Qaz.krisha.kz

  • Home
  • Qaz.krisha.kz

Qaz.krisha.kz Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qaz.krisha.kz, News & Media Website, .

Шымкенттегі тойханаларда сабақ өтуі мүмкін Жергілікті билік Шымкенттегі банкет залдарына мектеп не кафе ретінде қызмет е...
24/02/2021

Шымкенттегі тойханаларда сабақ өтуі мүмкін

Жергілікті билік Шымкенттегі банкет залдарына мектеп не кафе ретінде қызмет етуді ұсынды. Пандемия салдарынан ойын-сауық кешендерінің бос тұрғанына бір жыл болды.

Krisha.kz-ке “Атамекен” аймақтық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлағандай, қалада 250-ден аса адам сыятын 100 шақты салтанат залы бар. Бұл салада 6 мыңға жуық адам еңбек етеді, тағы 7 мың азамат саламен байланысты продюсерлік орталық, той салоны, ойын-сауық ұйымдары сияқты компанияларда жұмыс істейді. Төтенше жағдай енгізілгенге дейін әр тойханада айына 15 той өтетін.

Қазір тойхана қызметкерлерінің 90 %-ы екі қолға бір күрек таппай отыр. Тойхана иелері шығынға батты. Ғимарат үшін төлемдер жасау мен жұмысшылардың біразына айлық төлеу үшін айына 1-ден 3.5 млн-ға дейін ақша жұмсалады. Сонымен қатар Палата өкілдері көбінің банк алдында берешегі барын атап өтті.

Өткен жылы “Оңтүстік” деп аталатын ірі қабылдау үйлерінің бірі қызметін өзгертіп, мектеп ретінде жұмыс істей бастады. Қазір ондағы кезекші сыныптарда үш мыңға жуық оқушы білім алуда.

Салтанат залының иелері профиль ауыстыруға асығар емес. Олардың ойынша мейрамхана қызметінен түсетін табыс шығанның орнын толтырмайды. Кәсіпкерлер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, тойхананы 50 %-дан артық толтырмай, 20:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беруді сұрайды. Алайда билік індеттің таралуы мен санитар дәрігердің ірі шаралар өткізуге тыйым салуына байланысты бұған рұқсат бермей отыр.

Түркістан облысындағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын бес пәтер Krisha.kz-тегі Түркістан облысында сатылып жатқан құны 1...
11/02/2021

Түркістан облысындағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын бес пәтер

Krisha.kz-тегі Түркістан облысында сатылып жатқан құны 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді қарап, бірнешеуін таңдап алдық.

Хабарландыруға сілтемені парақшасындағы stories-тен көріңіз.

*Хабарландырулар материал жарияланған сәтте күшінде болды.
Түркістан облысындағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын бес пәтер

Krisha.kz-тегі Түркістан облысында сатылып жатқан құны 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді қарап, бірнешеуін таңдап алдық.

Хабарландыруға сілтемені парақшасындағы stories-тен көріңіз.

*Хабарландырулар материал жарияланған сәтте күшінде болды.

Алғашқы зейнетақы төлемдері арнайы шотқа аударылды Зейнетақы қоры алғашқы төлемдерді арнайы шоттарға аудара бастады. ”От...
02/02/2021

Алғашқы зейнетақы төлемдері арнайы шотқа аударылды

Зейнетақы қоры алғашқы төлемдерді арнайы шоттарға аудара бастады. ”Отбасы банк” 8 693 азаматтың төлем алғанын хабарлады. Оператор берген ақпаратқа сүйенсек, ақша аудару процесі жеті жұмыс күнінде жүзеге асады.

Процедура және өтінімді қарау мерзімі:
— банк өтінімді екі жұмыс күнінде қарайды;
— бес жұмыс күні өткен соң БЖЗҚ қаражатты өтінім берушінің “Отбасы банкіндегі” арнайы шотына аударады;
— өтінім берушінің enpf-otbasy.kz-тегі жеке кабинетінде өтінім статусы жаңартылады;
— қаражаттың мақсатты жұмсалатынын растау үшін 45 күн ішінде құжаттардың сканерленген нұсқасын бекіту қажет;
— мақұлданған соң 10 жұмыс күні ішінде ақша қабылдаушы тарапқа: сатушы/банк/ипотекалық ұйымға жіберіледі.

Пайдаланушылар сатып алу-сату шартын жасау үшін қажет ақша барын растайтын анықтаманы сұрату әзірше мүмкін еместігін байқаған.

Қызылордадағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын алты пәтер Біз Қызылорда қаласындағы Krisha.kz-те жарияланған бағасы 15 мл...
20/01/2021

Қызылордадағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын алты пәтер

Біз Қызылорда қаласындағы Krisha.kz-те жарияланған бағасы 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді қарап, бірнешеуін таңдап алдық.

Хабарландыру сілтемесін парақшасындағы Stories-тен қараңыздар.

*Хабарландырулар материал жаряланған сәтте күшінде болды.

