enb__kazakhstan__akimshiligi

  • Home
  • enb__kazakhstan__akimshiligi

enb__kazakhstan__akimshiligi Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from enb__kazakhstan__akimshiligi, Media, .

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларыМемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шым...
31/10/2023

«Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
Мемлекеттік қызметті Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері: «Электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 20 (жиырма) минут ішінде.
Мемлекеттік қызметті көрсету түрі: Электрондық (ішінара) автоматтандырылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Өтінішті арнайы есепке қою туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері: тегін.
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі: Порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі: Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен не көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда ұялы байланыс операторы ұсынған бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат түрінде Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға өтініш.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
👇

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күніҚарағанды облысындағы қайғылы жағдай бүкіл Қазақстан халқына ауыр тиіп отыр. Шахтада қ...
28/10/2023

29 қазан Жалпыұлттық аза тұту күні

Қарағанды облысындағы қайғылы жағдай бүкіл Қазақстан халқына ауыр тиіп отыр. Шахтада қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтамыз. "Қайғыны бөліссең, азаяды" дейді ел даналығы.
Алматы облысының жұртшылығы қарағандылықтармен бірге! Осындай сын сағатта сабыр сақтап, бірлігімізді көрсету, қара жамылғандарға жылы сөз айтып, сүйеу болу - өте маңызды іс!

Орын алған төтенше оқиғаға байланысты ел Президенті 29 қазанында Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады. Апаттан зардап шеккендердің тез сауығып кетуін тілейміз. Елімізде мұндай төтенше жағдай енді қайталанбасын!

Құрметті округ тұрғындары!Қадірлі қауым!Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!    Бұл –...
24/10/2023

Құрметті округ тұрғындары!
Қадірлі қауым!

Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке – Республика күнімен құттықтаймын!

Бұл – қазақтың сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүрі жаңғырған күн. Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл құжат Тәуелсіздігіміздің саяси-құқықтық негізін қалыптастырды. Бір сөзбен айтсақ, Декларация – еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашқан ақжолтай құжат.
Егемендік декларациясын халықтың жан-жақты және ұзақ жылғы күресінің нәтижесі деуге болады. Әрине, мұндай қадамға бару оңай болған жоқ. Еліміздің сол кездегі саяси-әлеуметтік және демографиялық ахуалы тұрғысынан қарасақ, бұл өте батыл әрекет болатын. Егемендік декларациясы – тәуекел мен дипломатияның, ақыл мен сабырдың жемісі.

Қадірлі қауым!

Бәріміздің мүддеміз – бір, мақсатымыз – ортақ. Біз Тәуелсіз Қазақстанның тұғырын бекітіп, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Осы қастерлі міндетті бәріміз бірге орындаймыз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір. Ендеше, әрдайым бірге болайық, ағайын! Сіздерді Республика күнімен тағы да құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

12/10/2023
Округіміздің тұрғыны, көп балалы ана, 6 бала тәрбиелеп отырған Мырзабекова Сарсенгуль Сериковна “Күміс алқа” наградасыме...
06/10/2023

Округіміздің тұрғыны, көп балалы ана, 6 бала тәрбиелеп отырған Мырзабекова Сарсенгуль Сериковна “Күміс алқа” наградасымен марапатталды. Округ әкімі М.Сугирбеков көп балалы анаға марапатын табыстап, құттықтау тілегін білдірді.

Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты ардагер ұстаздар!Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықт...
05/10/2023

Құрметті ұстаздар қауымы! Ардақты ардагер ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ұстаз – ұлағатты есім. Адам баласын білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беріп, адами қасиеттерді шәкірт бойына дарытуда, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі орасан.
Ұстаз болу аса маңызды және өте қиын, өйткені ұстаз білім ғана беріп қоймайды. Ұстаз баланы болашақ үлкен өмірге дайындап қажетті кеңестермен сусындатады.
Құрметі ұстаздар мен білім саласының ардагерлері! Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық табыстар, игі жақсылықтар мен мейірім тілейміз!

