерінде түркілердің келгеннен кейін пайда болды деген жалпылама түсінік бар. Алайда Таңбалы-та...
21/05/2024

Көк бөрі культі Қазақстан жерінде түркілердің келгеннен кейін пайда болды деген жалпылама түсінік бар. Алайда Таңбалы-тас, Құлжабасы, Аққайнар және басқа да петроглифтер шоғырындағы кейбір көріністерге қарай отырып, бұл нұсқаға күмән келтіреміз.

Алматы облысынан табылған қасқыр-адам жайлы бүгінгі жазбада. Сілтеме БИО-да ✔️

1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда халықтың қалай қуанғанын елестете аласыз ба? 🤔Сіздерді осы қуанышты оқиғаға қайтар...
20/05/2024

1917 жылы Алаш автономиясы құрылғанда халықтың қалай қуанғанын елестете аласыз ба? 🤔

Сіздерді осы қуанышты оқиғаға қайтарып, автономияның құрылуына байланысты “Үш жүз” газетінің редакциясына оқырмандардан ерекше, жарқын болашақты аңсаған сезімге толы хаттарынан үзінді ұсынамыз 👉🏻

Address

Республика Казахстан, город Алматы, Алмалинский район, Улица Желтоксан, 115
Almaty
050000

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when QALAM Global Qaz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

Share

Category


Other Magazines in Almaty

Show All

You may also like