Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесін күйік шалды, ол ауруханаға жатқызылды.
ERNUR.KZ. Семей қаласында көпқабатты үйден өрт шықты. Құтқарушылар түтінге тұншығып тұрған екі баланы алтыншы қабаттан автосатымен сыртқа шығарды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, төтенше жағдай Физкультурная көшесінде болған. Алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз бен жеке заттар өртенген. Алдын ала болжамға сәйкес, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмаған.
Оқиға орнына барған құтқарушылар жанып жатқан пәтерден 14 және 16 жастағы баланы автосатымен алып шықты. Оларда улану белгілері болғандықтан, медициналық мекемеге жеткізілген. Бұдан бөлек, үйдің 31 тұрғыны, соның ішінде 14 бала қауіпсіз жерге шығарылды.
"Балаларына көмектесуге тырысқан 1980 жылғы пәтер иесін күйік шалып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 10 техника тартылды", - дейді департамент мамандары
Құтқарушылар қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажеттігін тағы бір мәрте ескертті. Өрт шыққан жағдайда тыныс алу органдарын дымқыл шүберекпен жауып, тү
Бұл концерт бастапқыда жергілікті билік және құқық қорғау органдарымен келісілмегендіктен, концерт "Наурыз" алаңында өтпеген.
Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында халық көптігіне байланысты өтпей қалған концерттің видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Видеодан концертке жиналған халықтың қарасы көп екенін көруге болады. Сонымен қоса, залға кіре алмаған көрермендердің есікті ашуға тырысқандары да көрінеді.
Жалпы концертті «Meyirimdi asyladam» қайырымдылық қоры ұйымдастырған.
Аталған концертті ұйымдастырушылар әлеуметтік желілерде 12 маусым күні Шымкент қаласындағы "Наурыз" алаңында жұлдыздар мен блогерлердің қатысуымен тегін қайырымдылық концерті өтетінін хабарлаған.
Бұл концерт бастапқыда жергілікті билік және құқық қорғау органдарымен келісілмегендіктен, концерт "Наурыз" алаңында өтпеген.
Іс-шараны ұйымдастырушылар сол күні "Түркістан" мәдениет сарайының өкілдерімен 2022 жылғы 12 маусым сағат 19:00-де концерт өткізу туралы шарт жасасқан.
Сағат 18:00-де (басталуы 19: 00-де) "Түркістан" мәдениет сарайына шамамен 2 500 адам жиналған. Алайда, "Түркістан" мәдениет сарайы 1 300 орынға ар
Бірінші маусымның басты кейіпкерлері экранға қайта оралады.
ERNUR.KZ. Режиссер Хван Дон-хёк танымал оңтүстіккореялық "Кальмар ойыны" (Squid Game) сериалының екінші маусымының сценарийімен жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады sputnik.kz.
Бұл туралы америкалық Netflix ("Нетфликс") стримингтік сервисінің сайтында жарияланған режиссердің хатында айтылған.
Оның айтуынша, бірінші маусымның басты кейіпкерлері экранға қайта оралады. Көрермендер бірқатар жаңа кейіпкермен танысады.
"Кальмар ойыны" Netflix-тің ең табысты шоуы деп танылды. 2021 жылдың 17 қыркүйегінде сериал шыққаннан кейін алғашқы төрт аптада көрермендер оны көруге 1,65 миллиард сағаттан астам уақытын арнады. Фильмде адамдар көп ақша үшін өз өмірін қатерге тігетін құпия ойын туралы айтылады.
На этом видео запечатлён момент дерзкого похищения подгузников
На кадрах с камеры видеонаблюдения видно, как молодой человек берёт с полки подгузники и выходит из супермаркета, не заплатив.
Похитителем «памперсов» оказался 21-летний житель столицы. Полицейские задержали подозреваемого, а все пять упаковок подгузников были изъяты и возвращены владельцу — супермаркету «Магнум».
Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.
ERNUR.KZ. Атырау облысында полицейлер ашық терезеге қарап тұрған екі және үш жасар баланы құтқарды, деп жазады Stan.kz
Облыстық полиция департаментіне хабарлама 5 маусым күні сағат 19:00 шамасында түскен.
“Оқиға орнына келген Тойғожа Әзбергенов, Ренат Исемғалиев, Аслан Мұсаев және Мақат ауданының тұрғыны Қайрат екінші қабаттың терезесіне көтеріліп, балаларды қауіпсіз жерге алып кетті”,- деді Атырау облысы полиция департаментінің
Деректерге сәйкес екі бүлдірішін үйде жалғыз болған.
“Ювеналды полиция инспекторының мәліметінше балалардың 1997 жылғы ата-анасы жұмыста болған. Тәртіп сақшылары олармен түсіндірме әңгіме жүргізді,”- деп қосты баспасөз қызметі.
