Altai TV

Altai TV “Қазақстан” РТРК ШҚО филиалы, “ALTAI” телеарнасы

«ALTAI» телеарнасы 1958 жылғы 16 наурыздан бастап хабар таратады. Сол күні телеарнаның эфирінде «Жеңіс салюті» бағдарламасы өтті. Бұл - қазақ телевизиясының тарихында Алматы студиясынан кейін құрылған алғашқы телеарна саналады.

«Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы, «ALTAI» телеарнасы - Кенді Алтай тұрғындарының тыныс-тіршілігі мен әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы турасында нақты ақпарат тара

тып, мемлекеттік даму бағдарламаларының орындалу барысы туралы халықты хабардар етіп отыр. Табалдырықты табандылықпен аттаған әрбір жаңа қызметкер әкелетін тың идеялардың арқасында арна эфиріндегі бағдарламалардың сапасы көркемдік стилі жағынан ілгерілеу үстінде. Телеарнада эфирді безендірудің графикалық дизайны артты. Ақпараттық хабарлар заманауи технологиялар арқылы өңірдің кез-келген жерінен жеткізіледі. Тақырыптық бағдарламалар мен хабарларды әзірлеуде авторлық көзқарас пен өзіндік ізденіс - басты талап. Тақырыптық хабарлар, авторлық бағдарламаларда әлеуметтік-экономикалық, саяси-қоғамдық, мәдени және спорттық тақырыптар жан-жақты қамтылады.

1959 жылдан бастап, аймақта киноөндіріс құрыла бастады. Операторлар «Киев-С» деген қарапайым камерамен жұмыс істеді. Ол камераларда түсірілім 15 метрлік пленкасы бар касеталармен жүргізілетін. Ең қызығы сол, 15 метрлік пленка тек 1 минуттық түсірілімге жететін. Телевизиялық аппараттардың жаңартылуымен қатар, облыста телевизиялық стансалар мен тарату желісі аумағын кеңейту мақсатында радио желісінің құрылысы жүріп жатты.

1968 жылы 1 мамырда Өскемен мен аудандардың басым бөлігі Орталық телеарнаның бағдарламаларын көру мүмкіндігіне ие болды.

1974 жылдан республикалық бағдарламаларды аймақ жұрты тамашалап, одақ көлемінде болып жатқан елеулі оқиғалар ағымы туралы телеарна эфирінен хабардар болып отырды.

1980 жылы Шығыс Қазақстан облыстық телевизиялық студия кинооператорлары Мәскеу олимпиадасын түсіруге қатысты.

1981 жылы «Перспектива» түрлі-түсті телевизиялық аппараттық және жаңа телепроекциялық блоктар орнатылып, пайдалануға берілді. Көрерменнің көзайымы болған арна эфирінде түрлі-түсті форматтағы бағдарламалар мен жаңалықтар шығарылымы телевизиялық өндірістің тағы бір кезеңін артқа тастап, көш ілгерілеуге бағыт алды.

1988 жылы жылжымалы телевизиялық станция (ПТС) ғимараты салынды және «Магнолия 83-А» жылжымалы телевизиялық станциясы пайдалануға берілді. Ғасыр талабына сай жабдықталған кешен арқылы әр ауданнан, өңірдің тарихи-мәдени орындарынан эфирге тікелей қосылуға болатын. 30 жыл ішінде арна ұжымы жыл сайын жаңа шығармашылық, техникалық топтармен толығып отырды.

1997 жылы Семей мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірігуіне орай, телеарна мен облыстық радио ортақ облысқа жұмыс істеді. Сол жылдың қазан айында телеарна 18 сағаттық ауқыммен 12 метрлік қашықтықта хабар таратуды бастайды.

2003 жылы Өскемен облыстық телерадиокомпаниясының атауы «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның Шығыс Қазақстан облыстық филиалы деп өзгертілді.

2008 жылы қараша айынан бастап «Қазақстан-Өскемен» телеарнасының 14 сағаттық хабар тарату тізбегі облыстың 100 пайызын қамтыды.

2009 жылы телевизияға 4 камералы жылжымалы ПТС «Мерседес» көлігі берілді.

2010 жылы "Қазақстан-Өскемен" телеарнасы бұған дейін аймақтар арасында болмаған бастаманы қолға алып, аймақтық әріптестері - «Қазақстан-Семей», «Қазақстан-Шымкент», «Қазақстан-Қызылорда», «Қазақстан-Атырау», «Қазақстан-Орал» т.б. телеарналармен ел үшін маңызды, аймақ үшін мәні зор ақпараттар ауысымын қолға алды.

2010 жылдың желтоқсан айынан бастап, аймақтық арналар ішінде алғаш рет "Қазақстан-Өскемен" телеарнасының "Ақпар" ақпараттық шығарылымының бейне нұсқасын www.cityinfo.kz ақпараттық порталынан көру мүмкіндігі туды. Бұл ШҚО бойынша соңғы жаңалықтар мен оқиғалар жайлы әрбір қазақстандықтың еліміздің кез-келген нүктесінен танысуына жол ашты. Ізін суытпай, "Ақпар" ақпараттық шығарылымы тағы 3 сайтқа: www.Altaynews.kz, www.1vko.kz, www.vkonurotan.kz орналастырылды.

2011 жылы телеарнада эфир безендірудің графикалық дизайны артты, 3D жүйесіне көшті.