Өрттен қалай сақтану керек: қауіпсіздік ережелері 2020 жылы Қазақстанда 13.9 мың өрт болып, 389 адам қаза тапты, 363 ада...
14/01/2021

Өрттен қалай сақтану керек: қауіпсіздік ережелері

2020 жылы Қазақстанда 13.9 мың өрт болып, 389 адам қаза тапты, 363 адам жарақат алды. ТЖМ дерегі бойынша бұған басты себеп – отты дұрыс пайдаланбау. Екіншісі электр құралдарын қолдану және монтаждау кезінде ереже сақтамау, ал үшінші себеп – жылыту пешін пайдаланудағы қателік.

Қызыл жалынның қақпанына түсіп, құрбанына айналмас үшін қарапайым қауіпсіздік ержелерін сақтау өажет.

Зейнетақы қорынан ақша аударатын шот ашу қызметі іске қосылды Баспана алу және (немесе) ем ақысын төлеу үшін зейнетақы қ...
14/01/2021

Зейнетақы қорынан ақша аударатын шот ашу қызметі іске қосылды

Баспана алу және (немесе) ем ақысын төлеу үшін зейнетақы қорынан ақша аударылатын арнайы шот ашыла бастады. Қызмет онлайн-режимде “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі “Отбасы банк” қосымшасы арқылы көрсетіледі.

Ең алдымен қазір аталған банк клиенттерінің қатарында жоқ салымшыларға шот ашуға кеңес берілді. Бірақ депозиті бар азаматтар да шот ашуы қажет.

Шот ашу үшін не істеу керек:

1. ЖССБ24 мобильді қосымшасын жүктеңіз (IOS не Android-қа арналған).
2. Басты беттің төменгі жағындағы “БЗТ (бірыңғай зейнетақы төлемдері) үшін шот ашу” батырмасын басыңыз.
3. Мобильді телефон нөмірі мен ЖСН теріңіз. Әрекетті растайтын СМС бар код келуін күтіңіз.
4. Келген кодты енгізіңіз.
5. Жеке куәлік көмегімен тұлғаны растау қажет.
6. Артынша сауалнама толтырасыз.
7. Банк мәлімдемесімен және шарттарымен танысыңыз.
8. Әрекетті растау үшін СМС арқылы келген кодты енгізіңіз.
9. Интернет-банкинг қосымшасына кіру үшін құпиясөз жазыңыз.
10. Содан соң бірыңғай зейнетақы төлемдерін аударуға арналған арнайы шот ашылады.

Еске сала кетейік, 2021 жылдың басынан қордағы қаражаты жеткілікті шектен асқан азаматтар ақшаның бір бөлігін ала алады. Ол ақшаны баспана алу/жөндеу, қымбат ем ақысын төлеу, жеке компанияларға инвестиция құю үшін жұмсауға болады.

Қызылорда қаласындағы ең қымбат 5 пәтер  Қызылорда қаласындағы Krisha.kz-те сатылып жатқан ең қымбат пәтерлер рейтингін ...
08/01/2021

Қызылорда қаласындағы ең қымбат 5 пәтер


Қызылорда қаласындағы Krisha.kz-те сатылып жатқан ең қымбат пәтерлер рейтингін жасадық. Тізімге фотосуреті мен сипаттамасы бар хабарландырулар енді.

Цены предложений варьируются от 25 до 75 млн тенге

ТКШ саласына қатысты айыппұл мөлшері Krisha.kz ереже бұзған көп пәтерлі үй тұрғындарына салынатын айыппұл туралы жадынам...
08/01/2021

ТКШ саласына қатысты айыппұл мөлшері

Krisha.kz ереже бұзған көп пәтерлі үй тұрғындарына салынатын айыппұл туралы жадынама құрады.

Алматы тауларында құтқару бекеттері салынады 2021 жылы Үлкен және Кіші Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару бекеті салы...
06/01/2021

Алматы тауларында құтқару бекеттері салынады

2021 жылы Үлкен және Кіші Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару бекеті салынады. Сонымен қатар 120 шақырым соқпақ жолды абаттандырып, 16 құтқарушыны тәулік бойы кезекке қою жоспарда бар. Бұл жөнінде мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желі арқылы хабарлады.

— Қазірдің өзінде мың шақырымнан астам тау маршруттарын цифрладық, оның жалпы ұзындығы 500 км болатын 36-сы абаттандырылды. Маршруттардың схемасы мен оның күрделілігі көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылды. 2021 жылы 120 шақырымға жететін тау жолы абаттандырылмақ. Кіші және Үлкен Алматы шатқалында екі бақылау-құтқару пунктінің құрылысы қарастырылған. 16 тау құтқарушысы тәулік бойы кезекшілік етеді. Шалғайда орналасқан 14 тораптық учаскеде күрделі ауа райы жағдайларын күтуге болатын жасырыну орындарын ұйымдастырамыз. «Тұйық су» шатқалында тікұшақ алаңын құру жоспарда бар. Түрлі нүктелерде дабыл түймелері бар 10 радиорелелік діңгектерді орнату және «Tau Go» смарт-навигатор қосымшасын әзірлеу көзделген, – деп жазды әкім.

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бойынша кіріс лимиті артты«Нұрлы жер» бағдарламасында ай сайынғы кіріс бойынша шектеу өз...
30/12/2020

«Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бойынша кіріс лимиті артты

«Нұрлы жер» бағдарламасында ай сайынғы кіріс бойынша шектеу өзгерді.

Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспаналы болғысы келетін отбасының әр мүшесінің табысы соңғы жарты жылда 3.1 күнкөріс минимумынан (106 336.2 теңге, 2020 жылы 1 КМ – 34 302 теңге) аспауы тиіс. Бұрын 2 КМ болатын.

«Шаңырақ» және «Несиеге әлеуметтік баспана беру» бағыты бойынша – айына 3.7 КМ, яғни 126.917.4 теңгеден (бұрын 3.1 КМ) жоғары болмауы қажет. Оған қатысатын азаматтардың несиеге баспана алатын өз қаржысы болса лимит бойынша сай келмеуіне болады. Бұған «ТҚЖБ Отбасы банкіндегі» депозит те жарайды.

Сонымен қатар «Шаңырақ» бойынша Нұр-Сұлтандағы «Елорда Құрылыс Компаниясы» және Алматыдағы «Капиталды құрылыс кәсіпорны» құзырлы ұйымдары құрылысын аяқтаған проблемалы тұрғын үйлерден баспана не үлес алуға болады.

Алматыда мереке күндері үй мен пәтерді жалға беруге тыйым салындыАлматыда жеке және заңды тұлғалардың көп адам жиналатын...
24/12/2020

Алматыда мереке күндері үй мен пәтерді жалға беруге тыйым салынды

Алматыда жеке және заңды тұлғалардың көп адам жиналатын шара өткізу үшін үйді жалға беруіне тыйым салынды. Бұл жөнінде оңтүстік астананың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің жаңа қаулысында жазылған. Шектеу 27 желтоқсан күні күшіне енеді.

Сонымен қатар, мынадай шектеулер бар:

— жиналатын адам саны оннан асатын шараларды қоса алғанда, отбасылық мереке не еске алу (банкет, үйлену тойы, мерейтой, ас беру);
— ойын-сауық, спорт шаралары, көрме, форум және конференциялар өткізу;
— банкет залдары, караоке, бильярд, боулинг орталықтары, компьютерлік клуб, түнгі және ойын клубтарының, букмекерлік кеңселер мен лото-клубтардың жұмысы;
— фуд-корт, жабық орындағы балалар ойнайтын алаңдар мен аттракциондардың жұмысы шектеледі.

25 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында барлық ұйымдар мен мекемелерде жаңа жалдық шара өткізуге болмайды және үйге аниматор (Аяз ата, Ақшақар және т.б.) шақырумен айналысатын агенттіктер жұмыс істемейді.

Мына нысандардың жұмысына рұқсат беріледі:

— отыратын орны жоқ стационарлы емес сауда орындары (автоэкспресс, донер және бургер сататын нысандар);
— химиялық тазалау, киім, аяқ киім жөндейтін орындар және т.б.

Бұл нысандардың жұмысына уақыт бойынша шектеу қойылмайды, тек тәулік мерзіміне сай тыныштық сақтаса болғаны.

Мына объектілердің жұмыс режимі мен тәртібі өзгереді:

1. ХҚКО жұмыс күндері 10:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі күні 10:00-ден 15:00-ге дейін қызмет етеді.

2. Сауда орталықтары мен сауда үйлері 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Ондағы азық-түлік сататын дүкендер мен дәріханалардың жұмыс уақыты шектелмейді.

3. Базарлар 17:00-ге дейін ашық болады. Сауда орындары мен базарлар жұмыс күні, демалыс және мереке күндері 30 %-ға және адам саны бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес деңгейде толуы қажет. Одан бөлек, адамдар бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтауға міндетті.

4. Бөлек тұрған және сауда үйіндегі тамақтану орындары 50 %-дан артық толмауы керек және олар 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді. Оған қоса, бір үстелде 4 адамның отыруына рұқсат беріледі.

5. Қонақ үй немесе мейманханаға барғанда COVID-19 жоқтығын растайтын анықтама көрсетудің қажеті жоқ.

6. Туристік нысандарда (демалыс үйлері, шипажай, курорт және туристік базалар) үш күннен артық тұратын демалушының қолында өткеніне 72 сағаттан аспаған ПТР анықтамасы болу керек, келушілер саны 80 %-дан аспауы тиіс.

«Медеу» мұз айдыны мен «Шымбұлақ» кешені де жұмысын жалғастырады. Мұз айдынына 750 адамның келуіне рұқсат етіледі, тау шаңғы кешені 30 %-дан артық толмауы керек. Ондағы тамақтану орындарында үстелдер арасындағы қашықтық 2 метрден кем болмауы қажет.

Балабақшадағы кезекші топтар мен мектепте 1-ден 5-сыныпқа дейінгі кезекші топтарды оқытатын сыныптар ашылмайды.

Мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар және кәсіпорындардың 60–80 % қызметкері (маман саны 15-тен жоғары болса) қашықтан жұмыс істейді. Мамандар жұмыс орнында болуы тиіс өндіріспен, құрылыспен айналысатын ұйымдарға шектеу қойылмайды.

Тұрғын үйдегі дүкендер мен дәріханаларда адам саны бір келушіге 4 шаршы метрден кем емес деңгейде толуы керектігі жазылған маңдайша орнатылуы тиіс.

Инфекция ошағы анықталған үйлердегі кіреберіске дезинфекция жасалады.

