30/12/2024
Павлодарлықтар биыл жаңа жылға ерекше дайындалып жатыр. Тұрғындар қала көшесі мен үйін ерекше безендіріп, жаңа жылдық әшекейлерді жарқыратып қойған. Бұл үй алыстан көз тартып тұрады. Ол бес жылдан бері қала тұрғындарына жаңа жылдық көңіл күй сыйлап тұр. Үй иесі мерекеге он күн қалғанда ауласы мен үйін безендіре бастайтын көрінеді. Сондай-ақ жыл сайын жаңа атрибуттар қосып ерекшелеуге тырысады. Биыл ол үй шатырына Аяз ата шығарып, қақпасына шырша салған.