HalyqNews.com

  • Home
  • HalyqNews.com

HalyqNews.com Ақпараттық-танымдық портал

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеттері б...
15/02/2023

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаевтың айтуынша, ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеттері былтырғы жылға қарағанда азайған. Қаңтар айында осындай заңбұзушылықтарға жол берген 160 өтініш берушінің қорытындысы жойылды.

Айта кетейік қаңтар айында ҰБТ тестілуін 123000-ға жуық талапкер тапсырды. Оның ішінде 95000 (77%)- қазақ тілінде, 28000 (23%) орыс тілінде, 91 адам ағылшын тілінде тапсырды. Сонымен қатар 274 ерекше оқу қажеттілігі бар бала тест тапсырды. ҰТО директорының сөзінше, 102000 талапкер шектік баллды жинады, бұл 83 пайызды құрайды. ҰБТ орташа баллы 76 баллды құрайды, ең жоғары балл 139 балл. Мониторинг жұмыстары әлі де жүргізілуде, егерде қандай да бір ережелерге сәйкес келмейтін фактілер анықталған жағдайда талапкерлердің нәтижесі жойылады.

Тестілеу кезінде 98 адам аудиториядан шығарылған және олардың нәтижелері жойылды. Ал 62 талапкер тестке кіру барысында тыйым салған заттарды алып кірмекші болғандықтан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен шеттетілді. Айта кететін жайт биылғы қаңтар ҰБТ тапсыру барысында бөгде адамдардың кіріп тест тапсыру фактісі анықталмаған.

Тестілеуден өткендердің ең көп саны, яғни 19,2% пәндерді Математика-физика пәндерін тапсырған. Талапкерлердің 18%-ы «Биология-химия» комбинациясын, 10%-ы шығармашылық емтиханды таңдаған. IT-бағыттарына түсу үшін қажет «Математика-информатика» жаңа комбинациясын ҰБТ қатысушыларының 10%-ы таңдады»- деді өз сөзінде Руслан Емелбаев.

Пәндердің саны өзгеріссіз қалды – үш міндетті және екі факультативтік. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде ҰБТ-2023 жаңа форматы бойынша Қазақстан тарихы – 20, математикалық сауаттылық – 15, оқу сауаттылығы – 15 және екі бейіндік пән бойынша әрқайсысында 35 сұрақтан берілді. Ең көп ұпай саны – 140. Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағатқа созылады.

2022 жылдың қазан айында үміткерлерге тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі берілді. Ол үшін тестілеушілерге ЖСН теріп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдап, сынақ тестілеуіне өту қажет болды.

Катарлықтар әлем чемпионатынан кейін қалған контейнерлерді пайдалы деп тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.Қонақтар мен қ...
15/02/2023

Катарлықтар әлем чемпионатынан кейін қалған контейнерлерді пайдалы деп тапты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қонақтар мен қонақүйлерде орын жетпеген жанкүйерлер бұл үйлерде тұрған. Бірақ әлем чемпионатынан кейін олар мүлдем қажетсіз болып қалды.

Үкімет тамаша идеяны ойлап тапты: Сирия мен Түркияға 10 000 контейнер жөнелтілді. Енді сол жерде жантүршігерлік зілзаладан зардап шеккендер тұратын болады.

09/02/2023
Түркия аумағында ірі жер сілкінісі тіркелді. Қуаты 7,4 бал болатын сілкініс мемлекетке айтарлықтай үлкен зиянын тигізуде...
09/02/2023

Түркия аумағында ірі жер сілкінісі тіркелді. Қуаты 7,4 бал болатын сілкініс мемлекетке айтарлықтай үлкен зиянын тигізуде.