Жер телімін сатып алу және жалға алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды Енді жер телімін eGov.kz порталы арқылы сатып ал...
20/12/2020

Жер телімін сатып алу және жалға алу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

Енді жер телімін eGov.kz порталы арқылы сатып алуға не жалға алуға болады. “Азаматтарға арналған үкімет” пилоттық жобаның 10 желтоқсан күні Ақтөбеде іске қосылғанын хабарлады.

Мемлекет меншігіндегі жерді беру қызметі eGov.kz, Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры, Ақтөбе әкімдігінің геопорталы және электронды сату алаңының интеграциясы арқылы көрсетіледі. “Азаматтарға арналған үкімет” өкілдері жуырда екі жер телімі берілгенін, екеуі де коммерциялық мақсатта қолданылатынын атап өтті.

Жобаға қатысу үшін ЭЦҚ қажет. Қызметтің нәтижесі ретінде сатып алу-сату шарты, жалдау құқығы не өтініш қабылданбағаны жайлы жауап беріледі.

Елдегі басқа өңірлерде осы қызметті көрсету жөнінде шешім пилоттық жоба нәтижесі бойынша қабылданады.

Біраз уақыт бұрын Нұр-Сұлтандағы жер телімдерін онлайн рәсімдеу қызметі іске қосылды.

Жаңа жылда үйді қалай сәндейді Жаңа жылдың келуіне екі апта қалды, көп үйде мерекеге қызу дайындық жүріп жатқан шығар. Б...
15/12/2020

Жаңа жылда үйді қалай сәндейді

Жаңа жылдың келуіне екі апта қалды, көп үйде мерекеге қызу дайындық жүріп жатқан шығар. Біз қауіпсіздік техникасы жайлы сөз қозғауды жөн көрдік. Бүгін шыршаны қалай сәндеу керек, электрлі гирлянданы қайда ілген жөн, өрттен сақтану үшін не істеуге болмайды деген сұрақтарға жауап береміз.

Жаңа жыл шыршасы
Оны берік заттың үстіне қою керек. Бұтақтары қабырға, төбе мен пердеге тиіп тұрмауы керек, сонымен қатар электр арқылы қызатын құрылғылар мен батареядан кемі бір метр алыс тұруы қажет. Табиғи шыршаны (арнайы орыннан алған жөн) орнатқанда түскен қылқандарды жинап отыру керек.

Электрлі гирлянда
Мамандар үй ішін әрлегенде қуаты 25 Вт және кезек-кезек жанатын кернеуі 12 В гирлянда қолдануға кеңес береді. Бұл оны қызып кетуден сақтайды, яғни оның тұтану мүмкіндігі де барынша төмен болады. Егер сымдары қызып, жыпылықтай бастаса не шамдарынан ұшқын шықса оны бірден ток көзінен ажырату қажет!

Өрттің алдын алу үшін мына әрекеттерді жасауға болмайды:
— шыршаны мақтамен, дәкемен, қағазбен орауға;
— целлулоид не қағаздан жасалған ойыншықтар ілуге;
— шыршаға немесе оның жанына балауыз шам не бенгал отын жағуға;
— зақымдалған электрлі гирляндала пайдалануға;
— үйден шығарда не ұйықтар алдында гирлянданы қосулы күйде қалдыруға.
— жабық жерде пайдалануға рұқсат етілген шартылдақ және бенгаль оты сияқты заттардан басқа пиротехниканы үй ішінде қолдануға;
— балконда не лоджияда тұрып салют атуға болмайды. Егер өрт шықса оны сөндіру үшін су шашпаңыз. Алдымен пәтерді токтан ажыратып, содан соң ғана отты өшірген дұрыс. Ол үшін тығыз мата, жапқыш немесе кір жуатын ұнтақ пайдалануға болады.

Пиротехникалық заттарды далада қолданған кезде қауіпсіздік шарттарын қатаң сақтау керек. Оларды тұрғын үйден кемі 50 метр алыс тұрып атқан жөн. Сонымен қатар ағаш, электр тарататын желілер мен басқа да кедергілерден аулақ болыңыз. Фитильді бір метр қашықтықтан жағу қажет.

Пиротехника қолданғанда мына әрекеттерді жасауға қатаң тыйым салынады:
— 14 жасқа дейінгі балалардың қолдануына;
— іске қосар алдында қорапқа еңкейіп қарауға;
— отшашуды адамдар мен жануарларға бағыттауға;
— петарданы аяқ астына тастауға;
— құралды желді күні іске қосуға;
— пиротехниканы жылу көздерінің жанында немесе ылғал бөлмеде сақтауға;
— қосылмай қалған отшашуды қайта жағуға болмайды.

Сақ болыңыздар, келе жатқан мереке құтты болсын!

Зейнетақы қорынан ақша алғанда комиссия төлеудің қажеті жоқ Зейнетақы қорына ақша салу не аударумен байланысты операция ...
14/12/2020

Зейнетақы қорынан ақша алғанда комиссия төлеудің қажеті жоқ

Зейнетақы қорына ақша салу не аударумен байланысты операция жасалғанда комиссия алынбайды. Бағдарлама операторы болуы мүмкін Қазақстан тұрғын үй жинақ банкі осындай мәлімдеме жасады.