Шымкентте перзантханада жарылыс болды
Жарылыс салдарынан тұрғын үй мен автокөліктерге зиян келген
Жақын тұрған бес қабаттың үйдегі пәтердің терезелері мен балконы бұзылды. Сондай-ақ, 7 көлікке зақым келді.
Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, жарылыс болған ғимараттың жалпы ауданы – 360 шаршы метр. Тілсіз жау 55 шаршы метрге шарпыған. Жарылыстың салдарынан ғимараттың 130 шаршы метрі қирады.
▪️Үйінділердің арасынан денесі күйген ер адамның мәйіті табылды.
Жағдайы төмен отбасыларға көмектескен.
Жетісайлық жігіттер Африка тұрғындарына тамақ үлестіріп, құдық қазып берді (видео)
Жетісай ауданының азаматтары африкалық тұрғындарға көмек көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданының жігіттері Африкадағы жағдайы төмен отбасыларға тамақ үлестіріп, таза ауыз су ішетін құдық қазып берді. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз хатшысы ресми жауап беріп, мәліметті растады.
«Абай ауылдық округі, Жүзімдік ауылынан шыққан жігіттер аты-жөндерін, бұл іске қанша қаржы жұмсағанын айтпауды өтінді. Дегенмен, мәліметті растаймын. Бұдан басқа ақпарат жарияланбайды», - деді баспасөз хатшысы.
Бала мектеп дәлізімен жүгіріп өткені үшін екі шапалақ жеді.
Маңғыстауда мұғалім бірінші сынып оқушысын екі рет шапалақпен тартып жіберді – видео
ERNUR.KZ. Маңғыстау облысындағы Ақшұқыр ауылының тұрғыны мектеп дәлізімен жүгіріп келе жатқан қызды екі рет ұрып жіберген мұғалімнің үстінен шағым түсірді, деп жазады sputnik.kz.
Ата-ананың айтуынша, оқиға осы жылдың 11 сәуірінде болған. Үш аптадан кейін, яғни 3 мамырда оқушы қыздың анасы мектеп директоры мен облыстағы білім сапасын қамтамасыз ету департаментінен арызына жауап алған.
Гимназия директоры өз жауабында параллель сыныптың мұғалімі қызды ұрмағанын, жүгіріп бара жатып құлап қалмау үшін ұстап қалғанын жазған. Облыстық білім басқармасынан келген хатта 12 сәуірде мұғалімге қатаң сөгіс жарияланғаны айтылған. Ал 14 сәуірде ол жұмыстан босатылған, бірақ жауапта қай бап бойынша екені көрсетілмеген.
Қыздың анасының сөзіне қарағанда, мұғалім өзімен, директормен және педагогикалық ұжыммен сөйлескен кезде сол күні көңіл-күйі болмағанын айтқан. Сонымен бірге ол өз әрекеті үшін кешірім сұрамаған, деп жазды Lada.kz.
Бірінші сынып оқушысының а
Оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған.
Алматыда әйелді таяқпен сабаған ер адам видеоға түсіп қалды
ERNUR.KZ. Алматыда егде жастағы әйелді ұрып-соғып жатқан ер адам видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Оқиға Алатау ауданындағы жеке секторда болған. Бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеода алдымен екі әйел арасында жанжал шыққаны, кейін бір ер адам шығып, зейнеткерді ұра бастағаны көрінеді. Толық ақпарат әлі жарияланған жоқ. Алматы полициясы тексеруді 1 мамырда бастаған.
"Алатау ауданы ПБ қызметкерлеріне құқықбұзушылар әрекетіне баға беру үшін қажетті дәлелдемелерді жедел жинап, есепке алу тапсырылды", - деді ПД бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.
Тексеріс барысы мен нәтижелері Алматы Полиция департаменті бақылауына алынған.
Видеоға қарағанда, оқиға Алатау ауданында "Алматы Арена" кешені маңында болған.
Алматыда қызды
ERNUR.KZ. Алматыда белгісіз біреулердің көшеде қызды "ұрлап кеткен" сәті видеоға түсіп қалды, деп жазады tengrinews.kz.
Видеоға қарағанда, оқиға Алатау ауданында "Алматы Арена" кешені маңында болған.
Кадрларда қыз жол шетінде такси ұстап тұрғаны көрінеді. Кейін ақ түсті көліктен екі жігіт жүгіріп шығып, оны ұстап, күштеп көлікке отырғызып, алып кетеді. Бұл ретте көліктің мемлекеттік нөмірі болмаған.
Видеоны Алматы полициясы зерттеп жатыр.