Анадолы порталының ақпаратына сәйкес апат ошағы елдін оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясы аумағынан таңғы сағат 04:17 шамасында басталған. 7 км терендікте байқалған жер асты дүмпуі әрі қарай елдің Адана, Анкара, Анталия, Мерсин, Урфада т.б өңірлерде жалғасып, тоқтаусыз жарты сағатқа жалғасқан. Ең ірі дүмпу Кахраманмараш провинциясы Пазарджик ауданында орын алған. (7,8 бал) Қуатты сілкіністің салдарынан көптеген ғимараттар құлап, адамдарды басып қалып жатыр. TRT арнасы репортажынан қазір жағдай реттелгенімен сілкініс қайталана ма деп қауіптенген халық суыққа қарамастан үйлерін тастап кетіп жатқанын байқауға болады.

Қазіргі таңда қирандылар мен үйінділерден шығарылған тұрғындар саны 500-ге жуықтаса, қаза тапқандар саны 100-ден асты. 140 ғимарат қираған. Дүмпудің арты нөсер жауынға ұласып, кедергі келтіргеніне қарамастан құтқарушылар үздіксіз жұмыс жасауда.

Мемлекетте дабылдың ең жоғарғы деңгейі жарияланды. Зардап шеккен аумақтарға гуманитарлық көмек артылған ұшақтар жіберілді. Ол халықаралық көмектен қарастырылған. Қаза тапқандар, құтқарылғандар мен қираған ғимараттар жайлы ақпараттар сәт сайын жаңаруда.

Тоқаев үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер сілкінісін...
09/02/2023

Тоқаев үкіметке Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия мемлекетіне гуманитарлық көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

«Президент үкіметке Ислам ынтымақтастығы ұйымы арқылы Сирияға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Түркияға гуманитарлық көмек көрсету үшін Қазақстан үкіметінің төтенше резервінен 1 миллион доллар бөлінеді. Ақша зардап шеккен елдің арнайы шотына жіберіледі.

📲 https://t.me/halyknews

09/02/2023

😳 Түркияның Искендерун қаласында жер сілкінісі салдарынан теңіз су деңгейі көтерілген.

Жағалау тұрғындары қазірдің өзінде эвакуацияланды. Сонымен қатар, құтқарушылар дүйсенбіден бері өртеніп жатқан қала портын ақыры ауыздықтап үлгерген.

Осы уақытта Түркияда жерасты дүмпулері жалғасуда, Газиантеп қаласынан 37 шақырым жерде магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді.

Еске сала кетейік, 6 ақпан мен 7 ақпан аралығында Түркияда әртүрлі қарқындылықтағы 3 жер сілкінісі болды. 8 ақпанда 4-ші жер сілкінісі туралы ақпарат айтылды. Жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 7108 адам құрбан болды, оның ішінде шетелазаматтары да кездеседі. Көрші Сирия мемлекетінде де 1262 адам қаза тапты. Айта кетейік Түркияда 1939 жылдан бері мұндай жойқын жер сілкінісі тіркелмеген.

Об экологии и не только♻️

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ. НЕСИЕ АЛАРДА НЕНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ?Бүгіннен бастап жеңілдетілген авт...
06/02/2023

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН АВТОНЕСИЕ АЛУҒА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ. НЕСИЕ АЛАРДА НЕНІ ЕСКЕРУ ҚАЖЕТ?

Бүгіннен бастап жеңілдетілген автонесие бойынша көлік алу бағдарламасына өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өтінім беру Астана уақытымен 10:00 де autonesie.kz сайтында ашылды. Өтінім беру үшін клиент сайтқа кіріп, ЭЦҚ деректерін енгізу арқылы қосыла алады. Бұл платформада тек ҚР азаматтарына ғана қосылуға мүмкіндік бар. Яғни, тұрғын ЭЦҚ өтінім берген кезде деректер өрісі ЭЦҚ арқылы автоматты түрде толтырылады. Одан кейін телефон нөміріңізді енгізіп, көлік өндіруші компанияны таңдайсыз да өтінімге қол қоясыз. Өтінімнің тіркелу барысы мен нәтижесі сайттың “жеке кабинет” бөлімінде көрініп тұрады.

Автонесие алу талаптары бұрынғыдан өзгермейді. Негізгі шарттар:

1) Көлік құны 15 млн тг-ден аспауы шарт.