— Жоғары әлеуметтік жауапкершілікті ескере отырып, зейнетақы жинақтары сақталатын арнайы шот ашумен, оны қолданумен, сонымен қатар ақша аударумен және агенттік қызметтермен байланысты комиссиялардың күші жойылады, – деп мәлімдеді ТҚЖБ төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетейік, зейнетақы қорындағы қаражатты пайдалану схемасы 2021 жылғы қаңтарда іске қосылады. Ереже жобасына сәйкес, ТҚЖБ құзырлы орган болады. Өтініш беру онлайн форматта ЭЦҚ көмегімен іске асады.

Қазақстанда Баспанамен қамту орталығы ашылады Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі “Отбасы банк” даму банкіне айналған соң қызм...
02/12/2020

Қазақстанда Баспанамен қамту орталығы ашылады

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі “Отбасы банк” даму банкіне айналған соң қызметі артып, аясы кеңейеді. Орган кезекте тұрған азаматтарды есепке алумен және баспана үлестірумен айналысады. Өзгерістер тұрғын үй саясатын реформалау концепциясында қарастырылған.

Заң жобасында 2021 жылы банк Ұлттық даму институты болып өзгеретіні жазылған.

Қазір атқаратын қызметінен (жинақ қабылдау, есеп жүргізу, несие беру) бөлек, бұрын әкімдік құзырында болған мынадай қызметтер банкке жүктеледі:
— кезекте тұрғандардың бірыңғай республикалық электронды деректер базасына тіркелген азаматтарды есепке алу;
— баспанаға мұқтаж тұрғындарды есепке алып, “Баспанамен қамтамасыз ету орталығының” базасына енгізу және базаны қадағалау;
— тұрғын үй сертификатын беру процесін басқару;
— жалдау ақысын субсидиялау.

Ұсынылған үлгіге сай, тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығының базасына ел аумағында соңғы бес жылда баспанасы болмаған және категориясына (мемлекеттік қызметкер, көп балалы отбасы, толық емес отбасы және т.б.) байланыссыз өтініш берген он сегізге толған азамат енеді.

Кәмелетке толмағандар келесі категориялар бойынша есепке алынады:
— I және II топ мүгедектері;
— жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, 29 жасқа толмаған және кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған азаматтар;
— кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрімен ауыратын тұлғалар.

Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтағы тұрғындарға қосымша балл беріледі. Мүгедектер және жетім балалар есепке қою күні бойынша артықшылыққа ие болады, себебі оларға кәмелетке толуды күтудің қажеті жоқ.

Табыс деңгейі артқанда және жеке қордан жалдамалы баспана алған жағдайда несиеге баспана үлестіру бағдарламасына қатысу мүмкіндігі сақталады.

Коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер алған немесе табыс деңгейі артқан кезектегі азамат тұрғын үй орталығының базасынан шығарылады.

Сонымен қатар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін «7-20-25» бағдарламасына қатысатын қаржы ұйымдарының қатарына қосу жоспарланып отыр.

Барлық несие операцияларын қазіргі пандемия жағдайында өзекті болып табылатын онлайн-режимге көшіру көзделген.

Тараздағы ең қымбат 5 пәтер Krisha.kz-те сатылып жатқан Тараз қаласындағы аса қымбат пәтерлер рейтингін жасадық. Тізімге...
02/12/2020

Тараздағы ең қымбат 5 пәтер

Krisha.kz-те сатылып жатқан Тараз қаласындағы аса қымбат пәтерлер рейтингін жасадық. Тізімге фотосуреті мен сипаттамасы бар хабарландырулар енді.

https://krisha.kz/content/news/2020/top-5-samyh-dorogih-kvartir-taraza

Қай пәтер көбірек ұнады?

Цены предложения варьируются от 50 до 77 млн тенге

Тараздағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын сегіз пәтерБіз Krisha.kz-те жарияланған Тараздағы құны 15 млн теңгеге дейінгі ...
26/11/2020

Тараздағы бағасы 15 млн теңгеден аспайтын сегіз пәтер

Біз Krisha.kz-те жарияланған Тараздағы құны 15 млн теңгеге дейінгі пәтерлерді қарап, бірнешеуін таңдап алдық.

Хабарландырулар сілтемесін парақшасындағы Stories-тен көруге болады.

*Хабарландырулар материал жарияланған сәтте күшінде болды.

«Баспана Хит» бойынша үлестік ипотекаға өтінім қабылдана бастадыҚазақстанда «Баспана Хит» бойынша үлестік ипотекаға өтін...
26/11/2020

«Баспана Хит» бойынша үлестік ипотекаға өтінім қабылдана бастады

Қазақстанда «Баспана Хит» бойынша үлестік ипотекаға өтінім қабылдау басталды. Қазір бұл жөнінде екі банкке жүгінуге болады:
— CenterCredit,
— Bank RBK.

Естеріңізге сала кетейік, үлестік құрылысты несиеге беру мүмкіндігі жайлы қазан айында хабарланды. Бағдарламаға үлестік қатысу шарты бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер қосылып, бірінші нарықтағы пәтер бағасына қойылған лимит жоғарылады.