2013 жылы «ALTAI» телеарнасы көптеген белсенді бастамалардың да ұйытқысы болды. Телеарнада бастау алған ел аумағында баламасы жоқ соны жоба – баспасөз маслихатын тікелей эфирде көрсету мүмкіндігі бар «ALTAI» баспасөз-клубы жұмысын бастады.

2014-2018 жылдар аралығында «Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы ҚР Президенті қатысуымен өткен ұлттық, республикалық және облысаралық маңыздағы көптеген телекөпірлер мен аймақта ұйымдастырылған қоғамдық-маңызды іс-шаралардың тікелей көрсетілімдерін жоғары деңгейде ұйымдастырып, эфирге беру барысында кәсіби біліктілігімен танылды.

2014 жылы «Қазақстан» РТРК ШҚО филиалы тек облыс аумағымен шектеліп қоймай, мемлекетаралық шекаралық байланыстарды нығайтуға да белсенді атсалыса бастады. Оның айғағы – Жеңістің 69 жылдығына орай, Өскемен қаласы мен Ресейдің Барнаул қаласы арасында екіжақты телекөпір өтті. Оның ізін суытпай, кәсіпкерлік байланыстар тақырыбында Өскемен (ШҚО, Қазақстан) – Барнаул (Алтай өлкесі, Ресей) – Могилев (Могилев облысы, Белоруссия) арасында үшжақты телекөпір өткізді.


2017 жылы телеарнаға ребрендинг жасалып, атауы "ALTAI" болып өзгерді.


2020 жылы жаңалықтар бағдарламасының студиясы жаңарды.

2022 жылы «ALTAI TANY» таңғы бағдарламасы замануи жаңа студиядан хабар таратып, телевизиялық павильонның іші қайта жаңғырды.

2022 жылы облыстық телеарнаның тарихында тұңғыш рет санды форматтағы 2-ші аппаратты-студиялық кешен (АСК) жасақталып, іске қосылды.

2021-2022 жылдар аралығында телеарнаның әкімшілік ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа қалыпқа енді.

2022 жылы телеарнаның ресми сайты жаңарып, әдемі дизайнмен жасалған www.altaitv.kz сайты жұмыс істей бастады. Ресми сайтта және «Қазақстан» телерадиокорпорациясының qazaqstan.tv мобильді қосымшасында онлайн хабар таратыла бастады.

«ALTAI» телеарнасы - Шығыс Қазақстан облысының 96 пайызына сандық форматта, ал «OTAU TV» желісі арқылы бүкіл Қазақстан аумағы мен көршілес елдердің шекаралас өңірлеріне тәулігіне 14 сағат бойы хабар таратады. Телеарнаның Facebook, YouTube, Instagram әлеуметтік желілерінде мыңдаған қолданушылар тіркелген.

27/06/2024

Демеушілер қолдауымен жаңа автокөлікке ие болдық. Бұл бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері күні қарсаңында біздің ұжым үшін ең жақсы жаңалықтың бірі. Өйткені, Алтай телеарнасында соңғы рет жаңа автокөлік 2012 жылы алынған екен. Автосалоннан су жаңа көлік алуға демеушілік көрсеткен атымтай жомарт жандарға мың алғыс! Телеарнаның автопаркін жаңарту жұмысы алдағы уақытта да жалғасады.

Телеканалу “Алтай” подарили новый автомобиль. Благодарим спонсоров за поддержку, так как автопарк телестудии не обновлялся с 2012 года. Новый автомобиль стал для нашего коллектива отличным сюрпризом накануне Дня работников средств массовой информации!

26/06/2024

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!

Биылғы жылдың басынан аймақта балалардың терезеден құлауының екі жағдайы тіркелген. Құтқарушылар қайғылы жағдайды болдырмауға көмектесетін қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Осы орайда ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар көпқабатты үйлердің пәтерлерінде қорғаныс құрылғыларын орнату бойынша акция өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Өскемен қаласының құтқарушылары балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі акцияны жалғастыруда. Осы бастама аясында мүмкіндігі шектеулі балалар тұратын және үнемі қадағалауды қажет ететін отбасының пәтеріндегі терезелерге арнайы құлыптар орнатылды.
Құтқарушылар қаланың барлық тұрғындарын бастаманы қолдауға және балалар қауіпсіздігінің маңыздылығына назар аударуға шақырады. Ол үшін үйде кішкентай бала болса, терезелерді ашық қалдырмауға, жиһаздарды терезелердің жанына қоймауға, баланы терезе алды тақтайшаға шығуға және терезеден көшеде не болып жатқанын көруге үйретпеуге кеңес берді.

25/06/2024

Битва интеллектов

В областном центре состоялась интеллектуальная игра «Что? Где? Когда?», участники которой уже несколько лет входят в элитный клуб интеллектуалов и соревнуются за главный приз – хрустальную сову. Знатоки Усть-Каменогорска играют по всем правилам известной телевизионной версии.
Уже не первый год интеллектуальная игра проходит в областном центре. Поклонники известной программы «Что? Где? Когда?» организуют команды знатоков и в других городах страны, и с каждым годом популярность ее растет. Как и в легендарной телевизионной версии, соперники борются за обладание статуэткой хрустальной совы и денежный приз.
Интеллектуалы в смокингах – люди разных профессий и сфер деятельности – но объединяет их азарт и желание победить. Напряженная атмосфера за столами, элегантные наряды и битва лучших умов – «Что? Где? Когда?» в Усть-Каменогорске ни в чем не уступает оригинальной телеверсии.
Отметим, ранее игра проходила по другим правилам. Команды соревновались между собой, кто ответит на большее количество вопросов. В последнем сезоне сыграли 9 команд.

