Qalam marketing agency

Qalam marketing agency Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Qalam marketing agency, Social Media Agency, Иманов, 19, Tselinograd.

Құдайшылдықтың бірі - еңбекқорлық!
24/09/2023

Құдайшылдықтың бірі - еңбекқорлық!

Тұтқындық санаБіздің қоғам жаппай - тұтқын. Қоғам деп отырғанымыз адам.Кәсіпкерлер, қара халық - күнкөрістің; лауазым ие...
13/04/2023

Тұтқындық сана

Біздің қоғам жаппай - тұтқын. Қоғам деп отырғанымыз адам.

Кәсіпкерлер, қара халық - күнкөрістің; лауазым иелері - карера мен мансаптың; діни комплексте жүргендер - біржақты діни утопияның; буржуазия - өзі жеткен байлықтың; қызметкерлер - бастықтың, жалақының, карералық жетістіктің; екіжүзділер - жағдайдың; кете береді. Біреу ана жаққа, біреу мына жаққа, біреу әкеге, біреу жәкеге… біреу ойынға, біреу қойынға, біреу орынға… Қаптаған қалың тұтқын: өзі емес, санасы!

Сондықтан оң беталыстан да қорқады. Өзі айналысқа ісі, жасап жүрген тірлігінің жасырын тұтқынына айналған. Одан кете алмақ түгілі айырылып қалудан қорқады.

Бір қызығы - әділеттің басыбайлы тұтқыны аз.

Иә, солай бәріміз тұтқынбыз. Біздің қоғамда әрбір істі түрме дедовщинасымен шешуге құмарлық болатыны содан. Әлеуметтік желіні шулатқан «оқушылар», кешеден көріп отырған жағдайлар соның куәсі.

Тұтқындық сана - біздің ғана емес жалпыадамзаттық ортақ індеті. Ол - сананың тәуелділігі. Бірақ, бізде салыстырмалы түрде ауырлау.

Түрмедегі тұтқын рұқсатсыз ештеме істей алмайды. Ал, ашық аспан астының тұтқындарының (негізінде тұтқындықтың) кез келгені - қауіпті.

Шынымен тұтқындық сана - қауіпті дүние! Біз де бір-бірімізден қауіп күтеміз, бірдеме істеп қоя ма деп үрейленіп, қорқып, қауіптеніп жүреміз. Қыл-қысқасы бір іске келіспей қалсақ бір-бірімізге кеуде керіп, әкіреңдеп, өре түрегеліп, жұдырық ала жүгіруіміз мүмкін. Өйткені, тұтқындықтың бір жағы әлсіздік. Ол дүние төңкеріліп кетсе өз жайы не болатынынан қорқып айтқанына жету үшін барын салады. Яғни, диалогтан көрі комплектіге дайын тұру.

Тұтқындық санадағы қауіптінің ең қауіптісі өз қателігінің тұтқыны… не өзі түземейді, не басқаға түзетуіне жол бермейді. Бұл тоқырауға соқтыратын синдром.

Өнер - ойды көремдікпен жеткізу құралы. Аңсаған Мұстафа қаламынан туған әрбір туынды адамды ойға жетелейді. Адамды тәнті...
07/04/2023

Өнер - ойды көремдікпен жеткізу құралы. Аңсаған Мұстафа қаламынан туған әрбір туынды адамды ойға жетелейді. Адамды тәнті ететіні ойлары қартаң, өткен ғасырдың ойы емес, бүгіннің тіпті болашақтың ойы. Заманымыздың өзекті мәселелерінің картинасы. Бірде күлкіге жетелеп эстетика сыйласа, бірде ажуалап өз иттігіңді бетіңе басады. Тұмса өнер осысымен құнды ғой.

Бізде өнерді талдау, насихаттау сылбыр жұмыстардың бірі ғой. Әйтпегенде, автордың әр туындысын стильдік, көркемдік, ой өресі, эстетикалық қуат жағынан талдаса үлкен бір мектеп болар іс тындырып жүрген қалам қайраткері.