Құрметті Ащыбұлақ ауылының тұрғындары! 2023 жылдың 3 қазан күні сағат 10:00-де, А.Бубенцов атындағы орта мектептің мәжіл...
02/10/2023

Құрметті Ащыбұлақ ауылының тұрғындары!
2023 жылдың 3 қазан күні сағат 10:00-де, А.Бубенцов атындағы орта мектептің мәжіліс залында Қазақстан ауылдық округінің әкімі М.Сугирбековтың Ащыбұлақ ауылы тұрғындарымен кезекті есеп беру жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз!

Құрметті қазыналы қариялар!Ардақты ардагерлер!Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құт...
01/10/2023

Құрметті қазыналы қариялар!
Ардақты ардагерлер!
Сіздерді «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
«Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деп өсиет еткен қазақ қашанда қарттарын қадірлеп өскен ұлт. Бүгінде әр шаңырақта ақылын айтып, тәлімді тәрбиесін беріп, ұлағатты ұғымдарды сіңіріп, шүпірлеген немере-шөберелерінің ортасында марқайып отырған ата-әжелерімізді көрудің өзі бір ғанибет.
Құрметті Абзал ардагер ағалар, Қадірлі Асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз – ұрпақ үшін үлгі-өнеге.
Ақылы – дария, білімі – теңіз , өмірлік тәжірибесі мол сіздерден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз өздеріңіз бастаған игілікті істерді жалғастыруда.
Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы өздеріңіздей ақсақалдардың барында ел ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбастарыңызға бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін! Қазыналы қарттарымыздың қатары ортаймасын!

Құрметпен, Қазақстан ауылдық округінің әкімі Сугирбеков Марат Айтахынұлы!

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары           Мемлекеттік қызметті облыстардың,...
29/09/2023

"Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге кеңсесі немесе портал арқылы мыналарды жолдайды:
көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат ( жеке басын сәйкестендіру үшін);
порталға жүгінген жағдайда:
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесін алу үшін кезекке қоюға арналған электрондық нысандағы өтініш.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жер учаскесін алу үшін кезекке қою" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы талап етеді.
6. Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
👇

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы       Осы "Жер учаскесінің ...
29/09/2023

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы

Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
👇

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу...
29/09/2023

"Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы

Осы "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды жолдайды:
бірінші кезең:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жер учаскесіне құқық алуға арналған өтініш;
2) сұралып отырған жер учаскесінің схемасы (жоспар);
екінші кезең: бекітілген жерге орналастыру жобасы.
Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушылардан талап етуге жол берілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын қажетті құжаттар мен мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

Аула маңының тазалығы бойынша мониторинг жүргізіліп, тұрғындарға ескерту жасалды. Құрметті округ тұрғындары!Өрт салдарын...
18/09/2023

Аула маңының тазалығы бойынша мониторинг жүргізіліп, тұрғындарға ескерту жасалды.

Құрметті округ тұрғындары!
Өрт салдарының алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау мақсатында аула маңына санитарлық тазалық жұмыстарын (шөптерді шабу, күл-қоқыстарды тазарту, құрылыс материалдарын жою, т.б.) жүргізулеріңіз керек екендігін ескертеміз. ҚР әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-бабы бойынша әкімшілік жаза 30 АЕК мөлшеріне дейін жаза қарастырылғанын хабарлаймыз.

Құрметті ауыл тұрғындары Сіздерді қысқа мерзімді 3 айлық оқуға АСПАЗШЫКОНДИТЕРТІГІНШІ электрогазбен дәнекерлеуші маманды...
08/09/2023

Құрметті ауыл тұрғындары Сіздерді қысқа мерзімді 3 айлық оқуға
АСПАЗШЫ
КОНДИТЕР
ТІГІНШІ
электрогазбен дәнекерлеуші мамандықтары бойынша оқуға шақырамыз. Оқу тегін,спипендия төленеді,тұрақты жұмысқа орналастырады.
Аспазшы мен кондитер мамандығына оқыған азаматтар МАГНУМДА ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ. тігінші мамандығы бойынша жұмыс орны ЕСИК ҚАЛАСЫНДА ЖАНАДАН АШЫЛҒАН Казспо тігін цехінде болады. Қабылдау кыркүйек айынын 10 на дейін.
ЕСік қаласы Алматы көшесі 209 мекен жайы бойынша немесе 87277540553 номери аркылы хабарласыныздар.