2) Максималды қаржыландыру; сомасы 10 млн тг ге дейін;

3) Қаржыландыру мерзімі 7 жылға дейін;

4) Бастапқы жарна 0%

5) Сыйақы мөлшерлемесі 4%

Бұл жобаны елімізден қос бірдей компания “СарыарқаАвтоПром” ЖШС және “Hyundai Trans Kazakhstan” ЖШС қолдайды. Өтінімініз мақұлданса бұл компаниялар 60 күн ішінде көлігіңізді жеткізіп беруі тиіс.

Жобаға еліміздің 4 банкы арқылы қатысасыз. Олар “Қазақстан Халық Банкы” АҚ; “Форте Банк” АҚ; “Банк Центр Кредит” АҚ; “Еуразия Банк” АҚ;

Қазақстандықтардың өтінімі негізгі 3 себеппен қабылданбауы мүмкін. Біріншіден, осыған дейін қандай да бір бағдарлама аясында несие алған жағдайда; Екіншіден, сайтта осыған дейін өтінім беріп, ол қаралымда жатқан адам жаңа өтінім қоса алмайды. Үшіншіден, бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса өтінімдер кері қайтарылады.

Жобаға екінші деңгейлі банктерден 100 млрд тг бөлініп, 12 мыңға жуық көлік сатып алынды. Автонесие орташа құны 8 млн-ға жуық соманы құрайды.

Дегенмен, сарапшылар бұл бағдарламаның шикіліктері көп деп санап, сынға алуда. Экономист Мақсат Халықтың сөзінше 10 млн тг-ге сапалы көлік алу мүмкін емес. Керісінше жоба халық наразылығын тудырып сыбайлас жемқорлықты өршітуі мүмкін. Ал сарапшы Ернар Серіктің сөзінше, бұл несие мақсатсыз тарқатылуда. “-Мұндай несиелерді жағдайы орта немесе төмен халыққа ғана қолжетімді ету керек. Бірақ елде халықты деңгейге бөлетін жүйе жоқ. Сондықтан жоба игілігін тағы да сол машина жинаушылар көріп жатыр” - дейді сарапшы.

Автокөлік сарапшысы Олжас Оқас болса бұл пікірмен келіспейді. Оның сөзінше қазіргі елдегі инфляция деңгейі 20% жуық екенін ескерсек бұл көлікті шығынсыз жаңартуға таптырмас мүмкіндік. Себебі жылдық 4% мөлшерлемені таба алмайсыз. Бірқатар мәселелер бары жасырын емес, алайда уақыт өте олар да шешіледі. Ай сайын 10 млрд тг бөлінсе жақсы еді, қазір ай сайын 100 көлік сату жоспарланған.

Бүгінгі күнге сайтта 760 өтінім қабылдау жоспарланған. Өтінім саны 760 болғанда сайт автоматты түрде жабылады. Алайда платформа ай сайын тұрақты жұмыс жасайды. Яғни, ақпанда тіркеліп үлгермесеніз, наурыз айында қайта өтінім бере аласыз.

Өтінімдердің көптігі салдарынан платформа ашыла салысымен 5 минутта жабылып қалған. Сайт қазір өтінім берудің мүмкін еместігін көрсетіп тұр. Небәрі алғашқы 18 секундта 761 өтінім қабылданып, сайтқа енгізілген сұраныс 10000 нан асып жығылған. Платформаға түскен қысым көлемі секундына 1 гб-тан жоғары болды. Қазақстандықтар болса жаңа жүйедегі олқылықтар көп екеніне шағымдануда.

Өнеркәсіпті дамыту қоры қолайсыздық тудырған бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Autonesie.kz жүктемелерді еңсеріп, өтінімдерді қабылдады. Лимитке жеткеннен кейін 18 секундта сайт автоматты түрде жабылды»,- делінген хабарламада. Енді келесі өтінім беру наурыз айында ашылады.

