Factcheck.kz қазақша

Factcheck.kz қазақша Factcheck.kz сайтының қазақ тіліндегі парақшасы. Ақпараттың және мәлімдемелердің рас-өтірігін тексеретін ресурс.

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Алматы қоғамдық көлігі» аккаунтының жарнамасы тарап жатыр. Онда «мерекег...
14/01/2025

Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде «Алматы қоғамдық көлігі» аккаунтының жарнамасы тарап жатыр. Онда «мерекеге орай бірыңғай жол жүру картасын небәрі 1 070 теңгеге толтырып, қалада кез келген қоғамдық көлікпен алты ай бойы тегін жүруге болады» деген ақпарат жазылған.
kz
#алматы

10 қаңтардан бері әлемуеттік желілер мен ақпараттық сайттарда «Instagram ЛГБТ өкілдерін психикалық ауытқуы бар деп белгі...
14/01/2025

10 қаңтардан бері әлемуеттік желілер мен ақпараттық сайттарда «Instagram ЛГБТ өкілдерін психикалық ауытқуы бар деп белгілейді» деген тақырыппен жаңалық тарай бастады. Factcheck.kz редакциясы мұндай ақпараттың қаншалықты рас екенін тексерді.

#лгбт #құқық #мета #инста #фб #фейсбук #инстаграм

2024 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде Теміртау қаласы Қазақстанның ең ластанған қалалары тізімінен алынып та...
13/01/2025

2024 жылдың желтоқсан айында әлеуметтік желілерде Теміртау қаласы Қазақстанның ең ластанған қалалары тізімінен алынып тасталды деген ақпарат пайда болды. Қаланың бұл жетістігі «АрселорМиттал Теміртау» (қазіргі Qarmet) компаниясының жаңа иесі, кәсіпкер Андрей Лаврентьевтің еңбегімен байланыстырылып жатыр.

«Міне, Лаврентьевтің керемет ісі: «Теміртау ең ластанған қалалар тізімінен жоғалды», — делінген жазбаларда.

Ақпарат көзі ретінде Finprom.kz ресурсы ұсынған атмосфералық ауаның сапасы туралы деректер көрсетілген. Ал бұл деректер РМК «Қазгидромет»-ке сүйенеді.

Factcheck.kz редакциясы бұл ақпараттың қаншалықты шын екенін анықтады.

#теміртау #қазақстан #лас #ласқала #рейтиң

Парламент депутаттары — елдегі маңызды шешімдерді қабылдайтын адамдар. Олар заң шығарушы органның өкілдері, азаматтар ме...
13/01/2025

Парламент депутаттары — елдегі маңызды шешімдерді қабылдайтын адамдар. Олар заң шығарушы органның өкілдері, азаматтар мен атқарушы билік арасындағы байланыс көпірі қызметін атқарады. Қазақстан парламенті өз функциясын толық орындай ма — бұл көп пікірталас тудыратын мәселе. Дегенмен, парламентарийлердің қызметі қазақстандықтардың өміріне әсер ететіні сөзсіз.

Factcheck.kz редакциясы қазіргі парламент құрамын зерттеп, депутаттың портретін анықтап көрді.

Дереккөздер: Қазақстан Республикасының Парламенті

#депутат #сенат #мәжіліс #парламент

9 қаңтарда Лос-Анджелестегі Голливуд белгісін жалын шарпып жатқан видео мен сурет лезде тарады. Бейнежазба 100 мыңнан ас...
10/01/2025

9 қаңтарда Лос-Анджелестегі Голливуд белгісін жалын шарпып жатқан видео мен сурет лезде тарады. Бейнежазба 100 мыңнан аса қаралым жинаған.

Snopes басылымы бұл ақпаратты жалған деп мәлімдеді. Суреттің шетінде Grok XI белгісі тұр, бұл оның жасанды интеллект арқылы жасалғанын білдіреді. Ал видеоны алғаш рет цифрлық бейнелерді жасайтын аккаунты жариялаған.