Ертең 11.09.2023 жылы сағат 9:00-17:00 аралығында  жоғары кернеулі электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілет...
08/09/2023

Ертең 11.09.2023 жылы сағат 9:00-17:00 аралығында жоғары кернеулі электр желілеріне қызмет көрсету жұмыстары жүргізілетіндігіне байланысты, аталған уақытта Қазақстан, Қайыпов ауылдарында электр жарығы болмайды. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!

04/09/2023


01/09/2023
Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен, д...
01/09/2023

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын!
Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!
Қазақстан ауылдық округінің әкімі М.Сугирбеков

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен, д...
01/09/2023

Құрметті ұстаздар! Қымбатты оқушылар, ата - аналар!
Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке - Білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймын.
Сіздерге бүгінгі ерекше, жайма шуақ күні жақсы көңіл күй, жаңа жетістіктер мен ашылуларға ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Кішкентай бүлдіршіндеріміздің талабы - оң, қадамы құтты болсын!
Бүгінгі күн Сіздер үшін үлкен үміттер күні болсын!
Тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңді одан әрі шыңдап, Елбасының Қазақстан халқына жолдауынан туындайтын білім сапасын арттырудағы игі бастамаларға педагогикалық ізденіс, жаңа сертін, шығармашылық табыс тілейміз, қымбатты ұстаздар! Ел ертеңі сендерсіңдер шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болып, қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға, жаңалықтарға толы болсын!

Қазақстан ауылдық округінің әкімі М.Сугирбеков

📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жо...
01/09/2023

📣 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

Жиынға Мәжіліс және Сенат депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам мен еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

⏺ Жолдаудан тікелей эфир сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ www.akorda.kz ресми сайтында, әлеуметтік желілердегі Aqorda аккаунттарында көрсетіледі.

Жолдаудың мәтіндік трансляциясын біздің телеграм арнамыздан оқуға болады.

***

📣 Глава государства Касым-Жомарт Токаев 1 сентября выступит с Посланием народу Казахстана на совместном заседании палат Парламента

Наряду с депутатами Мажилиса и Сената, руководителями центральных государственных органов в мероприятии примут участие члены Национального курултая, Комиссии по правам человека, Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике, представители общественности и трудовых коллективов.

⏺ Прямая трансляция Послания начнется в 11:00 на республиканских телеканалах, а также на официальном сайте www.akorda.kz, аккаунтах Aqorda в социальных сетях.

Текстовая трансляция Послания будет доступна на нашем телеграм-канале.

Алматыда қала тұрғындарына шет тілдерін оқыту бойынша жыл сайынғы әлеуметтік жоба басталады 🥳 24 тамыз Алматының барлық ...
25/08/2023

Алматыда қала тұрғындарына шет тілдерін оқыту бойынша жыл сайынғы әлеуметтік жоба басталады 🥳

24 тамыз Алматының барлық 8 ауданында шет тілдерін тегін оқыту бойынша "Тілдер саябағы" жұмысын бастайды. Сабақтар Алматы қаласының әкімдігімен, аудан әкімдіктерімен, белсенділермен және еріктілермен бірлесіп ұйымдастырылмақ.

"Тілдер саябағы" - бұл қалалық әлеуметтік жоба, оның аясында қала саябақтары базасында бейресми түрде шет тілдерін оқыту бойынша тегін сабақтар өткізіледі. Сабақтар таза ауада өтеді, оған қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Курстар жазғы кезеңде, аптасына 3 рет 1 ай ішінде өтеді.
Курстарды аяқтағаннан кейін барлық белсенді қатысушыларға тілдерді білу деңгейінің көрсеткішімен курстардан өткені туралы сертификаттар беріледі.

🔺Курстар карусельдегі мекен-жайлар бойынша 24тамыз сағат 17:00-18:00 аралығында өтеді.

____________

В Алматы стартует ежегодный социальный проект по обучению горожан иностранным языкам 🥳

24 августа во всех 8 районах Алматы начинается работа «Парка языков» по бесплатному обучению иностранным языкам. Занятия организованы акиматом города Алматы, совместно с акиматами районов, активистами и волонтерами.

