30/06/2022
Қонаев қаласының орталық көшелерінің біріндегі ретсіз сауда орны жойылуда. Қалалық әкімдік қызметкерлері, полиция қызметкерлерімен бірігіп орталықта кезекті рейдтік шараларды қайта бастады. Бірнеше күнде отыздан астам сауда нүктелері жабылды. Бірақ ол уақытша ғана, саудагерлер қайтадан сол орнына келіп алады дейді әкімдік қызметкерлері. Қалалықтардың көбі көшедегі бейберек сауда нүктелерінің жабылғанына қарсы емес. Бірақ, бұл жерде сол саудамен шұғылданатындар жалғыз табыс көзінен айрыламыз деп наразылықтарын жеткізді. Vox populi тілшісі екі тарапты – саудагерлерді де, шенеуніктерді де тыңдаған еді.
https://voxpopuli.kz/kaladaghy-taertip-pe-bir-uezim-nan-ba/