Вице-президентке жасалған қастандық видеоға түсіп қалған
Аргентина вице-президенті Кристина Фернандес де Киршнерге жасалған шабуыл видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.
Аргентина вице-президенті қастандық әрекетінен аман қалды. Белгісіз ер адам оның бетіне тапанша тақаған.
Оқиға 69 жастағы де Киршнер Буэнос-Айрестегі үйінен шығып келе жатқан кезде болған. Ол бұдан бір күн бұрын 2007-2015 жылдар аралығында президент болған кезінде сыбайлас жемқорлыққа қатысты деп айып тағылған сот отырысына қатысқан. Вице-президент өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды.
Оған қару тақаған 35 жастағы ер адам екені анықталды. Ол - Бразилия азаматы. Кадрларда оның көпшілік арасында тұрып, 32 калибрлі "Берса" тапаншасын Киршнерге бағыттағанын, бірақ оқ атпағанын көруге болады. Ер адамды күзет қызметкерлері ұстап, қамауға алған.
Елдің қазіргі президенті қастандық әрекетті Аргентинада 1983 жылы демократия қалпына келтірілгеннен бергі ең сорақы оқиға деп атады.
Ақбота-Нұрдың белгісіз жігітпен сүйіскен видеосы қызу талқыға түсті
Әнші, актриса Ақбота-Нұрды әлдекім сүйіп алған видеосы тарап кетті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында ғана актер Асылхан Төлеповпен сүйіскен видеосы желіні шулатып, қызу талқыға түскен болатын.
Бұл жолы бейтаныс жігіттің көшеде актрисаны сүйіп алғаны видеода байқалып тұр.
"Тағы қысқа кимедің ба?","Масқарв","Сүйіс көбейіп кетті ғой","Қызғанып кеттім","сүйдірмеші","тәттісіңғой қалай сүймейді","Етегі слишком қысқы","аяқтары оқ екен", - деп оқырмандары пікір қалдырды.
Естеріңізге сала кетсек, актриса қазіргі таңда "Ақ пен қара" атты сериалға түсуде. Басты рөлде Жәния есімді кейіпкерді сомдауда.
Полициядан қашпақ болған жүргізуші апатқа ұшырады
Павлодарда мас жүргізуші полициядан қашпақ болып, қоршауға соғылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
30 тамыз күні сағат 03.50-де Павлодар қаласының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері әуежайға барар жолда Hyundai Santa Fe автокөлігін тоқтатты.
Жүргізушімен сөйлескен кезде полицейлер 37 жастағы ер адамнан алкогольдің иісі шыққанын байқады. Осыған байланысты тәртіп сақшысы одан көліктен шығуын өтінді, бірақ ол талапты елемей, полициядан жасырынуды шешіп, қашпақшы болды.
– Содан кейін жүргізуші қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, тас жиекке соғылып, салдарынан жол белгісіне шығып кетті. Бұл да оны тоқтата алмады. Полициядан жасырынуды жалғастыра отырып, әуежай ғимаратының жанында ол қоршауға келіп соғылды, – деді Павлодар қаласы патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Алтынбек Медияров.
Көлікте жүргізушімен бірге 6 жолаушы болған, олардың соққыдан жарақат алғаны белгілі болды.
Дәрігерлері тексергеннен кейін қыздар мен жігіттер ауруханаға жатқызылудан бас тартты.
Жүргізуш
Оққағар көзарбасу кезінде Мейвезердің қарсыласын итеріп жіберді
25 қыркүйек Сайтамада (Жапония) белгілі боксшы Флойд Мейвезер кезекті тамашалық жекпе-жегін өткізеді. Бұл жолы америкалықтың қарсыласы аралас жекпе-жектің жапониялық шебері Микуру Асакура болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Қарсыластар жекпе-жек алдында көзарбасты, осы кезде америкалықтың оққағарларының бірі жапониялықты кеудесінен итеріп жіберді.
Алайда Асакура еш ашуланбай, салқынқандылық танытты.
Үш қазақ "Канелоның" жаттығуын үзіп жіберді
Қазақстандықтар екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварестің ашық жаттығуына барды. Осы сәтте жаттығып жатқан мексикалық боксшы тоқтады да, олармен сәлемдесіп, Геннадий Головкинге де сәлем жолдады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Бапкер Эдди Рейносо видеоға түсірмеуді сұраған сәтте "Канело" ринг сыртында қазақтар тұрғанын байқап қалды. Бірақ Альварес оларды танитынын айтты:
"Бәрі дұрыс, мен оларды білемін. Сәлем жігіттер! GGG, жалынды сәлем! Жаттығуды жалғастырайық".
Ал мексикалықтың залындағы қазақтар оқу-жаттығу жиынын өткізіп жүрген Suleimen Promotions компаниясының өкілдері болып шықты.
Қорғаныс министрлігі өкілі әскерге шақырған ерекше видеоға пікір білдірді
Әлеуметтік желілерде әскери қызметшілер трендтегі билерді билеген видео танымал бола бастады. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі өкілі видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Мassaget.kz тілшісі Tengri Lifestyle ақпарат көзіне сілтеме жасап жазды.