Оның шекті құны:
Нұр-Сұлтан мен Алматыда 35 млн тг;
Шымкент, Ақтау, Атырауда 25 млн тг;
Қарағандыда 20 млн тг;
басқа өңірлерде 15 млн тг.

Сыйақы мөлшері қарыз шарты жасалған сәтте «базалық мөлшерлеме + 1.75 базистік пункт» формуласы бойынша анықталады және кейін қайта қаралмайды. Қазір ол 10,75%-ға тең. Бастапқы жарна 20%-дан басталады, мерзімі — 15 жылға дейін.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарламаның үлестік бағытына:
— Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорының (болашақта Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы) кепілдігі бар;
— екінші деңгейлі банк жобасы арқылы үлескерлердің ақшасын алу құқығына ие болған құрылыс компаниялары салған тұрғын үйлер қатысады:

Мынадай нысандар қатыса алмайды:
— сатуға рұқсат «қаңқасы салынғаннан кейін» схемасы бойынша алынған;
— рұқсаты мүлде жоқ, үлестік қатысу шартының орнына құрылыс жүргізуші басқа үлгідегі шартты қолданған, яғни үйді салушы заңға қарсы әрекет еткен нысан.

Мұндай нысандарға ипотека рәсімдеу бұрын қабылданған (екінші нарықтағы және қолданысқа берілген тұрғын үйлер) үйді рәсімдеуден ерекшеленеді.
Қарыз алушының әрекет ету тәртібін «карусельден» қараңыз.

Қазақстан орнықтылық қорының сыртқы коммуникация қызметі берген ақпаратқа сүйенсек, үлестік пәтерге берілетін ипотека екінші нарықтағы нысандармен салыстырғанда жалдам рәсімделеді, себебі кепілді тіркеудің қажеті жоқ. Бұл қадам тұрғын үй қолданысқа берілгенге дейін шегеріледі.

Ипотека ресімдеу жеңілдейдіҚазақстанда ипотека алу жеңілдейді. Кепілді рəсімдеу блокчейн технологиясының көмегімен автом...
18/11/2020

Ипотека ресімдеу жеңілдейді

Қазақстанда ипотека алу жеңілдейді. Кепілді рəсімдеу блокчейн технологиясының көмегімен автоматты түрде жүзеге асады. Бұл жөнінде Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында мәлімдеді.

— Ипотекаға пəтер сатып аларда кепілді тіркеу міндеттеледі. Ол үшін банктен құжат алып, ХҚКО-ға өткізу керек, үш жұмыс күні өткен соң құжат қайта банкке табысталады. Содан кейін ғана ипотека беріледі. Осы бюрократияны жою үшін процесс блокчейн технологиясын қолдану арқылы автоматты түрде іске асатын болады, — деді министр.

Оның сөзінше, бұл ипотека ресімдеу мерзімін қысқартып, клиентке қатысты деректердің дұрыс сақталуына мүмкіндік береді.


Премьер-министр Асқар Мамин мемлекеттік органдарға жаңа іске қолдау көрсетуді тапсырды.

— Қазір көп үйлер қолданысқа беріліп жатыр. Ипотека рəсімдеу жəне мүлікті кепілге қою шарасын барынша жеңілдету қажет. Орталық жəне атқарушы органдарға тиісті жұмыстар атқаруды тапсырамын, — деді үкімет басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, біраз уақыт бұрын біз кепілді ресімдеу шарасының қалай өзгеретінін баяндағанбыз.

Сонымен қатар, отырыста қағаз анықтамалардан толық бас тарту жоспары жайлы сөз қозғалды.

— Біз 2021 жылға қарай қағаз анықтамалардан толық бас тартып, "Азаматтарға арналған үкімет" көрсететін қызмет пен барлық онлайн сервистер мен қызметтердің қолжетімділік деңгейін арттыруға тиіспіз, — деп мәлімдеді Мусин.

Нұр-Сұлтанда Бірыңғай баспана орталығы ашылдыЕлордада баспана саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Онда ...
16/11/2020

Нұр-Сұлтанда Бірыңғай баспана орталығы ашылды

Елордада баспана саласында қызмет көрсететін бірыңғай орталық ашылды. Онда мемлекеттік бағдарламалар, сертификаттар мен жалдамалы баспанаға қатысты кеңес алып, кезекке қалай тұратынын және оның нөмірін қалай тексеретінін білуге болады. Орталықта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің бөлімшесі де бар.

— Бөлінген аумақтың жалпы ауданы – 2 мың шаршы метр, мұнда белгілі бір бағыттың мамандары қызмет етеді. Орталық күн сайын үш жүзден аса адам қабылдайды, – деді астана әкімі Алтай Көлгінов.

Оның сөзінше, жаңа құрылым тұрғындардың әр аудандағы мекемелердің табалдырығын тоздырмай, баспанаға қатысты “бір терезе” қағидасына сай кеңес алуына мүмкіндік береді.

Баспана орталығы Республика, 32 мекенжайында орналасқан. Ол дүйсенбі мен жұма аралығында 8:30-дан 17:00-ге дейін жұмыс істейді. 13:00-ден 14:30-ға дейін түскі үзіліс болады.