Cal Fire және Лос-Анджелес өрт сөндіру бөлімінің (LAFD) мәліметі бойынша, 9 қаңтарда өрт Голливуд белгісінен кемінде үш миль (4.8 км) қашықтықта болған. Hollywoodsign.org веб-сайты да “Гриффит саябағы сақтық үшін уақытша жабылды, бірақ белгінің өзі зардап шеккен жоқ», – деп хабарлады.

#фейк #голливуд #өрт

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде Қытайда тарап жатқан вирус туралы ақпарат пайда болды. Кейбір парақшалар «ауруханал...
09/01/2025

Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде Қытайда тарап жатқан вирус туралы ақпарат пайда болды. Кейбір парақшалар «ауруханалар толған, Қытайда метапневмовирус тарап жатыр» деп жазса, енді бірі «Қытайда короновирустан да қауіпті вирус тарап жатыр» деп жазған. Желіде вирустың Қазақстанда тарағаны да хабарланды. Оқырмандардың сұрауы бойынша, Factcheck.kz редакциясы метапневмовирус туралы негізгі фактілерді жинап, қаншалықты қауіпті екенін талдады.

#вирус #метапневмовирус #коронавирус

Қиямет күні әлемнің жаһандық ядролық соғысқа бұрын-соңды болмағандай жақын екенін ескертеді — Украинаға деген Ресейдің а...
07/01/2025

Қиямет күні әлемнің жаһандық ядролық соғысқа бұрын-соңды болмағандай жақын екенін ескертеді — Украинаға деген Ресейдің агрессиясы ешқандай оптимизмге себеп бермейді. Алайда ядролық физик Дмитрий Горчаков ертең ядролық зымырандар қолданылмайды деп санайды және Путиннің әрекеттерін «өзіндік рационал» деп пайымдайды. «Новая газета — Балтия» сарапшының Вильнюсте өткен дәрісіне қатысты. Factcheck.kz серіктестерінің материалымен бөліседі.

#соғысқажолжоқ #қияметкүні #ядорлықсоғыс #ақш #ресей #агрессия

Көптеген адам үшін шылым шегу – бұл әлеуметтік әрекет әрі күнделікті өмірдің бір бөлігі, таңғы кофеге ұқсас. Біреулер кө...
05/01/2025

Көптеген адам үшін шылым шегу – бұл әлеуметтік әрекет әрі күнделікті өмірдің бір бөлігі, таңғы кофеге ұқсас. Біреулер көңіл көтеру немесе жұмысқа зейін қою үшін шылым шегеді. Кейбіреулерге оның дәмі немесе тіпті қолдарына шылым ұстау сезімі ұнайды. Сонымен қатар, көпшіліктің санасында шылым шегу жүйкені тыныштандырып, күйзелістен арылудың бір жолы деген түсінік бар.

Factcheck.kz шылым шегу шынымен күйзелісті жеңілдете ала ма, әлде бұл тәуелдікті күшейтетін иллюзия ма деген сұраққа жауап іздейді.

#темекі #шылым #вейп #тәуелділік

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жыл басынан бер...
03/01/2025

2024 жылдың 12 желтоқсан күні Алматы қаласы әкімдігінің сайтында және әлеуметтік желідегі парақшаларында жыл басынан бері қаладағы қылмыс деңгейі 10-15%-ке төмендеді деген хабарлама жарияланды.

Factcheck.kz редакциясы 2024 жылдың 11 айы туралы айтылған деректің қаншалықты рас екенін тексерді.

#қылмыс #алматы

Ғажайып пен қуаныш сезімін сыйлайтын фейерверктер жаңа жыл мерекесінің ажырамас бөлігі. Алайда олардың танымалдылығын ес...
02/01/2025

Ғажайып пен қуаныш сезімін сыйлайтын фейерверктер жаңа жыл мерекесінің ажырамас бөлігі. Алайда олардың танымалдылығын ескере отырып, маңызды сұрақ туындайды: фейерверктер ауаның сапасына әсер ете ме, егер әсер етсе, қалай?

Factcheck.kz фейерверктер ауаны шынымен ластай ма, жоқ па соны тексеріп көрді.