24/06/2024

Маусымның жабылуы

Шығыс Қазақстан облыстық филармониясы кезекті концерттік маусымын аяқтады. Шарада халық әндері, классикалық туындылармен қатар отандық композиторлардың шығармалары орындалды. Керемет кешке барып қайтқан әріптесім Қарақат Жақсылыққызы тарқатсын.
Тыңдармандарын халқымыздың бай музыкалық туындыларымен сусындатып келе жатқан «Алтай» фольклорлы-этнографиялық ансамблі, «Әлем сазы» вокалды аспаптық ансамблі, «AnSalDar»тобы сондай – ақ «Ертіс концерт» солистерінің қатысуымен концерттік маусымның жабылуы өтті. Байжігіт атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі кеш шымылдығын ашты.
Концертте сан түрлі бағыттағы классикалық әуендер шырқалып, көрермен құлағының құрышын қандырды. «Алтай» халық би ансамаблі үшінде биылғы маусым жемісті болды.
Салтанатты кешке мәдениет майталмандарын құрметтей келген дүйім жұрт жиналды. Өнерпаздардың өнері көрермен көңілінен шықты. Өнерпаздар алдағы уақытта да тың туындылармен көпшілікті қуантпақ.

21/06/2024

Ауыл шаруашылығы саласы мамандары марапатталды

Маусым айының екінші жексенбісі елімізде "Малшылар күні" болып бекітілген. Өскеменде ауыл шаруашылығы саласының үздіктері марапатталды. Бұл - мал шаруашылығын дамыту ісінде үлес қосқан қызметкерлердің еңбегін елеп, беделін асқақтататын шара.
Жыл басынан бері аймақтағы ірі қараның саны 490 мың басқа, қой мен ешкі 747 мыңға, жылқы 247 мыңнан асты. Сүт өндірісі 147 мың тоннаға жетті. Ал ет өнімдері 59 мыңды еңсерді. Бұл көрсеткіш өңір малшыларының қажырлы еңбегінің жемісі. Өскеменде атаулы күнге орай, салтанатты шара ұйымдастырылды. Шығыстағы сала мамандарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрымбет Сақтағанов құттықтады.
Мерекелік шараның мақсаты - мал шауашылығының маңыздылығын арттыру және насихаттау.
Салтанатты шарада марапатталғандардың арасында қажырлы еңбегімен көзге түскен Әділхан Кенжехановта бар. Ол Күршім ауданында жылқы мен қой өсіріп отыр.Шаруа қожалығында қазіргі күні 100 бас жылқы мен 300-ден астап қой бар.
Зайсан ауданында да ауыл шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Бұл саланың қай бағытын алсаңызда өрлеу бар. Салтанатты шара облыстық драма театры ұжымының қойылымымен жалғасын тапты. Сала майталмандарына Сафуан Шайрмерденовтың «Дөкей келе жатыр» атты драмасы ұсынылды.

Бүгін "Алтай таңы" бағдарламасында  "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында аймақта жүргізілген жұмыстар жөнінде "A...
18/06/2024

Бүгін "Алтай таңы" бағдарламасында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында аймақта жүргізілген жұмыстар жөнінде "AMANAT" партиясы ШҚОФ атқарушы хатшысының орынбасары Аманбай Нүркенов ақпарат берді.

06/06/2024

Париждегі дүбірлі додаға дайындық қарқынды

Париж-2024 жазғы Олимпиадасы - бүкіл әлем көз тіккен байрақты бәсекелердің бірі . Басты мақсат – барынша көп лицензия жинап, еліміздің атынан қатысатын спортшылардың сәтті өнер көрсетуіне ұйытқы болу.Аймақ спортшыларының дүбірлі додаға дайындығы қарқынды. Ел намын қорғауға өңірден бес спортшы аттанады.
Олимпиада ойындарының бағдарламасына спорттың 32 түрі енгізілген. Байрақты бәсекені Францияның бірнеше қаласы қабылдайды.
Қазір ел қоржынында 58 лицензия бар. Бапкерлер жағы үміт артқан спортшыларымыздың барлығы сәтті өнер көрсететініне сенімдіміз деп отыр.
Қазір спортшылар қызу дайындық үстінде. Оларға мемлекет тарапынан бар жағдай жасалып жатыр.