Дайындаған: Дінмұхаммед Таңсық

ТҮРКИЯДАҒЫ АХУАЛ: АПАТТЫҢ АРТЫ НӨСЕР ЖАУЫНҒА ҰЛАСЫП ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРУДАТүркия аумағында ірі жер сілкінісі тіркелді. Қуаты 7...
06/02/2023

ТҮРКИЯДАҒЫ АХУАЛ: АПАТТЫҢ АРТЫ НӨСЕР ЖАУЫНҒА ҰЛАСЫП ҚИЫНДЫҚ ТУДЫРУДА

Түркия аумағында ірі жер сілкінісі тіркелді. Қуаты 7,4 бал болатын сілкініс мемлекетке айтарлықтай үлкен зиянын тигізуде.

Анадолы порталының ақпаратына сәйкес апат ошағы елдін оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясы аумағынан таңғы сағат 04:17 шамасында басталған. 7 км терендікте байқалған жер асты дүмпуі әрі қарай елдің Адана, Анкара, Анталия, Мерсин, Урфада т.б өңірлерде жалғасып, тоқтаусыз жарты сағатқа жалғасқан. Ең ірі дүмпу Кахраманмараш провинциясы Пазарджик ауданында орын алған. (7,8 бал) Қуатты сілкіністің салдарынан көптеген ғимараттар құлап, адамдарды басып қалып жатыр. TRT арнасы репортажынан қазір жағдай реттелгенімен сілкініс қайталана ма деп қауіптенген халық суыққа қарамастан үйлерін тастап кетіп жатқанын байқауға болады.

Қазіргі таңда қирандылар мен үйінділерден шығарылған тұрғындар саны 500-ге жуықтаса, қаза тапқандар саны 100-ден асты. 140 ғимарат қираған. Дүмпудің арты нөсер жауынға ұласып, кедергі келтіргеніне қарамастан құтқарушылар үздіксіз жұмыс жасауда.

Мемлекетте дабылдың ең жоғарғы деңгейі жарияланды. Зардап шеккен аумақтарға гуманитарлық көмек артылған ұшақтар жіберілді. Ол халықаралық көмектен қарастырылған. Қаза тапқандар, құтқарылғандар мен қираған ғимараттар жайлы ақпараттар сәт сайын жаңаруда.

Әулие Валентин тарихы: бұл күнді тойлау дұрыс па? 14-ақпан Әулие Валентин күні немесе дүниежізілік ғашықтар күні ретінде...
03/02/2023

Әулие Валентин тарихы: бұл күнді тойлау дұрыс па?

14-ақпан Әулие Валентин күні немесе дүниежізілік ғашықтар күні ретінде әлемдік танымалдылыққа ие. Бұл күнді жастар қауымы ерекше күтіп тойлап жатады. Алайда кей мемлекеттер, одан бөлек қазақ қоғамы дәстүрлі және мұсылмандық көзқарасқа сүйеніп бұл мерекені тойлау дұрыс емес деп санайды.
Себебі бұл мерекенің шығу тарихы мен түпкі мағынасы католиктердің діни мерекесіне негізделген. Ал исламның қағидасына сәйкес өзге діннің әдеп-ғұрыптарын орындап, мейрамдарын тойлауға тыйым салынған. Кейде тойлаушылардың көбісі Әулие Валентин күнің жай ғана “ғашықтар күні” деп қателесіп жатады. Сонымен бұл қандай мейрам? Оны тойлау қаншалықты дұрыс? Мерекенің шығу тарихына көз жүгіртіп өтсек.

Бұл мереке 469 жылы 14 ақпанда Рим императоры Геласиустың жарлығымен ресми түрде аталып өте бастады. Валентин күнінің шығу тарихы жайлы аңыздар өте көп. Римдік император Клавдий ll үлкен әскер құрмақ болады. Түрлі әрекеттерге қарамастан жауынгерлердің отбасы мен сүйіктілерін ойлап соғысқа бармасына көзі жеткен патша жастардың неке қиюына тиым салады. Ал Валентин әулие болса сол сәтте император жарлығына қарсы шығып, жасырын түрде неке қию рәсімдерін жасайды. Император мұны білгесін Валентинді абақтыға жаптырады. Ал 14 ақпан күні опасыздығы үшін өлім жазасына кестіреді. Осылайша Валентин махаббат символына баланып, сезім үшін құрбан болған бұл күн мереке ретінде тойлана бастайды.