TikTok-та үш жігіт түрлі жерде билейтін видео пайда болды. Олар алдымен саябақта, содан кейін авиатехника маңындағы әскери бөлім аумағында билейді. Олар 24 секундтық роликте киімдерін үш рет ауыстырып үлгерген. Видео "Сені күтеміз, бауырым", - деп аяқталады.
"Әскери комиссариатқа шақырудың қызық нұсқасы", "Жақсы ұсыныс, бірақ керемет билеп жатсыздар", "Керемет, жігіттер, аман болыңдар", - деп жазып жатыр Желі қолданушылары.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, видеода биыл көктемде мерзімді қызметке шақырылған әскери қызметшілер билеп жатыр. Ортасында - Әділбай Нұрболат. Артында - Әділ Биділдаев пен Арман Сайдуллаев.
20-22 жастағы жігіттер видеоны өздері түсірген әрі бөлім қолбасшылығына осындай ұсыныспен жүгінген.
Ви
"Орамалыңды шеш!" - Қалыңдықтың анасы той үстінде шу шығарды
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан той үстінде қалыңдықтың анасының шу шығарып жатқанын көруге болады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Той көйлектерін киіп қонақтардың алдына шыққан екі жас ыңғайсыз жағдайда қалады. Жұбайының басындағы сәнді орамалды байқаған қыздың анасы жүгіріп барып, оның орамалын жұлмалай бастайды. "Орамалыңды шеш, орамалыңды шеш!" деп айқайлайды ол.
Бейнежазбаға қатысты оқырмандардың пікірі екіге жарылған. Олардың бір тобы қалыңдықтың киімі дұрыс деп санаса, екінші тобы мұны елдегі діни фанатизммен байланыстырған.
"Елдің алдында мұнысы қате енді... Анасы дұрыс жасамады", "Дұрыс, баста білмеген болар, оранғандар керемет деп есептеуге болмайды", "Қазақтың дәстүрінен жат заттарды жою керек, әсіресе араб дәстүрін", "Осындай көргенсіз әйелден ақылды қыз туған екен", "Шешесінен рұқсат алу керек еді, ақылдасып. Мен де қызымның оранғанын қаламас едім, иманы жүректе болса болды да", "Орамал таққаннан ешкім жаман болмайды. Әйелдікі дұрыс емес.Тойдың шырқын бұзып", - деген жел
«Сирияға кеткендердің қаны мойныңда…»: Мұхамеджан Тазабек өміріндегі ең үлкен өтірік жайлы
Айтыскер ақын, Тәлім TV арнасының директоры Мұхамеджан Тазабек өзіне қатысты айтылған өміріндегі ең үлкен өтірік жайлы айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кznews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасындағы тікелей эфирде журналист Айша Кеңесбайға берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, өзіне ондаған өтірік айтылған. Ең үлкені Сирияға жастарды жібердің дегені.
Жастарды Сирияға насихаттап, солардың қаны мойныңда дегені — ең үлкен өтірік. Алланың әділдігіне тапсырдым. Қазақтың баласы сүрінбесін деп жүргенде, қазақтың баласын қан майданға жібердің дегені өтірік. Жаныңа ауыр тиеді, — деді ол.
Танылмаған файтер атақты ресейлікті 20 секундта нокаутқа түсірді
Ресейдің Екатеринбург қаласында аралас жекпе-жек пен кикбоксингтен RCC 12 (Russian Cagefighting Championship) турнирі өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Кештің басты айқасында Bellator чемпионы болған 38 жастағы ресейлік Александр Шлеменко 33 жастағы сербиялық Александр Иличтен жеңіліп қалды. Сербиялық тіземен тепкенде Шлеменко есін жоғалтып ала жаздап құлады, Илич бірден шабуылын аяқтауға кірісті. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл айқас бас-аяғы 20 секунд өтті.
Осылайша, карьерасында 75 жекпе-жек өткізген Шлеменко 14-рет жеңілді. Ресейлік 61 кездесуінде жеңген және бір айқасы есепке алынбаған.
Илич 19 жекпе-жекте 14-рет жеңіп отыр, қалған бес айқасында ол жеңілген.
900-ден астам адам су тасқынының құрбаны болды
Пәкістанда маусымның ортасынан бері 937 адам су тасқынының құрбаны болды. Тасқын муссон жауындарының салдарынан басталған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Stan.kz тілшісі Reuters басылымына сілтеме жасап жазды.
Пәкістан халықаралық ұйымдарды көмек көрсетуге шақырды. Себебі қазір ел билігі тасқын салдарын жою бойынша жұмыс істеп жатыр.
Билік су тасқынын онжылдықтағы ең үлкен гуманитарлық апат деп атаған. Барлығы 33 адам зардап шексе, оның 30 миллионы үйсіз қалған.
Табиғи апатпен күрес ұлттық басқармасының есебіне сәйкес, соңғы 24 сағатта елде 150 шақырым жол зақымдалып, 82 мыңнан аса үй толығымен немесе жартылай қираған.
БҰҰ гуманитарлық мәселелер бойынша агенттігі Пәкістан бойынша 184 мың адамның көмек көрсетуге арналған лагерьге орналастырылғанын мәлімдеді.