05/06/2024

ШҚО Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХ сессиясы өтті

Сол жағалаудағы этносаябақ аумағында өткен жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты 33 сессиясында айтылған нақты міндеттерді орындау барысы айтылды. Өзге бе маңызды мәселелер талқыланды. Бірлік пен жасампаздықты, татулық пен бірегейлікті ұстанған ассамблея мүшелері бас қосқан шараға Қазақстан Халқы Ассамблея Төрағасының орынбасары, Марат Әзілханов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев қатысты.
Жиында аймақ басшысы облыстық ҚХА жұмысына тоқталып, қолға алған жобалардың сәтті жүзеге асырылып жатқандығын айтты. Соңғы екі жылда Достық үйлері этномәдени бірлестіктердің ғана емес, сонымен қатар жергілікті қауымдастықтың, ҮЕҰ мен жастардың уақыттарын тиімді өткізетін ортасына айналғандығын да тілге тиек етті.
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 40 достық үйі бар. Ал Шығыс Қазақстанның 8 ауданында осындай достық үйлері жұмыс істеп тұр. Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов көптеген облыстарда аудандық деңгейдегі Достық үйлері әлі де жоқ. Сондықтан бұл тұрғыда Шығыс Қазақстан облысы өзге облыстарға үлгі болып отыр деді.
Мемлекет басшысының ҚХА алдына қойып отырған тағы бір міндеті – Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесі жұмысын жаңғыртып, жандандыру. Облыстың әр қаласында, ауданында және ауылдық округтерінде 114 Аналар кеңесі жұмыс істейді. Аналар кеңесінің басты мақсаты – отбасы құндылықтарын сақтау, сондай-ақ мұқтаж отбасыларға көмек көрсету.
Шығыс Қазақстан облысы ҚХА 30-шы сессиясы соңында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсеткен ҚХА мүшелерін, еріктілер мен меценаттарға Алғыс хаттар табысталды. Сондай-ақ, аймақ басшысы Ермек Көшербаев облыстық Достық үйі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелеріне шағын автобустың кілтін табыс етті. Енді Достық үйінің өкілдері өңірдің кез келген ауданына барып, көшпелі отырыс өткізе алады.

05/06/2024

К дому ветерана проложили асфальт

К дому, где проживает 97-летний ветеран войны Василий Рудометов из города Алтай проложили асфальт. Ранее грунтовая дорога в дождливую погоду становилась труднопроходимой. Это затрудняло передвижение не только для ветерана, но и медицинским работникам, которые приезжали на вызов.
Боевыми орденами и медалями за годы войны награждены свыше 100 тысяч казахстанцев. Один из них уроженец района Алтай Василий Рудометов. Даже в свои 97 лет он продолжает вести активный образ жизни, не отказывая себе в удовольствии от прогулок на свежем воздухе. На одной из встреч с акимом города, Василий Григорьевич поднял вопрос о плохом состоянии дороги к его дому. Теперь проблема решена.
Стоит отметить, что Василий Рудометов – единственный ветеран войны, который проживает на сегодняшний день в районе Алтай.
Отметим, в районе Алтай также реализуется проект «Бюджет народного участия». Каждый горожанин может внести своё предложение, касательно строительства новых объектов или благоустройства.
Принять участие в голосовании можно на сайте электронного правительства в разделе «Бюджет народного участия».

04/06/2024

Изменения в налоговом законодательстве

Сотрудники областного Департамента государственных доходов и представители Нацпалаты предпринимателей «Атамекен» провели выездной семинар. Они встретились с предпринимателями Уланского района и района Самар, чтобы разъяснить ряд изменений в налоговом законодательстве.
Цель мероприятия – повышение налоговой грамотности жителей, обеспечение справедливого налогообложения, снижение уровня коррупции и теневой экономики. В Уланском районе в рамках встречи с гражданами была проведена разъяснительная работа по изменениям в налоговом законодательстве, в том числе по темам налогообложения объектов туризма, всеобщего декларирования и мобильных переводов.
На территории Уланского района зарегистрировано более 2 тысяч субъектов бизнеса, включая объекты туристической отрасли. Местные предприниматели высказывают мнение, что созданные цифровые сервисы оказываются очень удобными в использовании.

Всего в ВКО действует 307 мест отдыха. Активно развивается туризм, строятся базы отдыха и в районе Самар. Местные предприниматели, работающие в этой сфере, озвучили свои вопросы на семинаре.
Отметим, ранее выездные семинары были проведены в районах Алтай и Улкен Нарын.

03/06/2024

Жаңа балабақша ашылды

Облыста балаларға мектепке дейінгі білім беретін 385 мекеме бар. Олардың 205 балабақша. Оның 89 жекеменшік. 180-і мектеп жанындағы шағын орталықтар. Жыл өткен сайын балабақша кезегінде тұрған бала саны өсуде. Сұранысқа орай заман талабына сай балабақшалар қатары да артып келеді. Мәселен, Өскемен қаласында әлеуметтік әріптестік аясында бұрынғы Космическая көшесі, 6/3 мекен-жайында орналасқан № 50 балабақша ғимараты сенімгерлік басқаруға беру арқылы қайта құрылды. Енді бұл балабақша 240 балаға тәлім-тәрбие береді.
Бұл балабақша 3 маусымнан бастап 240 баланы қабылдауға дайын. Балабақшада 12 топ жұмыс істейді. Оның ішінде 4 топ ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған.
Осындай заман талабына сай балабақшаның ашылғанына ата-аналар да дән риза. Жөндеу жұмыстары талапқа сай жүргізілген, балаға қажеттінің бәрі бар.
«Азамат AS 3» балабақша-бөбекжайының ашылуына қоғам қайраткерлері мен билік өкілдері де келді. Жиналғандарға қала әкімі Жақсылық Омар өз тілегін жеткізді. Бұл игі істің басы- қасында жүрген Алмагүл Мыңбаева көпке үлгі жан.
Обылстық білім басқармасы мамандарының айтуынша алдағы уақытта ЖМК ауданында 2 балабақша ашылады. Қазіргі кезде жоспарға сай жұмыстар жүргізілуде.