Иә бір қарағанда бұл мейрамды тойлаудың әбестігі жоқ секілді көрінеді. Жеке халықтың пікірі көп жағдайда сезім білдіріп, сыйлықтармен қуанту үшін мұндай мейрамдар міндетті себеп емес. Одан да өзіміздің Қозы Көрпеш - Баян сұлу мерекесіне ( 14 сәуір) акцент қойылсын дегенге саяды. Мамандар да бұл “қасиетті күнді” тойлау қауіпті капиталистік жүйеге әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда.

Ал ислам мамандары діни тұрғыдан мынадай бағалар беруде: -Исламнан өзге діннен енген (католик; будда т.б) мерекелерді тойлау, дәріптеу асыл дінімізге жат дүние. Исламда тек екі айқын мейрам бар. Олар Рамазан айы мен қасиетті Құ рбан айт күндері. Басқа мерекелердің барлығы бертін келе пайда болған жаңа күндер. Сондықтан тойламас бұрын әуелі оның тарихы, идеясы, астарына мән беру қажет. Батыс елдерінен енген Хэллоуин, Рождество, Валентин секілді мейрамдардан қажет болса БАҚ құралдары арқылы сақтық шараларын жүргізу керек” дейді.

Ал бұл мейрамға занмен тыйым салған елдер де жоқ емес. Мәселен Малайзия, Түркменстан, Сауд Арабия, Иран және көршілес Өзбекстан елдерінде махаббат күні атап өтілмейді. Яғни 14 ақпанда ел аумағындағы ойын-сауықтарға қатаң тыйым салынған. Тіпті Ресейдің Белогордтық облысында жастардың рухына кері әсер ететін мереке деген себеппен атап өтілмейді.

Иә, көңіл көтеріп махаббаттай ұлы сезімді ұлықтау әбестік емес. Әрі бұл күні адамдар риясыз көңілін білдіріп, бір-бірімен байланысын нығайтып та жатады. Махаббаттың өзі асыл қасиет пен ғажап әлемге бастайтын алтын көпір екенің дастандар мен жазушы-ақындар да жырлап өткен. Оның құдіреті әлемді мойындата алды. Ал оны мейрам ретінде тойлау яки тойламау өз еріктерінізде.

Дайындаған: Таңсық Дінмұхаммед

ХАЛЫҚТЫҢ КРЕДИТІ КЕШІРІЛЕ МЕ?ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 22 желтоқсанында банкроттыққа ұшыраған азамат...
03/02/2023

ХАЛЫҚТЫҢ КРЕДИТІ КЕШІРІЛЕ МЕ?

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың 22 желтоқсанында банкроттыққа ұшыраған азаматтардың кредитін жабу туралы қаулыға қол қойған болатын. Және бұл заң 60 күннен кейін, яғни наурыз айында өз күшіне енбек. Алайда, бұл ақпараттың ақиқат не жалған екеніне көз жеткізу керек деген оймен халық үкіметке сенім білдірмей отыр.

Халық кредиттің кешірілуі жайлы заңның жалған екенін және ешқандай жеңілдік жасалмайтынын алға тартты. Сондай-ақ бұл үкіметтің халыққа жағынуы үшін жасап отырған көрінісі деп атады. Сонымен қатар банкрот мәртебесін алса кез келген кредит кешіріледі деген ойлар туындады. Десе де халықтың ақпаратты дұрыс түсінбеуінен шығып отырған бұл қауесетке қаржы вице-министрі Ержан Біржанов тоқтау қойды. Вице-министр қандай жағдайда азаматтың кредиті кешірілетінін атап өтті.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілетін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң жобасын кейбір отандастарымыз дұрыс түсінбей жатқан секілді. Банкрот мәртебесін алса, қарызы кешіріледі деген түсінік бар. Ол қате түсінік. Өз кезегінде жаңа заңнаманы халыққа кеңінен түсіндіру жұмысын жалғастырамыз», - деді ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.