«Парк языков» - это городской социальный проект, в рамках которого проводятся бесплатные занятия по изучению иностранных языков в неформальной обстановке на базе парков города. Занятия проходят на свежем воздухе, где могут принять участие все жители города. Курсы проходят в летний период, 3 раза в неделю в течении 1 месяца.
По окончанию курсов всем активным участникам выдаются сертификаты о прохождении курсов, с показателем уровня знания языков.

Курсы пройдут по адресам в карусели с 17:00 до 18:00.

“Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы...
25/08/2023

“Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы 301 бұйрығына енгізілген өзгерістер бойынша Қазақстан ауылдық округі әкім аппараты қызметкерлерімен түсіндіру семинары өтті.

Жергілікті қауымдастық жиналысы өтті!Жиналыстың күн тәртібінде 2 түрлі мәселе қозғалды.1. Көктемгі-күзгі уақытта болуы м...
24/08/2023

Жергілікті қауымдастық жиналысы өтті!
Жиналыстың күн тәртібінде 2 түрлі мәселе қозғалды.
1. Көктемгі-күзгі уақытта болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу (Қазақстан ауылы достық көшесі тұрғындармен тиісті жұмыстар)
2. Жоғарғы кернеулі электр желісінен қауіпсіздікті сақтау (Жоғарғы кернеулі электр желісінің астын артығымен қоршаған тұрғындар мәселесі (Қазақстан ауылы, Рысқұлов көшесі))
Аталған мәселер бойынша ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бас маман А.Тілеуке баяндама жасады.
Айта кетсек, жиналыс бүгін, яғни 2023 жылдың 24 тамыз күні Қазақстан ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залында болып өтті.

Құрметті Қазақстан ауылының тұрғындары! 2023 жылдың 23 тамыз күні сағат 10:00-де Қазақстан ауылдық округі әкім аппаратын...
21/08/2023

Құрметті Қазақстан ауылының тұрғындары!
2023 жылдың 23 тамыз күні сағат 10:00-де Қазақстан ауылдық округі әкім аппаратының мәжіліс залында округ әкімі М.Сугирбековтың есеп беру жиналысы өтетіндігін хабарлаймыз!

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы       Осы "Жер учаскесінің ...
17/08/2023

"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету туралы

Осы "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік қызметті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) портал арқылы көрсетілетін қызметті берушіге мыналарды ұсынады:
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге арналған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгерген кезде, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнына тең соманы бюджет кірісіне төлеу, Кодекстің қажет болған жағдайда, өзгертілген нысаналы мақсат үшін 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 9-бабы 5-тармағына сәйкес кадастрлық (бағалау) құны мен осы учаске бұрын мемлекеттен сатып алынған баға арасындағы айырмаға тең соманы бюджетке төлеу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің көшірмесі.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

Құрметті ауыл тұрғындары! Қазақстан ауылының батыс бөлігінде орналасқан мал өлекселерін тастайтын арнайы орында тазалық ...
16/08/2023

Құрметті ауыл тұрғындары! Қазақстан ауылының батыс бөлігінде орналасқан мал өлекселерін тастайтын арнайы орында тазалық жұмыстары жүргізілді. Ауыл тазалығы үшін, жарқын болашақ, дені сау ұрпақ үшін санитарлық тазалықты сақтауларыңызды сұраймыз. Мал өлекселерін жою жұмыстарын, ветеринарлық мал дәрігерімен бірлесе жүргізу керектігін ескертеміз.

Белгіленбеген орындарға төгілген құрылыс қалдықтарын жою жұмыстары жүргізілді. Құрылыс қалдықтары Ж.Қайыпов ауылының кір...
15/08/2023

Белгіленбеген орындарға төгілген құрылыс қалдықтарын жою жұмыстары жүргізілді. Құрылыс қалдықтары Ж.Қайыпов ауылының кіре берісі, үлкен доп алаңының жанына төгілген.