29/05/2024

В аэропорту Усть-Каменогорска запущены терминалы самообслуживания iJan

В международном аэропорту Усть-Каменогорска авиакомпания FlyArystan запустила терминалы самообслуживания iJan . В 13 городах Казахстана уже установлены такие киоски. О преимуществах внедрения инновационных технологий для тех, кто предпочитает пользоваться авиатранспортом, расскажем в следующем материале.
Теперь жителям Восточно-Казахстанской области доступна новая возможность проходить регистрацию на рейсы, оформлять багаж и покупать дополнительные услуги самостоятельно в аэропорту, избегая при этом очередей. Следует отметить, что FlyArystan – первый казахстанский авиаперевозчик, внедривший инновационную технологию, которая оказала значительно влияние на клиентский путь, упрощая его и делая комфортнее.
Своевременное и комфортное обслуживание пассажиров на рейс – одна из важнейших задач, учитывая активно растущий пассажиропоток в Казахстане. Специалисты уверены, такие терминалы самообслуживания позволят значительно улучшить качество обслуживания пассажиров.
С момента запуска iJan в Казахстане уже более 300 тысяч пассажиров воспользовались терминалами самообслуживания и сэкономили время пребывание в аэропорту, что показало практичность и удобство этой инновационной технологии.

29/05/2024

Бүгін "Алтай таңы" бағдарламасында егіз волейболшылар Ерасыл Тұраров пен Нұрасыл Тұраров. Егіздердің бойы 2 метр. Волейболшылар тікелей эфирде егіздердің ерекшеліктері жайлы сөз етіп, өздері жайлы қызықты мәліметтермен бөлісті.

24/05/2024

Нехватка специалистов в сфере транспортной логистики

В регионе заметка нехватка специалистов в области транспортной логистики. Поэтому по поручению министра транспорта РК сотрудники областной инспекции транспортного контроля провели профориентационную работу в школах города. Подробности в сюжете.
На сегодняшний день в области особенно не хватает специалистов в сфере управления пассажирским транспортом, а также рабочих в железнодорожной отрасли. Это проблема не теряет своей актуальности, не смотря на то, что рассматриваются различные пути ее решения, - отмечают специалисты.
По словам экспертов, на обучение специальностям, связанным с транспортной логистикой, выделяются гранты, чтобы привлечь больше абитуриентов.
Представители сферы образования отмечают, что подобные встречи имеют большое влияние на выбор профессии, особенно для выпускников школ.
Сами ученики отметили, что если бы такие профориентационные работы организовались в начале учебного года, то у ребят была бы возможность пораньше определиться с будущей профессией.
Специалисты транспортно-логистической сферы вносят большой вклад в развитие экономики страны. Поэтому важно пополнять рынок труда квалифицированными кадрами.

24/05/2024

«Шығыс маманы» ипотекалық бағдарламасы

Аймақтағы жылу энергетика саласында еңбек ететін қызметкерлерді баспанамен қамту мақсатында «Шығыс маманы» ипотекалық бағдарламасы іске қосылған болатын. Бағдарлама аясында сәуір айының 15 мен 30-ы аралығында өтініштерді қабылдау жүзеге асты. Қазіргі таңда 15 маманның өтінімі іріктеліп. Оларға несие арқылы пәтер беруге мүмкіндік туды.
«Шығыс маманы» ипотекалық бағдарламасының талаптары бойынша 50 маманнан өтінімі қабылданды. Ал оны қарау үшін арнайы комиссия құрылды. Оның құрамына AMANAT партиясының аймақтағы филиалы, облыстық мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының, «Отбасы банк» АҚ филиалының өкілдері бар.

«Шығыс маманы» жобасына осы салада еңбек ететін аймақтағы қызметкерлер қатысты. Өтінімдерді қабылдау аяқталғаннан кейін пәтер алуға ниет білдіргендердің құжаттары тексерілді. Нәтижесінде 15 маман баспана сатып алуға мүмкіндік алды.
Бағдарлама «Отбасы банкі» АҚ-мен бірлесе іске асырылып отыр. Несие облыстағы жылу энергетика саласының қызметкерлеріне жылдық 5 пайыздық сыйақы мөлшерлемесімен беріледі. Пәтер алатын маман несиені бірден 5 пайыздық мөлшерлемемен төлейді, кейіннен несие 3,5 пайызға төмендетілмек.
Банкке жолдама алған мамандардың ендігі кезекте төлем қабілеттілігі тексеріледі.

23/05/2024

Более 60% операций в Онкоцентре выполняются малоинвазивными методами

Более 60% операций в Онкоцентре выполняются малоинвазивными методами. Это стало возможным после повышения квалификации врачей в ведущих клиниках мира и приобретения современного оборудования для операционных. Об инновационных способах хирургического лечения расскажем в следующем материале.
Малоинвазивная хирургия – это хирургические вмешательства, которые проводятся без выполнения крупных разрезов: через естественные отверстия, либо маленькие проколы. От обычных разрезов они отличаются тем, что минимально травмируют ткани, а значит, - и организм. Это значительно снижает риск послеоперационных осложнений и способствует быстрой реабилитации пациентов. В ВКО Многопрофильном центре онкологии и хирургии постоянно расширяется сфера применения данного метода хирургического лечения. Например: лапароскопические операции в онкогинекологии являются «золотым стандартом» лечения.
В онкоцентре проводятся операции на органах грудной клетки с внедрением современных технологий по опыту ведущих зарубежных клиник. Один из передовых методов – VATS – видео-ассистированная торакоскопия.
Один из новых видов проводимых в центре операций – тиреоидэктомия. Это полное или частичное удаление щитовидной железы. Такая операция считается в Казахстане уникальной, и сейчас ее проводят только в Астане. А теперь и в Усть-Каменогорске.
Ежегодно благодаря повышению квалификации врачей, в онкоцентре внедряют новые методы оперативного лечения пациентов, отвечающие всем современным мировым стандартам.