Егер қарызы 5 жылдан аса мерзімі өткен азаматтар, 12 ай ішінде өтемегендер, олардың қарыз сомасы 300 мыңнан аспауы керек, сондай-ақ 5 миллион теңгеге дейінгі қарызы 6 ай ішінде өтелмеген азаматтар банкрот мәртебесін ресімдей алады. Азамат банкрот мәртебесін өзі рәсімдеуі тиіс.

Сонымен қатар, вице-министр құжат қабылданғаннан кейін мүліктің бар-жоғы, қарызды төлеу мерзімінің үш санаттың біреуіне сәйкес келуі және тағы басқа мәліметтер тексерілетінін айтты. Ал "банкрот" деп жарияланған

адамның жалғыз баспанасынан басқа мүлкі мен ақшасы болмаса, қарызы кешіріледі. Бірақ нақты шектеулер болады. Атап айтқанда, заң жобасында бес жыл бойы кредит пен займ алуға тыйым салынып отыр. Бұдан бөлек, үш жылға елден тыс жерге шығуға болмайды. Шетелге тек емделуге, жақын

туысын алып баруға және жақын туысын жерлеуге шығуға мүмкіндік беріледі. Жұмыс істеу үшін де рұқсат берілуі мүмкін. Ол әлі де талқылау үстінде.

Егер азамат банкроттықтан кейінгі шектеулерді қабылдағысы келмесе, қарыздан бірте-бірте құтыла алады. Дегенмен берешегі 5 миллионнан асуы тиіс. Және тұрақты табысы болуы керек. Бұл туралы саясаткерлер халыққа қаржылай сауатты болу керегін ұсынды. «Жеке тұлғаларды оңалту және банкроттық туралы» заң кредитті кешіру, жабу деген тармақтарды қарастырмайтынын мәлімдеді. Сонымен қатар алимент, өзге де адам өмірі, денсаулығына келтірілген залал бойынша қарыз есептен шығарылмайды. Айта кетейік Қаржы министрлігі жыл басында, заң жобасының банктер мен микроқаржы ұйымдарынын да жұмыстарына жауапкершілік жүктейтінін мәлімдеген болатын. Заңсыз қарыз бергендердің лицензиясын тартып алуға және осындай несие беру мекемесі өз қарызын сот арқылы өндіріп алуға мүмкіндігі болмайды.

Дайындаған: Әсел Әбдікер

Күнделікті өмірді ауыз сусыз елестету қиын.  Тіпті адам миының 80%, қанның 90%, ал сүйектің 22% судан тұрады. Су тек тұт...
01/02/2023

Күнделікті өмірді ауыз сусыз елестету қиын. Тіпті адам миының 80%, қанның 90%, ал сүйектің 22% судан тұрады. Су тек тұтыныс үшін ғана ағза мен медицина үшін де үлкен маңызға ие. Тіпті мын бір дерттін алдын алып, шипалы әсер бере алады. Судың сіз бен біз ескере бермейтін қасиеттері, пайдасы жайлы ерекше 7 деректі назарға ұсынамыз.

1) Су тек табиғатта ғана емес, кез келген өнімнің құрамында кездеседі. Мысалы қарапайым қызанақтын 90%, қиярдың 95%, ал қарбыздың 96% судан тұрады. Тіпті атмосфераның өзінде судың мөлшері планетадағы жалпы өзіндерді қоса алғандағыдан көп екен. Мұндай статистикаға қарамастан небәрі 1,1% су табиғи таза, тұтынуға жарамды келеді.

2) Ағзадағы қанның балансын реттеуші негізгі элемент - су. Қан әдетте суға қарағанда 6 есе қою болады. Ал су қанды сұйылтып, қан қысымын реттеп отырады. Сондықтан ұшақта суды көбірек қолданған дұрыс.

