02/06/2022
Досы көпті жау алмайды деп бастағым келеді бүгінгі постты. Жасың өскен өмірдің ағымымен достар санаулы болып қала береді, өмірімдегі жақсы жаман күндерімнің белесін Аз да болсада Атырауда өткізген едім. Батыс елі жаныма жақын, қарапайым, керемет ел! Соның ішінде алыста жүріп біраз достар таптым, алыс жақын туыстарымнан артық болды десемде қателеспеймін. Талай қиын күндерді осы Атыраудағы достарым күн демей түн демей менімен бірге өткізді, әлі күнге дейін дос, жанұялық дос, енді бала шағамыз дос болып жүр. Соның бірі және бірегейі бүгінгі туған күн иесі Ол Гүлдешпай! Жаным Гүлдешпай сені туған Анаңнан айналдым! Сол анамыздың сені 42 тамырын идіріп Алланың қалауымен сені дүниеге әкелген күн. Ең бастысы сол Анамыз аман болсын🙏🏻🙏🏻🙏🏻 ал сен бөлек тақырыпсың. Сенің досқа деген әсіресе маған деген көңілің ол адал, ең бастысы отбасың, Анаң, Ата енең қоршаған ортаң Аман болсын🙏🏻🙏🏻👍 мен сені қатты жақсы көрем, сенің позитивті энергияңды кеңестеріңіДі өзіңді әрдайым сағынам. Бүгінгі Алла берген жасың ұзағынан болсын, ең бастысы Аман бол! Қайда жүрсекте сиымыз кетпей, арамыз ажырамасын🙏🏻🙏🏻🙏🏻 Аман бол Алтыным!!!🙏🏻🙏🏻🙏🏻