31/12/2024
Қымбатты отандастар!
Міне, 2024 жыл да мәресіне таяп қалды. Бұл жыл Қазақстан мен әлем үшін өзгеріс пен сынаққа толы болды. Жаңа жыл қарсаңы — өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасап, болашақ туралы ойлануға мүмкіндік беретін уақыт. Өткен жылы бәрімізге дұрыс мақсат қоюды тілеген едім. Бүгін тағы да еске салғым келетіні: қойған мақсаттарыңыз сіздің табандылық танытуыңызға лайық. Алған бетіңізден қайтпаңыз.
2025 жылға қадам басқанда, әрқайсыңызға өзіңізге адал болуды, арманыңызға ұмтылып, қанша қиын болса да, кері шегіндірмейтін қайсар мінез тілеймін. Жақындарыңыз бен туыстарыңыз әрдайым жаныңызда болып, сізді қолдап, шабыт сыйлап жүре берсін.
Әрбір елде, әрбір үйде бейбітшілік пен жақсылық болсын. Жаңа жыл әрқайсымызға жаңа үміт, жаңа күш пен жаңа мүмкіндіктер әкелсін.
Мереке құтты болсын, қымбатты достар!
ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Дорогие соотечественники!
Вот и подходит к концу 2024 год — год, полный вызовов и перемен для Казахстана и всего мира. Это время, когда мы оглядываемся назад, подводим итоги и думаем о будущем. В прошлом году я пожелал нам всем выбрать правильные цели. Сегодня я хочу напомнить: цель, которую вы избрали, достойна вашего упорства. Пусть ничто не заставит вас свернуть с этого пути.
На пороге 2025 года я желаю каждому из вас быть верными себе, идти за своей мечтой и не отступать, как бы трудно ни было. Пусть ваши родные и близкие всегда будут рядом, поддерживая и вдохновляя вас.
Пусть в каждую страну, в каждый дом придут мир и добро. Пусть Новый год принесёт каждому из нас новые надежды, силы и возможности для свершений.
С праздником, дорогие друзья!
ПОЗДРАВЛЯЮ С НОВЫМ ГОДОМ!