Шымкенттегі ең қымбат 5 пәтерШымкент шаһарындағы Krisha.kz-те сатылып жатқан ең қымбат пәтерлер рейтингін жасадық. Тізім...
13/11/2020

Шымкенттегі ең қымбат 5 пәтер

Шымкент шаһарындағы Krisha.kz-те сатылып жатқан ең қымбат пәтерлер рейтингін жасадық. Тізімге фотосуреті мен сипаттамасы жазылған хабарландырулар кірді.

Қай пәтер көбірек ұнады?

https://krisha.kz/content/news/2020/top-5-samyh-dorogih-kvartir-shymkenta

Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ ашыладыАлматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індетінің алдын алу бой...
10/11/2020

Алматыдағы Медеу мен Шымбұлақ ашылады

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус індетінің алдын алу бойынша жаңа қаулыға қол қойды.

10 қарашадан бастап:
– көрермен саны 50 %-ға дейін толған театрлар жұмыс істей алады, бірақ залдағы адам саны 100-ден аспауы қажет;
– мешіттегі жұма-намазды қоспағанда, діни нысандарда топтасып құлшылық етуге рұқсат етіледі. Ғимараттар 30 %-ға дейін толса болады, бірақ адам саны 100-ден аспауы тиіс;
– сауда орталықтары, сауда үйлерінің жұмыс уақыты 22:00-ге дейін ұзарды. Азық-түлік сатпайтын және азық-түлік сататын жабық базарлар 17:00-ге дейін ашық болады. Олар 30 %-дан артық толмауы тиіс және бір келушіге 4 шаршы метрден келуі қажет. Фудкорттар 22:00-ге дейін жұмыс істейді, онда орын саны 50-ден аспауы қажет;
– кафе, мейрамхана және асханалардың да жұмыс режимі өзгерді, олар 7:00-ден 22-00-ге дейін ашық болады;
– қонақ үй мен мейманханада ПТР анықтамасыз тұруға болады, бірақ демалыс үйлері, шипажайлар мен туристік базалар үш күннен артық тұратындардың қолында ПТР анықтамасы (нәтижесі 72 сағаттан ерте шықпаған) міндетті түрде болуы керек. Туристік нысандар 80 %-дан артық толмауы қажет;
– қоғамдық көліктің қызметі шектелмейді. Басты талап – салонға ультракүлгін шам орнатылуы тиіс.

16-30 қараша аралығында “Шымбұлақ” таушаңғы курорты 30 %-дан аспайтын толымдықпен тестілік режимде жұмыс істейді.
19-30 қараша аралығында “Медеу” спорттық-сауықтыру орталығы тестілік режимде жұмыс істейді. Мұнда адам саны 500-ден аспайды.

Курорт пен спорт кешеніндегі қоғамдық тамақтану орындарында 50 адамның отыруына рұқсат беріледі және үстелдер 2 метр қашықтықта орналасуы қажет. Топтық шаралар өткізуге тыйым салынады.

Жоғарыда аталған орындарға баратындар бетперде тағып, арақашықтық сақтауға және санитария талаптарын қатаң сақтауға міндеттеледі.

Жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтерді қалай алады29 жасқа толмаған жұмыс істейтін азаматтарға сатып алу құқығынсыз жал...
05/11/2020

Жұмыс істейтін жастар жалдамалы пәтерді қалай алады

29 жасқа толмаған жұмыс істейтін азаматтарға сатып алу құқығынсыз жалға баспана беру ережесіне сай, қатысушылар құжат өткізу мерзімі туралы хабарландырудың Интернет пен БАҚ-та жариялануын күтуі тиіс.

Содан кейін жастар саясаты мәселелері басқармасына мына құжаттарды өткізеді:

1. Өтініш.
2. Жеке куәліктің көшірмесі.
3. Дипломның көшірмесі.
4. Неке туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).
5. Балалардың туу туралы куәлігінің көшірмесі (бар болса).
6. Өтініш беруші мен отбасы мүшелерінің атында жылжымайтын мүлік жоқтығын растайтын анықтама.
7. Жұмыс орнынан берілетін анықтама.
8. Соңғы 6 айдағы табысы туралы анықтама (табыс мөлшері 40 АЕК, яғни 111 мың теңгеден төмен болмауы қажет).
9. Еңбек өтілін растайтын құжаттар.
10. Банкте шоты барын растайтын анықтама және шот нөмірі.
11. Банк шотындағы ақша қалдығы мен қозғалысы туралы үзінді көшірме.
12. Өтініш берушінің дербес жетістіктері туралы құжаттар (бар болса).

Құжаттар бес жұмыс күні ішінде тексеріледі. Егер өтініш беруші құжат жинап үлгермесе, тағы бір күн беріледі. Содан кейін он жұмыс күні ішінде әкімдік балл есептеп, үміткерлер тізімін жасайды. Балл неғұрлым жоғары болса, пәтер алу мүмкіндігі де артады.

Балл не үшін беріледі:

1. Егер мамандығыңыз “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасына сай халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен сұранысы жоғары 100 кәсіп тізіміне кірсе – 10 балл.
2. Отбасылы болсаңыз – 5 балл.
3. Жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніңізге бір жылдан асса – 5 балл, әр жыл үшін 1 балл.
4. Некеде тұрған әр жыл үшін 2 балл.
5. Бір балаңыз болса – 1 балл, одан кейінгі әр балаға 2 баллдан беріледі.
6. Түрлі қызмет саласында жеткен жетістігіңіз үшін 2 балл аласыз.
7. Мемлекеттік мекеме мен кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерге – 5 балл, әр жылға 1 балл қосылады.
8. Депозитте ақша жинаған әр жыл үшін 2 балл беріледі.