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының...
11/08/2023

Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 Заңының 12-бабына сәйкес меншiк иелерi не жер пайдаланушылар жер учаскелерiн құрылыс салу үшiн пайдалануды тек қана Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтiлген жобалау құжаттамасына сәйкес, құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту және оны пайдалану қағидаларын сақтай отырып жүзеге асатындығы және осы Заңның 17-бабына «Жеке тұрғын үй құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 3 қарашадағы N 213 Заңының 15-бабына сәйкес өз бетiнше құрылыс салу, нақ сол сияқты үйлердiң, жекелеген үй-жайлардың және (немесе) үй бөліктерiнiң сәулеттiк келбетiн өзгерту, қайта жоспарлау (қайта жабдықтау, қайта бейiмдеу), тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстарын өз бетiмен сала бастаған немесе оны салған тұлға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болатындығы туралы мониторинг жүргізіліп, салынып жатқан құрылыстарға ескертулер берілді.

Округ әкімі Сугирбеков Марат Айтахынұлы және мәслихат депутаты Дунгешов Мұхит Диқанәліұлы Қазақстан ауылында жүргізіліп ...
10/08/2023

Округ әкімі Сугирбеков Марат Айтахынұлы және мәслихат депутаты Дунгешов Мұхит Диқанәліұлы Қазақстан ауылында жүргізіліп жатқан ауыз су құрылысына бақылау жасау мақсатында аралау жұмыстарын жүргізуде.
Айта кетейік, Қазақстан және Ащыбұлақ ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары 2024 жылдың аяғына дейін жүргізілетін болады.

Құрметті округ тұрғындары!Қазақстан ауылдық округінің әкімі аппараты 2021, 2022, 2023 жылы оқу бітірген мамандық бойынша...
08/08/2023

Құрметті округ тұрғындары!
Қазақстан ауылдық округінің әкімі аппараты 2021, 2022, 2023 жылы оқу бітірген мамандық бойынша жұмыс жасамаған түлектерді «Жастар тәжірбиесі» бағдарламасы аясында жұмысқа шақырады.
Жұмыс мерзімі: 12 айды құрайды.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі мекен-жайға хабарласыңыздар:
Қазақстан ауылы, Райымбек көшесі 19 А.
«Қазақстан ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ
Тел: 7-95-56
87086939897

Округ аумағында салынып жатқан заңсыз құрылыстарға және жалға берілген жерлер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.
07/08/2023

Округ аумағында салынып жатқан заңсыз құрылыстарға және жалға берілген жерлер бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді.

Қазақстан ауылының су құбырларын жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды “БАЙМЕН” ЖШС жүргізуде. Қазақстан және Ащыбұлақ а...
03/08/2023

Қазақстан ауылының су құбырларын жөндеу жұмыстары басталды. Жұмыстарды “БАЙМЕН” ЖШС жүргізуде. Қазақстан және Ащыбұлақ ауылдарының су құбырларына күрделі жұмыс жүргізу 2024 жылдың аяғына жүретін болады.

Ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өмірдің жаңа бастамасы іспетті жаңа жыл мерекесі де келіп жетті! Жаңа жыл құт...
31/12/2022

Ғажайып армандар мен жарқын үміттерге толы өмірдің жаңа бастамасы іспетті жаңа жыл мерекесі де келіп жетті!
Жаңа жыл құтты болсын! Осынау мерекеде жұмысыңызға табыс, мықты денсаулық, дастарханыңыздың молшылықта болуын тілеймін. Жаңа 2023 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын!
Жаңа жыл әрбір шаңыраққа бейбіт өмір, тыныштық және мол жақсылықтар әкелсін. Жаңа жыл құтты болсын!

ОТШАШУДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНШАҰСЫНЫСТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕРНұсқаулықты мұқият оқуға ешқашан ерінбеніз. Есіңізде болсын, тіпті таныс...
30/12/2022

ОТШАШУДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР

Нұсқаулықты мұқият оқуға ешқашан ерінбеніз. Есіңізде болсын, тіпті таныс пиротехникалық өнімінің өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін

Бенгал шамын ғана қолмен ұстауға болады.
Қалған отшашуды жерге қойып, қауіпсіз
арақашықтықты сақтау керек

Отшашудың білтесін қолдан алыс ұстау керек

Отшашуды ату кезінде қауіпті аймақтан
алыс тұру керек (50 метр). Жақын жерде
үй, тұрақтағы көлік, ағаш және т.б.болмауга тиіс