Тұрғындар аспандағы ерекше құбылысқа куә болды
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Пунинг қаласының тұрғындары сирек кездесетін және ерекше әдемі табиғат құбылысының куәсі болды. Олар түрлі түске боялған бұлт үйіндісінің көрінісін бейнежазбаға түсіріп алған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz. Бұл туралы Stan.kz тілшісі CGTN порталына сілтеме жасап жазды.
Видеодағы құбылыс – Пилеус бұлтының көрінісі. Ол қалпақ тәрізді, көлемі қалыпты бұлттардан үлкенірек болады. Олар өте динамикалық түрде пішінін тез өзгертеді.
Ал Қытай аспанында пайда болған бұлттың бұл көрінісі күн сәулелері су тамшыларында түскен соң, ол кемпірқосақ әсерін тудырып, бұлттарға сондай түс берген.
Шымкентте неке түні келіншегін ұрып өлтірген күдікті ұсталды
Шымкентте адам өлтірді деген күдікті ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
26 маусымда Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-на жедел жәрдем бригадасынан 30 жас шамасындағы әйел кісінің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барған кезде мәйіт 32 жастағы азаматшаныкі екендігі анықталған. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) СДТТБТ-ға тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қылмыстық іс бойынша 38 жастағы азамат күдікті ретінде танылып, оған қатысты сырттай күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы таңдалып, іздеу жарияланған.
Еске сала кетсек, Шымкентте Назарбаев мектебінде жұмыс істейтін 32 жастағы әйел неке түні күйеуінің қолынан көз жұмған. Марқұмның анасы күдікті жазадан құтылып кете ме деп қорқып отырғанын жазған болатынбыз. Бұл қылмыс туралы заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасына 3 күн бұрын жазып, тікелей ҚР Ішкі істер министрінің араласуын сұраған болатын.
27 тамызда күдікті
Имам ер адамның үйленуіне кедергі болатын екі себепті себепті атады
Адамның үйленуіне не кедергі болатыны белгілі болды. Имам сөзінше, бұл істе екі ғана жайт себеп, қалғаны құр сылтау көрінеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Адамның үйленуіне байланысты пікір әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбадан уағыз айтқан дін өкілінің сөзін естуге болады. Онда екі себептен басқаның бәрі сылтау екені айтылған.
Адамның үйленуіне екі ғана нәрсе кедергі екен. Бірі әлсізсің. Екіншісі күнәһарсың. Одан басқа сылтау жоқ. Болды. Күнәңді жалғастырып жасап жүре бересің де, өйткені оның дәмін көріп қойғансың. Сол күнәмен жүрсің әлі, неғылам мен оны деп, — дейді дін өкілі бейнежазбада.
Аталған мәселеге пікір қалдырғандардың қатары көп. Басым бөлігі бұл айтылған сөзбен келіспейтінін жазған.
Өзбек пен қазақтың Naiza турниріндегі айқасы жанжалға ұласты
Қазақстандық файтер Санжар Тәжиев Алматыда өткен Naiza Fighting Championship 42 турнирінде өзбекстандық Амирхон Алиходжаевтен мерзімінен бұрын жеңілді. Ал жекпе-жектің арты жанжалға ұласты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Айқас үш раундқа есепелген болатын, бірақ, біріншісінен кейін қазақ файтер ары қарай жұдырықтасудан бас тартты. Себебі ол білегін жарақаттап алды. Ал төрешілер жеңімпаз ретінде өзбек спортшының қолын көтергенде сегіз бұрыш ішінде жанжал туды. Осыдан кейн файтерлердің өздері не болғанын айтып, қарымта туралы да сөз қозғады.
"Жақсы файтер. Ол арандатушылық көп жасады. Жаман айтпай-ақ қояйын. Тағы бір жекпе-жек күтемін. Тіпті көшеде де төбелесуге дайынмын. Бірден қарымта сұрадым, береміз деп уәде етті. Қарашада. Жекпе-жектен кейін ол маған айқайлай бастады. Ол нокаутпен емес, сабмишенмен жеңді. Мен жарақат алып қалғандықтан жеңді. Ондай жеңіске қалай қуануға болады? Екіншісі, маған Махмуд келіп, қысып көтеріп алды. Олар қонақ, біздің елде неге өзін олай ұстайды. Білегімде жарақат болатын, т
Қайын атасын келеке қылған келін елдің ашуын туғызды
Желіде қайын атасымен ойнаған келіннің видеосы тарап жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода келін бір қасық тұз қосылған ащы тамақты атасына жегізбек болады. "Ата тамақ ашыған жоқ па?" деп сұрап тамақ толы қасықты атасының аузына тосады.
"Кем ба атасымен ойнағаны несі", "Келіннің қайын атасымен ойнағаны өте қате!!!", "Бұл көргенсіздік!", "Сонша аузына тығып не көрінді? Ойынның жөні бар", "Атамыз түгіл 15 жылдық әйел болсақ та кайын ағаларымыздың көзіне тіке караған емеспіз", - деп жазды желі қолданушылары.