#салыт #фейерверк #жаңажыл

Құрметті оқырман, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!2024 жылы көптеген әлеуметтік-саяси өзгерістер болды, жалған ақпарат...
31/12/2024

Құрметті оқырман, келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

2024 жылы көптеген әлеуметтік-саяси өзгерістер болды, жалған ақпарат та аз болмады. Дегенмен сіздердің қолдауларыңыздың арқасында біз де дезинформациямен күрске барымызды салдық. Дей тұрғанмен халыққа жұмыс істейтін медианы халық қолдамаса, біздің жұмыс істеуіміз қиындай береді. Сондықтан біз толыққанды краудфандиңды іске қостық. Ол үшін сайтымызға кіріп, “бізді қолда” батырмасын басыңыз(сілтемесі биода), бір реттік я болмаса тұрақты қолдауға жазылыңыз. Осылайша сіз тәуелсіз фактчекиң жобасын қолдай аласыз.

Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!

#қолдау

Жыл сөздері стиль, форма және мазмұн жағынан әртүрлі болуы мүмкін. Кейбірі ашық дауыс беру арқылы таңдалса, енді бірін с...
31/12/2024

Жыл сөздері стиль, форма және мазмұн жағынан әртүрлі болуы мүмкін. Кейбірі ашық дауыс беру арқылы таңдалса, енді бірін сарапшылар бекітеді. Жылдың сөзі ең жиі қолданылмауы да, тіпті көпшілікке таныс болмауы да мүмкін. Дегенмен, ол әдетте қоғам үшін маңызды болған негізгі құбылыс немесе ұғымды бейнелейді. 

Лексикалық трендтер өткен жылдағы оқиғаларға деген қоғам реакциясын қалай көрсетеді? Factcheck.kz редакциясы 2024 жылы жеңімпаз деп танылған сөздердің дәстүрлі шолуын дайындады. 

#2024жыл #жылсөзі

Достар, назарларыңызға 2024 жылғы ТОП 10 фактчек!    #2024жыл
30/12/2024

Достар, назарларыңызға 2024 жылғы ТОП 10 фактчек!

#2024жыл

Кейінгі күндері қазақстандық интрнет кеңістікте “Ресейде ер адамдарға төрт әйел алуға рұқсат етілді” деген тақырыптағы м...
26/12/2024

Кейінгі күндері қазақстандық интрнет кеңістікте “Ресейде ер адамдарға төрт әйел алуға рұқсат етілді” деген тақырыптағы материалдар түрлі форматта тарап жүр. Аталған ақпаратқа қарасақ, жұбайларына әділ және тең қарым-қатынас жасаған ер адамға төрт әйелге дейін діни неке қиюға рұқсат беріледі екен. Ақпарат қаншалықты рас, Factcheck.kz тексеріп көрді.

#ресей #әйел #неке

Желіде Нидерланд денсаулық сақтау министрі Флер Агеманың «COVID-19 – НАТО-ның әскери операциясы» деп айтқаны туралы мақа...
24/12/2024

Желіде Нидерланд денсаулық сақтау министрі Флер Агеманың «COVID-19 – НАТО-ның әскери операциясы» деп айтқаны туралы мақаланың скрині тарады. Reuters порталы ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Мақала Slay News деп аталатын уеб-сайтта жарияланған. Онда Денсаулық сақтау министрі Флер Агеманың «пандемия НАТО мен Голландияның терроризмге қарсы күрес агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік және терроризмге қарсы үйлестіруші жүргізген “әскери операция”» деп айтқаны жазылған.

Одан бөлек сайтта министрдің 24 қазанда Нидерланд Парламентінде голланд тілінде сөйлеген видеосы шыққан, оған ағылшын тіліндегі субтитрлер берілген.

#нато #ковид #коронавирус #ковид19

Дональд Трамп Владимир Путиннің жеңілгенін жариялап, қақтығысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерді бастайтын уақыт келгенін ...
24/12/2024

Дональд Трамп Владимир Путиннің жеңілгенін жариялап, қақтығысты тоқтатып, бейбіт келіссөздерді бастайтын уақыт келгенін мәлімдеді. АҚШ-тың жаңа президенті соғысты аяқтауға бағытталған концепцияны қалыптастырып жатқан сияқты, ал Еуропада байланыс тобы құрылып жатыр.