23/05/2024

Жаңа жылу қазандығы салынады

Биыл сәуір айында Қазақстан мен Ресей Федерациясы жылу электр орталығын салу туралы үкіметаралық келісімге қол қойған еді. Жоспарға сәйкес Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтары іске қосылады. Ал, олардың құрылысымен ресейлік «Интер РАО – Экспорт» пен «Самұрық-Энерго» ұлттық компаниясы айналысады.
Облыс орталығында жаңадан салынатын жылу электр орталығының құрылысына қатысты алғашқы жиын өтті. «Самұрық-Энерго» мен ресейлік «Интер РАО - Экспорт» компаниялары өкілдері, аймақтағы энергетикалық кәсіпорындар, Өскемен жылу желілері мекемесінің мамандары қатысты.
Жиында алдағы жоспарлар талқыланып, нысанның салынатын жері айқындалды.
Мамандардың айтуынша, техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу 2024 жылдың соңына дейін аяқталады.
Кездесу соңында тараптар Қасым Қайсенов кенті маңында нысан құрылысы жоспарланған орынға барды. Ал, қалада әлеуметтік нысандардың көптеп салынуына байланысты қолданыстағы ЖЭО-ның жай-күйі егжей-тегжейлі қаралатын болады.

22/05/2024

Борьба с закредитованностью населения

В Казахстане в марте 2023 года вступил в силу закон «О восстановлении платежеспособности и банкротстве граждан РК», который стал одним из инструментов решения проблемы с закредитованностью населения. О том, какие проблемы возникают при проведении процедур банкротства, с чем сталкиваются юристы и при каких обстоятельствах банк «простит» долг заемщику? Расскажут мои коллеги.
Существует три процедуры, которые позволяют заемщику выбраться из долговой ямы. Это внесудебное и судебное банкротство, а также восстановление платежеспособности. У каждой из них есть свои особенности, условия и требования для должника. С начала действия закона сотни восточноказахстанцев попытали удачу в суде, чтобы решить свои финансовые проблемы. Однако в 80% случаев должники получили отказ.
Сейчас ведется обсуждение поправок в закон, которые исключат требование по предоставлению документа о мерах по урегулированию задолженности. Кроме того, обязанность по подтверждению урегулирования планируется возложить на банки и МФО, которые будут передавать информацию напрямую в кредитное бюро. Что касается судебного банкротства и процедуры восстановления платежеспособности, то здесь также есть вопросы, которые предстоит решить.
По итогам круглого стола были выработаны предложения, которые направят в ответственные госорганы. Подробнее о процедурах банкротства, восстановления платежеспособности, планируемых поправках в законодательство расскажем в программе «Экономика и общество» 27 мая в 18.30

22/05/2024

Әлеуметтік маңызы бар ескі ғимарат жаңартылды

Аймақта әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қарқынды. Мәселен, Күршім ауданындағы ескі мектеп ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік қызметкерлерге қолданысқа берілген. Жобаны жүзеге асыруға аудандық бюджеттен 110 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Былтыр бұл мемлекеттік мекемеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бөлінген қаражатқа ғимараттың терезелері толықтай ауыстырылды. Төбесі жабдықталып, жылу жүйесі жөнделіп, есіктері жаңарған. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға бейімделіп нысанның кіре берісіне арнайы пандустар орнатылған. Аталған мекемеде кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінен бөлек, ХҚКО, жер кадастры бөлімі, неке қию орталығы, спорт мектебі сынды 11 мекеме жайғасқан.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде мұндағы мамандардың толыққанды жұмыс істеуіне барлық жағдай қарастырылған. Биыл да нысанға аудандық бюджеттен 12 млн. теңге қаражат бөлінді. Нәтижесінде спорт мектебінің оқушылары үшін арнайы жуынатын бөлме жабдықталды.
Бұл ғимаратта елуге жуық маман қызмет етеді. Соның бірі – Мөлдір Қалиқанова. Ол спорт мектебінде қол күрестен жаттықтырушы. Бүгінде 10 шақты шәкірт тәрбиелеп отыр. Өзінің жеткен жетістігі де аз емес. Тоғыз ай бойы осы мекемеде жұмыс істеп келеді. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің сөзінше мұнда барлығы бар.
Алдағы уақытта нысанның баспалдағын жөндеу жұмыстарына 6 млн. теңге бөлінбек. Спорт залдың ішіне де ағымдағы жұмыстар жүргізіледі.