Мүмкіндігі бірдей үміткерлер арасынан ерте өтініш берген азамат басымдыққа ие болады.
Әкімдік баспана беру жөнінде шешім қабылдаған соң 15 күнтізбелік күн ішінде жалдау шартына қол қойылады. Пәтер сатып алу құқығынсыз 5 жылға беріледі.

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге шығарыла бастағаннан бері жиналған қағаз ақшалар коллекциясын көрсетті. Мына ақшалар мен...
18/04/2019

Қазақстанның Ұлттық банкі теңге шығарыла бастағаннан бері жиналған қағаз ақшалар коллекциясын көрсетті. Мына ақшалар мен оларға не алуға болатыны естеріңізде ме? Пікір жазыңыздар, өткенді еске алайық.

10/04/2019

Үйде кішкентай бала барда жөндеу жұмыстарын қалай жылдам жүргізуге болады👍🏼

08/04/2019

Әлеуметтік желіде арық жүйесінің қоршауын екі адамның талқандап жатқан сәті түсірілген видео пайда болды. Алматы полициясы хабарлағандай, олар заңнамаға сәйкес жауапқа тартылатын болады.
____
Видео:

03/04/2019

Астана осылай салынған еді. 2000 жылдардың басында түсірілген мұрағаттық бейнежазба

12/03/2019

Тротуар плиткасын жылдам жасау тәсілі. Қалай ойлайсыздар, ол қаншалықты мықты әрі төзімді болар екен?

27/02/2019

Тараздағы көп қабатты үйлердің бірінде жарылыс болды

27 ақпан күні таңғы уақытта Мыңбұлақ шағынауданында орналасқан бес қабатты үйде газ жарылды. Жарылыстан үш қабаттағы төрт пәтер қираған. Үйінді астынан табылған тоғыз адамның үшеуі қайтыс болды. Зардап шеккендердің жағдайы ауыр. Үйдің өзге тұрғындары жақын маңдағы мектепке көшірілген. Қазір оларға медицина мамандары мен психологтар жәрдемдесіп жатыр.

ҚР ІІМ ТЖК берген алдын ала ақпаратқа сай, апатқа газ құрылғысын дұрыс қолданбау себеп болған көрінеді.

Елбасының тапсырмасымен ҚР премьер-министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек бастаған үкіметтік комиссия құрылды. Комиссия мүшелері оқиға орнына ұшып кетті.

Жедел штаб құрылып, +7 (7262) 51-35-75 нөмірі арқылы қолдау қызметі жұмыс істеуде.

Видео:

25/02/2019

Балалардың өліміне әкеп соққан қайғылы оқиғалардан кейін, Астанада дренажды құдықтарға қорғаныш торларын орнату шарасы басталды. Олар құлаған адамның өмірін сақтауға сеп болады.

Видео: Астана әкімдігі

Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы мурал. Бұл туынды қалай, көңілдеріңізден шыға ма?____Авторлары:
22/02/2019

Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы мурал. Бұл туынды қалай, көңілдеріңізден шыға ма?

____
Авторлары:

Санкт-Петербургтегі коммуналды мекеменің қызметкерлері қазақстандық стрит-арт-суретші Паша Кастың қабырғаға салынған  «О...
20/02/2019

Санкт-Петербургтегі коммуналды мекеменің қызметкерлері қазақстандық стрит-арт-суретші Паша Кастың қабырғаға салынған «Окно в другую реальность» деп аталатын жұмысын бояп тастады.😰

Шымкентте екі баланы өрттен аман алып қалған 13 жасар Бақытжан Беркінбайды марапаттады.Оқиға қала шетіндегі жер үйлердің...
19/02/2019

Шымкентте екі баланы өрттен аман алып қалған 13 жасар Бақытжан Беркінбайды марапаттады.

Оқиға қала шетіндегі жер үйлердің бірінде болды. Өрт шыққан сәтте балалардың ата-анасы үйде болмапты. Балалар жеті жасар әпкелерінің қарауында қалған көрінеді. Ол түтінді көре салысымен көмекке жүгірген. Сол кезде көрші тұратын Бақытжан анасынан өрт сөндірушілерді шақыруын өтініп, өзі жанып жатқан үйге жүгіріп кеткен.

____
Фото: Я очевидец Алматы

Пəтеріңде самалдық болғанын қатты қалаған кезде (Жетісу ша. Алматы қ.)
18/02/2019

Пəтеріңде самалдық болғанын қатты қалаған кезде (Жетісу ша. Алматы қ.)

18/02/2019

Жұмыс аптасы сәтті басталсын деп тілейміз! "Атакентте" тіршілік ететін мына бір сүйкімді тиіннің бейнежазбасы сіздерге тамаша көңіл-күй сыйлайды деп сенеміз.

____
Видео:

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qaz.krisha.kz posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Videos

Shortcuts

  • Address
  • Alerts
  • Videos
  • Claim ownership or report listing
  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share