"Алатау ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі мәліметінше, "102" пультіне және олардың бөлімшелеріне бұл оқиғаға қатысты ешқандай дабыл, өтініш және арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта жедел бөлімше мән-жайды анықтау бойынша тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Тәжірибеге сүйенсек, бұл пранк немесе шығармашылық түсірілім болуы да мүмкін. Бұл қарастыратын нұсқалардың бірі, анық емес. Қалай болғанда да, тексеру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бүгінгі таңда тергеу органдарының өндірісінде осы санаттағы 4 849 қылмыстық іс бар екені және сот санкциясымен 627 күдікті адам қамауда отырғаны айтылды.
Бас прокуратура өкілдері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысыда қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеу жұмыстарының жайы туралы баяндап, бұлтартпау шараларын жеңілдетуге қатысты пікір білдірді.
Бүгінгі таңда тергеу органдарының өндірісінде осы санаттағы 4 849 қылмыстық іс бар екені және сот санкциясымен 627 күдікті адам қамауда отырғаны айтылды.
Туристер қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалған.
ERNUR.KZ. Алматыда жоғалып кеткен ерлі-зайыпты қызметтік иттің көмегімен табылды, деп жазады sputnik.kz.
10 сәуірде түнде республикалық жедел құтқару отрядына шақырту келіп түсті. Кім-Асар шатқалында ер адам мен әйелдің жоғалғаны туралы хабарлама жіберілді. Жедел құтқару тобы мен кинологтар тауға аттанған. Бұл уақытта жоғалғандармен ұялы байланыс та орнатылды. Сол арқылы олардың орналасқан жері анықталды. Құтқарушылар сол маңға жақындағанда Эра есімді қызметтік ит бірінші болып адамдардың дауысын естіп, сол жаққа қарай жүгіріп үре бастайды. Туристердің қары қалың Бутаков шатқалына қарай кетіп қалғаны анықталды. Қараңғы түсіп кеткендіктен олар бағытынан жаңылып, киімдері лайық болмағандықтан малмаңдай су болып тоңып қалған. Иттің мойнына жарық шашатын арнайы қарғыбау кигізілген. Сондықтан туристер одан қорыққан жоқ. Өздеріне көмек келе жатқанын түсінген. Жедел құтқару жасағы туристерге жылы киім беріп, қалаға жеткізді.
Украинаның қауымдастыққа мүше болу туралы өтінішін қарау әзірге жазға қалдырылды.
ERNUR.KZ. Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен әдетте елдің ЕО-ға кіру процесі ұзақ жылдарға созылатынын, бірақ Украинада болып жатқан жағдайды ескеріп қауымдастық мүшелері оны тездетуге дайын болуы керектігін айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
"Украина болашақта не істегісі келетінін, өз елін қалай құрғысы келетінін өзі шешуі. Ол Еуропалық Одаққа кіргісі келеді", - деді ол. Фон дер Ляйен сонымен қатар ЕО билігін "ерекше шешімдер" қабылдауға дайын болуға шақырды. Ол Украина көшбасшысы Владимир Зеленскиймен кездесуі және оған Еуропалық Одаққа қосылу туралы келіссөздерді бастау үшін сауалнама салынған конверт тапсырғаны туралы айтты. Оның айтуынша, сауалнама жақында талқылауға негіз болады. Украинаның қауымдастыққа мүше болу туралы өтінішін қарау әзірге жазға қалдырылды, дегенмен Зеленскийдің айтуынша, Литва, Латвия, Эстония және Польша қазірдің өзінде ЕО-ға қосылуды жақтап отыр.
Ақтөбеде оқушы қыз арыққа құлап кеткен. Ол қар суы ағатын арықтың шетімен жүрмек болған, алайда суға құлап, шыға алмай қалған. Қызды бірнеше еркек арықтан алып шықты.
Кейін оқиға орнына Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин мен қала әкімі Асхат Шахаров келді. Әкім Оразалин мұндай жағдайға жол берген барлық жұмысшылардың жауапқа тартылатынын мәлімдеді.
Атырау облысында шұғыл эвакуация: Сағыз ауылы су астында қалды
Атырау облысында Ноғайта өзенінің тасуы салдарынан Сағыз ауылы су астында қалды. ERNUR.KZ. Жергілікті тұрғындар шұғыл түрде ауылдық колледж бен мектепке көшірілді, деп жазады Zakon.kz.
Қазір су басу қаупі бар 24 үйден адамдар эвакуацияланып жатыр. Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіз жерге, ауылдық колледж бен мектепке эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, - деп атап өтті ATPress.kz басылымында. Ақпаратта айтылғандай, азаматтарды эвакуациялауға және қорғаныс бөгеттерін салуға еріктілер мен түрлі кәсіпорындардың қызметкерлерін қосқанда барлығы екі жүз адам жұмылдырылды.