21/05/2024

Ярмарка вакансий

В областном центре прошла масштабная ярмарка вакансий, где собрались представители различных организаций, карьерного центра, а также выпускники вузов и колледжей и специалисты, находящиеся в поиске работы. Каждый желающий получил необходимую информацию о вакансиях и перспективах трудоустройства.
Ярмарка вакансий – это хорошая возможность сократить количество безработных граждан и обеспечить их постоянным местом трудоустройства.
В этом году около 40 представителей различных предприятий, воинских частей, правоохранительных органов и крупных частных компаний региона приняли участие в ярмарке вакансий. Они рассказывали о карьерных перспективах, которые открываются перед специалистами и отвечали на вопросы посетителей ярмарки. Для работодателей такие мероприятия – отличная возможность провести экспресс-собеседование с наибольшим количеством кандидатов, и, возможно, выбрать будущих сотрудников.
Ярмарки вакансий привлекают выпускников вузов и колледжей, которые уже в скором времени получат заветные дипломы. Поэтому уже сейчас студенты спешат позаботиться о будущем месте работы. И сделать это на такой ярмарке очень удобно.
Жители города считают ярмарку вакансий прекрасной возможностью найти достойное место работы.
На сегодняшний день для желающих найти работу существует множество возможностей, - говорят сотрудники карьерного центра. Это можно сделать как непосредственно в самом центре, так и через электронную биржу труда enbek.kz, где сосредоточена вся необходимая информация, как для кандидатов, так и для работодателей.

21/05/2024

Түлектер кездесуі

Ұлан ауданына қарасты Сағыр ауылында дәстүрлі түлектер кездесі өтті. Салтанатты шара А.С. Пушкин атындағы орта мектепте ұйымдастырылды. Бірнеше жылдан кейінгі кездесуде оқу орнының түлектері ұзтаздар қауымына ризашылықтарын білдіріп, құрмет көрсетті.
Кейінгі ұрпаққа өнеге болатын, тәлім мен тәрбиеге толы ерекше шара Сағырдың мөлдіреген суын ішіп, ауасының тұнығын жұтып өскен ұлдар мен қыздардың басын қосты. Салтанатты шараға ардагер ұстаздар да қатысты. Солардың бірі - 30 жылдан астам өмірін білім саласына арнаған Ғалия Оқасова.
Ғалия Оқасованың сыныбында 28 оқушы мектепті бітірген. Олар бүгінде күштік құрылымдарда денсаулық сақтау саласында жемісті еңбек етіп жүр. А.С. Пушкин атындағы орта мектепке биыл 55 жыл. Салтанатты шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

21/05/2024

Қала көшелерін абаттандыру

Өскемен әкімі Жақсылық Омар облыс орталығындағы үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстарын тексерді. Мердігерлерге жүктелген міндетті сапалы орындау қажеттігі ескертілді. Биыл Өскеменде 38 үйдің қасбеті жөнделеді.
Назарбаев даңғылында мердігер ұйымдар өз жұмысын бастап кеткен. Қала әкімінің сөзінше көп қабатты үйлердің бірінші қабатында орналасқан бизнес орталықтың басшыларымен белсенді жұмыс жүргізу қажет. Олар өздеріне берілген нысанның сыртқы келбетін келісті қылып, ретке келтіруі керек.
Қала әкімінің орынбасары Қайрат Танекеновтың сөзінше қазір қателіктер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы қасбеттерге жүргізілген сапасыз жұмыстарды ретке келтіру жүзеге асырылып жатыр. Бұдан бөлек, Бажов көшесіндегі жеке сектор бірыңғай стильде болмақ.
Барлық жұмыс кестеден кешікпей жүргізіліп жатыр. Қазіргі қарқыннан қалмаса шілде айында аяқталады деп отыр жергілікті билік өкілдері.

20/05/2024

«ALTAI-FEST» фестивалі

Ұлан ауданы Сағыр ауылында туристік маусымның ашылуы болды. Ауқымды шараға Алматы, Павлодар, Орал, Семей қалаларынан бөлек, көршілес елдерден келген еріктілер де бар. «Altai Fest» фестивалінде туристерге қызықты және танымдық шаралар, көптеген ойын –сауық пен ұтыс ойындары ұйымдастырылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестивальге дайындық жұмыстары екі ай бұрын басталған. Көңілді думанға елдің түкпір-түкпірінен 500 – ден астам адам жиналды. Ұлан өңіріндегі Қызылтас тауының етегінде өткен фестиваль төрт бағдарлама бойынша өрбіді. Оның ішінде еріктілер Қызылтас тау жотасының ең биік нүктесіне шығып, «Ақбауыр» археологиялық кешеніне экскурсия жасады. Сонымен қатар, белсенді топ тауды айнала джип –тур жасап, атпен сейілге шықты.
Шараның ашылуынан кейін туристер бірнеше топқа бөлінді. Қатысушылардың басым көпшілігі Қызылтас тауының басына шығуға бел буған.
Фестивальге Виктор Тихонович көршілес Ресейден келген. Ол үшін бұл тау осы уақытқа дейін жеткен ең биік шың. Ал, Кенже Сембина шығысқа Қарағанды облысынан келген.
Таудың биіктігі 840 метр болса да, өз күшін сынағысы келгендер көп. Тау шыңын бағындыруға барлығы 400 –ден астам адам қатысты.
Сондай –ақ, фестиваль алаңында садақ атудан шеберлік сабақтары, балаларға арналған эстафеталар, этноауыл, глампинг лагері, жәрмеңке ұйымдастырылды.
Келген қонақтар үшін түрлі сайыстар ұйымдастырылды. Жарысқа тігілген жүлде қоры 4 000 000 теңгеден асады.

17/05/2024

Таңғы бағдарлама қонағы республикалық Абай оқуларының ақындық номинациясының бас жүлдегері Айғаным Балғабаева. Абайдың 170 өлеңі мен қара сөзін жатқа білетін ақын қыз тікелей эфирде "Алтай" телеарнасына арнау арнады.

