Ағамыз балаларына деген бір сағынышын білдіріпті...
😪😪😪😪
Димаштың дауысы қойылмаған деген әнші Бақыт Шадаева көрермендерден кешірім сұрады...
Бірақ, өз кінәсін толық түсінбеген сияқты...
Жамбылда мұнай өңдейтін зауыт өртенуде...
2021 жылдағы ауылдың жедел жәрдемі
Алматы облысында Панфилов ауданындағы «Хоргос» өткізу пунктінде халық жолды жауып тастады. Халыққа басу айтпақшы болған Жаркент қаласының әкімі Болат Омаров наразы тұрғындармен сөзге келіп қалды.
«Онға жуық белсенді ұсталды. Сол себепті халық жолға жиналды. Бәрі «Хоргос» үшін. Міне әкімдер де жүр», – дейді әлеуметтік желіде таралған видеоның авторы.
Әкім жиналғандарға дөрекелік танытқан, алайда халық оны бұл қылығы үшін сөгіп тастады.
«Әкім мырза, сізді халық таңдады ғой? Енді сол халықты тыңдаңыз», – дейді наразылардың бірі.
«Сен мені таңдаған жоқсын!» – деп әкім ашулы күйде.
Айта кетсек, Болат Омаров Жаркент қаласының әкімі болып 2020 жылы наурызда тағайындалды. Шенеуніктің бұл әрекетін мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттік назарына алуы мүмкін.
Ақмола облысының Шортанды ауданында жүк көлігі суға аударылып, жүргізуші тұншығып көз жұмды.
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай сәуірдің 16-да Бектау ауылы маңында орын алған.
«Анықталғандай, қарғын су шайып кеткен автожолмен қиыршық тас зауытына бара жатқан «Шансиман» жүк көлігі жолда батып қалады. Бульдозер тракторымен сүйреп шығару кезінде жүк көлігі аударылып, алдымен кабинасы кейін түгел суға батады. Осы кезде көлік ішінде болған жүргізуші сыртқа шыға алмай, оқиға орнында көз жұмды», – дейді ведомстводан.
Қазіргі кезде жүргізушінің денесі Нұр-Сұлтан қаласындағы мәйітханаға жіберілді. Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Еңбекті қорғау ережесінің бұзылуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Шортанды ауданы аумағында жүк көлігінің сүйреу кезінде суға аударылғаны туралы бейнежазба тарап жатыр. Онда көлік ішіндегі жүргізушіні куәгерлер құтқармақшы болғанын көруге болады.
Бауыржан Момышұлы атамыздың видеосы табылды.