3) Ағзадағы Іш қату сізде су жетіспеушілігінен болады. Ол асқазан-ішек жолдарына бірден-бір ем. Сусыз адам бір айға жуық өмір сүре алады. Денедегі судың 2% төмендеуі ойлау мен еңбек қабілетін 20% түсіреді, ал 20% жоғалту өлімге әкеліп соқтырады.

4) Судың есте сақтау қабілеті бар екен. Яғни ол айналасынан бөлінген энергияны өзіне тартып ала алады. Судың жанында негатив айтылса ол су жарамсыз күйге еніп, тұтынушыны ашушандық пен депрессияға бейім етеді.

5) Әдетте күнделікті 1,5-2 л су ішу керек деген кеңесті жиі естиміз. Алайда біз қолданатын пластик құтыдағы су - өлі сулар. Олардың құрамында ешбір минералдар кездеспейді. Яғни ағзаға әсері жоқ. Сондықтан барынша фильтрленген суды жиі тұтыныныз.

6) Теңіз суы ғаламат қоректі негіз. Осындай 1 текше сантиметр судың құрамында 1,5 г ақуыз бен басқа да заттар бар. Ғалымдардың пайымдауынша, бір ғана Атлант мұхитының өзінде бүкіл жер шары бойынша бір жылда алынатын ақуыз бен қоректік заттар, яғни 20 мыңға жуық мөлшерде тағамдық құндылықтар бар. Табиғатта тіпті жанатын су да кездеседі. Әзірбайжандағы кей су түрлерінде метан тым көп. Оған сірінке жағып лақтырса өртеніп кетуі де мүмкін. Ал Сицилиядағы көлдердің бірінде су қоймасының барлық суын улайтын оттегінің су асты қайнар көздер бар.

7) Бүгінгі танда таза ауыз судың тапшылығы ғаламдық мәселеге айналып келеді. Соңғы 50 жылда су жетіспеуіне байланысты 507 қақтығыс орын алып, 21 соғыспен аяқталған.

Судың сапасын тексеруші мамандар ең таза су Финландияда екенін растайды. Қазақстан бұл реитингте 52 орында. Қауіпсіз суға қол жеткізе алмай отырған әлемде 1 млрд-тан астам адам бар. Сондықтан табиғат ананын сыйын орнымен, дұрыс қолдана білейік.

ЖАЙ ҒАНА ДҮКЕНДЕ КИІМ КИІП КӨРУ ҚАНДАЙ АУРУЛАР ТУДЫРУЫ МҮМКІН?Дүкенде киім сатып алмас бұрын адамдар оны киіп көреді. Ал...
31/01/2023

ЖАЙ ҒАНА ДҮКЕНДЕ КИІМ КИІП КӨРУ ҚАНДАЙ АУРУЛАР ТУДЫРУЫ МҮМКІН?

Дүкенде киім сатып алмас бұрын адамдар оны киіп көреді. Ал егер олар сәйкес келмесе ше? Көпшілік бұл футболкалар мен шалбарларды олардан бұрын ондаған, тіпті жүздеген ерлер мен әйелдер кигені туралы ойлай бермейді.

Дерматологтардың айтуы бойынша дүкенде киім киіп көру кезінде аллергия және басқа да ауруларға шалдығуы мүмкін екенін ескертуде. Бұл дүкеннен киімдерді киіп көрмей, бірден сатып алу керек дегенді білдіре ме? Әрине жоқ. Киімді киіп көруге болады, тек белгілі бір ережелерді сақтау арқылы.

Денсаулық сайтында киім арқылы жұғатын аурулардың тізімі жарияланған. Сонымен қатар дерматолог және лазерлік хирург Апратим Гоэль киімді кию кезінде бұрын киіп көрген адамның қандай аурумен ауыратындығын ешкім біле алмайтынын баса айтты.

Киім арқылы берілетін және теріге әсер ететін аурулардың тізімі:

• қышыма;

• саңырауқұлақ;

• адам папилломасы вирусы;

• жұқпалы моллюскум;

• желшешек.

Кейбір аурулар жай ғана бөртпе тудырады, ал басқалары адамды бір апта бойы төсекке жатқызуы мүмкін.