17/05/2024

Бүгін "Алтай таңы" бағдарламасында қонақта Шығыстың тумасы, кино саласының майталманы, белгілі
актер, режиссер және шоумен
Алмат Сақатов, термеші Ахат Бөріхан және дәстүрлі әнші, сазгер Серік Бабаханов. Термеші Ахат Бөріхан көрермендерге “Қадірле ата-анаңды тірісінде” термесін орындап берді

16/05/2024

Бүгін «Алтай таңы» бағдарламасында қонақта "М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының" актерлары. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шынар Асқарова және актерлар Елжан Тұрыс, Алмас Шаяхметов Өскемен қаласындағы гастрольдік сапарлары мен жоспарлары жайлы айтып берді

14/05/2024

Тіл заңдылықтары сақталуы тиіс

Қалада мемлекеттік тілдің заңдылықтары мен талаптарын сақтамай жүрген кәсіпорындар бар. Тіл талаптарын бұзған мекемелерге түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен тіл жанашырлары мониторинг жүргізді.
Мониторинг тобы ең алдымен белгілі «Юбилейный» кинотеатрына барды. Ондағы көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің көбі қазақ тілінде жазылған. Дегенмен, тіл бұзушылықтар бар. Кинотеатр басшысы бұл мәселе бойынша алдағы уақытта түзетулер болатынын айтты.
Мониторинг тобының өкілдері қаладағы құрылыс материалдарын сататын «Беакрис» базарына да барды. Тіл жанашырларының айтуынша, ондағы жарнамалық ақпараттың барлығы дерлік тек орыс тілінде жазылған. Мемлекеттік тілде жазылғандарының өзі тіл талаптарына сай емес.
Тіл жанашыры Әділ Юсупов көптеген кәсіпорында тіл заңдылығы мен талаптары сақталмағанын басып айтты. Қоғам белсендісі тіл нормасының сақталуы тікелей заңмен қаралған, дейді.
Мониторинг тобы басқа да бірнеше кәсіпорынға барды. Ондағы көрнекі ақпарат пен жарнама парағындағы мемлекеттік тілдің сақталуын тексерді. Рейд алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

14/05/2024

Қоғамдық көліктер жаңартылды

Қордаланған қоғамдық көлік мәселесі шешімін тапты. Бұған дейін Риддер қаласының тұрғындары бірнеше мәрте әкімдіктен қоғамдық көліктердің санын көбейтуді сұраған еді. Облыс әкімі Ермек Көшербаев азаматтардың талап-тілегін орындап, Риддер қаласының автопаркі жаңа 25 қоғамдық көлікпен толықты.
Қоғамдық көлік мәселесі қашанда өзекті. Бір жыл бұрын Риддер қаласынын тұрғыны Татьяна Морозова өңір басшысына қоғамдық көліктегі бірқатар мәселелердің барын айтқан еді. Ондағы басты мәселе - автобустардың жетіспеушілігі. Бүгінде бұл түйін оң шешімін тапқанына қала тұрғындары риза.
Қоғамдық көліктер заман талабына сай жасалған. Онда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де арнайы баспалдақтар бар. Қоғамдық көліктердің сыйымдылығы шамамен 80 адам. Қазақстандық автобустар Семей қаласында құрастырылған.
Қоғамдық көлік жүргізушісі Илья Зорин автопарктің жаңа автобустармен толыққанына риза. Өйткені, жол үстінде жүргеніне 20 жылдан астам уақыт болған. Бұл оның ең алғашқы жаңа автобусы.
Қазір қала ішінде 14 ескі автобус тұрғындарды тасымалдап жүр. Енді олардың қатарына 25 жаңа автобус қосылып, жалпы саны 39 болды. Бұл автобустар барлық бағытты қамтуға толығымен жетеді, дейді жергілікті атқарушы билік өкілдері.
Сондай-ақ, аймақ басшысы тұрғындардың сұрауымен орталық көшелерде орындықтарды орнату бойынша жергілікті атқарушы органдарға тапсырма берді.

13/05/2024

В День матери многодетная мама получила в подарок квартиру

В Усть-Каменогорске для многодетных мам устроили праздничную акцию в честь Дня матери, который отмечается в Казахстане во второе воскресенье мая. На Арбате представительницы общественного объединения «Jan Ana» организовали мероприятие «Әлемнің жарығы» и подарили праздничное настроение всем прохожим.
День матери – это праздник, который призван выразить признательность и уважение матерям за их неоценимый вклад в жизнь и воспитание нашего будущего - детей.
На сегодняшний день в общественном объединении «Jan Ana» работает 7 многодетных мам.
В день матери сотрудницы общественного объединения «Jan Ana» вручили ключи от квартиры многодетной маме, Зульфие Байтуяковой, которая одна воспитывает 6 детей. В сборе денег на жилье помог благотворительный фонд «Асар-уме».
В этот день на Арбате была организована выставка, где многодетные мамы объединения «Jan Ana» презентовали свои изделия ручной работы. А также на празднование дня матери были приглашены активные бабушки из ансамбля «Акниет», которые исполнили казахские народные песни, а также организовали «Уршык пати».

Также на Арбате была организована концертная программа творческих коллективов города.

Address


Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00

Telephone

+77232777485

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Altai TV posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Altai TV:

Videos

Shortcuts

  • Address
  • Telephone
  • Opening Hours
  • Alerts
  • Contact The Business
  • Videos
  • Claim ownership or report listing
  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share