Әр постын, әр туындысын қадағалап, күтіп жүретіндіктен автордың әр жетістігіне де қуанып, тілеулес боп отырамыз.

Шетелдік көрмелерден ойып орын алған автор ойы өз өлкемізде де қанат жайып, өріс табары сөзсіз.

Ал, мына кезекті шара өнерден ләззат алғысы келетін кісілер үшін.

Тек сәттілік тілеймін.

Бүгін саңлақ спортшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні. Жарқ етіп өткен жасын ғұмырында е...
04/04/2023

Бүгін саңлақ спортшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Бекзат Саттархановтың туған күні. Жарқ етіп өткен жасын ғұмырында елжандылық пен отансүйгіштіктің асыл өнегесін баһраға қалдырып, жас ғұмырына үлкен мән дарытқан азамат.

Есей (Жеңісұлы) ағамыздың айтуынша, өмірге келмес бұрын да, бала күнінде де, жарыс кезінде де жүрегін тексерген дәрігерлер таң қалған екен. Соққаны бөлекше. Ерік-жігерге, мол қайрат пен Отанға, ұлтқа деген махаббатқа толы жүрек басқаша соқса керек.

Ал, қызығы шаршы алаңнан түскенде болсын, түрлі машықтан кейін болсын Бекзат марқұм алқынғанын тез басып, дереу байсал тартады екен.

Бұл әңгімені Есей ағамыздың аузынан Бекзат туралы деректі фильмнің түсірілім жұмысы барысында естіп едім. Фильмге сұхбат алдым. Ес ағаң көп әңгімеге қанықтырып қайтарып еді. Фильмнің уақыты қысқарып-қысқарып кей дүниені қамти алмай қалдық.

Қазақтың жүрегі өзгеше бекзат ұлдары көп болғай.
#БекзатСаттарханов

Көзге оттай басылатын өнер туындысы. Қолдан жасалған адамнан аумайтын мүсіндер.ҚХР Баркөл аймағының көрме залына қойылға...
02/04/2023

Көзге оттай басылатын өнер туындысы. Қолдан жасалған адамнан аумайтын мүсіндер.

ҚХР Баркөл аймағының көрме залына қойылған өнер туындысын жергілікті қазақ шеберлері жасаған екен.

Жалпылық фотоға қарасаңыз тіпті шын адамдар отырған сияқты. Кемі адамға сызған картина сияқты жанды әсер береді екен. Демек, өнердің қуаты.

Өнерін өлтірмеген, өресін аласартпаған алыстағы осындай ағайындар аман болсын!

НАР ЕДІҢ(Әлихан бастаған Алаш қайраткерлеріне) Өлміші халықты тірілттім...- Күлтегін жырынан. Нар, нар едің, нар едің......
05/03/2023

НАР ЕДІҢ
(Әлихан бастаған Алаш қайраткерлеріне)



Өлміші халықты тірілттім...

- Күлтегін жырынан.



Нар, нар едің, нар едің...
Нар, нар едің, нар едің!
Жел жағында жоқ едің,
Ел жағында бар едің.
Жау алдында ас қамы,
Дау алдында бас қамы,
Бүктірмеген паң едің.
Болмысы бөлек бөз демес,
Қарекеті көзге емес,
Қам ойлаған нор едің.
Білігімен майырған,
Құрығымен қайырған,
Күлем үшін жар едің.

Нар, нар едің, нар едің,
Арды ойлаған зар едің.
Тағдыры жұрттың кермалда,
Қылағай көптің әлі едің.
Төбеге шығып жау алып,
Төрде отырып дау алып,
Іс тындырған нар едің.
Аңылжып жатқан бұлдырап,
Құлдиға шапқан құлдырап,
Күліңгір күннің сәні едің.

Күр,күр едің, күр едің,
Сусымас даңқы дүр едің.
Дүр ішінде кім едің,
Әуелі жәлел құл едің.
Ұлтына келсе шік едің,
Ырқына келсе бүк едің.
Болсын деп жұрты әмәнда,
Арқасын төсеп табанға,
Қаймана туған ұл едің.
Көпті иыққа көтерген,
Мұң-зарын өзі төсенген,
Бақиға кетер құн едің...