Сіз әсіресе секонд-хэнд-тан алынған киімдерге мұқият болуыңыз керек. Сату алдында өзін-өзі құрметтейтін әрбір екінші дүкен киім-кешектерді жуады, бірақ сатылымға кір жейде, шалбар және т.б. киімдер түсуден ешкім қорғанбайды. Кейбір киімдер иіске қарсы құралдармен өңделеді деген қауіп бар.

Сонымен қоса киім киіп көру арқылы көптеген адамдар қотыр ауруын да жұқтырып алуы мүмкін. Қотыр ауруы қоздырғышы - денемен қатынас кезінде адамдар арасында қозғалатын Sarcoptes scabiei кенесі. Паразиттер киімге де жабыса алады. Терінің бетіне тигеннен кейін олар таяз жолдарды қазып, жұмыртқаларын соларға салады. Инфекциядан түскен соң 4-6 аптадан кейін адамның денесі қыши бастайды, әсіресе түнде.

Саңырауқұлақ микроорганизмдері де киімде қалып, адамдар арасында таралады. Мысалы, дерматофиттер – зең саңырауқұлақтары – адам ағзасына түскенде дерматофитозды қоздырады. Саңырауқұлақ инфекциясының белгілері дерлік бірдей - адамның терісі қызарып, қабыршақтайды, қышу пайда болады және зардап шеккен аймақта шаш түседі. Көбінесе саңырауқұлақ аяқ киімді кигеннен кейін адамдарға әсер етеді, ал тырнақтар сарыға айналады, қалыңдайды және кейде ауыра бастайды.

Адам папилломавирусы (HPV) әдетте жыныстық жолмен беріледі, бірақ кейде тіпті қол алысу немесе қарапайым нәрселер арқылы беріледі - бұл киім киген кезде абай болу керек дегенді білдіреді. Вирус адам ағзасында бірнеше жыл өмір сүре алады және оны кей жағдайларда адамдар сезбей қалады. Бірақ бір сәтте денеде сүйелдер пайда болуы мүмкін. Көбінесе олар зиянсыз, бірақ кейбір жағдайларда адамның сыртқы түрін бұзуы немесе қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін.

Molluscum contagiosum – аусылдың өте жақын туысы болып табылатын вирус. Бұл вирусты жұқтырған кезде адам терісінде ортасында депрессиясы бар кішкентай қызғылт түйіндер пайда болады. Сырттай қарағанда, бұл түзілімдер безеулерге көбірек ұқсайды.

Желшешек ауруының қоздырғышы – бұл желшешек-зостер вирусы (Varicella Zoster), ол денеде сұйықтық бар көпіршіктер түрінде бөртпелерді тудырады. Бұл кезде тері қышиды, температура көтеріледі. Адамдар әдетте балалық шақта желшешекпен ауырады, бұл кезде ол өте жеңіл түрде өтеді. Аурудан кейін адам өмір бойы иммунитетті дамытады және инфекция жағдайлары қайталануы сирек кездеседі. Бірақ егер адам балалық шағында желшешекпен ауырмаса, ол ересек жаста жұқтырып алуы мүмкін - бұл жағдайда ауру ауыр болады.

Дегенмен, дерматолог дүкенде мүлдем киім киіп көрмеу керек демейді. Ғалымның айтуынша, дүкендерде киіп көрген кезде жұқтыру қаупін азайту үшін алыстағы ілгіштерде тұрған киімдерді таңдау керек. Мүмкін, оларды аз адамдар сынап көрді, бұл оларды қауіпсіз етеді.

Сонымен қатар киімді сатып алғаннан кейін оларды міндетті түрде жуу керек. Оның құрамында патогендердің бөлшектері болмауы мүмкін, бірақ терінің тітіркенуін тудыруы мүмкін бояғыштар мен басқа химиялық заттар болуы ықтимал.

Дайындаған: Гүлім Мұратәлі

Address


Alerts

Be the first to know and let us send you an email when HalyqNews.com posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to HalyqNews.com:

  • Want your business to be the top-listed Media Company?

Share