Балалардың, өз бетінше ракета мен отшашуды пайдалануына жол бермеңізОтшашуды пайдалану бойынша ұсыныстар мен ережелер

ОТШАШУДЫ ПАЙДАЛАНУ БОЙЫНША
ҰСЫНЫСТАР МЕН ЕРЕЖЕЛЕР

Нұсқаулықты мұқият оқуға ешқашан ерінбеніз. Есіңізде болсын, тіпті таныс пиротехникалық өнімінің өзіндік ерекшелігі болуы мүмкін

Бенгал шамын ғана қолмен ұстауға болады.
Қалған отшашуды жерге қойып, қауіпсіз
арақашықтықты сақтау керек

Отшашудың білтесін қолдан алыс ұстау керек

Отшашуды ату кезінде қауіпті аймақтан
алыс тұру керек (50 метр). Жақын жерде
үй, тұрақтағы көлік, ағаш және т.б.болмауга тиіс

Балалардың, өз бетінше ракета мен отшашуды пайдалануына жол бермеңіз.

ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
Атылып жатқан пиротехникалык өнімді
қолмен ұстауға

Өнім атылмай қалған жағдайда, қайта ату
үшін ішіне үңілуге

Ракета мен отшашуды адамдар мен жануарларға бағыттауға, аяқтың астына

Ғимарат ішінде қолдануға

Отшашудың бағытының өзгерту мүмкін электр желісінде, төбесі аласа шатырда, ағаш қалқа астында жене т.б. жерде атуға

Отшашуды үйдің балконынан атуға

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті!2 мен 10 жас аралығындағы 25 балаға жаңа жылға арналған шырша ұйымдастыры...
29/12/2022

Балаларға арналған жаңа жылдық шырша кеші өтті!

2 мен 10 жас аралығындағы 25 балаға жаңа жылға арналған шырша ұйымдастырылды. Жаңа жылдық қойылымға мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.
Қойылым барысында, округіміздің қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері және ауыл ақсақалдары Бақас Дәулетбақ және Копшилбаев Әділбек аталарымыз балаларды жаңа жылдарымен құттықтап, ақ тілектерін айтып, баталарын берді.
Осыған қоса, округ әкімінің орынбасары Канаев Марат Нұрланұлы бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, жеке кәсіпкер Қырғызбай Нұрбақыт демеушілігімен, жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Қойылым Аяз ата, Ақшақар және тағы басқа ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен көңілді де қызықты өтті.

Қазақстан ауылының паркі пайдалануға берілді!
28/12/2022

Қазақстан ауылының паркі пайдалануға берілді!

Сең жүру — өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің (негізінен қоңыржай және биіктік белдеулерде) ағыстың, желдің, судың ...
20/12/2022

Сең жүру — өзен мен көл бетіндегі мұз кесектерінің (негізінен қоңыржай және биіктік белдеулерде) ағыстың, желдің, судың температурасының әсерінен қозғалуы. Сең өзендерде ағыс бағытында, ал көлдерде желдің бағытында жүреді. Сең жүру көктемгі және қысқы болып бөлінеді.

Көктемгі сең жүру мұз жамылғысы бұзылғанда, қысқы cең жүруде су қабатындағы шарбы мұз, анжыр (қабыршақ мұз), көксоқтаның бірігіп қатуынан қалыптасқан мұз кесектері қозғалады. Сең жүру кезеңінде өзен арнасының мұз өтуі қиын жерлерінде, иіндерінде, қайраңдарда мұз сеңдері жиылып, су деңгейі күрт көтеріліп, айтарлықтай аумақты су басуы мүмкін. Мұз жиілігі өзендерде ондық балл жүйесімен, көлдерде үш баллдық жүйемен өлшенеді.
Ауданның тұрғындары мен қонақтары еске саламыз: Сең жүру қаупі сақталады! Өзендер мен көлдерге жақын бармауларыңызды сұраймыз!
Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.

Address


Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when enb__kazakhstan__akimshiligi posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Shortcuts

  • Address
  • Alerts
  • Claim ownership or report listing
  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share