Күр, күр едің, күр едің,
Жүрімі дастан жыр едің.
Басылмай жатқан толқыны,
Ашылмай жатқан сыр едің.
Бірігуі үшін ұлтының,
Жөнігуі үшін жұртының,
Ғасырға кеткен үн едің.
Заманға таңба қашаған,
Құзардан білім қондырып,
Кілкін бағын жасаған,
Біреуде болса мың едің.

Нар, нар едің, нар едің,
Қасқайып туған ар едің.
Ерлерден асып бек болған,
Елдерден асып шеп болған,
Майкүйез патша алдында,
Нөпірдің төккен зары едің.
Құлжазы болмай бағданың,
Көнсуде болған талғамың,
Жан шырайы нәр едің.
Рухы, жері, аспаны,
Солардың болған баспаны,
Алқалы жұртқа пара едің,
Еңсесі кеткен ел үшін,
Есесі кеткен ер үшін,
Қаузау болған қам едің.
Қаламның қарын талдырған,
Жауына үрей салдырған,
Бар анамның сілесі,
Бар бабамның кәрі едің.

Нар, нар едің, нар едің,
Бір-біріңе мар едің.
Керқана Тәңір сыйлаған,
Біреуің бір-бір хан едің.
Қамбасын көпке сайлаған,
Хан басын оққа байлаған,
Біреуің бір-бір жам едің.
Кегейдей болған ұтымы,
Асып бір туған зыпыны,
Ғасырға біткен әр едің.
Елі үшін белін шешінбес,
Кәлала кетсе өкінбес,
Әмме алаштың бәрі едің...

Оразбек САПАРХАН

Бұл тек Алланың құдіретінің ғана дәлелі емес, адамның итжанды екенінің де дәлелі.«Аллалап» өте шықпай адам болмысына да ...
17/02/2023

Бұл тек Алланың құдіретінің ғана дәлелі емес, адамның итжанды екенінің де дәлелі.

«Аллалап» өте шықпай адам болмысына да үңілген жөн шығар.

Сәбилер аман болсын!
17/02/2023

Сәбилер аман болсын!

Осындай дүние бар екен.Маған анау кеселер түзу тұрғандай болып еді әп-сәтте қалған ыдыстар да түзу тұра қалғаны… Ал, бір...
15/02/2023

Осындай дүние бар екен.

Маған анау кеселер түзу тұрғандай болып еді әп-сәтте қалған ыдыстар да түзу тұра қалғаны… Ал, біреулер бірден бәрі дұрыс тұр дейді)

Жұмыстың ортасында біртсәт дем алып алыңыздар😉

Киіз үйді «құрмайды» - тігеді.«жыйыстырмайды» - жығады.Қазақ дүниетанымы жоқ жерде, дұрыс қазақша сөз де, сауатты сөйлем...
12/02/2023

Киіз үйді
«құрмайды» - тігеді.
«жыйыстырмайды» - жығады.

Қазақ дүниетанымы жоқ жерде, дұрыс қазақша сөз де, сауатты сөйлем де жоқ!

Алланың сынағы келген жерден күнә іздеп тіміскіленудің қажеті қанша?!!!Бұл таза діни, ғылыми сананың деградациясы.
10/02/2023

Алланың сынағы келген жерден күнә іздеп тіміскіленудің қажеті қанша?!!!
Бұл таза діни, ғылыми сананың деградациясы.

Ата-анамыз аман болсын!
08/02/2023

Ата-анамыз аман болсын!

18/10/2022

Мемлекеттік Ту бейнеленген челлендж.

Бүгінде продюсердің парақшасында 14 мил. жуық адам қолдау білдірген.

07/07/2022

Жүректің қылын боздатып…

Address

Иманов, 19
Tselinograd
010000

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Qalam marketing agency posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Business

Send a message to Qalam marketing agency:

Videos

Share


Other Social Media Agencies in Tselinograd

Show All