🔰Биыл сатирик, жазушы, журналист, аудармашы Кәрібай Ахметұлының туғанына 85 жыл толуына орай «Күрделі өмірдің көркем суретін жасаған» атты флешбукті назарларыңызға ұсынамыз.
2 ақпан – Ұлттық басылым күні📰
2 ақпан – Ұлттық басылым күні📰
⚜️Кеңес Одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай «Ұлтымыздың ұраны болған ұлы тұлға» тарихи панораманы назарларыңызға ұсынамыз.
🗓️Бүгін – Халықаралық зергер күні.
Бұл күн – әсемдік пен шеберліктің, ұлттық өнер мен мәдени мұраны дәріптеудің символына айналды. Осы саланың хас шебері, зер қадірін білетін зергерлердің бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Карл Фаберже атындағы халықаралық орденнің иегері Берік Әлібай.
✔️Ол алғашқы әшекей бұйымдарын бала кезінен-ақ алюминийден жасап, анасы мен әжесіне сыйлаған. Бүгінде туындыларын Иордания патшайымы Рания тағып жүр. Берік Әлібайдың шығармашылық жолын қысқаша осылай сипаттауға болады.
Оған туған ауылындағы атақты ұста, өз атасы үлгі болып, жол көрсеткен. Кейіннен Алматыда зергер мамандығы бойынша білім алып, студент достарымен алғашқы шеберханасын ашты. Бұл 90-жылдардың басы еді. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін, жекеменшік зергерлерге қымбат металдармен жұмыс істеуге рұқсат берілді.
🔹«Ол жылдары негізгі тапсырыс берушілер Мәскеу мен Ленинград болатын. Қазақтың ұлттық әшекейлерін сол жаққа үлкен партиялармен жіберетінбіз», – деп еске алады Берік Әлібай.
Сонымен қатар ол 30 жылдан астам уақытын музей қорын дамытуға арнап, реставр
🔰Тараз қаласындағы №2 орта мектебінің 7,8,9 сынып оқушылары кітапханаға арнайы келіп, кітап қорымен танысып, өздеріне керекті құнды мәліметтерді алу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, сынып жетекші және психологтардың қатысуымен өзара қыздар арасында «Сыры көп, айтары аз қыз баланың», «Бүгінгі қазақ қызы, сіз қандайсыз» тақырыптарында дебат, «Қыз сыйлаған халықпыз» ұлдар арасында тренинг өткізді.
#кітапханақонақтары
🔰 Биыл ҚР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, композитор, әнші, халық әртісі,Ескендір Хасанғалиев туғанына 85 жыл. Осы орайда композитордың өмірі мен шығармашылығы жайында бейне роликті назарларыңызға ұсынамыз!
⚜️Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына қарасты мекемелердің ақпаратқа жауапты мамандарымен жиын өтті.
📌Жиынды басқарманың әкімшілік және қаржы бөлімінің бас маманы Шолпан Сабекова ашып, қатысушыларды бүгінгі күн тәртібімен таныстырды. Қоғамдық маңызы бар мәліметтердің дұрыс әрі тиімді таралуы мәселесі көтерілген басқосуда басқарманың баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалия Абылай 2024 жылдың IV тоқсаны бойынша әлеуметтік желідегі белсенділік пен БАҚ-пен байланыс бойынша рейтинг нәтижелерін жариялады. Бұл рейтинг облыс аумағындағы мәдениет мекемелерінің ақпараттық жұмысының сапасын арттыруға бағытталған.
✅Сондай-ақ, жиын барысында Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының және Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының ақпаратқа жауапты мамандары өз тәжірибелерімен бөлісіп, ақпараттық жұмыстың тиімділігін арттыру, инновациялық әдістерді қолдану бойынша ұсыныстарын білдірді. Мұндай тәжірибе алмасу мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, ақпараттық кеңістіктегі жұмыстарын жаңғыртуға септігін т
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН БАЛАЛАР ЖАЗУШЫ БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ 4 ТОМДЫҚ ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ.
🎁АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН БАЛАЛАР ЖАЗУШЫ БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВТЫҢ 4 ТОМДЫҚ ЖИНАҒЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ. Алматы облыстық орталық әмбебап кітапханасы Жамбыл облыстық Ш.Уәлиханов атындағы әмбебап ғылыми кітап қорына 4 томдық жинақты сыйға тарту етті.
⚜️Қазақстанның халық жазушысы, туған жерге деген ыстық ықыласы мен махаббатын жырлап өткен қазақтың атақты классик ақыны, поэзия алыбы Қадыр Мырза Әлидің туғанына 90 жыл толуына орай “Адам жанының суреткері” әдеби порталды назарларыңызға ұсынамыз.
🔰Биыл Қазақтың ұлы ғалымы,ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы – Шоқан Уәлихановтың туғанына 190 жыл.
🔸Осы орайда Ш.Уәлихановтың шыққан тегі, әулеті және өмірі мен еңбегі жайлы сыр шертетін бейнероликті назарларыңызға ұсынамыз.
🔰 Асқар Тоқпанов (1915 – 1944жж). туғанына 110 жыл. Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында туған. Қазақтың тұңғыш кәсіби режиссері, педагог- профессор. Қазақ КСРнің Халық артисі.
🎼 Көмекейінде қоңырау тұрғандай сыңғырлаған әнші Мәдина Ералиеваның бағын жаққан әсем әндердің бірі “Сағындым, сағым жылдар” әні. Әннің бірінші орындаушысы да М.Ералиеваның өзі болатын. 2000 жылдары қалың көпшіліктің жүрегінен орын алған әннің сөзін жазған ақын- жазушы Шөмішбай Сариев болатын.Ақынның бұдан өзге эстрада әншілері орындап жүрген әндері де жетерлік. Ақын шығармаларымен толық танысқыңыз келсе кітапты біздің кітапханадан алып оқи аласыздар.