Осы уақытта Украина мен Ресей болжалды бейбіт процестердің басталуына дейін майдан даласында өздеріне барынша тиімді позицияларды алуға тырысып жатыр. «Заборона» бұл процесстің қандай болуы мүмкін екенін талдап көрді. Factcheck.kz редакциясы серіктестерінің материалын назарларыңызға ұсынады.

#украина #ресей #соғысқажолжоқ

Әлеуметтік желілерде және табиғат пен қызық деректерге арналған түрлі парақшаларда бірнеше жылдан бері арыстандардың ере...
23/12/2024

Әлеуметтік желілерде және табиғат пен қызық деректерге арналған түрлі парақшаларда бірнеше жылдан бері арыстандардың ерекше жыныстық белсенділігі туралы мәлімдеме тарап келеді.

«Аптап ыстық кезінде ұрғашы арыстан тоқтаусыз күніне 40 ретке дейін жыныстық қатынасқа түседі. Арыстан шаршаса, одан қатынасты жалғастыруды талап етеді. Ол бас тартса, арыстанды аталық безінен тістейді», — деп жазылған жазбаларда (мысалдар: осында, осында, осында және осында).

Бұл жазбаларға қоса Роттердамдағы хайуанаттар бағында Жоан Кок түсірген суреттер беріледі.

Factcheck.kz бұл мәлімдеменің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеріп көрді.

Материал Factcheck Dive курсының түлегі Мәлік Сұлтановпен бірге дайындалды

#арыстан #ыстық #жабайыжануарлар #жануарлар

2024 жылғы 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «20...
20/12/2024

2024 жылғы 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «2024 жылы Қазақстанда болған ең айтулы оқиғалар» деген тақырыпта сауалнама жүргізді. Бұл жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен және PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізіп отыр.

DEMOSCOPE бюросының дәстүрлі қорытынды сауалнамасы өтіп бара жатқан жылдық ең айтулы оқиғаларына арналды. Зерттеудің негізгі тақырыптары: азаматтардың бірыңғай уақыт белдеуіне көшуін қабылдауы және әлеуметтік маңызы бар өмір салаларын бағалау болды.

Әдістеме: 2024 жылғы 27 қараша мен 11 желтоқсан аралығында 17 облыстағы және Республикалық маңызы бар қалалардағы (Астана, Алматы, Шымкент) 1100 адамға сауалнама жүргізілді. Сауалнама Қазақстанның ұялы байланыс абоненттері арасында телефонмен сұхбат жүргізу арқылы өтті. Қатысушыларды іріктеу телефон нөмірі базасынан кездейсоқ сандар генераторының көмегімен жасалды. Телефон арқылы сауалнаманы «КТ CloudLab» ЖШС байланыс орталығы жүргізді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 47,5% ерлер және 52,5% әйелдер қатысты. 43,1%-і қазақ тілінде, 56,9%-і орыс тілінде жауап беруді жөн көрді. Респонденттердің 70,4% – қазақтар, 14% – орыстар және 14,9% – басқа ұлт өкілдері. Респонденттердің 66,7%-і қалада, 33,3%-і ауылдық жерде тұрады. Деректер респонденттердің жынысы мен жасы сияқты параметрлер бойынша сарапталған. 95% ықтималдығы бар қатенің максималды мөлшері 3%-тен аспайды. Респонденттердің қол жетімділік деңгейі (response rate) 9,6%. Сауалнаманы «MediaNet Халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ Конрад Аденауэр атындағық қордың қолдауымен жүзеге асырды. Сауалнама деректері респонденттердің көзқарасын білдіреді.

Қосымша ақпаратты жоба менеджері Снежана Цойдан алуға болады: [email protected]

#уақыт

Address

Alma-Ata

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Factcheck.kz қазақша posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Factcheck.kz қазақша:

Videos

Share